Лист утверждения к
методическим указаниям
|
|
Форма
Ф СО ПГУ 7.18.1/05
|
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы кафедрасы
«Ақша, несие, банктер» пәні бойынша
экономикалық мамандығы бойынша сырттай
оқитын оқушыларға арналған
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Павлодар
Лист утверждения к
методическим указаниям
|
|
Форма
Ф СО ПГУ 7.18.1/05
|
БЕКІТЕМІН
ҚЭФ деканы
__________Эрназаров Т.Я.
200 ж.«___»____________
Құрастырушылар: аға оқытушы Шафеева Л.А. _________________
аға оқытушы Дүйсембекова С.Р.______________
ассистент Ещанова Р.С.__________________
Қаржы кафедрасы
Экономикалық мамандығы бойынша сырттай
оқитын оқушыларға арналған
Бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
«Ақша, несие, банктер» пәні бойынша
«___»_____________200__ жылдыњ кафедра мєжілісінде ±сынылѓан _____№ хаттамасы
Кафедраныњ мењгерушісі ____________________ Н.С.Кафтункина
маќ±лданѓан «____»_________________200___ жылы ќаржы - экономикалыќ факультеті єдістемелік кењесімен №_____хаттамасы
ЄК тµрайымы _______________ Л. А. Сидорова
Кіріспе
Ақша, несие, банктар қазіргі өркениеттің атрибуты болып келеді. Олардың қызметтері үздіксіз үдерістегі өндірісті, қоғамдық өнімді тұтынуды, айырбастауды, бөлуді қосуға мүмкіндік береді. Ақша, несие, банктар қоғамдық экономикалық жүйелердің бөлігі болып келеді, сондықтан олардың қызметінің тиімділігі қайта өндірудің нәтижелігіне байланысты.
Ақша, несие, банктар ғылымы экономикалық білімге негіз салады.
Осыған байланысты берілген экономикалық категориялардың мәнін зерттеуі, ұлттық банктің жүйесінің дамуының ерекшелігі және біркелкілігін айқындауы коммерциялық банктердің қызметі маңыздылыққа ие болады.
Оқу барысында студенттер ақшаның, ақша айналымының, несие жүйесінің, мәнін, банктің негізгі операцияларының және қызметінің қағидаларын зерттейді.
Пәнді оқытудың соңғы мақсаты болып болашақ мамандардың нақты теориялық білімінің және ақша айналымы, несие және банктар бойынша тәжірибелік дағдыларының қалыптасуы келеді. Бақылау жұмысының мақсаты болып алынған теориялық білімін бекіту, ақша несие саласындағы жұмыс үшін қажетті тәжірибиелік дағдыларды өңдеу келеді.
Курстың негізгі міндеттері болып:
- ақшаның мәнін ашу, ақша теориясын, ақша жүйесінін орнын, ақша айналымының ұйымын, ақша өзгерісінің механизімін, олардың алғы шарттарын және нәтижелерін зерттеу;
- несиенің экономикасындағы рөлін, мәнін, заңын, шегін тексеру, несие берушімен қарыз алушының өзара қатынастарында қолданылатын несие нысандарын және түрлерін қарастыру;
- банктердің операцияларымен өзара байланысындағы қызметін, рөлін, мәнін, ҚР банктік жүйесінің құрылымын зерттеу.
Бақылау жұмысын орындаудағы жалпы нұсқаулар
Бақылау жұмысының мақсаты – студенттер жалпы теориялық білімді қолдана отырып, төменде берілген тапсырмаларды орындауда.
Бақылау жұмысы үш бөліктен тұрады: екі тапсырма және теориялық шығыр (блок).
Бақылау жұмысы он нұсқадан тұрады және теориялық сұрақтарды таңдау фамилияның бірінші әріпінен және сынақ кітапшасының ақырғы санынан іске асырылады.
Бақылау жұмысы А-4 формат парағында орындалады және МИ ПМУ 4.01.2-06 сәйкес болуы керек.
Бақылау жұмысын орындағанда студент ұсынылған әдебиеттерді қолдану керекжәне мәтіндегі өлшем бойынша сілтеме жасауы керек.
Бақылау жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Бірінші тапсырмада студент терминдерге дұрыс анықтама таңдап алуы қажет. Тапсырмалар нұсқаулар бойынша жіктелген. Екінші тапсырма тест сұрақтарынан тұрады. Тест тапсырмасында тек қана бір жауап таңдалады.
Теориялық тапсырмада студент сәйкес сұрақтарды тезист түрінде ашуы қажет. Мысалы, 2 нұсқа, фамилияның бірінші әріпі «А». Берілген нұсқаға 20, 36 сұрақтар сәйкес келеді.
20 сұрақта «инфляцияның түрлерін және оны анықтаушы факторларды» ашу қажет – «инфляция» терминін анықтау, «инфляция» факторларын ( сыртқы және ішкі); инфляцияның белгілерін топтастыруды; инфляция қарқынының мемлекеттік экрнрмиканың дамуына әсерін; қазіргі деңгейдегі мемлекеттік антиинфляциялық саясатының әдістері.
36 сұрақта «банктердің пайда болуын және мәнін олардың нарықтық экономикада дамуының рөлін» ашу қажет – банктік істің және банктердің қысқашатарихын, олардың дамуының алғы шарттары; «банк» түсінігінің анықтамасы; нарықтық экономикадағы банктің негізгі қызметтері: делдалдық бақылау, шығырлану, нақты ақшаларды несие несие операцияларымен айырбастау функциясы.
Теориялық сұрақтар жауабын А-4 форматының 3 - 5 бетіне мазмұндау қажет. Жауап қысқа, бірақ мазмұнды болу керек. Теориялық тапсырмада қарастырылып отырған сұрақтың негізгі аспектілері ғана көрсетіледі.
Жұмысты толтыру МИ ПМУ 4.01.2-06 әдістемелік нұсқауларға сәйкес болуы қажет.
Бақылау жұмысының нұсқалары
Сынақ кітапшасының ақырғы саны
|
А,Б,В
| Г,Д,Е |
Ж,З,И
|
К,Л,М
|
Н,О,П
|
Р,С,Т
|
У,Ф,Х
|
Ц,Ч,Ш
|
Щ,Э
|
Ю,Я
|
|