«Лизингке техника сатып алу үшін анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар



Дата13.06.2016
өлшемі41.92 Kb.
#132883
түріРегламент
«Лизингке техника сатып алу үшін анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті


  1. Негізгі ұғымдар.

  1. Пайдаланылатын терминдер және қысқартылған атауларды белгілеу.

Лизинг – лизинг алушылармен белгіленген төлемақыға, белгіленген мерзімге және мүлікті сатып алу құқығымен шарттастырылған белгілі жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға лизинг келісімшарты негізінде мүлікті сатып алу және оны тапсыру бойынша инвестициялық қызмет түрі.

ММ – мемлекеттік мекеме.

ҚФБ – құрылымдық функционалдық бірлік.


  1. Жалпы ережелер.

  1. Осы стандарт лизингке техника сатып алу үшін анықтама беру тәртібінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

  3. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Аграрлық өнеркәсіп кешенін және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақшасының 5 тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы «Астық туралы» Заңының 6-1 бабының 3 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы «2006-2010 жылдарға арналған аграрлық-өнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамалары бойынша іс-шаралар жоспары туралы» қаулысы, «Ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі негізінде іске асырылады.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету «Ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.

  5. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны /нәтиже/: лизингке техника сатып алу үшін анықтама беру.

  6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін 15 минут.

  7. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну процесінде басқа мемлекеттік мекемелер қатыспайды.

  8. Регламент мүдделі мемлекеттік органдардың келісімі бойынша бекітілмейді, өйткені мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну процесінде басқа мемлекеттік мекемелер қатыспайды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде /өзара іс-әрекет/

іс-әрекет тәртібін сипаттау.

  1. Арыз беруші мемлекеттік қызметке еркін нысанда арыз береді, ол тұтынушымен мемлекеттік қызметті беру және алуды тіркеу кітабында тіркеледі.

  2. Мемлекеттік қызметті алу үшін нысандар және үлгілер қарастырылмаған.

  3. Арыз берушіден алынған ақпарат құпия болып табылады.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде «Ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандары қатысады: бас аграном, бас зоотехник, анықтаманы бөлім бастығы қол қойып растайды.

  5. Әрбір құрылымдық функционалдық бірліктің қарапайым әрекетті кезегімен мәтінді кестелі сипаттау әрбір әрекетті орындау мерзімін көрсетумен /процедуралар, қызметтер,операциялар/ осы регламенттің 1 қосымшасында келтірілген.

  6. Іс-әрекеттің қисынды кезегімен және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма /мемлекеттік қызмет көрсету процесінде/ олардың 14 тармағындағы сипаттамаға сәйкес осы регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.

  7. «Ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманымен белгіленген үлгіде анықтама беріледі.

Ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы Қ. Орсаев

Мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1 қосымша



Құрылымдық функционалдық бірлік әрекетін сипаттау

Негізгі процесс әрекеті /барысы, үздіксіз жұмыс процесі/

Лизингке техника сатып алу үшін анықтама



1

әрекет № /барысы, үздіксіз жұмыс процесі/

1

2

ҚФБ атауы

ҚФБ 1

«Ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандары



3

Әрекет атауы /процесі, процедуралары, операциялары/ және оның сипаттамасы

«Ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандары арызды қабылдайды, тіркеу кітабында тіркейді, лизингке техника сатып алу үшін анықтама дайындап, береді.

4

Аяқталу нысаны /деректер, құжаттар, ұйымдастыру-өкімшілік шешім/

Лизингке техника сатып алу үшін анықтама

5

Орындау мерзімі

15 минут

6

Келесі қызметтің нөмірі

Жоқ

2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.

Негізгі процесс /барысы, үздіксіз жұмыс процесі/

ҚФБ 1 немесе ҚФБ 1 тобы

«Ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандары

№1 әрекет

«Ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандары арызды қабылдайды, тіркеу кітабында тіркейді, лизингке техника сатып алу үшін анықтама дайындап, береді.

3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс.

Баламалы процесс /барысы, үздіксіз жұмыс процесі/ немесе кеңейту

ҚФБ 1 немесе ҚФБ 1 тобы

Баламалы процестер жоқ.

Ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы Қ. Орсаев

Мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2 қосымша



Функционалдық өзара іс-әрекеттің диаграммасы

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі

ҚФБ 1 атауы

«Ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандары





0-1

арыздарды қабылдау





0-2

Лизингке техника сатып алу үшін анықтама беру




Ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы Қ. Орсаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет