САУАЛНАМА
Жалпы білім беретін мектептердегі психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары үшін (арнайы педагогтар, логопедтер, психологтар, әлеуметтік педагогтар)
Құрметтімамандар!
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы(АИБД ҰҒПО РММ) мониторинг жүргізеді, оныңмақсатыЕрекшебілімберуқажеттілігі бар (ЕБҚ) балалардыүйдеоқытупроблемаларынанықтау, талдаужәнешешімін табу. Мониторинг шеңберінде психологиялық-педагогикалыққолдаумамандарынасауалнамажүргізіледі. Үйде оқитын АБҚЕ балаларға арнайы білім беру қызметтерін ұсыну туралы мамандардың пікірлерін зерттеу және осы бағыттағы өзекті мәселелерді анықтау біз үшін өте маңызды мәселелер. Осыған байланысты келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз. Жауаптардыңнұсқаларынтаңдағандатиістіжауапты шеңберлеп сызасыз.
1. Қазіргі уақытта мектепте атқаратын қызметіңіз:___________________________
2. Үйде білім алатын ерекше білім беруді қажет ететін балалармен сабақты қандай формада өткізесіз?
1) дәстүрлі, үйде білім беру
2) қашықтанбілім беру
3) екеуінде қолданамын (дәстүрлі, үйде білім беру, қашықтанбілім беру)
4) мектептегі арнайы кабинетте
3. Егер қашықтан білім берсеңіз, білім алушылармен жұмысты ұйымдастыруда қандай қиындықтарға тап боласыз?___________________________________________________
4. Үйде білім беру үшін түзету-дамыту сабақтарын өткізу кестесі бар ма?
1) Ия
2) Жоқ
5. Жеке даму бағдарламасын әзірлеу мақсатында үйде білім алатын ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тексеруден өткізесіз бе?
1) Ия тексерістен өткіземін
2) Жоқ тексерістен өткізбеймін
6. Сіз үйде білім алатын ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін өздігімен немесе мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен бірлесіп жеке даму бағдарламасын жасап жатырсыз ба?
1) Өзім даярлаймын
2) Мамандармен бірлесіп даярлаймын
7.Білім алушыларды үйде білім беру процесінде қандай қиындықтарға тап боласыз?
1) оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің болмауы (диагностикалық материалдардың, дамытушылық бағдарламалардың, әдістемелік құралдардың, дидактикалық материалдардың және т. б. болмауы).
2) әдістемелік сипаттағы қиындықтар (зерттеу жүргізу, жеке даму бағдарламасын құру , ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ерекшеліктері туралы арнайы білімнің болмауы, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың даму деңгейін бағалау және т. б.).
3) процедуралық сипаттағы қиындықтар (сабақты ұйымдастыру және өткізу, нұсқаулықтарды түсіндіру, арнайы жұмыс әдістерін қолдану және т. б.)
4) техникалық сипаттағы қиындықтар (компьютерлік техниканы және басқа да техникалық көмекші құралдарды пайдалану).
5) психологиялық сипаттағы қиындықтар (мотивацияның болмауы, баланың оқу процесіне теріс қатынасы, алаңдаушылық, толқу, шаршау, және т. б.)
6) бала оқитын үй жағдайына байланысты қиындықтар (қарапайым оқу жағдайларының болмауы, әлеуметтік-тұрмыстық проблемалар, ата-аналардың немқұрайлылығы және т. б.).
8. Сіз сынып жетекшісімен, балаларды үйде білім беретін мұғалімдермен байланысты қолдайсыз ба?
1) Ия
2) Кейде
3) Жоқ
9. Егер сіз сынып жетекшісімен, мұғалімдермен байланысты қолдасаңыз немесе кейде қолдамасаңыз , онда қандай нәтиже шығады?________________________________________________________________
10.Үйде білім алатын ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жеке даму бағдарламасын орындауға ата-аналардың қатысуын қалай бағалайсыз?
1) қанағаттанарлық
2) қанағаттанарлықсыз
3) жауап беру қиын
11. Сіздің ойыңызша, үйде білім алатын ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнайы білім беру қызметтерін сәтті көрсетуге не кедергі?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |