Источник: ИС ПАРАГРАФ, 24.11.2011 17:33:12
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 ж. 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар бекітілсiн:
1 қосымшаға сәйкес, лицензиялауға жататыны қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тiзбесi;
2 және 3-қосымшаларға сәйкес лицензия мен лицензияға қосымшалар нысандарының үлгілерi.
4 қосымшаға сәйкес, санитарлық, экологиялық таукен техникалық қадағалау және мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысын қажет ететiн қызметтiң лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесi;
5 және 6 қосымшаларға сәйкес, лицензия алу үшiн берiлетiн өтiнiштердiң формалары.
1-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі лицензиялау жүйесiн жетiлдiру саласындағы мемлекеттік үйлестiрушi орган болып белгіленсiн.
2. Осы қаулының 1 қосымшасында аталған мемлекеттік органдар «Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысының 2-тармағында көзделген лицензияланатын қызметтiң нақты түрлерiн лицензиялау тәртібі мен шарттарын әзiрлеген кезде:
қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарын; лицензиялау кезіндегі материалдарды дайындау мен ресiмдеу бойынша жұмыстар мен қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібі мен шарттарын;
қызметiң лицензияланатын түрлерiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызмет көрсетулер түрлерiнiң тiзбесiн;
лицензиялау бойынша өкiлдiктердi басқарудың тиiстi салалық аумақтық органдарына, соның iшiнде облыстар, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының құрамына кiретiн органдарына беру тәртібін;
iшкi рыноктағы қазақстандық өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғау тәртібін айқындасын.
3. Лицензиялануы облыстар, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарымен жүзеге асырылатын қызметтiң түрлерiн лицензиялау тәртібі мен шарттарын әзiрлеу олардың құзырына сәйкес орталық атқарушы органдарға жүктеледi.
4. Осы қаулыға 1-қосымшада аталған мемлекеттік органдар белгілi бiр тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндiрушілердiң монополиялық жағдайына жол бермей бәсекелестiктің дамуына ықпал етсiн, лицензиялар беру рәсiмдерiнiң ашықтығын және тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етсiн.
5. Лицензиарлар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасына қорғаныс дәрежесi, облыс кодын қамтитын есептiк сериясы мен нөмiрi бар, кiтапша етiп жасалған, тiгiлген және берiлген лицензиялардың есебiн жүргiзу мен оларды бақылауға арналған бақылау талондары бар, осы қаулымен белгiленген нысандар бойынша лицензиялар бланкiлерiн дайындауға тапсырыс орналастырсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1995 жылғы
29 желтоқсандағы № 1894
қаулысына 1 Қосымша
Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік
органдардың (лицензиярлардың) тiзбесi
N | Өкілеттік берілген орган | Лицензияланатын қызметтің түрлерi
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
1. Қазақстан Республикасының Қару-жарақ пен оның оқ-дәрілерін,
Индустрия және сауда әскери техниканы, қосалқы
министрлігінің Өнеркәсіп бөлшектерді, жинақтаушы элементтер
және ғылыми-техникалық мен олардың приборларын, егер олар
дамыту комитеті басқа салаларда пайдаланылмаса,
сондай-ақ құрастыру, іске қосу,
пайдалану, сақтау, жөндеу және
сервистік қызмет көрсетуді қоса
алғанда арнайы материалдар мен
оларды өндіруге арналған
жабдықтарды, әзірлеу, өндіру, жөндеу
және сату
Жарылғыш және пиротехникалық
заттарды және оларды қолданып
жасалатын бұйымдарды (азаматтық
пиротехникалық заттарды және оларды
қолданып жасалатын бұйымдарды
қоспағанда) әзірлеу, өндіру және сату
Босаған әскери-техникалық құралдарды
жою (құрту, кәдеге жарату, көму)
және қайта өңдеу
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның
патрондарын жасау, өндіру, жөндеу,
сату, сатып алу, экспонатқа қою.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекіткен тізбе бойынша уларды
өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау,
сатып алу, сақтау, сату, пайдалану
және жою;
2. Қазақстан Республикасы Ракеталық-ғарыштық техниканы құру,
Ұлттық ғарыш агенттігі өндіру, пайдалану, жөндеу және модер.
низациялауды, оның жұмыс істеуін қам.
тамасыз ету үшін жер үстіндегі инфра.
құрылымды пайдалануды қоса отырып,
ғарыш кеңістігін пайдалану бойынша
барлық түрлер (полигон, командалық-
өлшеу кешені, стендік база және
басқалар)
3. Қазақстан Республикасы жолаушылар мен жүктерді
Көлік және коммуникациялар өзен, теңіз және темір жол көлігімен
министрлігінің Көліктік тасымалдау;
бақылау комитеті
жолаушылар мен жүктерді
автомобиль көлігімен халықаралық
тасымалдау;
қауіпті жүктерді әуе
көлігінен басқа, барлық көлік
түрлерімен тасымалдау;
темір жол жылжымалы құрамын жасау
және жөндеу; қауіпті жүктердi
тасымалдау үшін қолданылатын арнайы
контейнерлерді жасау және жөндеу;
кемелерге, жолаушыларға және
жүктерге қызмет көрсетуге байланысты
теңіз және өзен порттарының қызметi
4. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық заңнамалық кесімдеріне сәйкес
министрлігінің Атом атом энергиясын пайдалануға
энергетикасы жөніндегі атом энергиясын пайдалану
комитеті байланысты барлық қызмет түрлері;
арнайы қорғану құралдарын
қолдану қажеттігінсіз оларды
пайдалану үшін рұқсат етілетін
нормадан асатын мөлшердегi
радиоактивті заттарды қамтитын
өнімдерді дайындау және сату;
радиоактивті заттар мен
изотоптарды пайдалана отырып,
рентген жабдығын, құралдар
мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру және
сату.
6. Облыстардың (республикалық Өнеркәсіптік жарылу-өртену қаупі бар
маңызы бар қаланың, және тау-кен өндірістерін,
астананың) мемлекеттік магистральды газ-мұнай құбырларын,
сәулет-құрылыс бақылауын көтергіш құрылыстарын, сондай-ақ
жүзеге асыратын жергілікті қысыммен жұмыс істейтін
атқарушы органдары қазандықтарды, сауыттар мен өткізгіш
құбырларды жобалау (құрылысқа
арналған жобалау жұмыстары).
Өндірістердің, жабдықтардың,
объектілердің, жұмыстардың
(қызметтердің) тізбесін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді;
бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілік,
геологиялық барлау, тау-кен-шахталық
құралдардың, жарылудан қорғалған
электротехникалық құралдардың,
аппаратура мен бақылау жүйесінің,
апаттан қорғану және дабылдың,
көтергіш құрылыстардың, сондай-ақ
қысым арқылы жұмыс істейтін қазан.
дықтардың, ыдыстар мен құбырлардың
монтажы
тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық
объектілерді газдандыру бойынша
құрылыстық жұмыстар
өрттен-қорғау дабылы мен
өртке қарсы автоматика құралдарын
жобалау мен олардың монтажы
(өндірісті пайдалану кезеңіне дейін)
жолаушылық лифтілердің монтажы,
оларды жөндеу және қызмет көрсету
жалпыреспубликалық магистралдық
және халықаралық байланыс желілерін
жобалау және салу
жобалау-іздеу эксперттік және
құрылыс-монтаждық жұмыстар, құрылыс
материалдарын, өнімдері мен
конструкцияларын өндіру бойынша
жұмыстар, бөренелер тілу жөніндегi
жұмыстарды қоспағанда
10. Қазақстан азаматтық және қызметтік атыс
Республикасының Ішкі қаруды және оның патрондарын, суық
істер министрлігі қаруды, азаматтық пиротехникалық
заттар мен олар қолданылатын
бұйымдарды, сондай-ақ химиялық
өзін өзі қорғау құралдарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, сатып алу,
коллекциялау, экспонатқа қою;
мемлекеттік емес субъектілердің
із кесуге (детективтік) байланысты
заң қызметін көрсетуі;
жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге байланысты қызмет:
жол қозғалысын техникалық реттеу
құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу,
пайдалану;
заңды және жеке тұлғалардың күзет
қызметін жүзеге асыруы, күзет
дабылдары құралдарын монтаждау,
реттеу және оларға техникалық
қызмет көрсету
11. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының аумағында жүзеге
Денсаулық сақтау министрлігі асырылатын қызметтен басқа, медициналық
қызметтің мынадай кіші түрлері:
санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы
медициналық қызмет: халықты гигиеналық оқыту,
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, дезинфекциялау,
дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын,
сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар
мен қызметтердің түрлерін шығару, қайта шығару және өткізу;
санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер:
бактериялогиялық, вирусологиялық, физикалық
факторларды (шуді, дірілді, электромагниттік
өрісті және басқаларын) өлшеу, паразитологиялық,
радиометрия және дозиметрия, санитариялық-химиялық, токсикологиялық;
сараптама: сот-медициналық, психиатриялық
(оның ішінде сот-психологиялық-психиатриялық,
наркологиялық және сот-наркологиялық);
еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсіптік
жарамдылық сараптамасы;
республикалық денсаулық ұйымдары жүзеге асыратын
медициналық қызметтің мынадай кіші түрлері:
алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрігерге
дейінгі, білікті, жедел медициналық көмек;
диагностика: радиологиялық, рентгенологиялық,
ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық,
патологиялық анатомия;
зертханалық диагностика: бактериологиялық,
биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, адамның
иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы
(АИТВ-диагностикасы), жалпы клиникалық, серологиялық,
цитологиялық зерттеулер;
қан мен оның компоненттерін дайындау, консервациялау,
қайта өңдеу, сақтау және өткізу;
ересектерге және (немесе) балаларға мынадай мамандықтар
бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе)
стационарлық медициналық көмек:
акушерлік және гинекология;
педиатрия;
инфекциялық аурулар;
терапия: жалпы терапия, невропатология,
кардиология, ревматология, гастроэнтерология,
нефрология, пульмонология, эндокринология,
аллергология (иммунология), гематология,
кәсіптік патология, отбасылық дәрігер;
хирургия: жалпы хирургия, трансплантология,
кардиохирургия,
ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақбет сүйегі
хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология,
офтальмология, трансфузиология, урология,
травматология және ортопедия;
дерматовенерология (дерматокосметология);
психиатрия: наркология, психотерапия,
сексопатология, медициналық психология;
фтизиатрия;
онкология;
стоматология;
дәстүрлі медицина: гомеопатия, трудотерапия,
мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия
және табиғи текті құралдармен емдеу;
медициналық реабилитология: физиотерапия,
массаж, емдік дене шынықтыру;
спорттық медицина;
анестезиология және реаниматология;
фармацевтикалық қызметтің мынадай кіші түрлері:
дәрілік заттарды шығару;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару;
медициналық техниканы шығару;
дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды
көтерме саудада өткізу;
медициналық техниканы көтерме саудада өткізу;
есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың айналымына байланысты денсаулық
сақтау жүйесіндегі қызметтің кіші түрлері:
денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдарын,
психотроптық заттар мен прекурсорларды шығару,
тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, пайдалану, жою
13. Қазақстан Республикасының Жерге орналастыру топографиялық-
Жер ресурстарын басқару геодезиялық және картографиялық
жөніндегі агенттігі жұмыстар жүргізуі
14. Қазақстан Республикасы Өлшеу құралдарын өндіру, жөндеу
Индустрия және сауда
министрлігінің
Стандарттау, метрология Қазақстан Республикасының
және сертификаттау Мемлекеттік туы мен Қазақстан
жөніндегі комитеті Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасын, сондай-ақ олар
бейнеленген материалдық объектілердi
дайындау
16. Қазақстан Республикасының Жалпы орта және кәсіптілік орта
Білім және ғылым (республикалық маңызы бар ұйымдар
министрлігінің Білім және атқаратын жұмыстар, қызмет
ғылым саласындағы қадаға- көрсетулер бөлігінде), кәсіптік
лау және аттестаттау жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі
комитеті кәсіптік, соның ішінде мамандықтар
бойынша білім беретін заңды
тұлғалардың білім беру қызметi
17. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметi
Әділет министрлігі
17-1.Қазақстан Республикасының мүлікті бағалау, адвокаттық қызмет,
Әділет министрлігі нотариаттық қызмет
Тіркеу қызметі және
құқықтық көмек көрсету
комитетi
17-3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жеке сот орындаушыларының қызметі
Сот актілерін орындау комитеті
19. ҚР Үкіметінің 2001.06.28. N 890
Достарыңызбен бөлісу: |