1 Бөлім Туризм дамуының теориялық аспектілері. 1 Туризм ұғымы және мәні



бет1/3
Дата15.06.2016
өлшемі373.5 Kb.
#136617
  1   2   3




МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ

1 Бөлім Туризм дамуының теориялық аспектілері.

1.1 Туризм ұғымы және мәні.

1.2 Туризм дамуына әсер етуші факторлар.

1.3 Әлеуметтік және экономикалық факторлар.
2 Бөлім Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау.


    1. Елдегі туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.

    2. Туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары.

    3. Қазақстан Республикасында туризмның даму динамикасы.

3.тарау. Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы.



    1. Туристік ұйымдарда әлеуметтік-экономикалық факторларды тиімді ету жолдары.

    2. Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары.

ҚОРЫТЫНДЫ


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР



Кіріспе.

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың ) болашағы зор бизнесі деп болжалуда. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды.

Бұл шаруашылық саласы көптеген дамыған және дамушы елдердің негізі болып табылады. әлемдік экономикаға ( қызмет көрсетудің жалпы өндірісі ) қосқан үлесі 3,5 трлн долл. (1993 ж) бағаланады.

Көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б) зор ықпал етеді. Бұдан туризмның өзіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметті-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) 1999 жылдың қортындысын шығарды, сонда шет елге сапар шегетін туристер саны 657 млн. адам. Мемлекеттердің туризмнан түскен жалпы табысы 455 млрд.долларды құрады, соның ішінде, АҚШ 75 млрд.доллар алды, 2502 доллар-Испания, 31 млрд.доллар-Италия және 24 млрд.доллар-Франция.

Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондайөақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.

Әлемдегі туризмның дамуына ғылыми-техникалық прогресс, тұрғындардың өмірлік жағдайын жақсарту, бос уақытты, демалыстарды көбейту, экономикалық және саяси тұрақтылық тағы басқа да факторлар әсерін тигізеді.

Бүгінгі күндегі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық – тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада басты орында және әлемдегі ең пайда көп түсіретін бизнес түріне жатады. Сондықтан да әлемдік шаруашылықтың бұл саласының болашағы жайлы сұрақ ең маңызды болып табылады. Осы заманда адамдардың туристік мақсатта сапар шегуі бүкіл елді қамтыды, осыған байланысты әр елдің адамдары арасындағы қарым-қатынас күнделікті шындыққа айналды. Көптеген кәсіпкерлердің туризмге қызығушылық білдіруі бірнеше факторлармен түсіндіріледі. Ең бірінші, туристік бизнеспен айналысуды бастау үшін, көп инвестицияның қажеті жоқ. Екіншіден, туристік нарықта ірі, орта, кіші фирмалар өзара әрекет етеді. Жоғарыда айтылған мәселелерді талдай келе Қазақстан Республикасында туризмның дамуын, болашағын зерттеу маңызды екендігін және «Туризмның дамуына әсерін тигізетін әлеуметтік-экономикалық факторлар» тақырыбының өзектілігін көруге болады. Осы жазба жұмысының мақсаты туризмның дамуына оң және теріс әсер етуші факторларды зерттеу болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін мына мәселелерді шешу қажет:



  • туризм жайлы жалпы түсінік беру (ұғымы, мәні);

  • туризмға әсерін тигізетін факторларды анықтау;

  • Қазақстан Республикасындағы туризм мәселелері;

  • Елдегі туризмның даму динамикасы;

  • Қазақстанның туристік-рекреациялық әлеуеті (Бурабай)

  • Отандық туризмның даму мүмкіндіктері және болжамы;

Жазба жұмыста баспа материалдары, статистика агенттігінің мәліметтері (әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер), “Туристік қызмет туралы” заң актілерінің жиынтығы қолданылды. Теориялық база ретінде отандық, ресейлік және шет елдік зерттеушілер еңбектері алынды.
1- тарау Туризм дамуының теориялық аспектісі.

1.1 Туризм ұғымы және түсінігі.

Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу және игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды.

Саяхат- адамдардың жылжу мақсатына байланыссыз кеңістіктегі қозғалысы. Саяхаттың бір түрі туризм болып саналады.

Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда берілген анықтама бойынша : «Туризм-жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты».

Туризм (француз сөзі tourisme, tour- серуен, сапар)- бір жағынан, тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жас, екінші жағынан саяхат ерте заманнан белгілі құбылыс. Туризм тарихын төрт кезеңге бөледі:

1) XIX ғ. дейін - элитарлық туризм, туристік өнім өндіретін арнайы кәсіпорындардың тууындауы.

2) XIX ғ.- бірінші дүниежүзілік соғыс - көлік дамуындағы дүрбелең өзгерістер, бірінші саяхат бюроларының ашылуы.

3) екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы кезең – көпшілікті туризмның дамуы.

4) екінші дүниежүзілік соғыстан кейін – қазіргі кезең – көпшілікті туризм, туристік индустрияның туризмға арналған тауар және қызмет өндіретін салааралық кешен түрінде құрылуы.

Бірінші кезең туризмның тарихи алғышарты ретінде анықталады. Антикалық заманда саяхаттың негізгі себебі сауда, білім, зиярат ету, емделу болды.Ежелгі Грекияда спорттық сапарлар туындады, өйткені Олимпиадалық ойындарға бүкіл елдердің тұрғындары жиылатын. Финикиялықтар Жерорта теңізі арқылы, қазіргі Сирия және Ливанға сапар шегетін.

Ортағасырларда саяхат діни сипат алды. Діни сенім адамдарды әулие жерлерге зиярат етуге жетеледі: мұсылмандарды – Меккеге, христиандарды – Иерусалим және Римге. Саяхатшыларды қабылдау орны шіркеулер болды.

Ренессанс және Ағарту дәуірі дінисебепті әлсіретіп, сапарлардың жеке тұлғалық және біліми бағытта дамуын күшейтті. Мысалы, ағылшындар, өз сапарларын Лондонда бастап, одан Францияға (Парижда бірнеше күн аялдайды), кейін - Италияға баратын. Қайтар жолдары Швейцария, Германия, Нидерланд арқылы өтетін.

XIX ғ. ортасына дейін саяхаттар мақсатты емес, тек өзіндік шараны (сауда, зиярат ету) жүзеге асыру шарты ғана болатын.



Екінші кезең көліктің дамуындағы дүрбелең өзгерістермен сипатталады. Параход, паровоздың ойлап табылуы жылжудың сенімділігімен, жылдамдығымен әрі саяхатқа шығынның азаюымен ерекшеленді. Осының нәтижесінде саяхатшылар саны көбейді. Осыған байланысты уақытша келушілерді күтетін кәсіпорындар (қонақ үйлер) пайда болды. XIX ғ. Ортасында демалыс индустриясы өз қызмет ететін аясын кеңейтті. Ең бірінші, туристік сапарды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға саьуға міндеттенген саяхат бюролары ашылды. Бұған классикалық мысал, 1941 жылы ағылшын Томас Куктың демалуға ұйымдастырған топтық туры. Қызметтер кешенінде темір жолмен жиырма мильдық сапар, пойызда шай мен тоқаш-нан, оркестр болды. Томас Кук бірінші саяхат бюросын ашты (алдымен Лестерде, кейін Лонданда). Соның үлгісімен 1854 жылы К.Ризель берлинде бірінші неміс саяхат бюросын ашты. XIX ғ. екінші жартысында туристік бюролар көптеген елдерде ашылды. 1862 жылдан бастап ең алғаш туристік сапарларға арналып шығарылған каталогтар жарық көрді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс, 30 - жылдардағы Ұлы күйреу және Екінші дүниежүзілік соғыс та туризм дамуына негативті ықпал етті . Осыған қарамастан осы соғыстар аралығында көпшілікті туризм ( үшінші кезең) тууындады, оның гүлденуі соғыстан кейінгі онжылдыққа келеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң туризм нағыз көпшілікті ( төртінші кезең) сипат алды. Ол дамыған елдер халқы үшін байлықтан қажеттілікке айналды. Өзіндік институты , өнімі, өндіріс циклы, ұйымдастыру және басқару әдісі бар туристік индустрия құрылды. Бұл кезең саяхатшылар , туристік кәсіпорындар санының және өндіріс көлемінің ұлғаюымен, орналастыру құралдарының салынуымен, туристік инфрақұрылым объектілерінің күрт өсуімен ерекшелінеді. Қазіргі заман туризмының ерекшелігі кең ауқымды халықаралық айырбас болуында.

Осындай ұзақ тарихы бар туризм, әлі күнге дейін біржақты анықтама алған жоқ. Ресейлік ғалым В. Г. Сапрунов айтқандай , әлі күнге дейін туризм ұғымын және түсінігін анықтайтын ортақ келісілген көзқарастың жоқтың қасы.

Туризм анықтамасын үш топқа топтастыруға болады. Бірінші топқа , туризмды рекреация түрі, бос уақытты өткізуде, сапар және адамның денсаулығын нығайту, әрі оның мәдениетін және білім деңгейін жоғарлатуды үйлестіргенқызмет көрсету саласын қолдану (адамның физиологиялық, интеллектуалдық және эмоционалдық күшін қалпына келтіру) ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады.

Туризм анықтамасының екінші тобы, оны халық миграциясының бір түрі ретінде қарастырады, қозғалу актісімен, саяхатпен , кеңістікті жеңумен туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.

Анықтаманың үшінші тобы, туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде сипаттайды, оның әртүрлі қасиеттер мен қатынастарының бірлігін көрсетеді, ішкі мәнін ашады .

Статистикада туризм, мекен-жайды немесе жұмысты ауыстырумен байланысты емес, халық миграциясының бір формасы ретінде қарастырылады. Туризм басында адамдардың өз тұрақты жекен-жайынан басқа жерде қозғалысы және уақытша болуы. Бірақ тарихи даму процесінде бұл ұғымның мазмұны мен мәні өзгеріске ұшырады және толықтырулар енгізілді. БҰҰ 1954 жылы қабылданған анықтамасы бойынша, туризм - бұл денсаулықты нығайтуға, адамның денесін шынықтыруға әсер ететін, тұрақты жекен-жайдан тыс жерлерге барумен байланысты активті демалыс. Бұл ұғымның кең сипаттамасын Монте-Карлодағы туризм Академиясы берді: туризм – адамдардың өз тұрғылықты жерлерінен емделу мақсатында, бос уақытта танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін немесе кәсіби-іскери мақсатта уақытша келген жерінде ақылы жұмыспен байланысты емес ?жалпы түсінік.

1993 жылы БҰҰ Статистика коммисиясы Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) мақұлдаған анықтама қабылдады. Соған сәйкес туризм бір жылдан аспайтын мерзімде, дем алу, іскери және басқа да мақсаттарда, тұрғылықты ортадан тыс жатқан жерлерде саяхаттаушы адамдардың қызметін қамтиды .

Осы анықтамаға сәйкес туризмға тән негізгі сипаттамалар төмендегідей:

-тұрғылықты ортадан тысқары шығу;

-қозғалудың уақытша сипаты;

-сапардың мақсаттылығы;

Тұрғылықты ортадан тысқары шығу – туризмнің маңызды сипаттамасы. Белгілі бір жеке тұлғаның тұрғылықты ортасына, оның өмір сүретін мекен-жайы және ол жиі баратын белгілі бір аудан жатады.

БТҰ ұсынысы бойынша тұрғылықты орта параметрі екі көрсеткішпен сипатталады: объектіге бару жиілігі мен оның қашықтығы. Адамдар жиі баратын орындар, арақашықтығы алыс болғанмен де, тұрғылықты орта элементіне жатады . Оған мысал, шекара маңында тұратын адамдардың көрші мемлекетте қызмет атқаруы, олар турист қатарына жатқызылмайды.

Екінші көрсеткіш – арақашықтық. Мекен – жайға қашық орналасқан орындар, оған бару жиілігіне қарамастан тұрғылықты ортаға жатады.

Сапар мақсаты туризмға жататын қызметтер түрін дәл анықтайтын маңызды сипаттама. Саяхаттың басқа түрінен туризмді бөлетін критерии, бұл барған жерінде ақылы қызмет атқару мақсат болмауы тиіс. Сапар мақсаты, оның себебіне жатады. Адамның мінез-құлық әрекеті әрқашан себепті болады. Туристік себеп адамның қажеттіліктерін анықтайды.


1.2. Туризм дамуына әсер етуші факторлар.

Күрделі әлеуметті-экономикалық сала болғандықтан, туризм көптеген сыртқы факторлар әсеріне сезімтал. Бұл факторлардың туризм дамуына тигізетін әсері күші жағынан, әрі ұзақтығы жағынан әр түрлі болып табылады. Сондықтан табысты туристік қызметті ұйымдастыру үшін , осы факторларды есепке алған өте қажет.

Туризмге әсерін тигізетін факторлар екі түрге бөлінеді:

-сыртқы (экзогенді)

-ішкі (эндогенді)

Сыртқы факторлар туризм саласына қоғамдық өмірдегі өзгерістермен және туризм жүйесінің элементтеріне әртүрлі мәнмен әсер етеді.

Туризм дамуына әсерін тигізетін , маңызды сыртқы факторларға мыналар жатады:

-табиғи-географиялық;

-мәдени-тарихи;

-экономикалық;

-әлеуметтік;

-демографиялық;

-саяси-құқықтық;

-технологиялық;

-экологиялық.

Бұл факторлар өз бойына маңызды элементтерді жинаған, сондықтан да оларға тоқталып өтсек, бірінші кезекте - табиғи-географиялық.

Табиғи-географиялық (теңіз, тау,орман, флора, фауна,климат және мәдениет ескерткіштері) факторлар туристік ресурстардың негізі ретінде туристің белгілі-бір аймақты таңдауын анықтайтын фактор болып табылады.

Табиғи және мәдени-тарихи ресурстардың байлығы, олардың мүмкіншілігі мен қолданудың ыңғайлылығы туризм дамуының көлеміне, екпініне және бағытына зор ықпалын тигізеді.

Сонымен қатар , еске алатын жайт, табиғат құбылыстары туристік белсенділіктің артуына да, әрі азаюына да әкелуі мүмкін. Мысалы, Еуропадағы соңғы кездегі күннің тұтылуы XX ғ. (1999 ж жазы) румыния территориясында өте жақсы байқалды. Бұл оқиғаға арналып, ойластырылып өткізілген жарнамалық кампания, 1999 ж бұл елге келген туристер санының 1998 жылмен салыстырғанда 200 мыңға артуына әкелді. Басқа жағынан, Польша мен Чехия территориясында болған су тасқыны ( 1997 жылдың маусым-шілде айларында) бұл елді-мекендерге туристік белсенділікті тежеді. Түркияның солтүстігінде болған жер сілкінісі (1999 ж) 1998 жылмен салыстырғанда келушілер ағымын 2 млн адамға және әлемдік туризмнан түсетін табыстың 3 млн АҚШ долл төмендеуіне әкелді.

Тұтас алғанда табиғи-географиялық және мәдени-тарихи факторлар туризмның дамуына зор мүмкіндіктер тудырады және өзгермейтін құндылыққа ие. Адам оны тек өз қажеттілігіне орай бейімдеуі және туристік мақсаттарда қолдануда қолайлы етуі мүмкін

Экономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Елдің экономикалықдамуымен , оның азаматтарының ұлттық табыс көлемімен және материалдық әл-ауқатымен (дәулетімен) тура тәуелділік бар. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекет, әлемдік нарықта өз азаматтарының туристік сапарларының саны жағынан ілгері болады

Мемлекеттің экономикалық жағдайынан тек қана халықтың табысы ғана емес, сонымен қатар материалдық-техникалық база және туризм инфрақұрылымы да тәуелді.

Сонымен қатар экономикалық факторлар қатарына инфляция, пайыздық көрсеткіш, нақты валют айырбас курсының тербелісі де қосылады. Айырбас курсының өзгеруі күшті және әлсіз валютасы бар елдер арасындағы туристік ағымның көлеміне әсер етеді.

Туризмның дамуы тек қана ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік экономика экономикалық циклдың қай фазасында - өркендеу немесе құлдырауда – болуына да сезімтал. Бұған мысал ретінде , айтып өтетін жайт XX ғасырдың 80-жылдары экономикалық күйреу кезінде әлемдік туристік саяхаттар едәуір қысқарды.

Әлеуметтік факторлар ішінен бірінші кезекте аталып өтілетін, бұл халықтың бос уақытының артуы (жұмыс уақытының қысқаруы, жыл сайынғы демалыс ұзақтығының артуы), бұл халықтың өмір деңгейінің артуымен қосылып келе жаңа әлеуетті туристердің ағымын арттырады.

Бос уақыттың артуы қазіргі заманғы ғылыми – техникалық төңкеріспен байланысты, бұнда ой еңбегінің маңыздылығы артады да өндірістік және тұрмыстық кернеулер күшейе түседі. Бұның бәрі адамдардың дене тұлғаларының және психологиялық шаршауына әкеледі. Бұл қабілеттілікті арттыру үшінқосымша шараларды қабылдауды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруға көбіне туризм өз септігін тигізеді.

Халықтың бос уақытының ұзақтығы артуына байланысты туризмде екі тенденция байқалды – демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді саяхаттардың артуы. Туристік сапарларұзақтығы жағынан азайғанмен, жиілігі артты. Шетел әдебиеттерінде бұл құбылыс “аралықты саяхат” (“путешествия с интервалами”) деген атауға ие болды. Жылдағы бір ұзақ саяхат орнына, көптеген адамдар бірнеше рет қысқа мерзімді (жаз айында – екі апталық теңіз жағалауына саяхат; қыс айында – бір апталық тау шаңғылы саяхат; демалыс және мерекелердегі отбасылық сапарлар) саяхатты таңдайды. Бұндай саяхаттар туристердің белсенділігі мен қозғалысының (мобильділігінің) артуын көрсетеді. “Қысқа мерзімді” келушілер әдетте бір күнде, келген елді-мекенінде бір күн ғана болатындықтан, ұзақ мерзімді сапар шегуші туристерден гөрі көп шығындалады. Сонымен қатар “аралықты сапарлар” бір жыл аралығында болғандықтан, туризмның ең бір негізгі қиындықтарының бірі – сұраныстың маусымдық өзгерісін жеңілдетуге көмектеседі.

“Аралықты сапарлар” үшінші мыңжылдықтағы туризм дамуын анықтайды. Бұндай қортындыны “Ховат УК” ағылшын консалтингтық фирмасы жасады. Олар Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) тапсырмасы бойынша туристік шығынның 70% келетін келетін әлемдегі 18 елдің демалыс уақыты динамикасының зерттеуін жүргізді. Нәтижесінде, XXI ғасырдағы туристік сапарлар ұзақтығы 3-4 күнге дейін қысқарады, бірақ демалысқа деген үзіліс және адамның өмірлік күшін қалпына келтіруге құштарлық артады деген болжам жасады.

Әлеуметтік факторлар қатарына, сонымен қатар білім деңгейінің, мәдениет, халықтың эстетикалық қажеттіліктерінің артуы жатады. Зерттеулерге жүгінсек, адамдардың білім деңгейі мен саяхатқа деген икемділігі арасында тәуелділік бар. Бұл мәдениет және білім деңгейі жоғары адам өзінің бос уақытын туризм көмегімен қоршаған ортаны тануға, басқа елдер мен халықтардың тарихы, өмірі, тұрмысы, фольклоры және өнерімен танысуға рациональды жұмсайды .

Соңғы уақытта, яғни XX ғасырдың соңғы онжылдығында экономикалық және әлеуметтік факторлар әсерінен батыс Еуропа елдерінде қоғамдық сана елеулі өзгерістерге ұшырады: рухани құндылықтар материалдық құндылықтардан маңыздырақ. Қазіргі таңда адам материалдық игілікті тұтынудан бұрын, жақсы әсер, өмірден ләззаталуға талпынады. Осыдан шығар қортынды, қоғамның тұтынушылық құрылымында туризмның орны және рөлі өзгерді.

Туристердің қажеттіліктері де өзгерді: төменгіден-жоғарыға, жұмысқа қабілеттілікті арттырудан – адамның өзінің жекелей қабілеттерін жүзеге асыру және интеллектуалды сұранысын қанағаттандыру.

“Үш S” (Sea – Sun - Sand; теңіз-күннің көзі-жағажай) қағидасы бойынша пассивті демалыс орнын “Үш L” формулалы (Lore - Landscape – Leisure; ұлттық дәстүрлер - пейзаж – бос уақыт) демалыс түрі басты. Бұл қазіргі заман саяхатшысының жаңа құндылықтарына сай келеді және өз орнын осы мезеттегі туризм дамуынан тапты.

Туризм дамуына әрдайым әсерін тигізетін фактор – демографиялық, олар : халықтың саны, олардың әр ел және аймақ бойынша орналасуы, жынысты – жастық құрылым, еңбекке қабілетті халық, оқушылар мен зейнеткерлерді атап өту, жанұялық жағдай және оның құрамы.

Әлемдегі тұтасымен және кейбір жеке аймақтарда халық санының артуы, туристер санының артуына пропорциональды әсер етеді. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, халықтың тығыздығы жоғары елдердің туристік ағымы халықтың тығыздығы төмен елдердегі гөрі интенсивті. Бұдан басқа, туристік қозғалыстың жасқа , жынысқа және жанұялық жайға байланысты өзгерісі байқалады. Өйткені туризмнің активті түріне 18-30 жас аралығындағы адамдар қызығушылық білдіреді. Бірақ, жалпы адамдардың туристік қозғалысы 30-50жас аралығында өз өрлеу шыңына жетеді. Зерттеулер көрсеткендей, отбасы құрмаған адамдар, отбасы құрған адамдардан гөрі мобильді, ал әйелдер ерлерден гөрі туризмге көп қызығушылық білдіреді.

Демографиялық фактор тобына, сонымен қатар урбанизация (қала халқының үлесі өсуі) да жатады. Урбанизацияның ең жоғары деңгейі Солтүстік Америка елдері (74 %) және Еуропада (71 %), бұлар туристермен “жабдықтаушы”болып табылады. Бір ел ішінде туристік активтілік деңгейі ауылды мекендерден гөрі қалаларда жоғары болады. Әрі қала қанша ірі болса, сонша оның тұрғындары туристік сапарларға көп аттанады. Бұның себебі, адамға көп салмақ түсуден және жүйкенің шаршауынан демалысқа деген қажеттілік туындауы. Қала халқының жоғары мәдени және білімдеңгейі, оның танымдылық мақсатта сапар шегуіне әсер етеді.

Дамыған елдер халқының демографиялық құрылымында төмендегідей өзгерістер орын алуда:

-халық қартаюда (туу деңгейінің төмендеуі жасы үлкен адамдардың үлесінің артуына әкелуде, ал жасы 15- тен 24-ке дейінгі аралықтағы жастардың саны төмендеуде);

-қызмет етуші әйелдер саны артуда, олардың карьера жасауы етек алды (бұл отбасыны кеш құруға, тууды кейінге қалдыруға және баласыз отбасылардың көбеюіне әкелуде);

-жалғыз бастыадамдардың саны өсуде (ірі қалаларда, олар жарты халықты құрайды).

Демографиялық ортада туризм дамуында екі тенденцияны құрайды: біріншісі-бұл әлеуетті туристер шеңберінің ұлғаюы, яғни адамдардың көбінде саяхатқа деген ынтасы және мүмкіндігі болса; екіншісі-адамдардың үлестік салмағының артуы (қазіргі таңда ол 40 % тең). Бұл феноменнің туризмға тигізетін терең салдарын ойламасқа болмайды.

Туризмның дамуына маңызды ықпал ететін фактор – саяси-құқықтық: әлемдегі жәнеәр елдегі саяси жағдай, ашық шекара саясаты; туризм саласындағы административтік бақылауды бәсеңдету, салықтық және ақша саясатының унификациясы.

Туристік активтілік саяси жағдайға тәуелді болады. Тұрақты саяси жағдай туризм дамуына оң ықпал етеді, ал керісінше, тұрақсыздық оның дамуын бәсеңдетеді. Израиль – Палестиналық шиеленіс көптеген Таяу Шығыстың көптеген елдерінде туризм дамуына кедергі келтіруде.

Саяхатқа зор қауіп терроизм мен экстремизм тудырады. АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған террористік актілер әлі күнге дейін әлемдік туризмға тигізген негативті әсері бағалануы мүмкін емес. Абсолютті көлемде алсақ 2001 жылы саяхатшылар саны 689 млн адам, ал 2000 жылы саяхатшылар саны 697 млн адам (1,3 % төмендеген) болған еді.

Технологиялық факторлар , техника және технология прогресімен тығыз байланысты. Олар туризмде жаңа қызмет көрсету түрін өндіруге мүмкіндік ашады.

Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызмет көрсетудің бұқаралық өндіріс құралдарының жетілдіруіне әкеледі. Ыңғайлы, жылдам әрі салыстырмалы түрде қол жетерлік көлік құралдары (алдымен әуе көліктері) туризм дамуына зор ықпал етті.

Мамандар айтуы бойынша, көліктің әрі қарай дамуы, екі негізгі бағыт бойымен дамиды: сандық даму (әртүрлі көлік түрлерінің өсуі) ; сапалық даму (жүру жылдамдығының өсуі, тасымалдаудағы қауіпсіздік және жолаушыларға барынша ыңғайлылық).

Басты назар аударатын мәселе , туризм индустриясына компьютерлік техниканы енгізу, онсыз бұқаралық туристік сапарды ұйымдастыру мүмкін емес.

Туризмда интернет тек қана ақпаратты беру мен алмасу қызметін атқарып қана қоймай, сонымен қатар өткізудің жаңа жүйесін құрайды. Ол туристік қызметті тұтынушыларды жабдықтаушылармен тілдестіреді

Экологиялық фактор туризмға зор ықпалын тигізеді. Себебі, қоршаған орта туристік қызметтің негізі және әлеуеті.

Туризмның пропоциональды дамымауы, оның өз негізін жоюы мүмкін: туризм табиғи ресурстарды қолданады; көпшілікті туризм орталықтарында бұл процесс бұзушылық сипатта ( табиғи орта өзгерісі, адамдардың, жануар және өсімдіктердің өмір сүру жағдайының нашарлауы). Табиғи ортаның бұзылуы туристік ұсыныстың құлдырауына әкеледі.

Ішкі факторлар – бұл сала ішінде тікелей әсерін тигізетін, басты құбылыстар мен тенденциялар. Оларға ең біріншіден, орналастыру құралдарының, көліктің, тамақтандыру кәсіпорындарының, тұрмыстық қызмет көрсетудің, рекреациялық саланың , бөлшектік сауданың дамуымен байланысты , материалды-техникалық факторлар жатады . Бұдан басқа туристік қызметтің сұранысымен және ұсынысымен тікелей байланысты, төмендегідей факторларды атап өтуге болады:

-тұтынушылардың ақпараттанғандығының артуы және олардың қалауларының өзгерісі, бұл стандартты көпшілікті туризмның, қызмет көрсетудің әртүрлілігімен сипатталатын дифферентті туризмға ауысуы;

-туризм саласындағы қызметті координациялаудың рөлі артуы (ірі фирмалардың орта және кіші бизнеспен партнерлық қарым-қатынасы; туристік одақтар құру; туристік бизнеске зейін қою және ғаламдандыру)

-туризм саласын кадрлармен қамтамасыз ету (жұмысшылар санын арттыру; еңбекті ұйымдастыруды жақсарту; кәсіби даярлықтарын жоғарлату)

-жеке меншіктегі туристік бизнестің дамуына қолдау көрсету;

-бұқаралық ақпарат құралдарының жарнама және туристік өнімді жылжытудағы маңызын арттыру.

Туризмның дамуына әсерін тигізетін басты факторлардың бірі маусымдылық . Маусымдылық – бұл туристік ағымдардың уақыттың белгілі бір мезетінде бір жерде жинақталуы . Маусымдылықтың ерекшелігі:

-туризм түрлері бойынша ерекшеленеді. Танымдық туризм ,рекреациялық туризмнан гөрі маусымдық өзгерістерге көңіл бөлмейді;

-әртүрлі туристік аймақтарда маусымдылық әртүрлі болып табылады;

-туризмдағы маусымдылық негізінен климаттық, әлеуметтік және психологиялық факторлармен сипатталады.

Климаттық факторлар әлемнің көп аймағында саяхатқа, демалысқа, емделуге, спортпен айналысуға қолайлы ауа-райы жылдың айлары бойынша ерекшеленетініне байланысты.

Психологиялық факторлар көбіне жаз айларында саяхаттың артуымен сипатталады, себебі оқушылар жазда демалысқа шығады да, сол кезде отбасымен бірге болу мақсатында, ата-аналары өз демалыстарын алады.

Туризм дамуына әсерін тигізетін факторлар сан алуан, сондықтан да болар, оған әсерін тигізетін факторлар жіктемесі де сан алуан. Оң әсер ететін факторлардың көптігі әлемдік туризмде жекелеген аймақтың алға шығуына әкеледі, ал керісінше теріс әсер етуші факторлар туристік ағымды төмендетеді. Туризм дамуына әсер ететін негізгі факторларды екі топқа бөлуге болады: статикалық және динамикалық.

Статикалық факторлар уақытқа, мерзімге байланысты мәні өзгермейді. Бұл топқа табиғи-климаттық, географиялық, мәдени-тарихи факторлар кіреді.

Демалыс орындарының тартымдылығын ең бірінші, осы шарттар анықтайды. Сондықтан да климаты ыстық оңтүстік аймақтардың сальдосы оң мәнді. Табиғи-мәдени ресурстар білім деңгейі және адамдардың танымдылық қажеттіліктерінің өсуіне байланысты зор мәнге ие болуда.

Динамикалық факторлар төмендегідей:

- саяси;

- әлеуметті-демографиялық;

- қаржылы-экономикалық;

- материалды-техникалық.

Негізінен, елдегі саяси жағдайға барлық динамикалық факторлар тәуелді болып келеді. Күйзеліс, саяси тепе-теңдіктің болмауы, экономиканың милитаризациясы, жұмыссыздық, рәсімдеулердің қатаңдығы, валюта курсының өзгерісі жәңе тағы басқа жағдайлар – бұл мемлекет жүргізген саясаттың нәтижесі.

Әлеуметті-демографиялық факторларды тұрғылықты халықтың жасы, бос болу деңгейі, жеке басты адамдардың болуы , баласыз отбасылар, неке қиюдағы жастық тенденция, зейнетақы жасы, білім, мәдениет деңгейі, тұрғындардың эстетикалық талғамы, қоғамдағы материалдық және рухани қажеттіліктердіңқатынасы, урбанизация және тағы да басқа көрсеткіштер құрайды.

Қаржылы-экономикалық факторларға мыналарды жатқызады: елдегі, мемлекеттегі экономикалық жағдай, қаржылық тепе-теңдік, тұрғындардың табыс деңгейі, қоғамның туристік шығынға жұмсауға бөлінген қаржы үлесі, тауар бағасы.

Материалды-техникалық факторлар туристік индустрия базасының жағдайы мен мүмкіндіктерін көрсетеді: орналастыру орындары, тамақтану, көлік, рекреациялық сала, сауда және тағы басқалары.

Шет елде туризмның дамуына әсер ететін факторлардың маңыздысы деп, мына төмендегі топтаманы атауға болады:


  • Мемлекеттік органдардың қолдауы;

  • Қоғамдық байлық және тұрғындар табысының өсуі;

  • Жұмыс уақытының қысқаруы;

  • Көлік және коммуникация құралының дамуы;

  • Урбанизация

  • Қоғамның рухани байлық жүйесіндегі үстемдік. Мемлекеттік органдардың қолдауы . Әр елдің тәжірибесі көрсеткендей, туризм дамуының жетістігі мемлекетте бұл саланың қалай қабылданатынына және мемлекет тарапынан қандай қолдау табатынына тікелей байланысты.

Туристік индустрияға мемлекеттік қолдау көрсетудің төмендегідей түрлері бар:

  • субсидиялар;

  • жеңілдетілген қарыздар;

  • проценттер бонификациясы;

  • салық жеңілдіктері.

Көптеген елдерде келу туризмін ынталандыру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламаларда салық салудағы және шекара-кеден тәртібіндегі жеңілдіктер, инвестиция үшін жайлы жағдай жасау, шет ел нарығында жарнамалау, кадрлар дайындау көрсетілген. Туризмге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін елдің бірі – Греция. Бұл елде Үкімет инвесторларға тиімді проценттік қойылым мен салықтар бойынша жеңілдіктер ұсынады. Жыл сайын Греция ұлттық экономика министрлігі туризм саласындағы инвесторларға ортақ көмек соммасын көрсетеді. Мысалы, 1995 жылы ол 587 млн АҚШ долларын құрады. Туризмды инвестициялаудың үстемділігі Үкімет тұрғысынан анықталады. Ең алдымен, бұл құрылыс, отель және туристік кешендердің кеңеюі мен модернизациясы. Егер инвестиция көлемі 21 млн АҚШ долларына жетсе, онда қосымша жеңілдіктер беріледі. Ең қызығы, келтіріліп жатқан қонақүй не басқа туристік объекттер мемлекеттік көмек түрін таңдауқұқы бар: субсидиялар немесе салық жеңілдіктері.

Турцияда барлық жеңілдіктер арнайы сертификатпен анықталады. Туризм саласындағы жергілікті және шет ел инвесторларына төмендегідей жеңілдіктер беріледі:



  • салық бойынша инвестициялық қолдау;

  • кедендік баждан және импортқа ҚҚС босату;

  • жеңілдетілген несиелер;

Салық және алымдар бойынша жеңілдіктер дегеніміз:

  • жеңілдік сертификатқа байланысты әкелінетін, машина және құралдардың кедендік алымдардан босатылуы;

  • жеңілдік сертификатының болу-болмауына байланыссыз кейбір машина және құралдардың кедендік алымдардан босатылуы;

  • корпоративтік салыққа жеңілдік ( 30-дан 100 % дейін);

  • жоғары деңгейлі үстемдігі бар аймақтарда жұмыс атқарушы жұмысшылардың табысына салық салудан босату;

Туризмды ынталандыру бойынша заңға сәйкес туроператорларға да бірнеше жеңілдіктер беріледі. Олардың туристік қызметтен түскен табысына корпоративтік салық тек оның бесінші бөлігіне салынады.

Шет ел валютасымен алынған және түрік лирасына конвертирланған туризмнан түскен табыстың 20 % 10 жыл аралығында салық салудан босатылады. Мемлекеттің және жергілікті биліктің қаржылық қолдауынан Түркия соңғы 5 жылда туризм саласында нағыз гүлдену сатысында.

Қоғамдық байлықтың өсуі. Соғыстан кейінгі жылдары дамыған елдерде жан басына шаққандағы табыс артты: мысалы, ФГМ –де 4500 маркадан 1950 жылы, 19500 маркаға 1987жылы өзгерді. Осы кезде тамақтану мен байлық заттарына шығын азайып, туризмға шығын үлесі артты.

Жұмыс уақытының қысқаруы. Көп елдерде кәсіпорындардағы жұмыс уақыты 2350 сағаттан 1950жылы, 1716 сағатқа дейін 1987 жылы қысқарды. Орташастатистикалық демалыс бұл кезеңде 12 күннен 31 күнге өсті. Сонымен қатар еңбек интенсивтілігі артты, бұл стресстық жағдайларға және адам организмінің демалысқа қажеттілігінің артуына әкелді.

Көліктің дамуы қоғамның мобильдігінің артуына, осыған сәйкес саяхаттың өсуіне әкелді.қарастырылған кезең аралығында Швейцарияда автокөлік санының 0,15 миллионнан 2,7 миллионға артуын көрсетті . Әуе көліктері жақсы дами бастады.

Урбанизация . Қалалардағы халықтың концентрациясы, табиғаттан қашық болуы адамдарды өз тұрғылықты мекенінен тыс жерлерге баруға жетелейді. Урбанизацияның ең жоғары деңгейі Солтүстік Америка (77 %) және Еуропа (71%) елдерінде. Бұл аймақтар негізгі туристермен «жабдықтаушы болып табылады). Бір ел ішінде қала тұрғындарының ауыл тұрғындарынан туристік сапарға деген ықыласы жоғары. Қала қаншалықты үлкен болса,соншалықты саяхатқа сұраныс та зор.

Қоғамдық сана деңгейі. Соғыстан кейінгі жылдары адамдар еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өз демалыстарын дене және ой күштерін қалпына келтіруге жұмсады, 60-70 жылдары материалдық игіліктерді жинақтау және тұтыну орын алды (жылжымайтын мүлік, байлық заттарын алу), 80 –жылдары материалдық игіліктерді тұтыну орнын адамдардың рухани байлыққа, яғни саяхатқа қажеттілігі артты.

Әлем жеке өңірлерінің туристер үшін қызығушылық тудыратын факторлар сипаты төмендегідей:



өңір

Тартымдылығының арту факторлары

Оңтүстікамерикандық:

Бразилия



1. Амазония бойымен өткізілетін экологиялық турлар.

2. Экзотикалық табиғат.

3. ел астанасының қазіргі заман архитектурасы және дизайны.


Еуропалық:

Франция, Англия

Германия, Финляндия

Швеция


1.Тарихи және мәдени орындардың жоғары концентрациясы .

2. жеңілдетілген визалық тәртіп.

3. жоғары деңгейдегі сервис


Жерортатеңіздік:

Кипр

Израиль

Тұтас аймақ



  1. салық салудың тиімді жүйесі

  2. қазіргі заманғы банктық жүйе

  3. жақсы ұйымдастырылған телекоммуникация құрылымы

  4. оффшорлық компания құрудың жеңілдетілген түрі

  5. мемлекет тарапынан компанияның банктегі есепшоттары жайлы мәліметтін құпияда ұсталуы.

  6. зиярат ету туризмінің артуы

  7. емдеу орталықтарының көптігі

  8. төрт теңіз турлары

  9. жастар лагерінің болуы

  10. іскерлік қатынастың артуы

  1. туризм инфрақұрылысының жақсы дамығандығы

  2. қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

  3. ыңғайлы климат

  4. туристік маусым ұзақтығы

  5. теңіз жағалауындағы демалыс және көрікті жерлерді қараудың үйлесімі.

Азиаттық

Біріккен Араб Эмираттары


Тұтас аймақ

  1. электроника және тұрмыстық заттар бағасының төмендігі

  2. жоғары деңгейлі сервис

  3. минималды салықтар

  4. визалық тәртіптің жеңілдетілуі

1.экзотикалық табиғат және мәдениет

саяси тұрақтылық

2. Австралияға ұшқан туристер үшін ыңғайлы транзиттік жол

4. қыстағы «жағажайлық» демалыстың басты бағыты.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет