Көбеев, Е.
Жоғары білімнің қарашаңырағы: Бүгін Қарағанды мемлекеттік университетінде академик Евней Бөкетовтің ескерткіші ашылады / Е. Көбеев, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері // Орталық Қазақстан. - 2006. - 12 желтоқсан
Ұлы дəуір көшіне ілесіп, əлемдік өркениеттер даму жолында тұрған егемен еліміздің қалыптасып, ны-ғаюына Елбасымыз Н. Назарбаев-тың ісіңірген еңбегі зор. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму стратегиясы бірнеше этаптық реформалардың, стратегиялардың жүзеге асуымен байланысты. Осыдан он бес жыл бұрын 1991 жылғы 16 желтоқсанда өзінің тəуелсіздігін жариялаған жас та егемен ел қазір іргелі мемлекет. Тарихын қайта жаңғыртып, бүгінің терең сараптап болашағына кемел көз жүгірткен, жұдырықтай жұмылып, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел. Ал, əріден қарасаңыз, осының барлығы да оңайлықпен келмегенін еш қиындықсыз байқауға болады, Алыс жəне жақын шетелдермен бірлесіп, ғылым, білім, экономика, саясат, т.б. қай салада болсын келіссөздер жүргізу, екі елдің бір-бірімен тəжірибе алмасулары, өндіріс саласына жаңашыл бағыттағы саланы бірдей қамту, əрине, бəсекеге қабілетті бола білу - барлық саланы бірдей қамту, əрине, кемел басшының қайраткерлігімен, мықты саясаткерлігімен ғана орындалады. Бүкіл əлемге, мемлекетімізді, оның экономикасын, білімін, мəдениетін, өркениетін, дінін, тілін, ділін таныту Елбасымыз Н. Назарбаев-тың алғыр басшылығымен жүзеге асуда.
Білім беру жүйесінің жаңа даму кезеңі Президент Н. Назарбаевтың 2004 жылдың 11 қазанындағы жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы-ның 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен белгіленді. Осы бағдарлама мемлекеттік саясаттың білім саласындағы стратегиясын, негізгі бағыттар мен міндеттерді жəне оларды жүзеге асыратын тетіктерді айқындайды. Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мемлекет тəуелсіздігі, еліміздің ілгері дамуының қалыптасуы мен нығаюының іргелі бөліктерін құрайтын осы бағ-дарламаны басшылыққа алып отыр. 2004 жылдан бастап университет ха-лықаралық білім жүйесіне алғашқы қадам жасай бастады. Тəуелсіздік туын биікке самғатып, қазақ жеріне, еліне кең даланың бостандығын бұйыртқанына да он бес жыл болыпты. Осы уақыт аралығында еліміздегі жоғары оқу орындарының бірі Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті де ел тəуелсіздігіне, оның нығайып, көркеюіне өзіндік үлесін қосты. Ең алғаш рет Қарағанды топырағында 1938 жылы 9 мамырда негізі қаланған мұғалімдер институтының кейіннен мемлекеттік университет дəрежесіне дейін көтеріліп, қазақ тарихында, қазақ топырағындағы екінші университет, іргелі білім беретін оқу ордасы боларын кім білген?!
Бүгінгі таңда еліміздегі беделді жоғары оқу орны болып табылатын ҚарМУ еліміздің он бес жылдық тəуелсіздігі мерекесін үлкен жетістіктермен қарсы алуда. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдардың басындағы тарих жылнамасына көз жүгіртсек, еліміздің тəуелсіздігін жариялағалы бері біраз айтулы оқиғалар ҚарМУ тарихындағы үлкен жетістіктермен тұспа-тұс келді. Ел тарихындағы елеулі оқиғалар тізбегіне өзіндік үнін қосқан білім ордасының да атқарған істері мен жемісті еңбектері соның бір айғағы.
90 жылдардың басы республиканың саяси жəне экономикалық дамуында болған елеулі өзгерістермен ерекшеленеді. КСРО құлдыраған уақыттан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі жарияланды. Нарықтық экономикаға көшу, республикалар арасындағы салааралық жəне құрылымдық байланыстардың бұзылуы жағдайында қазіргі заманға сай жоғары университеттік білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау мəселесі ерекше мəнге ие болды.
1991 жылдың 16 тамызында Қазақ КССР Министрлер кабинетінің қаулысымен Қарағанды мемлекеттік университетіне осы білім ордасының тұңғыш ректоры, академик Е. Бөкетовтің есімі берілді. Бұл - университеті-міздің тəуелсіздікпен бірге келген алғашқы жетістігі еді.
2005 жылы академиктің 80 жылдық мерейтойына арналған дайындық кезінде Евней Арыстанұлына ескерткіш орнату жоспарланған болатын. Ш. Уəлиханов, К. Салықов, Н. Оразалин, Т. Молдағалиев, А. Қошанов, С. Қира-баев, Б. Əшімов бастаған бір топ қайраткерлер, зиялы қауым өкілдері Елбасына Евней Арыстанұлының есімін мəңгі есте сақтау үшін оған ескерткіш орнату керектігін айтып, хат жолдаған еді. Президент Н. Назарбаев бұл ұсынысты қабыл алып, Қарағанды облысы əкіміне Евней Арыстанұлы Бөкетовке арналған ескерткішті орнату туралы міндет жүктеген жəне облыс-тық Мəслитхатының X сессия шешімімен ескерткіш тұрғызуға 10 миллион теңге бөлінді. Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ғылыми кеңесінің шешімімен ескерткіш орны анықталып, қажетті құрал-жабдықтар бөлінді. Бұл ұсыныс Қазақстан Республикасының ескерткіштер жəне монументтер бойынша мемлекеттік комиссиясында қаралып, қолдау тапты. Соның негізінде 2004 жылы 12 тамызда Қарағанды қалалық əкімшілігінің архитектуралық-қалақұрылысы кеңесінің отырысында қаралып, ескерткіштің көркемдік жобасының авторлары болып архитектор С. Мордвинцев пен сəулетші А. Билык тағайындалды. Ұзындығы 4,68 м. болатын, қола мен граниттен жасалынып жатқан академик ескерткішін орнату жұмысы қызу жүргізілді. 2006 жылдың 12 желтоқсан күні ескерткіштің ашылу салтанаты болады. Қарағанды мемлекеттік университетінің ұжымы атынан облыс əкімі Н. Нығматулинге жəне облыстық Мəслихаттың депутаттарына академик есімін қайта жаңғыртып, ел есінде мəңгі жатталып қалатындай ескерткіш орнату барысында бірлесе жұмыс істеп, көмек көрсеткендеріңізге үлкен алғысымызды білдіреміз.
Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғылым Министрлігі жəне Ғылым Академиясының қолдауымен 1992 жылы ҚарМУ-де қолданбалы математиканың ғылыми-зерттеу институты ашылды. Бірер жылдан соң ботаника бағы, одан кейін шет тілдер факультеті, журналистика кафедрасы, Əлкей Марғұлан атындағы археология институтының бірігуімен Орталық Қазақстанның археология бөлімі ашылды.
1995 жылдың қаңтар айында ҚарМУ-де жоғары оқу орындары оқыту-шыларының біліктілігін арттыру факультеті өз жұмысын бастады, 1996 жылдың қазан айында оның жанынан колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру бөлімі құрылды. «Қарағанды университетінің хабаршысы» ғылыми журналы да 1996 жылдан бастап шыға бастады. 2004жылдан «ҚарМУ хабар-шысы», «Химия», «Математика», «Физика», «Экономика», «Педагогика», «Филология», «Биология. География. Медицина», «Тарих. Философия. Құ-қық» атты 8 серия бойынша шығатын болды. Сонымен бірге ҚарМУ-де ғылыми журналдан бөлек, «Жастар əлемі - Мир молодежи» атты аймақтық студенттер газеті де шыға бастады. Қазір де ҚарМУ студенттері арасында тегін тарайтын бұл газеттен университетте өтіп жатқан іс-шаралар, жаңалықтар, конференциялар, əр түрлі семинарлар жайлы ақпараттар жарияланып, студент жастардың шығармашылықтарымен де тереңнен та-нысуға болады.
1995 жылы ҚарМУ М. Ломоносов атындағы ММУ-мен жəне Қазан мемлекеттік университеттерімен қызметтестік туралы алғашқы келісім шарт жасасты. Осылайша алыс жəне жақын шетел университеттерімен де тығыз байланыс орната бастады. Аризона, Иллинойс, Мериленд университеттері (АҚШ), Регенсбург, Дрезден, Мюнхен университеттері (Германия), Эксетер, Шеффилд университеттері (Ұлыбритания), Харбин университеті (Қытай), Ионсе университеті (Оңтүстік Корея) М. Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университеті. Санкт-Петербург университеті, Новосибирск университеті, Том университеті, Кемеровск университеті (Россия) - бүгінгі таңда Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың серіктестіктері болып табылады. Бүгінде ҚарМУ-де тек қазақстандық жастар ғана емес, сонымен бірге университемізде Германия, Италия, Қытай, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Россия, Украина, Белоруссия, Молдова, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Түркменстан жастары да келіп білім алуда.
Инновациялық білім беру жүйесіне келер болсақ, 2002 жылы ҚарМУ-де, республикадағы жоғары оқу орындары арасында тұңғыш рет «Инновациялық орталығы» ашылған болатын. 2004 жыл ҚарМУ үшін тағы бір жемісті жыл болды. Осы жылдың қазан айында университетімізде Инновациялық орталық пен технопаркі біріктіру арқылы «Инновациялық-технологиялық орталығы» құрылды. Ондағы мақсат - Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарына арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы мен Қазақстан Республикасының 2005-2015 жылдарға арналған ұлттық иннова-циялық жүйені қалыптастыру жəне дамыту бойынша мемлекеттік бағ-дарламасын жүзеге асыру аясында университеттің инновациялық əлеуетін тиімді пайдалану жүйесін дамытуды қамтамасыз ету. Бұл орталықтың басым міндеттері:
-
экономиканың нақты секторының инновациялық өнімде қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жоғары оқу орны жəне ғылыми-зерттеу ұйымдар мен өнеркəсіптік, кəсіпкерлік салалардың күштерін біріктіру;
-
қолданбалы зерттеулерді «зерттеу-өңдеу-өнөркəсіптік игеру» бірың- ғай ғылыми өндірістік айналым бойынша экономиканың аймақтық салаларының мұқтаждықтарын ғылыми-технологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағыттау;
-
университеттің озық ғылыми-техникалық жетістіктерін өндіріске
енгізу;
-
ғылыми өңдеулерді тиімді саудаға салуға мүмкіндік беретін тетік-
терді жетілдіру, ғылыми-зерттеулерді өткізу жəне өнертапқыштық қызметті
жандандыру үшін материалдық базаны күшейту;
-
инновациялық істерге отандық жəне шетел инвестицияларын тарту
үшін инновациялық жобаларға жəрдем беретін инфрақұрылымдық
элементтерді дамыту, инновациялық ксіпкерлік өкілдеріне маркетингтік жəне
басқару қызметтерін көрсету;
Білім беру жəне ғылыми техникалық саясатты жүзеге асыру инновациялық өнімдерді жасап шығарудың негізгі мақсаты болып табылады. Бұл саясат экспортқа бейімделген жоғары технология өнімдерінің қор сақтаушы жəне экологиялық тұрғыдан таза өндіріс əзірлеу, интеллектуалдық əлеуетті тиімді пайдалану, жаңа білімді енгізу, тарату жəне жүзеге асыру негізінде ел экономикасының бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Бүгінгі таңда университеттің əлемдік қауымдастығымен халықаралық байланыстары кеңеюде. 1996 жылдың мамыр айында ҚарМУ Халықаралық университет басшылары ассоциациясының (ХУБА) мүшесі болды. 1997 жылдың сəуір айында жоғары білім жүйесінде мамандарды даярлауда қол жеткізген жетістіктері үшін ҚарМУ Жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясына ұжымдық мүше ретінде қабылданды. 1997 жылдың шілде айында ҚарМУ Еуразиялық университеттер ассоциациясының толық мүшесі болып бекітілді. 2002 жылдың тамыз айында ҚарМУ ЮНЕСКО қарамағында қызмет ететін Халықаралық университеттер ассоциациясының толық мүшесі болып танылды.
2004 жылы университетімізде стратегиялық даму жəне халықаралық ынтымақтастық орталығы құрылған болатын. Бұл орталықтың қызметі -2005-2010 жылға дейінгі даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттерін, қағидаларын жүзеге асыру.
Тəуелсіздік алған жылдардың ішінде ҚарМУ-дың жетістіктерінің бірі -орталық құрылғаннан кейін бір жылдан соң, 2005 жылдың сəуір айында
республиканың жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып еуропалық білім стандарттары бойынша халықаралық қоғамдық-кəсіптік аккредиттеу рəсімімен өтіп, еуропалық менеджментті дамыту қорының (EFCD-CAMAN) дипломын алды.
ҚарМУ - Еуразиялық Университеттер қауымдастығы (EAU), Халықаралық университтер қауымдастығы (IAUP), Жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясы (IHEAS) EdNET білім беру желісі (USAID), Орталық Азия менеджментті дамыту қоры (CAMAN) секілді халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, университет «Еуразия» қоры, ИНТАС, ТАСИС, АКСЕЛС (Білім беру жəне тіл меңгеру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Халықаралық кеңес), ДААД (Академиялық айырбас жөніндегі американ кеңесі), АЙРЕКС (Зерттеу жəне айырбас жөніндегі Халықаралық кеңес), DAAD (Академиялық айырбас жөніндегі неміс қызметі) Білім беру жəне зерттеу бағдарламалары, Британ бағдарла-масы, Қазақстандағы Франция, Италия, Швейцария, Түркия, Корея елшіліктерінің білім беру бағдарламалары енетін түрлі халықаралық бағдарламалар мен қорларға белсене қатысады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сəйкес 2003 жылдың 1 қыркүйегінен ҚарМУ-де халықаралық стандарттарға бағытталған несиелік оқыту жүйесі енгізілген болатын. Экономика факультетінде сəтті өткізілген тəжірибе Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде студенттерді оқыту бойынша жаңа білім беру үлгісінің жаппай енгізілуі орынды екені дəлелденіп, 2004 жылдың 1 қыркүйегінен несиелік оқыту технологиясын заң, физика, химия, математика жəне кəсіби-көркем сурет факультеттерінде енгізуге мүмкіндік берді.
Өткен жылы университет экономикалық бағдарламалардың маман-дандырылған аккредитациясын өткізуге жарияланған ашық конкурсқа қатысты. Аталмыш конкурс Орталық Азия менеджментті дамыту қорымен жарияланып, еуропалық менеджментті дамыту қорының қатысуымен өткізілді. Конкурстың қорытындылары бойынша Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Еуропалық менеджментті дамыту қоры есебінен халықаралық аккредитациядан етуге мүмкіндік алған Қазақстанның 5 жоғары оқу орнының қатарына енді. ҚарМУ Ғылыми кеңесінің шешімімен. экономикалық мамандықтағы 6 мамандық, оның ішінде «Экономика», «Мененджмент», «Есеп жəне аудит», «Қаржы», «Мемлекеттік жəне муни-ципалдық басқару», «Маркетинг» мамандықтары аккредитациядан өту үшін белгіленді. 2005 жылы сəуір айының басында университетте сыртқы аудит тобы жұмыс істеді. Оның құрамында Еуропалық менеджментті дамыту қорының жобалары департаметінің директоры Кристоф Террас (Бельгия) болды. ҚарМУ-дың экономика факультетінің аккредитациядан өту рəсімі еуропалық аудит ережелеріне сəйкес жүргізілді. Олармен келісімді бизнес-мектептер басқару тиімділігі, оқу бағдарламаларының дəлдігі, профессорлық-оқытушылар құрамының мүмкіншіліктері, студенттердің дайындығы, материалдық базаның дамуы, корпоративтік байланыстардың
тұрақтылығы, халықаралық ынтымақтастықтың белсенділігі тұрғысынан бағаланды. Университетпен танысу барысында халықаралық сарапшылар əлемдік бизнес-білімнің талаптарына сай келетін ҚарМУ экономикалық бағдарламаларының жүзеге асырылуының сапасын жоғары бағалады. Аудиторлардың есебінен келісімді ҚарМУ-дың экономика факультеті аймақтық бизнес-қоғамдастықтың дамуына себепші болып, инновациялық оқыту технологияларын енгізуге жəрдемдесіп, қазіргі заманның материалдық базасын қамтамасыз етіп, білім, ғылым жəне өндірісті кіріктіруде.
2005 жылы 18-19 сəуірде Еуропалық менеджментті дамыту қоры (EFMD) мен Орталық Азия менеджментті дамыту қорының (CAMAN) аккредитациялық комитеті аудит материалдарын қарап, ҚарМУ-дың экономика мамандықтарын үш жылға аккредиттеу туралы шешім қабылдады. ҚарМУ-дың экономика факультеті Қазақстанда халықаралық сапа стандарттары бойынша аккредиттелген бірінші мемлекеттік факультет ретінде танылды. Халықаралық аудит қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің бұйрығымен Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ мамандандырылған аккредитацияны енгізу бойынша базалық жоғары оқу орны болып белгіленді. Осыған байланысты 2005 жылы маусым айында ҚарМУ-да «Білім беру бағдарламаларының аккредитациясын енгізудің мəселелері» тақырыбында республикалық семинар-мəжіліс өтті. Мемлекеттік бағдарламада жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде Қазақстанды Болон процесіне қосу үшін жағдай жасалады делінген. Қарағанды мемлекеттік университетінің əлемдік білім кеңістігіне ену үшін жасаған қадамдары, оған 2005 жылдың мамыр айында университеттердің Ұлы Хартиясына қабылданған екінші жоғары оқу орны (əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан кейін) атағын иеленуге мүмкіндік берді. (Бұл ұйым 1988 жылы Болонья университетінің 900 жылдығына орай құрылған болатын.. 1997 жылы осы ұйым əлемдегі университеттік білімді дамыту жолдарын айқындаған тарихи жағынан айрықша мəні бар Болон келісімінің ұйытқысы болған еді». Қазақстанда қабылданған Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының көп ережелері Болонья келісімінің қағидаларына үндес болып келеді. Бұл - еліміздің халықаралық қоғам-дастықта лайықты орын алуға талпыныс жасауының белгісі.
Халықаралық білім стандарттарын қолдау үшін Қарағанды мемлекеттік университеті 2005 жылы ИСО 9001:2001 үлгідегі сапа менеджментінің жүйесін (СМЖ) енгізу үшін сертификаттау үрдісіне қосылды. Аталмыш рəсім Қазақстандық «Медеу Консалтинг» ЖШС компаниясы жəне Швейцариялық «SGS» сертификаттау жөніндегі халықаралық органымен бірлесіп өткізіп, 2006 жылдың мамыр айында ҚарМУ халықаралық сапа стандарттарына сəйкестігін дəлелдейтін сертификатқа ие болды. Бұл университетіміздің Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірудегі жасаған қадамдары.
ҚарМУ құрамына төрт мұражай кіреді. Олар:
-
2002 жылдың қыркүйек айында құрылған ҚарМУ мұражайы;
-
1992 жылы 19 маусымда құрылған Қазақстан Республикасы Ғылым
Академиясының академигі жəне Е. Бөкетов атындағы университет тарихының мемориалдық мұражайы;
-
1985жылы құрылған археология жəне этнография мұражайы;
-
«Табиғат мұражайы» (1994 жылы зоологиялық мұражай ретінде
құрылған көрме залы 1997 жылы «Табиғат мұражайы» деп өзгертілді).
Мұражайлардың басты міндеттері - университеттің мəдени мұрасын сақтау, студент жастарға эстетикалық жəне рухани тəрбие беру, университеттің ғылыми оқу-педагогикалық, мəдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру жəне басқа да салаларындағы жетістіктерін насихаттау, сонымен бірге университеттің қалыптасуы мен дамуының тарихи кезендерін зерттеу, түрлі экспонаттарды жинақтау, тіркеу, сақтау, фауна мен флораны зерттеу.
Осындай мұражайлар базасында тарих жəне кəсіби көркем-сурет факультеттері студенттерінің тəжірибесі, Қазақстан археологиясы бойынша дəрістер өткізіледі.
Дəл қазіргі уақытта 9 қараша мен 8 желтоқсан аралығында Астана қаласында «Екі континенттің көшпенділері» атты өткен көрмені ұйымдастыруға ниет білдірген Қазақстандағы Франция елшілігінде Ұлттық академиялық кітапхана Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен қатар Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың археология жəне, этнография мұражайы да қолдау көрсетті. Көрме екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімі Францияның сыртқы істер министрлігінің тапсыруымен ұйымдастырылған - «Нигериядан келген бəдуиндер. Француз географы Эдмон Бернюстің көзқарасы» атты фото-көрме жəне екінші бөлімі қазақ көшпенділерінің тұрмыстық құралдарының көрмесі. Бұл экспонаттар Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің археология жəне этнография мұражайы қорынан алынған.
Біз университетіміздің жетістіктерін саралайтын болсақ, оның ғылыми кітапханасы жайлы сөз қозғамау мүмкін емес. Əрі кітапхана саласы ғылымның кез-келген саласымен тығыз байланыста болғандықтан, кез-келген оқу орнын кітапханасыз, кітап қорынсыз елестету қиын, тіпті мүмкін емес. Бүгінде университетіміздің кітапхана қоры 1,6 миллион дананы құрайды жəне қазақ, орыс, ағылшын, неміс, корей жəне басқа тілдерді де қамтитын электронды оқу құралдары бар. Əсіресе, сирек кездесетін кітаптар жинағын ерекше мақтан тұтуға болады. Бұл коллекцияда ХҮІII ғасырдың соңынан XX ғасырдың ортасына дейінгі он мыңнан астам атаулы құжат бар.
Студенттердің мəдени өмірінің ұйытқысы болып табылатын Студенттер мəдениет сарайы ұжымының шығармашылығы республикалық жəне халықаралық фестивальдерде, конкурстарда жүлделі орындарға ие болып, ҚарМУ қанжығасын келелі жетістіктерімен де толықтыруда. Атап айтқанда, «Жарқын» халық би ансамблі тек республикалық жəне аймақтық фестивальдердің ғана емес, сонымен бірге халықаралық, Өзбекстан, Тəжікстан, Түркия, Мəскеуде өткен Бүкілəлемдік жастар мен студенттер фестивалінің лауреаты, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің I сыйлығының иегері, Ш. Жиенқұлова атындағы II респуб-ликалық қазақ би байқауының аймақтық, республикалық студенттер фестивалінің лауреаты, Австралиядағы Қазақстан Республикасының
мəдениет күндері бағдарламасына қатысқан болатын. 2002 жылы Қазақстан Респуликасының Білім жəне Ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша «Жарқын» ансамблі Түркияда өткен Жерорта теңіз елдері студенттерінің ҮІ фестивалінде еліміздің студент жастары атынан өнер көрсетті. «Сарын» фольклорлық ансамблі үстіміздегі жылдың 14-18 қараша аралығында өткен «Жастар - Қазақстанның болашағы» атты студенттердің аймақтық ҮІІІ фестивалінде ұлттық аспаптарда əн орындауда I орынды иемденді. «Шабыт» ақындар клубы да бірнеше мəрте облыстық, аймақтық, республикалық мүшəйра жеңімпаздары, студенттер айтысының лауреаттары. «Грация» спорт би студиясы, «Лица» сəн театры, «Релиз» шоу балеті -университетіміздің мақтаныштары. ҚарМУ-дың «КПП» КТК командасы - халықаралық КВН Одағы Жоғары Лигасына қатысушы, ҚР КТК Суперлигасының жеңімпазы, Қарағанды облысы əкімінің КТК кубогының жəне студенттердің аймақтық ҮІІІ фестивалінің Гран-При иегері. Əрі ҚарМУ түлектері Афина Олимпиада-сының жеңімпаздары. Ел намысы сынға түскен сəтте, намысты қолдан бермей С. Сапиев, Д. Карпов, Г. Головкин қола жəне күмістен жүлде алып, қазақ елінің мəртебесін жоғары асқақтатты.
Бүгінгі таңда ҚарМУ-дың материалдық-техникалық базасында 12 оқу ғимараты, кітап қоры 1,6 дананы құрайтын 18 оқу залы бар ғылыми кітапхана, 30 компьютерлік кластар жаңадан жабдықталып, күрделі жөндеуден өткізілген 6 жатақхана санаторий-профилакторий, студенттер тұрмыстық кешені, 19 кəсіпорынды қоғамдық тамақтану комбинаты, «Шаңырақ» жастар орталығы, кондитерлік цех, «Аюлы» спорттық сауықтыру кешені, Балқаш-Топар көлдеріндегі демалыс аймақтары, Қарқаралыдағы оқу-сауықтыру базасы, 3 стадион, 11 спорттық зал, «Интернет» телекоммуникациялық орталығы, баспахана жəне оқу теледидары бар.
Биылғы жылғы ең үлкен жаңалық «Қаржы» жəне «Құқықтану» саласы бойынша ҚарМУ-дың экономика факультетінде колледж ашылған болатын. Бұл болашақ мамандығын заң жəне қаржы саласы бойынша таңдаған жастар үшін тағы бір үлкен мүмкіндік десек артық айтпаймыз. Колледжде кітапхана, жеке оқу залы, 2 компьютерлік сынып, спорт залы бар.
Классикалық университеттер дəстүрін жалғастыру, үздіксіз жəне іргелі білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын қолдану, жаңа білім беру технологияларын енгізу еңбек нарығында өз бəсекелестік қабілетін сақтау, Елбасы Жолдауы қағидаларына негізделген əлеуметтік саясатты жүзеге асыру - біздің университетіміздің негізгі миссиясы болып табылады.
Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ бүгінгі таңда ұлттық білім берудің көшбасшыларының бірі бола отырып, ел тарихында тəуелсіздікпен бірге дамып, тəуелсіздік жылнамасына елеулі ерен істерімен үлкен үлес қосуда. Қазақстанды шын мəнінде дамытатын, əлемдік өркениетті озық елдердің қатарына қосатын патриот мамандарды дайындайтын классикалық білім беруге, жас ұрпақтың бойында ұлттық бағалылықтарды қалыптастыруға еліміздің ғылымы мен білімін дамытуда, жастарымызға сапалы білім беріп,
азамат ретінде тəрбиелеуде университеттің ғалымдары, ұстаздары ұжымы үлкен еңбек етіп, жемісті нəтиже беруде.
Достарыңызбен бөлісу: |