Ұлпан повесть



бет1/2
Дата06.09.2024
өлшемі1.11 Mb.
#503407
  1   2
Ұлпан. Ғабит Мүсірепов




ҰЛПАН
ПОВЕСТЬ
Есенейдің төрт қос жылқысы «Қаршығалы» шұбарына жақындап келіп, қапталдай төніп қалып еді. Тақырланып қалған жазғы жайлаудан келе жатқан жылқы қарауытқан қалың орманды, өзекті-шілікті өңірге тұяғы тиген соң-ақ ұстарадай өткір тістерін жерге қадай бастады.
Қазақ байлығы жылқысында. Қысқа қарай жылқы малын ықтасыны бар, қара отты шұбарға жақын ұстамасаң — «Байлық — бір жұттық, батыр — бір оқтық» — кейде тақыр-таза жаяу да қаласың. Жаяу қалған адам несімен адам?.. Несімен қазақ?
Есеней қазір қаптап-қапталдап, жер түгін тістелей жылжып келе жатқан байлығының алдында едәуір жерде биіктеу жотаның қырқасында ат үстінде тұр. Көз жетпес жиекке дейін созылып-керіліп жатқан кең алқап шын-ақ мақтағандай екен. Жота-жота қалың ормандар. Өзекті-шілікті, тың жатқан қара отты кең шиыр. Ат шашасынан аз-ақ асатын алғашқы жауған ақша қар жердің шөбін әлі жасыра алмапты. Сондай жерге ертерек келіп ірге тепкеніне байдың, көңілі әбден тояттап тұр.
Есенейдің қасында төрт адам жолдастары бар еді: ең сенімді серігі — жамағайын түрікпен Мүсіреп, Алдай елінен — аңшы Мүсіреп, руы басқа болса да Есенейдің қоныстасы Бекентай батыр және Есенейдің қосалқы атын жетелеп жүретін жас жігіт, түрікпен Мүсірептің туған інісі — Кенжетай.
Түрікпен Мүсіреп аздап сыбызғы тартады. «Боз іңген», «Боз мұнай», «Сүйір батыр», «Алқа кел», «Алғашқым» деген күйлері бар. Одан соңғы құмары бір жақсы ат, қонымды киім, серілеу адам. Қалталарында қалампыр жүреді... Әлі ақ кірмеген сақал-мұртын жарасымды қырқып ұстайды.
Алдай Мүсіреп аңшы адам. Балдаққа сүйеген оң қолында «түлкі перісі» атанған томағалы қара бүркіт, арқасында жалғыз оқ, аяқты шиті мылтық. Азырақ асыға сөйлейтін, азырақ асыра сөйлейтін адам.
Күн кешкіре келе бұлыңғырланып тұр еді, ұзамай қар жапалақтай бастады. Есеней, алыстан көз тігіп келіп тоқтаған жерін мақтап-мақұлдауларын күткендей жолдастарына қарады.
Осы кең қорықты Есенейдің есіне салған аңшы Мүсіреп еді. Сонысын тағы бір ескертіп қалғысы келіп, Есенейге қарай еңсеріле бұрылып:
— Аға сұлтан пірім-ау! Айтпап па едім? Қысқа қарай жылқы баласына бұдан артық жер болмайды. Иесіз жатқан жер! Бір қыс жайладың — болды, аға сұлтанның шұбары атанады да, балаңның баласына дейін кете барады! — деді.
Есеней оның сөзін аяқтатпай екінші Мүсірепке қарады. Осы бір «аға сұлтан», «балаңның баласына» деген сөздер Есенейге шаншудай қадалатынын ақ көңіл аңшы аңдамай-ақ қойды. Аға сұлтан болғысы келіп бола алмай қалған адамға, екі ұлы бір күнде өліп, содан бері жиырма жыл бойында әйелі бала көтермей қойған адамға жаңағы сездер мазақтаумен қорлаумен тең екенін жарамсақ аңшы түсінбесе керек. Атақ құмар, лақап құмардың сөзін қайталай береді.
Өткен қыс аңшылықта кездесіп қалып Есенейге екі түлкі, үш қара қылшық күзен байлап еді, сонысын арқаланып кимелеп сөйлейді. Биыл міне, жер қарадан қасына еріп Есенейдің қасқыр алатын арабы иттерін баптап жүр. Өзі де аң құмар Есеней оның бетін біржола қайтарып тастайтын қатты сөз айтпай келеді. Қолын азғана сермеп тоқтатып тастайды, бар болғаны сол-ақ...
— Жазы-күзі мал тұяғы тимеген шүйгін екені көрініп-ақ тұр. Бірақ, осы күні иесіз жер бар ма, бір иесі бар шығар,— деп түрікпен Мүсіреп аз кідіріп қалып еді, аңшы Мүсіреп тағы киіп кетті:
— Жоқ, жоқ! Иесіз жатқан жер! Бұл өңірде мен білмейтін жер бар ма, тәңірі! Қасқыры мен түлкісінің ен-таңбасына дейін білемін. Құдай біледі деп айтайын, «Қаршығалыда» үш мың қасқыр, бес мың түлкі, он екі мың күзең жеті мың, қоян бар!..
Түрікпен Мүсіреп ағасына қарап қағытып қалды:
— Ақ құр, қара құрларын санамаған екенсіз, Мүсеке!
— Үш мың, қасқыры болса, менің жылқымды бір қыста жеп тауыспас па екен? — деп Есеней де қалжыңдады.
Кенжетай ағасына қарап ну орманның, орта тұсын көзімен нұсқады. Мүсіреп інісінің нұсқаған жағына қарап:
— Сонау қалыңның орта тұсында үш жерден түтін керше ме деймін,— деді Есенейге бұрылып.— Әне бір салт аттылар да көрінді.
Үш салт атты қатты жүгіртіп келеді. Біреуі алдарақ, екеуі кейінірек. Алдыңғының аты не жорға, не қу аяқ желісті болу керек. Кейінгі екеуі ара-тұра шауып алып ілесіп келеді.
Алдыңғы жігіт ағызған бойы жотаның қырқасында тұрған топтың алдына жақындап келіп сөйлеп кетті:
— Армысыздар, ағалар!.. «Қаршығалы» шұбарын паналап қонып қалған үш ауыл кірме Күрлеуіттің арызын айта келдік... Биыл қыс осында жан сақтаймыз ба деп жаз бойы қорып келген жеріміз еді. Жетісіп отырған ел емеспіз... Сорлының зары арлыға кездескен деп жіберіп еді... айтар арызымызға құлақ ассаңыздар екен...
Аңшы Мүсіреп Есенейге жарамсақтанып жігіттің арызын аяқтатпай киіп кетті:
— Сүйреңдемей тоқта, бала, тоқта деген соң! Аулыңа сәлем айт: Есеней аға сұлтанның ат тұмсығын тіреген жеріне таласып әуре болмасын! — деді.
Жігіт те іркілген жоқ:
— Есенейі жоқ елді де ел екен жұрт екен десеңіздер қара ерттей қаптап келе жатқан жылқының бетін кейін бұрсаңыздар екен. Осы арызымыз...
— Мына көргенсіз неме кімнің атын атап тұр өзі! Құйрығыңды түріп тастап дүрелеп алсын деп тұрмысың?—деп анайы аңшы атын тебініп-тебініп қалды. Есеней қолын сермеп тоқтатпағанда әлденеге ұрынып қалатын жайы бар.
Жас жігіт бұл жолы жауап қайырған жоқ. Басын темен иіп арызына жауап күтіп тұр.
Осындай ежет жастарды Есеней қатты ұнататын еді. Жиырмаға келмеген бала жігіттің сезінің нәрі де, зәрі де бар екен. Осылай есірермін деп үміт еткен екі ұлы қара шешектен бір күнде қайтыс болғалы осындай уытты жасқа қызыға қарап қалушы еді. Өзімен рулас он ауыл Сибанның ішінде үміт етер жастардың бәрін де сыртынан бақылай жүретін. Бала жігітке қызыға тұрып түрікпен Мүсірепке қарады — жылы жауап бер дегендей еді.
Түрікпен Мүсіреп жас жігіттің сөз саптауынан ашынғандық лебін өзі де танып тұрған. «Кірме Күрлеуіт» дегеніне қарағанда арыз айта жіберіп отырған қай бір бай ауыл дейсің. Сөз білер ақсақалы да болмаған ғой.
— Шырағым, арызың аяқсыз қалмас,— деді ол,— аяқсыз қалдыратын арыз сияқты емес. Ауылдарыңа осыны айта барарсың. Түсі игіден түңілме дегендей, көргенсіз деуге, ішім қимай тұр өзіңді. Әттең, ашынғандықтан болса да азды-көпті асқақтай сөйлегенің, де болды. Аулыңа мұны да айта барарсың.
Бала жігіт бұл жолы да тез жауап қайырды:
— Арызымызды айтып кел деген жұрт асқақтай сөйле деп тапсырған жоқ еді, ағалар. Солай болып шықса, айып өзімде. Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар деген бар ғой. Міне, айыбым! — деп атынан түсе қалып ұзын шылбырын Кенжетайға қарай серпіп жіберді:—әйтеуір ат жетелеп жүр екенсің, мынаны да жетелей жүр...
Содан соң екі жолдасының бірін түсіріп соның атына мініп алды да жөнеле берді.
— Кешіре көріңіздер, ағалар...
Жолдастары бір атқа мінгесіп кетті.
Есеней ұзай берген бала жігітке әлі қарап тұр. Бір сәтке баласыздығы бойын билеп, бар ойы сол бала жігіттің соңынан кетіп бара жатқандай еді.
— Қап, құйрығын түріп жіберіп дүрелеп алу керек еді өзін! —деді аңшы Мүсіреп, қайта қызына бастап. «Құйрығын түріп» дегенді тауып айттым деп қайталап тұр.
— Апыр-ау, бұл кімнің қызы болды екен? —деп түрікпен Мүсіреп Есенейге қарады.
— Қыз? — Күні бойы Есенейдің аузынан шыққан екінші сөз осы еді.
— Ие, қыз!.. «Міне, айыбым!» дегенде кез құйрығымен өзіңді бір шарпып өткенде нағып байқамадың? Шарпып емес-ау, кез қиығын серпе тастап қарайтыны бар екен де!..
— Ай, Түркпен-ай, жер ортаға жақындап қалсаң да қыз-келіншек дегенде қырағысың-ау! — деді Есеней. Неге екені белгісіз, мақтағандай еді.
Аңшы Мүсіреп шошып кетті.
— Қыз болса мені құдай ұрды төбемнен! — деді.— Мен масқара болдым. Бұл Артықбай батырдың қызы Ұлпан. Үйіне қонып кеткеніме ай толған жоқ. Ең болмаса қара жорғасын танымай қалғанымды қарашы! Бір күн қасыма еріп жүріп, екі қаз байланып еді! Қарағым-ай, енді сенің бетіңе қалай қарармын! —Аңғал аңшы күйіп-пісіп шошалақтады да қалды.
— Дүре соққың келмеп пе еді? Бетіне қарамай-ақ соға бересің де! — деп, өзі сасқалақтап қалған аңшыны түрікпен Мүсіреп біржола өлтіре салды.
— Артықбай батырдың қызы деймісің? — деді Есеней.
— Ойбай, аға сұлтан пірім-ау! Соның, қызы Ұлпан. Сол жақ артқы аяғы ақ бақай, маңдайында төбелі бар, су төгілмейтін қара жорға тұр ғой міне!..
Қыздың бір-ақ рет көз қиығын Есенейге серпе тастап қарағанын түрікпен Мүсірептен басқа ешкім аңдамай қалған екен. Кешкірген бұлыңғыр күн, қапалақтаған қар... арыз айтуға қыз келер деп кім ойлаған! Келген бетінде кие сөйлеп бәрінің көңілін сөзіне аударып әкеткен Ұлпан қыз екендігін аңдатпауға тырысып еді. Солай бола тұрса да, қыздың аты қыз ғой, атақты батыр, атақты әділ би атанған Есенейге қыз көзімен бір қарап қалғанын өзі де сезбеген.
Қыр жайлаулардан құлап келе жатқан Есенейдің жылқысы екенін аулы біліп отырған. Қалың, қара шұға жалбағай бет-аузын жауып кеткенімен атандай қара көр аттың үстіндегі зор денелі адамның Есеней екенін Ұлпан да ішінен таныған. Бес жасар кезінде көргені де, қорқатыны да есіне түскен. Бірақ, өзін танытпай кетті.
Есеней тобы аңырып қалды. Не істеу керек? Қара жорғаны қыздың айыбы деп қалай алып қалар? Сұңғыла қыз бұларға бір ұяларлық ұпай салып кетті емес пе! Ие, «малым — жаным садағасы, жаным — арым садағасы» дейтін елдің нақылын еске алсаң, лайықты жұмыс болмапты. Есеней жолдастарына қарады:— «Не істеу керек?»
— Артықбай батырға тізе көрсеткендей болып келгеніміздің өзі қандай айып! Қызының атын айыпқа алып қалғанымыз екінші айып. Арыз айта келген қыздың атын айыпқа алып қалғанымыз айып біткеннің ішінде ел естімегені болар! — деп түрікпен Мүсіреп Есенейдің қара шешектен қара шұбар болып қалған бетіне тура қарады.
Есеней өмірінде айып тартып көрмеген айып-жазасы болған адамдарға қатал жаза беруді жақтайтын би еді. Болмашыдан айыпты болғанына әрі күлкісі келеді, әрі шешімін таба алмай тұрғаны анық. Артықбай оны бір рет намыс өлімінен айырып алған, екінші рет өлімнің өзінен айырып алған кәрі жолдасы, батыр адам.
— Қара жорғаның мойнына ат қосақтап қайтарған дұрыс болар! — деді түрікпен Мүсіреп.
— Айналайын адасым-ай, таптың, таптың! Менің кәрі бозымды бірге қосақтап жібер! — деді ақ көңіл аңшы.
Есеней «жөнел!», деген бұйрығын Кенжетайға иегімен нұсқады.
— Артекеңе сәлем айт, ертең сәлем беріп қайтармын!
Өзі жетелеп жүрген Есенейдің, «Мұзбел» дейтін торы төбелін қара жорғамен бірге жетелеп, Кенжетай жөнеліп кетті. Есеней жолдастарына ендігі байламын айтты:
— Осы жоннан әрі бір жылқы тұяқ салмасын! Сәдірдің қосынан басқа қостардың екеуін Құсмұрынға қарай, төртінші қосты өзіміздің Ақ-құсақ, Қара емен Еламан көліне қарай аударыңдар. Сәдірдің қосы осы маңда қала тұрсын. Екі адас, менімен қаларсыңдар. Бекентай, сен Құсмұрын қосымен кетерсің...
Жолдастары Есенейдің бұйрығын орындауға тарасып кетті. Есеней өз қосын тіктіруге тапсырған көлге қарай жалғыз бұрылды.
«Бұдан он жыл бұрын жер астындағының дыбысы елден бұрын маған жетуші еді, Артықбай батырға ұрынып қалғаным қартая бастағаным-ау! — деп ойлады Есеней.— Әлде қадірім түсе бастағаны ма екен? Аңшының көпіртпесіне еріп кете бергенім қалай? Бұрын ғой, ондайды өзім анықтатып алушы едім!»
Жаңағы аз оқиға Есенейдің көз алдына бұдан он бес жыл бұрын өткен оқиғаларды әкелді. Артықбай батырдың ерекше бір ерліктерін еске түсірді. Ол бейбіт елді қайта-қайта шауып, қайта-қайта талан-таражға салған Кенесары төренің лаңы болатын.
Кенесары орыс шекарасынан шеткей отырған Керей-Уақ елдерін екі рет шауып әкетті.
— Кенесарыны хан сайлауға риза болса, ақсақал-қарасақал билері тез жетсін! — деп шапқыншы жібереді де, үш күн ішінде хабар болмаса шауып әкетеді. Жылқыға құмар, қыз-келіншекке құмар.
Тобыл, Бағлан, Стап, Капитан қалаларына жақын отырған бес болыс Керей-Уақтың шетірек отыратындарын әлде неше рет шауып кетті. Бұл рулардың Сарыарқаға қарай шетірек отыратындары болғанымен қалың көпшілігі орыс қалаларына шектес отыратыны жан сақтап келіп еді.
Аманқарағай дуанына қарайтын көп рулы елдердің өміріне базар кірген шай, қант, нан, орамал, сабын, сиса, барқыт, жібек, бұлғары кірген. Бұдан жиырма жыл бұрын хандық жойылғаннан кейін жаугершілік саябырлап, бейбіт өмірдің, іргесі бекіне бастаған. Соның бәрін ұмытып, Кенесарыны хан сайлауға бұл елдер көнбей қойды: шабылып жатыр, қыз-келіншектері қорланып жатыр, көнбей жатыр.
Есеней бірдеме білсе, Кенесары «сідік-масы» ақылсыз адам болып шықты. Қазақ хандығы дегеннің шек-шеңбері де жоқ, бұлжымай тұрар заңы да жоқ. Біреуі хан сайланса, хан Шыңғыстың барлық ұрпағы елді ру-руға бөліп алып билеп, ойына келгенін істей беретін. Тоймайтын да, қоймайтын да. Енді сол заманды Кенесары қайта орнатпақшы! Ол заманнан бұл ел біржола безініп болған. Маңдайы тайқылау, төбесі шошақтау көрініп еді, Кенесары ақылды адам болмай шықты.
Қазақ жерінің, батысынан бастап шығысына дейін жетіп, енді оңтүстігіне иек артып қалған орыс қалалары бар. Орал, Орынбор, Тобыл, Түмен Қызылжар Омбы, Ірбіт үлкен шаһарлар. Ол қалалардың ішкі бетін астарлап қазақ-орыс станицалары орнап қалды. Сонда Кенесары хандығын қай жерге орнатпақшы? Бетпақ далаға ма? Оған ерген ел өзінен-өзі «Ақтабан-шұбырынды» болмасқа не амалы болмақ! Бұдан екі-үш жыл бұрын Кенесарыға ерген елдердің қазір қашып жатқандары бар. Мұны да түсінбесе, Кенесары шын ақымақ екен!
Отаршыл патшалықтың, алары да аз емес, орыс қалаларынан сенің аларың да аз емес. Ханның қазанына түсіп кеткеннің сенің аузыңа көбігі де тимейді, сүйегі де тимейді.
Осыны ойлаған елдер тыныштығын шайқап Кенесары дүрбелеңіне ермей қасарысып қалды. Осыны ойлаған Есеней Кенесарыға қарсылықтың туын көтерді. Керей-Уақ деп аталатын бес болыс ел Есенейдің айналасына жинала берді, жинала берді.
Қазақ соғыстарында жаралану көп те, елім аз болады. Садақ оғы көбінесе алыстан атылады да әлсіз тиеді, әлсіз жаралайды. Сойыл-шоқпары бар адам найзаны да оп-оңай қағып қалып ортасынан үзіп жібере алады. Найзасы сынған адам құр қол адаммен бірдей. Қылыш деген қарама-қарсы қасарысып қылыштасу деген қазақ соғыстарының салтына кірмеген. Үш жылға созылған Есеней мен Кенесары қолының соғысында әлі үш жүз адам өлген жоқ. Жараланып, қатардан шығып қалған мүгедектер екі үйдің бірінде бар.
Қазір Кенесары қалың қолын Керей-Уақтың өкпе тұсына, Есіл бойына топтап, Есенейге қарсы үлкен жорыққа әзірленіп жатқаны байқалған. Есеней де бес болыс елдің ер-азаматын қарама-қарсы топтап, жайлау көлдеріне орнады. Содан кейін жинаған қолын әр елдің батырларына, сенімді ақсақалдарына тапсырып, өзі қасына қырық адам ертіп дуан басы аға сұлтан Шыңғысқа тағы бір жолығып қайтуға жүріп кетті.
Аманқарағай дуанының аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов деген төре еді. Ол адам Кенесары қозғалысына қосылған да жоқ, қарсылық та көрсетпей келеді. Шабылып жатқан елі бар, Кенесарыға кетіп жатқан елі бар, аға сұлтан мұның екеуіне де дәрменсіздің енжарлығын көрсетіп ордасында тыныш жата берді. Үш жылға созылған талан-таражға селт еткен емес. Қысқа қарай қырық семіз соғым, жазға қарай қырық сауын бие, жүз бойдақ қой жинатып алады да, соны беріп отырған ел шабындыға ұшырап жатқанда үн шығармайды. Аға сұлтанның екі оқты мінезі басқарып отырған елінің ішіне ірткі салып та болды. Есеней аға сұлтанмен арасын біржола ашып алуға кетіп еді.
Есеней аға сұлтан кеңесінің ең беделді биі. Әділ де қатал би атанған адам. Ұзақ ойланады, байламын бір-ақ кесіп айтады. Ұры-қарыға, шылық-былыққа қатал адам. Қасында қарулы қырық жігіті бар дуан орталығына келді. Аға сұлтан ордасына сенімді серігі түрікпен Мүсіреппен бірге Артықбай, Сәдір дейтін екі батырын ала кірді.
Шыңғыс Есенейге тұра келіп амандасты.
— Есеке, қош келіпсіз. Төрлетіңіз...
Бет-аузына адам тура қарай алмайтын қара шұбар, орта бойлы адамдар кеудесінен ғана келетін алып денелі Есенейге аға сұлтан әрі таңдана, әрі қауіптене қарайтын еді.
— Өз орныңызға, өз орныңызға! — деп өз қасынан орын нұсқап абыржып қалды.
Төрде отырған, Кенесарының елшісі, Тілеуімбет би мен Жанай батыр, тағы бірнеше адам, бәрі де тұра келіп амандасты.
Есеней терге отырып қалған Тілеуімбет биді темен ығыстырып, әдеттегі өз орнына. Шыңғыстың оң жағынан жақын таяна отырды. Отыра бергенде тізесі Тілеуімбет бидің санына тиіп кетіп еді, ол ыршып кетіп Жанай батырға соғылды.
— Жол болсын, Есеке!.. Дуан мәжілісінен бір ай бұрын келіп қалыпсыз, тыныштық па әйтеуір?
— Тыныштық болса келетін бе едім, тәңірі! Жын ұрған бауырың қол астындағы елді күнде шауып дамыл беріп отыр ма! — деді Есеней. Әдейі Тілеуімбетке тигізе де қадай айтты.
— Керей-Уақтың ішінде Есекең барда сырттан ешкім бата алмас деп, біз мұнда тыныш жата беріп едік...— деп Шыңғыс сөз аяғын іркіп тоқтады.
— Сол Керей-Уағың ат үстінде ұйықтайтын болғалы үш жылға айналды. Ол сенің біліп отырған жайларың...— деді Есеней, енді Шыңғыстың өзіне тура қадалып,
— О, Есекем ширығып келген екен... Есекем ширығып келсе, мен қашанғы әдетім бойынша аузымды аша алмаймын,— деп Шыңғыс кеңкілдеген болып өтірік күлді.—Шамдана сөйлеспей, шыдаса тұрайық деуге де аузым барар емес.
Сөз жалғанысы үзіле бастағанын сезіне қалған Тілеуімбет би сөйлеп кетті. Сөзшең адам екен. Орағытып-оспақтап, мақалдап, мәтелдеп, шырғалап келіп, аяғында шамданып, күш көрсетіп қалды.
— Қазақ-қазақ болғалы, Өз алдына ел болып Оңаша бір қонғалы, Хандығынан айрылса Ел болудан қалғаны. Қара саба тай жүзген Бұхардан келген тайқазан, Бәрі адыра болғаны. Қара нанға құл болып, Ханына тіл тигізген Мейлі би, мейлі құл болсын, Тартатын бір сазайын, Көрген емен оңғанын!
Тілеуімбет осылай айбар шегіп тоқтады. Есеней оған жауап бергісі келмей Мүсірепке иек қақты.
— Отағасы, сіз қашанғы хандықты, қай ханды айтып отырсыз? Осы отырған аға сұлтанымыздың әкесі Уәлихан қайтыс болғалы жиырма жылдан асып кетті. Содан бері Сібірге қарайтын алты дуан қазақтың ханы барын естіген де, білген де емеспіз. Кенесарыны одан-бұдан қосылған саяқтар ханымыз десе, онда біздің жұмысымыз жоқ, дей
берсін. Бірақ, мені хан сайламасаң шауып алам деп отырған бұзақыны есі бар ел хан сайламайтын болар. Сіз біздің елге екі рет келіп, осы тақпағыңызды екі рет айттыңыз. Сонда біздің бес болыс Керей-Уақ қандай жауап қайтарды? Есіңізде болар?
Тілеуімбет би түрікпен Мүсірептің бір сөзін естігісі келмей, көзін жұмып алып, басын төмен салып тұнжырап отырып қалды. Кенесарының биіне орыс қойған дуан биінің өзі жауап бермей қасындағы атқосшы түрікпеніне жауап қайтартқаны қатты қорлау еді.
Тілеуімбеттің менсінбегені Мүсірепке де батып кеткен екен сондықтан ол сөз аяғында бидің өзін түйрей кетті:
— Бірінші келгеніңізде аман кетіп едіңіз... Екінші келгеніңізде қалай болдыңыз?—деп Мүсіреп азғана кідірді де, Есенейдің қабақ түйіп қалғанына қарамай,— астыңыздағы атыңыздан айрылып қайтқансыз! — деді.
Кенесарының Керей-Уақ елдеріне екінші рет жіберген елшісі Тілеуімбет би сол жолы үлкен ұятқа ұшырап қайтқаны рас болатын. «Айыр көмей, жез таңдай» атанған би мақал-мәтелдерімен жұртты ұйытып әкетіп еді. Бес болыс Керей-Уақтың, арасына үлкен толқу кіріп, ойдан гөрі сөз шешендігіне бастарын шұлғи бастаған-ды. Ол шешендік бидің, өз сөзі емес, өңін айналдырып алып танытпай отырған ел қазынасы екенін қараңғы жұрт аңдай алмай қалған.
— Пай-пай, айтты-ау! Ел қамын жеген Едіге осындай-ақ болар!—деген дауыстар шыға бергенде, Тілеуімбет:
— Ұғынсаң болды, жұртым! —деп шалқая берген.
Тап осы тұста қалың топтың ортасында отырған
Есеней бидің алдына бір бурыл сақал адам келіп тізе бүгіп еді.
— Әділ би деп алдыңа жүгінуге келдім, Есеней. Арызымды тыңда. Осы әулиесіп отырған Тілеуімбет бидің мініп жүрген сары ала жорғасы кімдікі екен? Соны сұрап беріңізші! — деген.
— Өзінікі болат та! — деген Есеней.— Тілеуімбет би біреудің атын мініп жүр деймісің?
— Есеней би, құрып қойған қақпаның бар екен ғой! — деген Тілеуімбет ашу шақырып қалды.
— Жоқ, Есеней би, алты дуанға атағы жайылған сары ала жорға менікі. Осы кісі бас болып келіп, екі жеті етті, сары аланың тұқымын түгел айдап әкетті. Содан кейін өзім кеше көшіп келіп Кпитан аузына тоқырадым...
Жаңа ғана Тілеуімбетке бас иіп қалған жұрт енді оның теріскей жағына шығып кетті.
— Ұят-ай, ұят-ай!
— Бұдан да өлген артық қой!
— Сен өзің кімсің? — деп сұрады Есеней.
— Біреудің қанды атымен шығады, біреудің даңқы — итімен! Қарауыл-Атығай Сауытбектің аты сары ала итімен шықса, мен сары ала жорғасымен аты шыққан Қойлы-Атығайдың бір жаман шалымын...
— Онда сен Жаманбала болдың ғой?
— Болсақ болармыз.
— Ал, би-еке, төресін өзіңіз айтыңыз!—деді Есеней Тілеуімбет биге.
— Қырық қамшы дүре!
— Кімге?
— Би үстінен шағым айтушыға болат та!
Есеней аз аялдап отырды да:
— A сенікі!—деді Жаманбалаға.
Мүсіреп Тілеуімбетке осыны ескертіп, қытықтап алды да тоқтады. Тілеуімбет сол қатып қалған бойы қатты да қалды.
Есеней сөзін Шыңғысқа бұрыла қарап отырып бастады:
— Ашына келсем, себебім болды, аға сұлтан. Онымды ауыр алма! Тай жүзген қара саба, тайқазан дегендер ендігі заманда бос сөздер. Нанмен ойнамайық. Нан әр қазақтың күн керісіне айналды. Қара сабасы бар, тайқазаны бар хандар қай қазақты асырап еді? Ханның қазанын да, сабасын да қара қазақ толтырып отыратын. Қазір де солай. Қалқайтып хан сайлаған ел хандығын қай жерге құрмақ? Бетпақтың шөліне ме? Бұдан екі-үш жыл бұрын Кенесарыны хан сайлаймыз деп даурыққан елдер қазір шұбырып мекеніне қайтып жатыр. Мен бірдеме білсем, Кенесары алты дуанға хан болмақ түгел әз еліне сыйыса алмай далаңқы Сарыарқаға қарай қашқалы отыр. Енді ол қашқын! — деп тоқтады.
Шыңғыстың өз ойы да осыған жақын еді. Наполеонды жеңіп, батыс мемлекеттерінің тәкаппарлығын басып қайтқан орыс құралына қарсы аттануға қазір қандай ұлы мемлекеттің болса да батылы бары айды. Ондай күш қазір жер жүзінде жоқ! Түптеп келгенде Кенесары елді біраз арандатады да тас-талқанға ұшырап тынады. Дегенмен үш жүздің болыс-билері бас қосып Кенесарыны хан сайласа, мүмкін, қазақтың елдігін таныған патша үкіметі қысымын
бәсеңдетер ме еді, әлде қайтер еді? Бірақ, хандық деген өмірлі тіршілік бола алмайды. Аға сұлтан мұны жақсы біледі. Шабын-шапқыдан азар болған ызалы ел «Көп болса Кенесары жүзге келер!» дегенді таратып жіберген. Қалың бұқара одан біржола безінуге жақын. Мына отырған ақылды қара шұбар осының бәрін әбден түсініп, хан тұқымдас аға сұлтанның бетіне тура айтып отыр. Не елмен бол, не туысқаныңды жақтап шық, бетіңді аш дегелі келген ғой.
Патшалық тәртіп бойынша аға сұлтан болып отырған адам бірінші болып Кенесарыға қарсы аттануы керек еді. Оған қалай барар? Тілеуімбет би қол жинап келіп Кенесарыға қосыл деп салмақ салады. Бұған қалай барар?
Есеней тағы сөйлеп кетті:
— Кенесары Керей-Уақтың дәл өкпе тұсына мыңдаған сарбазын төгіп, ертең-бүгін шабуылдайын деп отыр. Біз де қарап отырғанымыз жоқ. Тегінде осы жолы бір жағымыз ағалап тынатын болармыз. Әдейі соны хабарлайын деп кедім...
Сөз арасындағы аз ғана кідірісті пайдаланып Тілеуімбет би Есенейге қарап:
— Аманқарағай дуанының төбе биі Есеней орыстың қоржыншысы болыпты дегенді естігенде қуанарымызды да, ұяларымызды да білмедік... қалайда өзіңе лайық болса, бізге сол болады. Қайырлы болсын! — деп бүйідей шағып алды.
Есеней де бөгелген жоқ.
— Есенейдің ескі қоржынына Кенесарының екі жүз жауынгері сыйып кеткен соң қоржыныма әбден ырзамын,— деді ол.— Атығай-Қарауылдың дардай биі едіңіз, Кенесарының поштабайы болып далақтап жүргеніңіз өзіңізге де қайырлы болсын...
Шарпысып, серпісіп қалды да екеуі де тоқтады. Үш жылға созылып бара жатқан айқастарда Есеней Кенесарының екі жүздей адамын тұтқындап алып Стапқа тапсырған. Сонысы үшін хорунжий деген атақ алған. Тілеуімбет би аға сұлтан сайлауында бұрынғы би атағынан айрылып қалып, қазір Кенесарының «анда бар — мында барында» жүр. Екі бидің алма-кезек кекетісіп қалғандары осы жайлар.
Шыңғыс қатты қысылып қалды. Түптеп келгенде Есенейдің не айтарын Шыңғыс ертеден сезінетін. Бұл жолғысы не қосыл, не бөлін, бойыңды көрсет дегені де. Ертең өзі басқарып отырған дуанның қақ жартысындай қалың, бір жері шабылып қалса, Есеней ол жайды Сібір губернаторына турасынан басады. Омбыда алты дуан үстінен бақылайтын Тұрлыбек отыр. Ол Есенейдің туысқаны, қарын-бөлесі. Шағымның, бірінші жолдары «Шаубыл алдында аға сұлтанға өзім барып хабарлап едім, құлақ аспады» деген сөздерден басталатын болады да. Жауығып алған екі жақтың менің алдымда кездесті қалғанын қайтерсің. Осы бір қолма-қол жанжалға айналуға бет алған кездесуді ебін тауын ыдыратып жіберетін не шара табылар екен?
Осы тұста неміс пе, швед пе, ел қазағы Берсен деп кеткен шикілсары майор Берген келіп:
— Аға сұлтан мырза, ат ойындары әзірленді. Мергендер де әзір. Қабыл етіңіз,— деді. Шыңғыс қуанып кетті:
— Қадірлі билер, енді сөз жарыстырып ушықтыра бергеніміз лайықсыз болар. Екі жақтың да түтіні танылды. Далаға шығып әскери ойындарды керсек қайтер?—деп орнынан тұрды. Қонақтары да соңынан еріп бәрі далаға шықты.
«Қауіпті кезде керегі болар» деп Сібір губернаторы Шыңғыс аға сұлтанға қырық адам қарулы қазақ-орыс беріп қойған еді. Олары әрі аға султанды қорғаушы, әрі тырп еткізбейтін бақылаушы болатын. Әуелі солар ат үстіндегі қазақ-орыс ойындарын көрсетті.
Қазақ-орыстар әбден машықтанып алған қулар екен. Шауып келе жатқан атқа қарғып мініп те кетеді, ағып келе жатқан аттың бауырынан етіп те кетеді. Аттары қандай дағдыланып алған! Шауып келе жатып кілт тоқтап, бәрі бір жағына қарай сұлап түседі. Тыпыр етпей жатып қалады. Қазақ аттары мұндайда өзінен өзі есеңгіреп, болмашыдан үркіп әурелер еді.
Келесі жолы қазақ-орыстар қару-жарақтарын түгел асынып жарқылдасып шықты. Қылыш, мылтық, найзалар кезек-кезек айқасып, кезек-кезек сілтессе де ешкімге дарыған жоқ. Бірақ, шын айқаста бұларға қарсы тұру қиын сияқты. Әсіресе күнге шағылысқан қылыштардың жарқылдасуынан жаның түршіккендей екен!
Шыңғыс Тілеуімбет биге ұмытпастай бір сабақ бергендей оның бетіне ара-тұра қарап қояды. Көр-азу қырсық би:
— Булар аттарын жатқызып-тұрғызып жүргенде біз де қарап тұрмаспыз! —деді.
Иә, Кенесары тобырының беті қисайған жағынан бұрылар емес! Бұл далаңқы елдердің би-болыс, ақсақалдарының беті. Елдің патша отаршылдығына заңды қарсылығын пайдаланып хандық құрмақшы, енді ол бетінен қайрыла алмаса кеткен — «бәрібір, қайрылғаныңмен патша да жарылқамайды».
Қазақ-орыстар ойынынан кейін «Жамбы ату» басталды. Бұл ойындардың екеуі де Тілеуімбет бидің келуіне көрсетілген құрмет ретінде әдейі әзірленіп еді. Екі биік қарағай бағанға көлденең салынған арқалыққа салбыратып ілген бірнеше жамбы жарқырайды. Екеуі тай тұяғындай бақыр. Екеуі бір теңгелік күміс, екеуі бармақ тырнағындай ғана алтын жамбы.
Майор бәсекелі атыстың шарттарын түсіндірді: тай тұяғындай бақыр жамбыны атып түсірген мергенге — түлкі терісі, күміс жамбыны түсіргенге — қасқыр терісі, алтын жамбыны түсіргенге құндыз беріледі екен.
Есеней тобынан — Артықбай, Тілеуімбет тобынан — Жанай деген мергендер шықты. Екі мерген қатар тұрып біріне бірі иба-мезірет етісті:
— Керейдің мергені кімге жол береді дейсің, ат! — деді
— Арғын аға баласы, жол сіздікі, атыңыз.
— Бердім жолымды!
— Жоқ, мен аға жолын аттай алмаймын, атыңыз!
— Кеудем соқ Керейдің мергені, ата бер әрі!
— Жасыңыз үлкен ағасыз, сіз атыңыз!
Осылай үш қайырысқаннан кейін Жанай мерген садағын оқтап ата берді де оң кезіне қонған шіркейді қағып жіберіп, шіркей шаққан жерін сипап қалды.
— Көзіңізді бекер сипадыңыз...— деді оған Артықбай.
Жанай оған қарамай садағын тартып қалып еді, садақ оғы алтын жамбыны жанап өтіп шайқалтты да дарымай кетті. Іле-шала тартқан Артықбай оғы алтын жамбыны жұлып түсірді.
Даяғашы жалтылдаған қара құндызды Артықбайға әкеле жатыр.
— Әй, сең мен атайын деп жатқанда неге сөйлеп қалдың, оттап! — деді Жанай Артықбайға түйіліп.
— Мен сізге достық сөз айттым: оқ атарда кезіңді уқаласаң оғың далаға кетеді... кетпеді ме?
— Менің көзімде сенің не әкеңнің құны бар еді?
— Артықбай батыр әкесінің, құны түгіл қотыр лағының құнын кісіге жіберіп көрген емес! — деп Артықбай да кеудесін көріп тұра қалды.
— Арам!
— Қашақ байталдың... жалап жүрген көрі арамдық сенен өтіп маған келіп пе!
Кенесарының Бопай деген қарындасы көптермен көңілдес бола беретін тойымсыз атанған адам. Өзі Шыңғыс хам нәсілінен болған соң, қара қазаққа тие де алмаған, батыр-бағланды құр ауыз өткізетін әдеті де жоқ. Артықбай Жанайға сол көптің бірісің деп шағып алды.
Жанай мергеннің бұған шыдар жайы жоқ еді.
— Әкеңнің аузын ит ұрғыр-ай, не дедің, не дедің? — деп садағын оқтап оңтайлай бастады. Артықбай да соны істеді. Бірін бірі атып жібергелі тұр.
Шыңғыс айғай салды:
— Тоқтаңдар, әрі!
Екі мерген екі жаққа кетті. Бұрын алыстан өштесіп, садақ оқтарын алыстан көздесіп жүретін күндес мергендер өмір бойы бір көлден су ішпестей, бір дүниеде бірге жасаспастай болып айрылды.
Шыңғыс ойынды тоқтатты да ордасына қарай жүре берді. Екі топтың найзагер батырлары, мергендері екі бөлініп орналасқан қонақ үйлеріне кетіп барады. Артықбай бәйгеден алған құндызын Есенейдің алдына әкеліп тастай беріп:
— Байланыңыз! — деді.
Түскі тамақтан кейін Шыңғыс Есенеймен оңаша қалып:
— Есеке, жақсы келіпсіз. Біраз күн жатып қонағым болыңыз,— деп өтініш еткендей болып еді, Есеней мойны бұрылмады.
— Мен бір күн кідіре алмаймын. Манағы айтқаным бос сөз емес. Кенесары қолы өкпе тұсымыздан қадалғалы тұр. Өз ойыңды аңғартсаң болды, жүріп кетем. Стап, Кпитанмен де тезбе-тез хабарласуым керек.
-— Есеке, менің қиналысым қандай екенін сіз жақсы білсеңіз керек еді,— деп бастады Шыңғыс.— Екі оттың ортасында қалмадым ба! Ел не қыламын десе де өзі білсін. Мен аға сұлтан болсам, сіз жеті бидің бірісіз. Патшаның қызметіндегі адамдармыз... Бізге әскер беріп қойған жоқ, сене де бермейді. Хан сайлай ма, сайламай ма, ол елдің өз жұмысы. Біздің басқарып отырғанымыз бір-ақ дуан. Кенесарыны хан сайлаймыз деушілер «Үш жүз» көлемінде сөз байласып жатқан көрінеді. «Үш жүзге» біздің әміріміз жүре ме? Мен осының біріне де араласқым келмейді. Бізге шын-ақ сеніп, әскерін беріп отырған ақ патша да жоқ. Өзді-өзін қырқыса бер дегендей ме қалай?—деп тоқтады.
Қазақы мінез Есеней турасынан бір басып қалды:
— Қысқасы, дуаныңның қақ жартысы шабылғалы отырғанда, дуан басынан қайыр күтпейміз ғой? —деді.
— Жаудың қолынан сіздің қол, кем болғанда, бес есе көп... Басында Есекем бар! Оған мен аралассам ел-жұртқа күлкі болмаймын ба! —деп Шыңғыс күлген болды.
Кешке қарай Есеней өз еліне жүріп кетті. Шыңғыстан біржола үміт үзіп, не көрсе де Керей-Уақ өз бетімен оңаша көрерін біліп кетті. Бірнеше күннен бері Шыңғысқа салмақ салып жатқан Тілеуімбет би орнынан да қозғалған жоқ...
Дуан орталығы Аманқарағайдан кештетіп шыққан Есеней тобы таң құлан иектеп келгенде Обаған өзенінің жалғасы «Кіші теңізде» отырған Жазы бидің ауылына жетіп еді. Арғын Жазы би Орынбор, Сібір губерналарының шекарасын салысқан, Кенесары қозғалысына қаны қарсы адам. Әзір қол жинап «аттан!» салмағанымен Есенейге қатты тілектес, сырлас жүретін еді. Аздап орысша оқығаны да бар, Аманқарағай дуанының Есенейден кейінгі белді биі. Есенейді үлкен қошаметпен қарсы алды. Бірақ, билер ауыз жарытып сөйлесе алған жоқ. Қонақтар аттан түсіп үлкен ақ үйге жақындай бергенде қатты шауып келе жатқан екі аттыны көрді де, үйге кірмей тұрып қалды.
— Біздің хабаршы! — деді Есеней.
Есенейдің шолғыншылары екен.
— Кенесары қолы кеше Есілдің бергі бетіне өтіп алды,— деді.
— Жазы, маған қырық ат тауып бер. Тірі қалса көзін қайтарармын, өлсе — құнын.
Қонақтар үйге кіріп тек қана сусындап үлгіргенше Жазы би өз жылқысынан қырық сәйгүлік атты алдырып та үлгіріп:
— Сұрауы жоқ, Есеке,— деді.
Қосалқы сәйгүлік аттармен жедел жүріп ел шетіне жақындаған сайын Кенесары қолының Керей-Уақтың ауылдарына әр тұстан тақап-таянып қалғаны анықтала берді. Жаздық жайлауын қимай шетірекпіз ғой деп отыра берген ауылдардың, жылқы малдарың қыз-келіншектерін айдап әкеткен киіз-кілем сияқты үй жиһаздарын тонап кеткен.
Есеней тобы суыт жүріп отырып келер күні таң ата, басталып кеткен айқастың үстінен түсіп еді. Сырт шамасы бес шақырымға созылған жазықта Кенесары қолы мен Керей-Уақ қолы айқасып қалыпты. Несінен аттар айқас үркіп шығып, әлдеқайда ойқыласып жүр. Айқас шегі солқылдап біресе оңтүстікке біресе солтүстікке қарай ойысып қалады. Қуғандар қашқандар екі жақта да бар. Қазақ соғыстарының бәрі осылай. Біресе қуғандар кейін оралады да, қашқандар қайта оралып соғысып кетеді«
Есеней айқас жайын бірден шамалап алды. Жау қолы бес есе аз, бірақ, жинақы. Ел қолы бес есе кеп, бірақ, кейде шоғырланып бір тұсқа үймелесіп қалады да басқаларымен қанаттаса білмейді. Екі жағы да басқарусыз. Қай жерде өжет батырлар, найзагерлер көбірек болса, сол тұс еңсеріп әкетіп жүр.
Есеней өзі де ешбір қолбасылық істей алған жоқ. Ол батыр адам, бірақ қолбасы емес. Келген бетінде айқас майданының бір шетінен екінші шетіне дейін айғай салып, Керей-Уақтың ұранын шақырып шауып өтіп, өзінің осында екенін білдірді. Кездесіп қалған батырларына бір-бір ауыз мақтау айтты. Содан кейін бөріктіре айғайға басып, күркіреп келіп соғысқа араласты да кете барды. Қай тұста ел қолы әлсіреп бара жатқанын бақылай жүріп, анда-санда сол топқа барып араласады. Қасында төрт-бес батыры бар Есеней араласқан топтар жауын оңай жапырып тастап жүр.
Түс ауа екі жақтың да аттары болдырып, қорамсақтағы оқтар таусыла бастаған. Есенейдің өзі араласқан қолма-қолдан елуге тарта жау жігіттері қолға түсті. Көпшілігі Кенесарыдан қашып кете алмай жүрген адамға ұқсайды. Тағы біразы жараланған жауынгерлер.
Жау қолына түсіп қалған ел жауынгерлері екі-үш есе кеп. Екі жағы да қолға түскендердің, қолдарын арқасына таңып тастап, өз жағына қарай айдап әкетіп барады. Әсіресе, иесіз қалған аттарды қуып жүргендер кеп...
Осы кезде Есенейдің өзі жараланып қалды. Садақ оғы екі жауырынның орта тұсынан келіп қадалыпты. Қашуға бет алған бір топ жауынгерді қуа жөнеліп еді, қылша мойнынан оқ тиіп Есенейдің аты омақата құлады. Есеней жерді сүзе құлады. Онсыз да қара шұбар ібетінің дал-далы шығыпты. Бет-аузын қан жуып кеткен. Қосалқы атты жетелеп жүрген Бекентай ауыздығымен алысып қызып алған тың атты тоса берді. Есеней сол аяғын үзеңгіге салып көтеріле бергенде, садақ оғы келіп қадалды. Есеней ат жалын құшып қозғала алмай қалды.
Есенейден тізе айырмай жүрген Сәдір, Мүсіреп, Артықбай батырлар Есенейді қоршай тұрып ем-домдарын жасады. Әуелі Есенейдің арқасында әлі шаншылып тұрған оқты жұлып алып, Есенейдің қан сорғалай жөнелген жарасын сол оқпен ұшықтады.
— Ұшық, ұшық, ұшық!
Дауасын бере гөр, пайғамбар Жүсіп.
Ұшық, ұшық, ұшық,
Ұшықтаған біз емес,
Алдай қара бақсы пұшық...
Ұшық, ұшық, ұшық!
Ұшық, ұшық, ұшық!
— Ал, енді елге қарай, Стаптағы докторға қарай! Бекентай, бидің атын жетелеп ал!
Мүсіреп пен Сәдір екеуі Есенейді екі жағынан сүйемелеп алды да, Артықбай батыр арт жағынан қорғап, Есеней тобы қозғалып кетті.
— Ойбай, аяң, аяң! — деді Есеней ауырсынып.
Аяңның аяғы түгел қолға түсумен тынарын көріп келе жатқан Мүсіреп Бекентайға:
— Аяңы құрсын, шаба бер, шаба бар! —деді.
Есеней тобының қаша жөнелгенін таныған соң жеңіле берген жау ес жинап, ерленіп кетіп еді. Есеней тобын жан-жағынан қапталдап, әсіресе арт жақтарынан тақап келеді.
Осы кезде Стаптан жіберілген қазақ-орыс жүздігі де келіп қалып еді. Қылыштары жарқылдап, найзалары арандай тікірейіп шошындыра келе жатыр. Жау жалт беріп кейін бұрылды. Арт жақтан тақап қалғандары асығыс болса да он шақты оқ жіберіп барып бұрылды. Сол он шақты оқтың бірі Есенейді арт жағынан қорғап келе жатқан Артықбай батырдың белдемесінен қадалып еді.
Батыр адам белінен қадалған оқты өз қолымен жұлып алып лақтырып жіберді де ет қызумен шаба берді. Жақын қалған қазақ-орыс жүздігіне ұшырасқанша жараланғанын білдірген жоқ. Басқалармен бірге жүзбасыға «здрасти!» деді де, атынан сырғып құлап түсті.
Бұдан әрі түйеге теңделіп келіп Стаптың әскерлік емханасында бір ай жатып, Есеней ауылына салт атқа мініп қайтты. Артықбай батыр алты ай жатып шанаға түсіп қайтты. Содан бері ол шойырылған шойнақ. Екі аяғы сал болып қалған жансыз. Есенейге тиер екінші оққа өз арқасын тосты да оны аман алып қалды, өз міндеті кісіде, мүгедек. «Аңғал батыр арқасына тиген оқты жұлып алып лақтырып жібермей, табан аузында ұшықтатып жіберсе, осындай мүгедек болып қалар ма еді! Ұшықтатқан Есеней әне жазылды да кетті ғой!»
Сол соңғы айқастан кейін Кенесары Керей-Уақты мазалаған жоқ. Қазақ даласының оңтүстігіне қарай ойысқан бойы Алатауға жетті де құлады. Қайтып оралған жоқ.
Есеней Стап емханасында да тыныш жата алмады. Ол Кенесарыға қарсы болған елдердің туын өз қолына алғанда да ой түбінде бір түйгені болатын. Соңғы рет аға сұлтан Шыңғысқа барып қайтуында да сол есебі бар еді. Хан тұқымдары хандығын аңсамай отыра алмайды. Хан тұқымы Шыңғыс Кенесарыға қарсы аттанбай ел ішіне іріткі салды. Ресей өкіметіне үлкен опасыздық жасады. Осы ойлары Сібір губернаторы, генерал-майор фон Фридрикстің миына қорғасындай құйыла қалса, Шыңғысты ұшырып түсіруге болар еді!
Есенейдің бұл ойларын генерал-губернатордың құлағына құя білетін адамы да бар. Ол Есенейдің қарын-бөлесі Тұрлыбек Көшен ұлы, алты дуан үстінен қарайтын үлкен төре .
Есеней сол Тұрлыбекті Стапқа шақыртып алды. Жарасы жазыла қоймай іріңдей беріп қатты күйзеліп жатқан кезі еді, Тұрлыбекпен қатал сөйлесті.
— Сен осы Омбыда не бітіріп отырсың? Төре тұқымдарын қашанғы төбемізге көтере береміз? Шыңғыс дегеннің кім екеніне әлі көздерің жетіп болған жоқ па? Ол Кенесарының бірінші қолдасы болып шықпады ма?
— Ондай көзқарас Омбыда да өршіп келеді, Есеке. Бірақ...
— Бірақ, бата алмай отырмыз дейсіз ғой! Онда өзіме ерік беріңдер. Бес күнде қол-аяғын кісендеп Омбыға айдап әкелейін!
Орысша семинария бітірген түгел қалаша киінген Тұрлыбек Есенейдей ұрт мінез, өр көкірек емес, заң шеңберінен шықпайтын, жегін аттай жортақы адам еді. Қарын бөлесіне қанша болысқысы келсе де, Шыңғыс қылығына қанша наразы болса да қол іске де, қолма-қолға да қарсы, заңдылықты аттап өтіп көрген емес.
Хандық жойылып аға сұлтан басқаратын дуан ашылғалы Сібір губернаторының мазасын алған Кенесары бұлталағының аяғы көтеріліске әкеліп соқты. Сол кезден бастап
Тұрлыбек Кенесары жайында әлде неше рет әділ ойларын білдіріп келді. Қазақтың қара бұқарасын тым жабайы, тым қараңғы, беделсіз де тұрақсыз көретін патша үкіметі хан тұқымдарын біржола піштіріп-ақтап тастауға бара алмай жүр.
Кенесары қазақ елінің патшаға наразылығын пайдаланып хан сайланбақшы, Есеней болса Шыңғыстың Кенесарыға қарсы аттанбағанын пайдаланып аға сұлтан сайланбақшы.
Есеней туралы Шыңғыстың ойын. да Тұрлыбек жақсы біледі. Алдағы сайлауда Шыңғыс Есенейді орнынан түсіріп басқа біреуді би қоюға әзірленіп жүр. Түп тілегі қарау болғанымен қазір Есенейдің дәлелдері ұтымды, амал не, губернатор алдында Шыңғыс ұтымды. Губернатор оны сыртынан балағаттап-балағаттап алады. Шекспирдің бір сөздерін еске түсіріп:
— «Барлық түні ойын-күлкі, мастықта, күндіз басы жастықта!» — дейтіні де бар. Шыңғыс өмірі ойын-күлкі, қыз-келіншек, ұйқымен өтіп жатыр дегенді аңғартады.
Шыңғыстың қасындағы майоры Бергсеннің де екі-үш шағым еткені бар. Ол да Кенесарының елшілері жиі-жиі келіп тұратының түнге қарай ауыл сыртында оңаша кеңесетіндерің екі арада сыйлықтар жүріп жататынын жазатын. Сонда да Шыңғысқа қарсылықтың тіреліп қалар бір бөгесіні бар. Тұрлыбекте оны бұза алар дәрмен жоқ. Аяқтап келгенде, әрине, Шыңғыс жеңеді, Есеней жеңіледі, билігінен айрылады.
Есеней тағы да көтеріле сөйледі. Арқасы таңулы, етпетінен жатыр, мойнын да бұра алмайды екен. Қара шұбар бет-аузы жаралы. Иегін орта денелі адамның қара санындай дерлік білектеріне сүйеп гүмпілдеп сөйледі:
— Мен сені неге оқыттым? Сенен басқа жетім қалған бала таба алмадым ба? Көрсет өнеріңді. Шыңғыстың құлар кезі осы. Әттең, жатып алғанымды көрмейсің бе? Әйтпегенде ең берісі Шыңғыстың шаңырағын ортасына түсіріп шауып алар едім!
Есеней мұны істеуден тайынбайтын адам. Стап қазақ-орыстары да ондайдан бас тартпайды. Олар үшін бәрі «орда», Кенесарысы не, Шыңғысы не? «Бари бир!» Кенесары қолымен Есенейдің соңғы айқасы аяқталып қалғанда кездесті де жауынгер қазақ-орыстардың қол қышуы қанған жоқ...
Осы жайларды еске алып Тұрлыбек енді Шыңғыс пен
Есенейдің арасын ушықтырмау жағын қарастырды. Бұл екеуінің арасына жанжал араласса ел ішіне бүліншілік кіретіні де даусыз ғой.
— Есеке, қазір Омбы сіздің еңбегіңізді аса жоғары бағалап отыр. Аманқарағай дуанын талан-тараждап аман алып қалған Шыңғыс емес, сіз деп біледі. Жүрер алдымда генерал-губернаторға кіріп лұқсат сұрап шықтым. Сізге көп-көп сәлем айтты. Ресей өкіметі сіздің қызметіңізді ұмытпайды, қазір Есеней биге қандай қошамет көрсету керек, соны ойластырып отырмын, деді.
Есеней азырақ жадырап, бәсең сөйлесе бастады:
Шекаралық комиссияға менің, атымнан рапорт жазып қалдырарсың... Үш жыл бойындағы Кенесарымен алыс-жұлысымды түгел жаз. Аяғында елге сыйғызбай айдап тастағанымды жаз. Кенесарының осы кеткені — кеткен. Сырғи-сырғи Бетпақтың шөліне қамалады да бері қарай бұрыла алмайды. Әкесі Қасым он жылдай Хиуа ханына жалданып орыспен соғысқан болатын. Бұл да содан асып кете алмас,— деп кідіріңкіреді де, қарын бөлесінің аянбайтынына сеніп,— губернаторға не айтарыңды өзің білесің, әйтеуір, Шыңғысты бір құлатып берсең болғаны! — деп тоқтады.
Осыған келісім беріп Тұрлыбек кетуге айналып еді, қасына қала жатағы Тілеміс деген жас жігіт тілмашын ертіп жүзбасы келіп кірді.
— Аман, Есеней-бей Естемесович!
— Аман, Ефим-төре Котсұқ, аман.— Есенейдің Коцух деуге тілі келмей ме, әдейі бұрмалай ма, онысына жұзбасының көзі жете бермейді. Бірақ құлағы үйреніп болған.
— Жә, Есеней-бей, осымен барлық іс бітті дейміз бе?
— Немене, жаудың қайта оралған хабары бар ма?
— Жо-оқ. Есеней-бей бастап, жүзбасы Коцух аяқтаған істе қайталайтын не қалатын еді!
Есеней мен Коцух кептен бері түсініскен адамдар сияқты. Ашық та ақ жарқын сөйлесетін сырлас адамдар екен. Бірінің орысша, бірінің қазақша түсінбей қалғандарын Тілеміс септеп жіберіп отыр.
— Бұл жолы Кенесарының беті біржола қайтқан болар деймісің?
— Енді ол тұмсығын да сұға алмайды! Қазақ-орыс қылышының дәмін бір татқан жау, кім болса да, қайтып артына қарай алған емес. Әттең, айналасы бір-ақ сағат айқасып қалдық! Шауып жатқан шөптерін тастап барған қазақ-орыстардың, айызы қанбай қалды. Шолғыншылар мына Тілемісті ертіп алып төрт күн жүріп түнде оралды. Есілдің бер жағында бір жан қалмай тырағайлап қашқан бойы кетіп отырыпты.
— Алдыңғы күні Есілдің ар жағына да шығып, қырық-елу шақырым жер жүріп шолып қайттық. Жан жоқ. Кенесары оңтүстікке қарай ойысқан көрінеді. Он шақты ауылдың жұртында қалған ақсақ-тоқсақ кемпір-шалдардың бәрі солай дейді.
— Әуелі жан жоқ деп едің ғой?
— Жауынгер зәліттес адам кездеспеді дегенім ғой, Есеке.
Есеней мен Артықбай батыр жараланып келіп әскерлік емханаға түскен күні хирург доктор осы Тілемісті ертіп келіп сөйлесіп еді. Есенейге сіздің жараңыз жеңіл, ана батырыңыз ауыр жараланған деген.
Содан бері Есеней Тілеміспен тіл табыса алмай келеді. Бұдан он жеті жыл бұрын Есеней Тілемістің әкесіне шошқа бақтың деп дүре соқтырған еді. Сонда он жастағы бала Тілеміс міз бақпай сілейіп тұрып қалған. Шешесі жылап келіп Есенейдің аяғына жығылғанда жас бала шешесін еріксіз тұрғызып жетелеп алып кеткен. Ажарлы әйелдің аяғына жығылғанына жібіді ме, баланың қайсарлығына риза болды ма, әйтеуір Есеней бес көк шыбықты кешірім етіп еді. Әкесі тым қарапайым, шешесі еркек көзі бір қадалмай өте алмас ажарлы адам екен.
«Ай, сенің әкең мынау кеще емес, осы елге келіп-кетіп сақина-жүзік соғып жүретін зергер шеркес-ау! Шешеңнің түбіне жеткен сол сақина-жүзік қой!»—деп Есеней ішіне бір түйген болатын.
Сол бала Тілеміс, кавказ кескінді көркем жігіт болып өсіпті. Орысша жақсы білетін сияқты. Зейінді, зерделі жігіт. Дүре жайы Есенейдің есіне қайта түсті. Тілеміс те ұмытқан жоқ еді. Екеуінің кезінде де осы жайдың ұшқыны тұр. Тілеміс Есенейге қатты ұнады.
— Әке-шешең аман ба, шырағым? — деп жылы шыраймен сұрады.
— Әкем қайтыс болған, шешем бар,— деді Тілеміс. Есеней жігітке едәуір қызыға да сынай, іш тарта қарап жатты да аяғында:
— Ірбіт базары жақындап қалды. Биыл, біздің үйге дәмдес болып, сол базарға сен барып келсең қайтер? Менің жайым мынау. Менде бала болмайтын...— деді. Күрсінгендей болды.
— Болсын, Есеке. Қай уақытта жүр десеңіз де әзірмін.
— Екі күннен кешікпей біздің үйде болғаның дұрыс болар еді. Базарға айдалатын малды іріктеп алғандарыңша жүретін кезең де болып қалады.
— Жақсы, Есеке.
— Жүреріңде маған жолыға кет.
Осы бір бәрін біліп тұрған оңтайлы жігітті қолына қондырып аларына сенген Есеней өзіне өзі қатты риза болды.
Коцух сөзге араласты:
— Есеней-бей Естемесович, мен аға сұлтан ордасына барып қайтқалы отырмын. Ертең жүрем. Аға сұлтанды күзетуге қойған қазақ-орыстарымды алып қайтам. Қатындары мазалап болды. Енді оған күзеттің керегі не? Кенесары кетті. Біздің губернатор да қызық: бір сұлтанмен соғыс дейді, екінші сұлтанды күзетіп отыр дейді. Ол екеуі бірімен бірі қолдасып отырады! Мен аға сұлтанның құйрығына бір қызыл бұрыш қыстыра қайтатын болармын!
Есеней бар денесімен селкілдеп, еңкілдей күлді. Көптен бері бұлай күлген емес еді. Жарасының ауырғанына да қараған жоқ. Етпетінен жатып күлген адамның қара қазандай үлкен басының салмағынан, жалаң тысты жастықтың әр жерінен құс жүндері ытқып шыға бастады.
— Мен үшін де бір қызыл бұрыш қыстыра кет!..
Осыдан бір ай өткеннен кейін Шыңғыс дуан орталығын тастап өз еліне барып жатып алды. Дуаным басқарусыз қалды-ау деп қайғырған аға сұлтан да жоқ. Аға сұлтансыз қалдық-ау деп қайғырған ел де болған жоқ.
Бұл оқиғалар еткелі міне, он бес! жыл!..
Қосына қайтып келе жатқан Есенейдің, есіне түсіп кез алдынан тағы бір өткен үлкен оқиғалардың ұзын-ырғасы осы еді. Ол жылдары қамшысынан қан сорғалаған дер кезі болса, қазір алпысқа таяп қалды. Таубаға келер, зорлық-зомбылыққа ырық бермес кезі. Амалы қайсы, өзін оққа тосып мұны аман алып қалған бірінші досының паналап отырған жеріне кез аларта келіпті. Не деген ұят, қандай өкініш! Қосалқы атын айыпқа тартқаны батырдың көңіліне дақ қалдырмай жұбатар ма, жоқ па! Ертең өзі барып өкінішін айтып өтіл сұрар-ау, сонда да әулекі аңшы Мүсірепке сеніп едім деудің өзі қандай ұят!
Қос тіктірген көлдің күнбатыс, оңтүстік жақтарын орап кеткен қайың мен терегі аралас қалың орман. Солтүстік, шығыс жақтары тал мен шілік араласқан шырша — шытырман ойпатта жатқан өзекті бойлап кеткен. Қамысы қалың, айдыны көп терең көлдің ортасы әлі қатқан жоқ. Келе жатқан қыс суығынан шіміркенгендей аз ғана дірілдеп қояды.
Қыстап шығуға қандай қолайлы жер! Орман іші еріп жүрген аң ғой. Суы қандай көк мөлдір! Отыны да бар, панасы да бар. Артықбай батыр тым болмаса бір қос жылқыны қыстатып шығаруға өз аузынан ырзашылық етсе қандай жақсы болар еді.
Есеней қосы деген екі ақ үй, үш қараша үйлер еді. Бәрі де тал мен шілік арасына, ығынға тігіліпті. Ағаш табанды шаналар, жегін саймандары өз алдына жеке қораланыпты. Есенейдің өзі жататын үлкен ақ үйдің екі босағасында екі үлкен арабы иттердің үйшіктері тұр.
Иттер иесіне үрген де жоқ, еркелеген де жоқ. Үйшіктерінен шығып бір-бір керілді де, иесінен бұйрық күткендей аңырысып қалды.
Іңір ауа Кенжетай қайтып оралды.
— Ие?
— «Мұзбелді» апарып батырдың белдеуіне байладым. Батыр әбден ырза болып қалды.
— Не деді?
— Кім айыпты екеніне әлі көзім жете қойған жоқ. Ұлпанжан бетіне адам қарсы келмей ерке ескен бала еді, кім білсін... Есенейдің айыбы болмаса мырзалығы шығар. Алда разы болсын,— деді.
— Өзі қалай екен? Төсек тартып жататын болар?
— Жоқ, есікті аштырып тастап жүз қадам жердегі жуан теректі нысана қылып садақ тартады екен төсек үстінде отырып. Ертең сізді қонаққа шақырды. Несібелі жеңгесінің ыстық бауырсағын сағынатын уақыты да болған шығар...— деді.
Есеней ішінен ең қарыздар адамының үйіне ат ізін салмағалы он үш жыл өткенін есіне алды.
— Басқа ешкім ештеңе деген жоқ па?
Кенжетай түйіртпегі бар бір сөзді айтқысы келмесе де жасыра алмады.
— Әкесі қызына: «балам-ай, айыпталып қалып атымды беріп кеттім деп, сен келіп едің, айыбым деп Есеней өз атын беріп жіберіпті... Тегі, мен бірдемеге түсіне алмай қалып жүрмейін...» — деп еді, қызы іліп әкетіп:
— Ойдағы он ауыл Сибанның барлық малын айдап әкелсе де бір қыс асырап шығуға «Қаршығалының» шұбары жетер еді. Жалғыз Есенейдің жылқысын асырап шығуға жеріміз жетпей жатса, айыпты болмақпыз ба? Мен соны айттым, әке... Асқақ сөйлейді екесін, шырағым, деп қалды бір адам... Мен дауласпай мойындап айыбыма атымды бердім де жүре бердім. Енді Есеней би менің атымды қайырып жіберсе, менің ақталғаным емес пе? Оның үстіне өз атын қосақтап жіберсе айып менде дегені емес пе?» — деді қызы. Әкесі: «болар, балам, болар»,— деп тоқтау айтпағанда қыздың айтары әлі де кеп пе деп қалдым.
— Үй іші қалай, жүдеу емес пе екен?
— Онша жүдеу емес. Қатарлап жинаған қазынасы жоқ болғанымен бар-жоғы жинақы көрінді. Үйдің оң жағында кереге басына көлденең асып қойған ұзынды-қысқалы екі-үш найза, бір-екі садақ, қынабында тұрған қылыш, кісе...
— Жарайды. Намаз оқылық.
Кенжетай Есенейдің әрі атшысы, әрі имамы, анығырақ айтқанда сыбыршысы-суфлері. Намаз дұғаларын ол Есенейге естірте айтып тұрады, Есеней ішінен ғана күбірлейді. Араб тіліндегі дұғаларға тілі де келмейді, жаттап та ала алмай қойды. Араб тілінде төрт түрлі «з», үш түрлі «с», екі түрлі «х», екі түрлі «ғ» бар. Есеней мұның бірін де дұрыс айта алмайды. Сондықтан Кенжетай намазды Есенеймен қатар тұрып, дұғаларды Есенейге қарай бұрылып, түгел естірте оқиды. Есеней қайталағанда да көбін әлде неменеге ұқсатып жібереді.
Есеней қазір діндар адам болғанымен бір кезде аса әр көкірек, озбыр би болатын. Орыс шекарасын паналай отыратын Нұралы деген момын елдің барлық жерін тартып алып, далаңқы жайлауға қарай айдап тастағаны бар-ды. Момын ел қарғап-сілеп кеткен екен — келер жылы Есенейдің екі ұлы қара шешектен бір күнде, бір сәттің ішінде бірге өліп кетті.
Балаларын жерлеп қайтқан күні қара шешек Есенейдің өз денесіне де қаптап білініп келеді екен. Шілденің қайнап тұрған ыстық кезі еді. Өр көкірек батыр адам басқаларда жоқ ірі мінез көрсетті. Атына міне салып қозыкөш жердегі «Әулие сор» атанған тұзды көлге тыржалаңаш періп кетті. Артынан келген адамдарға осы араға үй тіккізуге, сусын әкелуге бұйрық берді де суы жылы сор көлге күні-түні шомыла берді, шомыла берді. Қорасан шыққанда дуылдап қышитын денені қасымауға шыдады. Бақсы-құшнаштарды да маңайына жолатқан жоқ.
Сордың суында қорасанға дауа болғандай қандай қасиет бар, оны ешкім білген емес, әйтеуір Есеней бар денесіне бармақтай-бармақтай қара таңба түссе де аман қалды. Содан бері әйелі де бала тапқан емес. Қорлық-зорлық көрген Нұралы елінің қарғысына ұшырап ұрпақсыз қалдым деп біржола сеніп болған. Бір бет ер кеуде адам содан кейін намазға мойындады. Білмейтін, түсінбейтін істің айнымас құлы болып кетті.
Аңшы Мүсірептің «Иесіз жатқан жерді бір қыс жайласаң болды, балаңның баласына дейін сенікі болып кете береді» дегені шаншудай қадалатын себебі де осыдан еді. Баласы жоқ адамға «балаңның баласына дейін» дегенді есіту әрине ауыр тиеді.
Есенейдің бүгінгі кешкі намазы намаз болмай шықты. Дұға біткеннің бірде-бірін ішінен болса да дұрыс қайталай алған жоқ. Бұрынғы білгендерін ұмытып қалған сияқты. Ішкі сарайым таза, құдай өзі кешірер, деді де намазды шала аяқтап тұрып кетті. Есеней бүгін ерте жатты, кеш тұрды. Бірақ ұйықтай алған жоқ, аунақшумен болды. Көңілге бір алаң орнапты. Әлде не алыстан қылаңдағандай беймаза бір тынышсыздық бар. Есеней оны Артықбай батырға байқамай тізе көрсетіп қалғандығының өкініші болар деп жорып еді, бірақ іші оған сенер емес. «Өзіңді өзің алдама, Есеней, аярланба!»—деп тұр. Көңілге бір ой кіргелі қылаңдап тұр ма, қалай... Ой емес-ау, жанында бір әлде неге алыстан сезіну бар... Ұяларлық та, түптеп келгенде қауіптенерлік те сезім сияқты. Есеней сол сезінуді белден белге ысырып тастағысы келеді. Ысырып тастадым білем деп, теріс аунап түсіп те жатты. Көзін де жұмды. Құдайға сыйынды. Бірақ, қылаңдаған сезім орала берді, орала берді. Ой көзінің, алдына біресе ақ ботаның кезі келеді, біресе қардан ақ қара көз бедеудің өзі келеді... Жүрегі жортқан аттай дүрсілдей соғып, үлкен денесі қызынып барады.
Сол бір ішкі түйткілден құтылам ба деп Есеней жылқы қостарын қай жерге орналастырарын да ойлаған болды. Қыс бойы аң аулайтын иттері мен аттарын қайта-қайта түгендеп шықты. Бәрібір тыншыға алған жоқ.
Артықбай батыр шойырылып қалғаннан кейін Есеней оның көңілін сұрауға барып еді. Оған міне он үш жыл. Есеней сәлем беріп үйге кіріп келгенде төрт-бес жасар қыз бала зәресі ұшып үйден шыға қашқан болатын. Сол бала үш күн бойы өз үйіне кірмей қойған. Босағадан сығалайтын да қаша жөнелетін.
Ол Есенейдің Ірбіт базарынан қайтқаннан кейін досының үйіне артынып-тартынып келген жолы еді. Бір ат, екі құлынды бие жетелеп, бір нар түйеге шай-қант, өрік-мейіз, киім-кешек, үй ішілік әр түрлі жиһаз арттырып әкелген.
Сол өрік-мейіз, тана-моншақ арқылы бала қыз Ұлпан Есенейге бір жетіден кейін әрең үйірілген. Түйеден үлкен адам, қалтасы толған өрік-мейіз, кәмпит... Ашуланбайтын, аз сөйлейтін, жұмсақ дауысты кісі. Бет-аузы қап-қара, қара шұбар болса да жақсы адам болып шыққан. Күнәсіз бала көп ұзамай Есенеймен достасып кетті. Есеней намаз оқығанда арқасына асылып:
— Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың! — деп айғай салып мәз болушы еді. Намаздың отыратыны, тұратыны, иілетіні, бүгілетіні, еңкейетіні, шалқаятыны бар, соның бәрі бала үшін қызық көрінетін.
— Тұр енді, отыр енді, шалқай, еңкей! — деп қанша әурелесе де «түйесі» кене беретін. Баласыз қалған адам бір сәтке бала қызығын көріп, іші елжіреп-еріп баласы бар адамның бақытын сезініп еді.
Екі ұлы бір күнде қайтыс болғалы Есеней өз үйінде жас баланың даусын естіген емес, жас баланың иісі қандай боларын ұмытып қалды, жас баланың былдырлап сөйлеп, болмашыға қуанып, болмашыдан ренжіп қаларын түсінбей келген екен.
Ұлпан кеш оянады. Жуынады. Тамағын ішіп болады да Есенейге:
— Ата, намаз оқы! — дейді.
Есеней таң намазын әлдеқашан оқып қойса да намазға қайта тұрады.
— Әуелі отыр! — дейді Ұлпан. Есеней жүгініп отыра кетеді.
Ұлпан әуелі оның өкшесіне шығып, жағасынан тартып әрең дегенде қолы мойынға іліккен соң:
— Енді тұр! — дейді.
Бір күні Ұлпан Есенейдің алдында еркелеп жатып:
— Ата, сенің бетіңді кім тырнап тастаған? — деп сұрады.
— Сендей кішкентай кезімде қара қасқыр талап кетіпті. Сен ауылдан алыс кетіп ойнама, жарай ма?
Енді бірде Ұлпан Есенейден:
— Сен қара бұқамысың?— деп сұрады. Мал ішінде өскен бала арыстан піл дегендерді білмейтін.
— Жоқ, бұқа емеспін. Мүйізім жоқ. Балаларды сүзбеймін.
— А, білдім, білдім, сен қара бурасың! Таудай үлкен қара бурасың. Мен сенен қорықпаймын. Сен жақсы бурасың, ие?
— Ие, ие.
Тағы бірде намаз оқып тұрған Есенейдің мойнында асылып жүріп:
— Ойбай, ата, арқамды құмырсқа шағып тұр! — деп жерге ұшып түсе жаздады. Ыршып кетті.
Есеней баланы бір қолымен қағып алып көйлегін көтеpіп, барқыт шалбарын ысырып ышқырлықта жүрген қара құмырсқаны ұстап алды. Баланың белін бір-екі рет сипап жіберді. Мықынынан аз ғана төмен аз ғана сырттарақ көйлектің түймесіндей ғана мақпал-қара меңі бар екен Есенейдің көзіне еріксіз түсті.
Есенейдің, бүгінгі көрген бой жеткен қызы сол Ұлпан. Бұдан он үш жыл бұрын көрген бала қыз әлдеқашан есінен шығып кеткен еді. Енді міне, бүгінгі батылдығымен бала кезіндегі еркелігімен мақпал-қара меңімен кез алдында тұрды да қалды. Ерке болушы еді, ығыспай сөйлейтін қыз болыпты-ау!.. Зейінді, зерделі боларсың деп ойлап кетіп еді, ойлағаны келген де қойған. Ұтқызбай кетті ғой! Аңшы Мүсіреп дүрелеп алар ма едім, деді-ау!.. Ие, дүреле десе... дүрелей бастаса... мақпал-қара мең көзіне түссе, таныр ма еді?!..
Тәңірі-ау, менің ойыма не келіп жатыр өзі! Лақаулы елда-белда, ғалы мен қазым... Оң жағыма аунап жатайыншы, ұйықтайыншы...
Жоқ, ұйқы келер емес. Дене қызынып алыпты. Маған қара бурасын, деп еді-ау!.. Мен сенен қорықпаймын деген. Қой, кәрі бура, қой!.. Құтырма!
Шымыр денелі еді, сом денелі, сұңғақ бойлы қыз болыпты, а? Қара меңі де өсті ме екен? Әлде сол көйлек түймесіндей болып аппақ жаялығында жабысып тұр ма екен? Жоқ, мең өспесе керек... Әттең мақпал-қара мең сол жақ бетінде миығына таман .турар ма еді!
Қой деймін, кәрі бура, қой енді! Ертең Артекеме барып сәлем беріп қайтамын. Жылқымды басқа жаққа аударып жібергенімді айтып кешірім сұрасам батырдың көңілі де тынып қалар.
Ұлпан тым болмаса шай құйып беретін болар-ау... Бала кезінде еріндері қып-қызыл, саусақтары салалы, көзі отты болушы еді. Байғұс бала қорасанға ұшырамаған екен әйтеуір... Құдай-ай, сақтай көрші!..
Әлде кім әлдеқашан айттырып, құда түсіп қойған болар-ау... Оған сөз жоқ қой. Ит-ай, не деген маңдайы жарылып туған ит еді! Қазақ бесігінде жатқан баланы да айттыра береді. Кедейленіп қалған батыр әлдеқашан қалың малын алып жеп те қойған болар.
Шешесі Несібелі сұлу да сүйкімді кісі еді, соған тартқан ғой. Мінезі де шешесіне тартса ақ жарқын, ашық, ақ көңіл болар. Ол бір таптырмайтын мінез ғой. Өзіне сәукеле қандай жарасар еді!
Күмістеткен сары ала тегене алдында, оюлы ожау қолында, қымызды қалай сапырып отырғанын көрер ме едім бір... бір ғана! Үлкен ақ үйді жайнатып жіберер еді-ау!..
Қой деймін, кәрі бура, қой енді, басыңа бәле шақырма!
Жеті жылдан бері бөлек тұратын әйелін есіне алды. Ие, Қанікей де сұлу әйел еді. Байғұс жеңілтектеу болды. Есеней би болған соң ол да өзін би болдымға санап ел ішін бүлдіре берді. Атақты байдың қызы еді. Есенеймен арпалыса берді. Жыбыр-жыбыры көп, кекесіні кеп адам еді. Ондайды ұнатпайтын Есенеймен жиі-жиі араздасып қалып жүрді. Өзінен туған екі ұлы бір күнде қайтыс болғанын Есенейдің құдайдың қарғысына ұшырағаны деп сенді де Қанікей қосыла қарғайтын болды. Аяғында еншісін бөліп алып Кіркөйлек деген жерде бөлек тұрады.
Қатал мінезді Есеней содан бері әйел атын ұмытқандай, малымен билігімен ғана айналысып жүре беретін. Енді міне, кеудесіне бір сайтан кіргендей, түн бойы өзімен өзі арпалысып ұйқы көрмей шықты. Тәңірісі тәубеге келтірмесе, ұрынбасқа ұрынып қалар ма екен әлде қайтер екен....
Ертеңіне жылқыларын жан-жаққа таратып жіберді де, Есеней кешке қарай Артықбай батырдың үйіне келді. Қасында түрікпен Мүсіреп, Сәдір найзагер, қосалқы атын жетелеп жүретін Кенжетай. Аңшы Мүсірепті ертпей кетті.
— Артықбай батырдың қызына не дегенің есіңде ме? Сенің, айыбыңды мен тарттым. Қар қалыңдаған соң бүркітіңе бір-екі түлкі алдырып, Артекеңе байлап, аяғына жығылып айыбыңды жуып қайтарсың. Бүгін қоста қаласың. Сенің тартқан айыбың осы болады.
Артықбай батыр қонақтарын бар пейіл-ықыласымен қуана қарсы алды.
— Арыстаным-ай, ақ бейілім-ай, шойырылып қалған ағаң қалай есіңе түсті! Келші бері! — деп қуанышын да, өкпе-назын да бірге, бір-ақ айтып тастады. Есенейдің таяқтай-таяқтай қара шұбар саусақтарын ұзақ қысып отырып, сүйіп алып босатты.
— Түрікпенімбісің, қысылмасым, саспасымбысың! — деп Мүсірептің қолын да ұзақ қысып отырып көзіне жас алды.
— Жұрт Есенейдің жанын алып қалған Артықбай десе, мен Артықбайдың жанын алып қалған сен деймін, ақ жолтайым.
Қарт батыр Стап дәрігерханасында жатқан алты айдың ішінде Мүсірептен көрген аз-маз қайырымдылықты есіне алып отыр. Ұмыта алмаған екен. Стапқа ауылы жақын Мүсіреп Артықбайға жетісінде бір рет ас-су жіберіп тұрып еді. Әскерлік дәрігер «біз қолдан келерді істеп болдық» дегеннен кейін қақап тұрған суық қыста батырды үйіне жеткізіп салған. Ақ көңіл батыр сонда айтқан алғысын қайталап жатыр.
Артекең Сәдір батырмен ерекше сағынышты амандасты.
— Батырым-ай, оқ өтпесім-ай, найзагерім-ай, сені де көретін күн бар екен-ау!.. Сен ит, он бес жыл бойы неге ат ізін бір салмай кеттің? Өліп қалдың ба?
Басқа қонақтар мүгедек батырға еңкейіп сәлемдессе, Сәдір жер төсекте отырған шойнақтың қасына тізерленіп отыра кетіп, екі қолын бірдей созып еді. Мүгедек батыр оны құшақтай алып, аймалап, арқасынан жұдырықтай отырып:
— Ит-ау, қайда жүрдің, қайда жоғалып кеттің? — деп қайталай-қайталай айтып, ұзақ босатпай қойды. Екеуі де еңкілдесіп алды.
— Батыр керек, найза керек заман қалды ғой адыра, адыра қалғыр! Сәдір найзасын құрыққа айырбастап жылқышы болып кеткен— деп Сәдір де өзінің Есенейдің қолына қарап қалған ит өмірінің арызын айтып қалды.
Қонақтар Артықбайдың әйеліне де тұра келіп тұрған бойларында қол алысып амандасты. Шешесінің қасында тұрған Ұлпанды көздерімен ғана жанап өтті. Қыз балаға одан артық көңіл аудару ерсілік болатын. Қыз да бұлардың әрқайсысына көз қиығын серпе тастап, көзімен ғана амандасты. Сол көзқарасында сирек кездесетін сұлулық барын қонақтар түгел сезінді. Қара биесі жоқ үй — қымызы жоқ үй — сары биесіне — самауырға тезірек ұмтылады. Ұлпан сары жез самауырды көтеріп далаға шығып кетті.
Амандық-саулықтан кейін Есеней өз кінәсін тезірек жуып тастағысы келіп сөйлеп кетті:
— Артеке, сіздің бұл араны мекендей бастағаныңызды білмей келіп ұятты болып қалдық. Бұрынғы мекеніңіз бұл жерден көп жоғары болушы еді ғой?
— Ие, дүзге жақын болатын... «Ақсуат» еді ғой. Биыл осылай қарай ауыстық. Жата-жастана естірсің, «Құдыққа құлан құласа, құрбақа құлағында ойнар» дегендей бір жайымыз болды.
— Иесіз жатқан жер дегеннен кейін қалың шұбарға қызығып келіп қалып едік, сіздің мекендеп отырғаныңызды естіген соң малдың жарым-жартысын Құсмұрынға қарай, жарым-жартысын ішке қарай аудартып жібердім.
— Бекер-ақ болған екен. Көңіл сыйысса, көлдің суы жететін еді ғой.
— Жоқ, жоқ, Артеке! Есеней бір кезде жанын алып қалған батырының жерін тартып алыпты деген атаққа қалғым келмейді.
— Есеней бір қыс қонақтап шығуға көңіл етіп келген екен кәрі шойнақ от басынан орын бермепті деген атаққа мен қалып жүрсем қалай болар?
— Сізге сөз келтірмеймін ғой, Артеке...
— Тым болмаса бір қыс дәмдес болып бой жазып қалсын десең, шойнақ ағаңды шанаға салып алып қасқыр қуғаныңды көрсет. Мен үйкүшік болып қалып дала көрмегелі он бес жыл... Қосыңды әкеліп біздің үйдің қасына тіктір.
Осымен екі жағы да бірін бірі ұғынысып болды. Жер жайына енді орала қалса, екі жағына да ұят болар еді. Бір қос жылқының осы арада қыстап шығарына Есеней көзі жетті. Есеней қосы қасында болса, тоқшылық боларына Артықбайдың көзі жетті.
— Артеке, садақ-найзаңызды әзірлей беріңіз. Қыс бойы қасқыр қуармыз. Есікті ашып қойып садақ тартып нысана атады екен деп естідім. Құдай бұйырса қарауылыңызға қасқыр да бір ілінер,— деді.
— Есеней-ау, басқа ермегім қалды ма менің? Найзаларымды қайрап, оқ жонып ермек етем. Маңайда жан жоқта нысана атам. Кейде оғым нысанаға дәл тиеді, кейде жосып айдалаға кетеді.
— Биыл қыс баяғыны тағы бір қайталармыз ендеше.
— Алда разы болсын!
Қонақтар келіп түскен бетінде аттарын кез келген ағашқа байлай салып еді. Сол есіне түсіп Кенжетай далаға шықты. Аттарды ықтасынға апарып байлағысы келді. Екінші бір үйден қайнаған самауырды көтеріп әкеле жатқан Ұлпанды көріп.
— Самауырды жерге қоя тұршы, қарағым. Үйге мен көтеріп апарайын,— деді қызға тым тез жақындай беріп.
Ұлпан самауырды жерге қойды да:
— Жігітім, сен маған қарағым деп сөйлеспейтін бол. Менің Ұлпан деген атым бар. Қазір шай ішіп болған соң, анау бір қалыңның ар жағындағы алаңда арқандаулы, кешегі күнге дейін өзің жетелеп жүрген торы ат тұр, соны әкеліп ерттеп қой. Ер әне жатыр. Енді самауырды үйге алып кір...— деді. Кенжетайды ықтата — ығыстыра айтты.
Самауырды үйге Кенжетай алып кірді. Ұлпан соңында келеді екен. Есенейдің іші Ұлпанды Кенжетайдан қызғанып кетті. Кескіні әдемі, байдың мырзасындай жақсы киіндіріп қойған жас жігіт қызбен тіл табысып қала ма деп қызғанды. Бірақ, Кенжетайдың жүзінде қыздан ығысқандық белгісі ғана бар еді. Кенжетай қыз бұйрығын орындауға шайға қарамастан шығып кетті.
— Аттарды бір ықтасынға жайғастырып келейін...
— Есеней мырза, аз ғана сауын бие ағытылғаннан кейін мына самауыр деген сары биеге қарап қалғамыз. Жарықтық ертелі-кеш ииді де тұрады...— деді Артықбай.— Сары биеңді жебей сауғайсың!
Есеней «Шыдай тұр, шалым, қыс бойы қымыз ішкізермін» деп қала жаздады да, сөздің бетін шайға бұрып кетті:
— Е, шайға үйреніп болдық қой. Бұл құрғырды қанып ішпесең, тіпті басың ауыратын болды. Бермесеңіз сұрап ішетін едік. Несібелі жеңгеміздің ыстық бауырсағын сағынғанымыз да рас,— деп Есеней кеңкілдей күлді. Әрине, басқалар да күлді.
Шайды іше отырып, қанша қарамайын десе де Есеней көзін қыздан аудара алмай қойды. Басында күрең барқытпен тыстаған қара елтірі бөрік, үстінде сол күрең барқытпен тыстаған жеңіл пұшпақ ішік, күрең барқыт шалбар, белінде күміс жапқан қаптырмалы бұлғары белдік. Аяғында биік өкшелі шоңқайма етік — «қосай қолош», бәрі де сандық түбінде жататын қыздың «бір киері» екені танылып тұр.
Шай құйып отырған қыздың он саусағы мен беті ғана көрінеді. Сұлулығын да, балғындығын да паш етпей тежеп ұстайтын қыз болу керек. Әлде сұңғыла қыз жасыра ұстаған сұлулықтың өлтіре қызықтыратынын біле ме екен?.. Уысың толар жуан бұрымның астынан аз ғана мойны ағараңдайды. Үлбіреген ақ саусақ емес әр іске үйреніскен қолдары сенімді де оңтайлы қимылдайды.
Есеней қыздың көрінбесін көріп, тінте қарап отыр. Баяғыда құмырсқа шаққан арқасы кез алдына келді. Мақпал-қара меңнің тұсына да едәуір айналақтап қалды. Қыз өзі де сұлу, бірақ, Есеней оның сұлулығын да, мінезін де, ақылын да өз ойындағы оқ жетпес биіктен асыра көріп отыр. Түн бойы «құтырма, қара бура, құтырма!»— деп шығып еді. Сол тәубесі қазір де есінде. Ішінен айтып та қояды. Амалы не, өзіне де, кезіне де ие бола алар емес. Бір-екі рет Артықбайдың сұрауларын жауапсыз қалдырды.
Есенейдің көңіліне үлкен бір ұйтқу кіргенін қыздың дімшесі Несібелі байқап қалды, Мүсіреп те сезінді. Тек, қыз жүзіне елең кірген жоқ. Шай ішіліп болған соң самауырды орнына қойды да, Ұлпан шығып кетті.
Үй іші ажарынан айрылып сұрғылт тартып, жүдеулене қалды. Осындайда аузыңа жөні бүтін сөз түспегені жаман... Кеше жігіт болып келіп бұларды ұялтып кеткен қыздың ерке қылығын айтып езу тарттыруға болатын еді ғой! Қыз сонда қандай мінез көрсетер еді? Мүмкін, қыз аузынан тағы бір қызық сөздер шығар ма еді, әлде қайтер еді? Ең болмағанда көзін жарқ еткізіп серпе тастап тура бір қарамас па еді? Таудай Есеней би атанып жүріп, осындай оп-оңайдың ретін таба алмағаны несі? Әлде алпысқа таяп қалған жасы құрғыр бөгей берді ме?
Ұлпан кепке дейін оралмаған. Енді оны осы үйге ерін аз сүйреп қайтып әкелетін бірдеме ойлап табу керек-ті.
— Кенжетай, сен батырға бір әдемі жыр айтып берші! — деді Есеней.
— Е, бәрекелді! —деп Артықбай да мақұлдады.
Бұл үйде домбыра да болмай шықты. Кенжетай қамшысын екі бүктеп «домбыра» етті де, «Сұлушаш» жырын айта жөнелді.
Бәт құндыз қыз балаға жарасқандай, Тұман жоқ ер жігітке адасқандай. Саласын Сарторғайдың мекен еткен Бар екен Қантай атты бір асқан бай, Сұлушаш Қантай байдың жалғыз қызы Сипаты хор қызымен таласқандай...
Қоңыр дауысты Кенжетай сөз ырғағын, ой салмағын орынды-орнына қойып баппен айтады екен. Қантайдың байлығын, әсіресе қызының сұлулығын шар айнаға түсіргендей құлпыртып жырлады.
Сұлушаштың айттырып қойған күйеуінің басы таз екен. Сұлушаш оған барғысы келмейді, жиркенеді. Безініп болған. Әке-шешесі қиналыста. Қалың малын алып қойған. Қызына да жаны ашиды. Қыздың Алтай деген сүйген жігіті бар. Ол бай баласы емес, еті тірі, талапты жігіт. Жыр бұл екеуін қосуға бейімдейді де қоса алмайды. Кенжетай осы жеріне келгенде әлде нені өз жанынан қосқысы келгендей тебіреніп кетті. Қыз қайғысын тыңдаушылардың ой-санасына шегелей жырлады.
Қайтады күз болғанда қараша қаз Айттырған Сұлушашты сүр қасқа таз. Қайғысы қара нарға жүк болғандай Мал алған қызын сатып әкесі мәз!
Осы тұста Артықбай батыр өз басындағы қайғысынан хабар бергендей болып:
— Қыз баланы қор қылатын қалың мал ғой, — деді. Ауыр күрсініп қалды.
Даладан қатты шапқан ат дүбірі естілді. Үйдегілер елеңдесіп біріне бірі қарады. Жыр да тоқталды. Көп аттың дүбірі жақындап келеді. Иттер азан-қазан. Гүжілдескен еркек дауыстары естіле бастады. Кенжетай кереге басында көлденең асылған найзалардың бірін ала-сала аттарына қарай жүгіре жөнелді. Ауыр денелі мосқал батыр Сәдір де бір найзаны қолына алып жөнеле берем дегенде аттарынан топылдай түсіп осы үйге қарай жүгірген адам дыбыстарын таныды да, тоқтап қалды.
Алдымен үйге Ұлпан жүгіре кірді. Ұялғандай күлімсіреп әкесінің бас жағына барып керегеге соғылып тоқтады. Оның артынан іле-шала үш еркек кірді. Алдымен кірген түлкі тымақты мысық мұрт, жалынымен шаңырақты жалағысы келгендей лапылдап жанып тұрған отқа соғылардай болып аптығып тоқтады да, артында келе жатқан екеуіне:
— Сүйреп әкетіңдер! Әне тұр! — деп Ұлпанды нұсқады.
— Әй, сен кебіс ауыз, кімді сүйреп әкетесің! Көзіңе қарашы! — дегенде Сәдірдің найзасы мысық мұрттың аузына да тақалып қалып еді. Қайрап қойған найза ұшы аузынан кіріп желкесінен шыққалы тұрғандай екен! Жігіт қақалып қалғандай сөйлей алмай қалды.
— Отыр!
Жігіт отыра бергенде Сәдір найзаның ұшымен оның басындағы тымағын түйреп алып отқа тастап жіберді. Ұлпанға қарай ұмтылған екі жігіт те қызға қол тигізбей тоқтады. Сәдір ол екеуін де найзасының ұшымен нұсқап алғашқының қасына отырғызды. Даладан тағы екі жігіт келді. Жалғыз Сәдір найзасын жарқылдата сілтеп бес жігітті түгел от басына иіріп тастады. Біреуіне де найзасын тигізген жоқ.
Көптен батырлық жыны қорланып жүрген Сәдір Несібеліге қарап:
— Кеген әкел! — деді.
Кедейдің бар байлығы үйінің айналасында ғой. Несібелі жүгіре шықты да көгенді жылдам алып келді.
Сәдір жігіттердің, бас киімдерін лақтырып-лақтырып жіберіп бір шетінен көгендей бастады.
— Сенің басыңды отқа үйтіп тұрып, құдай қосса өзім мүжитін болармын!—деп әуелі үйге бұрын кірген мысық мұртты көгендеді.
— Сен де бір жонданып кеткен неме екенсің, құдай қосса қырық қамшы дүрені өзім соғатын болармын!
— Сен қара жапалақ, үйіңде отырғанда қандай мықты екенсің, ә?
Осылай әрқайсысына бір мысқыл айта жүріп, жігіттерді көгендеп болды да, көгеннің екі ұшын екі жақтағы керегеге көріп тастап, өз қылығына өзі масаттанып тұрып қалды. Найзасына сүйеніп, қозыдай көгенделгендерге жоғарыдан қарап тұр.
— Енді Есеней бидің кесімін естисіңдер!
Жігіттер төрде отырған дәу қара шұбардың Есеней би екенін енді біліп, майлы қасықпен төбеге ұрған мысықтай жым болды.
Жаугершіліктен ұрлықтан қолға түскен адамдарды әуелі көгендеп алып қорлау қорлаудың да ауыр түрі. Бұл кезде қалып бара жатқан ескілік. «Көгенге түсіп» қайтқан жігітте қадір-қасиет қалмайды. Сәдір мына жігіттерге сол қорлықты көрсетіп жатыр.
Сәдірдің «Кебіс ауыз», «Қара жапалақ» дегендерінде де мән бар. Жекпе-жекте болсын, соғыста болсын, қарсыласқан жауыңды солай бір мазақтап, қорлап алсаң, оңай ашуланады. Ашуланған адам ұтылмай, жеңілмей қоймайды...
— Бұларың кім өзі? Танисыз ба? — деді Есеней Артықбайға қарап.
— Кім болсын, құдаларым болады,— деді Артықбай.— Біздің үйдегі «Сұлушашты» айттырған құдаларым,— деп қызына бір қарап қойды.— Кедейлік не істетпейді. Бағлан аузында отыратын бір саудагер Түлен дегенмен құда болып едім. Баласы таз ба, мерез бе, білмеймін, әйтеуір Ұлпанжан құлан-таза безініп кетті. Шойнақ шалды басынып алып қашуға келгендерін көрмейсің бе! — Артықбай тағы да ауыр күрсініп тоқтады.
— Болды, Артеке, болды. Аржағын айтпай-ақ қойыңыз. Көріп отырмыз. Сәдір, сен мына құдаларды қосыңа апарып қондырып шығарарсың.
Кенесары ылаңынан кейінгі он бес жылдың ішінде Сәдірдің найзасы жарқылдаған күні осы ғана. Сол он бес жылдың ішінде қойдай көгендеп тұтқын ұстағаны да осы. Алақан қышуы әлі басылған жоқ. Есенейдің көзінше қол іске бара алмай, найзасына сүйеніп зығырданы қайнап тұр еді. Есенейдің бұйрығына қуанып кетті. Құдай қосса, қосқа апарып қамаған соң бір-бірлеп шығарып алып дүрелейтін болар. Бидің кесімі кезінде бола жатар, оған дейін күздің ұзақ түні Сәдірдің сайрандауына мол жетеді...
Сәдір көгендеп алған жігіттерін ағытып жайдақ атқа екі-екіден мінгізді. Ер-тоқымдарын қолдарына құшақтатып қойыпты. Үйге бес жігіт кірсе, далада аттарын ұстап тұрған тағы екі жігіт бар екен. Сонымен алтауын үш атқа мінгестеріп, үш аттың шылбырын бірге түйіп жетінші жігітке ұстатты да, айдап жүре берді.
Ұлпанды айттырған күйеу Түленнің баласы Мырзаш деген жігіт алдыңғы жылы бір келіп кеткен. Даланың жұпар иісі аңқыған жазғытұры еді. Ұлпан құдайдың жазғанына мойын ұсынып, ойында жақсы көру — жек көруден еш нәрсе жоқ, күйеуін керуге ғана ынтығып шымылдыққа кірді де қашып шықты. Қыз мұрнына келіп көрмеген жиіркеніш иістен жүрегі айнып кетті. Жеңгелері әуелі қашанғы дәстүр бойынша күйеу мен қыздың қолдарын ұстаттыра беріп еді, Ұлпанның алақанына өмір бойы жусаң да кетпес бір майлы жылбысқы жабысқандай болды. Сол жабысқақ қыз алақанының есінде әлі бар. Ұлпан әлі жеркенеді. Есіне түсіп кетсе, қолдарын сабынды көпіртіп тағы бір жуып алады.
Содан кейін құдалардың арасы шалғайлана берді. Саудагер қу ұл баласы жоқ шойнақты басынып, әуелі қалыңға берген бес құлынды биемді қайырып бер деді. Артықбай онысын дұрыс көріп, көніп еді, бес биенің он жылдан бергі өсімін сұрады. Оның өзі Артықбайдың маңдайына бітіп көрмеген кеп жылқы болып шығады екен. Артықбай қалың малға алған бес құлынды биені қайырды да, өсім дауынан әлі құтыла алған жоқ. Аяғында алысырақ жерге кешіп кетіп құтылам ба деп еді, Түлен қу-аяқ қыздың өзін тартып әкетуге жігіттерін жіберіпті...
Бұл жанжалдың үстінен шыққанына Есеней қуанып отыр. Ұлпанның басы бос екен! Ертең айып-қиыбын табандата салып бет бақтырмайтын кесім айтады да, құдаларды айдап тастайды. Көнбей көрсін! Ол аз болса, бір қос жылқысын сол Түлен қудың жеріне апарып қыстатады!..
Ұлпан басында кешегі тымағы, үстінде жеңіл ішіктің сыртынан киген түйе жүн шекпен орнынан қозғала алмайтын әкесіне қорғалаған күйінде ұзақ тұрып қалды. Қорыққаннан қуаң тартқан, қорыққанына ұялғанынан күлімсіреген қалпы бар. Күндегі әдеті бойынша іңір кезінде аз ғана жылқысын шарбаққа әкеліп қамап, таң ата ергізіп жіберуші еді. Кенжетайға ат ерттеуді тапсырғандағы себебі сол болатын.
Ұлпан жайылып жүрген жылқысын жинай бергенде, ағаш арасынан екі салт атты шыға келіп:
— Бұл кімнің жылқысы?—деп сұрады.
— Біздің үйдікі.
Түнге қарай ағаш арасынан шыға келген адамдарды ең берісі ұрыға балап, Ұлпан жылқысын қиқу салып қуа жөнелді. Қыз дауысы танылып қалды. Ағаш арасынан:
— Сол! Соның өзі!
— Ұмтыл, ұста! — деген дауыстар жақындай берді.
Онсыз да сақтанып келе жатқан қыз жылқысын тастай беріп ауылына қарай бір-ақ тартты. Арт жағында қуғыншылар, Ұлпан үйіне олардан оқ бойы бұрын келіп жетті...
Сәдір жігіттерді айдап әкеткен соң Ұлпан әкесінің қасына отыра кетті де жылай бастады. Қонақтарына арызын айтқандай, өксіп жылап отыр. Не деген қорлық! Бұл күнге дейін ешкім бетіне қарсы келіп көрмеген ерке өскен Ұлпан малға сатылып кете беретін көп қыздың бірі екен-ау! Үйде қонақтар болмаса ғой, әлгі жігіттер мұны байлап-матап алады да кетеді. Апарады да сасық Мырзаштың қойнына салады. Сонан соң жата бер, іріп-шіріп... көне бер, өле бер... Ұлпанның тұла бойы тітіркеніп кетті... бала мінезді болушы еді, қатты қорыққан екен жас балаша жылады. Ерке болса да ер мінезді болушы еді, қорланып жылады. Үйіне қадірлі қонақтар келген күні ұятқа ұшырап қалдым-ау деп, ұялғанынан жылады.
Есеней Мүсірепке қарады. Бірдеме айтып уатсаңшы дегендей еді. Мүсіреп бірдеме айтуға өзі де асығып, Есенейдің иек көтеруін күтіп отыр екен сөзін тез бастап кетті:
— Қарағым Ұлпанжан, басыңа түскен бір бәледен құтылдың. Енді біржола құтылдың. Жылама! Бұл үйге деген ниетіміз таза екен қорлық-зорлықтың үстіне кездестік. Енді ол бәле сенің басыңа қайтып оралмайды. Артекем мен Несібелі жеңгемізден туған жалғыз асыл перзентін қайда жүрсек те қорғай жүрерміз. Ешкімнің тісі бата алмас бұл үйге. Бағың ашылар, қарағым. Теңіңе кездесерсің әлі, жылама...
— Бұл арада қырық үйге жақын Күрлеуіт бармыз...— деді Артықбай.— Жазға қарай бір ауыл болып отырамыз да қысқа қарай ағаш-ағаштың қойнауын қуалап, қалыңын паналап бытырап кетеміз. Бүгін сендер келмегенде күніміз қараң еді. Есеней, сен жылқыңды ешқайда аударма... Өз қасыма әкеліп қондыр...
— Артеке, сіз нені қаласаңыз да қолыңызды қақпаспын. Бірақ, енді құдаңнан қауіп етпей-ақ қойыңыз. Мен қосымды сол құдаңның ауылына жақындатып апарып қондырсам қалай болар деп ойлап отырмын.
— Ойбай-ау, онда саудагер сұмды біржола тұралатып кетесің ғой!..
— Тұраласа жатсын!.. Лұқсат етсеңіз Сәдірдің қосын осы маңайға көшірер едім... Жылқыңызды Сәдірдің қосына қосып жіберсеңіз, Ұлпанжан да қысқы суықта түнделетіп шапқылап жүрмес еді.
— Болды, Есенейжан, болды. Маған Сәдірден артық жолдастың керегі жоқ!
Ұлпан осы арада ғана езу тартты. Қонақтар кешкі тамақтан кейін аттанып кетті...
Сәдір баяғы тұтқын дәстүрінің бәрін істегісі келіп, қыз алып қашуға келген жігіттердің қолдарын артына байлап, Есенейдің қосына жаяу айдап әкеле жатыр. Бәрі де жалаңбас, бас киімдерін қойындарына тығып берген. Сәдір өзі ат үстінде, найзасы қолында, қасында Есеней жіберген Кенжетай бар, ол да салт.
— Керей-Уақ кекеку, Сүйір батыр текеку! — деп айғайлап қояды Сәдір.— Керей-Уақпен кектессең, Сүйір батырдың тепкісін кересің! — дегенді естіп пе едіңдер, қарақшы иттер?
Жігіттерде үн жоқ. Түн бойы едәуір қалыңдап қалған көбік қарды етектерімен сызып бұлтаң-бұлтаң етіп жүріп келеді. Қарындары ашқан, аздап қамшы жеген. Есенейдің ұрыға қаталдығын да естіген. Қорқып келеді.
— Қап, Стапқа да мен айдап апаратын болдым-ау!.. Құдай қосса, Стапқа жеткенше құлақтарыңды беріп құтыларсыңдар. Стапта құлақтарың жазылғанша екі ай жатасыңдар. Темірді қып-қызыл қылып қыздырып маңдайларыңа «қарақшы» деген таңба басады. Құдай қосса, оны мен басатын болармын... Содан соң қой-қош аман бол, «Ит жеккенге» дейін орыстың уряднигі айдап апарады.
Сәдір мұны жігіттерге түн бойы көрсеткен азабын Есенейге айтып қоя ма деп қоқай-ноқылап келеді.
— Керей-Уақ кекеку, Сүйір батыр текеку!.. «Итжеккенге» дейін екі қыс, екі жаз жаяу айдаласыңдар... балпақтай балпаңдамай басыңдар аяқтарыңды!
Есенейдің қосы Сәдірдің қосынан алыс емес еді. Сәдір жігіттерге осы өсиеттерін айтып болғамша келіп те қалды. Жігіттер Есенейдің, үйіне кіре бере етпеттерінен түсіп, бір-бір құлап құлдық ұрды да, содан кейін есік алдына ғана тізерленіп отырып қалды.
— Енді кете бер, қосыңды көшір! — деді Есеней Сәдірге. Сәдір шығып кетті.
— Ие, сендер кімсіңдер?
— Керейің біз, аға сұлтанымыз, Керейіңізбіз өзіңіздің... Бағлан аузында отыратын.
— Кеше Артықбай батырдың үйіне алдымен кіріп едің... Сен кімсің?
— Түлен деген кісінің үлкен баласымын... өз атым Мырзагелді.
— Е, жесір сенікі екен ғой?
— Ие, тақсыр... Інім бала жасынан сырқаттау болушы еді... Қысқа қарай тіпті жүдеп бара жатқан соң көңілін көтереміз бе деп қалыңдығын әкеліп берсек деп келіп қалып едік...
Жігіттің түн бойы ойлап тапқан айласы осы-ақ. Інім ауру десем, Есенейдің, көңілі жібір, аяушылық етер деген.
— Ауру адамға қатын әпере ме екен?
— Көңілі көтеріле ме деген үміт қой... қалың, малы түгел төленіп қойған соң жесір біздікі ғой деп ойлағандық қой.
— Бергеніңді қайырып алыпсың ғой!
— Өсімін ала алмай жүр едік...
Былжырап сөйлегенімен жігіттің арам ойын Есеней оңай түсінді. Қазақ айласының құйрығы бір-ақ тұтам. Інісі өлім алдында екен... қалыңдықты бір әкеліп алса, ол сорлы қыз «іні өлсе аға мұрасы» болады да қалады емес пе!
— Бұл ақыл әкең, Түлендікі ме, жастардыкі ме?
— Әкемізге білдірген жоқ едік...
— Ендеше қайта беріңдер. Стапқа айдатпай-ақ қояйын. Артықбайда қалған малым бар десе әкең өзі келсін маған. Болмаса қыс ортасы ауған кезде бір қос жылқыны сол маңайға аударғалы отырмын. Сонда кездесер... Кенжетай, қолдарын шешіп босатып жібер!
Жігіттер Есенейге қайта-қайта бас иіп, шығып кетті. Күн кешкіріп қалыпты. Өздері де аш, аттары да дір қалтырап кеше түнде байланған жерінде аш тұр... Қосын жығып Артықбайдың қасына көшіргелі жатқан Сәдір бұларға әлі ызғарлы қарап тұр. Кейде Есенейдің осындай аяушылық ететіні де бар!.. Тым болмаса дүрелетпегенін көрдің бе!..
Мырзагелдінің ойына аса үлкен қауіп кірді. Есеней бір қос жылқысымен келіп орнай қалса, одан артық жұт болады деймісің! Енді Ұлпаннан да күдер үзбестей не қалды? Тегі Түленнің бар шаруасы шайқалып, толмай жатып төгілетін болар. Бес байталдың құны бір сайқалда несі бар еді? Әй, ол жай сөз ғой, Ұлпандай қатын қайдан кездеседі дейсің!.. Осы жолы алып кете алсам, бұйырмаса да бұйырып еді-ау!..
Өздері де, аттары да ашыққан жігіттер осы «Қаршығалы» орманының ішінде шетірек отыратын құдандалы тілдесінің үйіне қарай бет алды. Із тастап, алыстан орағытып келді.
Ұлпанды кіші баласы Мырзашқа айттырып қойған Түленнің әкесінің әкесі Тілепбайдың шешесінің сіңлісі Ақбайпақтан туған Қарабайдың Қайыргелдісінің жиені Игенбердінің немере қызын алып отырған Ырымбек үйінде екен...
Артықбайдың үйі оңаша жерде екенің қызының іңір кезінде өрістегі жылқыны шарбаққа әкеліп қамайтынын Түленнің үйіне жеткізіп отыратын сол еді. Ұлпанды алып қашу — қаздың балапанын ұстап алудан да оңай деген.
Кеше кешке Ырымбек алып қаша келген жігіттерді өзі бастап келіп Артықбайдың бір үйір ғана жылқысының маңайына, ағаш ішіне жасырып кеткен. Жігіттер қызды қуа жөнелгенде ол үйіне қарай тартып отырған. Одан бергі хабар барлық «Қаршығалыға» тарап кетті де, Ырымбекте үрей қалған жоқ. Ырымбек үйінен шыға келді де:
— Ойбай, міне тоқтым, міне қазаным... Алыңдар да жөнеліңдер. Мен енді құрыдым! -—деді. Жігіттер де айнала беруге қорқып, Ырымбектің, бергендерін алып кетіп қалды. Мырзакелді жай кеткен жоқ, боқтап кетті:
— Көзіңді ұрайын, шошқа көз, Артықбайдың үйіне Есенейдің келіп жатқанын неғып білмедің?
— Әке құлдық, жөнел енді! — деді Ырымбек.
Ырымбектің сонша сасқалақтағаны да жай емес еді.
Өткен түні Артықбай шалдың үйінде болған оқиға таң атқанша «Қаршығалыны» қыстап отырған қырық үйлі Күрлеуітке түгел тарап болған. Бүгін шалдың ағайын-туысқандары бәрі сонда.
— Апыр-ай, құдайдың сақтағаны-ай!
— Есеней жарықтық келіп жатпаса ғой, Ұлпанжаннан айрыламыз да қаламыз.
— Несібелі апайдың көк қошқар сойып құрмалдық беріп жатқаны әбден дұрыс екен... Басын Есенейдің өзіне тартыңдар!
— Ақсақал, сіз бекер шетірек қыстадыңыз... Әлі де ортамызға келіп қонғаныңыз дұрыс болар...
— Өзге сөздің керегі не, арада жүрген бір арамы тілдес бар ғой! Соны тауып сазайын беру керек!..
Ырымбек күн бойы өзі де сонда болып, осы сөздерді түгел естіп, жанынан түңіліп қайтқан. Әйелі әлі қайтқан жоқ. Оның алып келер қосымшасы тағы бар ғой!
Жұрттың естіген-білгендерін сауысқан шықылдап, қарға қарқылдап өсіріп-өрбітіп әкеткен.
— Есеней қыз алып қашуға келгендерге қырық қамшыдан дүре соқтырыпты.
— Қозыдай көгендеп қойып маңдайларына қырықтық қыздырып басып, «Ит жеккенге» айдатайын деп жатыр дейді. Құдай біледі, рас!..
— Өзіміздің ішіміздегі арамы тілдесті бірге айдатса игі еді.
— Ауру адамға қатын әпере ме екен?
— Көңілі көтеріле ме деген үміт қой... қалың малы түгел төленіп қойған соң жесір біздікі ғой деп ойлағандық қой.
— Бергеніңді қайырып алыпсың ғой!
— Өсімін ала алмай жүр едік...
Былжырап сөйлегенімен жігіттің арам ойын Есеней оңай түсінді. Қазақ айласының құйрығы бір-ақ тұтам. Інісі өлім алдында екен... қалыңдықты бір әкеліп алса, ол сорлы қыз «іні өлсе аға мұрасы» болады да қалады емес пе!
— Бұл ақыл әкең Түлендікі ме, жастардыкі ме?
— Әкемізге білдірген жоқ едік...
— Ендеше қайта беріңдер. Стапқа айдатпай-ақ қояйын. Артықбайда қалған малым бар десе әкең өзі келсін маған. Болмаса қыс ортасы ауған кезде бір қос жылқыны сол маңайға аударғалы отырмын. Сонда кездесер... Кенжетай, қолдарын шешіп босатып жібер!
Жігіттер Есенейге қайта-қайта бас иіп, шығып кетті. Күн кешкіріп қалыпты. Өздері де аш, аттары да дір қалтырап кеше түнде байланған жерінде аш тұр... Қосын жығып Артықбайдың қасына кешіргелі жатқан Сәдір бұларға әлі ызғарлы қарап тұр. Кейде Есенейдің осындай аяушылық ететіні де бар!.. Тым болмаса дүрелетпегенін көрдің бе!..
Мырзагелдінің, ойына аса үлкен қауіп кірді. Есеней бір қос жылқысымен келіп орнай қалса, одан артық жұт болады деймісің! Енді Ұлпаннан да күдер үзбестей не қалды? Тегі Түленнің бар шаруасы шайқалып, толмай жатып төгілетін болар. Бес байталдың құны бір сайқалда несі бар еді? Әй, ол жай сөз ғой, Ұлпандай қатын қайдан кездеседі дейсің!.. Осы жолы алып кете алсам, бұйырмаса да бұйырып еді-ау!..
Өздері де, аттары да ашыққан жігіттер осы «Қаршығалы» орманының ішінде шетірек отыратын құдандалы тілдесінің үйіне қарай бет алды. Із тастап, алыстан орағытып келді.
Ұлпанды кіші баласы Мырзашқа айттырып қойған Түленнің әкесінің әкесі Тілепбайдың шешесінің сіңлісі Ақбайпақтан туған Қарабайдың Қайыргелдісінің жиені Игенбердінің немере қызын алып отырған Ырымбек үйінде екен...
Артықбайдың үйі оңаша жерде екенің қызының іңір кезінде өрістегі жылқыны шарбаққа әкеліп қамайтынын
Түленнің үйіне жеткізіп отыратын сол еді. Ұлпанды алып қашу — қаздың балапанын ұстап алудан да оңай деген.
Кеше кешке Ырымбек алып қаша келген жігіттерді өзі бастап келіп Артықбайдың бір үйір ғана жылқысының маңайына, ағаш ішіне жасырып кеткен. Жігіттер қызды қуа жөнелгенде ол үйіне қарай тартып отырған. Одан бергі хабар барлық «Қаршығалыға» тарап кетті де, Ырымбекте үрей қалған жоқ. Ырымбек үйінен шыға келді де:
— Ойбай, міне тоқтым, міне қазаным... Алыңдар да жөнеліңдер. Мен енді құрыдым!—деді. Жігіттер де айнала беруге қорқып, Ырымбектің бергендерін алып кетіп қалды. Мырзакелді жай кеткен жоқ, боқтап кетті:
— Көзіңді ұрайын, шошқа көз, Артықбайдың үйіне Есенейдің келіп жатқанын неғып білмедің?
— Әке құлдық, жөнел енді!—деді Ырымбек.
Ырымбектің сонша сасқалақтағаны да жай емес еді.
Өткен түні Артықбай шалдың үйінде болған оқиға таң атқанша «Қаршығалыны» қыстап отырған қырық үйлі Күрлеуітке түгел тарап болған. Бүгін шалдың ағайын-туысқандары бәрі сонда.
— Апыр-ай, құдайдың сақтағаны-ай!
— Есеней жарықтық келіп жатпаса ғой, Ұлпанжаннан айрыламыз да қаламыз.
— Несібелі апайдың көк қошқар сойып құрмалдық беріп жатқаны әбден дұрыс екен... Басын Есенейдің өзіне тартыңдар!
— Ақсақал, сіз бекер шетірек қыстадыңыз... Әлі де ортамызға келіп қонғаныңыз дұрыс болар...
— Өзге сөздің керегі не, арада жүрген бір арамы тілдес бар ғой! Соны тауып сазайын беру керек!..
Ырымбек күн бойы өзі де сонда болып, осы сездерді түгел естіп, жанынан түңіліп қайтқан. Әйелі әлі қайтқан жоқ. Оның алып келер қосымшасы тағы бар ғой!
Жұрттың естіген-білгендерін сауысқан шықылдап, қарға қарқылдап өсіріп-өрбітіп әкеткен.
— Есеней қыз алып қашуға келгендерге қырық қамшыдан дүре соқтырыпты.
— Қозыдай көгендеп қойып маңдайларына қырықтық қыздырып басып, «Ит жеккенге» айдатайын деп жатыр дейді. Құдай біледі, рас!..
— Өзіміздің ішіміздегі арамы тілдесті бірге айдатса игі еді.
— Есеней шалдың үйін бір қыс күзетіп шығуға Сәдір деген батырын қалдырып кететін болыпты...
Сәдір қосын Артықбайдың үйіне жақын тігіп жатқаны да рас еді. Сәдірдің қосы деген төрт қараша үй: ат баптайтындар, қысыр сауатындар, ит, бүркіт баптайтындар — бәрі осында. Сәдірдің қасында он шақты жігіттері де бар. Енді Артықбай шал ешкімнен де қорықпайтын болды.
Есеней өз қосын орнынан қозғаған жоқ. Бір сәтке Ұлпанға көз тігуім обал ғой деп те ойлады. Мен жетпіске таянғанда ол әрең-әрең отызға келеді. Сонда күнім не болар деп те қауіптенді. Ұлпан басқа қыздардай құдай қосты — мен біржола көндім деп мәңгі мойын ұсынып, мәңгі үн шығармай отырып қалатын жанға ұқсамайды, Бұл адал ойы, шыны еді.
Әттең, ол ойы, ол адал шындығы намаз үстінде бұзылып кетті. Таң намазын оқып отыр еді. Есіне бала Ұлпанның арқасына келіп жабыса түсетіні келе қалды. Қандай жылы тиюші еді! Бүкіл денесіне бұрын сезінбеген бір жылылық тарап, балқытып әкететін. Мақпал-қара меңі қандай жарасымды еді...
Сол Ұлпан осы кезінде арқама келіп асылар ма еді! Бір-ақ рет... Қандай ләззат лебін сезінер еді!.. Талып түсер ме едім, әлде қайтер едім. Мен бірдеме білсем, ағалы-інілі екі түрікпеннің, екеуі де Ұлпанға қырындайтын сияқты. Біреуі сұлуша ғана жас жігіт. Ағасы әлі күнге қатын алмаған сүр бойдақ. Әсіресе ағасы қыз-келіншекке сайтаны бар адам. Бір күні — Есеней, осы қызды маған айттырып бер деп қалса, не айтам? Жоқ, мен осылай ойланып отыра берсем, жынданып кететін шығармын. Аңшы Мүсірепке еріп түлкі аулап қайтайын. Есеней намазын шала оқып тұрып кетті.
Аңшы Мүсіреп кешеден бері өлердей болып қорланып жүр еді. Есенейдің аңға шығайық деген хабарын алған соң қайта құлпырып сала берді.
— А, құдай бар екен!.. Мүсіреп әлі өлген жоқ екен! — деді Сәдірге.
Қасында он шақты жігіттері бар Есеней «Қаршығалы» шұбарын кезіп күн бойы далада болды. Екі бүркіт, төрт бөрі басар ит Есенейдікі, екі сары ала түрікпен Мүсірептікі.
Есенейдің иттері әркімнен қалап алған ішінара араз иттер болса, Мүсірептің екі сары аласы ұялас, таласып көрмеген тату иттер. Бұл екеуі атақты — асыл тұқымды, аңшылық қанына сіңген пәлелер. Аңшылықты иесіне өздеpi үйретеді. Қасқыр мен түлкіні қай бұрын көргені тура қуып кетеді де, екіншісі алыстан барлап төтелей, тосқауылдай жүгіреді. Бірінің, аты Барыс, бірінің аты Садақ. Екеуі иесімен бірге бір қоста жатады.
Есенейдің иттері әуелі шыға сала таласып алды. Тайыншадай дырау, қасқыр азу иттердің тістері қанжардай жарқылдасып кетті. Иттерде қай бұрын жығылғанын талайтын әдет бар. Төртеудің бірі шойырылып тұра алмай қалды. Үсті-басы қызыл жоса қан.
Екі Мүсірептің иттері сыйыса алар емес. Түрікпен Мүсіреп қасына Сәдірді алып, өз иттерін ертіп бөлініп кетті. Екі сары ала иесін өздері бастап мал жайылған шиырдан алыстап шыққан соң ғана ауаны иіскелеп, кездесіп қалған іздерді иіскелеп ұзай берді. Аңшы ақырын жүру керек. Аңшылар иттерінің қарасын үздірмей алыстан бақылап, жай жүріп келеді.
Қасқыр түс ауа кездесті. Шақырымдай жерден одырайып бір қарады да жөнеп берді. Барыс тұра ұмтылды.
— Тайыншадай екен. Арланы, арланы! —деп Сәдір де шауып жөнелді.
Садақ қасқырдың ойысқан жағына қарай жолын кесе, қиыстай кетіп барады. Асықпай, ақырын шауып барады. Мүсіреп өзі соның соңынан кетті. Аздан кейін Барыс та, Сәдір де қара үзіп көрінбей кетіп еді, Садақ бетін бұрған жоқ. Сол көлденеңдей шапқан бетімен кете берді. Анда-санда қарғып-секіріп қасқыр жаққа қарап қояды.
Садақ қасқырдың алыстан сезілген исін шалып келе жатыр. Иіс бір алыстап, бір жақындап қояды. Әуелі қасқырдың жай иісі келетін еді. Бес шақырым шапқаннан кейін қасқырдың өз иісіне тер иісі араласа келді. Тоқ па екен семіз бе екен?.. Бұл кезде қаншық қасқырлар жалғыз жүрмейді, балаларын ауыздандырып бірге жүреді. Мынау, әрине арланы. Арлан екендігі иісінен де танылып келеді. Қой жеген болар, қой қанының иісі сезіледі. Апыр-ау, иіс қайда кетті? Жоқ қой!
Садақ тағы біраз ұмтыла шапты да тоқтап қалды.
— Білдім, білдім! Әрі қарай бұрылған болды. Бәрібір жел сол жақтан. Қазір тауып аламын, қазір... Иесіне бір қарап кешірім сұрады да, бұрылып алып екінші жаққа қарай көлденеңдеп шапты. Ұзамай шабысы да үдеп кетті. Атылып барады. Иесі де атқа қамшы басты. Мүсірептің аты да таңдаулы аттардың бірі еді, бәрібір Садақ алыстай берді.
Біраздан кейін Мүсіреп жарты шақырымдай жерден алдын кесе өте берген қасқыр мен жақындап қалған Барысты көрді. Сәдір әлдеқайда қалып қойған. Қасқырдың өкпе тұсынан күнге шағылысқан сарғылт жалын жарқ ете түсті де, қасқыр ұшып түсті. Барыс та жетті. Апыр-топыр...
— Айналайыным-ай, сары Садағым-ай! — деп Мүсіреп те келіп қалды.
Қасқырдың үсті-басы қан. Шек-қарыны ақтарылып жатыр. Садақ қасқырдың алқымынан ала түскен бойы әлі мытып жатыр. Шек-қарын Барыстың қолынан келген іс...
Мүсіреп Садақтың маңдайынан, желкесінен сипап: айналайыным-ай, сары Садағым-ай, деп отырып иттің аузын әрең аштырды. Жағы қарысып қалған екен.
Мүсіреп енді абайласа Садақ осы араға жеткенше елу қадамдай жер бауырлапты. Таныс мінезі. Қасқырға көрінбейін деп істегені. Мүсіреп мұны бірінші көріп тұрғаны емес. Қасқырдың өте берер тұсына жер бауырлап көрінбей келіп жатады да, тұспа-тұс келгенде оқтай атылады. Екпінімен қасқырды алып ұрады да алқымына жармасады. Мыти береді. мыти береді. Ол екі арада Барыс та жетіп қалып қасқырдың ішін жарып жібереді. Ызаланып жеткен бойы шаптан тұмсықты салып жіберіп басын екі шайқады, болды, іс бітеді.
Қасқырды Сәдірдің артына бөктеріп беріп, Мүсіреп қосқа қарай бет алды. Артықбай ауылы бұлардың қайтар жолында еді. Түспей кетсең де ұят, қасқырыңды байлап кетпесең одан да ұят. Мүсіреп тайыншадай арлан қасқырды үйге сүйрей кіріп:
— Артеке, міне қасқырыңыз! — деді.
— Ойбай, қатың той қыл, қазан ас! Біздің үйге он бес жылдан бері кірген қасқыр осы!
Кештетіп Есеней тобы да осы үйге келіп түскенде бітеудей сойып кергішке көріп қойған қасқыр терісі керегеге сүйеулі тұр еді. Үлкен екен. Тұмсығы уықтың қарына жақындап, құйрығы жерге түсіп жатыр.
— Түрікпен Артекеңе қасқыр әкеліп байлапсың ғой! — деді Есеней.
— Қолға түскені жалғыз осы.
— Арланы екен үйірімен үш тоғыз болсын, Артеке.
Екі түлкіні қосақтай көтеріп аңшы Мүсіреп келді.
— Қайда әлгі ақ Ұлпаным, ақ патсам! Бері кел, байлан мына екі қызылды. Салаумаликем, Артеке. Мал-жан аман ба? Қарағым-ай, кәрі ағаң айыпты болып қалды ғой... Міне, сол айыбым! Несібелі, денің сау ма? Мені мазақтап қой күнде бір күліп аласыңдар? Күлсең кәріге күл деген осы да.
Ұлпан күлімдей келіп екі түлкіні алды да:
— Айып біткен қайтарылып жатқан жоқ па, Мүсеке?! Сіз бердіңіз, мен алдым. Енді өзіңізге қайтардым... Өзіңіз алыңыз,— деп қайта ұсынды.
Есеней төрге шығып отыра беріп:
— Айып-қиыптың қайтарылмайтыны да, қайтпайтыны да болады,— деді. Онысы «Мұзбел торы» ат қайтарылмайды дегенді аңғарту еді. Оның үстіне осы жолы Ұлпанды қалайда бір сөзге тартуды күн бойы ойлап келген.
— Қайтып үйіріне қосылғанды қайтарылды деп жатқаным ғой әшейін.— Ұлпан кешеден бері үндемей жүргенін ерсі көріп қалжыңдап еді.
Есеней аз ойланып қалды да, Артықбайдың жылқысы «Мұзбел торымен» бірге Сәдір қосына қосылғанын түсінді.
— Үйіріне барып қосылса, үйірін түгел ала қайтайын дегені де! — деді.
Бұл не дегені? Қалың мал бергелі отырмын дегені ме? Осы шалда сондай ой да болар-ау! Қой, бұл бетінен қайтарып тастау керек болар.
— Біздің үйге үйірлеп келген малдың қайыры болған емес,— деді Ұлпан. Даусына сезілер-сезілмес қатқыл үн қосып айтты.
Бұлардың нені оспақтасып қалғандарын аңдай алмаған аңшы Мүсіреп:
— Ұлпанжан, садағаң кетейін, айыбы құрсын, әкеңе байлағаным болсын. Ала қойшы, күнім!—деп сөзді бөліп кетті. Ұлпан сол ойнақы күлімдеп тұрған бойы түлкіні алды да, ас үйге шығып кетті.
Шай үстінде тағы бір әңгіменің ұшқыны Ұлпанға соғып кетіп отырды. Есеней тобы бір маралдан айрылып қалып еді. Аңшы Мүсіреп соны айтты.
— Пай-пай-ой! Алтын мүйіз ақ маралдың өзі екен! Есеке, сіздің иттердің ала ауыздығы болмағанда құтылмайтын еді. Әккі болған иттер бәрі бірге жапа-тармағай ұмтылмай тосқауылдап қуады. Сіздің иттер үшеуі бірге ұмтылып, бірге болдырып, аяғында өзді-өзі таласып қалып, әрең айырдық. Әр жерден келген ит, ит болмайды.
Артықбай шошып кетті:
— Алтын мүйіз ақ марал дедің бе? Ойбай, оны біздің ауылдың жігіттері күн бойы қуып әбден қалжыратып, қамап тұрғанда Ұлпанжан айырып алып қалған... Байғұс марал қалжыраған соң көлге күмп беріп түсіп кетіпті. Сол емес пе екен Ұлпанжан?
— Сол болар.
Ұлпанның маралды айырып алып қалғаны рас болатын. Жігіттер көлге түсіп кеткен маралды қалай ұстаудың айласын таба алмай Артықбай шалдың садағын сұратып кісі жіберіпті. Ұлпан әкесіне:«Берме!»—деді де, атына міне сала шауып кетті.
Ол Ұлпанның анда-санда көріп жүретін маралы еді. Қумайтын, ит айтақтамайтын қызға маралдың көзі үйренісіп келе жатқан. Көп жақындатпағанымен секіріп-орғып қашып та кетпейтін. Шілік жапырағын жұлып алып Ұлпаннан көзін айырмай сақ тұрса да қарап тұра беретін.
Ұлпан көлге келсе он бес шамалы салт атты жігіттер көлді айнала қоршап алып ит айтақтап шапқылап жүр екен. Судың суынған кезі, көлге ешкім түсе алмапты.
Ұлпан жігіттерді қуып жіберді.
— Немене, қырық үйлі Күрлеуіт қырық жапырақтан бөліп алайын деп пе едіңдер? Тиюші болмаңдар! Бұл менің маралым! —деді.
Жігіттер ұялып, иттерін ертіп тарасып кетті. Аздан кейін марал да судан шығып, сілкініп алды да, қалың ағаштың арасына кіріп жоқ болды. Күн бойы адам баласынан қуғын керсе де Ұлпаннан бұл жолы да қашқан жоқ, сергек аяңдап жүре берді.
— Жарықтықтың көзі-ай, қап-қара...— деді аңшы Мүсіреп.
— Қара көз, ақ маңдай демейсің бе! — Мұны Есеней өзі қыстырып қалып еді, Ұлпанға тым туралап айтылғандай болып шыққанынан қысылып, түрікпен Мүсірепке бұрылып:
— Сен бөлініп кетпегенде, ақ марал құтылмайтын еді! — дей салды.
— Е, ол маған да кездесті. Жан-жануар болып жаралғанның сұлуы екен. Елу қадам жерден шілік арасынан атылып шығып еді, қумадым.
Ұлпан алғыс көзімен Мүсірептің жүзін бір сипап өтті.
— Мен иттерімді адал жан-жануарға ауыздандырмай жүрмін. Сонша сұлу жаралғанды итке талатып, қанға бояп соғып алуды обалсынамын. Менің құмарым қасқыр мен түлкі ғой...
«Шының ба? Неғып?»—дегендей Ұлпанның аз ғана күлімдеген көздері жарқ етіп Мүсірепке қарай тағы бір серпіліп қалды.
Маралды мақтаған сөздердің Ұлпанға арналып жатқанын серілеу Мүсіреп қолдады да, оны түз тағысындай соғып алуға қарсы екенін аңғартты.
— Ұлпанжан, сенің тілектесің, де бар екен! — деп Артықбай қуанып қалды.— Оның өзін осы ауыл түгел Ұлпанның маралы дейді. Бәрі күзетіп жүреді.
— Ойбай, ақ патсам, тимейін маралыңа, тимейін. Ендігәрі көз тіксем, бесікте жатқан бөбегімді, көрмейін! — деп аңшы Мүсіреп қарғана бастады.
— Екі лағы мен енесі Тұздыкөл маңайында жүреді,— деп, Ұлпан оны да ескертіп қалды.
Есеней марал жайындағы әңгіменің басталып кетуіне қуанса да, аяқталуына наразы болып қоңырайып қалды. Алдымен өз ағайыны Мүсірепке өкпеледі. Маралды қызға теңеп мақтай бермей, итке талатып... қанға бояп... соғып алған обал болады дегені қай сандалғаны? Әдейі мені ыза қылайын деп айтады. Тым болмаса бір кеш қызды айтып маралға теңеп, маралды айтып қызға теңеп ойнап-күліп отыруға болатын еді ғой. Ұлпан да сезден қашайын деп отырған жоқ еді. Екі Мүсіреп кезек-кезек киіп кетіп,сөз аяғын құрдымға апарып жоғалта бергенін көрдің бе!.. Өзім де құдайға шүкір, кеп олақтың бірімін... Айып-қиып, ат жайы, марал жайы сөз болды... Соның бірде-бірін не иіріп, не шиырып әкете алмадым. Ұстала бердім. Тегі, мен сездің өру-өрбітуіне көңіл қоймай, байламын айтып әдеттенген адаммын. Қызға сөздің байламы не керек? Он күн ойлансам да келер бір кеште Ұлпаннан басқа тірі жанға сөз бермей... Ұлпан ыс айтса да қағып алып... біресе күлдіріп... біресе ойландырып... кейде төбесінен шүйілген қырандай... кейде оқтай қадалып... күйдіріп, жандырып... қайтармын.
Есеней он күн ойланса да қызды күйдіріп-жандыратын еш нәрсе таба алған жоқ. Екі рет Артықбайды шанаға байлап-матап отырғызып аңға алып шығып еді. Оның қарауылына қасқыр іліктіре алмады. Бүгін түрікпен Мүсіреп
үйіне қайтқалы жатыр. Ол кеткен соң Есеней қосы тіпті сақау болып қалатын сияқты. Аңшы Мүсірептің шатпағын Ұлпан күле қарап тыңдайды. Өйтіп езу тартқанын көрсеткеннен көрсетпегені жақсы да... Оның сөзіне күлмейді, өзіне күледі. Тегі Есеней — Есеней ғана бола алса керек. Басқа біреуге ұсап сөзшең болам, биязы болам, сыпайы болам десе — күлкі болатын жайы бар. Баяғыдан бері менің атағым Есеней болғандығымнан қадірленетін. Ендігім қай алжығандық? Жоқ, мен Есенейден басқа ешкім де бола алмаймын!
Есеней еліне қайтқалы жатқан Мүсірепті шақырып алды.
— Бір қыс бірге болайық деп едім, көнбедің, сүр бойдақ... Себебің бар шығар, сұрамаймын. Тек, менің соңғы бір жұмысымды орындап бер. Бір күн аялда.
— Жарайды, аялдайын.
— Аялдасаң қазір аттан. Артықбайға құда түсіп қайт. Неге шошып кеттің?.. Ұлпанға Есенейдің көңілі ауып жүр де. Мендей шалдардың, талайы-ақ тоқал алады. Мен де өзіңдей сүр бойдақ. Сен қатыны жоқ сүр бойдақ, мен қатыным болса да он жылдан бері сүр бойдақпын. Алпысқа келгенім жоқ. Керегі болып қалса, қыздың өзіне де сөйлесе кел. Сенің «Алғашқым» деген күйің болса, менің «Соңғым» дейтін күйім осы қыз — Ұлпан. Қыз-келіншек дегенде қырың сынып көрмеген боздақсың, көрсет осы жолы!
— Жарайды, барып қайтайын.
— Барып қайтпа, біржола бітіріп қайт. Сибан деген бір рулы елдің ордасы бір күні біржола жабылып қалсын демесең, көндіріп қайт!
Есенейдің соңғы сөзі Мүсірепке ауыр тиді. Сибан деген жалғыз Есенейі болмаса, ағаш-ағаштың қойнауын паналап бытырап кеткен әлсіз ел еді. Есеней көтерілгелі не бары алты ауыл Сибан ел қатарына қосылды. Сол Есеней ұрпақсыз. Туған-туысқандарында мұның орнын басар ешкім жоқ. Ондай адам жалпы Сибанда жоқ. Оның өзге жағын былай қойғанда, екі ұлы қайтыс болғаннан кейін біржола ұрпақсыз қалғаны да Мүсірепке қатты бататын еді. О да адам ғой! Ішінен Ұлпанды да аяды. Есеней қанша ағайыны болғанымен құрығын Ұлпаннан басқа біреуге салса да болар еді ғой! Онда ше? Ол қызға обал болмас па еді? Шіркін-ай, алты ауыл Сибанның бір қатыны жесір отырмағанын кердің бе!.. Іштей Есенейді де аяп, Ұлпанды да аяп, Мүсіреп Артықбайдың үйіне келіп түсті.
Ұлпан үйінде жоқ екен. Соны пайдаланып Мүсіреп келген жұмысын созбаққа салмай қыздық әке-шешесіне бірден айтып тастады. Есенейдің сәлемін тура жеткізді. Бояған да жоқ, бұрмалаған да жоқ. Артекең үндемей тұнжырап отырып қалды да, қыз шешесі Несібелі жылан үйден шығып кетті.
— Осы, Артеке, келген жұмысым. Не жауап қайырасыз?
— Ойбой, Мүсіреп-ай!.. Есеней қадалса алмай тынатын ба еді! Ұлпанымды мен бермеймін десем, Есеней көнеді деп отырмысың? Айтты, алдымнан өтті болды емес пе, алмай тынбайды ол!
— Олай болғанда сізді риза дейін бе?
— Қайдағы риза?
— Енді сіз не айтты деп қайтам?
— Ұлпанның еркі өзінде. Өзімен сөйлесе берсін деп айтты де. Ал, әке, батаңды бер деген күні, жетпей жатқаны бата болса, бере салу қиын емес қой...
Артықбай тағы да біраз үндемей қалды. Мүсіреп те шал жауабының өзгерісі бола ма деп күтіп отыр. Шеше наразы, әке наразы. Осыны айтып барсам, Есенейдің беті бұрылар ма? Жоқ, бұрылмайды. Оған қыз наразылығы қосылса ше? Онда зорлауына қорлауы қосылады.
— Мүсіреп, мен сені жиырма жылдан бері білемін. Адалдығыңнан басқа сырыңды көрген емен. Ұлпанмен өзің де сөйлес. Адал ақылыңды айт. Әлгі мылжыңбай адасып таң атпай келіп Ұлпанжанды түлкі аулауға ертіп әкетті. Барамыз деген жері Тұздыкөл... Осы үйдің есігі қай жаққа қарап тұрса сол бетте.
Мүсіреп атына мінді де Артықбай шалдың сілтеген жағына қарай жүріп кетті. Ақырын жүріп келеді. Ие, бұл бір абыройсыз елшілік болғалы тұр. Есенейге екі нәрсе өтпейді: «Оқ өтпейді, сөз өтпейді». «Сенің «Алғашқым» деген күйің болса, Ұлпан менің «Соңғым» деген күйім» деді, болды.
Ұлпан бүгін аса көңілді еді. Әкесінің аз ғана жылқысын Сәдірге қосып жібергелі бір жеті бойында атқа мініп далаға шығар, бой сергітер себеп қалған жоқ-ты. Жастық жалыны лапылдап тұрған сергек жанды Ұлпанға үйде отырып қалу деген адам шыдай алмас азап екен. Бүгін міне таң атқалы ат үстінде. Күн күлімдеп тұрғандай ашық. Көгілдір аспан күндегісінен гөрі көбірек көтеріліп кеткендей биік сезіледі. Түнде жауған ұлпа қар барлық дүниені ақ жібекпен орап алыпты. Жас қайыңдар ақ желең жамылған әдепті келіншекке ұсап тәжім етердей иіліп тұр. Аққа оранған шілік түбінен сыдыр етіп ақ құр ұшқанда бұтаққа қонған ұлпа қар оңай ұшқындап кетеді де, ақ құр қанатынан шілік бұтақтарына кір жұғып қалғандай сезіледі.
Далада ескен қазақ қызына жылдың төрт мезгілі ғана емес, әр күннің өзінде әлденеше мезгіл бар. Бәрінің де өз қызықтырары бар. Бір жұмадай атқа мініп далаға шықпаған қыз даласын сағынып қалыпты.
Бүгін аңшы Мүсірептің бүркіті де көрінген түлкіні адымын ашырмай бүктеп тастап жүр. Бірақ, бүркітке түлкі алдыру деген онша қызық емес екен. Шабу да жоқ, қуу да жоқ. Мініп жүрген «Мұзбел торы» да наразы. Аңға шыққанда тақым жазып шаппаған соң, оның несі қызық! Есенейдің үштен біріндей салмағы жоқ осы бір қыздың қор қылғаны-ай! Қолы қатты-ақ өзінің. Темір ауыздық болмаса көрсетер ем қалай шапқанды! Тақымыңның дал-далы шыққанша шабар едім...
Аңшы Мүсіреп қызық адам. Кейде өліп жатқан түлкімен ұрысып отырады. Сен немене, қызыл қандел, қара балақ сайқал!.. Құтылып кетем дедің бе? Үйіне жетпей жатып сайқалдығын қарашы мұның! Ит тұқымын қазақ туғанына тоғыз ай толғанда «үйіне жетті», ер жетті деп есептейді. Бүркіт жоғарыдан сорғалап келіп шаншылғанда екі рет жалт беріп кетіп алғызбаған қаншық түлкіге аңшы сол ұятсыздығын айтып ұялтып отыр. Сенің шешең ғой, сенен де асқан зәнталақ...
Аңшы содан кейін бүркітіне ұрса бастады. Сен немене, бұдан бұрын қаншық көрмеп пе едің? Көргенсің! Қашаннан бері айтып келем саған: құйрығын шаншып ала жөнелгені түлкінің қаншығы болады. Оның, басы құйрығының түп жағында емес, қалай қарай жүгіріп бара жатса сол жағында. Құйрығының түп жағынан киліксең бет-аузыңа сарып кетеді. Сонсоң бір ай отыр үйде, әкең өлгендей болып салбырап... Қарағым Ұлпан, байлан мынаны...
Жасамыс бір түлкіге өзінің әйеліне ұрысқандай ұрысты. Мен сенімен бірге жасасып келем, сауыс-сауыс сардамбал кәрі сайқал! Саған не бар екен сонша бәлсініп. Кәрі Мүсірептің көзіне ілінген екенсің, жата кетпейсің бе?..
Бұдан әрі аңшының сапырынды сөздерін естігісі келмей Ұлпан үйіне қайтты.
— Ағай, мен маралымды көре қайтайын деп едім...
Ұлпан маралдың ізіне түсіп келе жатыр еді, түрікпен Мүсірепті сонадайдан таныды. Екі иті соңында, аяң-жортақпен ақырын келе жатыр. Басында қара елтірі берік, қара құлын жарғақ, аяғын безеп басатын сал жирен ат Ұлпанға әбден таныс болып алған. Ұлпан қуанып кетті. Бұл кісімен еркін қалжыңдасуға болады. Қақпан құрмай, қалтарыссыз қалтқысыз сөйлеседі. Жақсы көретінін жасырмайды да. Онысында қауіп-қатер де жоқ. Ұлпан да оны жақсы көреді.
Бұл жақсы керудің бір таза түрі. Екеуі де білетін, біріне бірі айтпайтын, өмір бойына үнсіз кетер түрі. Үлкендік те, кішілік те бөгет емес, басқа бөгесін де жоқ. Мұндай жақсы көру — қашақ құмарлығынан жоғары да таза тұрады. Еркелете білетін аға мен еркелей білетін қарындас арасындағы жақсы көру сияқты. Неден екені, неден басталғаны белгісіз. Ұлпан мен түрікпен Мүсірептің арасы осылай бола бастап еді.
Ұлпан қатты шауып келген бойы:
— Мүсіреп аға, қасқырға тым кеш шығыпсыз ғой?— деді.
— Қасқырға емес, саған амандаса кетейін деп келе жатырмын, қарағым. Ертең елге қайтатын едім.
— Елге? Бізді осылай тастап кетесіз бе?
— Тастап дегенің не, айналайын-ау... Сені кім қиып тастап кетер! Ұзамай қайтып келемін.
— Бәрібір, бүгін біздің үйде боласыз. Кетпейсіз. Мен сізге бір құшақ қурай кесіп әкеліп қойдым... Неше түрлісі бар! Кепкені де, шілік арасында балғын тұрғаны да бар...
— Болсын, Ұлпанжан, болсын...
— Ол кешке болады. Оған дейін қасқыр қуғанды көрсетесіз.
— О да болсын... Қасқырдан қорықпайтын ба едің?
— Сіздің қасыңызда жүріп қорқамын ба?
— Е, жарайды, қалқам... Бірақ, менің айтқанымнан шықпайтын боласың,!
— Көндім, Мүсіреп аға, көндім. Құлыңмын құлақ кесті...
Мүсіреп атынан түсіп, Ұлпан астындағы аттың айыл тартпасын дұрыстап тартып берді. Үзеңгі таралғысын аз ғана ұзартып жатқанда қолы қыздың аяғына тиіп кетіп еді, жып-жылы екен. Жылылық бүкіл денесіне лап беріп еді, қолын тез тартып алды.
— Ал, енді жөнелдік.
Екеуі желе-шоқыта қатар келе жатыр еді, Ұлпанның көзіне маралдың жаңа ғана жүрген ізі шалынды.
— Мүсіреп аға, маралымды көресіз бе?
— Көр десең көрейін.
Енді Ұлпан алға түсіп кетті.
— Шөге, шөге, шөге!..
Марал шілік арасынан атып шықты да, ордаңдай жортып ашыққа шығып тоқтады. Бунақ-бунақ сарғыш мүйізі күнге шағылысып, алтын қанжардай жарқырайды екен. Аңшы Мүсірептің «Алтын мүйіз ақ марал» дегені содан болу керек. Аппақ ақ марал емес, қысқа қарай ақ қылшықтанған, ақ маңдайланған, бозғылт түсті.
Марал Ұлпанның таныс даусынан шошынбай-ақ кезге түсіп еді. Енді таң қалып, сескене қарап тұр. Мына қыз да ит ертіп жүретін болғаны ма? Пәлі, қасында еркегі де бар. Еркек біткен біздің жауымыз. Бір жақсысы иттерін айтақтаған жоқ. Мынау екі сары ала нағыз дал-далыңды шығаратын пәленің өзі болар!..
— Шөге, шөге, шөге!..
Жоқ, бүгін мен сен қызға еркелеп секіріп-қарғып ойнамасам керек. Төрт аяғым түгел ата жөнелгелі тұр. Еркелесін десең жалғыз кел. Итіңді әкелме!..
Марал бір-ақ жалт етті де жоқ болды. Иттер оны көрді де малға санады, қуған жоқ — ешкі ме екен? Жоқ теке болар...
— Сұлу-ақ екен!— деді Мүсіреп.— Бүкіл денесінде бір келіспей тұрған жері болсайшы! Қандай жарау, қандай сымға тартылғандай сұлулық. Осының сұлулығына қызықпай, көзге түссе-ақ қуа жөнелеміз. Сұлуды сойып етін жейміз.
Ұлпан қазақ жігіттерінің сұлу деген қызға қандай еш болатынын айтқысы келді де, өз тағдырына тұспалдаған болып шыға ма деп іркіліп қалды. Өз қара басы ондайға ұшырамағанымен жас кезінде сұлу атанған жеңгелерінің бетіне кетпес күйе жағылып қалғандарың қалай қор болғандарын білетін.
Екі сары ала ит жер мен желді иіскелей жүріп, бір-бір қарап қалды да желге қарсы қаттырақ жүгіре жөнелді.
— Ал, Ұлпанжан, иттер бірдемені сезінді. Қазір бір жерден қасқырды айдап шығады. Сен қасқырды қуа жөнелген иттің соңынан ере бер. Жарты шақырымнан артық жақындама! Қасқыр ағашқа, не көлге қарай оралса, алдынан шығып бетін бұрам деп әуреленбе. Иттің соңында бол. Қасқыр он шақырымдай қашып барып ағашқа бұрылады. Сол кезде бір жағыңнан мен де шыға келермін.
Мүсіреп пен Ұлпан қатар шауып келеді. Қалың орманнан алыстап талды-шілікті ойпаттың арғы қабағына шыға бергенде Ұлпан Мүсірепке жалт қарап:
— Ойбай, аға, бір ит тұрып қалды,— деді.
— Ендеше ұмтыл, шап! Сонау қылаңдап жалғыз кетіп бара жатқан сары аланың соңынан қалма!
Ұлпан құйындатып жөнелді. Атпен бірге жаралғандай ұшып барады. Барыс иесіне көрінбей кетті. Садақ қасқырдың исін алыстан сезініп бірталай қиғаштап кетіп барады. Мүсіреп соның соңына түсті.
Садақ әшейін ойнап шауып келе жатқандай. Тәңірі деген қаншық әшейін!.. Жарау болар, қоян жепті. Бірақ, Барыс біраз жүгірер. Жақында ағаш та, көл де сезілмейді. Қаншықтың аты қаншық, қаша береді бетімен. Сол ит қаншық — бұлталаққа салып, бір олай, бір бұлай қашып әурелемесе жарар еді. Е, Барыс ол еркіне жібере қоймас. Қыз да жақын бара жатыр. Барыстың исі мен қыздың иісі кейде бөлек, кейде аралас келеді. Әй, қаншықтың иісі-ай! Мұрныңды жарады. Қыстың орта кезі болса қаншықтың иісі тіпті күндік жерден танылады. Сол кезде бір кездесіп көрер ме еді өзімен...
Ұлпан Барыстың соңынан манадан бері шауып келеді. Қасқыр мен иттің арасы едәуір жақындаса да әлі алшақ. Шабысқа жаралған жазық дала, ат тізесінен келмейтін ақша қар итке де, қасқырға да ауыр емес. Тізгінді босатса «Мұзбел торы» қасқырдың адымын ашырмайтын сияқты. Бірақ, онда не болар еді? Ал жеттің қасқырға, қамшымен соғып аласың ба? Ұлпан тіпті тірі жәндікке қамшы жұмсап көрген жан емес. Қасқырдың бетін бұрам деп әуре болма деген сөз тағы есінде. Мүсіреп оны қадағалай тапсырған. Шынында деймін-ау, қасқырды қуып жетіп барсам, ол ғой қарсы тұра қалып, аузын арандай ашып секіреді маған қарай! «Қызды керсем қызыл өңешім қышып кетеді, қылғып жіберем де жүре берем!» дейтін осы қасқыр емес пе!.. Құдай-ай, сақтай көр!
Ұлпан сары ала иттен көзін айырмай шауып келе жатып қай жаққа, қай бетке қалай шығып кеткенін аңдамай қалып еді. Қашып құтыла алмасын сезінген қасқыр талай жортқан қалың ағашқа қарай ойыса бергенін де білген жоқ. Енді бір кезде абайласа алдында қалың қара орман көрінді. Бұл қай жердегі орман болды екен? Ит пен қасқырдың арасы да жақындап.қалыпты. Ол екеуіне өзі де жақын келеді. Әттең, орманға қасқыр бұрын кіретін сияқты. Сары ала ит орманға дейін іліп түспесе, қасқыр құтылып кететін. Шақырымдай ғана жер қалды. Айғай салу керек шығар? Кімге? Қасқырға ма? Мүсіреп ағай көрінсе бір жөн. Ол кісі көрінбейді. Қасқыр құтылатын болды. Жарты-ақ шақырым қалды ағашқа... Оқ бойы... арқан бойы... Құтылды-ау, қан жауғыр... Қой, ұмтылмаса болмас... Өй, мына бір апалаң-топалаңы немене? Қар бұрқырап кетті ғой. Қасқыр қайда, апанына кіріп кетті ме? Сары ала ит те екеу болып кетті. Қасқырдан айрылып қалып екі сары ала өздері таласып жатқандай алай-түлей...
Ұлпан ағызған бойы үстіне келіп қалғанда екі сары ала қасқырды көріп тастаған еді. Ұлпан иттерге аз-ақ соғылмай етті. Қасқырды да көрді. Көзінен жас парлап кетті. «Түу, құдай-ай!..»
Мүсіреп келіп жеткенде Ұлпан әлі көз жасын тия алған жоқ еді. Ықылықтап, өксіп қалады. Құдай-ау, не болды маған?..
Мүсіреп иттеріне де, қасқырға да бұрылмай Ұлпанның қасына келді.
— Ау, немене, жылап жүрмісің?
— Жоқ, Мүсіреп аға, жылағаным жоқ, көзімнің жасын тия алмай жүрмін,— деп тағы бір өксіп қалды.
— Ондай бола береді, айналайын. Атың бәйгеден келгенде, итің қасқыр алғанда көзіңе ие бола алмайсың. Атыңды аяңдатып, алысырақта жүре тұр...
Мүсіреп иттерінен қасқырды айырып алып, ішін ақтарып тастады да, ақ қарға етпетінен салып біраз сүйретіп қан-жынын кетіріп болған соң Ұлпанды шақырды.
— Бері кел, байлан мынаны!
— Жоқ, Мүсіреп аға...
— Жоқты қоя тұр. Бірінші соғылған аңды аңға бірінші рет шыққан адамның қанжығасына байлап алып қайтады. Ырымы сол. Әйтпесе, қыз балаға қасқыр байламайды.
Ұлпан амал жоқ көнді.
— Қалай, Ұлпаш, қасқыр қуғанның қызығы бола ма екен?..
— Болады екен... Қуып келе жатып қорқасың, қорқып келе жатып қуа бересің... Тіпті даусың шықпай қалады екен...
— Ендігәрі қасқыр қуа қалсам, мен сені ғана ертіп шығармын. Сен айтқан жерімнен шықтың.
— Қасқыр ағашқа жақындап қалғанда жаным шығып кете жаздады... Айғай салайын деп едім, даусым шықпай қалды.
— Айғай салмағаның жақсы болды. Иесінің айғайына ит алаңдайды да екпінінен айрылады. Қасқыр ығыса түседі. Қасқыр мен ит қарсы келіп айқасып қалғанда да ит жағында тұрмай қасқырдың ту сыртына шыға берген дұрыс— қасқыр алаңдайтын болсын. Ал, жүрейік...
— Аға, енді сіз біздің ауылды таба аласыз ба?
— Неге таба алмайым?
— Менің басым айналып кетті. Айдалаға шығып кеткен жоқпыз ба өзі? Мынау бір мен көрмеген ағаш...
— Көргенде қандай, күнде көріп жүрген ағашың. Қасқыр сенен құтылмасын білген соң, манағы орманның шығыс жақ шетіне қарай бұрылды ғой.
— Маған ылғи тура қашқандай көрініп еді.
Осылай баяу жүріп, сөйлесіп келе жатып Мүсіреп бір кезде үндемей қалды. Ұлпанның бірер сөзіне жауап та қайырмады. Әзімен өзі, әлденені ойланып қалған. Ашық жүз, еркелете сөйлеудің ізі де жоқ.
— Мүсіреп ағай, сіз не ойланып қалдыңыз?—деді Ұлпан.
Мүсіреп оянып кеткендей Ұлпанның бетіне селт етіп қарады. «Мен бе?»—деді де тағы да үндемей қалды. Көзі Ұлпанда. Аяй қарай ма, аялай қарай ма? Апыр-ау, бір жат сөз айтып қалмаса қайтсын! Ұлпан сескене бастады.
— Ұлпан!—деді Мүсіреп, Ұлпанның көзіне тура қарап,— Ұлпан, сең мен қазір не айтсам да түгел тыңда, ойлана тыңда. Құлағыңа жақсын, жақпасын, түгел тыңдап ал! Бір ауыз сөз қоспай тыңда!..
Содан кейін өзінің Есеней жіберген елшілігін айтты. Дауысында не жанын салғандық, не жаны ашығандық жоқ, бір қалыпты қоңыр үнмен сөйлеп келеді. Әлденені қадағалап, әлденені елемеу де жоқ. Биыл күз жақсы, малға жайлы болды ғой дегенді айтып келе жатқандай бейжай...
Ұлпанға сол бей жайдың әзі қанжардай қадалды. Есенейдің көз айырмай қарайтынын білетін. Онысы әкесіндей адамның балғын жасқа қуана қарайтыны шығар дейтін. Бірақ, іші қымсына беруші еді, сездіріп жүр екен де... Көз алдына көп нәрселер келді. Ұлпанның өзі білетін дүниенің бірінші адамы атақты Есеней би... кем болса қырық жас үлкен адам. Ұрпақсыз қалыпты. Ағашқа асылып өлмесең, құтыла алмайсың. Есенейден арашалап алып қалар адам жоқ. Айтты — болды. Басың болса ие бер, тізең болса бүге бер...
Ұлпан бір түсініксіз күлкімен күле бастады. Тоқтай алмай күлді. Қуаныш күлкісі, ойын қалжың күлкісі бұлай болмайды. Бұлай күлгенінен де жылағаны жақсы болар еді. Жынданып кеткендей атынан ауып ар жағына қарай құлап кетіп барады. Мүсіреп Ұлпанның тізгін ұстаған қолына шап беріп өзіне қарай жұлқып қалды. Жындана бастаған адамды шошындыру керек.
— Қой енді! Тоқта!—деді ақырып.
Күлкісі тоқтап, Ұлпан атына оңдалып отырды. Үндеген жоқ.
— Ағашты енді таныдық ба?— деп сұрады Мүсіреп.
— Таныдым. Сонау көрінген біздің ауылдың түтіні болар.
— Несібелі жеңгей бауырсақ пісіріп жатыр білем, иісі мұрнымды жарып барады.
Мүсірептің бір-екі ауыз бос сөзді неге айтқанын Ұлпан бірден түсінді. Есі дұрыс па деп қауіптенетін болар. Жоқ, Ұлпан көнтерілі қыз, оңай адаса қоймас есінен.
— Мүсіреп аға, күлгеніме өкпелей көрмеңіз, күлкім келіп күлгенім жоқ. Енді Есеней ағаңа қайтаратын жауабымды айтайын: Есенейдің құрығы мойнына түсе қалса, оны алып кететін күш біздің азғана ауыл кірме Күрлеуітте жоқ. Құдай салды — біз көндік. Бірақ, ағаңның есінде болсын — Ұлпан арзанға түспейтін қыз.
— Болды, айналайын, болды. Қалғанын өзіне айтарсың,— деді Мүсіреп.
«Болды, болды» дегені несі екен?—деп ойлады Ұлпан. Есенейдің айттырғанына қуанып кетті деп ойлап қалды ма? Жоқ, олай ойламаса керек. Үлкендердің бір-бір ауыз сезбен түсінісіп қалатын салттары болушы еді, сол шығар... Әлде мені аяп, ағасынан да қызғанып кетті ме екен?..
— Мүсіреп аға, ол кісінің менің басыма келген бір бәле екенін біздің үйге бірінші келген күні-ақ сезіп едім. Кезін айырмай қарай беріп еді. Бір рет ұрттап алған шайы сақалынан шұбырып кеткенін де байқай алмай қалған. Сонда осы кісінің есі дұрыс па екен деп ойлап қалып едім. Сонымды сізден сұрасам, сіз не айтар едіңіз?
— Есі әбден дұрыс болмаса таңдау құрығы сендей қызға түсер ме еді?
— Немене, менен бұрын беті жылтыраған қыз көрмеп пе екен?
— Таңдарлық қыз әрі есті, әрі сұлу болу керек емес пе? Сұлулығы жеңсе, есінен айрылып қалатын естілігі жеңсе, сұлулығынан айрылып қалатын қыздар аз болмайды, Ұлпан. Естілігі толыққан сайын сұлулығы да толыға беретін қыз болады. Есеней құрығы қателеспепті.
Есенейден қанша безініп, атарға оғы болмай келе жатса да Мүсірептің өзін мақтағаны қыз көңілін жадыратып жіберді. Ұлпан үйіне әдеттегі ақ жарқын қалпында келді.
— Апа, Мүсіреп ағай ертең еліне қайтады екен. Өзіне арнап тай сойғыз. Бүгін осында болады, жібермеймін, — деді шешесіне.
— Е, сойса несі бар, сойғызайын, құлыным. Мүсірептен жақын ағаң болмас сенің,— деп шешесі де әлденені аңғарта сөйледі. Болғаққа бой ұсынып, болар жайға жалғау тастан айтты.
— Жоқ, жоқ, Несібелі, мал соя көрмеңіз. Бауырсағы итің мен шайың болса жетіп жатыр.
— Сойғыз, апа... Мүсіреп ағайдың иттеріне дейін тойғызып жібер. Ертең жүз шақырым жол жүреді екен. Жолда ел де жоқ көрінеді.
Содан кейін Ұлпан екі сары аланың қасқырды қалай алғанын ұзақ жыр қылып айтып берді.
— Әке-ау, Мүсіреп ағайдың иттері адамнан ақылды екен! Бірі қасқырды қуып кетсе, біреуі алдынан тосқауылдап, кездесетін жерлерін сөйлесіп қойғандай... Қасқыр орағыта қашып ағашқа енді кіре бергенде тосқауылдап жүргені алдынан шыға келіп бас салды!.. Мен жылап жібердім...
Шайдан кейін Ұлпан Мүсірептің алдына бір құшақ, қурай әкеліп салды. Мана дұрыс айтқан екен — кепкені де бар, балғыны да бар. Бәрі де таңдап жүріп тапқандай мүсіні түзу, ұшар басыма дейін бұтақсыз екен.
Мүсіреп екі қурайды таңдап алды да көшпелі елдердің ең бірінші күй аспабы — сыбызғы жасады. Біреуі төрт сүйем, біреуі — бес. Енді — до, ре, ми, фа, сол, ля, си — үш бұрыштаған жеті тесік жасап жатыр. Сыбызғының жуан жағын түпкі азуларына тірейді де дыбыс береді: до, ре, ми... домбыраның пернесін таққандай... Әр тесік өз орнында болмаса дыбысы жалған шықпақ. Қазақтың өз тілінде ешбір дыбыстың ғылымдық аты болмағанымен ән салатың күй тартатын елде дыбыс біткен түгел таныс болатын.
«Сүйір батыр»-—жорық, жауынгерлік күй, «Боз іңген»— ботасы өлген іңген зары... Ұлпан Мүсірепке жақын келіп отырып:
— Сыбызғыңыз әбден күйіне келді ме?—деп сұрады.
— Келді білем.
— Келсе «Алғашқым» деген күйіңізді тартыңызшы.
Мүсіреп көп жалындырған жоқ, тартып кетті. Күй «Алғашқым менің, алғашқым менің, алғашқым»— деп екі қайталайды екен. Кәдімгі сөзбен айтқандай онысы анық естілді. Оның ар жағын жүрегі итің мен жаның ғана ұғынатын сияқты. Күй сөзбен айтып ұғындыра алмас, тіл жеткізе алар ұғыныстар маңайлай алмас бірдемелерді айтады екен. Еркелетіп айтады, назданады, сағынады, сағындырады. Үн шырқап жоғары кетеді де, енді бір кезде қыр астынан үзіліп-талып әрең естіледі.
Ақ боз үйдің қасынан аттандырып.
Қош-есен бол дегенің естен кетпес...—
дейді білем.
Сөзбен көп қайталанып айтылған ойлар әрі-беріден соң құлағыңа кірмей қояр еді. Ән тілімен күй тілімен айтылған арман да, өкініш те, сүйіну-күйіну де қайталаған сайын бойыңа тереңдей тарап ерітіп әкетеді екен. Бойыңа тараған деген ойыңа тараған емес, жібек талындай ең нәзік жүйке тамырларыңмен тарап, бүкіл бойыңды шымырлатады деген мағынаны берсе керек.
Мүсіреп «Алғашқым» деген күйін әдеттегіден ұзағырақ тартты. Әкесі Артықбай «бұл өзінің күйі» дегені бар еді. Ұлпан да солай ұғынды. Қырыққа келгенше үйленбей жүрген адамның сондай бір өкінішті арманы болуға да керек қой. Сонымен бірге күй әркімнің де әр мағынадағы арман-өкінішін еске салады екен. Ұлпан осының өзі маған арналған күй емес пе екен деп те ойлап қалды. Әлде кімге еркелегісі келіп кетті. Несі бар?.. Күй тыңдап отырғандардың бәрі де әлде неге қуанғандай, кімге болса да бір жақсылық істегісі келгендей жадырап кетіпті. Екеуі ғана оңаша болса Ұлпан Мүсірептің мойнына асыла кетер ме еді, әлде қайтер еді? Қалай еркелер еді, не айтар еді сонда? Оны өзі де білмейтін, онысы айтылған да жоқ.
— Жылағым келді...— деп ішінен күрсінді де тынды.
Кешкі тамақтан кейін Несібелі мен Ұлпан Мүсірепті аттандырып салды.
— Қарағым қайным, Ұлпанымның жалғыз жақын ағасы сен болып қалдың. Көз қырыңды сала жүр,— деді Несібелі. Бұл мана ескерткен сөзі. Есенейдің айтқанына мойын сұндық, көндік дегені еді.
— Мүсіреп аға, тез оралмасаң, өкпелеймін. Сағындырмай тез орал!— деп Ұлпан жирен аттың жалын сипай берді. Бұрын «сіз» деп сөйлеуші еді, енді «сен» деп, туған қарындасындай жақындық білдіріп қалды.
Мүсіреп Ұлпанның бірінші рет шашынан сипады да, бір-екі рет арқаға қағып:
— Сен бұрын сағынасың ба, мен сағынамын ба, оны қулай білер... Қош, айналайын, қош, жеңеше! —деп атының басын тез бұрып алып жүріп кетті...
Мүсіреп кіріп келгенде Есеней қатты тұнжырап отыр екен.
— Қандай қырсыққа ұшырап бөгеліп қалдың?—деді Мүсірепке.
— Күйеужан, тым қатты кетпеңіз... себебі болған шығар... Қылауы түспеген құданы кім тез жібере қоюшы еді! — деп, Мүсіреп Есенейдің күткен жауабын да, қалжыңын да қосақтап жіберді.
Күйеужан, құда деген сөздер Есенейдің бар күдігін бірақ сыпырып тастағандай, кәрі бура жадырап сала берді.
— Бір ғана ескертетінім бар: Ұлпан арзанға түспейтін қыз! Барлық жайды өзімен сөйлесесің. Әке-шешесінде сөз жоқ.
Арзан-қымбаттылық дегеннің мәні басқада екенін түсіндіргісі келіп бір отырды да, Мүсіреп онысын іркіп қалды. Ұлпан өзі де жеткізіп айтар...
Артықбайдың, үйіне жақын әкеліп қондырғалы жарты aйға жақындап қалып еді. Екі Мүсірептің де кетіп қалды. Есенейді жалғыз тастап кетті. Екеуі де наразы кеткенге ұсайды. Біреуі істің басында болды да, қасында болғысы келмеді ме қалай? Екінші Мүсіреп «Мына бүркітім арықтады, басқа біреуін әкелемін» деп кетіп еді, әлі хабарсыз.
Елден қасында үш жігіті бар інісі Еменалы келіп еді, олардан ет жеп, қымыз ішуден басқа пайда болар емес. Сөйлесіп көңіл көтеруге де жарамайды. Аңға шықса далақтап л шауып, айғайлап, шулап аңды күндік жерден үркітіп жібереді.
Бұлар Артықбайдың ауылын Есенейдің, қоңсысы деп түсінетін болса керек. Несібеліге қожаңдап сөйлесе бастады. Есенейдің ойын әлі күнге тани алмай, жастар жағы кезек-кезек Ұлпанға қырындайды.
Еменалы ақымақ күні кеше «Мұзбел торы» атты ерттеп жатқан Ұлпанға:
— Әй, қыз, қоя бер атты! Бұл атқа сендей он қыздың құны жетпейді. Қоя бер! — депті.
Ұлпан аттың жүгенін сыпырып алып қоя берген екен Есеней жалынып-жалпайып қайтып алғыза алмай қойды.
Есеней бүгін інісі Еменалыны қуып жіберді, қоштасқан да жоқ. «Кет!» — деп ақырды да айдап тастады. Ұлпанның көңілін осы жібітер деп ойлады.
Онсыз да үзілді-кесілді жауабын айтпай созбаққа салып келе жатқан Ұлпанға Еменалының қылығы, әрине, естен кетпес қорлау еді. Есенеймен терезесі тең адамның қызы болса, Еменалысымен бірге Есенейдің өзін де айдап тастайтын дөрекілік қой. Бірақ, Ұлпанға ол ой келген жоқ. Уәдесі уәде, сөзі орнында. Жастық қырқаларынан әлде қашан асып кеткен Есеней қыз ойының бірнеше түйіншектерін таба алмай жүр еді, соған тағы бір түйіншек қосты да қойды.
Қыз дегеннің мұндай қиын екенін кім білген! — деп Есеней де қиналып жүр.— Бес болыс Керей-Уақтың қандай қиын дау-жанжалы болса да бір ауыз сөзімен тындыра салатын атақты би бір қыздың көңілінде тағы не барын таба алмай жүргеніне әрі назаланады, әрі ызаланады. Әсіресе, «Ұлпан арзанға түспейтін қыз» деген жұмбағын шеше алмай қойғаны батып жүр. Ірбіт, Тобыл базарларының қайсысының қымбатшылығын айтады екен? Әлде... қызда қырық есекке жүк болатын айла бар дейтін еді, айлалап жүр ме екен?
Тым болмаса қарсыласса екен-ау! Онда оп-оңай мойнын бұрап тастар еді. Ол жоқ. Түсіне бермес жымию бар. Неше рет кездессе де қыз мойындап қойғанын айтады да одан әрі бір баспайды. Ойымдағыны өзің тап та, өзің айт дегендей етеді. Онысын таба алмай Есеней өзіне өзі ыза бола бастағанда Ұлпан:
— Алты ай қыс осыдан басқа не ермегіміз бар? Тағы да сөйлесерміз,— деп кетіп қалады. Тегі енді қос тізгінді өз қолына алып тегеурін көрсетіп жібермесе болмаса керек...
Есеней бүгін қыз көңілін түгел ақтарып, не тілегі болса да түгел орындауға ант етуге әзір, Ұлпанның келуін күтіп отыр еді.
Ақ үйдің ортасында от маздап тұр. Жұрт аяғы басылған шақ. Қасында екі жеңгесі, Ұлпан келіп кірді. Әдеттегі еркекше киімде емес, қыз киімінде келіпті. Есеней қуанып кетті.
-— Жоғарырақ, жоғарырақ отыр, Ұлпанжан...
Қартая бастаған адамның балаша қуанғанына жас жеңгелері бір-бір жымың, бір-бір қылмың етісті де шығып кетті.
Ұлпан бала күнінен еркек-шора болып ерке өсіп еді.
Көшпелі елдің қызы жасынан ат үстінде, Әр кезде шалбаршаң болатын. Мүмкін, өзінің қыз екенін де кейінірек сезінген болар. Бір туған аға, інісі жоқ, қыз екенін сезінгеннен кейін де еркек балаша қалыптасқан еркіндеу мінезінен оңай арыла алмаған. Бүгін ол Есенейге қыз баланың табиғи сылалығымен бірге еркек баланың өр мінезін де.ала келіп еді. Есеней «жоғары отыр» деді, Ұлпан да ығыспай терге шығып, Есенейдің өзінен жоғары отырды.
— Отқа жақын отырсаң етті.
— Отқа жақын отырған тоңғақ болады дейді.
— Күн суық қой.
— Мен тоңғақ емеспін, үйренгемін.
— Артекем қалай?
— Күнде көріп жүрген қалпыңызда...
— Маған ұрсып қоятын болар?
— Сізге кім ұрса алады?
— Ұрыспаса болды...
Осымен алғашқы беташар сөздер екі араны алыстатпаса жақындастыра алмай тоқталып қалды. Есеней күн бойы ойланған тегеурінге басқысы келіп:
Ұлпанжан, мен арзанға түспейтін қызбын дегенде не айтқың келді? Сол қымбатқа түсерің дүние малы болса да атын аташы! — деді.
— Мені ешкім сатпайды да, мал да алмайды. Әке-шешемнің өз малын бағып алуға да шамасы жоғын білесіз емес пе!
— Сонда не болғаны?
«Не болғаны?» Нағып түсінбейді екен? Мен тоқал қатын болып босағада отырар дей ме екен? Әлде мені бәйбішесінің сарқытын күтіп көзін сүзіп отыратын күңдікке көнер дей ме екен?»
Есеней таба алмай жүрген жұмбағын Ұлпан өзі айтуға бел байлады. Қалтарыс қалдырмай, түгел айтпақшы болып:
— Сіз мені алып барып қай үйіңізге кіргізесіз? — деді.
— Отау үйге кірем десең, отау үй бар. Үлкен үйге кірем десең, үлкен үй бар. Қалағаның сенікі болсын.
— Жоқ, маған оңаша отау — ойнақ үй керек емес. Мен үлкен үйге кіремін, төрінде отырамын. Соған туысқандарыңыздың көзі үйренер ме екен?
— Бір-ақ күнде үйренеді. Есеней ордасының бәйбішесі сен боласың.
— Ол үйде отырған бәйбішеңіз бар емес пе?
— Жоқ. Мен Өреліде тұрамын, ол кісі Сөреліде тұрады. Арамыз, құдайға илансаң, жеті жылдық жол.
Есенейдің жұмбақтап айтқанына Ұлпан ойланбай-ақ түсінді.
Өрелі ат деп бір алдыңғы аяғынан, бір артқы аяғынан шалыс шідерленген атты айтады. Бұл күнде естіп жүрген сөзі. Ондай ат бос та емес, түгел тұсаулы да емес. Есеней өзін солай өреленген атқа теңеді.
Сөре деп жаугершілік заманда өлген адамдарды мекеніне апарып жерлегенше қалдыра тұратын жарым үй — жарым жаппаны айтады. Сол кездерден қалған «Сөрелі» деген жерлердің талайын Ұлпан өзі де біледі. Әкесі Артықбай — Қотсұқ келіп қалмағанда, соңғы жараланғанымда мен де бір сөреліде қала барар ма едім, әлде қайтер едім деп отыратын. Есеней бәйбішесін өле-өлгенше бөлек тұратын жерге айдап тастаған ғой...
Арамыз жеті жылдық жол дегені — Жеті жылдан бері осылай тұрамыз дегені де. Әйтеуір Есеней құрығынан құтылмасына бой сұнып қойған Ұлпан ең болмағанда тоқал емес, үлкен орданың бәйбішесі боларына көзі жетті.
— Есеней,— деді Ұлпан. Бұрын сіз деп сөйлеуші еді, мұнысы бір табан жақындағанын аңғартқандай шықты.— Есеней, екеуміздің арамызда ең кемі қырық жылдық айырма бар. Осыны ойладың ба?
— Ойладым, жаным. Қырық жыл болса қайтейін? Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен болып қаларсың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр... Мен саған сұлу деп, жас деп қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба, оны өзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы түннен бастап менің Есенейім сенсің!
Ұлпан Есенейдің соңғы сөздеріне ырзашылық білдіруге ыңғайланып еді, құман, леген көтерген астау толы ет көтерген жігіттер үйге кіре берді. Ұлпан сол ырзалық білдірер көзімен күлімдей қарап қара шұбар бетті бір сипап өтті де тоқталып қалды.
Жігіттердің артын ала Сәдір Артықбайды көтеріп әкеле жатыр. Кейінірек қыз шешесі Несібелі кірді.
— Жоғарылаңыздар,— деп Есеней тұра келіп, терді қонақтарына ұсынды. Мұнысы әр қонаққа көрсетілер қошеметі емес, күйеу ибасы еді. Созбақталып келген әңгіменің аяқталып қалғанын сезінген әке-шеше терге шықты. Енді бұлар әр уақытта Есенейдің төрінде отырарын мақтаныш етеді де. Енді бұлардың панасы «Қаршығалының» қара орманы емес, Есеней боларын мақтаныш етеді де. Енді кәр! шойнақ бай Артықбай атанады, соны мақтаныш етеді де. Ол мақтаныш белгісі әзірше әке жүзінде де жоқ, шеше жүзінде де жоқ, қыз жүзінде де жоқ. Есенейдің ой түкпірінде ғана бар, күле жүріп күндей жүретін ағайын дейтін адамдарда ғана бар.
— Артеке, бүгін бір соғым сойып едік... Соның басын жұрттан бұрын сіздің алдыңызға тартып, батаңызды алуды лайық көрдік, — деді Есеней. Мұнысы да күйеудің қайын-атаға көрсетер құрметі еді.
— Ендігі бастың бәрі де алдымен сізге тартылады,— деп Сәдір де қостап қалды. Мұныкі де мән-жайды түсінген адамның сөзі.
Көзін ақитып бас келді. Төңкеріліп жалқындап қазы-қарталар келді. Қымыз ішілді, шай ішілді. Артықбай батасын берді.
Шай артынан Ұлпанның бір ескерткені есіне түсіп, Есеней Артықбайға қарап:
Отырғандар түгел таңданысып қалды. Мырзалығы ма? Әлде жасы келіп қалған адам түптердің түбінде үй ішілік ырың-жырыңнан сақтанып Ұлпанның еншісін күн бұрын беріп қойғысы келді ме екен? Қалайда бұл Есеней ғана істей алар іс. Қатал еді, озбыр еді, енді жан жүрегі жібиін дегені де. Мың жаса, алтын Ұлпаным!
— Есеней шырағым, мұныңа жете түсіне алмасақ та қатын екеуміздің көңілімізді бір-ақ тындырдың. Найзаласар жай жоқ, іштен тынып отырған жайым бар еді. Қызың тастап кетпесе, мен тастап кетпеймін дедің, болды! —деп Артықбай кезіне жас алды.
Сібірдің генерал-губернаторынан келген алтындатқан зерлі шапанды алтын медалімен бірге Артықбайдың арқасына жапты да, шалды Есеней үйіне жөнелтіп салды. Ұлпан үйіне қайтқан жоқ.
Көптен зығырданы қайнап ішіне жиналып қорлана берген ашу енді өзінің, қарама-қарсы кері ағысына ауысқандай, Есеней қазір өте жұмсақ, өте ақ көңіл еді. Қонақтары тараған соң Ұлпанның қасына жақын келіп отырып:
— Ұлпанжан, менің еншімді бөліп бергені несі деп ойлап қалма. Бұл еншің емес, сыйлығым. Басқа дүниені екі Есеней бірге билерміз. Мына қосты өзің оңаша биле, маған қарайламай биле,— деді.— Алдымен кемпір-шалымыз еш нәрседен тарықпаса, маған сол болады. Мен баласы жоқ, ұрпақсыз қалған адаммын. Ұлым да, қызым да, жарым да жалғыз сенсің, күнім... Күнімдей жарқырап, ел-жұртыма кейде айбынды, кейде мейірімді қарап ордамызды жалғыз толтырып отырсаң, құдайдан сұрар басқа бір тілегім жоқ. Тіземді жастанып, жантайшы маған қарай...
Ұлпан Есенейді аяп та кетті, Есенейдің үлкен адам екендігіне қызығып та кетті. Басқа адам кім болса да Есеней бола алмас еді. Еркекке тіс те керек, іс те керек. Білек те керек, жүрек те керек. Күні өтіп бара жатқан кәрі тарланда мұның, бәрі де бар екен әлі. Шіркін-ай, бұдан қырық жыл бұрын қандай болды екен? Бұған кездеспегенде кімге кездесер едім? Сөз жоқ, бір жасқа кездесер едім. Сол жасым Есенейдің оннан біріне тұрар ма еді? Кім білсін... жоқ, тұрмас еді!
Бір кезде Есенейді оғы болса атардай болып жүрген қыз, енді көнбесіне көніп болған соң, өз басын ақтар дәлелдер іздестіре бастады. Бұдан кейін көп сөз болған жоқ. Ұлпан басын Есенейдің тізесіне салып жантайып жатып:
— Енді кеп сөздің керегі не? Сибан дейтін өз еліңді, Күрлеуіт дейтін біздің елді түгел жинап той жаса да, бүгін айтқан барлық сөзіңді сол тойда түгел айт. Мен соққа ғана кіші Есеней атанармын,— деді. Есенейдің табақтай жалпақ қара шұбар беті қыздың аққу жұмыртқасындай аппақ бетіне жақындай берді. Ұлпан көзін жұмды.
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты.
Терекке жылы жүзбен амандасты.
Жыбыр қағып қозғалып, сылқ-сылқ күліп —
Қатынды алды, қитықсыз араласты...
Таң ата Есеней суға түсті.
— Сен де түс,— деді Ұлпанға. Ұлпан қарсыласқан жоқ.
Кәрі дене қызынды да суынды, Есеней намазға тұрды.
Жас дене суынды да қызынды, Ұлпан көрпе астына қайта кіріп кетті.
Есеней мен Ұлпан, Несібелі үшеуі қастарында төрт жігіт жолдастары бар Артықбай ауылынан салт шығып еді.
Орыс қалаларының шегіне жеткенде үш ат жеккен пәуескемен Тілеміс тосып жүр екен. Өмірінде арбаға мініп көрмеген дала қызы жатсыраған жоқ, төбесі жабық, ішкі жағы сары сапиянмен астарланған пәуескеге мінді де жүре берді.
Несіне жатсырайды? Өмірінде көрмеген байлыққа да жатсыраған жоқ қой! Есеней бере салған бір қос — бес жүз жылқының үшеуін беріп, үш жігіт аялдады да бақтырып қойды. Артықбай аулы ет пен қымызға молықты да қалды. Қазір екі жүз бие құлындап та тұр.
Байлық көзімен қарағанда Ұлпан тыр жалаңаш еді. Әжесінен шешесінен қалған ол-пұлдан қиыстырып берген «бір киері» бар. Бәрі көнетоз, бәрін де салт жүретін қызына шешесі Несібелі ықшамдап берген.
Есеней Ұлпанды жазғытұрым ұзатып әкетуге әзірленгенде Ұлпан оған:
— Сенің еліңе, осы ескі-құсқыммен бара берсем біреу болмаса біреу «жалаң бұт келмегеніне құдайға шүкір» демес пе екен? — деді.
Әйелге не керегін өмірінде бір рет ойлап көрмеген Есеней ұялып қалды.
Майымай, орта кезінде Тобыл базары ашылады. Қырық жылқы айдат —деді.
Ұлпан бұған да таңданған жоқ, айдатты да жіберді. Таңдап-таңдап семіздері мен көзге толымдыларын айдатты.
Несіне таңданайын? Байлық деген ішуге, жеуге, киінуге, адам сияқты тұруға жарамаса, басқа неменеңе керек!.. Биыл бай болсаң, ендігі жылы тақыр кедей болып қалуың да оп-оңай. Тоқтай тұр әлі, біраз көрейін, көрмегеніме көзім үйренсін, білмегенімді біліп алайын. Тоқтай тұр әлі...
Қазір бұлар сол Тобыл базарына келе жатыр. Есенейдің барлық базарлау жұмыстарын он бес жылдан бері басқарып жүрген Тілеміс орыс қалаларының шегінде пәуескемен қарсы алды. Есенейдің бұл құрметіне де Ұлпан таңданған жоқ. Таңданғанын білдіріп алса, ұят та болар еді.
Шынында Ұлпанның таңданып келе жатқандары да аз емес. Бірінші таңданғаны кәдуілгі қара жол еді... Ортадағы ат жүретін бір тармағы бар, екі шеткі ат жүретін тағы екі тармағы бар, үш тармақ болады екен!. Пәуескенің доңғалақтары шеткі аттар жүретін екі тармақты дәл басып келеді. Әдейі осылай жасаған-ау!.. Орыстар ғой... Көшпелі ауылдың қызы мұндай жолды көрмеген еді,
Ауыздықтарынан ақ көбік бұрқырап, қатар жегілген үш ат пәуескені ұшырып әкетердей ағып келеді. Салт жүргеннен анағүрлым тез! Салт атты жолдастары ере алмай қалды. Жүрістің мұндайы да болады екен-ау!.. Біресе аяңдап, біресе желіп, біресе шауып кету емес, бірқалыпты ұтымды жүріс.
Салт жүргенде бір-ақ аттың басы мен мойнын көріп көңілің көтеріңкі отырса, ,қатар ағып келе жатқан үш аттың дене сұлулығыитің қимыл-қозғалыс әсемдігін түгел көргенде сол көңілің тасып төгілердей болады екен! Әуелі жолды, одан соң үш ат жеккен пәуескені Ұлпан көңіліне бірге түйіп алды. Тоқтай тұр әлі...
Ұлпанның, тағы бір таң қалғаны орыс үйі еді. Есенейді жолдан тосып жүрген Тілеміс бір орыстың үйіне шай қойдырып тамақ әзірлеткен екен. Тап-таза екі бөлме. Сырлы еден күн түсіп тұрған терезелер. Барлық тамақты ауыз бөлмедегі үлкен пешке пісірсе керек. Мосқалдау, сары шашты, көк көзді әйел басында шот-аяғы бар темір көсеуді пешіне сұғып қалады да бір тамақты суырып алады.
Ашқылтым ақ қалаштар не деген дәмді! Ортасына ақ ірімшік салып пісірген дөңгелек нандар одан да артық. Өз ауылының өмірімен салыстыра отырып, қазаққа қарағанда орыстар ақ патшадай тұрады екен деп ойлады Ұлпан.
— Бұл үйдің қанша малы бар екен? —деп сұрады Тілемістен.
— О, тәңірі, түгі де жоқ. Бір ат, бір сиыры, төрт-бес тауығы бар. Аз ғана егін салады.
Ұлпан үйге қызықты. Қазақ-орыс қаласының, барлық үйлері осындай жайлы көрініп кетті. Ұлпанның ойына «орыс үйі» деген тағы бір түйін байланды. Тоқтай тұр әлі...
Дала қызы табиғаттың ең жас перзенті. Көзіне көрінгеннің бәрін көңіліне тоқып келеді. Ол не көріп, не біліп өсті? Кең дала... көк дала... сары дала... сағым. Төрт түлік мал... соғым. Қысы-жазы киіз үй. Ұзақ түндей өзгерісі жоқ өмір. Сары-ала етек сарпылтаңға көндігіп кеткен қазақ әйелі. Ұлпан да осыны көріп есті. Қазір оның көңілінде әлденелер оянып келе жатқандай еді. Тоқтай тұрайық әлі...
Тілеміс Тобыл өзенінің жағасына үш ақ үй, екі қараша үй тіктірген екен. Ұлпан бұған да таңданған жоқ. Үйлерді өз ойымен әр түрлі керегіне қарай бөліп шықты. Есеней отырар үй, шешесімен бірге өзі түсер үй, қонақ үй, ас үйлері...
— Өзің үлкен үйге түс. Апам екеуміз менің отауымда болармыз,— деді Ұлпан үйлерге жақындай бергенде.— Тамақ үлкен үйде, шай отауда болар. Кәне, түс... Түсе ғой, жолбарысым...
Есеней Ұлпанның нені болса да оңай түсіне қаларына риза болып, арбадан түсті де өзін қарсы алуға жиналған б:р топ адамдармен амандасуға тоқтап қалды.
Пәуеске Ұлпан түсетін ақ үйге жақындай бергенде бір қазақ әйелі сол үйдің түндігін ашайын деп жатыр екен.
— Ашпасын. Апам өзі ашады! —деді Ұлпан Тілеміске.
— Әй қатын! Әрі жүр! —деді Тілеміс әйелге. Өз әйелі болу керек, жекіріп айтты. Әйел тез жылысып кетті.
— Апа, түс. Түндікті өзің аш!
Несібелі әуелі күнге қарап, жел қай жақтан екенін абайлап барып түндікті ашты. Қызына еріп үйге кірді де таң қалды. Қара барқытпен оюлаған туырлық, өрнектеп тоқылған ызба баулар, керегені түгел орап алған, есіктен төрге дейін төселген түкті кілемдер... Төрде қатарлап жиналған жүк... Оюлы ақ киізбен қапталған сандықтар. Мойны сорайған жез құман, жез леген... Қалың кек жібек шымылдық... Үй іші жайнап тұр. Ұлпан үй ішіне көңіл аударып қараған да жоқ.
Үйге іле-шала кірген Тілеміске Ұлпан мақтау айтты: Артығы болса өзің білесің, жетпей жатқаны байқалмайды, Тілеміс аға. Атыңды атағаныма өкпелеме, мен Есенейдей бөрінің де атын атаймын.
Орыс әйелдерің Туламеш, Тиламеш дейтіндеріне құлағы үйреніп қалған Тілеміс: атын атағанды елеген жоқ. Осы Ерке тоқалым қалай атарын білмей өзі қысылып жүр.
— Жетпей жатқаны неге болмасын. Жата-жастана түгелденер әлі. Тобыл базарынан не керек болса да табылады. Бір үйір саудагерім бар. Қысылмаңыз...—деді де шығып кетті.
— Апа, жоғары шық. Үйдегі өз орныңа отыр. Бұл менің отауым. Есенейдің ауылына мені ұзатып апарғанда осы отауыммен апарасың.
— Күнім-ау, мұны қашан жасатып жүрсің?
— Апа, сен ештеңеге таңданбашы. Мен Есеней емеспін бе? Есенейге не қиын дейсің! Айттым — болды, жасалды да қалды. Ертеңнен бастап базар аралаймыз. Өзіңе не керек, әкеме не керек, үйге не керек, тартынбай айта бер маған. Бәрін алып беремін. Тек, таңдануды қой! Мен базарға Есенейге еріп келгенім жоқ. Есеней маған еріп келді!
Ұзатылып бармай жатып, айналасы бір-ақ қыстың ішінде Есеней сияқты адамның арыстанын илеп-билеп алған қызына Несібелінің таңданбасқа шарасы жоқ еді. Бірақ, таңданғанын білдірмейін деп аузын бір сылп еткізді де қойды. Ол таңданған емес қой...
Үйге әлгі түндік ашайын деп жүрген әйел кірді.
— Жуынасыздар ма?
— Жуынамыз... Сіз Тілеміс ағайдың әйелісіз бе?
— Ие.
Әйелдер беті-қолдарын жуынып, жол киімінен жеңілденіп болған кезде дастарқан, самауыр көтерген жігіттер келді.
— Біреуің Есенейді шақырып келші. Шайға келсін. Самауырды мына жерге қойыңдар. Шайды мен өзім құямын.
Есеней Тілемістен басқа екі ноғай, бір орыс саудагерін ертіп келді. Аттары Ғалиасқар, Ғалиолла, Глеб екен.
Шай үстінде қонақтардың көздері Ұлпанға әлсін-әлсін ауытқып қалып отыр. Қызы шығар... Әйелі ана кемпір ғой... Әкесі ме екен әлде ұлы атасы ма екен?.. Әлде осы қара шұбардың өзі... Қой, олай болмас...
— Ұлпанжан, бұл қонақтардың жұмыстары кеп, сауда адамдары. Асығыс екен... Анау орыс бәсіне келіссек, сенің жылқыларыңды түгел көтеріп алар едім деп келіпті,— деді Есеней.
— Төрт ат қырық сомнан сатылып кетті,— деп Тілеміс базар нарқын аңдатып қалуды дұрыс көрді.— Бірақ, төртеуі де таңдамалы аттар еді.
— Бұл кісі қаншадан береді?
— Отыз бестен.
Ұлпан іркілген жоқ.
— Алақан соғушы ма едіңдер, қайтушы едіңдер? Соға бер! — деді Тілеміске.
Глеб кетерінде басын Ұлпанға қарай бір шұлғып қалып:
— Мадам, бір қара түлкі, Париждің хош-иісі мойнымда! — деді де, Тілемісті ертіп шығып кетті. Ғалиасқар мен Ғалиолла ханымын поздравить иттіләр...
Ғалиасқар Ұлпанды ертең өз үйіне шақырды. Магазині бар екен. Әйелі, қызы бар екен. Базар аралағанда соларды ертіп жүрсе ешкім оларды алдай алмайды екен. Не керектің ең жақсыларын тауып береді екен...
Құда қаласа, қырық аттың ақшасы кімнің қалтасында қаларын қатесіз есептеп шығарып болған соң ноғай саудагерлер де кетті.
Тілеміс Ұлпанға бір құшақ қағаз ақша әкеліп берді.
— Базарлық! — деді Есеней Ұлпанға еркелете қарап.
— Қара түлкіні саған тымақ қылып берем. Жарай ма, бозбалам?
— Болды, жаным, болды.
— Мә, мына бір қағаз ақшаны да ала ғой, қалтаң бос жүрмесін...
— Ойбай-ау, қатын патшаның өзін беріпсің ғой!
— Қатын патша? Онда өзіме бер? Мына бір мұрты тікірейген еркек патшаны берейін.
— Жо-оқ!.. Сұлу екен... Тірі жанға берер ме екем!
Кәрі күйеуі мен қызының әзіл-қалжыңдары жараса кететініне Несібелі әрі таң қалады, әрі қуанады. Бұл үлкен адамның кішірейгені ме, кішкене адамның үлкейгені ме? Қызы Есенейді әрі билей, әрі еркелете сөйлейді. «Бозбалама дейді, «Жолбарысым» дейді. Есенейдің өзі де асқан ақкөңіл мейірімді адам болып барады. Бұл Есеней Несібелінің бұрын көрмеген адамы. Байлық, батырлық, аң құмарлық, билік дегендердің бәрі далада қалды. Бар қызығы жалғыз Ұлпан. Ақылдасары да, әйелі де, қызы да, тіпті шешесі де сол Ұлпан ғана.
Артекемнен асқан ақкөңіл адам болмайды. Өмірінде маған бір рет ұрсып көрген жан емес. Бірақ, небары сол-ақ. Қатын деген иттің күшігі сияқты, арқаға қағып, маңдайынан сипағанды жақсы көреді. Еркелеткенді жақсы көреді. Артекем оны білген емес. Апам айта беруші еді — қатын итті байы қамшылап-қамшылап алып артынан арқаға қағып бір сипап жіберсе одан артық рахат болмайды дейтін. Керегім болып қалса, Артекем «қатен!» дейді. Сол барлық еркелеткені.
Таудан Есеней Ұлпанға қараған сайын көзімен еркелетеді. Есенейім деп еркелетеді. Қыстың күні Ұлпан далаға шығайын деп жатса — бері кел!—дейді. Ұлпан жүгіріп келіп алдына тұра қалады. Бала болып кетеді. Есеней ең болмаса тымағының бауын қайта байлап береді. Салақ боларсың білем деп, арқасына бір-екі қағып қалып — енді бара бер дейді. Құдай-ау, сол салақ боларсың білем дегенді еркелетіп айтқанды кім естіген? Жаңағы қатын патша сұлу екен дегендері де Ұлпан ғой!
Осы күні үлкен Есеней жайына қалып, Ұлпан Есеней болып барады. Бірақ, үлкен адам кішірейген сайын үлкейе береді екен. Бұрын Есенейге жатсырай қарайтын, ығыса қарайтын жұрт, енді бір жаңа Есенейге кездескендей, жақындаса беріп келеді.
«Ағашқа мәуе бітсе бәсең-бәсең» дегендей, Ұлпаны да жібектей созымды болып барады. Есеней болдым деген ойын
на да кіріп шықпайды. Құдай-ай, ұзағынан, ұзағынан бере көр!...
— Ассалаумалейкем!.. — Мүсіреп үйге кіріп келе жатыр. Атынан жаңа ғана түскен қамшысы қолында, жол киімінде екен.
— Мүсіреп аға! — деп Ұлпан орнынан ұшып тұрды. Несібелі де тұрды.
— Түрікпенбісің, әй! Қаңғыбас, қайда жүрдің, осынша сағындырып! —деп Есеней қуанып қалды.— Шешін, төрге шық!
Әдетте жоқ, әйтпесе, Ұлпан Мүсірептің мойнына асыла кетер еді. Әдетте жоқ, әйтпесе, Мүсіреп те оны құшақтап сүйіп алар еді. Сағынысып қалған ағалы-қарындастай бірін-бірі көзімен аяласты, таза көңілдерімен аяласты. Мүсіреп шешініп төрге шығып отырды.
— Түрікпен сен де төрт аяғыңнан тұсалыпсың ғой! Тойыңа бізді неге шақырмадың? — деді Есеней.
— Тойды сендер келгенше тоқтатып қойдық. Жоқ жердей нәрестелі болып қалғанымыз... Шынардың содан қолы босай алмай жүр. Күні-түні соның қасында.
— Нәрестелі болып? — Есеней Мүсіреппен қалжыңдаса беретін еді.—«Қатының үйінен буаз келді ме?» деп сұрап қала жаздады. Бірақ, Ұлпаннан қысылды да:
— Е, қайырлы болсын,— дей салды.
— Ұл ма, қыз ба? — деп сұрады Ұлпан.
— Онысын әлі білгенім жоқ. Аяқтана алмай жатыр... Көзің тиіп кетеді деп Шынар маған да көрсетпейді.
— Аяқтана алмай? Қашан туып еді?
— Бүгін он екі құм.
— Он екі күнде бала аяқтана ма екен?
— Осы сен не оттап отырсың? — деді Есеней Мүсірепке.
— Ұлпан-ау, нағып түсінбедің? Түйесі боталаған ғой,— деді Несібелі қызына қарап.
— Түйесі боталап?..— Ұлпан көзінен жас аққанша күлді. Мүсіреп сияқты қадірлейтін адамы, ең жақсы көретін адамы, әлдененің күйігінен бір буаз қатынға үйлене салды ма екен деп ойлап қалып еді. Енді өз басындағы бір өкініштен арылғандай қуана күлді.
— Өзі бір салақтаған бірдеме. Аяқтары сереңдеген басын көтере алмайтын, денесі шұбатылған иір-шиыр болса керек... Шынардың үйінен ала келгені жалғыз ақ нар еді, аман-есен боталады әйтеуір.
Ботасы қандай, ақ па? —деді Ұлпан жас ботаға қызығып кеткенін жасыра алмай.
Аппақ болса керек. Тойымызда бас балуанның бәйгесіне тігерміз деп отырмыз.
— Сен немене, маған бас балуанға түс деп Ұлпанды қызықтырып отырмысың?
— Түссең несі бар? Қартайып отырмысың? Талай түскенсің.
— Түседі, түсесің? — деді Ұлпан Есенейді тізесінен қағып қалып.— Ақ бота менікі болады!
— Онда біздің тойда бас балуанға сен де түс,— деді Есеней Мүсірепке.
— Түсемін.
Осымен күреспей-ақ алатын бас балуандардың бір бәйгесі шешіліп қалды да, Ұлпан өзі қандай бәйге берерін ойлана бастады.
— Абысынымыздың аты Шынар дедіңіз ғой, Мүсіреп аға! Аты қандай жақсы еді!
— Аты Шынар болмаса алып не қылам!
— Пай-пай-ой! Бөсуіңе болайын! — деді Есеней.
— Бөскен-бөспегенімді көргенде айтарсың!
— Ұлпаннан да сұлу дегің келе ме?
— Әр әйел өзінше сұлу болу керек. Қара ат сұлу ма, торы ат сұлу ма демейміз ғой! Көркем дейміз, сұлу дейміз, ажарлы дейміз, сүйкімді дейміз, әдемі дейміз, сымбатты дейміз, бәденді дейміз... Соның бірінен бірінің артық-кемін кім айта алады?
— Еркектің көркі ақылында, әйелдің ақылы көркінде демейтін бе едің?
— Ол ескі нақыл ғой. Шынардың ақылы көркінде ғана емес, әйтеуір...
— Ұлпанжан, байқаймысың, мынаның өзінің есі кіріп қалыпты.
— Өзің де адам болып қалыпсың...
— Оның рас, Түрікпен. Мына кісі мені билеп әкетті біржола... Қалай айдаса, солай жүре берем. Бұдан былай мен кім болсам да осының арқасы. Сенің келіншегің де сондай ма?
— Қазір байғұстың ботадан қолы босай алмай жүр. Көзінің бір талығып-талмаурап қарайтыны бар. Бар айтарын көзімен айтады. Отын жоқ дейді — жүгірем... тезек теріп әкелем. Су жоқ дейді — екі шелекті ала-сала көлге қарай жүгірем...
— Жүгіретін шығарсың!
— Мен Мүсіреп ағай не айтса да сенем,— деді Ұлпан.
— Сен айттың болды. Мен жеңілдім,— деді Есеней.
— Мүсіреп аға, ертең менімен бірге базар аралауға уақытыңыз болар ма екен? Өз жұмысыңыз онша көп емес пе еді?
— Базарға бір ғана кіріп шығатын жұмысым бар.
— Мен немене, жалғыз отыра берем бе?
— Мүсіреп ағай күндіз менімен түнде сенімен болады. Үлкен үйдің айналасы толған жұрт. Күндіз сенің өз жұмысың да аз болмас. Керей-Уағың тосып жүрген көрінеді ғой. Әйтпесе, өзің жүр менімен.
— Жоқ, мен базар аралап көрген емеспін.
Ертеңіне Ұлпан шешесі мен Мүсірепті алып базар аралауға кетті. Пәуескеге міне бере Шынардың жайып сұрастыра бастады.
— Бойы қандай?
— Тап өзіңдей. Азғана талдырмаштау ма қалай... Сендей қасқыр қуған қыз емес, түйе жетелеп өсіпті.
— Мінезі қандай, жақсы ма? Жұғымды ма?
— Мінезі ме? Үркек емес... Ауылдың барлық кемпірлері «Айналайыным-ай!» дейді. Бала біткен «Әяй-апа!» — дейді. Мен өзім Ақмаралым деймін.
Ұлпанның есіне ақ маралы түсіп кетті де жылап жібере жаздады. Мүсірептің әйелін «Ақмаралым» дегені де әлденені елестетіп еді. Жайдан-жай солай атай салмаған болар...
— Мүсіреп аға, сіздің ауыл мен біздің ауылдың арасы алыс емес пе?
— Қай ауылыңды айтасың?
— Ойынға айналдырмаңызшы, аға... Есенейдің ауылын айтамын да.
— Жаз бойы жайлау көлдерінде бірге отырамыз. Қыстауларымыз бөлек, алыстау.
Кенеттен Ұлпан:
— Мүсіреп аға, сіз бай болсаңыз қайтер едіңіз, не істер едіңіз? —деді.
— Мен әуелі бай болмас едім,— деді Мүсіреп.— Байлық деген немене өзі? Азап қой! Бай адам күні-түні, қысы-жазы малын ойлайды да, өзі де малға ұқсап кетеді. Мінез-құлқы малында, адамдығынан айрыла береді.
Мүсіреп тағы бірдемелер айтпақ еді, таба алмады.
— Жоқ, сірағысын айтам, бай болсаңыз деймін.
— Білмеймін, айналайын. Әйтеуір өзімнің бай бола ал» масымды білемін де, соған қуанамын. Екі атым, екі бием, екі итім бар. Енді оған бір нар түйе қосылды. Ботамыз бар...
— Бота енді менікі!
— Сенікі, сенікі.
Қалаға кірген соң дала адамдарының көздері көрінгенге қарап тырағайлап кетті. Көрінгенге қарайды, ешбірін қадағалап ұғынып жадында қалдыра алмайды. Не деген көп дүние, не деген көп адам!.. Бәрі жат. Аттары да көрінгенге осқыра қарап, екі жағына кезек ығысып қалады. Делбе ұстаған Тілеміс өз білгенін айтып келеді. Мынау екі қабат тас үй бұрын гүбірнатыр тұрған үй. Мына бір шошайғаны кәп, күмбезі көп үйді шіркеу дейді. Орыстар осында шоқынады. Мына бір айналасында адам құжынап жүрген ұзын тас үй магазін. Дүниенің байлығы осында. Не керегің табылады...
— Тезірек кешегі ноғайдың үйіне апаршы. Бәрібір еш нәрсеге түсіне алар емеспін,— деді Ұлпан.
— Мен бай болсам, мынадай бір үй салдырар едім,— деді Мүсіреп, кішірек қана екі қабат тас үйді нұсқап.— Іші қандай тап-таза екен!.. Қорасының ішін қарашы — кілем төсеп қойғандай. Құдығы да қорасының ішінде...
Ғалиасқардың үйі тазалық дегеннің өзінен де таза, байлық дегеннің өзінен де бай көрініп кетті Ұлпанға. Нағыз татар тазалығы, тозаң тұрып көрмеген тазалық. Еш нәрсеге таңданбасқа бекінген Ұлпан әрең-әрең таңданбай қалды.
Татар әйелдері жеңіл киінеді екен еркін жүреді екен. Тілдері басқашалау, бірақ түсінесің. Ғалиасқардың өзі таза қазақшаға жақын сөйлейді.
— Хош келдіңіз.
— Рахим етіңіз...
Татар дастарқаны не деген молшылық еді! Үлкен дөңгелек столдың үсті толған түрлі-түрлі тамақ. Стакан, шашке қоятын жерлері ғана бос қалған.
— Ішіп отырыңыз, ашап отырығыз. Бұ Ғалиасқар мині һаман аптырата... Ирта білән қонақлар килә, хазірлән ди бит! Мин әйтәм, син ултірәсін мині, ултірәсін диім... Нишауа, нишауа, Разия-ханым, бик матур қазақ қызын курасін ди бит. Ишо русшылап қоя! Ашап отырыңыз әлі...
Шайдан кейін Рәзия-ханым қонақтарын Ғалиолланың магазиніне алып келді. Қазақ әйеліне не керек болатынын түгел ескерген саудагер «һеш бір магазинде жоқ» нәрселермен сауда етеді екен. Оюлаған сапиян етік, кебіс-мәсі, жібек шәлілер, барқыт қамзол, иіфәк келмәкләр... бәрі де Қазаннан килгән... Татарша тігілген киімдер қазақы киімнің сыпайыланған, әдеміленген түрі. Ұлпан іркілместен үш пар кестелі етік сұрады.
— Аяғыңызға киіп көріңіз... отырыңыз...
Ұлпан аяғына киіп көрейін деп еді, шұлғауы ескі екені есіне түсті. Өз етігіне сыртынан салыстырды. Құдай-ау, өз етігі қандай бұзаубас еді! Қалай киіп жүрген?
— Дәл екен. Шұлғаулары болсын. Апа, мына бір кестелі мәстің кебісін аяғыңа өлшеші...
Ұлпан өзіне керектің бәрін үш-үштен алып жатыр. Бәрі жаздық киімдер. Бәрі де қымбат болу керек. «Шынардың бойы да өзіңдей» деді ғой деп ойлап қояды. Тек қос етек көйлек, жеңді қамзаулар, желеңдер жоқ екен. Өзге дүниені өзіне де, шешесіне де қос-қосынан қопарып алды.
— Мұнда киім тігетін адамдар бар шығар?
— Ник болмасқа! Қазір!
Қазақ адам денесін өлгеннен кейін ғана өлшейді. Ақыреті құрғырдың ақ селдір бөзі табыла бермейді де, азды жеткізем деп қымқыра өлшейді. Тігінші Шәкір келіп бойын өлшей бастағанда, Ұлпан қозғалған жоқ. Шешесі ішінен «құдай-ай, сақтай көр!» — деп зар қағып тұрды.
— Үштән міни?
— Үш-үштен. Қашан бітіресіз?
— Биш күн кирәк бола инді.
Ғалиолланың есеп-шоты дамылсыз тырс-тырс етеді.
— Көк бархыт қырық биш аршын... Малиновый илли дөрт. Қызыл бархыт отыз үш... Жамғысы боладур... тоқыз юз етміш тәңкә жігірма биш тиын. Жигірмә биш тиын долой, тоқуз юз етміш бир тәңкә...
Ғалиасқардың үйіне қайтып келген соң Рәзия-ханым Ұлпанға жаңа киімдерін моншаға түскеннен кейін киюді кеңес етті. Монша дегенді естігені болмаса көрген еместі. Ұлпан шешесі мен бір әбиді ертіп моншаға кетті.
Монша деген қандай рақат еді. Жетім әбидің алақандары қандай жұмсақ еді! Сабындамаған, қолы бармаған жері жоқ. Сірке суымен шашын қалай жуып, тарап берді! Ертең де келіп түсемін. Арғы күні де келіп түсермін. Елге қайтқанша күнде келіп түсетін болармын! Ұлпан монша деген тағы бір түйіншекті көңіліне түйіп алды. Тоқтай тұр әлі...
Моншадан қайтып келе жатып, Ұлпан тарантаспен келіп тоқтаған Мүсіреп пен Ғалиасқарды көрді. Есік пен төрдей күрең ат көсіле жортып келіп тоқтады. Шоқтықты, жоталы-жонды, жаялы жылқы. Басын әсем шұлғып қояды.
Бөліскей темірмен жақтауланған қорапты арба да жұтынып тұр. Жарасымды екен.
— Мүсіреп аға, арба алғансыз ба?
— Атымен сайманымен қоса алдым. Ақмарал әдейі осыған жіберген.
— Атыңыз да, арбаңыз да әдемі екен.
— Көрімдік, ендеше!
— Құдай қолыма молырақ түсірген-ақты! — Ұлпан қуана күлімдеп Мүсірепке екі қағаз ақша суырып берді. Мүсіреп қарамастан қалтасына салды да:
— Ақмаралға ұнар ма екен? — деп сұрады.
— Ұнағанда қандай!
Қаладан үйлеріне қайтқанда Ұлпан Мүсірептің тарантасына мініп қайтты.. Пәуескесі магазиннен алған бұйымдарына толып та қалып еді. Оның үстіне қаланы кеңірек көргісі де келді.
Күрең ат еш нәрседен үрікпей-ығыспай, жұртқа бар сұлулығымен көрінгісі келгендей сылаң қағып келеді. Көшеден көиісге бұрылғанда төрт тағасы түгел күнге шағылысып қалады. Аяқтарын ұшынан басатындай.
Ертең маған да осындай ат-арба алып беріңізші, Мүсіреп аға Ат екеу босын.
— Жарайды. Арбаны көріп келесің, аттардың түсі қандай болсын?
— Өзіңізге ұнағаны маған да ұнайды.
Есеней бұларды: — Пай-пай, Түрікпен-ай!—деп қарсы алды:
— Қыс бойы аулаған қасқырларыңды сатып ат-арба алыпсың. Қатыныңды қалай асырайсың?
— Жақсы қатын байын өзі асырайды.
— Есеней, ертең мен де осындай ат-арба алатын болдым. Біздің аттар үркек екен— деді Ұлпан.
— Шаптым десеңші!
— Шабылдың, Есеней, шабылдың!
— Ие, не бітіріп қайттың?
-— Бәрін де бітірдім. Ақша да бітті. Бес күннен кейін үйге қайтамын. Оған дейін күнде қалаға барып моншаға түсемін. Сен де түсесің!..
Ұлпан айтқанын орындап, отауың жүгің сатып алған дүниелігін бір кеш түйеге арттырып, қос қара көк жеккен тарантасқа шешесімен екеуі қатар отырып өз ауылына қайтып кетті...
Аттанарда жалғыз тапсырғаны ақ бота болды:
— Мүсіреп аға, Шынарға сәлем айтыңыз: мен келгенше ботаны тірі жанға көрсетпесін! — деді.
— Ал, жас келін, ауылға дейін жаяулап барасың... Келін болып сынықсыған түріңді де бір көрейінші сенің...
— Сол сынықсу дегенің менің қолымнан келер ме екен деп өзім де қорқып келем... тек сен қарамайтын бол маған, жарай ма?
— Жарайды.
Келінді қарсы алуға шыққан қыз-келіншектер тобына жақындаған соң Есеней Ұлпан мен шешесін пәуескеден түсірді де, өзі ауылына қарай жүріп кетті. Пәуескеден кейін, тарантаста келе жатқан Ұлпанның жақын жеңгелері де сол жерде түсіп қалды. Есенейдің салт келе жатқан жиырмаға тарта жолдастары да ауылға қарай тура тартты.
«Бұл жұртта есектің миындай ми болсайшы. Шымылдық алып шығыпты, түге... Есенейдің бәйбішесі өз үйіне өзі шымылдық бүркеніп келіп кіреді дей ме екен?»—деп ойлады Есеней.
Жасыл-көк шымылдықты екі бақанға көріп ұстап, исі Сибанның қыз-келіншегі Ұлпанның алдынан шығып еді. Шымылдық алдында қос қабат барқыт қамзолдың сыртынан көк жібек тысты пұшпақ ішік киген Айтолқын—Еменалының әйелі, бойы шарғылау, бөктеріншектілеу болған соң, бүгін жаулығын биігірек етіп салыпты. Екі жағындағы екі жас келіншек жазғытұрғы жылынған күннің райына қарай жеңіл киінген — оқалаған сәукеле, жеңсіз қамзол, қос етек көйлек. Үшеуі де қабырғаласып ете берген Есенейдің пәуескесіне беттерін бұрып бір тізелеп сәлем етті. Пәуеске, әрине, үн қатқан жоқ.
Шымылдық Ұлпанға қарай, Ұлпан шымылдыққа қарай қарама-қарсы баяу жүріп келіп тоқтады. Мынау жаулығы қақырайған Еменалының әйелі болар... Қандай көр-жалқау екен? Табақтай бетінен сорғалаған тер жаулықтың алқымын қап-қара қылып жібергені сонша, сақалы бар ма деп қалғандай екенсің. Е, мына қыпша бел, сұңғақ бойы, қызыл шырайлы торғылт келіншек Шынар болар. Аяғында кестелі етік... Ие, сол екен... күлімдеп, іші-бауырыңа кіріп бара жатқан көз қарасы қандай әдемі еді! Ашаң да ашық жүзді, көз қиығының құйрығы аз ғана көтеріңкі... Сол жақ бетінде «бармақ баттысы» бар... Мүсіреп ағай сүйгенін тауып қосылған екен де.
Есеней ауылының жолы үлкен әйелі болып үйреніп қалған Айтолқын Ұлпанға да, Несібеліге де қарап амандасты:
— Денің, сау ма, шырағым... құдағи, үй-іштерің аман ба?.. — дей салды. «Сіз» деуге аузы бара алар емес.
Шашу шашқанда да:
Келіннің аяғынан, Қойшының таяғынан. Жақсылық, жамандық, Келіннің қабағынан, — деп тағы бірдемесін ескертіп қалды.
Шашуға таласқан жас балалар бәрі де қарны қампиған, ши борбай, ірің көз, қотыр-шотыр екен. Есеней ауылында осынша арық-тұрақ бала болар деп ойламаған Ұлпан таң қалды. Мұнысы несі, бұл ел жұтқа ұшырап қалған ба?
Айтолқынның бәлденіп, баптанып болуына қарамай, Шынар Ұлпан тобына барып қосылып қалды. Құшақтаса кетердей үзіле қарап келіп еді, Ұлпан да сондай күйде екен.
— Сенбісің-ей, айналайын? — деді.
— Мен ғой...
Айналайын-ай, қамдай бауырмал едің! —деп Несібелі Шынардың бетінен сүйді.— Өмірің өссін, қарағым...
Ұлпан мен Шынар бірін бірі манадан танып, көздерімен сөйлесіп, көздерімен шақырысып тұрған. Несібелі де шырамытып қалған екен. Ұлпанға қарап:
— Мүсіреп ағаңның келіншегі Шынар ғой,— деді, өзінің тани кеткенін де аңғартып.
Айтолқын да Ұлпаннан кезін айыра алмай тұр. Қызық киіне береді екен-ау!.. Басына ақ жібек шаршыны шәліге ұсатып жамыла салыпты да, үстінен сәукеле киіпті. Алқымы ашық... Мойным әдемі, еркектерге көрініп тұрсын дегені ме?.. Көтек!.. Қына сары жібек көйлекке қызыл жібектен бүрме жаға салыпты. Жетпей қалған ғой! Үстінде жапа-жалғыз қара-көк барқыт қамзол... Басқа несі бар дейсің, тәңірі. Бар болса киер еді ғой! Бір қос жылқы беріп алған сұлуымыз осы ма? Беті менің бетімнен ақ бола алмас. Үш ұл, екі қыз тапқаннан кейін көрерміз әлі. Әуелі сол бес баланы тауып көрсін!.. Ту сыртыңнан өтіп бара жатқан кезі қандай жаман еді. Жынды Мүсіреп несін мақтап жүрген!.. Аяғындағы кестелі етік қызыл-шұбар болмай, көк-шұбар болса қандай жарасымды болар еді. Аш-арықтың қызы Шынар да соның біреуін киіп алыпты. Кедейдің кербезінен сақта деген осы-ау!..
Айтолқынның қол сермеуіне орай екі жас әйел шымылдықты Ұлпанның алдына әкеліп ұстағалы оңтайланып келеді.
— Келін!— деді Ұлпан Айтолқынға,— келін, шымылдығыңызды әрі әкетіңізші! Мен өз ауылыма өзім шымылдық бүркеніп барғым келмейді.
Өзін үлкен бәйбішелер қатарында ұстап келген Айтолқынға Ұлпанның «келін» дегені Еменалының қамшысынан да қатты тиді. Еменалы оны қамшылап-қамшылап алатын.
— Не дейді?! «Ойбай-ай, көргенсізін-ай!»
— Елімнің жер-суың бала-шағасын көре жүрейін де,— деді Ұлпан даусын аз ғана жұмсартып.— Әрі әкетіңіз.
— Е, мейлің ендеше... «жұрт сөксе, өзіңді сөгер!»
Қыз-келіншектер тобы қозғалып кетті. Бәрінің алдында
Айтолқын жалғыз кетіп барады. Жұрт алдында абыройын текпей, кеш алдын бастап етпекші.
Ұлпан мен Шынар ақырын-ақырын күле сөйлесіп қатар келе жатыр. Көздерімен қолдарымен сөйлесіп келеді.
— Мүсіреп ағай мені ұзатып әкелуге келер деп едім...
— Егіннен қолы босамай, ағасын жіберді ғой.
— Егіннен?
— Иә... Бір жер сұлы егетіні бар екен де... Биыл бір жарты жер бидай да салды. Мен де егін салыстым.
— Бәсе, қолың жарылып кеткендей тиеді.
— Сенің алақаның да ақ мамықтай емес секілді.
— Менің ақ ботам қалай, бойын жинады ма?
— Ойбай, ойнақтай бастады.
— Ауылымыздың арасы жақын ба?
— Біз әлі қыстаудан көшкен жоқпыз. Сенің ботаң басыма бәле болды! Өзім келгенше тірі жанға көрсетпесін депсің ғой! Қораға тығып жанға көрсетпей отырмыз...
— Ой, кезіңнен айналайын!..
Енді екеуі алдарында кетіп бара жатқан Айтолқынды мазақтай бастады:
— Абысынымыздың өр көкіректігі-ай! — деді Ұлпан.
— Сендей басы-асау келінді басынан ноқталап алғысы келгені дұрыс та болар...
— Сең немене, мені басы-асау деп естіп пе едің?
— Естіген емес, бірге туған — бірге ескендей білемін сені.
— Мүсіреп ағай мені әбден жамандаған екен ғой!
— Мүсіреп саған шаң жұқтыра ма екен!
— Әй, сөк де мырзаңның атын атай беремісің?
— Өзі болмай ататтырып еді, енді үйреніп кетіппін.
Екі жас келіншек иіскесті, танысты, қалжыңдасты, білісті. Білісті де сеністі. Ұлпан ақырын ғана Шынардың санын шымшып алды. Екеуі ұмытылып бара жатқан Айтолқынға қайта көшті.
Қалың, кек көделі жерлерде Айтолқынның шоңқайма етігі тайып кетіп, ұршығы бұлтың етіп қалып келеді. Шоңқайманың биік екшелері кегжие-кегжие кейін қарай шалқайып кеткен екен.
— Аяғыңа кигенің шоңқайма етік. Тайып кетсе құлайсың шоңқай етіп, — деген өлең бар ма еді!
— Бар ғой. Кейде тоңқай етіп деп те айтады.
Екі жас келіншек мәз-мейрам болып іштерінен күлісіп алды. Неден екені белгісіз, екеуі де Айтолқынды көрген жерден жаратпай қалып еді.
— Тегі біздің абысын бір текті жердің қызы болар?
— Текті болғанда қандай Хан тұқымы дейді.
— Бәсе!..— Ұлпан одан әрі қазбалаған жоқ. Бар білейін дегені сол-ақ екен.
Есенейдің өз ауылы айнадай жарқыраған екі келдің ортасына, жазыққа қоныпты. Алты-жеті ақ үйдің ортасынан Ұлпан өз отауын да танып келеді.
— Сенің отауыңды тігісіп, жүгіңді жинасам деп өліп қала жаздадым... Ұнатпай жүрсең маған ұрсатын бол!— деді Шынар.
— Мақтанбай тұра тұр...
Ығы-жығы тігілген кеп үйлі қараша ауыл екі көлден де бір бүйір, шетірек қала беріп еді, Ұлпан сол ауылдың жайын сұрады.
— Мыналарың кім?
— Олар сенің малшыларың, қойшыларың, сауыншыларың, отыншы, сушыларың, жылқышы, сиыршыларың...— деді Шынар. Әдейі шұбыртып айтты.
— Менің бе?
— Енді сенікі болат та...
Ұлпан үндеген жоқ. Ұлпанның өз ауылы да шыр бітпе» ген кедей болатын. Бірақ, әркімнің өзімдікі дейтін азғана малы бар, қоңыр төбел үйі бар, бірінің қолына бірі қарамай, әр қайсысы өз тіршілігімен отыратын. Мына қараша үйлер қайыршының баспанасы сияқты екен. Бір дуанның атақты биі — асқан байы Есенейдің малшылары осынша жұтаң болғанына Ұлпан таң қалды. Әлде Есенейі болғаннан болмағаны жақсы ма екен? Астапыралла, ойыма не түсіп кетті...
Астапыралла дегенімен Есенейдің байлығы мен қараша ауылдың кедейлігі Ұлпан көңіліне қосақтала түйіліп қалды.
Есеней үйінің айналасы қаз-қатар отырған адам екен. Алты ауыл Сибанның еркек-әйелі түгел жиналыпты. Айтолқын арқан бойы алдарақ келіп Есенейдің үйіне қарап сәлем етті.
— Сең мен не істесем, соны істе!— деді Ұлпан Шынарға сыбырлап.
Ұлпан үлкендерге бұрылып бір тізелеп сәлем етті. Шынар да соны істеді. Ұяла-ұяла, бетін жаулығымен бүркемелеп сәлем етті.
— Көп жасаңдар... Құтты қадам тілейміз...
Бір жігіт үлкен үйдің киіз есігін ашқалы оңтайланып тұр екен. Айтолқын соған жақындап келіп:
— Аш!—деді.
— Өзім де ашайын деп тұрғаным жоқ па?
— Ашсаң, ашсайшы енді!
— Сен кейін тұр! Осы үйдің, бәйбішесінен бұрын кірейін деп пе едің? Кейін тұр!—Жігіт Айтолқынды шынтағымен ысырыңқырап жіберді.
Ұлпан үйге сәлем етпей кіріп еді. Төр жақта Есенейге жақын төрт-бес ақсақал отыр екен Ұлпан оларға да сәлем етпей, Есенейден аз-ақ темен барып отырды. Манадан бері Ұлпан не істесе, соны істеген Шынар төрге шығуға іркіліп қалып еді, Ұлпан: «Бері кел!»— деді. Шынар амалсыз үлкен үйдің теріне шықты. Қызарып кетіпті, көзін көтермей, есікке қарай бір қырын отырып қалды. Шынардың қасына Несібелі бастаған құдағилар отырды.
— Мүсіреп Сибан емес, Түрікпен... Саған Сибанның тері бәрі бос, Шынар,— деді Есеней қалжыңдап.— Сен тіпті мына шалдарға сәлем етпесең де болады.
Ең төрде отырған, күректей ақ сақалы күмістей жарқыраған, қарт адам:
— Ойнап айтсаң да олай деме, Есеней. Атаң Беспай үлкен келінін түрікпен жігітке жай берген жоқ та... ерлігі үшін берген. Мүсірептің өз әкесі Еламан да Сибанды қалмақтан қорғап жүріп қаза тапты. Еламанның моласындай таудай қара обаны қай Сибанның басына орнатып едік!— деп қарт күңіреніп кетті.
— Ойбай, қойдым, Бақа, қойдым.
Енді иемді айтып Ұлпанның көңілін көтеріп отырам деп Есеней қысыла бастағанда, сәлем беріп Мүсіреп келді. Ұлпан да, Несібелі де Мүсірепке тұра келіп ізет көрсетіп амандықты. Мүсіреп Несібеліге екі қолық бірдей созып амандасты да, Ұлпанды иығынан құшақтай тұрып маңдайынан сүйді.
— Құтты қадамың болсын, Ұлпанжан!..
— Мына Түрікпен қайтеді?—деп Есеней қызғанған болды.
— Онда сенің жұмысың болмасын! Жайыңа отыр — деді Мүсіреп.
— Әй, ойыны жарасқан құрбы-замандастар-ай!— десіп шалдар да мәз болып қалды.
— Ал, жоғары шық.
— Жоқ, мен Несібелі құдағиымның қасына отырамын.
— Әй, сең нағыз жындының өзісің... Ұлпанды қарындасым дейсің де, оның шешесін құдағи дейсің! Осыныңда шұнамдай қисын жоқ қой!
— Миың болса, ойла да тап!
— Түу, мынаған сөз етпес!
Мүсіреп Несібелінің қасына отырып, Артекеңнің амандығын сұрастыра келіп:
— Қайран Артекем, келе алмаған екен— деп тоқтады.
Келе алмады, шырағым. Дені сау, Мүсіреп інім келіп кетсін деп әкем сәлем айтты,— деді Несібелі.
— «Қайраң көл» басына барып қонған соң жайлауда тұспа-тұс боламыз. Сонда барып қайтамын.
— Шынар да барады,— деді Ұлпан.— Біз де барамыз.
Мүсіреп аузына түсе кеткен бір ескі әнмен:
— Есенейдің басында алтын ноқта!..— деп азғана созып тұрған болды да, әнді көтеретін жеріне даусы жетпесін сезініп өзіне өзі:— ноқталандың, Мүсіреп, сен де тоқта...— деп салды.
Мүсіреп елең шығара да білмейді. Өлең айта да білмейді, даусы жоқ. Бірақ, өзі серілеу адам болған соң әнші-өлеңшімен көп кездескен. Ән мен өлеңді ұғына тыңдайтын. Жадында көп нәрселерді жатқа ұстап қалған адам. Реті келіп қалған соқ Есенейге сол жаттамаларының бірін айта салды.
— Уа, екеуіңнің басыңа да алтын ноқталарың жарасып тұр. Біреуің Артықбай батырдың қызы, біреуің Шақшақ бидің қызы болсаң, Сибанның маңдайына құдайдың өзі бере салғаны да, қолдарыңды қақпаспыз. Ноқталарыңның, бауы берік, бәріңе де қайырлы, құтты болсын!— деп Бақберді қарт қолын жайып батасын берді.
— Ақсақал-ау, мұныңды Мүсірепке арнап айтсаң бір жөн еді, мені қоса ноқталап бердің, ғой!— деді Есеней.
— Алдымен сені ноқталау керек, Есеней! Мүсіреп бір баланың маңдайынан шертіпті деп естіген емен.
— Ендеше, оны неге ноқтала дедің,?
— Е, тәңірі деген келінге көңілім толып кетті де, бірде болмаса бірде қабағын шытып жүрмесін дегенім де...
Қарт адам Есеней мен Мүсірепке әлденелерді қалжыңына қоса тұспалдап айтып болған соң орнынан тұра берді.
Ұлпан да орнынан тұрып кереге бастарына көзін қыдырта қарап еді, қаз-қатар ілінген ішіктер тұр, шапандар тұр екен... Ұлпан бір қымбат зерен шапанды алып шалдың иығына жапты.
— Айтқаныңыз келсін, ата...
Шалдар кеткен соң Ұлпан орнына отыра беріп Шынардан:
— Ей, сен Шақшақ бидің қызы ма едің?—деп сұрады ақырын ғана.
— Жоқ-е, тәңірі... кейін білерсің, айтармын.
— Құдағи, той өткен соң, басқа ешкімнің үйіне бармай тұрып әуелі біздің үйге келерсіз. Мына кісі,— деп Шынарға бір қарап қойды да,— осылай қадағалап шақыр деп тапсырып қойды маған, — деді Мүсіреп.— Ұлпанды өзім шақырамын деген...
— Шақырды, шақырды,— деді Ұлпан.— Тек мен әлі Есенейге айтуға үлгірмей жатырмын.
— Е, сені шақырса болды ғой. Мен де қалмаспын,— деді Есеней Ұлпанға еркелете қарап.
Қымыз манадан ішіліп жатқан. Енді дастарқан жайылып самауыр келе жатыр. Ұлпанға таныс Тобыл базарынан өзі алған алтындатқан шыны аяқтар, шай қасықтар, өрік мейіз, қант салған сауыттар. Тобыл жағасына бір тігіліп қайтқан Ұлпанның отауында қызмет еткен жігіттер...
— Мен бір күн тыныш отыра тұрайын да, шайды сен құй!— деді Ұлпан Шынарға.
— Құдағилар, терге шығыңыздар. Енді бұл үйге кім келсе де қозғалмаңыздар,— деп Мүсіреп құдағиларды төрге алып барып отырғызды да, Есенейге:
— Сен ғой, өз үйіңде де Есенейсің! Күйеу дегеннің әдеп-ибасынан хабарың жоқ,— деп тоқтады.
— Құдай соққан-ау, маған не қыл дейсің? Бұл кісілер келгенде терде әлгі ақсақалдар отырды ғой. Ұлпан-ау, осы екеуіңнің араңда бірдемелерің бар ма өзі, мынаны неге басыма секіртіп қойдың?
— Бар...— деді Ұлпан әдейі кідіріс жасап, күлімдей қарап:—бар... мен қарындасымын, Мүсіреп жан деген жалғыз ағайым!
— Енді түсіндің бе? Ұмытпа!—деп Мүсіреп Есеней мен Несібелінің арасынан келіп отырды,— Мен Артекеңнің орнына сыйлайтын адамыңмын.
— Қайнағаға жарыған екеміз!..— деп Есеней қарқылдап күлді.
— Өз обалың өзіңе! Әуелі көрмей, білмей соқтығып па едің!
— Қол көтердім, қойдым, ойбай... қойдым Есеней болуды.
— Жоқ, жоқ... сен тағыңнан тым ерте түспей отыра тұр, Есеней,— деді Ұлпан еркелей сөйлеп.— Той өткенше сен Есеней, тойдан кейін мен-ақ болайын... Керегінде қайырып беріп отырармын.
— Шынаржан, естіп отырмысың мына екеуінің түтіні қосылып барады! Бір күні сақалымнан жасым шұбырып «Ұлпан сабап тастады» деп жылап келсем, үйіңе кіргізбей жүрме, айналайын. Сенен басқа арыз айтып, арқа сүйерім қалған жоқ,— деді Есеней.
Ұлпанмен сыбыр-сыңқылы жараса қалған жас келін елеусіз қалмасын дегені еді. Әйелдер Есенейге ырза көңіл білдіре күлісіп алды.
Есеней би алды тар, қатал адам, бет-аузы жолбарыс сияқты қара шұбар, күле білмейтін ызғарлы адам дегенді Шынар өз елінде де талай естіген. Ұры-қары түнде жатар алдында «А, құдай, Есенейдің қолына түсіре көрме!» деп дұға қылады екен деген аңыз да құлағында болатын. Сондықтан ол манадан бері Есенейдің бетіне қарай алмай отырған. Жаңағы қалжыңдардан, әсіресе, Есенейдің өзіне айтқан қалжыңынан есін тез жинап алды. Бірақ, жауап қайыра алған жоқ. Жымиып күлімсіреді де қойды.
Есеней оған тағы соқтықты:
— Шынаржан, неге үндемедің? Мына Түрікпен сені де ығыстырып алған ба? Арызымды аяқсыз қалдырамысың? — деді.
Шынар Есенейдің бетіне бұл жолы тура қарады. Даусы жұмсақ шығатын екі сезінің бірі қалжың адамның түсі онша суық болмас деп еді. Қара шұбар адам жауап күтіп жымиып отыр екен.
— Арызыңыз аяқсыз қалмас... Жұмысыңыздың жай-жапсарын тағы бірде өзіңіз келіп айтарсыз,— деді.— Екеуінің біріне болмаса біріне шамамыз келер...
— Түрікпен серім, сенің жайың да көрініп қалды! Бет алысың дұрыс, шырағым!..— деп Есеней мәз болып қалды.
Қазақ қазымы шай үстінде ғана жайласып-жадырасып сөйлесе алады. Ет келгенде табаққа құныға қарап, жабыла қол салады да, сөзге ауыз да босамайды, сөз құлаққа да кірмейді. Туа үйреніскен кең даласындай кең жайылған шай дастарқаны айналасында әзіл-қалжың, сыр алысу — сынасу, алыстау-жақындау сияқты тіршілік ауыс-түйістің бәрі де өзінің әдепті жүйесін тауып сыпайы сөйленіп отырады.
Ұлпан жаңа ғана келіп таныса бастаған елінің мұндай әдептілігіне ырза болып отырса да, басқа бірдемеге таң қалып отыр. Есенейдің айналасында алты ауыл Сибаннан бір естияр адам жоқ. Манағы кеткен төрт-бес шалдан кейін Есенейдің өзімен теңдес ағайыны ретінде Мүсірептен басқа бір адам бой көрсеткен жоқ. Керейдің әр руларынан тойын басқаруға Есенейдің өзі тағайындаған қырық жігітінің біразы бір рет келіп тойды қалай өткізетіндерін айтып, бір-бір аяқ қымыз ішіп кетті. Анда-санда Еменалының айғайы бір шығып қалады. Ол ылғи әлдекімдерге ұрсып, аузы мұрнын боқтап жүреді. Елді Есенейден бездіріп, көк желке қылып болған бір жағынан сол Еменалы болар-ау... Қалайда бұл елдің, ырысы емес шығар.
Тілеміс бір рет келіп:
— Қожабай басына үш жүз үй тігілді. Бес болыс Керей-Уақтың ұзын ырғасы түгел... Үйлердің көбі солардікі... Сойыстық мал, қымыз-қымыран ағыл-тегіл келіп жатыр,— деді де, ол да шығып кетті.
Бұған қарағанда да Сибанның өзі Есенейге енжарлау ма, қалай. Кейде шетке қадыры бар адамдардың өз еліне қадырсызы болады. Ондай адамдар ағайын-туғандарын ығыстыра ұстап, елемей ұстап, атағымен атымен иықтап жүреді де, түптеп келгенде жалғыз қалады. Есеней осыған ұшырап бара жатқандай екен. Ұлпан мұны да бір түйіп қойды.
Есеней үлкен адам. Үлкен адамның, тізесі қатты батады. Кейін оның өкініші де үлкен болмақ. Ұлпан көңіліне осындай қобалжу кіре бастады.
Ауыл толы адам. Ет пен қымыз мол болар. Бірақ, қуаныш үстінде ақжарқын күлісіп, киіз үйді кере қарқылдасқан дауыстар да естілмейді. Әлі бір адам ән салған жоқ.
— Той тарағанша үш күн осында боламыз ғой. Бүгін үйімізге қайтып, ертең біржола келейік. Ұлпанжан, лұқсат болса,— деді Мүсіреп.
Жарайды, Мүсіреп аға. Той тарағанша апам бәріңіз менің отауымда боларсыз,— деді Ұлпан.
Мүсіреп пен Шынар да ауылына қайтып кетті.
— Әлгі Шақшақ бидің қызы әлі тұрған жоқ па? — деп сырттан Мүсірептің ағасы Әсіреп айғай салды.
— Тұрғамын, ағеке, тұрғамын...
Көйлек жеңдері қарына дейін түрулі, саусақтарында жабысқан қамыр, Шынар киіз үйден жүгіре шығып, қайынағасына күлімдей қарады.
Әсіреп екі үйдің үш-төрт жылқысын айдап әкелген екен.
— Құлындарыңды байлап ал! — деді.
Шынар құлындарына қарай ұмтылып еді.
— Жалқауың қайда? — деп қайта тоқтатты Әсіреп.
— Апам екеуі отын әкелуге кетті.
— Немене, жалғыз өзі әкеле алмай ма?
— Апам шөп ормақ теріп әкелем деп кетті.
— Таң атпай нан илеп жатыр екенсің ғой. Қонақтарың бүгін келетін бе еді?
— Бүгін, ағеке.
— Жарайды, жүре бер үйіңе.
Әсіреп қызық адам. Інісі мен келініне ұрса жүріп қалжыңдасады, ұрысқан бола жүріп еркелетеді. Жақсы көреді. Әсіресе, Шынармен қалжыңдасып қалса, көңілі көтеріліп, өзі мәз болады. Мүсірепке «өзі тауып әперген» келінінің жасық болмай, ашық болғанына, қабақ шытпай күлімдеп жүретініне қуанады.
— Еріне білмейді. Жұмысқа дегенде ерттеулі аттай әзір тұрады. Үсті-басына шаң жұқпайды,— деп сыртынан да мақтап отырады.
Былтырғы күз еді... Сібірдің суық қара жаңбыры сабалап тұрған. Қорғасындай қоңыр бұлттар дүниені бар салмағымен басып, орнынан қозғалмай қойғалы үш күн.
Әсіреп мал қоралап жүр еді, есік алдына мойны сорайған ақ нар келіп тұрып қалғанын көрді. Түйені жаяу жетелеп алған, басында еркек бөркі, бұтында еркек шалбары болғанымен бой жетіп қалған қызға ұқсайды екен — үш талдап өрген бұрымынан жаңбыр суы сорғалап тұр. Аяғындағы қолдан илеген қайыс етік суға малшынып, екі ұрты бұлтиып кетіпті. Түйенің үстінде ескі-құсқыға оранып отырған мосқал әйел қыздың шешесі болу керек.
— Отағасы-ай, жаурап келеміз. Үйіңе кіргізбесең де қораңа түнеп шығуға лұқсатың болар ма екен?—деді қыздың шешесі.
Қыр елдерінің жоқ-жітігі қазақ-орыс қалаларына қарай шұбыра бастағалы екі жетідей болып қалып еді. Кейбіреулері Әсірептің «орыс үйіне» қонып та кеткен. Мынау екі бейшара сол шұбырындының соңы болу керек.
— Осы қара жаңбырда қай құдаңа кетіп бара жатырсың, үйіңде отырмай!
— Құда бізде қайдан болсын! Орыс арасында нан тауып жеп жанымыз қала ма деп қаңғырып келе жатқанымыз да...
— Орыс қалаларынан еркекке жұмыс табылады. Сең немене, бір күні аштан өлейін деп кетіп барасың ба?
— Іс-міс тігіп күн көреміз бе дегеніміз ғой. Ұрса бермей айтарыңды айтшы, шырағым.
— Жарайды. Сайрай бермей түс енді түйеңнен.
Қыз түйесін тұрған жеріне шектіргісі келіп ноқта сабағын бір-екі басып қалып «шөк!» деп еді, түйесі сызға шөге қоймады. Ауылды басына көтеріп бақырып қалды.
— Өйтпе, шырағым...— Әсіреп түйені өзі жетелеп алып, шарбағы бар екен соған әкеліп шөп-шаламның үстіне шөктірді. Түйе біресе алдына қарай, біресе кейін қарай итеңдеп барып шөкті әйтеуір. Қыз шешесі түйеден түсті.
— Үйге барыңдар... Киімдеріңді кептіріп, жылыныңдар.
Әсіреп екі үйдің малын жалғыз қоралап болған кезде Есеней ауылына кеткен Мүсіреп те қайтып келді. Екі сары ала иті әлі ат үстінде тұрған Мүсірептің екі жағынан келіп тізесіне асылды. Еркелесіп, желкемізден бір сипашы деп қыңсыласып қояды. Мүсіреп екі итін екі сипап еді, болды. Иттері ордаңдай жүгіріп қораға кіріп кетті.
— Неге шақыртыпты? — деді Әсіреп інісіне жақындап келіп,— жай ма?
— Қысқа қарай жылқыны орналастырып қайтайық. Қар түскен соң қасқыр қуармыз, аң аулармыз... Біраз күн жолдас бол деді,
— Баратын болдың ба?
— Көңілі жарым.., жалғызсырап жүрген адам ғой.„ Жарайды дедім.
Мына Құлан-тұяғыңның еті оязып кетіпті. Жиреніңді мініп кет!
Бұл былтырғы «Қаршығалы» шұбарына барып тірелген сапардың, алдындағы кеш еді. Келе жатқан қыстың ауыр боларын сезініп, Есеней жылқыларын жайлы жерге орналастыруға өзі аттанғалы жатқан. Мүсірепті сол сапарына шақырыпты.
Мүсіреп аңырап тұрған суық жер үйіне кірді. Қазанның аузы әлі опырайып жатыр. Күйдірмеген саз кірпіштен қаланған пештің мойны сөгіле келе, жарыла келе есік жаққа қарай құлағалы тұр. Тер бөлме дегені мұздап тұр. Таңертең жинамай кеткен төсегі сол күйінде жатыр. Ортан қазықта ілулі тұрған бестік шамын жағып еді, үйдің бұрыш-бұрышынан жылт-жылт еткен өрмекшінің ермегі көзіне түсті. Көптен сүртілмеген шамы қара-көлеңке жанса да, үй ішінің салақсып кеткенін жасыра алмай тұр. Жеңіп алған қырсыздықпен күресейін деген ой келген де жоқ. Суға малшынған киімдерін анда-мында іле тастап ашық тұрған үлкен қара сандықтан құрғақ киімдерін киді. Су болған киімдері өзі оралып келгенше сол күйінде тұра береді, әрине. «Үй болған соң бір қатын кеткен екен-ay»...— деп ойлады да қойды.
Қысқа қарай ең керегін, қазандық қой! Ол иттің аузы опырайып қалған? Жазды күні төбеден тамшы аққан ба? Үйдің қабырғаларын бір сылатып алу да керек еді. Әсірептің қолы тимей жүр-ау, сірә... Оқасы жоқ, мен қайтып келгенше бәрін де түзетіп қояды ғой... Көрпе-жастықтар да кірлеген болар... Үй болған соң бір қатын керек-ақ екен!..
Үй-ішілік ұсақ жұмыстарға Мүсірептің қыры жоқ адам. Оның опырып-жапырып жұмыс істейтін екі кезеңі бар. Таң атпай бастайды, түнделетіп тоқтайды. Бұл кезде ол екі адым жердегі үйіне де қайтпайды, жұмыс басында қонады. Ол кезеңдері — он күн жазғытұрым, жиырма күн жаз аяғында. Айналасы бір ай...
Егін салуға, шеп шабуға келгенде мұнымен ешкім теңдесе алмайды! Екі үйдің егінін салатын да сол, шебін шабатын да сол. Әсірепке соқаны да ұстатпайды, бел-орақты да ұстатпайды. Маусымы аяқталды, Мүсіреп жұмыс маңайына жоламайды. Оның қайда жүргенін аттары мен иттері ғана біледі.
Жазғытұрым Әсірепке бір десе бидай егіп берді, өзіне бір десе сұлы салды. Жаз аяғында екі үйдің малына екі қысқа жететін шөп шапты. Егінді де шауып берді. Сонымен оның маусымы аяқталды. Егін мен шөпті жинап аларда маңына да барған жоқ. Оның бәрі Әсірептің мойнында... Әсіреп бидайын соғып, қаптап-қамбалап алады. Мүсіреп сұлысын кектеу кезінде шауып тастайды да, соқтырмай, көкала сабағымен бірге үйдіреді. Бұ да шөп қой, ат жақсы көретін бидайық,..
Өз үйінде бір қасық суы жоқ Мүсіреп іңірде ағасының үйіне келді. Мырза жеңгем деп мақтай кірсе, Жаниша жеңгесі баптап тұрып құймақ құйып, шай береді. Арғын Қыпшақ, Керей-Уақтан Жанишаның шайындай шай ішіп көргенім жоқ десе, жеңгесі оның ойнап мақтайтынын біле тұра мақтанып, бейілденіп кетеді.
Мүсіреп ағасының ауыз үйіне кіріп келгенде қазандық отына аяқтарын қыздырып, шалбарының балақтарын кептіріп отырған қызды көрді. Бойы жылынып, қалғып кетіп отыр екен. Аяқтары қандай әдемі еді! Өкшелі де үсітті, белтірлігі қиылып тұр. Ат үстінде өскен қазақ баласында сирек кездесетін аяқтар... Есік ыңыранып жабылғанда қыз оянып кетті де, аяқтарын тез жинап алып, бетін ар жағына қарай бұрып әкетті. Бәрібір, Мүсіреп оның бет-аузын түгел шалып қалды. Азырақ келтелеу келген қыр мұрын... Көз қиығының құйрығы аз ғана көтеріңкі, қызыл шырайлы торғылт түсті қыз екен. Әттең-ай, тез жасырынып кетті...
— Жоғарылат, Мырзажігіт! —деп Жаниша жеңгесі тұра келіп қарсы алды.
Шай ішіліп болған. Дастарқан шетінде, есікке таман мосқалдау бір бөтен әйел отыр. «Ана қыздың шешесі болар».
— Қонақтарың бар екен ғой...
— Қырыққа келгенше бір шүйкебас ала алмай жүрген сен емеспіз ғой біз!.. Күнде қонағымыз болып тұрады.
— Ағамыз бар... алып беретін шығар біреуді.
— Мен саған кімнің қызын айттырмадым! Біріне жоламадың ғой.
— Сен әкесін айттырып келесің. Мен қызын айттыр деймін.— Ағасы мен інісі азырақ қалжыңмен шайқасып алды да, жеңбей-жеңілмей тоқырағандай болды.
— Мырзажігіт, шай қояйын ба, сорпа-суымыз пісіп тұр еді, соған қараймысың?
— Шайды сорпа-суыңнан кейін де ішуге болады ғой.
— Шіренуін көрдің бе!
— Е, қойшы сең өтірік ұрыспай... Мына кісі шын екен деп қалар... Жаниша самауыр, дастарқанын жинап әкете бастады.
— Сен-әй, биыл неше арба сұлы үйдіріп алдың маған, білесің бе? — деді Әсіреп.
— Он арба шамасы болар.
— Атаңның, басы!.. Он бес арба үйіп бердім!
— Сіздің үйдің арбасы деген не тәңірі... Қара құстың ұясындай ғана...
— Қап мынаның ыза қылуын-ай! Отыз арба шөп үйіп бердім. Сұлыңнан артық. Екі жылыңа жетеді.
— Онда биыл шөпті көп шапқан екенсің ғой!
Мұрныңды бұзып жіберейін бе осы! Иілмей-бүгілмей түрекеліп тұрып бел орақты сілтей бергенін бұлдауын қарашы! Бәлем, ендігі жылы болсын!...
Табақ толы тарының үстіне шоқита қойған аз ғана еті бар кешкі тамақ келді. Жаниша ауыз үйдегі қызды да тамаққа шақырып еді, ол келмеді. Бой жетіп қалған қазақ қызы төр үйге жалаң аяқ қайдан келсін. Жаниша оған тамақты ауыз үйге апарып берді.
Қыз шешесі қасығын етке қарай бір жақындатпай қойды. Қасығы тарыға да жұқалап қана батады. Қанша ашығып келе жатса да сұғанақтанбай, тартынып отыр.
Қонақ жеңгем, же! Қасығыңды батыра сал! Бұл үйде сен ұялатын кісі жоқ. Мынау менің інім, ана қатынның еркесі. Егін салып, шөп шабудан басқа қара гүрешке тұратын өнері жоқ. Қасығыңды батыра сал,— деп қояды Әсіреп, аз ғана етті солай қарай ысыра беріп.
— Атың кім өзіңнің?
— Науша...
— Байыңның аты кім?
— Шақшақ еді.
— Ойбай-ау, Шақшақ би өлген соң қатындары тарап кетіпті дейтін еді, соның біреуімісің?
— Жоқ-е, құдай... Ол етік тігіп, мен іс тігіп, бірін біріне жалғап-жамап күн көретін күйіміз бар еді. Ол кісі қайтыс болғалы үш жыл...
— Ар жағын айтпай-ақ қой. Ағайыны бар кісі өзі де түсінеді. Ал, жеп отыр. Етке тіпті қол тигізген жоқсың.
— Тәңірі жарылғасын, жаным. Осындай жайласып отырып, жылы тамақ жерміз-ау деп кім ойлаған... Бір қалың ағаштың ішінде түйемізді ықтай отырып аман қалсақ болар еді деп келе жатқамын. Бір аш-арық түйемізді жетелеп жүре берсе, біз оған не қылар едік?,
— Же, же! Құдай бұйырса ертең Кпитанға, арғы күні Болатнайға да жетіп қаларсыңдар... Ағайындарың да кездесер... Же, же, тойып алыңдар тарыға, балаң да ұялмасын. Тары деген еттен де кенеулі тамақ. Байдың малы қымбат, кедейдің жаны қымбат, тойып алыңдар.
Ертеңіне таңертең Мүсіреп көлден аттарын суарып қайтып келе жатыр еді, түйесін жетелеген қыз да Әсіреп үйінің алдынан жөнеле берді. Күн әлі төге жауып тұр. Қыз Мүсірепті көрді де, тұра қалды. Еркек алдынан өтпейтін салты бар екен. Ұйқысы қанып тыныққан қыз ажарлы-ақ екен. Кезін бір жалт еткізіп қалып, одан кейін қарамай қойса да, Мүсіреп одан артықты тілеместей еді.
— Азап көрсеңдер де, аман жетіңдер,— деді Мүсіреп. Қыздың көз қиығына қарай тұрып, қызға арнай айтты.
Қыздың шешесімен де жылы қоштасып: — Күн толастамады-ау...— деп жанашырлық білдірді.
Отқа кептіргеннен кейін қыздың бір етігі аузын аша бастапты. Өзі қазір аттанып кетпейтін болса, екі панасызды өз үйіне шақырғандай еді.
Мүсіреп аттарын қораға кіргізді. Ақ түйе ұзай берді.
Мүсіреп қорадан қайта шықты. Аттарының жүгенін сыпырып алып сұлы маясына қарай жібере салған болу керек, тым тез шықты. Алыстап бара жатқан ақ түйеге қарады. Ұзап барады, ұзап барады. Орай-орай соққан төкпе жаңбыр ақ түйені кек жібек шымылдықпен орап алғандай екен. Қыздың етігі ғой суға шылқылдап толып болды. Мойнынан сорғалаған су қойнына құйылып барады. Неткен сорлы бала еді!
Өзі бойшаң екен. Байлық жараспайтын адамдар болатыны сияқты, сәндік жараспайтын, сұлулық жараспайтын қыздар да болады. Мына қызға не кигізсең де жараса кетер еді... Құмға шыққан құба тал, қандай есуас сындырып әкетер екен...
Мүсірептің қайда қарап тұрғанын Әсіреп терезеден көріп тұр еді. Неге қарап тұрғанын да сезініп тұр.
— Әй қатың ананы қара!..— деп Жанишаны қасына шақырды.— Құдай берді, ана қайныңның әукесі салбырап құлап тұр! Өзін шайға шақыршы.
Жаниша есіктен ғана бойын көрсетіп, Мүсірепті шақырды:
— Мырзажігіт-ау, неменеге сонша қадала қарап тұрсың? Жүр, шайға кел.
Мүсіреп келген соң ағасы ақырын-ақырын қағыта бастады.
Ел аралап жұрт аралап жүргенде бір қыз көңіліңе қонбай қойды ма сенің?
Мен қыз іздеппін бе?
Өзі іздеп келер деп жүрмісің? Не болмаса, құдай өзі құдай айдап әкелер деймісің?
Ағасының сөзді қалай қарай бұрғалы келе жатқанын Мүсіреп сол ыңғайға қарай ойыса берді.
Ойдағыңды құдай өзі айдап әкелсе, кім қарсы болады дейсің.
Жаңа кеткен түйелі қыз қалай көрінді?
Өзіңе қалай көрінді?
Бір аяғы ақсақ, бір көзі соқыр ма деп қалдым... Әйтпесе әп-әдемі бала...
Маған да солай көрінді.
Оттама енді! Қыздың патшасы! Аласың осы қызды!
Қалай аламын?
Ол менің жұмысым.
Мейлің...
Манадан әукесі салбырап, көзін алмай қарап тұрып, енді бәлденуін қарашы мұның! Қырықтан асқанша қыз таңдап, аяғында бір салпы етекке кездесейін деп жүрмісің? Сен өз бетіңмен қатын ала алмайсың, мем болмасам.
— Мейлің дедім ғой.
— Айрылатын бала емес!.. Апалап іші-бауырыңа кіріп барады деп Жаниша да өз қостауын айтып қалды.
Сен аттана бер өзің. Есенейді өкпелетіп алма. Жалғыз өскен емендей сорайып жалғыз қалды ғой сорлы! — деді Әсіреп.
Мүсіреп аттанып кеткен соң, Әсіреп те атын ерттей бастап еді. Үш шақырым жібермей ақ түйені қуып жетті.
— Науша жеңгем, түйеңді кейін бұрып, біздің үйге тағы бір қонып кетсең қайтеді? — деді салған жерден.
Қыз шешесі қорқып кетті. Осы бір кедір-бұдыр сөйлейтін адам ақ нарға қызығып жүр ме деп қалып еді. Түнде өзі «Бір аш-арық түйемізді жетелеп жүре берсе» дегені де есіне түсті. Құдайы құрғыр-ай, қайдағы бір жаман сөз аузыма қалай түсіп кетіп еді!..
— Қызыққаның жалғыз нарым болса, өзімді домалатып таста да, әкете бер, — деді.
Шешесінің сөзіне қызы күліп жіберді.
— Әй, сен кемпір, неден шошына қалдың өзің?
— Көлденеңнен көлденең жабыса кеткен соң қайдан білейін! -—Қызы тағы мырс етті.
— Аузыңа құдай салып тұрған шығар, мен саған құдай алдында айрылмастай болып жабысам. Қаңғырып өлесің, кейін қайт! Құдағиым боласың!
— Мына кісі не дейді? Шынар-ау, естіп тұрмысың? — Қызы үндеген жоқ, үндемесе де ішіне бір елең кіре бастады.
— Түнде көрген кербез жігітің Мүсіреп, менің, інім болады.
— Оны естідім ғой.
— Қырыққа келгенше қыз таңдап, үйленбей келіп еді. Соған сенің балаңды айттыра келдім.
Содан соң Әсіреп атынан түсе қалып түйесінің алқымында ықтап тұрған Шынардың қасына келді. Иығынан құшақтап алды.
— Айналайын, ботам, атың кім еді, Шынар ма? Мен бір салдырлаған ақкөңіл адаммын. Өз баламдай жақсы көріп қалдым сені. Әкеңнің орнына әке болам. Мүсіреп жігіттің сырбазы. Қор болмайсың, қарағым. Бұр түйеңнің басын! — деп түйені өзі бұрып, өзі жетелеп алды.— Ана атқа міне ғой, айналайын.
Шынар қарсыласқан да жоқ, атқа да мінбеді. Ойына бір өзі де түсініп үлгірмеген әдеп-иба түсе қалғандай еді. Әсірепке ере жаяу жүре берді.
Табиғаты жалпы нәзік келетін қыз бала Әсірептен именіңкіреп, кейінірек жүріп келеді. Таңдануы да бар, қуануы да бар. Оның, әлі біреуі жеңіп жүзіне шыға қойған жоқ. Ішіне су толып қорқылдай берген етігінен ұялып келе жатқандай еді.
Әсіреп біресе шешесіне, біресе қызына қарап қойып, ауыз жаппай сөйлеп келеді. Шынардың басына орнатпаған жұмағы жоқ. Ақ отау да тігіп берді. Ақтылы қой, алалы жылқыны да алдына салды.
— Шынар-ау, осының бәріне иланып келемісің? — деп қояды шешесі. Шынар оған не десін. Күлімдей қарайды да үндемейді, тыңдай береді.
Ауылға жеткен соң Әсіреп Шынар мен шешесін тура Мүсірептің, жер үйіне әкеліп кіргізді.
— Осы сендердің үйің! Су киімдеріңді шешіп, түйенің қомында құрғақ бірдемелерің болса киіп алыңдар. Бәрекелді... батырдың өз киімдері де су күйінде қала барыпты. Төсегіне қараңдар!.. Жинамай кетіпті. Пешінің мойнына қара, құлайын деп тұр... қазандығы да құлап жатқан шығар-ау... айтам ғой.
Әйелдер төр үйге барды да, шешінбестен сілейіп тұрып қалды. Әсірептің жаңағы айтқандарында көңіл көтерерлік түк жоқ әрине.
Қорықпа, құдағи! — деді Әсіреп.— Кешке дейін бәрін де өзім істеп берем. Оған дейін біздің үйде бола тұрасыңдар... Қатын шан қойып жатқан шығар, кешікпей келіңдер.
Әсіреп кетіп қалды. Шынар мен шешесі әлі селтиіп тұр.
Шынар-ау, не болғанымыз? Ойыны ма, шыны ма?
Шыны болмағанда, сенен ұялып өтірік айта ма, қорқып өтірік айта ма?
Қисыны келмей тұрған жоқ па, өзі? Айдалада ұстап алды да құдағиым боласың деді. Мұндайды кім көрген...
Іштеңе етпес апа... Жаман кісілер емес секілді ғой.
Мен кәдуілгі құдағи болып қалдым ба бұларға?—Шеше байғұс қызына «өзің ризамысың?» демей осылай тұспалдап сұрағаны еді. Шынар онысына түсіне қалды да:
Болдың қалдың-ау деймін... Түйенің үстінде нең бар еді, алып келші, деді.
Шынардың қуанышы жалғыз қалған соң ғана сыртына тепті. Әуелі су етіктерін үйге лақтырып жіберді. Су болған сырт киімдерінде солай қарай лақтырып жатыр. Бөрікті лақтырып жіберіп шашын тарқатып, үй өзінікі несіне ұялады түгел жалаңаш қалды. Аяқтары су сорды бозарып кетіпті. Шалбар мен іш киімнің ышқыры беліне батып қызартып жіберіпті. Түнде өзі қасып алған ба, немене, бір жерінен қан білінеді. Шынар ілулі қалған бет орамалмен сүртіне бастады. Білектері, аяқ-сан еттері жұмыр, бұрын бір байқағанынан гөрі әлуетті сымбатты сезіледі. Қазақ қызы денесін сылап-сылатып көрген емес. Бірақ, шын сымбатты, шын балғын денеге қызығатын қуанатын да сияқты. Шынар өз денесіне солай қарап қалды.
Есік ашылғаны естілді. Шынар жалаңаш бойы жиналмай қалған Мүсірептің көрпесінің астына кіріп кетті. Келген шешесі екен. Енді оның тұрғысы да келер емес. Бойы жылына бастады. Жас дене керіліп-созылуды тілей ме, қалай? Жылына түскісі келеді. Иісі қандай екен деп көрпе-жастықты иіскеледі. Аз ғана қалампыр иісі келеді. Салақ болар, киімдерін әр жерге қалай болса, солай іліп кетіпті. Суық сүйегімнен өтіп болып еді, жер үйі болғаны қандай жақсы болды! Пешін түзеп берсе, тоңбаймыз ғой. Аты Мүсіреп, ә? Құдай-ай, Мүсіребім қашан қайтып келер екен?.. Мүсіребім деп жатырмын ба, ей? Ұят-ай, ұят-ай! Мынау қара сандықтың ішінде не бар екен? Үстінде үш көрпе, төрт жастық тұр. Қатыны жоқ үйге де қонақ келетін болғаны ма? Апам бір жастық жастанып, көрпе жамылып ұйықтасыншы.
Екі басты қоржын, бір кішірек қапшық, бір қол сандық, тағы бір түйіншектерін көтеріп, Шынардың шешесі Науша қайтып келді.
— Біреудің төсегіне жатып алғаның не, Шынар? —дей кірді.
— Неге біреудікі болсын...— деді Шынар.— Нең бар еді, апа? Құрғақ па екен.
— Түнде үйге кіргізгемін. Құрғақ шығар. Мә, кебіс-мәсің... Камзол-көйлектерің уқаланып қалған шығар. Бөркіңді бегіре басқа айналдырып салып ем, үкісі ғана ұйысып қалыпты.
Ана байғұс қашан да ана ғой, қызының бірсыдырғы киімін сақтаған екен. Бөріктің тысы мен жалғыз жеңсіз қамзолдан басқа барқыты болмаса да, бәрі де қынамалап қиыстырып әдемі тігілген. Өз қолы бас білетін байғұс шеше арзанды қымбаттай ажарлай біліпті.
Киініп болған соң — қыздың көркі шүберек, Шынардың бойы өсіп, белі қыналып, кезі жарқырап кетті. Шешесі де онша мосқал емес екен. Өз киімі де жұпыны болғанымен жарасымды тігіліпті.
— Құдағи! —деп жайраңдай күліп Жаниша келді. Қос құдағи әуелі қолдарын ұшынан ұстап, құлаштарын екі жағына үш-үштен көріп барып құшақтасты.
— Бауырым, айна кезім! — деп Жаниша Шынарды еті бетінен кезек-кезек сүйді.— Ал, шайға жүріңдер... Төсек-орынды жинап жауып кетейік... Қазір қайын ағаң келіп пешті түзеймін деп отыр.
Науша мен Шынар келіп кірген соң Әсіреп кетуге айналды.
— Құдағилар, өздерің оңаша отырып сырласыңдаршы бір, Әсіреп — Мүсірептің құлағын шулатып! — Әсіреп шығып кетті.
— Кәне, Шынаржан, шайды сен құй. Құдағилар отыратын келіндер жүгіріп жүретін! — деді Жаниша.
Қос құдағи оңай ашылысып кетті. Шақшақ жақсы етікші болған екен...
Шынардың аяғындағы кебіс-мәсті бұдан төрт жыл бұрын өзі тігіп берген. Алдыңғы жылы сүзектен қайтыс болды. Ағайын өздеріңде де бар шығар, белгілі ғой... Жетісі деді, жылы деді. Қасқыр мен ағайын жеп тауысты. Жаздыгүні ауылдың шетінде, қыстыгүні желдің өтінде жұрдай болдық та қалдық... Биыл жаз бойы бір тамшы жаңбыр жауған жоқ. Ауылымыз біртіндеп-біртіндеп ішке қарай көшіп кетті. Жалғыз үй мен де отыра алмадым. Ақнарға міндім де, кете бердім. Қалтамда Шақшағымның тігіп тапқанынан қалған үш теңге алпыс жеті тиын ақшам бар түйіп алған. Содан басқа түгім болса бұйырмасын.
Өзіне таныс әңгімелердің бірде-бірі Шынардың құлағына кірген жоқ. Жаниша өз үйлерінің, жайын айта бастағанда ғана сергек отырды. Әсіреп бірдеме істемей отыра алмайтын адам екен. Қолынан келмейтіні жоқ. Әкесінен жастайынан жетім қалған екі бала — Әсіреп пен Мүсіреп әуелі қой бағыпты, сиыр бағыпты... Жиырмаға жақындағанда Түмен қаласына барып бес жыл жүкші болыпты. Кемеге бидай, кірпіш, көмір, тері-терсек артады екен. Содан әйтеуір мал басы құралып еліне қайтыпты. Осы күні құдайға шүкір, қазанымыз тоқ, ешкімнің қолына қараған емеспіз...
Мүсіреп жайына көшер екен деп Шынар шыдамсызданып отыр еді: Келінімнің көңіліне келіп отырған шығар, деп күлді.— Мырзажігіттей жігіт қайда! – деп бастады. Ағайын арасының қақ-соғында жұмысы жоқ, ағасы ұрсып жатса да үндемейді, қалжың айтып жеңеді. Егін салғанда, шөп шапқанда ондай ерінбеймін адамды көрген емеспін. Содан кейін ауылдан таба алмайсың. Әнші-күйшілерге еріп кете барады. Екі аты, екі иті бар... Екі биесін біз сауып ішеміз.. Биыл екі биесін екі дос жар адамы сұрап әкетіп, жақында ғана қайырып әкеліп берді. Құлындары арық-ақ... Былтырғы құлындары биыл тай ғой, өздерің көрерсіңдер әлі, жардай. Былтыр біз сауғамыз...
Мырзажігітке жұрты бар болғыр да дамыл бермейді. Ойын-тойына шақырады. Ағайын арасының дау-жанжалына шақырады. Бүгін әне, Есеней шақыртып әкетті...
Шынар ақырын ғана күрсініп қойды.
— Көп кешікпес. Он-он бес күнде қайтып-ақ қалар. Осы қыздан айрылып қалма, айттырып кел. Қырық жетінің нешеуін сұраса да бер деп ағасын өзі жұмсап кеткен.
Шынардың жүзіне қаны ойнап шыға келді. Ақкөңіл шеше:
— Бізге онша малдың керегі не, тәңірі... Оны бағатын кіміміз бар? —деп қалды.
Шынар күліп жіберді.
Іңір кезінде Әсіреп үйіне қайтып келді.
— Бәрін де бітірдім... Пештерің гүрілдеп тұр. Кепсін, бір-екі күн от жақпай шыдай тұрыңдар. Ертең үшеуің де білекті сыбанып, етекті түріп жіберіп, Шынардың үйін заказнай қылып сылап алыңдар. Біздің шошалада ақ балшық үйіліп жатыр. Айтпақшы, қаңғыбастың шошаласын да, сандық, кебежелерін де астын-үстіне келтіріп ақтарып шығыңдаршы... Құдай біледі, талай дүниесі шіріп жатыр.
Шынар үйіне қайтып келісімен әуелі қара сандықты ақтарды. Нағыз салақтық осы қара сандықтың ішінде екен. Жуылмаған киім де, киілмеген киім де ойран-ботқан аралас жатыр. Тігілмеген маталар да бар — ши барқыт, қына сары сәтең ақ зонт, иленген бір-екі қара елтірі. Бір-екі түлкі терісі, қын-қынап, оқшантайлары салпылдаған ескі кісе, етікке жарайтын былғары, мәске жарайтын «көзел»— ешкі терісі. Шынар өзіне керекті бірдемелерді іздеп сандықты түбіне дейін тырналаса да, еш нәрсе таба алмады.
— Өмірімде қатынсыз өтем деп жүрген бе? — деп қабағын да шытып қалды.
Ауыз үйде кебежені ақтарып болған шешесі бері келіп:
— Қант-шай, ұн, майы бар екен— деді.
— Онда аштан өлмеспіз,— деп күлімсіреді де Шынар сандықтың қақпағын жаба салды.— Саған болмаса, маған лайық түгі де жоқ... Келгесін сыбағасын да алатын болар!..— Шегірткені маңдайынан шертпейтін жандардың сондай бір көр көрсететіні болады. Шынар соны істеді.
Мүсіреп үйіне жиырма күннен артық жүріп қайтып еді. Ауыл жатып қалған кез еді. Екі үйде де жарық жоқ екен. Әсірептің көк иті шәу етіп қорадан шықты да, екі сары аланы тани кетіп жым болды. Оларға соқтығып керегі не? — «Жәй, әшейінім еді» дегісі келгендей қыңқ етіп қалып, үйшігіне қайта кіріп кетті.
Мүсіреп атын қораға кіргізіп байлады да, жымдастырып теңдеп, артына бөктеріп алған қасқыр терілерін шошалаға апарып тастай салды. Содан кейін ғана үйіне кіруге беттеді. «Үй аңырап мұздап тұрған шығар-ау... шай қайнатып ішетін су қайдан болсын»,—деп ойлады. Үйінің есігін ашты да, аңырып қозғала алмай қалды. Басқа біреудің үйі сияқты Үй жып-жылы. Шамы жарқырап жанып тұр. Күле қараған бір қыз, бір мосқалдау әйел төр үйде мұны күтіп тұрғандай екен. Шам жарығына алтындай шағылысқан қына сары шымылдық аз ғана ысырылып, ақ жастықтар көрініп тұр.
Тани алмай қалдың ба, шырағым... Біз ғой, Шынар екеуміз. Жоғарылат,— деді Науша.
Тануын танып тұрып, сене алмағаның қызық болады екен— деді Мүсіреп.
Құдайдың бұйрығы шығар, осылай болдық.
Мүсіреп Наушаға екі қолын бірдей ұсынды.
— Аман-сау болдыңыз ба?
— Шүкір құдайға...
Көздері жарқырап-жайнап тұрған Шынарға бір ауыз сөз тауып айта алмады. «Сол қыздан айрылып қалмадым ба екен?» деп асығып қайтып еді. Екі күндік жерге бір-ақ күнде жетті. Енді, міне, сол қыз алдында тұр. Мүсірептің аузына бір ауыз сөз түспей қойды.
Шынар да оны жиырма күн асыға күтті ғой. Есіктен кірген бетінде мойнына асыла кетермін деп ойлаушы еді. Терезе алдынан қарды сықырлатып салт атты өте бергенде:
— Апа, шам жақ, Мүсіреп келіп қалды! Сол...— деген. Енді міне, ол да үндей алмай қалыпты. Көздері жарқырап күлімдеген бойы орнынан қозғала алмай тұра берді.
— Шешін, шырағым,— деді Науша.— Өзің жоқта үйіңе кіріп алып, жағамыз жайлау, төбеміз қыстау, отырмыз жайланып.
Мүсірептің есі шешініп болған соң кірді.
— Құдайдан бір сұрағаным болса — осы болар, шеше... кезім көріп тұрса да көңілім сенбей, есімді жия алмай тұрмын,— деді Шынарға қарап.
Шынар ақырын басып келіп, екі қолын Мүсірептің иығына салды.
— Өзің тоңып қалыпсың ғой. Қарның да ашқан болар... Апа, шай қоймайсың ба? Анау үй білмей қалып жүрмесін.— Көздері Мүсірепте, жұтып жібергелі тұрғандай.
Шешесі шығып кеткен соң Мүсіреп Шынарды баладай көтеріп алды: демалысы қандай жақсы еді, сүт иісі келеді. Денесі қандай балғын еді, сымдай бұралады. Даусын күміс қоңырау ма дерсің... Балаша еркелейді екен. Жан-жүрегінде бір кіршік бар ма екен сірә? Үзіле қарайды екен...
— Мен саған көп өкпелеп едім. Қазір бәрі бір-ақ ұмытылып кетті. Сен неге сонша кешіктің?
Мүсіреп үйреншікті қалжыңына бұрыла бастады.
— Сен үйді түзеп болсын дегенім ғой.
— Онда менің осында екенімді есіткен болдың ғой?
— Жоқ, түсімде көрдім: екі білегіңді сыбанып алып үй майлап жүр екенсің... Маған салақсың деп ұрсып та жүрсің...
— Өтірік... ойнап айтасың!
— Ойнап айтқаның шынға айналса, о да шындық емес пе?
— Ә? —Шынар аңдай алмай қалды.
— Үйді міне жайнатып қойыпсың. Көпіртіп көк шөп төсепсің, жұпар иісі аңқып тұр. Төсек-орнымыз мынау құлпырып тұрған! Осының бәрі шын емес пе! Сен емес пе, бәрін істеген!
Әйел жаны мақтағанды қандай жақсы көріп тұрса да, Шынар адал жанның шынын айтты:
— Мен жалғыз істегенім жоқ. Көбін істеген жеңешем мен апам...
Келе жатқанын білдіре, дауыстай сөйлеп Әсіреп келді.
— Қаңғыбасың аман келді ме, Шынаржан?.. Енді үйден шығарма!
Шынар Мүсірептің құшағынан сырғып түсті.
— Ағеке, жоғары шығыңыз,— деді де, қызарып кетті.— Жеңешем қайда, ағеке?.
— Тойға барымды киіп келем деп әуреленіп жатыр. Той емес пе, бүгін? Той, айналайын, той! Сен келдің де береке келді, қарағым. Екі үйлі түрікпен дегенмен бір үйлі едік, енді ғана екі үйлі болдық. Оңаша бір отырайықшы! Ат-көлік аман келдің бе? Ертең іздеп шығайын деп Құлан-тұяқты бүгін таң асырып қойып едім. Тіпті Шынаржаннан ұялып елер болдым.
Інісіне бар амандасқаны осы. Әсіреп төрге шығып отыра беріп:
— Келін қарағым, қайнат шайды, ас етті, бұрқырат! —деді.
Қалың Сибаннан шетірек отыратын екі үй қуаныштары қойнына сыймай таң атқанша отырып, әрең тарасты.
Қыз шешесі алдақашан ауыз үйде төсегін әзірлеп алған екен құлағын тығындап, көрпесін тұйықтап айқара бүркеніп алды да, жатып қалды.
Шынар азырақ ысырулы тұрған шымылдықты жазып жіберді. «Бұрын жер төсектің бас жағында тұратын қара сандықтың енді аяқ жаққа қойылғаны дұрыс болған екен» ойлады Мүсіреп, шешіне беріп...
Той өтіп жұрт тарағаннан кейін де Есеней ауылы қонақ болып қала берді. Керей-Уақ тойға да келіпті, дау-шарын да ала келіпті. Қолдарына көп түсе бермейтін аға бидің ауызына неше жылғы сұр болған даулар, өтірік шынымен енді есейе бастаған жаңа даулар келіп орнап қалды. Әлі жайлауға көше алмай отырған алты ауыл Сибанның қайсысына болса да көтмалды болып жатып алған дау иелері аз емес.
Есеней күн бойы даушылардың ортасында. Өз үйінде ,іс, қыр басында да солардың қоршауында отырады. Дауды созбай шешеді. Екі жақтан екі-екі адамнан сөйлетеді де кесімін айтады. Көлденеңнен қыстырылып, біреудің аузына сөз салған адамды жазалай отырады: кесімнің төрттен бірін соған төлетеді. Куә дегенге сенбейді, қуып тастайды.
Ұрының куәсі көп, өтірік даудың куәсі көп, зорлықшының куәсі көп. Бұл оның бұлжытпай ұстайтын дәстүрі. Дау-шар сонда да бір жетіге созылып кетті.
Бұл күндерде Ұлпанның қолы да босай алмады. Қой қырқылып, жылқы күзеліп жатқан кез екен. Әуелі бір кемпір келді.
— Қарағым-ай, төрт жетімек немерем тырдай жалаңаш... тым болмаса бір-екеуіне күпі тігіп беретін жабағы берші.
— Ала ғой, шеше... Төртеуіне. де жететін етіп ал...
Одан соң екі кемпір келді. Одан соң екі кемпір, бір жастау әйел, одан соң екі кемпір, екі жастау әйел, одан соң үш кемпір, үш жастау әйел, одан соң, одан соң... келе берді, көбейе берді, келе берді...
Жабағы сұрайды, қыл сұрайды, сүт сұрайды, үн сұрайды, киіз сұрайды, шай сұрайды, бөрікке тыстық, көйлекке түйме сұрайды, жайлауға көшетін көлік сұрайды..
Ұлпан ешкімнің қолын бос қайтармай бере берді. Мырза келін атанғысы келіп берген жоқ, әлденеге іштей наразы, әлденеге іштей намыстанып үлестірді. Тойдан да, даушылардан да, сұраншылардан да Ұлпан әбден қалжырап қалды. Бұл оның бойы үйренбеген кездесермін деп ойламаған күндері еді. Біресе сұраншақтардың осынша кептігіне ыза болып Есенейдің бар байлығын таратып бергісі келеді, біресе Керей-Уақтың осынша даукестігіне ыза болып қудырып тастағысы келеді. Ақылды болса да «ақыл-азуы» деп аталатын даналық азуы әлі шықпаған жас әйел көзі үйренбегенге көндіге алмай жүр.
— Ертең келеміз!—деп Шынарға да үш рет кісі жіберіп алды. Қашан баратыны әлі де белгісіз. Аяқ-асты бола бастаған соң шешесін де үйіне қайтарып жіберді. Мұның екеуі де жанына батып жүр. Есеней де үйіне шаршап келіп жығылады. Есенейден жырылып жайлауға көше алмай отырған алты ауыл Сибанның күңкілі де әйелдер арқылы күнде құлағына тиіп отырады...
Тойдан кейін тоғыз күн өткен соң, кешке қарай Ұлпан үйден шығып, қыр басында даугерлердің ортасында отырған Есенейге қарай бет алды. Ақырын жүріп келеді. Алтындатқан ақ сәукеле, алтын жіптері кезіне еріксіз шалынып келеді. Даукестер тобы едәуір азайған екен. Сонда да әлі бір жетіге мол жететін.
Ұлпан жақындай бергенде Есеней орнынан тұра келді.
— Менің Есенейім әне, келе жатыр. Мені дүрелен алсын демесеңдер, осымен тоқтатайық. Жайлауға көшетін уақытымыз да етіп барады... Көріскенше күн жақсы... аман болыңдар! — деді де, Ұлпанға қарай жүре берді. Отырған топ тура келіп, қол қусырып, қош айтысты.
Күле білмейтін адамды күлімдей жүретін ету үлкен еңбектердің бірі болу керек. Сол бір еңбек Ұлпанның қолынан келіп еді. Есеней оған күлімдей келді.
— Ұрсып келемісің, жаным?
— Шаршадың ғой, жолбарысым-ау... тоқтатсаңшы.
— Бітті. Тараттым. Енді барлық тізгінді өз қолыңа ала бер.— Оң қолын Ұлпанның иығына сыртынан құшақтай салып Есеней үйіне жақындады.
— Ертең Мүсіреп ағайдың үйіне барамыз ба?
— Барамыз.
— Ендеше үйге кіріп дем ал. Шайды отауда ішерміз. Үлкен үйдің өзін шаң-топырақ басып кетті.
Ұлпан Есенейді риза көзімен бір сипап өтті де, сыртта қалды. Жұмысы бар екен. Кенжетайды шақыртып алды. Қонақтарды сезіндіру үшін біраз түйеге жүк арттырып, ауылдан шетірек апарып шөктіртіп еді. Кенжетайға соны нұсқады.
— Ана жатқан түйелердің ең арғы шеткісін көремісің? Бұйдасына қызыл байлаған атан. Соның жүгін бүгін Шынарға апарып беріп қайтарсың. Тобылдан ала келген базарлығым еді леп айтты де. Өздері ертең келеді дерсің. Басқа еш нәрсе демей-ақ қой,— деді. Жас жігіт Кенжетайдың алғаш көргенде қырындау ойы болғанын сезініп, содан бері оған ылғи бойын аулақ сала сөйлейтін. Бүгін аз ғана жылы сөйлесті. Кенжетай басын изеді де, кетіп қалды. Ұлпан да үйіне жайраңдай кірді.
Ертең Мүсіреп ағаның үйіне анық барамыз ғой? Айнып қалмайсың ғой?—деді Есенейге.
Мен бүгін де кетіп қалар едім...
Жоқ, мен ертең келеміз деп кісі жіберіп қойдым. Көлге барып суға түсіп кел жуынып.
«Ханша айтты — болды, хан бұйрығы — елді».
Жуынып келмесең, төсекке жатқызбаймын.
«Бүлдіршін кезін сүзбесе, буыршын бұйдасын үзбейді деуші ме еді?
Болды, болды. Жөнел! — Шынымен ойнатса Ұлпанның көзінің қалай ойнайтынын да көрді Есеней...
Жүк артқан түйе жетелеген Кенжетайды көріп Шынар үйіне кірмей есік алдында тұрып қалды.
Тайкенжем-ау, ауылға көшіп келе жатырмысың, бір жаққа көшіп бара жатырмысың? — деді Шынар, қайнысының атын аяғынан басына қарай теріс айтып.
— Ерегіскенде әкелгенімді қайта алып кетейін бе, осы! Тайкенжем деген Кенжетай деп атымды атағаның емес не? — деп Кенжетай шамданған болды.
Қойған атым бар ғой: «Бауырым» деген жаман ат па?
Шын бауырың болсам бетімнен сүй! — Кенжетай ат үстінен еңкейді, Шынар оның бетінен сүйді.
Жалындырмай-ақ сүйе салсаң болатын еді ғой... Мә, түйені шөктір де жүгіңді түсіріп ал!
— Жүгіңді? Қайдағы жүгім?
— Айттым ғой саған «Тобылдан әкелген базарлығым. Ертең барамыз!»—деді.
— Басқа не айтты?
— Түк айтпа!—деді.— Айтпайым!
«Базарлықты» кім жіберіп жатқаның Шынар, әрине, бірден түсінді.— Ұлпандағы! Ертең өздері келетін болған соң қысылып қала ма дегені ғой. Басқа біреу сондай қамқорлық істесе, Шынар оны маңайына жолатпас еді, Ұлпанның сыйлығына қуанып кетті.
— Апа, бері кел!.. Күйеу балаңның Тобыл базарынан алып түйемен жіберген дүниелігі жаңа келді... Кел, түсіріп алайық.
Жаниша да жүгіріп келіп еді, оған Шынар сыбырлап қана шынын айтты:—Ұлпан жіберіпті,— деп.
Түйеге артқан жүктің үстінен айқара жаба салған екі оюлы текемет пен шағын-шағын екі түкті кілемді жұлып тастап, әйелдер кілті аузында тұрған екі сандыққа жабылды. Кілем мен киіз арасында көрінген бірнеше көрпе-жастыққа да көздерін салған жоқ. Сандықтар сыңғырлап ашылады екен оны да естіген жоқ. Сандықтардың ішіне үңілді.
— Құдай-ау, аузы-мұрнынан шығып толып тұр ғой!
— Мынада бір қыздың жасауы бар ма, немене өзі? Шымылдықты қара!..
— Барлығы асыл... қымбат дүниелік!
— Мына сандықтың ішіне қараңдар! Қант, шай... өрік-мейіз... шыны-аяқ-шәшке... Қымыз аяқтары.„ орамал-дастарқан... бет орамал... толып тұр!
Әйелдер екі сандыққа кезек-кезек жүгіріп естерінен танып қалды. Кедейлік тақсіретін тартып баққан сорлылар ыржақтап, мағынасыз күледі. Аш адамдардың тамаққа жабылғаны сияқты, бұрын көздері көрмеген дүниелікті бірінің қолынан бірі жұлып алып көреді де, не көргенін ұмытып қалып қайта жабысады. Екі сандықтың ішіндегі бұйымдар үш әйелдің қолдарынан ең кемі үш реттен өтсе де, әлі қанша екенін шамалап, әлде бір киімді түстеп қалған біреуі жоқ. Әйтеуір көп, әйтеуір асыл бұйымдар, әйтеуір Шынарға арналып келген. Сандықтың түбіне таман бірнеше топ кездемелер жатқанын көріп жүрсе де, әйелдер оған айналмай, тігулі киімдерді айналдыра берді, таңдана берді... тамсана берді... Солай бола тұрса да бұл байлықтың қорқаулығы емес, кедейліктің жұтынуы еді.
Кексе әйелдерден бұрын Шынар есін жинады.
— Ертең қонақтарымыз келеді, жүгімізді жинап алайық та, жеңеше!—деді. Әйелдер әрең дегенде қымбат дүниелікті көздері қиып сандықтарға қайта сала бастады...
Ертеңіне түске тармаса Ұлпанымен Есеней, Есенейімен Ұлпан келді... Екі үйлі Түрікпен қыстауының айналасы құлпырып тұр екен. Қардың суымен тез өсіп кететін көнді жердің бидайығы бас жарып, үлпілдегі шашақтана бастапты. Одан әрі, жарқырап жатқан көлге дейін, қара топырақты жерге шығатын мың түрлі асыл шөптер гүл атып, қызылды-жасылды щұбартып жатыр. Қыр жоңышқасының сарғыш, жасыл-көк гүлдері де қою көрінеді. Әр жерге топталып ескен тікендер алтындай жарқыраған сары гүлдерін төгіп тұр. Ауылдың аз ғана малы көк жазыққа тұяғын да тигізбеген сияқты. Балғын көктем бар ажары мен мырзалығын төге салыпты. Қыстаудың өзі де шоқ ағаштың қойнауына салынған екен. Жазғытұрғы самал жел ақырын ескектеп көк дүниені тербетіп қояды. Қазақ мұндай жерді көргенде аунап-аунап алғысы келеді.
Ұлпан пәуескеден түсе сала, көзін жұмып, мұрнын дала иісіне тосып, бір-екі рет кеудесін кере демін алды да:
Жұмақ қой мына жер! Біздің ауылды қара топырақ, шаң басып кетті,— деді. Ешкімге қарамай, ешкімге оғын қадамай айтты.— Антұрған-ау, сенің гүл-гүл жайнап жүргенің осыдан екен ғой!—деп, жымия күлімдеп жақындай беріп Шынарға осылай амандасты.
Күндесең, қасыма көшіп кел! Көкке тойындырып жіберейін.
Көне бер, Ұлпан... жұмақ болса біраз күн жатып, аунап-қунап кетейік.
— Менің ақ ботам қайда? —деді Ұлпан ойнап тіксіні ем болып.
— Бой жазып келуге далаға кетті. Келеді қазір.
— Қорадан шығарма, жанға көрсетпе дегенім қайда?
— Күнде айтам, болмайды. Өзі бір ерке неме...
— Тоқтай тұр, сен қатын.
— Тұрмын ғой алдыңда!..
— Кәнекей, қысқы үйге кіресіңдер ме, жазғы үйге кіресіңдер ме? Әлде мына көкке аунай кетесіңдер ме, — деді Мүсіреп, шетірек жайылған киіз, кілем, жастықтарды нұсқап.
— Ұлпан-ау, Шақшақ бидің қызын алған соң мына Түрікпеннің құтыруын қара!..
— Мүсіреп ағама бәрі жарасады. Мынау ғой бәрін құлпыртып қойған! —Ұлпан Шынарды құшақтап алды да:-— Далаға отырайық, Есеней. Мен Қаршығалымды көргендей қуанып кеттім,— деп күрсініп қалды.
Той болды. Даушылар болды. Сұраншылар болды. Ауыл айналасы уда-шу, Ұлпан жеріне жете шаршап еді. Қаптаған жұрттың қоршауында даланы көре алмағандай екен. Жарқырап жатқан Қарағайлы, Құдайқұл деген екі әдемі құм-қайран, көлдердің жағасына да бара алмап еді. Енді соның бәрінен құтылып еркіндік сезінді. Ойын-күлкісі жарасқан, аузыңды бақпай қалжыңдаса беретін адал достарының үйіне кірмей жатып-ақ дүниесі кеңіді де кетті.
— Еркектер, сорайып тұрып алмай, отырсаңдаршы! — Ұлпан өзі далаға жайылған кілемнің үстіне барып бұрын отырды.
Есеней де кіші-гірім қайықтай кебісін тастап жоғары шықты.
— Әй, қатың әуелі шайыңды әкел! — деді Ұлпан Шынарға еркек даусына салып жекірген болып.— Неменеңе мәз болып ыржия бересің!..
Шай тұрмандары өзі де келе жатқан. Науша орамал, дастарқан көтеріп, Жаниша құман, леген көтеріп жер үйден шыға беріп еді, Ұлпан соны көріп қалып бұйырып отыр. Жаниша әуелі құман, легенін жерге қойып Есенейге бір тізелеп сәлем етті. Содан кейін құманын оңтайлап, легенін Есенейдің алдына тосты. Қонақтардың қолына су құйды.
Науша үндемей келіп дастарқан жая бастағанда Есеней Мүсірепке қарап:
— Мына кісі кім? —деп сұрады.
— Құдағиың... Шынардың шешесі.
— Бәсе, сені осынша жарылқап жатқан кім екен деп отырсам осы кісі екен ғой!
— Осы кісі.
— Отаулары әлі келмепті,— деді Ұлпан. Шынар қысылып, қызарып кетті. «Қайдағы отау?»..
Шай келген соң Ұлпан Шынарға таяна жақын отырып еді, Шынарды тізесімен түртіп қалды. «Тырс епте!» дегені сияқты екен. Шынар жымиды да үндеген жоқ.
Бауырсақ жайылды, құймақ қойылды. Қант, өрік-мейіз қойылып жатыр. Шынардың шешесі беті жабулы тағы бір табақ көтеріп, ұяла жымиып келеді. Шынар болмай пісіртті, әйтпесе сый қонаққа берер тамақ емес. Онысы — күлге көміп пісіріп, сары майға бұлғаған ыстық нан еді.
Ұлпан оның не екенін иісінен сезіп, табақтың бетін ашты да:
— Өзіме беріңізші, шеше... бұл еркектер жейтін тамақ емес! — деді.
Нанды күлге көміп пісіру баяғының, баяғысынан бері келе жатса да, көшпелі қазақтың аузынан әлі дәмі кетпеген асы. Ұлпан табақты бас салды. Еркекше аузын толтыра жей бастады.
— Ауыз тигізеді екен деп дәметпеңдер!
— Тым болмаса сарқытыңды қалдыр...
— Жоқ!
Ақнарды жетелеп Әсіреп келе жатыр. Үкідей ұлпа жүнді ақ бота тайралаңдап ойнақтаған болады. Аяқтары сабаудай жіңішке. Көздері тостағандай, сұлу-ақ.
Ұлпан көре сала атып тұрды.
— Сен қарама, көзің тиеді! — деп Есенейге бір жалт етіп қалып, Әсірепке қарай тез жөнеліп кетті.
Әсіреп Ұлпанды ұзатып әкелгенде күйеу-қосшы болып барған. Ұлпан онымен де еркін сөйлесетін.
— Үлкен қайным, малың ерісті болсын.
— Айтқаның келсін, жеңеше.
Екеуі де күліп жіберді. Жасы үлкен кісіні жас келіншек қайным десе, жас келіншекті сақалына бурыл кіре бастаған адам жеңеше десе, күлмеске болар ма? Құдайдың бір еріксіз қисындастырып қойғаны да. Енді бұл жайға бүкіл Сибан болып көз үйрете бермеске шарасы жоқ. Ұлпан Сибанның, ең үлкен әйелі, ел бәйбішесі!
Әсіреп түйені желге қарсы шөктірді де, Есенейге келіп сәлем беріп шайға отырды.
Ақ бота енді жатқан енесімен ойнай бастады. Енесі түрегеліп тұрғанда оның басы-көзіне бойы жетпейтін. Ойнап келіп соғылғанда да енесінің серейген аяғынан жылылық та, жұмсақтық та таба алмай тез шегініп кетуші еді. Енді міне, қандай рақат, жардай болып жатқан енесінің қабырғасына соғылсаң да, өркешіне соғылсаң да әрі жылы, әрі жұп-жұмсақ. Құлақтарын тістелеп, көздерін аймалап ойнай бер, ойнай бер!
Ұлпанға Шынар келіп қосылды.
— Күн бойғысы осы... Енесін еміп алады да, ойнай береді. Өзіңе тартыпты. Қазір маған да келіп, менімен де ойнайды,— деді.
Шынардың даусына үйренген жас бота еңкелектей жүгіріп келіп Шынарға аз-ақ соғылмай өтті. Төрт аяғына әлі ие бола алмайды екен. Соғылса Шынар да, өзі де жығылатын еді. Шынар қалтасынан бір түйір тұз алып, ботаны шақырды. Қазақ баласын шақырғандай:— Келе ғой, айналайын,— деді. Бота құлағын жымитып, қабағын түйіп келіп, Шынардың алақанындағы тұзды еріндерімен сыпырып әкетті. Басын шайқай жүріп тұзды сорып жүр, жеп жүр.
— Маған да тұз берші, әй!
Алақанында бір түйір тұз, Ұлпан ботаны Шынардың даусына салып шақырды.
— Келе ғой, айналайын, келе ғой!
Бота бір келіп алақанынан тұз алған соң Ұлпан Шынарды қуып жіберді.
— Сен кет енді, керегің жоқ.
Ақымақ бота бір-екі түйір тұз жеген соң Ұлпанмен де біржола үйренісіп кетті. Соғып өтетіндей, жақындай беріп күліп жіберетіндей қабағы жазылып кетеді. Аузын ашып, еріндерін жыбырлатып тұз сұрайды. Иығымен сүйкеніп, бақырып қояды. Сірә, аяқтан тістесіп ойнағысы да келеді. Ұлпан да бір олай, бір бұлай кетіп, жас ботамен .баладай ойнап жүр.
— Мал баласының мұндай еркесін, мұндай сұлуын көрмеген едім! — деді Ұлпан, шайға қайта оралып келіп. Сәукелесін тастап, жібек шаршыны алқымынан түйрей салды да, Есенейдің тізесіне шынтақтады.
Шайдан кейін Ұлпан Шынарды ертіп алып Мүсірептің қысқы-жазғы үйлерің қора-қопсысын аралап шықты. «Орыс үйінің» қазақ ауылына алғаш келгендегі жұпыны түрін көріп соған да қуанды. Ең берісі қыс бойы бала-шаға, кемпір-шал дірдектеп отырмайтын болады ғой!
— Бұлар жер үй салуды қашаннан бері үйренді екен?
— Тіпті атам заманғы ертеден болса керек. Бұлардың арғы аталары Түрікпен жігіті екен. Соған аты Сибанның шетінен осы жерді беріпті. Киіз үй көтеріп алу оңай ма, әуелі жер жапада отырып, одан кейін жер үй салып алыпты. Соның сілемі ғой үзілмей келе жатқан.
Әсіреп пен Мүсірептің қысқы үйлері қарама-қарсы, бірінің үйін бірі терезеден көріп отыратын етіп салыпты. Шошала, қоралары да сондай. Шөп шабады екен. Аз ғана малы қыс бойы қолда. Шарбақ ішінде құдықтары бар.
Қонақ келетін болған соң жер үйді тағы бір сылап, иісі бұрқыраған көк шөп төсеп тастапты. Қазандық, пеш. Кәдуілгі «орыс үйі». Есік, терезе, құрулы шымылдық, жер төсек, бәрі әп-әдемі. Ұлпанға жаңалық ретінде қатты ұнады.
— Кешке екеуіміз осында жатайық,— деді Ұлпан.
— Біреудің қаңсығы біреуге таңсық деген-ау,— деді Шынар.
— Адыра қал!
Қоңыр төбел киіз үйде Ұлпанның кеше ғана жіберген дүниелігі жинаулы еді. Шынар Ұлпанға:
— Әй, сен осынша жасауды...— дей беріп еді, Ұлпан оны ауызға қағып-қағып қалды. Сөзін аяқтатқан жоқ.
— Тісіңнен шықпасын! Төркініңнен ала келген өз жасауың! Кейін келетін отауың да бар! —деді.— Сен немене қаңғырып келіп пе ең? Мүсіреп ағаймен көңілің жарасқан соң кете барғасың! Аш-арық болып өлейін деп жүргенде Мүсіреп аяушылық етіп алып па еді, сені? Жоқ, олай емес. Мен де сені қара тырнағыңа дейін білем.
Мүсіреп ағай Тобылда талай рет сені жыр қылып айтқаны бар. «Сен аз ғана биязырақ болсаң, кейде көз-қабағың түйіліп кетпесе, оның үстіне аз ғана қыпша белдірек болсаң, бетіңде кішкене ғана «бармақ баттың» болса, Шынарға біраз жақындап қалар едің» дейтін еді маған. Әсіреп қайнағаң сені одан да асыра мақтады. Осы екі үй сені жаны-құты қалмай жақсы көреді екен. Миың бар ма, өзіңнің? Түсіндің бе?..
Шынар көп нәрселерді енді аңғарды. Аш-арықтың қызымын деп кейде ығысып қалатыны болушы еді. Оны табан аузында, ұмытқандай болып:
Сенің, ақылыңның бір түйірін құдай маған неге бермеді екен! — деп Ұлпанның мойнынан еркелей құшақтап, бетін кеудесіне басты. Көзінен жасы ағытылып кетті.
— Құдайға айтатын сенің де өкпең бар ма, әй?
Үзіле жақсы көруді Ұлпан өзі де терең сезінеді. Бірақ сопысын сыртқа шығаруға келгенде тартынып қалады. Өзін ондайға орашолақ көріп тартынады. Қазір өзінің іші де елжіреп тұр, егіліп тұр. Амалы не, бұл жолы да тартынып қалды да, Шынарды арқаға қағып:
— Қоя ғой, бөпем, қой, бөпем!.. Әлди, әлди-ай!—деп ойынға айналдырып жіберді. Шынар да күліп жіберді.
Түскі тамақтап кейін Ұлпан мен Шынар шомылып қайтуға көлге кетті. Нарды жетелеп алыпты. Жас бота жүгіруге құмартып, көрінген қарғаны қуалап келеді. Келіншектерге келіп тұз сұрайды — «буһ-буһ» — мойнын созып, қыңқылдап сұрайды. Ботаның үні де, қыңқылы да аққу балапанының үніндей жан жүрегіңе тиеді.
Ол кезде аты қазақ суға жалаңаш түсетін. Бірі ақ денелі, бірі торғылт денелі екі келіншек табандары жарқ-жұрқ етіп көлге жүгіріп барып күмп берді. Біраз қолтықтарын жарқылдатып құлаштап жүзіп алды.
— Мең әй, өзіміздің ауылдан шыққалы шомыла алғаным жоқ.
— Үйде ше?
— Үйдегіні қойшы, тәңірі! Ырым ба, шариғат па, бірдеме ғой.
Жалаңаш жас денелер суда сылаңдасып жазылып, жадырасып кетті.
— Сең әй, шын бақытты .екенсің, Шынар,— деді Ұлпан, кеудесінен темен келетін суға аяқтап тұра қалып.
— Маңдайыма қалай сияр екен деп, кейде өзім де қорқам.
— Сенің, маңдайыңа сыймаған бақыт адыра қалсын да!
— Ұлпан, сен менің туған апам емеспісің осы?
— Өй, кезіңнен айналайын... жоқ, сен менің егізімнің сыңарысың! Тек сен жібек болып туыпсың да, мен — кендір болып туыппын.
— Қойшы, жоқты айтпай.
— Керерсің әлі...
Ұлпан құлаштай сермеп жүзіп кетті. Шынар оның, қолдан құйғандай мүсінді денесіне қызыға қарап аз ғана кідіріп қалды да, ол да жүзіп кетті. Ұлпан қатты жүзеді екен жеткізбейді. Кеудесі кейде көрініп, кейде көрінбей ырғи жүзіп барады. Жүзгені де өзінің мінезі сияқты батыл екен деп ойлады Шынар. Тарқатылған шашы арқасын жауып кетіпті. Ұлпан көлдің ортасына қарай жүзіп барып қайтты. Шынар жағадан ұзамай сумен еркелесіп жай жүзіп жүр.
— Мен суға батып кетсем ғой, сен шығара алмайсың? — деді Ұлпан.
— Жоқты айтатының не сенің?
— Сен батып кетсең, мен сирағыңнан сүйреп шығарып алар едім.
— Батпай-ақ қояйықшы, Ұлпан. Жүрегім дір ете түсті ғой.
Енді екеуі қатар жүзіп жағаға жақын ескен көкше құрақтың көлеңкесіне барып отырды. Құрақ түбі құм-қайраң, тайыз екен аяқтарын созып жіберді. Су болған шаштарын желкелеріне түйіп алып жатыр.
— Менің шашым, адыра қалғыр, айғырдың ту құйрығындай қалың... жуғанда болмаса, құрғақ күйінде тарай алмаймын,— деді Ұлпан.
— Мен тарай берем: қатты да емес, қалың да емес.
— Саған құдай шашты да дұрыстап берген ғой. Тобыл қаласында күнде моншаға түсіп, күнде тарап алушы едім. Елге қайтқаннан бері, шомылғанда болмаса, тараудан да қалдым. Бір татар кемпірі «шашты елі сумен жуарға болмай, біткиліп шығар» деп еді, құдай сақтап жүр әзір...
— Әй, монша дегені немене осы? Әсіреп ағакем монша салайық деп күнде айтып қояды. Мүсіреп ұмытып кете береді.
— Екеуі де қалада жүкші болған адамдар, моншаны түседі. Әсіреп қайынағаң енді бір аузына алса-ақ ағаның құлағынан басып көндірері Көзің ашылады! Қыстыгүні мен де келіп түсіп кетіп тұрар едім.
Монша дегенді мен қайдан білейін... күйген кірпіш тас керек, үлкен-үлкен бөшке керек деп Мүсіреп ағаңа қарай сырғытып қойды білем.
Әй, сен соңынан қалма! He керегін маған айтсыншы, күнде тапқызып берейін...
Жоқ, мен Мүсіреп ағаңның өзін жегіп көргім келеді.
Қайран, жегінге түскен Мүсіреп ағам-ай!..
Екеуі Мүсірептің арбаға жегіліп жүргенін көргендей мейрам күлісіп алды.
— Әй, мен ботамды қалай әкетем? Арбаға сыймайды, жетелеуге де болмайды. Қалайда тастап кеткім келмейді,— деді Ұлпан.
— Енесімен әкетесің.
— Енесімен?
— Енесімен әкетпегенде өзің, еміземісің?
— Кетші әрі...
— Кететіні жоқ. Енесімен әкетесің. Біз әлдеқашан ұйғарып қойғамыз.
— Әй, онда тіпті қызық болады екен... Ұлпан алғаш барған жерінен боталы пар жетелеп қайтыпты — деп жұрт дүңк ете түседі ғой. Сен қатың білмейтінің жоқ осы! —деп абайсызда отырған Шынарды кеудесінен итеріп қалып суға шалқасынан құлатты. Шынар аяқ-қолы ербелеңдеп тұра келді де, Ұлпанның ту сыртынан келіп жабысып оны да шалқасынан түсіріп, суға малып-малып алды. Екеуі тұра салып бірін-бірі қуып, су шашып, сұйық құм шайып, кезек-кезек құлап, баладай ойнап кетті. Үсті-бастары батпақ. Шектері қатып, езу жия алмай сықылықтап, шиқылдап, ықылық атып күле берді.
Бұл балалық шақтарында ойналмай қалған ойындары еді. Балалық шақтарында бүлінбей қалған күлкілері еді. Қазір сол ойналмай қалған бала шақтың, ойыны мен күлкісі бір сәтте жарқ етіп жарып шығып, бір-ақ бұрқ етті. Бойда қала берген қайғы-шердей, жинала берген кектей, ойналмай қалған ойын-күлкі де, сәті келіп қалса, жарылып шықпай қоймайды екен.
Еркек-шора болып өскен Ұлпан еркек балаша ойнап өсті. Қыз табиғатың қыз ойын-күлкісін бұзып та алды. Шынар болса, жасынан ескі-құсқы киіп, тең құрбыларынан қорынып, қорғалақтай өсті. Екеуінің де балалық шағынан бойда қала берген ойын-күлкілерінің жарқ еткені осы еді.
Екі жас келіншек тағы да біраз су шашып, батпақ лақтырысып, кек құрақпен сабаласып, үсті-бастары сатпақ-сатпақ болғанша ойнады. Әрең тоқтады.
— Мұндай қызық болмас.
— Менің шегім үзіліп кете жаздады.
— Қояйық енді. Жетер.
Екеуі тағы да біраз құлаштай сермеп, жүзіп алды да, жағаға қарай беттеді. Ою-қиюы, иіліс-бүгілісі құдай-шебердің қолынан дұрыс шыққан сұлу денелер еңкейе берген күн көзіне әдейі тосылғандай түгел жасырынбай келеді. Бірі ат үстінде, бірі өмір бойы жаяу жүріп шыныққан. Бір мысқал арам еті жоқ жас денелер бүгін бір сәтке еркіндік алып, көркемдік әнін салып келе жатқандай еді.
Екі келіншек киініп болған соң ойнақы бота екеуін қайта айналдырды. Бота болыңдар, ойнайық дейтін сияқты. Сендер қашыңдар, мен қуайын дейтін сияқты. Әйтпесе, тұз беріңдер — «буһ»!—дейді. «Буһ!» деген түйе тілінде түз деген сөз екенін біздің тіл ғалымдары оңай-ақ дәлелдеп берер еді. Әттең, ол кезде ондай ғалымдар болмаған соң Ұлпан мен Шынар оған түсіне де алмады. Тұзды ботаға түсінбей-ақ бере берді.
Ауылға жақындай келе Ұлпан құрылып жатқан алты бақанды көрді. Екі жігіт бақандарын байластырып болып, енді арқандарын тағып жатыр екен.
— Бұларың, кім? Бұл ауылда жігіттерің бар ма еді? — деп сұрады Ұлпан.
— Төрттен астам ауылының жігіттері ғой алты бақан құрып жатқан. Кешке алты бақан тебеміз.
— Төрттен астам?
— Төрттен астам дегенге де түсінбеймісің?
— Түсінсем сұрар ма едім.
— Төрт дегенді білесің ғой. Соған тағы бірді қосшы.
— Қостым.
— Нешеу болды.
— Бесеу болат та.
— Бесбай ауылы дегенді «Төрттен астам» ауылы деме« генде қалай атаймыз? Сен де солай атайтын боласың.
— Жоқ, мен олай атамайтын болармын. Менің Есеней екенімді білемісің?
— Білемін... Би ағамыз сені солай атап кетіпті ғой.
— Білсең, мен әр ауылды өзінің атымен атайтын болатын бай ауылы дермін. Сенің ауылыңның «Екі үй Түн деген атын да жойдырармын. Аталарыңның аты кім еді?
Жұрт дегенді тағы бір түрлі етіп айтып көрші.
Ел ме?
Иә, ие, ел... енді соған күйеуің бір жақтан келгенде не амандасатыныңды қосшы...
Ат-көлік аман келдің бе, дейтін шығар.
Енді соның ат-көлік дегенін таста да, аман дегенін қос.
— Еламан, Еламан ба?
— Иә, ие, сол.
— Тәңірі алғыр-ау, Бесбайыңды да, Еламаныңды да атап қойдың ғой!
— Сөйттім бе, әй! Аузыңнан шығара көрмеші, апатай.
— Шығарғанда қандай! Айдай әлемге таратам. Бесбай дедің бе, Еламан дедің бе?
— Сен ғой еріксіз айтқызған.
— Сен де жұрттың бәрін өз атымен атайтын боласың.
— Мен бе?
— Сен! Әуелі Есенейден бастап атайсың.
— Айтпаймын.
— Айтасың. Есенейдің көзінше айтасың.
— Өлсем де айтпаймын.
— Көрерміз...
Манағы далада шай жасалып жатыр екен. Шынар келіп самауыр қасына отырды. Ұлпан оған таяна отыра кетті.
— Өлердей шаршап, сусап қайттық,— деді Есенейге еркелей қарап.
— Көріп отырмын,— деді Есеней.
— Шынаржан, шайыңды тезірек құйшы!
Шай құйылып, Есенейден бастап беріліп жатыр. Кезегі келгенде Шынар қасында отырған Ұлпанға шай ұсынып еді, ол алмады.
— Ұлпан, шайыңды алшы...
Ұлпан алған да жоқ, бұрылған да жоқ.
— Ұлпан дейім, шайыңды алшы.
— Немене Ұлпан-Ұлпан деп! Менің атым жоқ па ? — деді Ұлпан Шынарға қабағын түйілдіре қарап. Шынар бозарып кетті. Ұлпанның жаңа ғана айтып келе жатқаны есіне түсе қалды. Енді қайттім? Шәшке қолында... Ұлпан алар емес. Қабағы түюлі, екі көзі тесіп барады. Дастарқан айналасында отырғандар да түгел бұған қарай қалыпты.
Шынар қолындағы шәшкені жерге қоя салды да тұра келіп Есенейге бір тізелеп сәлем етті. Содан кейін орнына отырды да, Ұлпанға шәшкені қайта ұсынды.
— Есеней, шайыңды алшы!—деді. Бет-аузы күйіп бара жатса да сасқалақтаған жоқ.
Ұлпан Шынарды көзімен еркелетіп күліп жіберді. Есеней қарқылдап, күлді.
— Ой, айналайын Шынаржан, еркек екенсің. Ұлпанды бір адамға Есеней деп айтқыза алмай қойып едім. Бүкіл Керей-Уаққа жол салып бердің, айналайын. Торқалы тоғыз орамалын, мойнымда! — деді.
— Қап, Есенейдің бар дүниелігін шаштырып алғанымды қарашы! Олжалас, әй!—деп Ұлпан да ақжарқын күліп жіберді.
Шынар, Ұлпан, Есеней, Әсіреп, Мүсіреп, Науша, Жаниша, Кенжетай — самауыр, дастарқанды айнала отырған. Бәрі де ақжарқын жүзбен күлісіп алды. Шай енді сорапталды келіп...
Кешке Ұлпан мен Шынар алты бақанға кетті. Еркектер даладағы орнынан қозғалған жоқ. Алыстап кейін қалған ойын-сауықты сол алыстан тыңдады.
Кәукер, Бикен деген екі әнші қыз сұңқылдатып ән салды. Алты бақанда шыққан дауыс бір көтеріліп, бір төмендеп, түйіле төнеді. Әуелі орағытып, қиыстырып, екі жеңгесіне құттықтау айтты. Еліміздің биігіне қолдарың жетті. Қашанда сол биікте көретін болайық. Күй сауған, бие сауған салпы етек өзіміздің елде де аз емес. Тек оларға да кез қырын сала жүріңдер... Сендердің табандарыңа кірген шегір біздің маңдайымызға кірсін. Бірге қуанайық, бірге күліп ойнайық...
Олардан кейін екі келіншек қосылып ән салды.
— Қой кетті...
Жалаң қабат шапанқан жаңбыр өтті,
Жаурадым, қалқажан.
Ата-енем...
Алғаным.. бәрі де үйде ұйықтап жатыр, қалқажан!
Сен де мендей боласың ғой бір күні —
Сен аяшы, қалқажан!..
Шынар солқылдап жылап жіберді. Көз алдына жаурап келе жатқан сорлы келіншек келе қалып еді. Аяп кетті.
— Сен неге жылайсың? Сенің де арманың бар ма? — деп Кәукер мен Бикен жас жеңгелеріне қадала қарасып сұрап еді, Шынар оларға:
Мен сондай жылауықпын,— деді.
Өлең ғой, әшейін...
— Қайдан әшейін болсын!—деді Ұлпан.
Төрт жолды өлеңнің бірінші жолы шолақ басталып, соңы үш жолы түгел буындас келетін бір түрі ертерек туса игірек. Кәукер мен Бикен Ұлпан мен Шынарға осындай өлең ұнайтын болар деп Біржанның бір әніне салды:
Көлбай, Жанбай,
Шідерімді кім алды Ләйлім алмай...
Шідерімнің Ібағасы қырық қысырақ
Сол себептен барамын сұрай алмай,
Сұрай алмай-и-и-ей!..
Ләйлім шырақ
Шідерімнің бағасы қырық қысырақ...
Ұлпан мен Шынар да бір-екі рет алты бақан теуіп түсті. Екеуі екі жақта жайлаған, біріне бірі жат елдің қыздары, қосылып салатын әндері жоқ екен. Ұлпанның тіпті даусы жоқ болып шықты. Кәукер мен Бикенге еріп Шынар азырақ ән салған болды.
— Шынаржан, ас пісті,— деп шешесі келді.
Ұлпан Шынарға қарады. Жаңа келген елінің жастарымен қалай қоштасарын білмей тұрған сияқты екен. Шынар қыз-келіншектер мен жігіттерге:
— Сіздер де жүріңіздер. Ac ішіп қайтарсыздар,— деді.
— Есекеңнің үстіне барамыз ба?
— Жүріңдер! — деді де, Ұлпан Кәукер мен Бикенді қолтықтап алып, басқалар соңында, Есеней отырған жерге алып келді.
— Есеней, сен тыңдадың ба? Екі әнші қызың мынау екеуі.
— Ой, көп жасаңдар, қарақтарым... мен тіпті өзіміздің елден ән естіп көрмеген екенмін. Бар екен ғой әнші балалар...
Есеней шынын айтып отыр. Өз елінде әнші, өнерші бар екен деп ойламайтын еді. Қоңсы-қолаңдары қырық ру. Шетке шықса Керей-Уақтың шұбар төс шонжарларын ертіп алады. Жалғыз Мүсіреп болмаса, өз ауылдарынан еш кімді ерте де бермейтін. Мына Түрікпен елге осындайымен де жұғымды екен-ау деп күндеп бір қалды да, ол ойынан тез қайтты. Бұрынғыдай емес, өзінің жұмсарғанына риза болғандай еді.
Шеттей отырса да, Есенеймен табақтас болғанына тасып-төгіле қуанып жастар кетті.
— Біз жер үйге жатамыз,— деп Ұлпан мен Шынар бірге кетті.
Еркектер сол далаға қонып шықты. Өмірінде далаға қонып көрмеген Есеней таңертең тұрып жатып:
— Осы қатындар бізден ақылды болып шығып жүрмесін... Құр аттай болып қалыппын! — деді Мүсірепке.
— Жегенің, тайдың еті болса, түн бойы даланың жұпарын иіскеп шықсаң...— деп Мүсіреп мақтана бастап еді, Есеней:
— Қойсайшы-әй, мен де соны айтып отырмын ғой,— деді.— Ұлпан байғұс бір жасап қалған шығар.
Ұлпан далада отырған еркектердің қасына келді. Еркелей қарап, жайраңдай келді. Тынығып, ажарланып кетіпті.
— Есенейжан!—деді Ұлпан Есенейдің тізесіне шынтақтай отыра' кетіп. Шынтақтай кетуді Ұлпан әдетіне айналдырып алып еді.— Есенейжан осындай бір қысқы үйді біз де салдырып алайықшы.
— Салдырсаң, салдыр, күнім. Мен оның, есік-терезесін қай жерінен шығаратынын да білмеймін. Әйтеуір мен де сиятын етіп салдыр!
— Сен үшін салдырмаймын ба, қара бурам-ау
— Онда маған қарама, бұрқырата бер!
Есенейдің аттары жегіліп қалды. Өсіріп ақ нарды жетелеп апарып — ырымы сол — Есенейдің пәуескесіне тіркеп жатыр.
— Ау, сен ботаңа қоса нарын да әкетіп барасың ба?— деді Есеней.
— Нарымен алмасақ, ботаны қалай асыраймыз?— Кеше Шынардың «өзің емізесің бе?» деген қалжыңы есіне түсіп Ұлпан күліп жіберді.— Онда шаптық ғой Түрікпенді!
— Мүсіреп ағай өзі айтқан — бай болғым келмейді деген.
— Е, болмаса болмай-ақ қойсын... Әсірепті ұмытып кетіп жүрме...
— Араласпай отыр! Кешеден бері сен екеуміздің көргеніміздің есесін бәрі бір қайтара алмаймыз.
Дәл аттанарда кешегі «орамал» дегенін Есеней тағы есіне алды.
— Шынар шырағым, орамалың мойнымда дедім ғой кеше. Қалауың болса өзің айтшы,— деді.
— Жоқ, би аға... Атыңызды атап қойып, өзім айыпты болып қалдым ғой. .Сонымды қалай жуар екемін деп қысылып жүрмін... Ештеңе алмаймын.
Жоқ, жоқ, шырағым, атымды атағаның Ұлпан екеумізге үлкен қуаныш болды. Алмаймын дегеніңді азсынғаның деп кетемін...
— Еркектер осындайға араласқанда түк орайын таба алмайды. Есеней болған мен емес пе? Өзім алғызамын. Алады!—деді Ұлпан.— Көші-қон бар ғой, жүрейік енді. Тайдан ештеңе қалып па еді, арбаға сала салыңызшы, Науша апай...
Есеней ұялып қалған болды. Ұлпан Шынарды оңашалап әкетіп:
— Әй, сең өзіңе не керек екенін білесің бе? Ақ отау керек... Сол отау жайлауда тігулі тұрар. Кешеден бері отау отау деп қыстырып қалып жүргенім сол да. .Мына үйіңді жайлауға апарма, қайнағаңа бер. Болды, болды, ашпа аузыңды!..
Пәуеске қозғалып кетті. Ботасын ерткен ақ нарды жетелеп Әсіреп те кетіп барады. Ауыл иелері ақ ботаның артынан ұзақ қарап қалды...
Ұлпан өз ауылына жақындағанша Есенейге баладай еркелеп, қалжыңдасып келе жатты. Пәуескенің ішінде де шынтақтай отырып келеді.
— Есенейжан, сен көлге шомылғанда жүземісің?
— Оны неге сұрадың?
— Су сені көтере ала ма дегенім ғой.
— Жоқ, мен қолым жеткен жерге ғана жүземін...
— Жүзіп үйренгің келе ме?
— Оның маған керегі не? Жалғыз Қайраң, көлден басқа көлдердің бәрінен де аяқтап өте берем...
Бұрын ойын-қалжыңға шорқақ Есеней, осы күні Ұлпанның ыңғайына қарай, Ұлпанды күлдіргісі келіп қалжыңдаса алатын болды. Бұрын бар ойы малында, ерсілі-қарсылы соғатын дау-жанжалда болса, енді оның бар ойы Ұлпанда, Ұлпанның қас-қабағында болатын.
Ауылға жақындай келе сол қас-қабақ бұзылып кетті. Ұлпан шынтақтауды қойып түзеліп отырды. Қараша ауылды көрді.
— Есеней-ау, мына қараша ауылды сен неғып көрмей жүрсің? Өзіңе ұят қой! — деді.
— Көрмей жүргенім рас. Жеті жылдан бері мен елге анда-санда бір соғып, басқа елдерде, мал ішінде болатынмын. Қысы-жазы солай. Менің ауылым биыл сенің, ауылыңда Қалған жылқышы қосы еді ғой... Мені өз ауылыма ертіп әкелген де сен!
Ұлпанның жүзі жылынған жоқ, азырақ қана даусы жұмсарды.
— Осы қырық үй малшы-жалшыларыңның қырық жылдан бергі жалақылары сенің мойныңда кете беріпті... обал ғой,— деді.
— Айналайын Ұлпанжан, соны маған ендігәрі айтпайтындай болып, өзің тындыршы. Екеумізге екі айғырдың үйірі жылқы қалдырсаң болады. Менің ендігі байлығым жалғыз сен! Асырарсың бірдеме қылып...
Ұлпан Есенейдің тізесіне қайта шынтақтады..
— Еркексің ғой сең еркексің, Есенейжан! — Енді шалқалап келіп бар денесін Есенейдің тізелеріне көлденең салды. Есеней сол қолымен Ұлпанның сәукелесін демей беріп төсінен иіскейін деп еді, иіле алмады.
— Есеней,— деді Ұлпан Есенейдің көзіне тура қарап,— Есеней, Қаршығалыдағы бір қос жылқы менікі ғой. Сен бергенсің, мен алғамын. Енді өзіңе қайырып берем. Тек, әке-шешемнің көзі тіріде сол жақта бағылатын болсын. Оларға да мал керегі жоқ. Аз ғана малын қоса бақтырып отырсаң болады. Соның. есесінен мына қараша ауылдың аласыларын түгел төлегім келеді.
— Тындырсаң болды. Малды мен бағайын, жұмсауын сен жұмса. Мен малды өсіруден басқа қызығын білген емеспін.
Бұлар ауылға жетіп арбадан түскенде, Ұлпан отауының алдында жиырма шақты әйелдер отыр екен. Ұлпан соларға қарай бұрылды. Кешеден бері тыныққаны бірден жойылып кетті. Әйелдердің «Мырза келін-ай, таң атқалы күтіп отырмыз» деп амандасқандарының өзінде сұрана келгендері көрініп тұр еді.
— Есен-саусыздар ма? — деп әйелдерге жалпы бір амандасты да, Ұлпан арқасын киіз үйге сүйей отыра кетті.
Әйелдер өздерінің жай-күйлерін сұрастыруды күткен жоқ. Біріне бірі қосарлана, жамырай сөйлеп кетті:
— Шалымызбен екеуіміз он екі бие сауамыз. Он екі биені күніне бес рет сауғанда нешеу болады, отыз бола ма?
— Екі балам осы үйдің қойын бағып жүргелі алтыдан астам жыл... тым болмаса бір қозылы қой алып көрдік пе екен?
— Біздің үйдің жайын айтып керегі жоқ. Үй ішімізбен үйдің есігінде жүргелі неше жыл болғанын атам байғұс отырушы еді. Мен көк ми ұмытып та қалдым.
Ұлпанның қабағы ашылып, жүзі жадырап кетті. Бұл әйелдер жай сұрана келмей, аласылар сұрап отыр. Кәдуілгідей өлшеуге келетін орынды сұраулар. Сұрану емес, сұрау да емес, ең берісі — ақысыз-пұлсыз кете берген еншімізге бірдеме төлейтін уақыттарың болды ғой,— деп отыр.
Осы кезде әртүрлі себептермен бай Есенейді, би Есенейді паналап келіп, аяғында оның малшысы, сауыншысы болып қарап қалған қараша деген ол бір өткен заман сарқыншағы еді. Ұлпанға ол түсініксіз нәрсе. Құлдық емес, емес те емес. Бай адамның айналасы осынша кедей, көзінен сорасы аққан сорлы бола ма екен? Өзгесін былай қойғанда, Есенейдің ауылы дейтін санатқа қосылатын қырық үйлі қарашаның қайыршыға айналып бара жатқанына ұялу да керек емес пе! Осыдан екі-үш күн бұрын қойдың үн-жұрқасын, жылқының қыл-қыбырын қолды-қолға таратып бергенде, Ұлпан осыған намыстанып, осыған ызаланып еді. Бүгін соның түп тамырына көзі жеткеннен қуанды. Әйелдер шуласа сөйлеп бір кідірген кезінде Ұлпан оларға күлімдей қарап:
— Апайлар-ау, Есенейде қайсыңның қашаннан бергі аласыларын, барын мен қайдан есептеп шығарайын. Әйтеуір, бәріңнің де аласыларың барына көзім жетіп отыр. Есеней өзі сол аласыларыңды түгел бер деді.
— О, мың жасасын!
— Балалы-шағалы болсын!..
— Есеней үй басына бір құлынды бие, үй басына екі қозылы қой берерсің деді. Бұдан былай қойшы жаздыгүні жүз қойдан бір қой алып бағады, қыстыгүні екі қой алады... Жылқышы екі жүз жылқыдан бір жылқы алады. Тағысын тағы көре жатармыз. Бүгін кешке қойларыңды алыңдар. Ертең жылқыларыңды алыңдар. Жайлауға көшуге бір-бір түйе берілер,— деді де, Ұлпан орнынан тұрып отауына кірді.
— Мырза келін-ай, сен келдің де кезіміз ашылды ғой!
— Ұл тап, қарағым! Қоймен бірге қозыла!...
Ертеңіне екі құлынды бие алып, Тілеміс аттанғалы жатыр еді, Есеней қайта шақыртыпты.
— Тілеміс шырағым, біз саған бір масыл болып алдық қой,— деді Есеней әлгінде ғана қоштасып кеткен Тілеміске.— Мына қатын қысқы үй салып бер деп жағамнан алып жүр. Бұл жағынан не білетін едің?
— Үй салатын орыстар бар ғой. Табылар.
— Табылса болды. Күзге дейін бітіртсең жақсы болар еді.
— Ағаш үй,— деді Ұлпан.— Анау күні Тобыл қаласында көрдік қой, сондай жақсы үй болсын.
— Орны қай жер?
— Оны әлі белгілегеніміз жоқ.
— Онда мен үй салатындардың бір-екеуін жайлауға алып келейін. Олар орнын көрмей, неше бөлме болатынын білмей тұрып, ешнәрсе айта алмайды.
— Дұрысы осы болар.
Көшті жайлауға жөнелтіп жіберді де, Есеней мен Ұлпан қыстау салатын жер көруге жүріп кетті. Екеуі де салт. Қастарында Есенейдің жер қорушысы бұқа мойын, қисық жауырын, сол қолына іліп алған сойылын тастамайтын Шондығұл бар. Үш ат жеккен пәуескемен Кенжетай көшкен ауылдың жұртында тосып қалды.
Күн жаңа ғана көтеріліп келеді. Жазғытұрғы кең бейіл дүние шыққа малынып, маужырап тұр. Бармақ басындай қара ала аралар үлбіреген гүлдердің, төсіне қонып, солқылдата сорып бал жинап жүр. Ат тұяғының жапырып кеткен балғын көк шөптеріне жаның, ашығандай.
Жал-жал болып біткен қалың орманды, қара топырақты құйқалы жер. Көлдер де көп. Көл бетінде шомылып болып айнаға қаранып, сыланып отырған аққу-қаз су бетіне түскен сәулелерімен сұлулық салыстырып, сырласып отырғандай. Жайылымнан қайтқан мыңдаған үйректер суылдап келіп көлге қонады. Қыбыр-қыбыр, жыбыр-жыбыр сырласады да қайта ұшады. Оттады — тойды, су ішті — қанды, енді қамысты, томарлы көлдердегі ұялары еске түсті. Түп жақтарын түйістіре, төске келетін етіп салған жұмыртқалары еске түсті. Қайта ұшып кетті... Ана бір қалың қамыстарды, томарлы көлдерді сүзе ұшып жүретін албасты қаралар бар ғой, солардың өзі нағыз арамы доңыздар. Сақалды бастарымен боз торғайдың жұмыртқасын да шағып жейді...
Күн түске тармасып қалып еді. Ауыр денелі Шондығұл ауыр жортатын қара атымен кейіндеп келе жатқан. Ұлпан атының басын тартып Есенейге бұрылды.
— Есеней-ау, осынша жерің бос жатқанда алты ауыл Сибанның бір-ақ жалдың бойында сығылысып отырғаны несі?
— Оны қайдан білдің?
— Осы ерлеп келе жатқанымыз «Кәрі қыстау» демедің төрт-бес ауылдың қыстап шыққан жерін де көрсеңіз... Ағаштың жылқы мойны жетер жеріне дейін бір қалмапты, мал жеп қойыпты. Ағаш түптеріне бір тал шықпаған. Киіз үйлердің орны дөңгеленіп қара тақыр жатыр...
— Қазақ жерін қорып ұстай біле ме?— деді Есеней.
— Қалай қориды?— деді Ұлпан жұлып алғандай. Ашуың кетті ме, немене, көзі де жалт етіп қалды.— Қыс қозғалмастай етіп бір жерге қамап қойған соң... отырған жерін кеміре береді де...
Есеней де, Ұлпан да бұдан кейін үндеспей қалды. Шондығұл да жетті.
— Есеке, қыстау салатын жер әлгі қалған суат көлдің соңы — деді Шондығұл қамшысымен кейін қалған жақты нұсқап.— Сол жөн...
— Кейін ораламыз ба?
— Өзің біл.
Аз ғана қатарласып жүргеннен кейін Ұлпан оң қолын Есенейдің тізесіне салды. Шымшып алайын деп еді, сірідей санға қолы батпады. Қол жылуы сіріге өтпей қалған жоқ.
— Өкпелеп қалдың ба?
— Кешке дейін өкпелейін деп едім... Сен еркіме қоясың ба?— Осымен екеуінің өкпелескендері де бітті.
«Суат келдің жоны» деген қалың орманның жотасына шыққан соң Есеней ат басын тежеп:
— Сенің ұнатқаның, болсын. Анықтап байқап ал!— деді Ұлпанға.
Ұлпан суат көлдің өкпе тұсына жақындап келгенде тоқтап:
— Мен осы жерге қызығып тұрмын,— деді.
Қайың мен терек аралас өскен қалың орманның ортасында ашық қалған кең арал — алаң екен.
— Қырық үйлі қарашаң аз ғана әрірек орналасар. Бізге осы арал жетеді.
— Мен бұл аралға мана қызығып кеткемін. Тек, сен барлық жерді көрсін деп үндемеп едім.
— Ал, қойдың ба қолыңды?
— Қолымды қойдым, мөрімді бастым. Шондығұл, ұмытып қалма, біздің қыстау осы жерге салынады.
— Енді басқа ауылдарыңды қалай орналастыратыныңды айт!
— Осы жонмен қатар-қатар, бір беткей созылып жатқан үш жотаны көрдік қой әлгінде?.. Үшеуі үш ауылға қыстау бола алады. Аралары шақырымға толмайды. Өзің бөліп бере бер.
Суат көлге таяу екінші жал ағаш шағындау екен.
— Сәдір бізге күнде керек адам ғой. Ағайындарымен осында қыстаса қайтер еді?— деді Ұлпан.
— Қойдым қолымды.
Келесі жал ағаш қалың да ұзындау келген шығыс жақ етегінде суала бастаған көлі бар Елтінжал деп атанатын еді.
— Бұған Еламанға қараған ауыл қыстасын,— деді Ұлпан.
— Түрікпенді айтамысың?
— Түрікпен дегеніңді қойшы осы, Есеней... Сибанда Әсіреп — Мүсірептен артық Сибан көргенім жоқ,— деді Ұлпан.
— Қойдым, айтпайын... Бірақ Елтінжалға екі ауыл еркін сияды.
— Екінші ауылыңды өзің қос. Мүсіреп ағай кіммен болса да сыйыса беретін адам ғой.
Ұлпан келесі жалды көрмей-ақ Еменалыға бере салды. Екі-үш қыстаудан әрі асырып тастады, болды. Онысына Есеней де наразылық білдірген жоқ.
— Шіркін-ай, Еменалы екеуіңнің жұлдыздарың қай жерде шақырайысып қарсы қарасып тұрғанын көрер ме едім бір!— деп кінаратсыз күлді.
— Еменалының жұлдызы қай жерде тұрғанын мен қайдан білейін... Менің жұлдызым бола қалса, сенің жұлдызыңның ық жағына тұратын шығар,— деді Ұлпан.
— Сенің не айтқаныңды Мұзбел де мақұлдап келе ме өзі, қалай, басын шұлғып қалды ғой!— деді Есеней.
— Мен Мұзбел торыны Қаршығалыда қалдырмай, Еменалы көрген сайын бір күйінсін деп әдейі ала кеттім... мінбесем де ерттеп белдеуге байлаймын да қоямын!— Ұлпан да күлді, астындағы Мұзбел торы да мақұлдап, басын шұлғып-шұлғып қалды.
— «Кәрі қыстау» тұтасымен Бесбайға тиетін болды ғой?
— Аман қайсы...
Жас әйел Ұлпан асқан ақылды адам еді. Өз айтарын әуелі Есенейге айтқызып алып, өз байламын әуелі Есенейге байлатып алып жүр. Есеней де «мына қатын былай деп еді» деп Ұлпанның атын шығара сөйлейді. Есеней Ұлпанына риза, Ұлпан Есенейіне риза, жарықшақсыз жарасым тапқан кездері еді. 
Есенейлер жұртқа қайтып оралғанда аттар жегулі, ағаш көлеңкесінде қымыз сапырып отыр екен. Ұлпан түсе сала қымызға ұмтылды да, әлдеқандай әдеп түсе қалып:
— Есекесі, тезірек отырыңызшы,— деді.
Есекесі де екі айттырған жоқ. Бәрі де сусап қайтып еді. Бары қымыз, дәрі қымыз ішіліп болған соң, Есеней Шондығұлға келесі тапсырмасын айтты.
— Біз жайлауға бірер күн кешігіп жетерміз. Сен бұрынырақ барып әр ауылды әз орнына реттеп қондыратын болшы,— деді.
— Бұрынғысынша қонатын болар?
— Тап бұрынғыдай емес. Біздің ауыл бұрынғы орнына қонар. Бұрынғы Еменалы аулының орнына бұдан былай мына кісінің ағасының аулы қонатын болады.
— Мүсіреп ағайдың ауылын айтады.
— Иә, сол ауыл. Еменалы Бесбай ауылының ар жағына бұрын мына кісінің ағасының ауылы отыратын шетке қонсын! Мына екі атты жетелей кет те, біздің көшке жеткенде жылқышыға тапсыр. Өзің біздің, жылқыдан таңдаған атыңды мініп кет...
— Қараша ауылың қалай қонушы еді?—деп сұрады Ұлпан.
— Айтқандайын, ол ауыл жылдағысынан көлге қарай бір табан жақынырақ қонсын. Біздің ауыл бір табан шегіне қонар...
Шондығұл Есенеймен қоштасқан соң жолшыбай оның бұйрықтарын да бұлжытпай орындап, жайлауға суыт жүріп кетіп еді. Аз-ақ кешікпей жеткен екен: Еменалы көші жылдағы орнына қарай бұрыла бергенде жетті.
Қасында бір-екі әумесер жігіттері бар, көшін жанамалап салт келе жатқан Еменалыға Шондығұл сәлем берді:
— Көш көлікті болсын!
— Сенен көлік сұрай қоймаспын!
— Дұрыс айтасың, саған беретін көлігім болып көрген жоқ. Ағаңның бұйрығын әкелдім: сен биыл Бесбай ауылының ар жағына қонасың.
— Мен немене, елдің шетіне қонатын Түрікпен болғаным ба?
— Кім болғаныңды ағаңнан сұрарсың.
— Ағаңның бұйрығы дегенше ана жалаң бұт келген тоқалдың бұйрығы деп турасын айтар едің-ау сең Ұлтанқұл болмасаң!
Арғы аталары әлдеқайдан келген кірме Шондығұлға «құл» дегені батып кетті.
— Хан тұқымы деп, ойнастан туған бір кегер-аяқ маймақтың құлы болып жүрген нағыз құл сенсің!— деді Шондығұл.
— Оттама енді!— Еменалы қамшысын оқтайлай бастады.
— Сен-ақ отта!— Шондығұл да сойылының шоқпар басын жерге тік тіреп, сол қолымен сүйеніп алды.— Бұр көшіңді!
Еменалы оған не істей алсын! Есенейдің елшісі түгіл қойшысына қолың тиіп кетсе, ат-тон айып тартасың!
— Бұр көшіңді!— деп Шондығұл тағы жекірді. Жанжал іздеп тұрған сияқты екен...
Еменалы Шондығұлдың ата-бабасынан бастап сыпыра бір боқтады да, көшін бұрып әкетті. Шондығұл да есесін жібергісі келмеді. Жеңген адамның айғайына салып, баптап боқтағысы келді:
— Мен бар-ау... сенің бар-ау, әй... іркіт құятын ескі мес сияқты қатыныңның бар-ау... әкесінің бар-ау... тап-тап бар-ау...
Шондығұл «бар-ау, бар-ауын» айтып болғанша, Еменалы ұзап кетті. Қағылатын мық шеге қағылмай қалды...
Еменалыдан басқа ешкіммен ұрыс-керіс болған жоқ. Өзге ауылдар Шондығұл әрі отыр десе, әрі жылжып, бері отыр десе, бері жылжып, жазғы ақ үйлерін тіге бастады. Есенейдің өз қоңсылары да тақыр-таза, тыр жалаңаш емес екен қоңыр-ала, боз-ала ауыл болып қонып жатыр. Кәдуілгідей желі тартып, бие байлапты. Ол ауылда да түйе бақырады, айғыр оқыранады, қой маңырайды. Қай ауылдан болса да қуаныш дауыстары естіледі.
Қайран кел айналасы ат шаптырым, түбі құм-қайраң, жағаға жақын таза көк құрақ шығатын жалтыры көп, ортасы шалқып жатқан кең айдын — атақты шалқар кел,— «Есенейдің қайраң көлі». Солтүстігі мен батыс жағын жаз бойы Есенейдің жылқысы жайлап жатады. Оңтүстігі мен шығысын Сибан елі жайлайды. Аты Сибанның жаз бойғы жайлауы осы. Жұрт ескірсе, жаңартып, жылжып қонып күзге дейін отыра береді.
Жайлауда малшылардан басқа жұрттың бәрі демалыста, бәрі курортта. Жұмыс жоқ, табыс та жоқ. Тойғаныңша ойнай бер, оянғаныңша ұйықтай бер. Күздігүні қайтатын қараша-қаз Қайран көлдің бетін бір жауып еткенше жай Әрпе алладан, таңдары тамақ тәңірідей. Қысты— қыстыгүні, жаздыгүні...
Жайлауда әлденеше елдің іргесі жақындасады, әндері қосады. Жаңа әндер, жаңа әншілер келеді, ат шабыс— тоғысады, қыз-бозбаласы танысады. Құдалықпен даулар да, даумен аяқталатын құдалықтар да осы қымыз-масы жайлауда туады. Достар айрылмай, қастар табысып жатады.
Арбасында екі әйел, божыны өзі ұстаған Мүсірепті танып Шондығұл алдынан шықты. Тобыл күрең үш адам мінген Тобыл тарантасты жүк құрлы көрмей сылан, жортып келеді. Қазақтың кең даласында қала жылқысының да айуандық сезімі қайта оянып, бойы сергіп кетіпті.
— Уа, көш көлікті болсын!
— Айтсын, Шонды-аға!
— Отауларың әне, тігулі тұр.
— Кешке қоныс майларға келіңіз.
— Жоқ, келе алмаймын... Еменалы шақырып қойды...
— О, Еменалы шақырып қойса, оған біз таласа алмаймыз.— Екеуі де күлді, екеуі де бірін бірі түсінді. Әйелдер де түсінді.
Отауға жеткен соң, шешесі мен Шынар арбадан түсе сала жүгіре жөнеліп отауға кіріп кетті. Мүсіреп атты ағытып «күмістеткен» қамыт-шылиясын сыпырып тастап, күрең атты белдеуге апарып байлады. Тарантастың, жетектерін барынша жоғары көтеріп қойды. Белдеуде қос ноқталы ұзын күрең ат, үй сыртында жетектері аспан тіреп сырлы тарантас тұрса, бұдан артық сән болады деймісің! Және бұл жаңа сән ғой...
Әнге басып қиқулап келе жатқан қазақ арбалардың даусы жақындады. Бұл көш-жөнекей құлақтарына сіңіп болған өз арбаларының әні. Шынар-отауынан жүгіре шығып:
— Мүсіреп, атыңа міне сал да, шауып барып бір шелек су әкеле қойшы, ендігәрі жұмсамайын,— деді.— Мә, шелек...
Мүсіреп су әкелуге кетті. Шынар тарантастың алқымынан самауырды суырып алып, қақпағын ашты да, отауына қайта жүгіріп кірді.
— Апа, сенің самауырың жылдам қайнаушы еді ғой. Сен қайната қойшы...
Қазақ арбалардың әні іргеге таяп келеді.
— Өзі бар, адымы жоқ аяғының, Тимейді ұшы жерге таяғының, Аяғын айуанға арта тастап, Әніне басады екен баяғының...
Екі үйдің жүгін алып Әсіреп те жетті. Төрт құлынды биеге төрт қазақ арба белінен салынған. Алдыңғы арбаға жегілген биенің үстінде Әсірептің өзі. Оған екі арба тіркелген. Ең соңғы арбаға жегілген биенің үстінде Жаниша. Арбалар кейде әндетіп, кейде ойбайлап келе жатыр еді, уһлеп тоқтады. Ол кезде майлану дегенді білмейтін білік пен күпшек бірін-бірі қансырата қажап келіп еді, бірге уһлеп тынды. Шынар мен шешесі жаңа жеткен жүктің алдынан шығып Жанишаға қарай жүгірді.
«Жеңешем де тарантасқа мінсін»— деп Шынар қанша қиылса да Әсіреп көнбеген. «Маған жайлауға жеткенше ұрсып отыратын бір адам керек... Оныма жеңешеңнен басқан, шыдамайсың!»— деген.
— Шайын, әзір ме, келін! Отауың құтты болсын! — деді Әсіреп, қара түтінді бұрқыратып атқылап тұрған самауырды көріп.
— Қазір әзір болады, ағеке! — деді Шынар. Содан басқа сөз айтуға уақыты жоқ. Жанишаны атынан түсіріп, отауына қарай сүйрелеп әкетіп барады.
— Құтты болсын, қалқам! Отауыңның іші-сырты бірдей әдемі екен!
Отау орта шаруалы қазақ әйелінің өмір бойғы арманындай алты қанат, шағын ғана еді. Шебер қолдардан шыққаны, шебер қолдардың тіккені көрініп тұр. Қолдан тоқылған терме баулар төрде айқасып, кіре бергенде көзіңе соғылады.
Дәмелі деген жесір әйел, қасында жасөспірім қызы бар, үйдің ішінде ораулы-шилер ұстап жүр.
— Бәсе, — деді Жаниша,— отауды сен тіккен шығарсың деп сонадайдан-ақ танып келіп едім. Денің сау ма, ей? Зейнетің де бой жетіп қалыпты ғой. Бері келші, айналайын, бетіңнен сүйейін.
Дәмелі Ұлпанның жақындата ұстай бастаған жесір әйелі. Өзі де, қызы да ұшып тұрған, ерінбейтін, екі айтқызбайтын жандар. Ері Әсіреппен құрдас еді, екпе құртынан қайтыс болғалы екі жыл.
— Өзің де аманбысың? Байың аман ба? Осы жайлау да қолыма бір түсетін шығар...— деді Дәмелі, құрдастардың қалжыңын айтып.
Әсіреп пен Мүсіреп те үйге кірді.
Отауың құтты болсын, Шынаржан! Артық-кемі жоқ, өзіне лайық екен.
Сендер келгенше отауды осылай тігіп алдық...— деді Мүсіреп. Ол өзі отауға әлі кірген жоқ-ты, ағасымен бірге тұрғаны осы.
— Шаңырағын өзің көтерген шығарсың? — деді Әсіреп.
— Өзім көтермегенде қайтейін...
— Шақшақ бидің қызы, сен осы босаң боларсың білем... Мына мақтаншақты қашан ауыздықтап аласың?
— Еркелетіп қойған өзіңіз көрінесіз ғой, ағеке...
— Атын өзі ағытты ма, әйтеуір?..
— Өзі ағытты... Шауып барып көлден бір шелек су да әкелді...
— Атпен бе?
— Атпен...
— Онда ауыздықтай бастаған екенсің...
Шынардың, шешесі самауырды үйге алып кіре беріп еді,
Дәмелі кіргізбеді.
— Үйдің ішін түгел жинап болмай, жаңа отауда ас іше ме екен! Жас келінді басынан неге үйретсең, соған үйренеді де кетеді. Салақ болады. Шала істеген іс жаман, шала піскен ас жаман, қызыңды ондайға үйретпе, құдағи! —деді.— Әке-шешелерін ерте жалмаған мына екі жетімек — жарым түрікпен жарым қазақ — ондай жора-жоралғы барын біледі деймісің! — деп әлі өзіне амандаса қоймаған Әсіреп пен Мүсірепті де қағыта кетті.— Сен әй, қатыныңнан қорқуды қашан қоясың? — деп Әсірепті арнай қағытты.
Шай далаға жасалды. Шай қазақтың қай үйінде де шай! Баппен ішілмек еді, жақын ауылдардан қыз-келіншек, бозбалалар келіп қалды.
Бұл елдің ескі бір салты бойынша, көші-қон кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одан соң жесір-жетім қалған үйлерді тігіседі. Ең соңына отау үйлерді қалдырып, аяғын ойын-сауыққа айналдырып әкетеді. Әсіреп, Мүсіреп үйлерінің кешігіп келуін жастар ішінен тілеп жүр еді. Құдай тілекті бергенін көрді де жүгірді...
Жастар келе-сала жүктерді түсіріп, Әсірептің үйін тіге бастады. Үйдің киіздері жабыла бастағанда, екі келіншек төрт шелек су әкелді. Төрт жас қыз екі қап тезек теріп әкелді. Үй ішінің жүктері жинала бастағанда, екі жігіт Мүсіреп үйінің алдынан жер-ошақ қазып тастады.
Мұның бәрі де ишарат: « шай қойыңдар, ет асыңдар. Отау үйлердің қоныс майлары біздікі — жастардікі» дегендері.
— Қойың бар ма еді? Соя бер! —деді Әсіреп інісіне.
— Табылар.
Шынар да бір-екі келіншекті ерте жүріп аз ғана жүгін отауына кіргізіп алды. Дәмелі мен Науша сандық, көрпе-жастықтарын орын-орнына қатарлап жүр.
— Енді бір сандық қосылса артық көрінетіндей, енді бір жастық жетпесе кем көрінетіндей болсын! — дейді Дәмелі. Наушаға әрбір сандық, әрбір жастық аспаннан түскен байлықтай көрінеді. «Өңім бе, құдайым, түсім бе?»
Әсіреп үйі тігіліп, жүктері жиналып болған соң жастар көлге түсіп шомылып қайтты. Енді бұлар, жас балаларды қуып жіберіп, қатар түзеп қонаққа келе жатыр. Үй иелері мырза болса, әйелдері киіз есіктерін ашып тұрып қарсы алулары керек. Самауырдың буы бұрқырап тұрсын.
Отау үйлерде жас келіншектерге бір теңдік тиіп қалады. Өз үйлерінің төріне шыға алмайтын жас келіндер төрге шығады. Еркектермен бірдей құрметтеледі. Қалай сақылдап күлсе де, сөйлесе де, ойнаса да ерсі емес. Мұндай үйлерде, әсіресе, осындай кіші ауылдардың алты бақандарында жарқыратып ән салуға болады. Қыз күнінде бар өнерлері, келін болып түскен соң құмығып қалатын енерлері, осындайда бұзып-жарып шыға келеді. Өнері құрғыр болмай әуре қылады ғой, болса ол бір жарқ етпей қоя алмайды.
Жаниша да, Шынар да жастарды киіз есіктерін ашып тұрып қарсы алды. Жүздері жарқын, көңілдері көтеріңкі екен...
Жастар Жаниша мен Шынарға «Келін, есенсіз бе?» деп енді амандасқан болып, екі үйге бөліне кірді. Кірген беттерінде жинаулы тұрған жастықтарды жұлып-жұлып алып, шынтақтасып жантайыса кетті. Аяқтарын көсіліп жіберіп:
— Бала-шағаларыңыз аман ба, шырағым! — десті. Бұлары — үйлеріңнен қонақ арылмасын деген тілектің ишараты еді.
Содан кейін күлісіп тұра келіп, жастықтарды орнына қойып, Шынардың отауын жамандай бастады:
— Үйлері қап-қара, тесік-тесік қой! Қара күйе жеп қойған ба?
— Төрде отырған кісінің аяғы есігіне тиеді екен!
— Сандықтарының аузы қисайып, ырбиып жатыр.
— Қатыны қандай салақ, байы қандай олақ екен!
— Есенейдің үйіне бір бөдіретшік деген орыс келіп жатыр екен. Қасында қағаз жазатын хатшылары да бар дейді...
— Біздің қыстаулардың, бәрінің атын қағаздап алыпты...
— Тегінде мойнында недоймкесі қалғандар ауылдан жылыса тұрғандары дұрыс болар...
— Бастап әкелген әлгі арамсирақ Тілеміс екен. Ол кімді аяйды дейсің!
Осындай суық хабар Қайран кел бойына тарап болғанша, «бөдіретшік деген орыс» кетіп те қалып еді. Енді Сибанның, барлық недоймкесін Есеней өзі төлеп жіберсе керек деген жорамал тарай бастады.
«Бөдіретшік деген орыс»—Қабан қаласының қазақ-орысы қара Иван Мекайла Пушкарь еді. Ол Есенейдің қысқы үйлерін салып беруге шарт жасасып кетті. Үлкен үйі төрт бөлмелі, қонақ үйі екі бөлмелі, екі азық сарайы, бір ақ монша салып бермек. Есенеймен келісімін жасасты да кетіп қалды. Құдай өзі сақтады — алым-салықтың қалдығы «недоимкені» жинауда жұмысы да болған жоқ. Жұрт Тілемісті де босқа күйдіріпті. Жылысып кеткендер де ауылына қайтып келді.
Есеней «қонысмайларын» осындай жұмыстарын бітіріп алып өткізді. Қайран көл басын түгел шақырды. Басқалар түгіл бала-шағасын шұбыртып Еменалы де келді. Үлкен ақсақалдарға көзі соқырайған тай шекелері, орта жастағыларға көзін жұмып, құлақтары делдиген қой бастары тартылды.
Етке тойғызып, қымызға суарып болған соң Есеней аты Сибанның ақсақал-қарасақалдарын ертіп ауыл сыртына шықты. Бұл оның кептен істемеген ісі. Ол елінің тағдырын өз тағдырына бағындырмай ойланған емес. Есенейдің атақ-даңқы Сибан еліне қорған екені де рас. Бірақ, сол бағынышты өмір жеке адамдардың, ынта-жігеріне ырық бермей, иық-басты болып алған. Есенейге еріксіз ере кешіп, ере қонып жүрген елі жүдей бастаған. Ақылды Ұлпан епті қол.
— Ағайын-туғандар,— деді Есеней,— көптен бері өзіммен өзім болып кетіп, елдің жайын ойламай, обалдарыңа қалған екемін. Әуелі оны «Кәрі қыстаудан» көріп едім, көшжөнекей тағы көрдім. Жаяу-жалпы әрең жеттіңдер жайлауға. Менсіз көшіп кете алмай, күзге дейін жайлауда отырып, қысқа қарай «Кәрі қыстауға» қайта барып тығыласыңдар. Бала-шаға қыс бойы қалтырап шығады. Қысқа аман жеткен баланың келер жазға екіден бірі ғана аман ілігеді екен. Өстіп жүріп ел боламыз ба? Осыны ойласайық деп шақырдым...
— Құдай аузыңа бір жақсы сөз салайын деп отыр білем... Өз ойыңды түгел айтшы,-— деді Бақай қарт.
— Айтсам, қысы-жазы киіз үйде отыруды қояйық. Үйренгеннің, ұяты жоқ, орыстарша қысқы үй салып алайық. Бала-шаға жылы үйде қыстап шықсын. Менің қорығымдағы жерді бәріңе бөліп берем. Әркім үй салып алсын. Мен өзім «Суат көл» жалына үй салдыратын болдым. Орыстар салады. «Қыс азығын жаз жимай жарлы қайдан байысын!» дегені қайда? Шөп шаптыратын егін салатын болайық.— Есеней содан кейін қай жерді қай ауылға беретінін айтты.
—Жер тисе, қысқы үй салып алар едік-ау!..
.— Шөп шабу да қолдан келмейтін іс емес қой.
— Шабатын жерің болса десейші!
Есенейдің кең бейіл отырғанын сезінген жұрт осылай қысқа-қысқа аңғартып ризалық білдірді. Есенейдің өз інісі жалғыз Еменалы ғана жанжал шығарды:
— Қысқы үй деген қара түтінді салып аламыз ба, салмаймыз ба, ол әркімнің өз еркі ғой, маған оның керегі жоқ. Ата-бабамыз киіз үйде туған, киіз үйде өлген...
— Саласың — деді Есеней қысқа ғана.— Салмасаң өкпелеме, өзің өкінесің.
— Үй салсам, Елтінжалға салам. Ол менің қорығым, менің жерім!
— Елтінжал Еламан аулы мен Андарбай, Отарбайға берілді дедім ғой!
— Елтінжалды Түрікпенге бергенше өртеп жіберсем болмай ма!
— Жоғал! — деді Есеней ақырып.— Сенің қырсығың,нан Сибанның қақ жартысы анда-мында қашып көшіп кетті. Жоғал!
Есеней қалшылдап, дірілдеп кетті. Бұрын мұндайы жоқ аяқ-қолы түгел дірілдеп әрең бастадым.
Осы айтайын дегенім!—Есеней де орнынан тұрып, әрі қарай жүре берді. Еменалыға қатты наразы болған шұрт та тарай бастады.
Ұлпан қонысмайларға келген жасы үлкен әйелдерге шай Агруге әзірленіп еді. Дәмелі үлкен көк-ойрақ дастарқанды серпе тастап жая бергенде, Еменалының екі баласы үйге жүгіре кіріп, дастарқанды иықтарымен іле-міле барып Есекке отыратын көрпеге құлай-құлай кетті. Екеуі де он екі, он үш жастағы балалар. Жырқылдап-тырқылдап, дастарқанды жамылып алып аунап жатыр. Төрдегі әйелдер үн шығара алмай қатып қалды. Дәмелі тайсалған жоқ:
— Айтолқын-ау, балаларыңды қалай жаман үйреткесін? Қой демейсің бе? — деді.
— Сен итаршы болмай-ақ қой! Не қылса да өз үйлері! Осы ауылды өңкей бір кірме қатындар билеп алған екен!— деді Айтолқын.
— Әттең менің үйім емес. Иттей теуіп шығарар едім! — Дәмелі дастарқанды жұлып алып: — Кетіңдер! — деді балаларға.
Екі бала ауыздарын қисаңдатып, Дәмеліге тілдерін көрсетіп аз ғана отырды да, үйден ата жөнелді.
— Келін, бұл үйде байқап сөйле! Жеті жыл иесіз қалған үйде ойыңа келгеніңді істеген екесің. Енді бұл үйдің иесі бар! «Шық!» деп жүрер!—деді Ұлпан. Даусын көтермей салмақты айтты.
Ұзамай ботаның бақырып қалғаны естілді.
— Өй, иттің балалары! — деген Кенжетайдың даусы да қосарлана шықты. Кенжетайдың даусына ойбайласып, жылаған екі баланың даусы араласты.
Ұлпан ақ ботасына жүк арбаларын тіздіріп қоршау жасатқан еді. Өйтпесе ботасы пысыған сайын нар іңген жеріне қашатын ыңғай көрсете бастаған. Жел оңтүстікке шықса болды, солай қарай қаңқиып жөнеле бастайтын болды.
Ботаның даусын ести сала, Ұлпан далаға жүгіре шықты. Әуелі күліп жіберді. Жаңағы екі бала екі жерде бақырып жылап аунап жатыр екен.
Одан кейін өзінің көзінен жасы шығып кетті. Ботаның көзінен жасы ағып, басын шайқай беріп, баладай қыңқылдап тұр екен. Өрістен тайраңдай жүгіріп, енесі келе жатыр. Нар іңген жүгіріп келген бойы арбаларға соғылып, өзі арандап қала жаздады. Жан-жақтан жүгірген жігіттер арбалардың арасын ашып, іңгенді ботасына қосты. Бота қасына келген енесін бір-екі сорды да, басын көтерді. Бір көзі жұмулы, түймедей-түймедей жас сорғалап тұр. Ұлпан ботаға түз берді, алқымын қасыды, құлақ түптерін қасыды.
— Өлтірді-ау, балаларымды, өлтірді-ау!.. Түрікпені ме, қалмағы ма? Қалмақ басқырдың, ауылын билеп-төстеп алған қай кірмесі!—деп Айтолқын енді-енді Европада жоқ әйел боқтауына баса бергенде, ауылға жақындап қалған Есенейді көріп тоқталып қалды.
— Жүріңдер, иттің балалары! -— Балаларын ертіп үйіне қайтты. Ойбайлап жатқан балалары да сұм екен. Кездерінде жас жоқ. Тұра салып Кенжетайға ауыздарын қисаңдатып, тілдерін көрсетті де, шешесінің алдына түсіп жүгіріп кетті.
Ұлпан Есенейді есік алдында тосып алды.
— Жай ма, Ұлпан? Қызарып кетіпсің ғой! — деді Есеней.
— Жай, тәңірі... балалар ғой ойнап жүрген. Үйге кір, шай ішейік.
Үйде отырған әйелдер Айтолқынды қатты сөгіп, қарғап сілеп алды.
— Ант ұрғанның қарғысы қандай жаман еді! Қалмақ басқырдың ауылы деуге аузы қалай барады екен?
— Өз басына келсін!
— Жер жастанғыр балалары қандай сотқар еді!
— Ұлпан келіннің амандығын тілейік. Сазайын талай тартқызар әлі!..
Есеней үйге кіріп өз орнына отырды. Жас әйелдер сәлем етті. Есенейдің орнына таман төрде отырған мосқал әйелдер Есенейге жамырай амандаса келіп:
— Мырзажігіт, Ұлпан келін болмай бәрімізді терге шығарды... Бір-екеуміз болмасақ, өзгесі бұл үйдің төрі түгіл босағасын аттамайтын келіндерің. Көріп отырсың ба, бәрі төрде отыр...
— Отыра берсін,— деді Есеней.— Ұлпан айтыпты десе болды, Есеней не айтар екен деп сұрамаңдар. Жатсырап кеткен екем. Ұлпан өз еліме өзімді қайта табыстырып жүр. Келіндердің бірде-бірін көрмеген едім, Есенейдің төрі түгіл ақ патшаның төріне отырғызсаң да, жараса кететін келіндерім бар екен ғой!..
Жас әйелдер біріне бірі қарасып, жымыңдасып қалды. «Сені айта ма, мені айта ма?», «мені айта ма, сені айта ма?»...
Анау отырған Шынар деген ең жас келіндерің, осы кірген бетінде төрге шығып отырған. Шынар, бері келіп, қасыма отыршы.
Ұлпан мен Шынар самауырды ортаға ала шай құйып еді. Ұлпан Шынарға:
— Бар!—деді.— Сен бір еркетайы болып алдың ғой осы үйдің. Бар!..
Шынар ұяла-қызара Есенейдің қасына барып отырды.
— Жақын отыр... Бұл кісі менің атымды да атайды,— деді Есеней.
— Не дейді? Шын ба, шырағым?
— Өздері болмай ататқан...
— Е, айналайын-ай, Ұлпан келін шығар.
Құл да емес, емес те емес, тәуелді де емес, тәуелсіз де емес, әйтеуір бір бағынышты халде жасап келген аз ғана Сибан бұл жолы арқасы кеңіп, еңсесі көтеріліп тарасты. Бірақ ескі әдеттері бойынша, Есенейді мақтады. Біразы Ұлпанды мақтады. Әйелдер жағы түгелімен Ұлпан жағында болды.
— Асыл тегі өзіміз... кедейдің қызы ғой. Жоқ-жітікке жаны ашып тұрады. Кедей Сибанның маңдайына біткен басы осы болар.
— Есенейдің орнына Есеней. болып қалатын ақылына көркі сай... Бәрін істетіп отырған сол! —десіп кетті. Әйелдер қателескен жоқ...
Есеней Еменалыдан көрген жәбірін, Ұлпан Айтолқыннан көрген жәбірін біріне бірі айтқан жоқ. Екеуінің көңілінде де бір у сарқыны қалғанын екеуі де сезінеді, бірақ ондайды қайта қозғап, бірінің жүрегіне бірі запыран зәрін қайта құятын жандар бұлар емес. Айтолқынның «Қалмақ басқырдың ауылы» дегенін Ұлпанның аузынан естісе, ондай сұмдық қарғысты естіп көрмеген Есеней қалпақтай түсуі мүмкін ғой! Еменалының «Елтінжалды Түрікпенге бергенше өртеп жіберсем болмай ма!» дегенін Есенейдің аузынан естісе, Ұлпанның қаңдай жайда боларын кім біледі? Екеуі де күндегісінен гөрі ақжарқын, көңілді екен дерлік еді. Әйелдер кеткенде, Ұлпан Шынарды жібермей алып қалып еді, екеуі сонымен қалжыңдаса берді. Ұлпан Есенейді Шынардан қызғанған болады. Есеней Шынарды көргенде боз-балашылығым ұстап кетеді дейді. Солай болса да Есенейдің көңілін бірдемеге аударып, ашуын тарату керек сияқты.
— Есеней-ау, осы толып жатқан бумаларда, сандықтарда не бар? Сен өзің білесің бе соны? — деді Ұлпан.
— Білген емеспін. Не болса да шірігені шіріп, ірігені іріп, құрт жегенін құрт жеп жатқан шығар. Осы жүктерден шірік иісі келіп отыр, сол ғой сенің тынышыңды ала бастаған. Жайып кептіріп, керегі жоғынан құтылсаң, мен де бір қуанып қалар едім!
Ертеңіне Ұлпан үлкен үй мен қонақ үйдің бар дүниесін далаға шығартып, күнге жайдырып еді, ауылдың айналасын түгел алып кетті. Құдай-ау, қанша көрпе, кілем, қанша ішік, қанша шапан бар! Бәрі қымбат дүниелік. Жинала берген ұсталмай жата берген өлі бұйымның көптігінен жүрегің айнырдай екен. Бумаларда іріп-шірігендері де бар, бірақ, көп дүниені Сібірдің суық аязы аман алып қалған.
Ұлпан Есенейді ертіп жүріп бәрін көрсетіп еді, оның да жүрегі айныды білем: — Құтыла гөр, Ұлпан, құтыла гөр — деді де кетіп қалды. Үйінің қасында жүрген Мүсірепке қол бұлғап көлге қарай кетіп барады.
Ұлпан он екі ақсақалдарына бір-бір түлкі ішік жіберді. Әлі таусылар емес.
— Ұлпан түскенде ақсақалдардың жол-жорасын істей алмап едік,— деп Есенейдің өзі жіберген сыйлық етіп таратты.
Әйелдердің жол-жорасын Ұлпан өз қолынан үлестірді: кілем, текемет, көрпе, киіз, бір-бір қадақ қашаннан жатқан қағаз шай... Бәрібір таусылар емес.
Ұлпан Шондығұл мен Дәмеліге қалағандарыңды өз қолдарыңмен ала беріңдер деп еді, Есенейдің дүниесінің екеуінің де қолдары батпады.
— Бір-екі кесек киіз болса деп едім... үйіміздің тозығы жетіп тұр еді,— деді Шондығұл. Ұлпан оған бір үйдің киізін берді.
Дәмелі жалғыз қызы — Зейнеті бой жетіп келе жатқанын айтты да, еш нәрсеге сұғынған жоқ. Ұлпан оған бір қыздың жасауын түгендеп берді.
— Ұмытқаным болса тағы да есіме саларсың, Дәмелі апай,— деді.
Ұлпан Шынарға: — Тәйір алғыр, сен де бірдеме алсаңшы,— деп еді, Шынар оған:
— Өзіміз де әрең көшіп келдік. Өзіңе бірдеңе ауыссақ па деген ойымыз бар,— деді.
— Тоқтай тұр, сен қатын. Бір ұл тауып көрші, мен сені қалай шабар екемін!
Дүние кезек.
Есеней қайтып келіп үйіне кіргенде, өз үйін өзі танымай қалғандай еді.
Ұлпан-ау, әп-әдемі үйіміз бар екен ғой!.. Қалай әзірлеп қойғансың! — деді.
— «Керегі жоғынан құтыл!» деген жоқсың ба? Әлі де таусылар емес.
Төсек-орын түгел жаңарған, күлімсі иістер кеткен. Іргедегі кешкі самал соғып тұр. Таза ұстаған киіз үйде даланың иісінен басқа иіс болмайтын бір кезі болушы еді, дәл сол қалпына келіпті.
— Құтылу үшін де көп күш керек болар деп едім.
— Менің күшім жеткені осы.
— Бұдан артық күштің керегі не! Мен сені бұдан былай Ақнарым дермін!
— Түйеге теңегенің бе?
— Аузыма құдай салған шығар... қазақтың нардан қасиетті, нардан күшті, нардан сұлу, нардан қадірлі несі бар!
— Несі болса да мейлі, бұдан былай ұмытып кетпей ылғи Ақнарым дейтін бол! Жарай ма? Шынар, сен айтшы, жақсы ат емес пе?
— Ақ дегені артығырақ кеткен екен. Би ағамыз айтқан соң амалымыз қайсы... Нар көтермес жүк болмайды дейтін бе еді, көтересің де...
— Сандалма, әй! Сен де мені Ақнар дейтін боласың! Есеней-ау, осы екеуіңнің, араларыңда нелерің бар? Мына қатын мені ылғи мазақтап, басына сөйлейтін болып алды!
— Бүкіл Сибанда сенің бетіңе келетін де бір жан болу керек емес пе...
— Міне, тағы жеңіп бердің!
— Жоқ, мен сен екеуіңнің біріңді бірің жеңгеніңді көргім келмейді, Ақнарым! Ақнар, Шынар деген аттарың қандай жарасып тұр!.. Ал енді екеуің де шаршаған боларсыңдар, көлге түсіп шомылып қайтыңдар...
Осы аз күндердің ішінде Ұлпанның атағы бүкіл кең жайлауға түгел тарап кетті. Жайлауда қоныстары жақындасып, ойын-той дау-шарлары араласып жататын екі дуанның елдері бірі көріп, бірі созып, Ұлпанның аз ғана істеген істерін аңызға айналдырып әкетті.
— Ұлпан үйі жоққа үй беріп, аты жоққа ат беріп, Есенейдің, жарты малын Сибанның жоқ-жітігіне үлестіріп жіберіпті... Сибанда емге бір үй кедей қалмапты. Бәрі байып алып, енді «орыс үй» салдырып жатыр дейді...
— Ұлпанның шын аты Ақнар екен. Ақ десе — ақ, нар десе — нар, ақылды да мырза адам көрінеді. Өзі де бір текті жерден шығыпты ғой!
— Артықбай деген бидің қызы болса керек.
— Би емес, Артықбай деген ханның немересі дейді.
— Бәсе, ханның тұқымы болмаса, Есенейге ұрса алар ма еді! Елің ел емес, өңкей бір қазан басын қарауылдаған аш-арық екен деп қатты ұрсыпты дейді. Сибанның ендігі Есенейі сол Ақнар болса керек...
Ұлпан Адам-атаның ар жағында болмаса, оның бер жағында хан тұқымына да, би тұқымына да сорпасы араласпаған батыр Артықбайдың қызы. Ұлпанда мырзалық та жоқ, сараңдық та жоқ, атақ құмарлық та жоқ, ерекше бір жинақтылық бар. Кедей қызы кедейге жаны ашымаса, кедейлікті жек көрмесе, елінің, кедейлігіне намыстанбаса оның сонысына ғана таңдануға болар еді.
Ұлпанның, сүйегіне біткен құдайдың өз қолынан берген қасиеттері бар. Керексіз басы артықты жек көреді. Есенейдің қолына қарап бағынышты болып, мал маты мақтанып, ынта-жігерінен айрылып бара жатқан еркекті жек көреді. Түптеп келгенде, Есенейдің үйін жалғыз қалдырса да мейлі, ел Сибан бір сілкінсе екен дейді. Әркім өзі үшін тіршіліктің бір пұшпағына жармасса екен дейді.
Мұндай ойға жармаса кетпейтін қара шаруа да жоқ еді. Бірлі-жарымды малға қолы жетіп, өзіңдікі деген ойға тырнағы ілігіп еді, жабыса кетті. Құлын ен салып, ерте бір, кеш бір түгендеп қояды. Ендігі армандары қысқы үй салып алу болып, Есенейдің жайлаудан тезірек қайтуын тілеп отыр. Есеней, әрине, Ұлпанның қолында.
Ұлпан да елді көп сарылтқан жоқ. Бұрын жайлауда күзгі қара жаңбырға дейін ең кемі бес ай отыратын елді айналасы екі айдан кейін түбекке қарай қайта көшірді. Алыс жайлаудан болашақ қыстауларына жақын келіп қонған елге ең керегі Есенейдің бұғау-тұсауынан босану екен. Ұлпан сол бұғауды бұзып, сол тұсауды сыпырып тастағандай болды. Ел шөп шабу да біледі екен қысқы үй салуға да Қойшының таяғы мен жылқышының құрығына досы жатсырамай келіп қосылды. Есенейге еріп жазды еңбексіз өткізетін кедейге тамыз, қыркүйек деген үш еңбек айлары қосылды. Көшпелі елдің дегені тұрақты мекеніне айналар кезі жеткен екен. Осы жерге берік қадайтын қысқы үйдің ортан қазығын бастады.
Жайлаудан көшпей, отырып қалған жалғыз Еменалының ауылы. Оның қоңсылары төрт-бес үй Сибан, төрт-бес үй әлдеқашан қазақыланып кеткен қалмақтар болушы еді. Еменалы көшпеуге бел байлап, ауылына бұрқырап келген соң, Сағындық, Қайқы деген екі «қалмақ» Есенейге арыз ете келді.
— Арыз ете келдік, Есеке! Лұқсат па?
— Айта беріңдер.
— Біз де енді осы елдің бір баласымыз, Есеке, дұрыс па?
— Дұрыс!
— Қазақ ұлым қамал бұзса — қалмақ ұлым садаға! Қалмақ ұлым қамал бұзса — қазақ ұлым садаға! — деп арғы атаңыз Қошқарбай батыр бірі қазақ, бірі қалмақ, екі жігітті Шүршіттің қорғанына жібергені шын ғой?
— Шын! Бір қатесі жоқ.
— Сонда біздің атамыз Сағал батыр Шүршіттің қамалын бұзып, Қошқарбайдың қолға түсіп кеткен жесірін алып шыққан екен...
— Дұрыс. Аты Айбарша сұлу екен...
— Қошқарбай айтқанында тұрып, сол келінін Сағалға қосқан ғой.
— Дұрыс.
— Сол Сағал мен сол Айбаршадан тараған төрт-бес үй әлі күнге қалмақ атанамыз. Өзіңіздің қоңсыларыңыздай біздің басымыз да босаса екен... Шөп те шабар едік... қысқы үйді де салып алар едік...
Есеней ойланып қалды. Ел қате түсінген бе, өзі қате түсінген бе? Әлде Ұлпанның істеп жүргені шын-ақ босату ма екен? Неден? Құлдықтан болады да! Кімнен? Менен бе?
Есеней Ұлпанға қарап еді, Ұлпан аз ғана жымиып, ақырын ғана басын изеді. Есеней кесімін айтты:
— Еменалы көшсе көшер, көшпесе мейлі білсін... Сендер көшіңдер! Еменалыға берілген қыстауға қыйқы үйлеріңді сала беріңдер. Ол қыстау енді сендердікі! — деді.
Жайлаудан қайтқаннан кейінгі айлар Ұлпанның өзі үшін де ойдағыдай қызғылықты етіп жатыр. Сұраншақтық пышақ кескендей тоқталды. Қандай әп-әдемі қыз балалар шешелеріне ере келіп, көздері жаутаңдап тұратын еді. Ұлпан олардың сұрағандарын артығымен бере тұрып, қайыршы-тіленшіге садақа бергендей сезініп, қатты қиналатын. Қазір ондайлар тоқталып, ел табаны еңбегіне мықтап тірелгендей таң, атпай тұрып әлдеқайда кетіп бара жатады. Жалғыз Еменалы ғана бір бүйірінде қара түйнек болып анда-санда түйіліп қояды.
Өз үйлері де тез салынып жатыр екен. Төрт бөлмелі ағаш үйі қыс түскенше салынып та қалатын жайы бар. Енді үш бөрене қосылса болды, төбесін жаба бастамақшы. Қонақ үйдің де кірпіш іргесі қаланып қалыпты. Монша ғана басталмаған.
— Ол оңай ғой! Екі жетіде бітіп қалады,— деді қара Иван Мекайла Пушкарь.
Үй, қора-қопсы салынатын жерді кең, орап айналдыра орлап тастапты. Мейіздей сарғыш қарағайлар әлі тасылып жатыр. Балталар жарқылдайды, ағаш кескен аралар қосылып өн салады. Қыстау айналасын шауып, үйіп-жинап болған соң алыстап кеткен шөп машиналарының, үні де келіп қосылады. Бұл өңірдегі қазақ қыстауында бірінші рет салынған темір әні, темір ырғағы Ұлпанның құлағына жағымсыз да жат естілген жоқ.
Ұлпан екі күнде бір рет шөпшілерін аралап, салынып жатқан үйлерін көріп қайтады. Қасында Дәмелі, тарантасында ет пен қымыз, қант-шай жүреді. Орыстар қымызды шампан, етті махан, қазақты кіргіз дейді екен. Әйел — қожайке, қыз — депке, қатын — баба, пышақ — нож, байын — мож... Әуелі моя — сенікі, туая — менікі сияқты еді, енді менікі — моя, сенікі — ваша болып шықты...
Ұлпан келгенде көрші ауылдың шөпшілері бір жасап қалады. Жаз бойы көзі көрмеген етке тістері тиеді, шайға, қымызға қанады. Ұлпан шайынан шойын құман түбінде қалған шамбаны тағы бір күн қайнатып ішеді. Ұлпан шөпшілермен тең отырып қалжыңдай сөйлеседі. Сұрастырмайтыны да жоқ. Нелері жетпей жатыр, үйлеріне айтатын бірдемелері жоқ па? Кейде қара кеже сұрап ішетін әдеті де бар.
Бұл шөпшілер тоқ емес. Қара көжемен ақ шаймен күнелтіп жатыр. Аз ғана малдарына шөп шауып, жинап алса, қысқы үй салуға кіріспекші. Ұлпан келгенде қуанып қала ма, болмаса Есенейдің тор тұсауынан құтылғандарына ылғи қуанышты ма, оны Ұлпан біле бермейді. Әйтеуір жұрттың өңі кіріп, еңсесі көтеріліп, аянбай тырбанып жатқандарына
Ұлпан да қуанышты. Осындай ынталы адамдарға не керек болса да ағыл-тегіл беріп тастайды. Ол беруден гөрі алуға қиналатын жан еді. Сол табиғатына ойға алған істері үндесе кетті. Күнде шаршап қайтады, күнде бірдеме беріп қайтады., күнде қуанып қайтады.
Бұл күндерде көбінесе ауылда жалғыз қала беретін Есеней Орынбор-Сібір қазақтарының шекаралық дауына шақырылды. Барлық өмірі сондай топ ішінде өткен адам ондайынан шеттеңкіреп қалып, жабырқау тартып бара жатыр еді. Жеті жылдан бері малымен болып кеткен адамның әділ би деген атағы көмескі тарта бастап еді, Ұлпанның атағымен бірге қайта көтерілді. Ұлпан олай ойлай қоймаса да, Есеней солай сезінді.
— Ақнарым, сен мені де адам қыла бастадың,— деді аттанарда.
— Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын. Менің құдайдан бірінші тілегім сенің амандығың! — деді Ұлпан.— Сенсіз мен кім болар едім?..
Қартая келе босаңсыған көңіл жас жүректен қиясыз шыққан шипалы лебізді естіді де, баяғы күшін қайта сезінгендей болып Есеней аттанып кетті.
Енді ауылда Ұлпан жалғыз қалып еді, жалғыз қалудың қандай ауырлығы барын жан-тәнімен сезінді. Жалғыз адамның үйге сыймағаны жаман екен. Дәмелінің қызын Мүсірептің үйіне жіберіп алып еді, ол екі үйде Шынардың шешесінен басқа жан қалмапты. Бәрі шепке кетіпті.
Шынар не деген бақытты, ә? Қазір ғой ол екі үйлі жанға түгел еркелеп, көк шөпке аунап жатыр. Таң атқалы екі-үш рет көлге шомылып қайтты. Жоқ, ол бірдеме істемей отыра алмайды. Ол сорлының не көрмегені бар! Белорақпен шөп шаппаса да, тырнауышпен шеп жинап жүрген шығар. Мүсіреп ағай көсілтіп шөп шауып жүр. Шынар оған анда-санда бір қарап ыржиып қойып, шөп жинап жүр... Қой, ертең үйді көріп, шөпшілерді аралай кетіп, солардың қосына барып қонып қайтайын...
Кешке таман Салбыр ауылға қайтып келді. Ол үй салушылардың отыншы-сушысы еді. Өте жабайы, момын адам.
— Орыстар кетіп қалды,— деді Салбыр табалдырықтан аттауға бата алмай тұрған бойы. Ұлпанның, жүзіне қарауға да бата алмады.— Бәрі де кетіп қалды. Празнек деген мейрамы екен. Ертең келетін күні еді, келін келмей-ақ қойсын деп мені жіберді.
— Күзетші де кетті ме?
— Жоқ, ол қосында отыр.
Салбырдың алып келген хабары Ұлпанның ертеңгі күнін де бұзып кетті. Салынып жатқан үйдің қабырғаларына тары неше бөрене қосылғанын көзімен санап қайтушы еді. Қымыз ала баратын. Ертең онда барудың қажеті болмас. Ант ұрған Шынардың аузының салымдысын қарашы, барлық қымыз соған бұйыратын болды! Бәрібір, қона жатып зықыңды бір шығарып қайтармын!
Бүгінгі ұзақ түнді қалай өткізем?
— Зейнет, айналайын, қыз-келіншектерді жинап келші, алты бақан құрсын!
Ұлпан алты бақаннан таң ата қайтып, түске тармаса тұрып еді. Күндегі әдеті бойынша Қарағайлы көлге шомылып қайтып еді, есік алдында Салбыр тұр екен.
— Ана бір түтін сіздің үйлерден шығып жатқан жоқ па?—деді Салбыр. Әшейін ғана бейжай айтты. Салынып жатқан үйлер жағын иегімен нұсқады.
— Дәмелі апай, жылдам ат жектір! — деді Ұлпан.
Дәмелі үйде, шайын жасап Ұлпанның көлден келуін күтіп отырған. Далаға жүгіре шықты да:
— Ойбай-ай! — деді.— Албасты басқыр, нағып тұрсың жүгірмей! Құлатай, жүгір, аттарды әкел!
Ұлпан өртеніп жатқан қыстауына жеткенде үлкен үйі түгел жанып жатыр екен. Кепкен қарағай біресе ысқырынып, біресе үнсіз балқып жанады. Барлық ауылдың пішеншілері келіп қоршап тұр. Қолдарында балғын кек жапырақты жас қайың... Жанып жатқан үйге адам жақындай алар емес. Әйтеуір әзір жел жоқ. Түтін аспанға тік көтеріледі.
Әсіреп ық беттің шөбін өртетіп, өрт алдынан қарғаша жасап қуалай сөндіріп жүр. Жиырма шақты жігіт балғын жас қайыңдарды қырқып әкеліп, қаттап жиналған қарағай бөренелердің үстіне лақтырды. Мүсірептің қасында бір топ жігіт кетпенмен жердің қыртысын аударып тастап жатыр. Кетпен де екеу-үшеу-ақ. Жігіттер кетпенді бірінің қолынан бірі іліп әкетіп, қыртысты жылдам аударып жүр. Бірақ, мұның бәрі де өртті ордың сыртына шығармау қамы.
Салынып жатқан үлкен үй түс ауа жанып болды. Лапылдап жанып маңайына жолатпаған бөрене қабырғалар құлады да, жанып бітті. Салбырдың түйесі мен бөшкесі содан кейін ғана пайдалануға келді.
Өрт басына келген жалғыз әйел Ұлпан арбасынан болмаса, жанып жатқан үйге жақындаған жоқ. Еркектердің ертті қалай сөндіретіндерін бақылап тұрды.
Үй жанып та болды, сөніп те болды. Орнында төмпе-төмпе болып буы бұрқырап күл-кемірі қалды. Өрт сендірушілер енді ғана Ұлпанға келіп көңіл айта бастады. Ұлпан жүзінде өкініш те, күйініш те жоқ еді, жұрт соған таң қалды. Әр жерде бөлек-бөлек шеп шауып жатқан жұрттың ешкім хабарламай-ақ тез жиналып келіп жабылып кеткеніне алғыс айтқаннан басқа белгі берген жоқ.
Ұлпанда күйініш белгісі жоғын арқаланып мосқал адамдар:
— Не нәрсе құдайдан ғой.
— Құдайдың бұйрығына өкінбегенің жақсы, шырағым,— деп еді, Ұлпан соларға ғана бір қатал жауап қайырды:
— Құдай ешкімге Есенейдің үйін ерте деп бұйырмаған шығар...— деді, Мұны да аз ғана күлімдей тұрып, жұмсақ айтты. Онысы құдайға айтқан наразылығы емес, ерт салған құдай емес, адам дегені еді, жұрт та дұрыс ұғынды.
— Адам болмай кім болсын? Аспанға ұшып кете алмас.
— Қатындардың құлағы аман болсын! Ертең-ақ біреуінің болмаса біреуінің құлағына шалынып қалар,— десіп жұрт гуілдесіп кетті. Ұлпан бұған да елегізе кеткен жоқ, тұрған қалпында тұрып қалды.
Ертеңіне Тілемісті алып подрядчик Пушкарь да келіп еді. Олар да Ұлпанның жүзінен күйініш іздерін көре алмады. Көңіл айтысты, қипақтасты, шығынға ұшырап қалғандарын айтты.
Ұлпан Тілеміске қарап:
— Сен бұл кісіге менің айтарымды түгел жеткізші. Ертеңнен бастап сол кірпіш іргесінің үстіне үйді қайта сала бастасын. Әлдекім «өртке ұрынған жаман ырымнан» қорқып Ұлпан қонысын басқа жерге аударар деп дәмеленетін болар. Жоқ, мен қорықпаймын. Ырым-жырымды көрмей жүрген мен жоқ. Үйді сол орнына салдырамын,— деді.
Тілеміс арқылы Ұлпанның не дегеніне түсінген соң Пушкарь басын изеді:
— Дұрыс, әбден дұрыс. Екі үйдің дайын тұрған іргесін тастап кетуге болмайды!
— Шығынға ұшырап қалдым деп бөле-жара жайын ескертті ғой. Ол жағынан қауіптенбесін. Үштің бірін өз мойныма аламын. Тек қыс түскенше үлкен үй мен моншаны және бір сарайды бітіріп беретін болсын!
Пушкарь қуанып кетті. Соттаса қалса, өрттің шығыны қанша болса да, өз мойнына түсетін еді. Күндіз-түнгі күзет келісім бойынша Пушкарьдің міндетінде болатын. Ұлпанға қайта-қайта алғыс айтып, қайта-қайта мырзалығын мақтап, қайта-қайта уәде беріп Пушкарь жүріп кетті.
Ұлпан жеңіл қашаба шанамен үйіне келіп жеткені сол, жақындай берген қоңырау дауысы естілді. Ояз бастығы ма, әлде сонау Омбыдан келе жатқан біреу ме? Үш атты қатар жеккен жабық ауыр шана ағызған бойы үлкен үйдің алдына келіп тоқтады. Қоңыраулары әлі былдырлап тұр. Әуелі әскер киімінде, қылыш асынған солдат секіріп түсті. Одан кейін биік жағалы қасқыр ішік киген аяғында шылдырлап қоятын қоңырауы бар етік, басында қара бұйра папаха, ұзын бойлы жас адам шанадан түсті. Ішігін иығымен ғана ырғытып қалып, солдаттың қолына түсірді де, офицер киіміндегі жас адам Ұлпанға қарай беттеді.
Есеней үйде жоқ-ты. Қысқа қарай жылқы қостарын әр жерге орналастыруға кеткелі айға жақындап барады. Қысқы үйге көшіп-қонғалы екі-үш-ақ күн, қонақ үй әзір емес, Ұлпан мұндай қонақтарды қайда түсірерін ойланып тұрып қалған.
Жас офицер Ұлпанға жақындап келіп қазақша амандасты:
— Сәлеметсіз бе, Ұлпан жеңгей, лұқсат болса қонып аттанар едік... күн де кешкіріп барады....— деді.
Ұлпан офицерді енді таныды. Бұдан үш жыл бұрын Тобыл қаласында көрген. Есенейге сәлем беруге келген жас офицер Қази Уәлиханов, жас та болса ерте піскен жас офицер шай ішіп отырып Ұлпаннан көзін алмап еді. Тіпті қоймаған соң Ұлпан да оның көзіне тік қараған. Не деген сөйлеп тұрған көз еді! «Бірдеме керек пе?» деп тұрғандай екен! Қази көзін бұрып әкетіп, қайтып қарай алмай қойған. Сол Уәлихан тұқымы жас офицер Қази бүгін міне тағы кездесіп тұр. Бұл жолы көзін бұрып әкетпестей тәкаппар қарайды.
— Лұқсаты, лұқсат... бұл үй қонақтың атын басқа қақпайды. Бірақ, қонақ үйіміз жиналған жоқ еді, өзіміз отыратын үйге түсесіз де...— деді Ұлпан.
— Қалағанымыздың өзі сол өзіңіз тұратын үй болар еді,— деді Қази.
Қази аңдамай айтты ма, әлде әдейі аңғарта айтқысы келді ме, әйтеуір түпкі ниеті көрініп қалды. Ондайды қолма-қол сезіне қалатын Ұлпан ешбір сыр аңдатпай:
— Үйге кіріңіз,— деді. Ұлпанның божысын ұстап жүрген Әбілқасым деген орта жастағы адам қонақтарды түпкірдегі бір бөлмеге апарып кіргізді.
Қази Уәлиханның үлкен әйелінен туған ең үлкен ұлы Ғұбайдолланың немересі еді. Ғұбайдолла әкесі өлген соң Сібір генерал-губернаторы хандықты маған ұсынар деп дәме қылған. Уәлиханның өлімі қазақ даласында хандықты біржола жою мәселесі көтеріліп, негізінде шешіліп қойған тұсқа кезікті де, губернатор оған көңіл айтуға жіберген елшілік арқылы мол-мол сыйлық және подполковник шенінің патентін көлденең тартыпты. Губернатор жіберген хатында Ғұбайдолланы аға сұлтан деп болашақ лауазымын атай жазыпты. Оның үстіне қала салуға осы күнгі Көкшетау қаласының, жерін сұрапты.
Ғұбайдолла долданып кетті. Хан лауазымын берсе, бір қала түгіл, он қала салатын жер сұраса да қабырғасы қайыспайтын еді. Уәлиханның үлкен ұлы, хандық жолы менікі деп дәмеленген сұлтан орыс патшалығымен ат құйрығын кесе айрылысты. Тезбе-тез қол жинап немерелес Есенгелді, Саржан, Кенесарыны бас қылып Ұлытау, Кішітау жаққа жөнелтті. Орыс патшалығы «Орда өзара бөлініп-бөлініп жарым-жартысы Ұлытау жаққа көшіп кетіпті» деп жүргенде, ол жақта жасақ қуырылып жатқан. Кенесары қозғалысы дегеннің түп қазығы сол Ғұбайдолла болатын.
Ғұбайдолла өзі, қасында тоқсан ру басы — ақсақал, билері бар, екі мың жасақпен Баянауылға келіп орнап, Қытай императорына қырық кісі елші жіберді. Өзін Орта жүз бен Ұлы жүздің ханы деп бекітуді сұранды. Біздің даланың бөлініп-жарыла беруіне қашаннан тілектес Қытай үкіметі сараңдық істеген жоқ. Ғұбайдолланы қазақтың ханы деп бекітіп, оның үстіне Қытай империясының ұлы князі—Ван Гун деген атақ берді. Қасындағы табақтас-жемтіктестері ақ киізге салып хан көтерді,
Ғұбайдолла хан көп жасай алған жоқ. Қолбасшы Кенесарыға екі-үш рет жасақ жөнелтті. «Қимылда!»—деді. Ол екі арада орыс шекаралық әскері Баянауылды үш жағынан қоршап алып, бір шай қайнайтын уақыттың ішінде хан ордасының дал-далын шығарды. Қасындағы тоқсан табақтасымен бірге Ғүбайдолла Березов қаласына, мәңгі қайтпас мекеніне жер аударылды.
Орыс патшалығының Ғұбайдолла алмай қайтарған сыйлығы енді оның он алты жасар баласы Болатқа берілді. Майор атағы қоса берілді.
Болат майордың баласы сұлтан Қази Омбыдағы кадет корпусын бітіріп, Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың қарамағына алынды. Оқуға да сол генералдың қамқорлығымен алынған еді. Қази кадет корпусына келіп түскен жылы Шоқан Уәлиханов сол корпусты бітіріп шыққан еді. Шоқан сияқты Қази Уәлиханав та Шығысты зерттеу жұмысына болды. Қара Ертісті бойлай жүріп Семіз-найман елің орыс патшалығына қосты.
Дүние жүзінде екі-ақ жігіт хан тұқымы қалса, ол екеуі жауыққан араз болар еді. Ол үшін Орта жүз, Кіші жүз болудың керегі де жоқ. Екеу болғандығының өзі жетіп жатыр. Уәлиханның үлкен әйелінен тараған әулеті мен кіші әйелінен тараған әулеті алты дуан ел сыйған қазақ даласына сыйыса алмады. Бірінің үстінен бірі жаудырған арыздар бойынша, сол кездегі Сібір генерал-губернаторы Дюгамель корнет Қази Уәлихановты Тобыл қаласының полкына ауыстырды. Ұлпанды ол сол Тобыл базарының тұсында көрген.
Жас офицер Кенесарының қандасқан жауы, аяқтап келгенде ойы әлденеше рет жеңіп, Керей-Уақтың жерінен айдап тастаған жауы, атақты батыр, әділ би атанған Есенейді көруге келіп еді. Есенейдің өзі де, Ұлпан да Қазиға үлкен қошемет көрсетті. Әсіресе, Кенесары қозғалысына көзқарастары бір екен. Әттең, ерте піскен жас офицер Ұлпанға қарай беремін деп сүрініп кетті.
Қази Тобылда екі-ақ жеті болып, алты айға босанып кетіп еді. Ол кідірместен Петерборға барып, соғыс министрі Милютин арқылы сұранып, қазақ-орыс лейб-гвардия полкына алынды. Осы келісінде сол полктың, офицері еді.
Ұлпан қонақтарын ашық жүз, жайдары мінезімен күтті. Құрметті қонақ келгенде, бірге отыратын үш-төрт адамдары болушы еді, оларды да шақырып алды. Әнші жігіттер, дойбышы жігіттер келді. Елдің жай-күйімен ойын-сауығымен танысамын деген адамға көңілсіз болмауын да ойлады. Жатар уақыт жеткенше өзі де бірге отыра берді. Бірақ, Қази ондай әңгімеге шорқақ жігіт екен ауыл адамдарымен тіл табыса алмай, ақсүйек тере екендігінен бір сәтке босай алмай қойды. Офицер етігі не сықырлайды қояды. Ұлпаннан басқа осы үйде отырған адамдардың, тирек кетуін күтетін сияқты. Оны сезінген дойбышылар біріне бірі:
— Сіздің биіңізді біз мына құлымызбен-ақ жей саламыз.
— Жоқ, жей алмайсың...
— Жей алмасам, тұсаулы аттай тұрды да қалды емес пе? Ол күні өткен би! Ондай би болғаны адыра қалсын! — деп қалжыңдасады. Тұсаулы аттай тұрып қалған би дегендері, әрине, қазақ қалжыңынан хабары жоқ жас офицер Қази Уәлиханов.
Бір кезде Қази ауыл адамдарынан тез құтылғысы келіп шаршап келе жатқанын айтты. Жолды қар басып қалған... сегіз күн жүріп келіпті... Көкшетауға дейін әлі бес-алты күн жүретін болар. Ұлпан оған:
— Ac әзір... қол жуыңыздар,— деп жауап берді.
Қази ең үлкен олақтығын осы арада тағы көрсетіп алды.
— Лұқсат болса, осы үйде бірер күн тынығып дем алуға болмас па екен? — деді.
Ұлпан онысына да қарсылық білдірген жоқ.
— Жатыңыз... дем алыңыз... Ертең қонақ үйіміз дайын болады,— деді.— Шеттен біреулер келіп қалмаса бүгінгідей ауыл адамдары да бола бермес...
Кешкі тамақтан кейін қонақтарын түкпір бөлмеге жөнелтіп, Ұлпан өзі де жатуға айналды. Күміс жақтаулы үш жарма айнаның алдына келіп отырып шешіне бастады.
Ұлпан бүгін Мүсіреп үйінен кештетіп қайтқан. Шынар бірінші баласын тапқан еді. Ұл туды. Шынар толғата бастағанда-ақ хабар беріп еді, Ұлпан Стаптан акушерка әйел алдырып, сонымен бірге Шынардың қасында үш күн болып қайтты.
— Ерке қатың енді сен өлмейсің! Жат әрі қозғалмай!
Екі күн қыз-келіншектерді жинап өткізген шілдеханадан шаршап қайтып еді, әлі ұйқысы келмей отыр. Ойында бір өн бойын өртеп кететін толқыныс бар. Ол—пісіп жеткен әйел мұңы — бала. Ұл бала! Есенеймен қосылғалы үш жылдан асып бара жатса да, бала белгісі болмай келеді. Есеней бірнеше баласы болған адам. Кінә, Ұлпанның өзінде болмаса қайтсын! Бойға бітпей жүрген баланы сағыну деген азап екен. Түсінде бала емізіп, бала ойнатып отырғанын көреді. Қуанып оянады, ұзамай ағыл-тегіл жылап алады.
Бала жайын Есеней де анда-санда есіне алып қояды.
— Біржола бала берместей қарғайтын, құдайға жазған жазығым жоқ-ты! — деп бастайды да:—бермесе тағы мейлі, менің жарым да, ұлым да, қызым да Ақнарым, Есенейім, сен аман бол! — деп тоқтайды.
Ұлпан айна алдында едәуір қозғалмай отырып қалды да, шешіне бастады. Денесі құрғыр әлі босаңсымай, толықпай келеді. Тым болмаса май басып толықса екен-ау. Жұрт жарықтық ақ-адал көңілімен Ақнар бәйбіше десе, сол бәйбішелікке де әлі толмай тұр. Баяғы денесі, иіліс-бүгілістеріне бір әжім түспеген жас дене! Іші-бауыры әлі жарау... Шамалап толықса да болар еді-ау. Толығу үшін не істеу керек? Күніне екі рет ет жеп, он аяқ қымыз ішу керек дейді Дәмелі. Онда кісі жарылып өлетін шығар!..
Ұлпан толықпадым деп назаланғандай болса да, денесінің мүсіні бұзылмағанына да қатты қуанады. Жаз бойы көл, қыс бойы монша... сылайтын болар... Шынар ант ұрған сылаңдап жүріп-ақ бір ұл тауып алды ғой!.. Жаным таза, жүрегім таза, құдай бар болса берер әлі!
Осы ойларға келіп, өзін өзі жұбатты да, Ұлпан жатардағы бүрмелі кең көйлегін киіп жатып қалды. Тобыл, Ірбіт, Троицк, Бағлан қалаларына бара жүріп сыртқы көйлек, ішкі көйлек, жатардағы көйлек дегендерді ұғынып алған қыр қазағының Ұлпан бірінші қызы еді. Ол әдетін әсте ұмытпай келеді.
Қанша ұйықтағанын қайдан білсін, Ұлпан оянып кетті.
— Ұлпанжан...— деген сыбырдан оянды. Қази екенін таныды. Қонған үйіңнің қыз-келіншегіне, үй іші ұйықтап кеткен соң «қол салу, ояту» деген қазақ халқында қашаннан бері бар әдет. Ұлпан оған таңданған жоқ. Бірақ, осы Қази деген жігіттің ниетін келген бетінде аңғарып, ұнатпай қалған. Сол түйіншек ойында қала барған екен Ұлпан басын көтеріп алды да:
— А, жүрейін деп жатыр екенсіз ғой... Дәмелі апай, шам жақ, шай қой! — деп тұра келді. Жалаң аяғына кебісін киіп, арқасына шапанын жамылып алды.
— Қазір, айналайын, қазір! — деп Дәмелі шам жаға бастады. Қази жылысып шегіне берді.
Қази Тобылдан өз еліне кетіп бара жатып, бұл үйге әдейілеп кештетіп келіп еді. Жолшыбай Есенейдің үйде жоғын да естіген. Стап қаласында Тобылдан таныс Тілемісті тауып алып, бар жайды біліп келген. Тілеміс іштей Есенейге тіпті дос емес: әкесінің құйрығын түріп қойып дүние соқтырғанын есінен шығара алмайды. Есеней тіріде кегін қайтара алмайтынын да біледі. Сондықтан үнсіз тапсырғанын дәл орындап жүре береді.
Елеміс әсіресе Ұлпанға еш. Жап-жас басынан бұйыра сөйлеп Есенейді басынып алды. Сибан деген бір тайпы ел Есеней ордасының бәйбішесі деп, бас иіп отыр. Өзге жұртқа қандай кең алақан болса да, Тілеміске іші жылынан ақ қойды. Шіркін-ай, Ұлпанды кіммен болса да жақындастырып-жанастырып алып атағын ел-жұртқа түгел жайып жіберер ме еді! Осындай екі жақты қастықтың орайы табылмай жүргенде, құдай айдап Қази Уәлиханов кез болды. Жас офицер күле сөйлеп сырын аңғартып еді, Тілеміс жабыса кетті:
— Пісіп отырған кезі. Байы қартайды. Бала жоқ. Құдай біледі, өзіңдей біреу кездессе шалқасынан құлап түседі,— деді.
Тілемістің осы айтқандарына сеніп, Қази келген бетінде-ақ ойын Ұлпанға аңғарта сөйлеп еді. Ұлпан оны өңі армағандай жауап қайтарып, қоныңыз деді, бірер күн дем алуына да рұқсат етті, сыйлады, құрмет көрсетті... Жұрт көзінше сыр бермей отырғандай еді, енді мынасы несі! Қасына барғанда «жүрейін деп жатыр екенсіз ғой!»—деп атып тұра келе ме екен? Мұнысы «аттаңыз!» дегені ғой.
Уәлихан тұқымынан шыққан патша офицеріне қара қазақтың қыз-қатыны қашан қарсылық жасай алып еді? Хан тұқымының көзіне іліккеніне мәз болатыны қайда? Мұның өзі тоң, мойын қара қазақтың хан тұқымын елемей бастағанының бір қыры емес пе екен?
Қази бұл қорлыққа шыдай алмады. Аттарын жектіре бастады. «Күндерде бір күн реті келе қалса, есесін бір қайтарамын» — деді де, шайға қарамай жүріп кетті. Ұлпанға қоштасқан да жоқ.
Қази шанасына мінгелі жатқанда ағаш үйлерді жаңғырықтыра үрген үш үлкен төбет аулаға кіре бергенін көрді. Толған ай екі жағынан құлақтанып тұрған аязда төбеттер өңкей кекшіл көрінді. Желке жүндеріне күмістей жарқылдап қырау тұрған. Жақындай берген салт аттылардың бекінген қарды сықырлата-сыздата қатты жүріп келе жатқаны естілді.
— Айда! — деді Қази атшысына. «Қайтып келе жатқан Есеней болар» деп ойлады. Шана қозғалып кетті.
Төбеттер әупілдеп қалып, Есенейдің қайтып келе жатқанын хабарлап еді, Ұлпан жылы киініп алып далаға шықты. Есеней есік алдына жақындап келіп, атынан түсті де, шылбырын Кенжетайға қарай серпе тастады.
— Бүгін үйге жетпегенде далада өлетін едім, Ақнарым! — деді Ұлпанға.— «Жүйрік ат, сұлу қатын ер қайраты» дейтін бе еді? Сол менің жанымды алып қалған...
— Жоқты айтатының не сенің? Суыққа тоңбаған еркек Есеней болар ма еді! Жүр үйге — Ұлпан Есенейдің сол қолына асыла кірді. Белбеуін шешті. Тымағың сыртқы киімдерін сыпырып Дәмеліге берді.— Отыр, етігіңді шешейін.
Ұлпан Есенейдің етігін шешіп, мәсі киген аяғын ұстап қарап еді, мұздай екен. Аздап дірілдеп қояды. Жаңа оның білегіне асыла үйге кіргенде де, бар денесінде діріл барын сезінген.
— Қазір мұншаға түсесің! — деді Ұлпан.— Дәмелі апай, Салбырға айтшы, монша жақтырсын.
Есеней әр жылғы әдеті бойынша қысқа қарай жылқы қостарын Есіл, Обаған, Тобыл өзендерінің бойына орналастырып болып, біраз күн қасқыр қуып, түлкі аулай қайтып еді. Кеше бір оқыс апатқа ұшырап қала жаздады.
Күн кешкіріп суытып келе жатқан. Көлденеңнен қасқыр кездесті. Иттер қуа жөнелді. Биыл бұл жақта қар бетіне жұқа мұздақ тұрып қалған еді, иттердің жіліншігін қырқып, үшеуі де ақсай басатын. Қасында Кенжетай мен Шондығұл, Есеней де қасқырдың соңына түсті. Есеней қасқырға жақындай берді. Иттері аяншақтап тұрып қалғанын білген жоқ. Аты асқан жүйрік. Байшұбар атанған жүректі жылқы еді, бес шақырым жібермей қуып жетті. Енді-енді сойыл сілтер жер қалғанда қасқыр көлденең, кездесе кеткен көлге жалт беріп еді, Байшұбар да бірге жалт бұрылды. Қасқыр кідірмей тарта берді. Есеней ат-матымен жағадағы жылымға күмп етіп құлады. Жауырын ортадан әлдене найзадай қадалғандай болып Есеней қозғала алмай қалды. Кенжетай мен Шондығұл жеткенде, шұбар ат олай бұлқынып, бұлай бұлқынып, ойылып кеткен жұқа мұзды кеңітіп алыпты. Есенейдің кеудеден жоғары жағы ғана көрінеді. Жолдастары Есенейге қарай жүгіріп еді, Есеней оларға:
— Әуелі атты аман алып қалыңдар! — деді.
Шылбыры Шондығұлдың қолына түскен соң, жасында түйе балуан атанған адам атты оп-оңай жағаға шығарып алды. Есенейді сырт жағынан келіп, шылбыр тастап суырып алуға тура келді. Бір етігі аяғында, бір етігі аттың үзеңгісі жүр.
Күн батып барады. Панасыз суық далада Есенейді түгел қайта киіндіруге болмады. Іш киім, шалбар сияқтыланып жаңадан кигізіп, жолаушылар суыт жүріп кетті. Қасқыр қумай төтелей шауып, қара үзбей отырған басқа жолдастары да келіп қосылды.
Түн ортасы ауа бере бір жылқышы қосына кездесіп еді. Қоста жан жоқ екен. Кіре сала от жағып, Есенейді түгел киіндіріп,енді шайға қол қоя бергенде, даладан айғай естілді:
— Иесіз қосты басып алған қай итсіңдер?—деді дауыс. Шондығұл далаға шығып айқай салған адаммен екі ауыз тіл қатысты да, қайта кірді. Сырттан дауыстаған адамның шаба жөнелгені естілді.
— Бұл кімнің қосы екен? — деп сұрады Есеней.
— Қожықтың қосы екен.
— Қожықтың?
— Ие
— Ендеше аттанайық, жігіттер. Қожықтың қосынан дом татуға болмайды. Қоржындарыңда құрт-мұрттарың болса, соны талғажау қыларсыңдар.
Есеней тобы аттанып кетті. Кешеден бері суық далада ашығып келе жатса да, Есенейге ешкім қарсылық ете алмады.
Қожық атақты атақты сотқар еді. Жиырма жігіт бау ұстайды. Жолаушы тонайтын жолбасарлары да бар. Олай қашып, бұлай қашып, он жылдан бері Есенейдің қолына түспей жүр. Талай кедей ауылдардың жылқысын тал түсте тартып әкетіп, теңдік берген емес. Әкелген жылқыларын өз жылқысына қосып, ізімен келген иелеріне;
Бұл жатқан Есенейдің жылқысы... Батыр болсаңдар жақындап көріңдер!—дегені де Есенейге екі-үш рет жеткен.
Дүниеде жалғыз ғана қас адамым бар. Ол — Қожық! Қолыма түссе, кескілетіп өлтірер едім,— дейтін Есеней.
Осыдан бес жыл бұрын Еменалының үйіне келіп Қожық қонып кеткенін естіп, бұған дейін бір ауыл болып бірге отыратын туған інісін өз маңайынан айдап тастаған. Содан бері інісіне де іші жылыған емес.
— Еменалының қолынан келмейді, әйтпесе еш нәрседен бас тартпайтын адам! — дейтін.
Есеней жылымға құлағаннан кейін екі күн, екі түн аштан-аш жүріп отырып, үйіне жеткені осы. Суық өткендік пе, әлде басқа бір дерт пе, әйтеуір тұла бойына дірілдеу пайда болды. Анда-санда шауып-шауып алып денесі қызынғандай болса да, дене дірілінен құтыла алмай келді.
Ұлпан Есенейді де «орыс моншасына» үйретіп алып еді. «Орыс үйіне» үйренгені сияқты Есеней моншаға да үйренді. Осы күні ол:
— Әр намаздың алдында дәрет алғанша моншаға түсіп алса, қазақ тоқсан тоғыз ауруынан құтылар еді! — деп қалжыңдайтын. болған.
Есеней қанша ашығып келсе де, тамақты аз ғана жеп моншаға кетті;
— Ақнар, сен жата бер... Мен моншадан күн көтерілмей қайтпаспын! — деді кетерде.
Есеней моншада айтқанынан асыра, түске дейін отырды. Моншаға қымыз алғызды. Сүйегінен өткен суықтан арылса дірілдеуі де тоқталар деп үміттеніп, қайын, жапырағымен Салбырға өзін өзі қанша сабалатса да, діріл тоқталмады. Үйіне қайтып келді де, қасқыр көрпені айқара жамылып жатып қалды.
— Ақнар, өзім оянғанша оятпассың мені.
Есеней ертеңіне түске жақын оянды. Сақал-шашы өлі жүндей ұйпа-тұйпа, өңінен айрылып бозарып кетіпті. Бет-аузы өзінікі емес, сексенге келген шалдікі дерлік. Барлық бет терісі алқымына қарай салбырап, ең кемі он жас қартайып тұрды. Бұрынғы әжім дегендері енді көп киілген кенеп шалбардың тақымдығындай қатпар-қатпар. Жүзінде бірден көзің үйрене алмас айбар, ызғар болушы еді. Көзің үйренген соң нағыз еркек осындай болу керек деп ойлайтынсың. Сол айбарлы жүз қатты солғындап мыж-мыж болуға айналған екен. Сол айбарлы жүз кейде мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке бейімделгенде тағы қызығатынсың. Барлық шынымен жан-жүрегімен құлап отырғанын көретін едің. Қазір Есенейдің жымиғаны, Ұлпанға мейірім төге қарағаны көргің келместей жалынышты екен.
Ұлпан түн бойы күзетіп қасында отыр еді, шошып кетті. Басқа бір әйел болса, жылап жіберер еді, Ұлпан Есенейге шын сүйіскен жардың сөзін айтты:
— Жолбарысым, тыныш жақсы ұйықтадың... Өзің де әбден шаршаған екенсің. Тұр, киін... Сақал-мұртың да өсіп кетіпті. Кенжетайды шақырайын ба? — деді.
Шақыртсаң, шақырта ғой. Өзің апа бөлмеге бара тұршы, мен киініп алайын.— Бұрын Есеней Ұлпан шың алдында киіне беретін.
— Құдайдың деймін-ау, саған қосқан еркегінің түрін қарашы! Басы қара қазандай... бар денесі ілбісіндей қара шұбар... саусақтары таяқтай...— деп өзін-өзі сынай-міней отыратын.
— Құдайға менің өкпем жоқ, жолбарысым. Құдай маған еркекті екі есе етіп берген ғой,— деп Ұлпан да риясыз мақтайтын, риясыз мақтанатын.
Есеней киініп шайға келді. Кенжетайға шашын алдырып, сақал-мұртын жөндеткеннен кейін бет-аузының қатпар-қатпары әлгіден гөрі де жалаңаштанып, молығып кетіпті.
— Міне, бозбала болдың да шыға келдің! — деді Ұлпан, Есенейдің көңілін көтерейін деп. Есеней үндеген де жоқ, жымиған да жоқ.
— Жолбарысым-ау, айтуға реті болмай жатыр, сүйінші Шынар ұл тапты!
— Е, Мүсіреп әлі жас қой!
— Сенен қанша жас дейсің! Сүйінші бергің келмей отыр ма?
— Қалғаныңды ал, Ақнарым.
— Шын ба?
— Шыным, Ақнар, шыным.
— Шының болса, тез жазылып кет! Осыдан басқа қалауым жоқ. Сендей еркек жазылғысы келсе, жазылып кетпейтін несі бар! Көрмей жүрген суығың ба еді!..
— Шынарға сәлем айт: ұлы өмірлі болсын! Тілектеспін! Мүсіреп неғып келмей жатыр, менің келгенімді естімеді ме екен?
— Кеше кешке келіп кетті. Сен ұйықтап жаттың.
— Шақыртшы, Ақнар... Шынардың күні таяу деп биыл ермей қалып еді. Талай жерде сол қалжыңбастың керегі болды-ақ... Айтқандайын, түнде біз ауылға жақындап қалғанда жөнеле берген шаналы кім?
— Ана жылы Тобыл қаласында сені іздеп келетін жас жігіт Қази.
— Неге түнделетіп жүріп кетті?
— Әдейі сенің, үйде жоғыңды біліп, бірер күн қона жатуға үміттеніп келіпті.
— Сен немене, ыңғай бермедің бе?
— Жоқ-е, қонақ үй әзір болмаса да осы үйге түсірдім. Сыйладым. Ауыл адамдарын шақыртып алдым. Өзім де қасында болдым.... Жас жігітке керегі ондай құрмет болмай шықты...
Есеней одан ар жағын тәптештеген жоқ. Ұлпан айтқан да жоқ. Бұл екеуі үлкен сенімнің, үлкен адалдықтың адамдары еді. Осындай шетін жайлар сөз бола қалса, көздерін аударып кететін, не қызарып, не сұрланып кететін адамдар бұлар емес-ті.
Шай үстіндегі кеңестен кейін екеуінің ойындағы басқа бір түйіншектері оянды. Ол көптен бері жүрген түйіншек — перзент жайы. Есеней әлі нағыз еркек, Ұлпан болса-болмаса да пісіп болған әйел. Әкелік те бала іздейді, аналық та бала іздейді. Мұрындарына жас қозының иісі келгендей болғанша тіленеді. Жылма-жыл балалап тұратын төрт түлік малдың төлі — құлыны, ботасы, қозысы, лағы көздеріне түсіп кетсе, өздерінің баласыздығы естеріне түсе қалады. Құдайы құрғырға бұлардың неменесі жақпай жүр? Есенейдің кәрілігі мен Ұлпанның жастығының арасында қандай шалғайлық бар? Жоқ қой!.. Ұлпан жас төлді көргенде қуана тұрып мұңаяды, мұңая тұрып қуанады.
Шынар аман-есен босанғанда, Ұлпан барлық жан-тәнімен қуанды. Стаптан әйел докторын шақыртып алды. Жас нәрестенің кіндік-шешесі болды.
— Қошақаным-ай, иісің қандай еді, жұпардай! — деп жөргекке оралған нәрестені өз шешесінен бұрын иіскеді.
— Сең жата бер, әй! Сибанға бір ұл тауып бердің, болды! Мақтанба. Менен қызғанбай-ақ қой! — деді.
Шынар Ұлпанды көзімен аймалады: қайтейін, мұңдығым... Менен сен бұрын ұл тапса екен деп тілеушіңмін, адал тілеушіңмін... Тіпті сенен Мүсірепті де қызғанбас едім... Үміт үзе көрме, бауырым...— дейді Шынардың көздері.
Шынардың ойында осы тілектестігі бола тұрса да, Ұлпан үйіне қайтарда әдеттегі қалжыңын айтты:
— Сен қатын да тұра тұр әлі... Сен ұл тапқанда балаңды бауырыңнан жұлып алып, өзіңнен бұрын емізермін! — деді.
Ұлпан үйіне қуана да мұңая, мұңая да қуана қайтқан. Содан бері аналық дерті тіпті күшейіп, кейде тұншықтырардай бунап, кейде өртеп жіберердей күйдіріп-жандырып кетеді.
Есенейдің хәлі де осыған жақын. Ол қара шешектен кейін ауырып көрмеген адам еді. Осы жолғы құлауынан қатты қауіптенді. Әсіресе, осы бір дірілден қорқады. Аузына кенелген сілекей жинала берді. Кіші жарланған адам еді, Артықбайға ұқсап қалмаса қайтейін.. Ұрпақ ететіні өз алдына бір қасірет, мен олай-бұлай болып кетем, Ақнардың күні не болар деп қайғырады. Қазақ дәстүрінше, шариғат бойынша баласыз әйел үйіне өзі ие деп саналмайды. Әсіресе, жесір қалған әйел «аға өлсе — іні мұрасы, інісі өлсе — аға мұрасы». Мұны әлі орыс заңы да өзгерте алған жоқ. Осыған байланысты Еменалы есіне түсіп кетсе, дірілі де күшейе түседі.
Есеней кешеден бері үзбей ұйықтап жатқан жоқ. Қараңғы түнде бір оянып кеткенде қасында отырған Ұлпанды көрді. Аяп кетті. Дірілдеп жатқан қолын созуға бата алмады. Көзін жұмды да, ауыр ойларға кетті. Шешімі жоқ, үміттенері жоқ ойлар қамап алды.
Қазір Ұлпан мұның көңілін көтерейін деп әрнені жеңіл ойнақылықпен айтып отыр. Ұлпанның көңілін бұл немен көтерер?
Алыстан бір түйткіл елес береді. Оның не екенін түсінейін деп ойлана бастаса, тұла бойы шіміркеніп, жүрегі дүрсілдеп соғып кетеді. Жүрегі бар болғыр өзі сезінеді де, өзі безінеді. Өзі сыбырлайды да, өзі тыңдама, естіме дейді! Ондай жұмбақты қалай шешерсің? Қалайда, «Есеней, сен қартайдың, Ұлпанға бала керек!» дегенді Есеней анық түсінетін сияқты — Ұлпанға бала керек! Ол бала аспаннан түсе ме? Бұл сұраудың жауабы табылар емес.
Шайдан кейін Есеней Ұлпанға телміре қарап:
— Ақнар, менің төсегімді оңаша бөлмеге шығартшы. Өзіңнен басқа бір адам кірмесін. Салбыр күні-түні қасымда болар. Өзін дұрыстап киіндірерсің,— деді.
— Доктор шақыртайық, Есекесі.
— Шақыртсаң шақырт. Тек бақсы-балгерді көзіме көрсетпе!
Сол күні олар оңаша бөлмелерде бөлек жатты. Бөлек жатса да, ой сезімдері тоғыса берді. Бірінің қайғы-мұңын бірі біліп жатқандай, бірге күрсініп жатты.
Әлдеқандай сезімнің, сезім емес сезінудің ойыңа орала беруі, қытықтай беруі тіпті жай болмайды. Ұлпанның екі-үш күннен бергі ішкі толқынысы әлдененің алдамас хабаршысы екен. Ұлпан сол күні түнде оянып кетті де, жалаң аяқ жүгіріп келіп, Есеней жатқан бөлмеге кірді. Жанып тұрған шамды үрлеп сендіріп, Салбырға үйіңе жүре бер деуге әрең шамасы келді. Есенейдің қойнына кіріп кетті. Жұлмалай бастады, аймалай бастады.
— Тұр, Есеней, тұр! Екі күн еркелеп жаттың, жетері Ендігіңді қоя тұр. Мен жерік болып қалдым! —деді.
— Жерік дедің бе, Ақнар?
— Тап соның өзі!
Есеней Ұлпанды бір қолымен құшақтай көтеріп, өзінің кеудесіне жатқызды.
— Шын ба, Ақнарым?—даусы қалтырап, дірілдеп әрең естілді.
— Шын болғанда қандай Аузымнан сілекейім шұбырып барады!
— Енді Есеней өлсе де болады! Жалғыз арманы осы болатын.— Бұл жолы даусы қалтырамай өз қалпында шықты.
— Есенейдей еркекке жүз жасамаса, несімен Есеней болғаны! Айтпа жоқты!
Жас дене бар жылуын кәрі кеудеге айқара жауып жабыса түсті...
— Ақнар-ау, неменеге жеріксің? Түйенің алаботасы мен көкпектің бірі емес пе?
— Жоқ, құдай... Менің жерігім қай бір оңған болады дейсің... Шынардың шешесі күлге көміп пісірген нанға жерікпін... Ағаштың қара көмірі мейіздей жабысып-жабысып тұрған нанды көріп едің ғой ана жылы? Соған... Сілекейімді жия алмай қойдым...
Заты жоқтың, аты да жоқ болады. Жерік деген аты болған соң оның өзі де бар нәрсе еді. Жүкті болған әйел денесінде қай текті заттар жетіспесе, соның орнын толтыру керек. Соның аты — жерік. Жерік — жүкті болғандықтың бірінші белгісі. Алдамайтын белгі.
Есеней сырқатынан құлан-таза жазылып кеткендей болды. Тұра келіп киініп, Кенжетайды таң атпай Мүсірептің үйіне жұмсады.
— Жылдам күлге көміп нан пісірсін... Ақнар қазір келеді деп айт! — деді.
— Нанға жабысқан көмірін алып тастамасын. Кемірі кеп болса тіпті жақсы. Ана жылғыдай тұзды майға бұлғасын,— деп Ұлпан өз ойындағысын қосты.— Ыстық болсын!
Кенжетай кеткен соң Есеней Ұлпанға:
— Қыз болса өзіңе тартсын. Ұл болса маған тартса да мейлі,— деді.
— Жоқ, жоқ... Ұл болсын және саған тартсын —Ұлпан күлге кеміп пісірген жерігін жеуге жүріп кетті.
Ол күлді-көмеш жеуге келдің бе, талғамын. Дүние дегенім есіңде ме? — деп қарсы алды Шынар.
Кезегіңді ала бер... Өлтірмесең тезірек наныңды — деді Ұлпан...
Ұлпан күлге көміп пісіріп тұзды майға бұлғаған нанды ашыққан адамдай күйсей бастады. Жер төсекте жатқан Шынарға бір қырын отырып алды да жей берді. Нанға жабысқан қайың көмірі тісіне тиіп кетсе «ым-м-м!» деп қыңсылап қояды. Құмартқан жерігі нан емес, тұз бен кемір сияқты. Көмірдің дастарқанға ұшып түскен қиқымдарын қолымен теріп алып аузына қағып жібереді—«ым-ым-м!»
Ұлпан төр үйге бармай үй ішінің өздері тұратын қазір онда Шынар жалғыз жатқан бөлмеге отыра кеткен.
— Нан жеуіңе қарағанда, сен біреу емес, екі ұл табатын боларсың! — деді Шынар.
— Менен ақ бота бұрын боталап қала ма деп қорқып жүр едім... Ол биыл дөнежін шығады ғой. Ант ұрған сипақтап жүр дейді... Әй, сен неменеге жерік едің?
— Құдай, менде қай бір оңған жерік болды дейсің!.. Қара бураның, шудасын шайнауға жерік болғанмын...
— Бәсе, балаңның басы қара қазандай, бураға тартқан екен ғой! Беторамалыңды бері тасташы, терлеп кеттім.
— Ар жағыңда тазасы тұр ғой, ала қойсайшы өзің.
— Жоқ, қозғалғым келмейді. Денем қара тырнағыма дейін балқып отыр. Ым-мм!..
— Мә, ендеше...
Шынар құндақтаулы баласы қасында, әлі төсектен тұрған жоқ-ты. Акушер әйел бір жеті қозғалмай жата бер деп кеткен. Басын қына сары сәтен шаршымен таңып алыпты. Шынарға осылай жату да жарасады екен. Өзі де ақкөңіл, адал жан еді, қазір бүкіл дүниедегі жалғыз ғана армансыз, жалғыз ғана бақытты жандай ажарланып кетіпті.
Дүние есігін өзі ашып келгендей, ұлы да мардамсып, пысылдап ұйықтап жатыр. Шынар баласын ұйықтап жатып та еме береді деп мақтайды:
— Кіндік шешесі ашқарақ болушы еді, соған тартып кете ме деп қорқамын! — деп қояды.
Ол кіндік шеше Ұлпан күлді-көмеш нанды аузына бұралай тығып мытып отыр...
— Сең әй, жайыңа жат! Бір сындырым наныңды аяймысың менен?
— Жоқ-ау, егін шықпай қалған жылы сен жалғыз өзің бір ауылға жұт болатын шығарсың дегенім ғой...
Екі әнші қыз — Кәукер мен Бикен Шынар босанғалы осы үйде болатын. Қонақбасты болып жатқан отау үйге қолқабыстарын тигізуге әдейі қалып қойған. Қазір олар төр үйге шай жасап болып, Ұлпанды шақыруға келе жатыр еді, гүрілдей сөйлеп Есеней кіріп келді.
— Әлгі Мүсіреп мақтаншақтың кең сарайдай деген үйі осы ма?
— Осы, осы! —деді Ұлпан.— Бері кел, бері қарай!
Ұлпан осында кеткен соң, Есеней үйіне сия алмап еді.
Қашаннан бері күтіп жүрген қуаныш белгісін Ұлпан өзімен бірге ала кеткендей, Есеней құр алақан қалғандай сезінді. Оның үстіне босанғалы үш күн болған Шынарға достық көңіл білдірер кезі де өтіп бара жатыр. Осы екі себеп еріксіз айдап, Есенейдің үлкен басын кішірейтіп, Мүсірептің үйіне алып келді.
Қоржын үйдің ортасындағы ауыз үй терезесіне қалың қырау тұрған, қара көлеңкелеу екен. Сырттан келген адам, кім болса да, көзі үйренгенше біраз тұрып қалатын-ды. Есеней де тұрып қалды.
— Бері қарай, бері қарай! —деп Ұлпан тағы қайталады.
Шұбалмалы пештің аласа есігінен әрең еңкейіп өтіп, Есеней Ұлпанның даусы шыққан бөлмеге кірген бойында Шынардың үстіне аса қымбат саналатын бұлғын ішікті жауып жіберіп басын көтерді. Басы төбеге аз-ақ тимей тұр.
— Балаңның көрімдігі, Шынаржан. Ақнар сараң болып бара жатыр білем, әлі күнге саған бір шаршы шүберек ырымын жасамапты.
— Есеней-ау,— деді Ұлпан тұра беріп,— Есеней-ау, неше күннен бері мен осы үйдің отынымен кіріп, күлімен шығып, қара жұмысында жүрмін ғой! Әлі сынық күреш берген жоқ. Мына жатқан сіздің жан сүйеріңіз орнынан да қозғалмайды. Жатады еркелеп!
Шынар, үлкен кісі келген соң басын көтерейін деп еді, Есеней тұрғызбады.
— Жата бер, қозғалма, айналайын.
— Сонда маған беретіндері күлге көмген қол диірменнің қара наны! Өздері оны жемейді де!
— Күлді-кемешке зар болып келіп еді тойынайын дегенін көрдіңіз бе, би-аға!—деді Шынар.— Мұндай мәстекі көрген емеспін!
— Баласының кіндігін кестім. Оған да түк берген жоқ.
— Мүсіреп ағама дүние-малы керек емес, мырза демейтін бе едің!?
— Бәрін билеп-төстеп әкеткен мына қатын сараң.
— Е, бетінен жарылғасын! Біздің үйде де бәрін билеп кеткен бір жан бар... Оның да бетінен жарылғасын! Байлық, мырзалық, сараңдық дегеннен құтылып, жаным тынышталды. Жақсы әйел жаман еркекті адам қылады дейтін бе еді? Сол дұрыс екен Шынаржан.
— Өзі үйіне сия алмай күпсіп жатқан қатынды біржола күпілдетіп кет сөйтіп!..
— Мырзаның өзі қайда? — деді Есеней, төрге шығып, отырып болған соң.
— Шай-қант әкелуге қалаға кетіпті. Қазір келеді деп жатыр мынасы.
— Мырзаның бар жинағаны үш күнге жетпей қалғаны ма?
— Біздік бірдемелері қалған шығар. Жүр, төр үйге барып шай ішейік.
— Үйді ыбырсытпай, қалған наныңды ала кет!
Бұлар шайға отыра бергенде айғайға басып Керейдің бір топ ақын-әншілері келді:
— Мүсіреп, құтты болсын шілдехана, Хабары әрең жетті кеше ғана.
Өткен соң он күн, он түн таратармыз, Жиналсын бес болыстан қыз-бозбала...
Тағы бір жастау ақын самауыр қасында шай құйып отырған екі қызды көріп, ол да сарнап қоя берді:
— Сибанның аман ба екен қос бұлбұлы, Тілеуші ек кездестір деп күні-түні, Сағынып ұшып келдік әр қиядан, Құлаққа сіңіп қалған бұлбұл үнін.
Бұл ақын қыздарды айтысқа сүйреп әкетпек еді, үшінші мосқалдау ақын Есенейді танып қалды да:
— Ассалаумағалайкүм, Есеней аға! — деді, жолдастары әдеп шегінен шығып кетпеуін ескерте қатты дауыстап айтты. Өлең мен ән де тоқтала қалды.
— Жоғарылатыңдар, ардагер ақындар! —Есеней аз ғана ысырылып отырды.
Бұл келген Керей аталатын көп рулы елдердің аты шулы ақын-әншілері, жыраулары еді. Ақын Шәрке сал, соқыр Тоғжан ақын, Нияз сері, Сапарғали ақын, тағы үш-төрт жаңа перілер. Бәрі де атақтының атақтысы — Сегіз-сері ақынның мұрагерлері. Бұл елдерде «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» жырлары Сегіз-серінікі деп саналады. Сегіз-сері өз жанынан шығарған ба, жырау ретінде айта жүріп өңдеген бе, ол арасы дүдәмал. Ал «Қарғаш», «Гауһартас», «Әйкен-ай» әндерін Сегіз-сері шығарғанын тіпті дауға салмайды, түгел мойындап қойған. Бұл кезде Біржан сал, Балуан Шолақ, Ақан сері әндері де іргелес Орынбор —Сібірге қарайтын қазақ елдеріне түгел тарап болған. Баяғы «Қалқам шырақ» деп аталатын. алғашқы екі жолы әлденені ұйқастыра салып, айтайын дегені соңғы екі жолында болатын төрт жолды қара өлең аяқсып, енді қазақ өлеңі төрт аяғын баурына түгел жинап ала бастаған.
Бұл бағыт Керейде Сегіз-серіден басталып еді. Мына келген ақын-әншілердің көбі соның шәкірттері.
Есеней ақындардан жатсыраған жоқ. Елдерінің жай-күйлерін сұрастырып, қалжыңдаса сөйлесіп, кең отыратын ыңғай көрсетті. Ұлпан тіпті қуанып кетті. Шынардың шілдеханасына атақты ақын-әншілердің арнай келгендерін Ұлпаннан басқа бір бай әйел болса күндер еді, күйінер еді, Ұлпанның жан жүрегінде ондай бейшаралықтың иісі жоқ ада.м.
Ақындар Есенеймен амандасып сөзге айнала бастағанда Ұлпан Шынардың қасына қайтып келді:
— Әй, ерке қатың шошалаңда нең бар еді, бәрін қазанға салдырамын!— деді Шынарға.
— Салдыра бер. Бірдемең ұнамай қалып ақындардың сезіне іліктіріп жүрсең, жаныңды шығарамын!— деді Шынар.
— Басымды қатырмай жайыңа жатшы, сен!
Ұлпан шошалаға келсе, Жаниша бауырсақ пісіріп, Шынардың шешесі қол диірменмен бидай үгіп отыр екен.
— Ойбай, апай, диірменді маған бер, қазаныңды тезірек ас. Ақын-әншілер келіп қалды. Барыңды сал! — деді Ұлпан, диірменді өзі айналдыра беріп.
Күшті қолдар тас диірменді зырқырата жөнелді.
— Е, бар ғой, Ақнаржан, бар ғой. Аямайын, Мүсіреп ағаң қалаға кетті, бірдеме ала келетін шығар.
Шынардың шешесінің қысылмай тұрғанына қуанып кеткен Ұлпан:
— Онда өзіме де бір көмбе нандық бидай артық үгейін,— деді. Қол диірмен енді асықпай-саспай байырғы баса жөнелді. Ұлпан ас піскенше шошаладан қайтқан жоқ.
Ақындар шай ішіп болған соң домбыраның құлағын бұрай бастады. Бұрын алды тар, ызғарлы отыратын күле білмейтін Есенейдің енді өзіңмен өзіңдей тең отырып сөйлесетін адам болғанын сезінген ақындар еркін өлеңдетіп кетті:
Сәлем ал, қадірлі би, көп серіден Жиналған гүбірнаның жер-жерінен. Баяғы ескі атақтың бәрін тастап, Кезіңіз көңіл жұмсап мұзы еріген. Ақнардай жеңешеміз есен-сау ма? Сындырман көк болатты ие білген...
Бұл ақын Шәрке салдың бастамасы еді.
— Жеңешелерін, аман-есен... Осы үйдің отын жағып, күлін шығарып жүр...— деп Есеней көңілді жымиды. Ұлпанды мақтай келіп, өзін сынап жіберген ақын сөзіне шамданған жоқ. Қайта «енді жақсы адам болыпсың» дегендей астарлы сөзге қуанып кетті.
Шәрке сал да өлең аяғын осылай бейімдей аяқтады.
— Қанықпыз жеңгеміздің мән-жайына, Білеміз мырзалығы қандайын да. Құдайдың бере салған бір жаны ғой Сибанның кедейінің маңдайына!..
— Осы айтқаның әбден дұрыс, Шәрке сал!—деді Есеней.— Мен өзім Сибан деген елді малшы-сауыншыма айналдырып алып, енді болмағанда қайыршы ете жаздаған екемін. Қазір құдайға шүкір, алдында малы бар, үстінде үйі бар елге айналды. Обалы менің мойнымда еді, сауабы сол жеңгелеріңдікі.
Ақындар Есенейден лұқсат алып, Шынарға келіп құттықтау айтысты. Бұлар Мүсіреппен қадірлес құрбы, Шынармен де достасып кеткен адамдар еді.
— Сибанның Ақнар, Шынар ай мен күні, Көктемде жұпар атқан екі гүлі. Көркіңе жүрегің сай кең дүниедей,
Бар ма екен Мүсірептің тағы мұңы. Балаңның бауы берік болсын, Шынар, Қайғысыз, мұңсыз етсін бар өмірі.
— Тоғжан аға,— деді Шынар ұяла жауап қайтарып.— Тоғжан аға, менің үстімде бір ішік жатыр, соны өзіңіз алып иығыңызға жамылыңызшы. Өзім жабар едім, әзір тұруға болмай жатыр.— Әлгінде ғана Есеней әкеліп жапқан ішікті өз үстінен азырақ ысырып қойды.
Тоғжан ішікті алып арқасына жамылып тұрды да:
— Осы бір тұста Атығайдың ақыны болғанша Сибанның кедейі болмаған екемін... Тым болмаса, өз үйімнен екі кісіге екі тостаған қымыз бере алатын болар едім-ау!— деді. Ақынның бір кедейленіп қалған кезі болса керек, налып-мұңайып айтты. Содан соң аз тоқталып тұрып тағы сөйлеп кетті:
— Жоқ, Шынар қалқам, арық атқа жібек жабу жараспас болар. Сен бердің, мен алдым. Болды сонымен. Игілік-қуанышыңа өзің ки!— деп ішікті Шынардың үстіне қайта жапты.
Мүсіреп үйіне қайтып келгенде Тоғжан ақын әндетіп, Сегіз-сері жырлаған «Қыз Жібекті» айтып отыр екен. Мүсіреп Есенейден бастап ақындардың бәрімен қол алысып амандасты да: «Айдай бер, Тоғжан, айдай бер!» — деп Шынар жатқан бөлмеге асығыстау шығып кетті.
— Бірдеме ілікті ме қолыңа?— деп сұрады Шынар.
— Қысылмай жата бер, кемпірім! Ақындардың аузы неге салымсыз болсын!
Мүсіреп төр үйге екі пышақ алып қайта келді:
— Аштан өлгілерің келмесе бір-екеуің қолдарыңа пышақ алып далаға шығыңдар,— деді.— Міне пышақтарың... Әсіреп есік алдында жүр. Барыңдар.
Ақыннан ақынға, ауыздан ауызға кешіп келе жатқалы жарты ғасыр болған «Қыз Жібек» Керей топырағында Сегіз-сері нұсқасында тұрақтап қалып еді. Осы келген ақындардың ішінде Сегіз-серінің баласы, әрі ақын, әрі балуан Мұстапа да бар. Мұстапа Тоғжан ақынның жаңылыс айтқан жерлерін түзеп беріп отыр еді, қазір ол пышақ алып далаға шығып кетті де Тоғжан да тоқтап қалды.
Есеней әр кездегі әдеті бойынша Мүсірепке соқтықты:
— Келе сала қонақтарыңды далаға қуып жатырсың... Қысылысың бар ма, немене өзі? Балаңның бауы берік болсын деуге де шамамызды келтірмедің ғой!
— Сол баланың өзі ұнаңқырамай тұр...
— Неменесі ұнамайды?
— Басы бақыр қазандай. Саған тартқан ба деген күдигім бар. Шынар екеуің жайдан-жай әмпей болып жүрдіңдер ме екен деген күдік қысталап жүр...
— Отта, шіркін!
— Шын айтам... Әйтпесе қысылыс маған қайдам келсін! Жайлауда жылқым, қыстауда қойым жұтап жатқан жоқ қой...
— Осындай адаммен де жолдас болып жүресіңдер,ә?— деп Есеней ақындарға қарады. Ақындар күлісті де қойды, Ағайын арасының ойын-қалжыңына араласқан жоқ.
— Маған айтқан құтты болсының осы ма?—деді Мүсіреп.
— Ендеше...
Балаңның басы үлкен болса милы болсын,
Алыс-жақын елдерге сыйлы болсын.
Есенейдей бай болмасын.
Іздегені дау болмасын, өнер болсын Сегіз-серідей ойынан өлеңі, қолынан өнері төгілген шебер болсын! Алла акбар!..—Есеней иегін сипады.
— Айтқаның келсін. Енді сегіз айда Ақнар аман босанып, бір қазан бас ұл тауып берсін! Шілдеханасында осы ақындар түгел болсын!
Ақындар Ұлпанның екіқабат екенін түсініп, қуанысып қалды.
— Келеміз, келеміз...— десті.
Далаға шығып кеткен жас ақындар қайтып келген соң Тоғжан ақын «Қыз Жібекті» түгел аяқтап шықты. Не мақтау, не сынау күткендей айнала қарады.
— Жақсы айтып шықтың, Тоғжан. Былтырғыңнан көп өңделіп қалыпты,—деді Мүсіреп.
— Әкесінің ізіне салып түзеп беріп жүрген анау отырған Мұстапа,— деді Тоғжан. Мұстапа қызарып кетті. Қызара білетін ұятты ақын екен.
— Тоғжан ағай мені жай күйдіріп отыр. Мен әлі балдыр-батпақ, қалқам-шырақтан шыға алмай жүрмін. Әкемнің айтқандарынан құлағымда қалған бірдемелер бар шығар... сонда да...
— Жібекті текті жерден шығару үшін ханның қызы дейді екенсің... Қара қазақтан ондай қыз тумай ма екен?— деді Есеней.— Біздің Орта жүз бен Кіші жүз қашаннан беpi бірге жасасып келеді. Тіпті сонау Жошының балаларынан бері Кіші жүзде Сырлыбай деген хан болған емес. Одан соң, ханның қызы хан тұқымына ғана беріледі ғой. Жібек ханның қызы болса, Төлеген де ханның баласы болу керек. Мұны ескермеген екенсіңдер... Жібекті қара қазақтың қызы деуге бекер-ақ қорыныпсыңдар. Мына қара сақалдың Төлегенге ұқсайтын түк қасиеті болмаса да анау үйде жатқан Шынар қай Жібектен кем? — деп сөз аяғын Мүсірепке тигізе, қалжыңдай қайырды.
Мүсіреп жырдың өзіне ұнаған жерін мақтады:
— Кімнің қызы болса да мейлі, әйтеуір Жібектің әмеңгерлікке көнбегені үлкен ерлік.
— Көрпені ағаң ашқан сен ашқандай.
Не болды жас басыңмен сорлы бала! — дегені сөз-ақ емес пе?! Сансызбайдың сүйегінде бір шағым еркек намысы болса, енді жеңгесіне беттер ме! — деді.
Ақын Шәрке сал жас кезінде ала құйындау, әумесерлеу болса да, осы күні ақыл-азуы шыққан адам еді. Есеней мен Мүсіреп айтқандарының дәнін ұстап қалған екен.
— Есеке, дұрыс айтасыз,— деп бастады ол.— Өзімізді өзіміз жамандағымыз да келмейді, асыра мақтағымыз да келмейді. Әттең, осы күнге дейін батырлық та, ерлік те, сұлулық та, ақылдылық та хан тұқымында деп келдік қой. Әлі күнге қара қазақтың бойына сұлу қыз, ақылды қыз сыймай да, жараспай да тұратын сияқтанып келді. Сол ескі әдетпен кете беретініміз әлі бар. Кейде қара қазақтың ханның, қызын бауырына басқанын да мәртебе көретін шығармыз... Ал анау Еділ, Жайық, Ойыл, Торғай ақындары Қыз Жібекті Сансызбайға қосып, мұратына жеткізеді екен. Біз әйтеуір соған көнбей келеміз,— деді.
Көшпелі елде ойын-сауық орны болған емес. Көшпелі елдің ойын-сауық көретін, ақынның сезін еститің әншінің даусын еститін ас пен тойға, шілдеханаға бала-шағасымен жамырай шұбыратыны да содан. Кешке қарай Әсіреп, Мүсірептің екі үйіне кеше ғана тараған қыз-бозбаланың үйіле төгіле қайта келгені де содан еді.
Көшпелі елде ақын-әншілердің тойдан тойға, шілдеханадан шілдеханаға көшіп жүретіндері де содан. Жұртқа айтар сөздері көп. Жабыққан, торыққан көңіл болса жұбатары уатары көп. Осындай жұрт жиналар, әсіресе құлағына құлық қатып қалмаған жастар жиналар жерді олар да іздеп жүреді. Бұл көркем сөз бен көркем өнердің сүйегіне біткен өлмес, өшпес қасиеті. Ешбір ақын бойындағы байлығын өзі ғана иемденіп бауырына басып отырған емес, ел-жұртына тезірек таратып беруге асығады. Бұл көркем өнер қауымымын, айнымас заңы. Ақын-әншінің ел жұрт беруін үй алатындары да осыдан.
Ақындар кезек-кезек өлең айтып, ән салып кешкі ойынды әбден қыздырған кезі еді. Ақын көзі күн болып бүкіл дүниеге жарығы мен жылуын төге алмағанымен найзағайдай тырқылдап, күндей күркіреп қояды. Кейде кектендіріп, шақырып, кейде жарым көңілді әлдилеп қояды. Ел мінезін бірі мақтап, бірі сынап, жастарға әр түрлі ой ұстап жатыр. Кінәратсыз сын, әділ сын, өзіңді өзіңе күлдіретін ақын сыны, күлдіре отырып жылататын жылата отырып күлдіретін сын, ойландыратын сын... Біреу ұялып, біреу қуанатын сын.
Екі әнші қыз — Кәукер мен Бикен қадірлі қонақтарға ауыл атынан қошемет көрсеткелі қосылып ән салуға оңтайланды. Баяу бастап, шырқап аяқтайтындарын білетін жастар тынып қалды.
— Асыл сөз — атқан оқтай, жай кетпейді.
Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді...
Қыздар әнді енді көтере бергенде тердегі терезенің ең, жоғарғы шынысы салдыр-гүлдір сынып түсті де, қақ сойылдың шоқпар басы терде отырған Есенейді жауырын ортадан нұқып қалды.
— Әкеңнің көрін... түрікпені— деді сырттан салған Еменалының айғайы. Маған ағаш кестірмейтін сен кімсің осы? Мынаны көремісің? Төбеңде ойнайтын болады!— Сойылды басын екі жағына кезек-кезек үйіріп қойды,
Төмен қарай солқ ете түскен Есеней: «Өлтірдің-ау, ит!»— деп қалды.
Қасында отырған Ұлпан атып тұрып сойылды ұстай алып, бар күшімен жұлқып қалып еді, Еменалы айрылып қалды.
— Жоғал, көргенсіз сотқар!— деді Ұлпан.
Үй ішінде екі жерде жанып тұрған бестік шамдардың әлсіз жалыны қаша жөнелгісі келгендей есікке қарай бұлқына жапырылды.
Екі қыздың әні де үзіліп кетті. Ойын-күлкі,сауық та тынып қалды. Үй ішіндегі жандар, Есенейден басқасы түгел тұра келді. Терезе алдынан шаба жөнелген салт аттылар дыбысы естілді. Ұлпан қолында қалған сойылды сынған терезеден сыртқа лақтырып жіберді. Есенейдің арқасын сипалап:
— Қатты тиген жоқ па?— деді.
Елтінжал сияқты қалың орманның екі үй түрікпенмен ағайындығы алыстан қосылатын Андарбай-Отарбай ауылына берілгендігі Еменалыға қатты батып жүретін. Әлі қыстау салып үйрене қоймаған Андарбай Елтінжалдың әр жеріне бей-берекет орналасты да, екі үй түрікпен қақ ортасына орныға қыстады. Сондықтан Елтінжал Мүсіреп қыстауы атанып бара жатыр еді.
Едәуір ұзын орманның күнгей жағы қалың қара шие, жортып өтсең ат шашасын қызылға бояп жіберетін жидек пен бүлдірген. Екі жағындағы екі өзекте де жуа өседі, аралар ұялайды. Шөбі қалың.
Жалдың орта тұсында самаладай жарқырап биік ескен жуан-жуан ақ қайыңдар қарағайдай түзу. Екі үй түрікпен осы қайыңдардың ортасына қыстапты. Еменалының осыған іші күйеді. Сол күйіктен осы күнге дейін қысы-жазы киіз үйде отырып келген Еменалы қыстау салуға бел байлады. Екі үй түрікпеннің дәл іргесіндегі бөренелік қайыңдарды қырып алып ағаш үй салдырмақшы болды.
Ішін, күйсе — кек байланғаны да. Ол кек—Еменалың Еменалы екенің Мүсірептің түбі құл — түрікпен екенін тал түсте танытса ғана қайтпақ. Әсіресе, қатыны ұл тауып, мәз-майрам болып жатқанда жұрт көзінше ойын-күлкілерін күлдей шашып ұшырып жіберсең ғана қайтпақ...
Еменалы мана тал түсте он жігіт ертіп әкеліп, биік өскен ақ қайыңдарды қамшысымен нұсқап:
— Бірін қалдырмай қырыңдар! — деді де үйіне қайтты.
Осы кезде Мүсіреп те қаладан қайтып келе жатқан. Көп балтаның жаныңды түршіктірер сартыл-гүрсілін естіп Мүсіреп үйге кірместен солай қарай кетіп еді. Ақ қайыңдарды балталап жатқан жігіттерді көрді. Ағаш денесіне аяусыз қадалып жатқан балталарды көрді. Бір жуан ағаш сықырлап сынып, жас қайыңдарды қирата жаншып құлап түсті. Оны да көрді.
— Ау, жігіттер, бұларың не? Құдайдан қорықсаңдаршы! —деді Мүсіреп.— Отын керек болса осындай ағашты кесе ме екен?
Жігіттер жөнін айтты:
— Біз емес құдайдан қорықпай жүрген... Еменалы ағаңыз... Ағаш үй салдырмақшы.
— Ауылда қонақтар бар, жігіттер. Ұят болады. Еменалыға сәлем айтыңдар: бұл ағаштарды мен бәрібір кестірмеймін. Кетіңдер!..
Он шақты ағаш жараланып қалыпты. Дауыл әрине. Жігіттер Мүсіреппен таласқа жоқ. Балтала белбеулеріне қыстырып алып кетіп қалды. Еменалының ми ішінде келіп Мүсірептің, үйіне бүлік салғаны осының алдары еді.
Есеней көзін жұмып, тістеніп қалды. Баяғыда Кенесары оғы тиген жауырын ортадан соқты-ау деп лады. Тап сол оқ қадалған жері шаншып-шаншып қалды. Ау ағайын деген осы да. Сойыл сілтемей отыратын күні жоқ. Қан майданда қас жауыңмен қарсы тұрып алысқаның ба, туысқан ініңнің күнде бір тырнап, күнде бір нұқып к.алғаны қиын ба? Қайсысы ауыр? Тоныңды бойыңа шамалап киер болмас па! Еменалы Есеней бола алса қарсы болған күнім бар ма? Бола алмаған өзі екенін неге түсінеді? Өз үйіңде күпсінгенің жұрт кезінде күлкі көрінсе кімге өкпелейсің?.. Әттең, жауыз емес, долысың. Ақымақ тотқарсың. Жауыз болсаң, ендігі жазалап қойған болар едім. Долылық қысып кеткенде, аз ғана ақылыңнан айрылып, қаласын, да, соқтықпасқа соқтығасың. Ел-жұртқа мазақ, ағайынға қадірсіз боласың да жүресің...
— Тұр, Есеней, үйге қайтайық.— Ұлпан Есенейді тез киіндіріп, үйіне алып келді де, төсегіне жатқызды. Есеней сол жатқанынан енді қайтып тұрған жоқ...
Батыс Сібірдің далалық генерал-губернаторының қазақ жұмыстарым басқарысатын ақылшысы Тұрлыбек Көшенұлы бұл жолы екі үлкен мәселемен келіп еді. Қасында жерге орналастыру инспекторы Саврасов, заң жұмыстарының бақылаушысы Леознер және Қызылжар уезінің бастығы Демидов бар. Бұлардың қайсысы басшы, қайсысы қосшы, оны білетін ешкім жоқ, ел қазағы өзіне тартып Тұрлыбек төре келді деп ұйғарды.
Ұлпан оларды әдейі төрелерге арнап салдырған қонақ үйінде қарсы алды. Есіктері оңаша екі бөлмелі, бір үлкен залды, жабық верандалы қонақ үй екі күннен бері әзір тұрған еді.
— Жеңеше, деніңіз сау ма? Есекем қалай, тәуір ме?
— Шүкір, тере қайным, бір қалпы.
— Здравствуйте, мадам Акнар Артыкбаевна...
— Здравствуйте, здравствуйте...
— Здрасти, здрасти, қош келіпсіздер,..
Қазақ қонақтар үйге кірген бетінде көріп отырғанын да көрмеген болып, білгісі келгенін білдірмеген болып, монтансып момақан отырады. Төре қонақтар олай емес, екі-үш бөлмені отырмастан аралап шығып, қонақ үйді мақтай бастады.
— Біздің генерал-губернатордың, мәжіліс залы осыдан қанша үлкен екен?
— Кішірек болып жүрмесін.
— Жатар бөлмелері қандай жайлы! Қарағай иісі аңқып тұр.
— Варшава төсектері, голлан пештері, париж айналары... Е, мадам тегінде хандар нәсілінен деген сөз дұрыс болар.
— Вена орындықтары, иран кілемдері... біріне бірі жатсырамай қандай жарасып тұр. Мадам туралы қандай мақтау айтсаң да жеткізе айттым дей алмасаң керек.
Қонақтардың орысша айтқан мақтауларын Тұрлыбек қазақшылап болған соң, Ұлпан мақтаудан қысылатындай аз ғана күлімдей отырып жауап қайырды:
— Мақтауларыңыздың бірде-біріне мен ортақ емеспін, қадірлі қонақтарым. Үйді салып берген орыс шеберлері. Мен әйтеуір жақсы үй салып беріңіз дегенімді білем... Мына кісі, ояз бастығы алғаш келгенінде қазақы қонақ үйімізге ел қонақтарымен бірге қонып шығуға орайы келмей жабық шанасына түнеп шығыпты. Сондағы ұялғаным әлі есімнен кетпейді. Содан кейін осы үйді салдырдым. Алдыңғы жылы бітті.
— Дегенмен де үйдің қалай салынар жоспарын өзіңіз ұнаттыңыз ғой?
— Жоқ-е, тәңірі. Жақсы болсын дегеннен басқа мен не айтты дейсіз. Киіз үй жасататын болсам, араласқан болар едім. Мынадай үйдің атында білмеймін...
— Оныңызға илана тұрайық... дауласпайық. Бірақ, өзіңізге ұнамаған дүниелік сіздің үйлерге кіре алмайтын болар. Бұған сіз де дауласпайтын боларсыз... Мына кілемдер, айналар, орындықтар дүние жүзіндегі елдердің, өңкей бір мақтаулы асылдары. Өз беттерімен келіп орынды-орнына тұра қалмаған болар?
— Әйел мақтағанды жек көрмейді, мен де соның бірімін,— деді Ұлпан.— Бірақ дүние жүзінде қандай елдер барын білу түгіл естіген де емеспін. Айтып отырған нәрселеріңіздің бәрін де мен Тобылдыкі деймін. Өйткені бәрін де Тобылдан алдырдым. Біздің үйде басқа елдікі деп аталатын бір-ақ нәрсе бар — айна... оны «борансыз айнасы» дейміз.
— А... француз айнасы дейді ғой?
Солай болса, солай шығар. Өзгесінің бәрін тобыл, тобыл-төсек, тобыл-орындық дейміз. Мына пешті де тобыл-пеш дейміз. Мұны да осы үйді салған Тобыл шебердері салып берген. Екінші қонақ үйдегі пешті Петра деген қазақ-орыс салып еді, оны петра-пеш дейміз...
Қонақтар мәз-мейрам, риясыз күлісіп, көңілденіп қалды. Кішіпейілділік пе екен анайылық па екен? Әттең, оқымағаны-ай!
Төре қонақтарын қарсы алудың сый-сыпайылығы аяқталды-ау деген кезде Ұлпан орнынан тұрып, кетуге лұқсат сұрады.
— Қадірлі қонақтарым, орысша тіл біліп, ауызба-ауыз өзім сөйлесе алатын болсам, әлі де отыра тұруыма болар еді. Оған менің жайым келмейді. Кісі арқылы сөйлесуге қысылатынымды да жасыра алмаймын. Екінші қонақ үйде өздеріңіз шақыртқан бес болыс Керей-Уақтың болыс-билері келіп жатыр. Оларға да кіріп шығуым керек. Сау бола тұрыңыздар...— Ұлпан үйіне қайтып кетті.
— Осынша кішіпейіл, осынша ақ көңіл жан даланың нағыз тағы арыстанын қалай бағындырып алды екен? Мен таң қалып тұрмын,— деді Леознер.
— Сол кішіпейілділігімен... ақылдылығымен— деді Саврасов.
— Мен бұл әйелді алты дуанға атағы жайылған ханша бар еді ғой, сондай өркөкірек, ойына келгеннің бәрі де бойыма жараса береді деп ойлайтын алақұйын тұрғысында көретін шығармын деп қауіптеніп келіп едім. Мінезі биязы, сұлулығына да мән бермейтін жас әйел Есенейдей түз тағысын біржола бағындырып алғанына таңданудан арыла алмасам керек...
— Сіз, Карл Генрихович, қатарынан үш қате жіберіп отырсыз,— деді Саврасов, қалжыңдай жауап қайырып.— Ең әуелі, ойына сыймасты бойыма сыймас-ау деп ойлай білмейтін деуіңіз керек еді. Сіз еске алып отырған атақты ханшаңыз сондай адам болатын. Екінші, бұл әйел жалғыз Есенейді ғана бағындырып алған жоқ, бес болыс Керей-Уақтың руларына түгел беделі бар адам. Оны ертеңгі мәжілісте өзіңіз де көресіз. Үшінші, сұлулығына мән бермейтін дегеніңіз таза Омбы қаласының көзқарасы. Қазақта «көз тиеді» деген сенім әлі бар. Арғы түбі сонымен байланысты болуы мүмкін, әйтеуір қазақ әйелі сұлулығын көптің көзіне тоса бермейді.
— Сіз әлгінде Ақнар Артықбаевна деп амандастыңыз... Менің дәптерімде ол кісінің аты Ұлпан деп жазылған. Міне, көресіз бе, астын сызып та қойыппын...
— Астын сызып қойғаныңыздан үміт етпей-ақ қойыңыз... Ұлпан да сол кісінің аты. Есеней деген аты тағы бар.
— Қазақ әйелінің үш аты бола ма?
— Жоқ, Ұлпан — шын аты. Ақнар — ақ аруана дегеннен аз ғана өзгертіп алынған, ақ ана деген мағына береді. Есеней — ерінің аты ғой. Ендігі басшыларын, осы болады деп Есеней өз атын әйеліне беріпті.
— Міне қызық! Мария деген әйел бір күні Николай болып шыға келе ме?
— Бұл жерде «Есеней» әйелдің аты емес атағы. Символ... Бұрын бұл елдің көсемі мен едім, енді сен болдың дегенді аңғартады.
— Көсем болып алған соң, бұл әйел не істей алды?
— О, істемегені жоқ! Әуелі Екінші Александр патшамыздың реформасын жасады. Есенейдің барлық жерін еліне бөліп берді. Бөліп бергенде біздегідей біреуге ана жақтан біреуге мына жақтан аттамалатып берген жоқ, ауыл-ауылға қыстауды да, егіндік-шабындық жерді де тұтас берді. Әр ауылдың қыстаулары да, жерлері де бөлшек-бөлшек емес, тұтасып жатады. Бұл араның қазағына егін салдырды, шөп шаптырды, қыстау салғызды. Бұл елді қазір жартылай отырықшы дей аламыз.
— Әдемі ертегі екен... сондықтан сене қою да оңай болмас.
— Ішкі Ресейден келген шаруаларды жерге орналастырарда, өзі жартылай отырықшы болып алған Сибан жеріне қолымыз бата алмады.
— Мұныңыз жаңағы айтқаныңыздан да әдемірек ертегі болып шықты.
— Ертегі емес, шындық екеніне мен куә! — деді ояз бастығы Демидов.
— Мен куә!.. Сибан деген елдің барлық жері Есенейдікі болатын. Сол жерді осы әйел түгел елге бөліп берді. Әр ауылдың қысқы үйлерін салысып беруге бұл әйелдің қанша мал жұмсағанын өзі ғана біледі. Өзі үшін салып алған үйлері мынау!.. Қазақ даласында бірінші болып монша салдырған да осы әйел.
— Моншаға кейде қой қамамай ма екен?
— Барып түсіп көріңіз! Медресенің ірге тасы қаланып қалғанын өзіңіз көрдіңіз. Тап осы өзіміз отырған қонақ үй
Омбының қай көшесіне жараспас еді өре қонақтар келгенде Ұлпанның Қабап қаласынан шақыртып алатын ерлі-зайыпты екі адамы тамақ көтеріп кірді де, аяқталмаған әңгіме үзіліп кетті.
Мәжіліс ертеңіне басталды. Ұзын столдың төр жақ басында төрелер, орта тұсында .жастау болыстар, есік жақ шетінде — Ұлпан. Қартаң билер арқаларын қабырғаға сүйеп, аяқтарын астарына басып алып, қалың көрпелердің үстінде тізіліп отыр. Төр жақтағылардың бір-біреуі екі адамға саналатындай екі адамның орнын алып кең отырса, темен отырған жас атқамінерлердің екеуі бір адамға саналатындай сығылысып отыр. Бұлардың жүздерінде «осы үлкендер-ақ өлмейді екен!» деген ренжу бар сияқты.
Сөзді Тұрлыбек бастады. Қазақша жақсы сөйлей білетін адам қасындағы төрелер алдында орысша ойланып қазақша сөйлегендіктен сөзі орашолақтау, созалаңдау шығып жат.ыр. Онысын бірден сезінген дала шешендері қабақ қағысып, көз ілегістіріп қалды.
— Қадірлі би-болыстар! — деп бастады Тұрлыбек.— Ұлы мархабатты падишамыздың жоғары дәрежелі елтифаты бойынша, ішкі Ресейден Сібір жеріне келіп орналасып жатқан орыс қара шаруалары қатарында жерге орналасуға өз тарафынан ехтиярлы мағынада еттифақ білдірген қазақ ауылдарын да отырықшыландыру мәселесін сіздердің маслихатыңызға салуды лайхат көріп, бізді жоғары мәртебелі дала генерал-губернаторы жіберіп отыр...
Ол кездегі қазақ сөз сұрап алу дегенді білген емес. Айтылып жатқан әңгімеге байланысты бір ой келіп қалса болды, табан аузында айтып салатын. Атақты шешен Байдалы би соны істеді.
— Тұрлыбек шырағым, орыс қалаларымен қатар орналаспай-ақ, бөлек орналасуға рұқсат жоқ болғаны ма? — деді Тұрлыбектің сөзін киіп кетіп.
Тұрлыбек қате айтып қалғанын сезінді. «Наряду» дегенді айтқысы келіп еді, онысы қазақшылағанда «рядом» болып шыққан екен.
Мұндай жиындарда Байдалы биден қалып қоюды өзіне өлім көретін Тоқай би:
— Әйтеуір ехтиярлы түрде болады ғой? — деп сұрады.
Тұрлыбек әуелі Тоқайға жауап қайырды. Жерге орналасу шүбәсіз ехтиярлы түрде екен. Содан кейін аузынан қатерек шығып кеткен сөзді бас салып бұрмалай жөнелген Байдалы биге ойланып барып жауап қайырды.
— Қадірлі Байеке, мен қатерек айтыппын, сіз қатерек ұғыныпсыз. Жерге орыс пен қазақты қатар, іргелес орналастырады екен деп қалған сияқтысыз. Олай емес, ішкі Ресейден келіп жатқан орыс шаруаларын жерге орналастырып жатқан кезде қазақ халқын ескерусіз қалдырмай, елтифат көрсетіліп отыр. Ехтиярлы түрде жерге орналасамыз деген еттифақ болса, жан басына он бес десятинадан егіндік жер кесіліп беріледі.
— Ол бізге не болады? — деді Байдалы би.
— Жан басына он^бес десятина деген аз жер емес. Мысалы, осы елде егінді ең көп салдыратын Ұлпан жеңгеміз сол шамада егін салдырады екен. Оның үстіне шабындық жерлеріңіз, жайлауларыңыз өздеріңізде қалады ғой.
Байдалы би әлгі «қатарақ ұғыныпсыз» дегенді естіген соң-ақ ширығып кеткен. Иттің ғана баласы, маған теріс ұғыныпсың дей алғандай кім едің сен! Тоқайға неге түйрей қайтармадың жауабыңды? «Ехтиярлы түрде дегенді естімедің бе?» десең ғой болып жатыр. Бүйтіп масайрап отырмайды. Енді Байдалыны баланың жаялығындай он бес десятина жерге көндіріп алшы, көрейін!..
Шынына қалғанда Байдалы он бес десятина дегеннің қанша жер екенін дәл шамалай алмайтын адам еді. Тек өлшеп берілетіндікке қарсы. Ол өлшеуі жоқ жерге, өлшем-шегі жоқ, ата қуалаған билікке үйренген адам.
Байдалының бет алысын әбден аңдап болған соң, Тоқай оны одан әрі қыңырайта түскісі келіп:
— Апыр-ау, былтыр Стапқа кетіп бара жатып сіздің егіннің қасынан өткенімде телегей-теңіз бе деп қалып едім... Он бес десятина дегеніңіз көп жер екен-ау! — деп Ұлпанға қарады.
— Былтыр он бес емес, бір-екі десятина кемірек салғамыз,— деді Ұлпан.— Келімді-кетімді қонақты есептемесек, өзімізге одан аз салсақ та мол жететін.
Осымен Тұрлыбек сезін аяқтап болғанша басты билердің екіге бөлінетіні байқалып қалды. Олардан жырыла шығатын болыстар да, жандайшап атқамінерлер де бола ал« майды. Олардың бәрі де осы екі бидің ыңғайына қарай екіге бөлінеді. Ой таластыратын айтыс-тартыс та болмайды. Жесір дауы болса, би-болыс сайлауы болса, оның жөні бір басқа, жер үшін кеңірдектен алысып жатудың не лайығы бар!.. Ыңғай көрсетілді, ар жағын болыстар жымдастыр салар.
Билердің бет алысы түгел танылып болса да, Тұрлыбек сезін тоқтатқан жоқ. Егін салып, шөп шауып, жартылай отырықшы бола бастаған елдерге сүйемел ретінде өсімсіз берілетін қаржы, сыйлық ретінде берілетін құрал-саймандары бар екен осы жайларды қызықтыра сөйлеп кетті:
— Бес десятина егін салатын үйлер үш жыл ішінде қайырып беру шартымен елу сомға дейін өсімсіз қарыз ретінде қаржы алуға болады. Оның өзі екі аттың құны ғой. Соқа бес сом, тырма үш сом, темір айыр қырық тиын, қой екі сом, тай төрт сом... сонда елу сом дегеніңіз дүниенің малы емес пе?
Билер бұған да құлай кеткен жоқ.
— Он жылға жақын егін салып, шөп шауып жартылай отырықшы болып алған Сибан еліне үш шеп машинасын, үш тырнауышы мен бес соқа, бес тырма сыйлық ала келіп отырған жайларымыз да бар,— деді Тұрлыбек.
Би-болыстар түгел Ұлпанға қарады. Осы қатын қай қылығымен төрелердің аузын алып болды екен? Ат жетектетіп, шапан жауып жібергенін ешкім білген емес. Әйтеуір Сибанға құдайдың беріп тұрған кезі.
Болыс-билердің не ойлап қаларын ешкім айтпай-ақ білетін Ұлпан:
— Тәңірі жарылғасын, тере қайным. Бұл елде үш жыл ішінде қайырып беруге қазынадан қарыз ақша алатын үйлер де аз емес. Егін сала бастағалы он жылға жақындаса да, әзір үй басына бір соқадан келмейді. Шөп машинасы екі ауылға бір-бірден ғана келетін еді, енді үш машина, бес соқа қосылатын болса, алдағы жылы қырық десятина астың қосылады. Ол қырық үйдің азығы емес пе! — деді.
— Енді Сибан сабантой жасайтын болдыңдар! — деді Байдалы.
— Неге жасамайық, жасаймыз,— деді Ұлпан.— Алғаш егін салған жылы бес соқамен отыз десятина егін салғанда той жасағамыз. Бес десятинасы біздің үйдікі, өзгесі жұрттыкі еді. Содан бері бұл ел аштыққа ұшыраған емес...
Саврасов Тұрлыбектен Ұлпанның, не айт.қанын сұрап алды да, орнынан тұрып келіп Ұлпанға сыртында алтындатқан жазуы бар, мөр басылған пакет тапсырды:
— Мынау сол сыйлықтардың қағазы... генерал-губернатордың қолы қойылған мақтау қағаз...
Ұлпан да пакетті тұра келіп алды.
— Көп-көп рахмет, төрелер... Генерал-губернаторыңызға да көп-көп рахмет айтыңыз... Жартылай отырықшы, бүтіндей отырықшы дегенге түсіне де бермейміз, әйтеуір бұл ел егін салу мен шеп шабудан қолын айырмайды.
Ұлпан мақтау қағазды ұзын столды айнала отырған болыстарға берді. Болыстардан кейін қағаз билерді аралап шықты. Оқи алған бір адам жоқ. Алтынмен жазылған. Мөр басылған. Екі басты самұрық құсы бар жібектен жасалған қағаз болу керек...
Ұлпаннан басқа болыс, билер түгел күйзелісіп қалды, күндесіп қалды.
Құдай-ау, не деген қорлық! Бес болыстың би-болыстары көзіміз жаудырап тірі отырғанда, губернатордың сыйлығы мен мақтау қағазын үйде отырған бір қатын алды-ау! Қатын!.. Сыйлығы адыра қалсын, алтынмен жазылған, мес басылған, екі басты самұрық құсы бар мақтау қағазды айтсайшы! Құдай осы қатынды біздің қолға бір бере ме, жоқ па? Ай, ол күн алыс емес шығар... Есеней анау, оның күні санаулы... Жоқ сен қатың біздің қолға бір түспей кете алмайсың!..
Өзара қанша іркіс-тартыс отырса да, Ұлпан жайлы бес болыс Керей-Уақтың ел басқарады деген адамдары осылай бірге күйінді, бір түйін жасады.
Болыс-билер сыйлыққа қызығып болды-ау деген қорытындыға келіп, Саврасов жиналыстың аяқ жағын өзі басқарып кетті:
— Қадірлі болыс-билер,— деді Саврасов,—менің бақылауымша сіздерде мақтаныш етерлік бірауыздылық бары байқалады. Оған таңданғым келмейді. Сіздің елдер баяғы жоңғар жорығынан кейінгі жүз елу жылдың бойында орыс халқымен іргелес отырып келесіздер. Сонша уақыт босқа етпеген екен. Тап осы ауыл алғаш егін салған жылы қазақ соқасының соңында он орыс жүріпті. Алғаш машинамен шөп шапқан жылы — алты орыс. Ақнар Артықбаевна осы үйлерді орыстар салып берді деп өзі айтып отыр. Кеше бізді алып келген Қабан жәмшігі осы ауылда тамырым бар, соның үйіне қонамын деп кетті. Бүгін міне, сіздер де Тұрлыбек мырзаның сөзін үлкен ықыласпен тыңдап, түсінбей қалған сөздеріңіз болса, қолма-қол сұрап алып отырдыңыздар. Осыған қарап, сіздердің ортаңызға салуға әкелген екі мәселеміздің екеуін де Қызылжар оязына қараған қазақ болыстары қолдайтын болды деп сенім білдіремін. Ұзамай осы екі мәселе облыстық көлемде шақырылатын би-болыстардың төтенше съезінде қаралмақ. Сол мәжілісте сіздің болыстардан бүгінгідей бірауыздылық
Саврасовтың сөзін қазақ тіліне Тұрлыбек тыр білдірместен сөзбе-сөз түгел аударып шықты. Кім біледі, бірауыздылық жоғын біле-тұра бар деу керек шығар... дала желінің, ертең қай жақтан соғарына кім кепіл?..
— Төтенше съез дегені табылған ақыл екен.
— Бес ояздың болыс-билері бас қосса, шешілмеген не қалады дейсің!
— Әне, сөйлейтін жер сол!.
Сөйтіп, ел тіршілігінің ұтыс-ұтылыстарында жұмыстары жоқ, бес болыс Керей-Уақтың болыс-билері жерге орналасу мәселесін сөз баққа салатын бір саңылау табылғанына мәз болып тарасты. Мұндай керенаулыққа келгенде бұлар тең» десі жоқ бірауызды екен!
— Жан басына он бес десятина егіндік жерді бүгін аз» сынсаң, ертең бесеуге зар болып қалмайық, — деді де Ұлпан да орнынан турды. Онсыз да ширығып отырған Байдалының жүрегіне бұл сөздер садақ оғындай шаншыла келіп қадалды.
Ұлпан Есенейге мәжілістің қалай өткенін айтқалы келіп еді. Бес жылдан бері төсек тұтқыны Есеней шыдамсызданып жатыр екен бірден «қалай аяқталды?»—деп сұрады.
— Қолдау да болған жоқ, қарсылық та болған жоқ,— деді Ұлпан.
— Жас болыстар сөйледі ме?
— Жоқ. Бір тобы Байдалыға, бір тобы Тоқайға телмірді де отыра берді.
— Өзің не айттың!
— Мен не айтушы едім, тәңірі... Біздің ел соқа мен шөп машинасынан қолын айырмаса керек дедім.
— Аз сөз айтпапсың, Ақнарым. Енді ертең не айтарыңды ойлана бер. Әйел мәселесі көрінеді ғой. Сенің, не ай» тарыңа құлақ асатын болар.
— Бүгін мен еркектерге ыза болып қайттым. Төрелерге біреуі бір ауыз жөні түзу сөз айта алған жоқ. Өзді-өзі тұспалдасқан болып, біріне бірі ыңғай көрсетті де, мелшиіп отырып қалды. Төрелер қазақ деген елдің басшылары мынадай болса, өзі тағы жұрт болар деп кететін шығар!
— Еркектерге ыза болып қайтсаң, ертең ызаланып сөйле! Қазақтың әйелі мынадай, еркегі бұдан да ақылды шығар деп қалсын.
— Қатын сөзіне кім құлақ асады дейсің...
— Жоқ, жоқ. Сен Есенейсің. Осы ел осы күні Есеней дегенде мені айтпайды, сені айтады. Қазақта он бес-жиырма болыс елдерді басқарған әйелдер болған. Талай әйелдің аттары талай елдердің ұраны болып кетті. Сен де солардың бірісің! Тартынбай сөйлеп.
Бұл кезде Есеней көп сөйлеуді тоқтата бастаған. Бар денесі қалшылдап жататын болған соң даусы да қалтылдап шығады. Көлденең жұрт түгіл Ұлпанды да шымылдық ішіне кіргізбейді. Ақыл-есі дұрыс. Болыс-билердің, жиналысына қатынаса алмайтындығына назаланып жатса керек, бүгін ұзағырақ сөйлеп кетті:
— Сен сөйлейтін бол, Ақнар. Өңкей боқташақ би-болыстарды ығыстыра сөйле. Бір-екі ауыз ойын бар еді, тыңдап алшы,— деді. Ұлпан тыңдай берді.
Болыс-билердің екінші мәжілісі кешегі залда басталды. Төрелер де, болыс-билер де кешегі орындарында. Ұлпан да ұзын столдың есік жақ шетіне, кешегі орнына келіп отырды. Тағы да кешегідей мәжілісті Тұрлыбек ашты. Мәселе қазақ әйелінің жай-күйіне көңіл аударуға арналған екен.
Қазақ әйелінің тіршілігінде түсіне де қоймайтын, сене де қоймайтын бірнеше жайлар бар. Көшпелі елдің барлық еңбек тырбанысында әйел-еркегі бірге жүреді. Қазақ әйелі еркектен жүзін жасырып паранжі киген емес. Келіншек болып түскенде, әуелі шымылдық ішінде отыратыны рас. Бірақ «Беташар» деп өлеңмен айтылатын ырымынан кейін келіншек беті ашылды, бұдан кейін жасырынбайды.
Ру-ру болып отыратын қазақ елінде қыз балаға ешкімнің тілі тиген емес, бірен-саран ондай сотқарлық істеген еркектер алапес болған адамдай ауыл-үйге араласа алмай «иткірмеде» жүреді. Ел ішінен қуылмағанымен ол бәрібір, қуғындағы адамға тең.
Сол қыз ержетіп келіншек болып түскеннен кейін қалың малға келген қатын.
Сол қатын қартая келе — ана. Бұл кезінде ол еркектен анағұрлым құрметті. Біреуді «анаңды!» деп боқтаған адам ол да қоғам ішіндегі қуғынға тең. «Енеңді!» деп біреу әйелінің шешесін боқтаса, оны қазақ елең қылмайды.
Осындай үш түрлі жайда болатын қазақ әйелі «қатын» дәуірінде толып жатқан жәбір-жапа теңсіздікке ұшырайды. Бұл оның еркекпен қатар, дұрысына келгенде еркектен де көбірек еңбекте жүретін кезі. Бала табатын кезі. Адам ретінде сана-сезімі толығар кезі.
Осы кезінде қазақ әйелінің ие емес. Алдымен өз басына ие емес: Рулық дәстүрімен отырмын елде аға да көп, іні де көп. Бірі болмаса, бірі бар.
Қатын ерден кетсе де, елден кетпейді».
Тұрлыбек осы жайларды айта келіп:
— Осынымыз дұрыс па! Әделетке жата ма? — деген сұpay қойды.— Біресе құрметтейміз, біресе қорлаймыз да қорлаймыз. Ері өліп, жесір қалып, қайғы жұтып отырған әйелге ағайындық жәрдем ете отырудың орнына, оның мал-мүлкімен бірге өзін де иемденіп алар күнді күтеміз. Осындай жайларымызды тиянақты түрде заң, байламына айналдыру үшін алдымен сіздердің қалай қарайтындарыңызды анықтап алу керек болды. Облыстық төтенше съезге салынатын бір мәселе осы: қалың мал, әменгерлік, жесір әйелдің ерінен қалған мал-мүлікке еншілестік жайлары...
Е, заңға айналдырмақ екен ғой! Енді өз қатынымызды өзіміз билей алмайтын боламыз да! Жарықтық ақ патса-ай, шайқай бердің-ау шалабымызды. Қазақ халқының ұйтқысы өзінің әдет-ғұрпы, салты емес пе! Сонысын шетінен жырымдап шонтайға берсең, бір күні түгел жұтып жібермесіңе кім кепіл? Сенің өз законың қай бір оңып тұр? Орыстық үйленетін жігіті қалыңдықтың үстіне қосар алады екен!.. Жәй жасауына көңілі толмай, қанша мал-мүлік, қанша қаржы-қаражат ала келеді, соның бәрін қағаздатып алады екен. Біз ондай ұятқа бара алмаймыз. Орыс байларының қызына қоса барлық адамдары мен бүкіл бір ауылдарды беретіні әлі қалып болған жоқ. Сондай салтыңнан күйеуге шыға алмай қалған қыздарыңа монастырь деген шіркеу салып беріп, сонда қамап ұстайтын. Сондай монастырьдың біреуін Қабан мен Жетікөлдің арасына әкеліп біздің жерге де орнаттық. Сондағы екі жүз он тоғыз қыздың бәрі жесір қатын емес пе? Әйелді жарылқағаның осы ма?
Қазақ билері мұндай ойларын патша төрелеріне ақтарыла айтпайды. Ондай түпте жататын қарсылық ойлар ел ішінде күнде туып жатады. Төрелер анайы елде айтқандарынан басқа бүгіп қалатын ойлары бар деп ойламайды да. Бірінші рет ауызға алынып отырған қазақ әйелінің, жәй-күйі де осындай, түпкі ойларын бүгіп қалған түрде сөз болды. Бірінші болып Байдалы би сөйледі:
— Қалың мал деген қызды сату емес, екі жақтың қуаныш-тойларына әрең жететін шығын. Күйеу жағы қанша
— Қатын сөзіне кім құлақ асады дейсің...
— Жоқ, жоқ. Сен Есенейсің. Осы ел осы күні Есеней дегенде мені айтпайды, сені айтады. Қазақта он бес-жиырма болыс елдерді басқарған әйелдер болған. Талай әйелдің аттары талай елдердің ұраны болып кетті. Сен де солардың бірісің! Тартынбай сөйле!
Бұл кезде Есеней көп сөйлеуді тоқтата бастаған. Бар денесі қалшылдап жататын болған соң даусы да қалтылдап шығады. Көлденең жұрт түгіл Ұлпанды да шымылдық ішіне кіргізбейді. Ақыл-есі дұрыс. Болыс-билердің, жиналысына қатынаса алмайтындығына назаланып жатса керек, бүгін ұзағырақ сөйлеп кетті:
— Сен сөйлейтін бол, Ақнар. Өңкей боқташақ би-болыстарды ығыстыра сөйле. Бір-екі ауыз ойым бар еді, тыңдап алшы,— деді. Ұлпан тыңдай берді.
Болыс-билердің екінші мәжілісі кешегі залда басталды. Төрелер де, болыс-билер де кешегі орындарында. Ұлпан да ұзын столдың есік жақ шетіне, кешегі орнына келіп отырды. Тағы да кешегідей мәжілісті Тұрлыбек ашты. Мәселе қазақ әйелінің жай-күйіне көңіл аударуға арналған екен.
Қазақ әйелінің тіршілігінде түсіне де қоймайтын, сене де қоймайтын бірнеше жайлар бар. Көшпелі елдің барлық еңбек тырбанысында әйел-еркегі бірге жүреді. Қазақ әйелі еркектен жүзін жасырып паранжі киген емес. Келіншек болып түскенде, әуелі шымылдық ішінде отыратыны рас. Бірақ «Беташар» деп өлеңмен айтылатын ырымынан кейін келіншек беті ашылды, бұдан кейін жасырынбайды.
Ру-ру болып отыратын қазақ елінде қыз балаға ешкімнің тілі тиген емес, бірен-саран ондай сотқарлық істеген еркектер алапес болған адамдай ауыл-үйге араласа алмай «иткірмеде» жүреді. Ел ішінен қуылмағанымен ол бәрібір, қуғындағы адамға тең.
Сол қыз ержетіп келіншек болып түскеннен кейін қалың малға келген қатын.
Сол қатын қартая келе — ана. Бұл кезінде ол еркектен анағұрлым құрметті. Біреуді «анаңды!» деп боқтаған адам ол да қоғам ішіндегі қуғынға тең. «Енеңді!» деп біреу әйелінің шешесін боқтаса, оны қазақ елең қылмайды.
Осындай үш түрлі жайда болатын қазақ әйелі «қатың» дәуірінде толып жатқан жәбір-жапа теңсіздікке ұшырайды. Бұл оның еркекпен қатар, дұрысына келгенде еркектен де көбірек еңбекте жүретін кезі. Бала табатын кезі. Адам ретінде сана-сезімі толығар кезі.
Тұрлыбек осы жайларды айта келіп:
— Осынымыз дұрыс па! Әделетке жата ма? — деген сұрay қойды.— Біресе құрметтейміз, біресе қорлаймыз да сорлаймыз. Ері өліп, жесір қалып, қайғы жұтып отырған әйелге ағайындық жәрдем ете отырудың орнына, оның мал-мүлкімен бірге өзін де иемденіп алар күнді күтеміз. Осындай жайларымызды тиянақты түрде заң байламына айналдыру үшін алдымен сіздердің қалай қарайтындарыңызды анықтап алу керек болды. Облыстық төтенше съезге салынатын бір мәселе осы: қалың мал, әменгерлік, жесір әйелдің ерінен қалған мал-мүлікке еншілестік жайлары...
Е, заңға айналдырмақ екен ғой! Енді өз қатынымызды өзіміз билей алмайтын боламыз да! Жарықтық ақ патса-ай, бердің-ау шалабымызды. Қазақ халқының ұйтқысы өзінің әдет-ғұрпы, салты емес пе! Сонысын шетінен жырымдап шонтайта берсең, бір күні түгел жұтып жібермесіңе кім кепіл? Сенің өз законың қай бір оңып тұр? Орыстың үйленетін жігіті қалыңдықтың үстіне қосар алады екен!.. Жәй жасауына көңілі толмай, қанша мал-мүлік, қанша қаржы-қаражат ала келеді, соның бәрін қағаздатып алады екен. Біз ондай ұятқа бара алмаймыз. Орыс байларының қызына қоса барлық адамдары мен бүкіл бір ауылдарды беретіні әлі қалып болған жоқ. Сондай салтыңнан күйеуге шыға алмай қалған қыздарыңа монастырь деген шіркеу салып беріп, сонда қамап ұстайтын. Сондай монастырьдың біреуін Қабан мен Жетікөлдің арасына әкеліп біздің жерге де орнаттың. Сондағы екі жүз он тоғыз қыздың бәрі жесір қатын емес пе? Әйелді жарылқағаның осы ма?
Қазақ билері мұндай ойларын патша төрелеріне ақтарыла айтпайды. Ондай түпте жататын қарсылық ойлар ел ішінде күнде туып жатады. Төрелер анайы елде айтқандарынан басқа бүгіп қалатын ойлары бар деп ойламайды да. Бірінші рет ауызға алынып отырған қазақ әйелінің жәй-күйі де осындай, түпкі ойларын бүгіп қалған түрде сөз болды, Бірінші болып Байдалы би сөйледі:
— Қалың мал деген қызды сату емес, екі жақтың қуаныш-тойларына әрең жететін шығын. Күйеу жағы қанша мал берсе, қалыңдық жағы соның есесін толтыра жасау береді. Қалың мал дегеннің небары осы ғана...
— Әйелді сатып алмасаңдар, ері өле қалса оны неге ерінің туған-туысқандарына еріксіз қосасыңдар? Әменгерлік деген осы емес пе?
— Е, оның жөні басқа. Жесір қалған әйелді өз еркіне салып қоя берсең, оның ішінде осы елдің бір еркек баласы кете баруы мүмкін емес пе? Оның үстіне жөндеу әйел жесір қалса, ол тіпті байға да тие алмайды, бала табудан да тоқталып қалады. Күнін көре алмауы да мүмкін. Сондай әйелді не қайнағасына, не қайнына қоса салсаң, көзі үйреніскен еркекпен жатсырамай тұра береді,— деп Тоқай би бір сөз қыстырып қалды.— Жесір қалған әйелді көлденең біреу ала қалса, ол екеуінің, арасында жарастық үйлесімі де бола бермейді.
Қалың мал жайы, жесір жайы осы ойларды төңіректеп сөз жарысына біраз түсті де, қайта айналып келіп қазығын тапты — билердің шеңберінен шыға алмай тоқтады.
Жесір әйелдің ерінен қалған мал-мүлікке еншілестік жайы сөз етуді көтермейді екен... Қазақ рулары еркек нәсілін қуалай құрылады. Бір үйдің еркек кіндіктісі өліп таусылса — ол үй сонымен өзі де жоғалады. Ол үйде он қыз қалса да есепке алынбайды. Сондай апатқа ұшырай қалса, ауыл да солай, рудың өзі де солай жоғалады, бітеді. Әйел үй иесіне саналмайды. Бесікте жатқан ұлы болса, әне, мал-мүліктің иесі сол. Еркек баласыз қалған жесір әйелге енші берсе, ол ағайынның қайырымдылығы. Дұрысына қалғанда, ондай әйелге әменгерлік қана пана бола алады...
Еркектер жағы түгел осы ыңғайда болған соң, жиналыстың шын бастығы Леознер Ұлпанға қарады.
— Сіз не айтар едіңіз, Ақнар Артықбаевна?
Есенеймен азды-көпті кеңесіп келген Ұлпан іркілген жоқ.
— Мен мұндай жиында сөйлеп көрген емеспін... Не айтсам да, қалай айтсам да ұзын-ырғасы Есенейдің сөзі. Қазақ біреудің жүйрік атына қызықса да, құда бола салады. Болыс-би сайлауларының тұсында ондаған бай үйлер құда болысып қалады. Әлі тумаған балаларды атастырып, аманатқұда болатындары да бар. Би-болыстардың қайта сайланар кезі жақындап қалған ба, немене, өткен түні біздің ауылда отырып екі би, үш болыс құдаласып қалыпты. Әйел тағдыры дегендеріңіз осыдан басталмай ма! Есенейдің, бірінші тапсырғаны — балалар ер жетіп, бірін бірі көріп, ұнатса ғана құдалық басталатын болсын. Қазақ қыз бетін жасырмайды. Көшпелі елдер жылда араласып отырды.. Көрісіп қиын емес. Қазақта «қыз көру» деген жөн-жосық еді ғой. Соны әдет-ғұрпымызға айналдырайық. Екінші, әмеңгерліктің қай түрі болса да, жойылғаны дұрыс болар еді. Сіздер әменгерлікке ұшыраған әйелдің бақытты болған ірсуін атай аласыздар ма? Жоқ, атай алмайсыз! Мен ондайдың отпен кіріп, күлмен шығатын күң болған жүзін атай аламын. Есенейдің өз елінде де толып жатыр.
Ерінен қалған мал-мүлікке әйелі еншілес емес дегендеріңіз үлкен жәбір. Оның ар жағында қазақтың рулары еркек нәсілін қуалай құрылады деген ой жатыр. Солай емес пе?
Олай болса, жалпы Керейдің он екі болыс болып отырған үлкен бір тармағы Абақ-Керей деп аталады. Абақ—әйел аты. Ондаған руларды бастаған әйелдің аты.
Жиырма болысқа жақындаған Қаракесек руларының ұраны — Қарқабат екен. Біржан сал Сарамен айтысқанда сол Қарқабатқа сыйынады ғой. Бәріңіздің құлағыңызда бар сөз «Сал Біржан салды айғайға Қарқабаттап» демей ме? Сол Қарқабат әйел!
Айбике, Нұрбике, Сүйімбике, Қызбике, Бике, Күңгөне деп әйел атымен аталатын ондаған елдер бар. Бәрі де ең кемі бір руды бастаған әйел аты. Осы бес болыс Керейдің талай руы әйелдердің аттарымен аталмай ма?
Қуандық, Сүйіндік, Қаржас деген үш баласына енші бола беретін шешесі емес пе?
Қадірлі болыс-билер, көре-тұра обал-озбырлыққа бармаңыздар. Жесір қалған әйел үй иесі болып қала берсін. Әйел үй иесі болып саналмайды деп қорқытып, әмеңгеріне қоса салу пышақ кесті тоқталатын болсын! Біздің үйдің ойы осы. Біздің үй облыстық төтенше съезге шақырыла қалса, осы ойымен барады.
Қап, мына қатынның қылғаны-ай! Төрелер ғой қазақ әйелінің ой-тілегі деп осының сөзін ұстап кетеді. Құдай бар болса, сені де бір берер қолымызға! Есенейге өлім тілемейміз ғой... дегенмен де... қолға түсер күнің алыс емес шығар...
Мәжіліс тағы екі күнге созылып барып әрең аяқталды. Билер Есенейдің көңілін сұраған болып, Ұлпан ойларын жұқартқылары келіп еді, Есеней мойны бұрылмады.
— Мен Ұлпанға шылбыр-тізгінімді біржола беріп қойған адаммын. Мен түгіл бүкіл Сибанның сөзін ұстайтын сол кісі. Осыған көздерің үйрене берсін,— деді де басқа сөз айтпады.
Мәжіліс аяқтап келгенде Тұрлыбек пен Леознердің сүйемелдеуі арқылы Ұлпанның екі ұсынысы амалсыз қабылданды.
1. Жесір қалған әйел кімге тиемін десе де өз еркінде болсын.
2. Жесір әйел ерінен қалған мал-мүліктің үштен екісіне өзі ие, үштен бірі ерінің ағайын-туғандарына берілсін.
Бұдан кеп Жыл кейін өткен болыс-билердің облыстық төтенше съезінде де бұл екі ұсыныс өзгертілмей алынды.
Кәукер, Бикен — Мұстапа, Кенжетай...
Мұстапа, Кенжетай — Кәукер, Бикен...
Мұстапа — Кәукер,
Кенжетай — Бикен.
— Тойларың тойға ұлассын! — Ұлпан.
Ұлпан байғұстың бұдан кейінгі он жыл өмірі еркек шыдай алмас, әйел ғана шыдар азапта өтіп келе жатыр.
Барлық міндеті кісіде, күні-түні күзетте тоғыз жыл жатып, Есеней былтыр қайтыс болды. Қол-аяғынан жан кетіп, Есеней де Артықбай батырға ұсап сал болып қалып еді. Қол-аяғы қалшылдап, селкілдеп бар денесін теңселтті де жатты. Қол ұстаудан аяқ басудан біржола айрылды. Көп өмірі жорықта өткен көп жараланған адам еді, әлде қай жерінің жүйке тамыры үзіліп кеткенін кім білсін, өзі де тоғыз жыл азаптанды, Ұлпан да тоғыз жыл азаптанды.
Есеней қайтыс болған күні Артықбай батыр да қайтыс болыпты. Екі жақтың жіберген хабаршылары қарама-қарсы жолда кездесіп екеуі де кейін қайтты. Әкесінің өліміне Ұлпан да бара алған жоқ, Есенейдің өліміне шешесі Несібелі де келе алмады.
Ұлпанның осы күнгі көңіл аулары өзінен туған жалғыз қызы — қазір онға толған Біжікен — Бибіжиһан. Барлық мінген өзіне тартқан ақ жарқын, ақ көңілдігі де өзіне тартыпты — мүсінді, ажарлы ұмпар-жұбанары да, қайғырар-мұңаяры да сол жалған. Ұл таппай, қыз тапқанына әуелінде ренжіп еді, осы қуаныш етеді. Шешесі мен қыз бірін бірі тіл қатыспай түсінеді. Жан тамырлары бірге соғады, біріне бірінің жүрек естіліп тұрады.
Бұдан үш жыл бұрын Ұлпан елу балалық медресе салдырып еді. Біжікен сол медреседе оқиды. Зирек болып шықты. Әліпби, әптиек шырғалаңдарынан оңай өтіп, былтыр құранға түсті. Кешке қарай Ұлпанның қасына күнде келіп отыратын ауыл әйелдеріне «Мұңлық — Зарлық», «Бәдіғұл Жамал», «Шәһінама» хиссаларын, «Еңлік — Кебек», «Қыз Жібек», «Қалқаман—Мамыр», «Сұлушаш» жырларын оқып береді. Әндетіп оқи берген соң даусы да ашылып, ырғақталып келеді. Қазақ әйелі қайғысыз-мұңсыз болған ба, әйелдер солқылдап жылап отырып тыңдайды. Мұндай жылаулар әжелердің әжелерінен бері әйел жүрегіне қатқан шершеменді ерітіп, жуып жібергендей қуанысып қайтады. Ертеңіне тағы сол еді. Есеней қайтыс болғалы бұл да тоқталып қалды.
Ұлпан бұл кезде қара жамылған қаралы әйел. Үйінен шыға алмайды. Есеней ауырып жатқан жылдарда бұрын басталған істері аяқталып қалды. Алты ауыл Сибанды Есенейдің қазаны мен қолына қарап телміріп отырудан біржола құтқарды. Қашаннан бері Есенейдікі болып келген кең жерді әр ауылға бөліп берді. Мұнысы жалғыз бұл ел емес, жалпы Сібір қазақтары үшін жаңа бір үлгі еді. Оның аты не екенін Ұлпан өзі білген емес. Кедейлік жаншып, ділгірлік сорына белден батып отырған жоқ-жітікке жаны ашыды да, қолдан келерін істеді де берді. Қазір Есенейдің малы екі есе азайды, оның есесіне ел Сибанның малы он есе көбейді. Әр үй өз текесін, өз айғырын мақтасып отырады.
Ел аздап егін салады, шеп шабады. Бала-шаға дірдектеп қыс бойы киіз үйде отырмайды, жылы қысқы үйде отырады. Әсіресе, осы қысқы үй үшін ел-жұрты Ұлпанға қатты риза.
Есенейді жұрт құрметтейтін де еді, қорқатын да еді. Ұлпанды жұрт әрі құрметтейді, әрі жақсы көреді. Бұдан он жыл бұрын Ұлпанға сұрана келуші еді, осы күні ақылдаса келеді. Есенейге кімнің батылы барып ақылдасам деп ойлаған!
Бұрын Есенейден ығысып-ықтап қалған бес болыс Керей елі де үлкен дау-жанжал болса, Сибан елінің ыңғайын байқау үшін Ұлпанға бір соқпай қоя алмайды.
Ұлпан медресені де осы елдің балаларын оқыту үшін салдырып еді. Әттең, өзі оқымаған адам, медресе салып, молда жалдап беруден басқасына араласа алмайды. Туысты күні және жайлау кезінде қырық шақты бала оқиды. Көктем кезінде балалар азайып қалады. Қазекең өз шаруасының ыңғайына қарай баласын бірнеше ай жұмысқа салады да, шаруасы бірыңғайланған соң қайта жібереді. Бала сабағын үзілген жерінен жалғастырып оқып кетеді. Медресе балаларды қысы-жазы үзбей оқыта беретін болған соң, ондайдың оқасы не!..
Әліппеден бастап неше жыл оқысаң да ана тіліне бір соқпайтын сабақты оқу да қиын. Сондықтан оқуды тастап кететін балалар да көп. Алдымен Мүсірептің үлкен ұлы тастап кетті. Бір жаз, бір қыс хисынха, хиясынхи хитұрхо төңірегінде отырды да одан әрі аттай алмады. Қазір ол ауылының қойын бағып жүр. Мүсірептің екінші ұлы Ботбай зирек, Біжікенмен тайталас оқып келеді. Әттең,, ойын құмарлау, ат құмарлау, домбыра құмарлау... Тегі ол да көп оқымас.
Ұлпан түс намазын оқып отыр еді, қызы сабақтан ертерек қайтып келіп шешесінің мойнына арт жағынан асыла кетті. Сыртынан құшақтап алып шешесін ілгерілі-кейінді теңселтіп ұзақ тұрып қалды. Үн шығарып намазын бұзған жоқ. Намаз біткеннен кейін де құшақтаған бойы тұра берді.
— Немене, күнім?—Ұлпан бұрылып қызының жүзіне қарап еді, еріндері бұртиып кеткен екен.— Немене, ботам?
— Молда намаз оқисыңдар дейді. Ертең ораза айы басталады. Ораза ұстап, намаз оқитын болыңдар! — деді.
Сібір қазақтарына ісләм діні ноғай молдалар арқылы шегенделіп келеді. Көбі молда емес, шикі надан адамдар. Қазақты нағыз надан көреді де құдай атымен шатастыра береді. Сауда-саттық та ноғай саудагерлерінің қолында. Олар қазақты шешіндіре тонайды. Алла солардың қолында, сауда солардың қолында, алдау солардың қолында, пайда солардың қолында. Дінді де оңдырар түрлері жоқ. Елді де оңдырар түрлері жоқ. Тегінде бұлар ноғай да емес, басқа да емес, саудагер деп аталуға лайық жаңа бір жұрт. Жалпы адам баласының қауымында саудагер дегеннен зұлым пенде болмасқа керек. Жас баланың жаны соны сезініп түршігіп келіп тұр еді.
Молда балаларды дәрет алуды үйретуге көлге алып кетті. Маған шешеңнен үйрен деді. Ботбай оразада ұстаймын, намаз да оқымаймын деп үйіне қашып кетті... Біткен Ботбайдың қалай қашқанын көз алдына қайта күліп жіберді.
Молда балаларға намаз үйрететін, ораза ұстататын болайын естігеннен кейін, жақсы оқитын балалардың бірі Ботнай тұра келіп, қолын қусырып:
— Молда-еке, лұқсат па? — деп еді. Бұл кәдуілгі түзге шығып келуге лұқсат сұраудың, тәртібі болатын.
— Рұхсат,— деді молда.
Ботбай да аға шығып алды да:
— Молда, молда, молда-еке, Қара мысық мұрт-еке,
Сен білгенді мен де білем, Енді ауылыңа қайт! Оразаңды ұстамаймын, Намазыңды оқымаймын Кімге айтсаң оған айт!—
деді де қаша жөнелді. Оның артынан уәделесіп қойғандай Ережеп қашып кетті. Біжікен күле тұрып шешесіне осының бәрін айтты.
— Ұят болған екен— деді Ұлпан.
— Мен де ораза ұстамаймын, намаз да оқымаймын,— деді қызы. Ұлпан қызын енді өзі құшақтап алып:
— Жарайды, үлкен молда келген соң өзім сөйлесермін... Бар, балалармен ойнап келе ғой,— деді. «Қызым-ай, мен шойнақ болса да батыр атанған әкеме еркелеп өр мінезді болып өсіп едім, сен кімді арқаланар екенсің...»
Біжікеннің кейбір мінездері бала кезіндегі Ұлпанның өз мінездерін есіне түсіреді. Әлденені көңілі ұнатпаса, оны істемей қояды. Медресе ашылғанда жеті жасар Біжікен ер» кек балалармен бірге түскен жалғыз қыз бала еді, Бір жылдай сабақтан қуанып қайтып жүрді. Әуелі жиырма тоғыз қаріп таңбаларын білгеніне, одан соң ол таңбалармен қандай сөзді болса да қағазға жазуға болатынын білгеніне қуанушы еді. Биыл сабақтан көбіне ренжіп қайтып жүр.
Жалғыз Біжікен емес, барлық балалардың сабақтан ренжіп қайтар себептері кеп. Балалар қыстыгүні бір бөлмеде, жаздыгүні киіз үйде оқиды. Әліпбиге кеше ғана түскендері де, әлдеқашан құранға түскендері де бәрі бірге қозыдай жамырасып шулап отырады. Дауыс шығармай іштен оқуға
Бұрын Есенейден ығысып-ықтап қалған бес болыс Керей елі де үлкен дау-жанжал болса, Сибан елінің ыңғайын байқау үшін Ұлпанға бір соқпай қоя алмайды.
Ұлпан медресені де осы елдің балаларын оқыту үшін салдырып еді. Әттең, өзі оқымаған адам, медресе салып, молда жалдап беруден басқасына араласа алмайды. Қыстыгүні және жайлау кезінде қырық шақты бала оқиды. Көктем кезінде балалар азайып қалады. Қазекең өз шаруасының ыңғайына қарай баласын бірнеше ай жұмысқа салады да, шаруасы бірыңғайланған соң қайта жібереді. Бала сабағын үзілген жерінен жалғастырып оқып кетеді. Медресе балаларды қысы-жазы үзбей оқыта беретін болған соң, ондайдың оқасы не!..
Әліппеден бастап неше жыл оқысаң да ана тіліне бір соқпайтын сабақты оқу да қиын. Сондықтан оқуды тастан кететін балалар да көп. Алдымен Мүсірептің үлкен ұлы тастап кетті. Бір жаз, бір қыс хисынха, хиясынхи хитұрхо төңірегінде отырды да одан әрі аттай алмады. Қазір ол ауылының қойын бағып жүр. Мүсірептің екінші ұлы Ботбай зирек, Біжікенмен тайталас оқып келеді. Әттең, ойын құмарлау, ат құмарлау, домбыра құмарлау... Тегі ол да көп оқымас.
Ұлпан түс намазын оқып отыр еді, қызы сабақтан ертерек қайтып келіп шешесінің мойнына арт жағынан асыла кетті. Сыртынан құшақтап алып шешесін ілгерілі-кейінді теңселтіп ұзақ тұрып қалды. Үн шығарып намазын бұзған жоқ. Намаз біткеннен кейін де құшақтаған бойы тұра берді.
— Немене, күнім?—Ұлпан бұрылып қызының жүзіне қарап еді, еріндері бұртиып кеткен екен.— Немене, ботам?
— Молда намаз оқисыңдар дейді. Ертең ораза айы басталады. Ораза ұстап, намаз оқитын болыңдар! —деді.
Сібір қазақтарына ісләм діні ноғай молдалар арқылы шегенделіп келеді. Көбі молда емес, шикі надан адамдар. Қазақты нағыз надан көреді де құдай атымен шатастыра береді. Сауда-саттық та ноғай саудагерлерінің қолында. Олар қазақты шешіндіре тонайды. Алла солардың қолында, сауда солардың қолында, алдау солардың қолында, пайда солардың қолында. Дінді де оңдырар түрлері жоқ. Елді де оңдырар түрлері жоқ. Тегінде бұлар ноғай да емес, басқа да емес, саудагер деп аталуға лайық жаңа бір жұрт. Жалпы адам баласының қауымында саудагер дегеннен зұлым пенде болмасқа керек. Жас баланың жаны соны сезініп түршігіп келіп тұр еді.
Молда балаларды дәрет алуды үйретуге көлге алып кетті. Маған шешеңнен үйрен деді. Ботбай ораза да ұстаймын, намаз да оқымаймын деп үйіне қашып кетті... Әкеп Ботбайдың қалай қашқанын көз алдына қайта әкеп күліп жіберді.
Молда балаларға намаз үйрететін, ораза ұстайтын болғанын естігеннен кейін, жақсы оқитын балалардың бірі Ботбай тұра келіп, қолын қусырып:
— Молда-еке, лұқсат па? — деп еді. Бұл кәдуілгі түзге шығып келуге лұқсат сұраудың тәртібі болатын.
— Рұхсат,— деді молда.
Ботбай далаға шығып алды да:
— Молда, молда, молда-еке, Қара мысық мұрт-еке,
Сен білгенді мен де білем, Енді ауылыңа қайт! Оразаңды ұстамаймын, Намазыңды оқымаймын Кімге айтсаң оған айт!—
деді де қаша жөнелді. Оның артынан уәделесіп қойғандай Ережеп қашып кетті. Біжікен күле тұрып шешесіне осының көрін айтты.
— Ұят болған екен— деді Ұлпан.
— Мен де ораза ұстамаймын, намаз да оқымаймын,— деді қызы. Ұлпан қызын енді өзі құшақтап алып:
— Жарайды, үлкен молда келген соң өзім сөйлесермін... Бар, балалармен ойнап келе ғой,— деді. «Қызым-ай, мен шойнақ болса да батыр атанған әкеме еркелеп өр мінезді болып өсіп едім, сен кімді арқаланар екенсің...»
Біжікеннің кейбір мінездері бала кезіндегі Ұлпанның өз мінездерін есіне түсіреді. Әлденені көңілі ұнатпаса, оны істемей қояды. Медресе ашылғанда жеті жасар Біжікен ер» кек балалармен бірге түскен жалғыз қыз бала еді. Бір жылдай сабақтан қуанып қайтып жүрді. Әуелі жиырма тоғыз қаріп таңбаларын білгеніне, одан соң ол таңбалармен қандай сөзді болса да қағазға жазуға болатынын білгеніне қуанушы еді. Биыл сабақтан көбіне ренжіп қайтып жүр.
Жалғыз Біжікен емес, барлық балалардың сабақтан ренжіп қайтар себептері кеп. Балалар қыстыгүні бір бөлмеде, жаздыгүні киіз үйде оқиды. Әліпбиге кеше ғана түскендері де, әлдеқашан құранға түскендері де бәрі бірге қозыдай жамырасып шулап отырады. Дауыс шығармай іштен оқуға лұқсат жоқ. Даусы естілмеген баланы молда-екен солқылдақ шыбықпен жаурын ортадан тартып жібереді.
Бір бала:—әлиф, би, ти... әлиф, би, ти,— деп зарлап отырса, екінші бала:
— Рәсірә, рәсіри, рәтұро,— деп сарнап отырады.
Үшінші баланың күні бойы өз-малталап отыратыны:
— Әлфіки күсін ән, әлфіки кәсін ең әлфіки күтір өн — ән-ен-өн...
Төртінші бала әндетіп құран оқиды. Ішінен балағаттап отыр деуге де болар еді. Қырық шақты бала қыс бір бөлмеде, жаз киіз үйде шулайды да отырады.
Күні бойы осылай. Кеше де осылай, ертең де осылай. Егер осы сарнау, зарлаудың ішінде бір ауыз мағына болса, оны бала түсінбейді. Молданың өзі де түсінбейді, түсіндіре де алмайды. Есі кіре бастаған балалар осыған наразы. Надан ел баламыз оқып жүр деп сеніп отырса, азды-көпті көзі ашық адам балалардың күн бойы мағынасыз шулап отыратынын жындыханаға теңер еді.
Біжікеннің, молдаға өз наразылығы бар. Ол күнде көзіне шалынып жүрген бірдемелерді қызық көріп суретке түсіретін еді. Екі лақ сүзісіп жатыр. Шешесі намаз оқып отыр. Асылтас кемпір бір қап тезек теріп келе жатыр... Бұлары көркем сурет емес, әрине, әшейін қарындашпен шимайлай салған сызықтар. Адамның нобайы, мал баласының нұсқасы ғана танылады. Сол жаңа жарыла бастаған жапыраққа надан молданың қолы тиіп кетті де жұлып тастады.
Әрбір бейсенбі күні молда-екен балаларды қаз-қатар жатқызып қойып дүре соғады. Балаларға жұмасында бір рет дүре соғу, шындап дүрелемесе де, соның ишаратын істеу бала тәрбиелеудің бір қағидасына жатады. Ишарат көбінесе шын дүрелеудің өзі болып шығады. Оның себебі — балалар жұмасына бір рет молдаға екі тиын садақа әкелулері керек. Ертең жұма, бүгін садақа күні — бейсенбі. Кедей балаларында екі тиын түгіл, бір тиынның өзі жұма сайын табыла бермейді. Осындай түсім аз болған күні молда-екесі балаларды шындап дүрелейді. Дүреден азат жалғыз Біжікен ғана.
Сондай бір түсім аз болған бейсенбі күні ызалы молда балаларға дүре соқты. Өзі төр алдында, балаларды киіз үйдің дөңгелек орайына қарай қатарлап жатқызып, әуелі солқылдақ тал шыбықпен балаларды түгел бір-бір соғып өтті. Мұнысы ишарат дүресі еді. Садақаны аз әкелген балаларға ишарат дүресінің өзі де бата тиіп жатыр. Ондай балалар шайқаңдап қойып, қасындағы балаларға тығыла түседі. Екі да арамылау бала әкелген садақаларының жарым жартысын дамбал ышқырына тығып қалдырған екен. Шықа шыдай алмай молданың алдына біреуі бір тиын батырды, енді біреуі жарты тиын қара күрешті тастай берді. Дүреден қайқаңдамайтын екі-ақ бала бар — Ережеп пен Ботбай. Екеуі де шымыр денелі, ерегеспе, қайсар балалар. Бұл екеуі ишараттан кейінгі нағыз дүренің өзіне де көп қайқаңдамайды, өліп қалғандай жатады.
Біжікен дүреден азат жалғыз қыз бала болса да, жалпы тәрбие тәртібі бойынша ол да дүрені көріп отыруға міндетті. Қазір ол іргеге қарай ығысып барып отырды. Қашанғы әдеті осы. Дүре дегенді алғаш көрген кезде көзін кітаптан аудармай төмен қарап отырушы еді, осы күні бойы үйреніп кетіпті. Бұрынғыдай дір етіп қалмайды, жылап та жібермейді. Дүреге ұшыраған балалардың қайсысы қандай мінез көрсеткенін аңдай отырады. Кейде қабағын шытады, кейде күліп жібере жаздайды.
Жаңағы екі бала молданың алдына садақадан қымқырып қалған екі бақырды тастай бергенде Біжікенге ойнақы бір ой келді. Қағазға соның суретін сала бастады. Қарындаш молданы, айнала қарбыздай домалап жатқан көп бастың суретін салды. Ол қиын емес екен. Балалардың денесін жалғыз ғана сызықпен іспеттеп, сызықтың үш жағын екі айырып еді, екі аяқ болды да шыға келді... Оның несі қиын болсын...
Балаларға тиген көк шыбық шып еткен сайын құшырланып қоятын молданың суреті Біжікенді өлгендей қызықтырып кетті. Мұртының жоғарғы жағы таңқита қырылған, екі миығы тышқан көрген мысықтың мұртындай дірілдеп қояды. Істік мұрын. Қара тебетей киген шақша бас. Қолында ұзын көк шыбық...
Ішінен күліп өзімен-өзі болып отырған Біжікен не жазып отырғанына молданың көзі түсіп кеткенін аңдамай қалды. Шүңірейген шұңғыл көздердің қадала шүйілгенін де аңдаған жоқ. Молда өзін қателеспей таныды. Қандай жауыз етіп жасаған!.. Алла, мына малғұн қыз не жазып отырған?
Молда мысықтай жымып келіп Біжікеннің шимайлаған қағазын жұлып алып, жыртып-жыртып тастады. Жынданып кеткендей екен. Көздері ұясынан суырылып кетерден жалақ-жұлақ етеді. Еріндері дірілдеп, әңгімені айтып қояды. Орысшалап боқтап жүрмесе қайтсын!.. Құранда «уалад» деген сөз кездессе де «билат» деген сөз кездеспейтін еді...
Содан бері Біжікен сурет салуды қойып кетті. Молдаға наразылығы ұмытылған жоқ, ұлғая берді. Сол жолы молданың қайта-қайта айта берген «бәдбахыт» дегені қазақша «бетпақ» екенін білсе, Біжікен ендігі медресені де тастап кететін еді.
Медреседе екі молда бар еді. Үлкен молда Хұсайын-ғази Есенейдің зиратына қойылатын құлпытасын алып келуге Тобыл қаласына кеткен. Енді екі жұмада Есенейдің қайтыс болғанына жыл толады. Ac беріледі, ескерткіші орнатылады. Бүкіл Сибан елі соны күтіп, жайлауға көше алмай, баяғы Қарағайлы көлді айнала қонып отырып қалды.
Ac әзірлігі ойдағыдай жүріп жатыр. Бес болыс Керей Уаққа түгел сауын айтылды. Шақырылмай қалған жалғыз кекеш Қожық, ұры Қожық. Есеней суға құлап, үсті-басы мұздақ, жаурап келе жатып кездескенде де Қожықтың қосынан дәм татпай аттанып кеткенін Ұлпан жақсы білетін. Сондықтан оны шақыртпады. Осы жағынан бір жанжал шықпаса, өзге жұмыстарда ірің-кезек белгісі байқалмайды.
Қарағайдан қиған жеті қанатты, мұнарадай биік көк күмбез — Есенейдің ескерткіші орнатылып болған. Әзір тұр. Алты қанатты ақ үйдей кең болып шықты. Төбесін шатырлап жаппа-қаңылтырын көкке бояған соң «көк күмбез» атана ма деген үміт те жоқ емес. Есеней сияқты ардақты адамның аты өлгеннен кейін атала бермеуге де тиіс.
Тобыл қаласында жасатқан Есенейдің құлпытасын алып Хұсайын молда да келді. Ғажайып тас әкелгенін көтере мақтап кетті. Қымбатқа түсіпті. Құдайдың құдіретімен тасқа алтын мен күміс араласа қайнасып біткен екен де... Қырық пұт тастың үштен бірі алтын мен күміс, өзіңіз көрерсіз, алтыны мен күмісі тамырланып, сыртына шығып жарқырап тұр.
— Рахмет, молда-еке... ондай да тас болады екен-ау!.. Қалай тапқансыз! — деді Ұлпан.
— Ақша бит, ақша! — деді молда. Оның ар жағын Ұлпан оңай түсінді де қазбалаған жоқ, балалардың оқу жайларына бұрып әкетті.
— Күнәсіз сәби балаларға ораза ұстатып, намаз оқытып керегі не? Үш күннен бері он өңі бала медресеге келмей жүр. Әке-шешелері де балаларына ұрыспапты, қайта, кіші молданы мазақтайтын көрінеді. Біжікен әрең-әрең барып «.айтады,— деді.
Он екі баланың сабаққа келмеп молда-екеңе он екі қозысын қасқыр жеп кеткендей тиді.
— Лағынет ол бәләбай малайына! Китрәм китрәм! — деді.
Осымен балалар наразылығы аяқталып қалды да, наразылық екі молданың арасына ауысты. Тері-терсегі көп, қайыр-садақасы көп ораза айы келе жатыр, Есенейдің асы келе жатыр. Бұл тұста үлкен молда кіші молданы шайнап тастамасына шарасы жоқ.
Көк күмбездің ішіне құлпытас орнатылып, маңайы тазартылып болған соң Хұсайын молда Ұлпанды зират басына шақырып еді, Ұлпан қасына Дәмелі мен Шынарды, Біжікенді ертіп келді.
Орал тауының алтындай жарқырайтын мысы мен күмісі аралас тарам-тарам тамырлары бар шағала тасы Ұлпанға қатты ұнады. Кей жері сұрғылт, кей жері көгілдір тартқан тас айнадай жалтылдайды. Қалай кесті екен қалай сүргіледі екен қалай сүртті екен! Жақындап кетсең, кескінің көрінеді.
Хұсайын молда көк күмбезді күңірентіп аят оқыды. Молдасынан кейін Біжікен әзірленіп тізерлене бастады. Молда оны көптен әзірлеп жүрген. Іркілген жоқ.
Даусы әуелі аз ғана дірілдегендей шығып еді, ұзамай ашылып кетті. Қандай үнді, қандай мұңды дауыс еді. Құран емес, жыр оқып отырғандай. Өзі түсінбейтінді жұртқа үнімен түсіндіріп отырғандай. Жас баланың балғын үні кейде жүрегіңді елжірете ерке шығады да, кейде өкпе-наздай ойландырып қалады. Әлде кімге, алыстағы біреуге зарын айтып, шағынып тілек еткендей болатыны да бар.
Бір кезде әйелдер жылай бастады. Қыз дауысы өзгеріп, әлденелерді ана тілінде айтып отырғандай естілді.
— Апа,— дегендей еді қыз дауысы.— Апа, менде неге әке жоқ, апа? Маған да әке керек боларын сен білсең керек еді ғой, апа... Апа, сені бала біткен Ақнар апай дейді. Олары шеше дегені де! Сен алтын шешесің апа!.. Сенен артық шеше болады деймісің! Сонда да менің әкем жоқтығы жаныма батады да жүреді. Әкелі бала қандай, мен қандаймын? Мен неге әкеден ерте айрылдым, апа? Жоқ, апа, мен жетімсіремеймін. Бірақ, әкесі бар баланы көргенде ылғи жылағым келеді. Қызығамын ба, күндеймін бе? Жоқ, екеуі де емес, апа! Басқа балалар әкесінің мойнына асылып еркелегенін көрсем, маған сол батады. Мен болсам, әкемнің мойнына бір асылып еркелеп көрмеген екемін... Соны сағынамын, апа... Әкем мені бір сүйіп көрген жоқ, бір рет басымнан сипаған жоқ, мен соны сағынамын, апа...
Үнемі шымылдық ішінде жататын ауру әкесін Біжікен төрт жасқа толғанша көрген жоқ-ты. Балаға әке керек екенін білген де емес-ті. Бір күні ойнап жүріп балалықтың көз құмарлығына шыдамай әкесінің шымылдығын ашып қалып еді, орнынан қозғала алмай қатып қалды. Қорқып кетті. Мұндай да үлкен бас болады екен-ay! Қырау басқан бураның басы ма дерсің. Бет-аузы табақтай жалпақ, қатпар-қатпар, қара шұбар... Бар денесі селк-селк етіп жатыр. Екі қолын екі үлкен адам ұстап отыр. Әкесінің селкілдеген қолдарымен бірге екі үлкен адам да селк-селк етеді. Жас бала шыңғырып жіберді. Есін шешесінің алдында жатып жинады.
— Қорықпа, айналайын. Ол сенің әкең. Қатты ауырып жатыр. Жазылады, — деді Ұлпан.
— Анау екі кісі неге әкемнің екі қолын ұстап алып жібермей отыр?
— Екі қолын екі кісі ұстап отырмаса, әкең дірілдеп ұйықтай алмайды. Бір кісінің әлі келмейді. Әкең батыр адам...
Төрт жастағы Біжікен әкесі барын осылай біліп еді. Әуелі әкесінің түр-сипатынан қорқып кетсе де, кеп ұзамай көзі де үйренді, бойы да үйренді. Табиғат сыбырының құлаққа кірмес, ойға ұяламасы жоқ қой, жас баланың көңіліне әкесі барлығы айнымас-бұлжымас сенімді қуаныштай орнығып қалды. Жетіге толған соң сабаққа кетерінде әкесіне бір тостаған қымыз апаратын болды.
Әкесінің екі қолын екі адам ылғи ұстап отырады. Екі аяғын бір бума жүкпен бастырып қойыпты. Кейде Біжікен сол буманың үстіне отырып алып, әкесімен ойнағысы келеді, Селкілдеп жатқан буманың үстінде ұзақ отыра алмайды, сырғып барып құлап түседі. Соған да мәз болып күліп-тұра келеді де:
— Әке, мен сабаққа кеттім... сен ұйықтай тұр,— дейді.
— Бара ғой, бөбегім, бара ғой,— дейді әкесі. Біжікен үйден шығып кеткен соң ауыр күрсініп:
— О, құдайым-ай! — деп қалады.
Мүгедек әке жалғыз перзентін тым болмаса бір рет қолына алып, маңдайынан иіскей алған емес, тым болмаса бір рет шашынан сипай алған емес. Мұндай да азап бола береді екен-ау!.. «О, құдайым-ай!» дегені сондай ауыр зардың, сондай ауыр күйініштің жалынындай шығады.
Қай балаға да әке керек. Есеней сияқты мүгедек әке де керек екен. Біжікен қазір сол әкесін сағынып зарлап отыр.
Біжікен даусы тағы бір сарынға ауысты:
— Апа,— дегендей қызының, даусы,— апа. Мен неге жалғыз болып тудым екен апа? Менде аға да жоқ, іні де жоқ, сіңлі де жоқ. Көп қыздардың ағалары да бар, іні-сіңлілері де бар. Менде бір өзіңнен басқа ешкім жоқ. Неге бұлай, апа? Сен де жалғыз, мен де жалғыз... Неден бұлай болды, апа? Сенің күрсінетініңді мен ұйықтап жатсам да есітемін. Сабақта отырсам да есітемін. Сол күрсінуің қашан тоқталар екен апа? Мен ойнап жүріп те қуана алмаймын. Басқа балалардың қуанғанына қызығамын. Балалар қуанғанда қандай әдемі, қандай жақсы болып кетеді. Мен сонысына қызығамын. Әлгі Сейтек дейтін кішкене бала бар ғой, сол ойнап жүріп құлап қалса, менімен жасты Айша оны үйіне арқалап әкетеді. Бағила құлап қалса, ағасы Сансызбай көтеріп әкетеді. Мен осыған да қызығамын... Мен де біреуді көтеріп әкеткім келеді. Кішкентай кезімде мені де біреу үйге көтеріп әкелді ме екен деп ойлаймын, апа.
Біжікен мұның бірде-бірін шешесіне ауызба-ауыз айтқан емес, айта алмас та еді. Бұл оның ойы ма, сезінуі ме, оны өзі де білмейді. Оны білу қайдан оңай болсын! Қыз шешесін кінәлап та отырған жоқ, қайта шеше зарын қоса айтып отырғандай еді. Бір сөзіне түсінбейтін құранды оқып отырып даусымен үнімен айтты. Онысы сағыныш зары екенін шешесі де түгел түсінді. Қызымның есі кіріп қалған екен-ау деп ойлады шеше...
Есенейдің асын өткізу әзірлігінде жүрген Байдалы би, Күзембай болыс бастаған отыз шақты адам ауыл сыртында кеңесіп отыр еді, үш салт адам жақындап келіп сәлем берді.
— Е, жол болсын!
— Әлей болсын. Қожық батыр жіберіп еді. Ұлпан бәйбішеге жолығып айтатын бір-екі ауыз сөзіміз бар. Ол кісі үлкен үйінде отыратын шығар?
— Әуелі аттарыңнан түсіп, жұмыстарыңның жөнін бізге айтыңдар. Ар жағын содан кейін көрерсіңдер.
— Жоқ, біз жұмысымызды Ұлпан бәйбішенің өзіне ғана айтамыз да қайтамыз.
генін көрсем, маған сол батады. Мен болсам, әкемнің мойнына бір асылып еркелеп көрмеген екемін... Соны сағынамын, апа... Әкем мені бір сүйіп көрген жоқ, бір рет басымнан сипаған жоқ, мен соны сағынамын, апа...
Үнемі шымылдық ішінде жататын ауру әкесін Біжікен төрт жасқа толғанша көрген жоқ-ты. Балаға әке керек екенін білген де емес-ті. Бір күні ойнап жүріп балалықтың көз құмарлығына шыдамай әкесінің шымылдығын ашып қалып еді, орнынан қозғала алмай қатып қалды. Қорқып кетті. Мұндай да үлкен бас болады екен-ау! Қырау басқан бураның басы ма дерсің. Бет-аузы табақтай жалпақ, қатпар-қатпар, қара шұбар... Бар денесі селк-селк етіп жатыр. Екі қолын екі үлкен адам ұстап отыр. Әкесінің селкілдеген қолдарымен бірге екі үлкен адам да селк-селк етеді. Жас бала шыңғырып жіберді. Есін шешесінің алдында жатып жинады.
— Қорықпа, айналайын. Ол сенің әкең. Қатты ауырып жатыр. Жазылады, — деді Ұлпан.
— Анау екі кісі неге әкемнің екі қолын ұстап алып жібермей отыр?
— Екі қолын екі кісі ұстап отырмаса, әкең дірілдеп ұйықтай алмайды. Бір кісінің әлі келмейді. Әкең батыр адам...
Төрт жастағы Біжікен әкесі барын осылай біліп еді. Әуелі әкесінің түр-сипатынан қорқып кетсе де, кеп ұзамай кезі де үйренді, бойы да үйренді. Табиғат сыбырының құлаққа кірмес, ойға ұяламасы жоқ қой, жас баланың көңіліне әкесі барлығы айнымас-бұлжымас сенімді қуаныштай орнығып қалды. Жетіге толған соң сабаққа кетерінде әкесіне бір тостаған қымыз апаратын болды.
Әкесінің екі қолын екі адам ылғи ұстап отырады. Екі аяғын бір бума жүкпен бастырып қойыпты. Кейде Біжікен сол буманың үстіне отырып алып, әкесімен ойнағысы келеді, Селкілдеп жатқан буманың үстінде ұзақ отыра алмайды, сырғып барып құлап түседі. Соған да мәз болып күліп-тұра келеді де:
— Әке, мен сабаққа кеттім... сен ұйықтай тұр,— дейді.
— Бара ғой, бөбегім, бара ғой,— дейді әкесі. Біжікен үйден шығып кеткен соң ауыр күрсініп:
— О, құдайым-ай! — деп қалады.
Мүгедек әке жалғыз перзентін тым болмаса бір рет қолына алып, маңдайынан иіскей алған емес, тым болмаса бір рет шашынан сипай алған емес. Мұндай да азап бола береді екен-ау!.. «О, құдайым-ай!» дегені сондай ауыр зардың, сондай ауыр күйініштің жалынындай шығады.
Қай балаға да әке керек. Есеней сияқты мүгедек әке де керек екен. Біжікен қазір сол әкесін сағынып зарлап отыр.
Біжікен даусы тағы бір сарынға ауысты:
— Апа,— дегендей қызының даусы,— апа. Мен неге жалғыз болып тудым екен апа? Менде аға да жоқ іні де жоқ, сіңлі де жоқ. Көп қыздардың ағалары да бар, іні-сіңлілері де бар. Менде бір өзіңнен басқа ешкім жоқ. Неге бұлай, апа? Сен де жалғыз, мен де жалғыз... Неден бұлай болды, апа? Сенің күрсінетініңді мен ұйықтап жатсам да есітемін. Сабақта отырсам да есітемін. Сол күрсінуің қашан тоқталар екен апа? Мен ойнап жүріп те қуана алмаймын. Басқа балалардың қуанғанына қызығамын. Балалар қуанғанда қандай әдемі, қандай жақсы болып кетеді. Мен сонысына қызығамын. Әлгі Сейтек дейтін кішкене бала бар ғой, сол ойнап жүріп құлап қалса, менімен жасты Айша оны үйіне арқалап әкетеді. Бағила құлап қалса, ағасы Сансызбай көтеріп әкетеді. Мен осыған да қызығамын... Мен де біреуді көтеріп әкеткім келеді. Кішкентай кезімде мені де біреу үйге көтеріп әкелді ме екен деп ойлаймын, апа.
Біжікен мұның бірде-бірін шешесіне ауызба-ауыз айтқан емес, айта алмас та еді. Бұл оның ойы ма, сезінуі ме, оны өзі де білмейді. Оны білу қайдан оңай болсын! Қыз шешесін кінәлап та отырған жоқ, қайта шеше зарын қоса айтып отырғандай еді. Бір сөзіне түсінбейтін құранды оқып отырып даусымен үнімен айтты. Онысы сағыныш зары екенін шешесі де түгел түсінді. Қызымның есі кіріп қалған екен-ау деп ойлады шеше...
Есенейдің асын өткізу әзірлігінде жүрген Байдалы би, Күзембай болыс бастаған отыз шақты адам ауыл сыртында кеңесіп отыр еді, үш салт адам жақындап келіп сәлем берді.
— Е, жол болсын!
— Әлей болсын. Қожық батыр жіберіп еді. Ұлпан бәйбішеге жолығып айтатын бір-екі ауыз сөзіміз бар. Ол кісі үлкен үйінде отыратын шығар?
— Әуелі аттарыңнан түсіп, жұмыстарыңның жөнін бізге айтыңдар. Ар жағын содан кейін көрерсіңдер.
— Жоқ, біз жұмысымызды Ұлпан бәйбішенің өзіне ғана айтамыз да қайтамыз.
— Онда қайта беріңдер. Ол кісі ешкімді қабылдай алмайды. Әсіресе Қожықтың жіберген адамдарын қабылдамайды.
— Сибанның қара тобыры, Есенейдің, беті жасырынбай жатып-ақ бәйбішесін қара үйге қамап тастап, ордасын қанталауға салайын деп жатыр екенсіңдер ғой!
Мүсіреп Шондығұлға иек көтерді. Шондығұл, атынан түспей кердең сөйлесіп тұрған, жүнделген түйенің, терісіндей борғыл бет көсе адамды атынан жұлып алып Байдалы бидің, алдына әкеліп иығынан басып шөктірді де шылбырын қолына ұстатты.
— Сөйле! — деді Байдалы би.
Борғыл бет көсе арсыз адам екен атынан жұлып алып жер тізерлетіп отырғызғанға қызарған жоқ. Сөйлеп кетті:
— Сөйлесем, Есенейдің асына бес болыс Керей-Уақты түгел шақырғанда, Қожық батырды шақырмайтындай, Қожықтың жиырма төрт ауылына қара шешек шығып жатыр деп естіп пе едіңдер?
Билер алма-кезек айтыс-тартысқа түспей, түптеп келгенде кесімін айтады. Өзі шешен Байдалы бидің ішін жарып бара жатқан жауабы әзір отырса да, үн шығармай шыдап қалды да, Мүсірепке қарады.
— Ұры-қары, қанішер жолбасарларды шақырмаңдар деген Есенейдің өсиеті бар. Қанішер Қожық шақырылмайды, — деді Мүсіреп.
— Тағы не айтасың?
— Жиырма төрт саба қымыз, жүз қой, елу ту бие сойыстық әкеледі Қожық. Ұлпан бәйбішеге екі нарға артып тоғыз сыйлық әкеледі Қожық. Есенейдің, ас бәйгесіне қосуға жиырма төрт сәйгүлік жаратып отыр Қожық.
Байдалы тағы Мүсірепке қарады.
— Қыстыгүні суға құлап, үсті-басты кек мұздақ, жаурап келе жатқан Есеней Қожықтың қосына кездесіп қалып, дәм татпай аттанып кеткенін Керей-Уақ түгел біледі. Есенейдің асына сол Қожықтың арам сирағын салдырады екен деп ойласа, Қожық шын-ақ адам емес, доңыз екен! — деді Мүсіреп.
— Тағы не айтасың?
— Есенейіңнен айрылған Сибан босқа шіренесің деймін. Өлі арыстаннан тірі тышқан қорықпайды дегендей, енді сенен ешкім ығыспайды. Қожықтың аты — Қожық! Бүгінгі Кенесары сол! Екі жүз ат көрмеде, екі жүз жігіт ер жастанып, тоқым төсеніп, шешінбей ұйықтайды. Қожықтың қасында енді сен боларсың. Мен айтарымды айтып болдым.
Енді Мүсіреп Байдалы биге қарады.
— Ac бергелі жатқан қаралы ауылға келіп жасағаны үшін мына көсеге қырық қамшы дүре соғылсын! — деді Байдалы би.— Айыбына атын алып қалып, жаяу қайтарыңдар!
Би кесімі тым қатал болса, қасындағылардың біреуі «Сауға, би-еке!» деп қалатын ғұрып бар. Ондайда би жазаның жарым-жартысын кешіре салады. Жазалы адам бәрібір қырық қамшы дүре жегенге саналады. Бұл жолы ешкім аузын ашқан жоқ. Борғыл бет көсені Шондығұл айдап алып кетті...
Кешірек Байдалы, Күзембай, Мүсіреп, ер мінезді, еркек пішінді жас пері атанып келе жатқан Құнияз төртеуі келіп Ұлпанға болған оқиғаның жайын айтып еді, Ұлпан тіс жармай тыңдап алды да:
— Мұны не дейміз? Қожық ылаңының осымен аяқталғаны дейміз бе, болмаса басталғаны дейміз бе?—деп сұрады.
— Есекем тірі болса, тоқталғаны дер едім. Күн бізге қалған тұста басталғаны деуіміз керек болар,— деді Көшебе-Сибанның болысы Күзембай.— Екі жүз жігіт ұстап, Есілдің екі жағындағы елдерді күнде бір тонап отырған Қожық енді Керейге ауыз салайын дегені де! Асты дұрыс өткіздірмейді ол!
— Тірі Есенейде кеткен кегін енді өлі Есенейден алмақшы болғаны ғой қанішер иттің! — Осыны айтып Байдалы да тоқтап қалды. Енді не істеу керектің салмағын Ұлпанның өз мойнына артқылары келетін сияқты.
Қожық Кенесарының қарындасын алған күйеуі, Шыңғыстың құдасы. Он жеті жасында қанды-балақ қарақшы атанған еді. Қыр елдері әуелі көтеріле дүрлігіп Кенесарыға қосылып, екі-үш жылдан кейін одан біржола безініп ескі мекендеріне қарай қашқанда көбінің мал-мүлкі, қыз-келіншегі осы Қожықтың қолына түсіп қалған. Қасында үш жүз жасағы бар Қожық Кенесарыдан қаша бастаған елдерді аңдытып қойған аңшысы болатын. Қожықтың қолына түскен мал-мүлік, қыз-келіншекке Кенесары да ортақ. Кенесары Торғай қаласын шауып, тұрғын халқын қырғанда, сол қырғынға Қожық та ортақ. Бұл екеуінің ортақтастығы Кенесары жауынгер қырғыз халқының қолынан апатқа ұшырағанда ғана айрылды. Қожық төрт мың жылқыны айдап Бетпақдаланың солтүстігіне қарай бұрылып кетті. Содан бері ол Есілдің оңтүстігінде «Меңзей» деген жерді жайлайды. Бірақ, ұзындығы жүз елу шақырымдай жер Есілдің екі беті Қожықтікі. Бұрын сол жерде іргелес отыратын Атығай-Қарауыл, Уақ деген елдер Қожықтан қашып алыстап кетті.
Қожықтың тоғыз қатың жиырма төрт ұлы бар. Әр ұлы бір ауыл. Әр ауылында түп-түбірі Кенесарының жасағынан келе жатқан бұзықтар, ұрылар, жол тонаушылар ондап саналады. Сол Қожық Есенейдің асында бүлік салып, Керей елін бір иықтап, ықтатып кетпек еді.
Болыс-билерде дағдарыс барын сезінді де, Ұлпан ширағырақ сөйлеп кетті:
— Асты бірдеме қылып өткізерміз-ау, ағайын... Ең әрісі Стаптан жүз қазақ-орыс алдыруға да болады. Бірақ, соның ар жағында күніміз не болады? Есекең қайтыс болған соң, енді Қожық бізге теңдік бермейді дегендей екенсіздер... Есекең жауға жалғыз аттанушы ма еді? Керей-Уақтың басын қосып, екі елдің ұранын шақырып аттанбайтын ба еді? Қожық қарақшы түгіл, Кенесарының өзін Керей жерінен қуып тастағанда осылай еткен ғой! Қожық заты Уақ болғанымен өз елінен шеттеп Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан Есенейдің, қолына түспей кетті. Есеней өздеріңізбен мақұлдасқанда — «Қожықты құртпасаң, Керей, саған күн жоқ!» демеп пе еді? Есенейдің Қожықта кеткен ұзыннан өші, қысқадан кегі жоқ еді ғой! Аты Керей, Есеней сенің қамыңды ойлаған. Бүкіл Атығай-Қарауыл, Керей Уақ қарғап отырған қанішердің орны қараңғы үй — абақты, тор көзді түрме емес пе? Өзгең бой тасалап қалатын болсаң, Сибан жалғыз болса да, Қожықтай залыммен алысып өтеді. Сибан Есенейінен айрылса да еркек жігіттері, құдайға шүкір, бар!„—деп Мүсіреп пен Құниязды көз қиығымен жанап өтті.
— Дұрыс айтасың, Ұлпан... Қожықтың жіберген адамына дүре соғып, атын айыпқа алып, өзін жаяу қайтарса, ол Сибанның неге болса да бел байлағаны ғой! — деді Мүсіреп.— Бірақ, Керей-Уақ Сибанды жалғыз қалдырар деп ойлаудың керегі жоқ. Қожық Керей-Уақ, Атығай-Қарауылдың бәрінің жауы. Ондай зұлымға барлық ел бір-бір тас атып қалмайтын ба еді? Қожықтың орны түрме! Байдеке, осы жұмысты өзіңіз бастаңыз, өзіңіз аяқтаңыз!
Байдалы би бірінші болып аты аталғанды, бірінші болып сөйлегенді, қандай істің болса да бірінші болып басында жүруді жан-тәнімен жақсы көретін еді.
— Керей-Уаққа құдай бірлік бере қалса, дұрысы осы болар еді,— деп қалды.
— Сізге ермегенде кімге ереді бұл ел? Орыс, қазаққа атағыңыз жайылған бисіз, сізден иығы жоғары тұратын кім бар? — деп Мүсіреп тағы да бір қолпаштап жіберді.
Енді Байдалы шалқалай отыра сөйлеп, Күзембай болысқа қарап:
— Бес болыстың пыргауарын жасата бер... өмір-бақи оралмастай болып «Итжеккенге» айдалсын! — деді.
— Онда болыстарды осында шақыртамыз ғой?
— Шақырта бер.
Құнияз ер мінезді, намысқор, балуан жігіт еді:
— Қап, Сибанда ту көтеріп намысқа шабатын еркек барын көрсететін күн туды ма деп дәмеленіп қалып едім.... Қағазбен тынатын болды-ау! — деді өкініп қалғандай қалжыңдап.
Кенесары ылаңынан кейінгі отыз жылдан астам тыныштық өмірде Сибанға мал бітіп, тұрмысы түзелген соң балалар өлімі азайып, жігіттері көбейіп қалған еді. Бұл кезге дейін Есенейдің атымен ел атанып, қатарға қосылып келсе, енді елдің өз кеудесі көтеріле бастаған. Құнияз болыс-билерге соны аңғартып қалды.
— Атыңды ерттей бер, Сибан! Қағазы да болар, басқасы да болар,— деді Байдалы.— К0ЖЫҚ оңай жау емес. Ол жасанып отырған жау. Үш жүзге жақын жарағы бар. Оңай қолға түспейді. Бірақ, естеріңде болсын, бұл Сибан жорығы болады.
— Жорық болады ғой, әйтеуір?
— Болғанда қандай! Үлкен жорық болады.
Жорық үлкен болуға бет алды. Сибан жорығына бес болыс Керейден қатынаспағаны қалмайды. Қожыққа бәрі де кекті, бәрі де еш. Адам керек, ат керек, ас керек. Соның бәрінің салмағы Сибанға түсетін болады. Байдалы осыны ескертіп еді. Сибан оған әзір екен.
— Істеріңе береке берсін, еркектер. Есенейдің малы Керей-Уақтың амандығы сияқты осындай ақ жолға шашылса, аруағы маған ренжімес,— деді Ұлпан.
Қожықты әркім өз қара басының көрген жәбір-жапасына қарай ұры-қары, жол тонағыш, қанішер, зұлым дейтін. Мұның бәрі де дұрыс еді. Қожық адам қанына талай шомылған хайуан. Қырда қазақты, Торғай, Моқрасыбай қалаларында орысты бауыздағанда екі қолының біреуі дір етпеген адам. Есік-терезесі жабық үйлерді өртегенде, шырылдап шыққан жас баланың даусынан шіміркенбеген хайуан. Осы кезде де қолы қанданбай отыратын күні жоқ. Қожық жайлаған жерден бір адам аман ете алмайды, тоналып өтеді. Сонымен бірге, Қожық қазақ хандығынан үміткер, хан тұқымдарының сүйеніші еді. Әлі үзіліп болмаған үміттің сарқындысы осы Қожыққа байланысты болатын.
Ол отыз жылдан астам уақыт өтсе де, Кенесары жасағынан қалған қолды таратпай ұстап отыр. Олардың өздері қартайса да, қанмен ауызданған балалары жігіт болып қалды. Зәу-сайтан біреу хан болғысы келіп селт етіп шыға келсе, Қожық оның даяр тұрған қарулы жасағы.
Орыс әкімдері де Қожықтың үстінен түскен арыз, приговорларға құлақ аспай келеді. Арыз, приговор берген болыс-билердің үстінен Қожық та арыз береді. Қазақ арасында қарсы даулар көп, Қожықта та сондай кереғар даукестің бірі. Қожық өз алдына бір болыс ел болуды сұранып жүр. Бес жүз үйміз депті. Тексере келгенде онысы жалған болып шықты. Үш жүзден аса еркегі бары дұрыс, ауыл саны жиырма төрт-ақ. Ұры екені де рас. Қазақтың Қай биінің қолы таза? Қай болысының үстінен күнде бір арыз түспей отырады? Арыз, приговорларға сене берсең, қазақтың барлық болыс-билерін бір жылдан кейін түгел түрмеге алып отыру керек. Тегінде қазақ бірін бірі жамандауға келгенде сонша шебер, сонша рақымсыз, сонша жалақор, өз тамырына өзі балта шауып, өз жапырағын өзі жұлады да отырады. Түпкі ойлары осыған келіп тірелетін орыс әкімдері Қожықты қудаламай келді.
Бұл жолы Керей-Уақтың болыс-билері үлкен ұйымшылдық көрсетті. Қағаздарын үкілі поштамен Омбы, Қызылжарға жөнелтті де, өздері болыс басы жүз елу жігіттен жасақ жинап алып жорыққа тез аттанып кетті. Қол басылары да әр рудан еді — Шағалақ Боқан батыр; Таузар-Көшебеден Мұстапа, Өсіп; Сибаннан Құнияз; Балта Керейден Күшікбай батыр. Жорық басында Байдалы, Күзембай сияқты болыс-билер, Мүсіреп сияқты беделді ел адамдары.
Жорық салмағын Ұлпан да ауырлаған жоқ. Сибан жігіттеріне алпыс ат берді. Түсіне қарамай, санамай берді. Қырық ту биені жорық жолына шығарды. Біреуі қайтпаса — сұрауы жоқ деп берді.
Есілдің солтүстік беті жалғасы үзілмейтін қалың орман, қаз, үйрек мыңдап ұялайтын қамысты, айдынды көлдер. Осы күні солтүстік-шығыс Сібірге барып ұялайтын қаз, үйрек, аққу, тырна, жылқышы, тауқұдірет құстары ол кезде
Батыс Сібір көлдерінен аспай ұялай беретін. Жалғыз қараша қаз ғана алыстап кетуші еді. Жорықшылар сол көлдерді сағалап, сол ормандардың ішімен келіп, Қожықтың тобырына таң алдында тиісіп еді, ұйқыда жатқан тобыр елеулі қарсылық көрсете алмады, оңай қол қусырды. Қожықтың ауылдарына тұс-тұсынан келіп тиген Керей-Уақ қолы әр ауылды бөлек-бөлек басып алды.
Сонша атақты қанішер атанған Қожықтың өзі ұсталғанда есте қалғаны мынау-ақ:
Ақ орда атанған үлкен киіз үйді Мұстапа қырық жігітімен қоршап алды да, айғай салды:
— Аш есігіңді, шық үйден!
Мылтық атылды. Бір ат ұшып түсті.
— Иттің ғана баласы, жан керек болса, шық үйден!
Мылтық тағы атылды. Бір жігіт атынан құлап түсті.
— Қапта! Шаңырағын ортасына түсір! —деді Мұстапа.
Қырық шақты жігіт шауып келген бойы «ақ орданы» айнала беріп сойылмен бір-бір салып өткенде-ақ уықтары сатыр-сұтыр сынып, шаңырағы үйдің ортасына жалп етіп құлады. Үзік, түндік деп аталатын үйдің жоғарғы киіздерін жамыла құлады. Үй ішінен «Өлдік-ау, қырдың-ау, Қожық!» деген әйел дауысы, шырылдаған жас баланың дауысы естілді.
— Өртеңдер! — деді Мұстапа.
Қазақ үйінің тер жағы уықтың қарына дейін қатарлап жиналған жүк болады: сандықтар, бумалар, ұсталмайтын киіз, кілем, көрпе-жастықтар... Жігіттер ас үйдің алдындағы жер ошақтарда көміп қалдырған қайын, шоқтарынан бір легенін алып келді де, үйдің сол тор жақ іргесінен екі-үш жерден от берді.
Әйел мен бала даусы әлі шығып жатыр. Үй ішіне түтін кіре бастады білем, әйел даусы құмыға берді. Жас бала булығып жөтеле бастады.
Қожық әуелі есіктен мылтығын лақтырып жіберді. Содан кейін дамбалшаң-көйлекшең өзі шықты. Сарғыш-жирен сақалы шықшытынан басталып екі жағын жиектей өсіп келіп алқымының астында түйісетін, жалпақ бет ақсары адам екен. Үн шығармай, қолын қусырды да тұрып қалды. Оның артынан булыға жөтелген жас баласын көтеріп, Қожықтың ең жас тоқалы шықты.
Мұстапаның бір топ жігіті ақ отаудан Шыңғыстың Рахия деген қызына үйленген Қожықтың баласы Бекежанды айдап әкеле жатыр.
— Ш-ш-шата неме-ай! Ш-ш-ш-шолғында жүр десем... қа-қа-қатыныңның д-д-дамбалын күзетіп шығып па ең! — деді Қожық баласына.
Екі жігітпен шолғынға жіберілген Бекежан ауыл ұйықтады-ау деген кезде ол да отауына қайтып келген. Кінәсін мойнына алып, үндей алмай қалды.
Қонақ үйде төрт-бес жолдасымен Шыңғыстың баласы Жақып жатыр екен. Жігіттер оларды да айдап алып келді. Әр үйден үрпиіп шыққан еркектердің бәрі дамбалшаң. «Ақ орда» есігі ашылған соң гүрілдеп жана бастады.
Мұстапа қолға түскен өңкей дамбалшаң Қожық тобын Есілдің ел жақ бетінде «Үйеңкілі» деген жерде қалған болыс-билерге қарай айдатып жіберді де, өзі Қожықтың ауылы түгел өртеніп болғанша орнынан қозғалған жоқ. Мұндай бай үйлерді өртеп кетпесе, жігіттердің біреуі болмаса біреуі орайын тауып тонауға келетіні даусыз. Тонауға кіріскен жігіт сарбаздығынан да айрылады, жігіттігінен де айрылады.
Мұстапа Қожықтың ауылын қара үйлеріне дейін, арбаларына дейін түк қалдырмай өртетіп жіберді. Болыс-билер тобына содан кейін оралды.
Қожық жасақтарының ішінде елден безіп, адам тағысына айналып ұрлық-қарлықпен күн көруден қажығандары да аз емес екен. Туған ел сағынышы, жер сағынышы қысталап, «Алтыбақан», «Әйгөлекті» аңсайтын жастар да бар еді. Кенесарыдан қалған батыр-балуандар қартайып, тамаққа тоймайтын масыл болып алған. Әсіресе, әр шабындыдан қолға түскен жас әйелдер көп. Олар Керей қолы бостандық әкелгендей қуанып, Қожық тобырын қарғап-сілеп келеді. Осылай ішінен іріп, тамырынан шіріп жатқан ұры-қарылар тобыры талан-таражға келгенде қандай «ержүрек» болса да ел ызғарына қарсы тұра алған жоқ. Қожық тобыры бір-ақ күнде апар-топары шығып қолға түсті де Қызылжарға айдалып кетті. Жақып сияқты қонақтар, еліне қайтуға сұранған әйелдер, отын-сушы кәрі-құртаңдар болмаса, жиырма төрт баласы мен Қожық, екі жүзден аса жасақтары түгел айдалды. Қожықтың өз әулетінен жетпіс екі әйел жесір қалды, айдалған жоқ.
Керей-Уақ елдерінің ескіден келе жатқан дәстүрі бойынша, ауыр бәле шыққан, қырсық болған жерлерді өртеп тазалау керек. Оба, қорасан сияқты адам апаты, алаөкпе, қараөкпе сияқты мал апаты болған жерлерді де өртеп, келер жылға дейін ол маңайға жоламай кешіп кететін. Мұстапаның Қожық ауылын өртеп жібергені болыс-билердің ойына сол дәстүрді түсірді. Қара пәле орнаған Қожықтың жазғы жайлау, қысқы қыстауларын «бүлінгеннен бүлдіргі алма!» деген әз Тәукенің жосық-жоралғысы бойынша қысқы-жазғы үйлерін бар мүлкімен түгел өртетіп жіберді. «Бүлдіргі» қамшының сабына тағылатын екі сүйем қайыс қой. Керей-Уақ жігіттері Қожықтың байлығына қолын арамдаған жоқ. Есілдің ел жақ бетіндегі үйеңкілердің ортасында Ұлпанның жиырма ту биесін сойып «жеңіс тойы» жасалғаннан кейін, жігіттер сол арадан елдеріне тарады. Болыс-билер Қожықтың жылқысынан бір-бір ат жетелетіп жіберді. Ат алмаған жалғыз Сибан жігіттері.
Байдалы би Мүсірепке:
— Сибан жігіттері аттан неге безінеді? — деп еді, Мүсіреп оған:
— Сибан жорығынан Сибан олжа алып жүрсе, ұят болмай ма, Байдеке? Жорығына қатынасқан елдерге Сибан өзі сыйлық беретін болар... Біз жорықтың олжасы емес, салмағын мойынға алғамыз...— деді. Сөз осымен тоқталды, екеуінің де түпкі ойлары ашылған жоқ.
Олжалы қайтқан Керей-Уақ жігіттері:
— Сибан жорығына барамыз,— деп аттанып еді.
— Ұлпан жорығынан келеміз! Олжалы қайттық! — десіп, жорықтың абырой-атағын Ұлпанға беріп тарасты. Ұзамай Ұлпанның атағы
Сібір қазақтарының, арасына жайылып жүре берді.
Болыс-билер Қожықтың, жеті мың, жылқысын, екі мың түйесін қағаздап «түгел қазынаға түсіру үшін» Күзембай болыстың ауылына бұрылды.
Жорықтан көңілсіз қайтқан жалғыз Байдалы би еді. Өзі жорықтың, басында бола тұра: «Бұл Сибанның, жорығы болады»,— деп қате айтып қалған екен де... Онысы жорықтың салмағы Сибанға түседі дегені еді. Қожық, қолға түспей аман қалса, ол кінәлі елді шабындыға бір салмай қоймайды, сонда кінәлі ел Сибан болсын деген бір ой тағы қылтылдай берген. Енді міне, Қожық, мәңгі оралмасқа кетті. Кеп шығын да болған жоқ. Жорықтың атақ-абыройы Сибанға Сибанға емес-ау үйінде отырған бір қатынға тиіп қалды. Сонда Байдалы биді сол қатын жұмсап жібергені ме?.. Солай болады да!..
Жорықтан қайтқан Сибан жігіттерін Ұлпан, қасында қыз-келіншектері, ауыл сыртында қарсы алды. Бірі малшы, бірі егінші ауыл жігіттері кәдуілгі әскердей қатарланып көрнекті келе жатыр. Қолбасы Құнияз найзасын тік көтеріп алып алдында келеді. Оң жағында Мүсіреп, сол жағында Тоғанас балуан. Найза жігіттердің, алдыңғы қатарларда келе жатқан жарым жартыларында ғана бар. Кейінгілерінде сойыл мен садақ, айбалта. Селебе пышақ, бәрінде де бар сияқты екен.
Ұлпан бастаған әйелдер жақындай берген жауынгерлерге бір тізелеп сәлем етті. Қол алдында келе жатқан үлкендер аттарынан түсіп қастарына келгенше сол қалыптарын бұзған жоқ. Сибан қолбасыларын ауыл ақсақалдары аттарынан түсіріп алды.
— Аттанарда күндей күркіреп, қайтқанда күндей күлімдеп, аман-есен келдіңдер ме!
Қолбасылар Ұлпанға келіп амандық айтысты. Бір тізелеп сәлем еткен әйелдер енді ғана түрегелді.
— Ер-азамат, аман қайттыңдар ма?.. Қырық кемпір, менімен қырық, бір, бес күн, бес түн басымызды жастыққа тигізбей тілек үстінде болдық,— деді Ұлпан.— Ер-азаматтың, қадірі үйде жоғында батады екен. Ауылдар аңырап қалғандай, әрең, шыдадық... Жорық, деген құрғырға Сибан баласының осы ең соңғы шыққаны болсын... Үйге кіріп, амандық тілеп беріп жатқан құрмалдықтан ауыз тиіңдер...
Қыздар жүгіре басып келіп жігіттерді қолтықтап түсірген ишаратын істеп, аттарын жетелеп апарып Есенейдің, ақ үйлерін айналдыра байлап жатыр. Найза, садақ, айбалта киіз үйлердің алдыңғы жағынан белдеуге қыстырылып, Есеней ауылы бір сәтке жаугершілік бейнесіне кіре қалды.
Жігіттер ат үстінде өздерін еркек сезініп, кеуделі келіп еді. Аттан түскен соң бірі малшы, бірі егінші ауыл жігіттері болды да қалды. Қыз-келіншектердің қолтықтаған болып аттан түсіріп алғандары қалжың, сияқты көрініп кетті. Аттарды Есеней үйлерінің белдеулеріне апарып байлап жатқандары Ұлпан жорыққа берген аттарын алып қалатын болғаны да! Онысы дұрыс та шығар... Бірақ аттарды бергенде сұрауы жоқ дегені де бар еді... Ендігі дұрысы үй-үйдің тасасымен ауылға қарай жылысу болар...
Жоқ... келіншектер төрт ақ үйдің, есіктерін түгел ашып, кіруге шақырып тұр... Есенейдің үлкен үйіне кіруге бола қоймас, арғы шеткі үйге қарай жағалаған дұрыс болар. Жоқ, олай қарай жіберер емес. Үлкен үйден бастап кіргізіп жатыр. Есенейдің, теріне ғой етігіңді шешпей шыға алмайсың. Қияметтің, қыл көпірі сол болар...
Жігіттер бұл қысылысқа ұшырасқан жоқ. Бәрі де түкті кілем, жібек көрпелердің үстіне етікпен келіп отырып жатыр. Сонау бір жылы Тобыл магазинінде етігін шешуге қандай қорынғаны Ұлпанның, ойынан кетпейтіндей, ол ешкімді қорынатын жайға түсірмейтін еді. Ұлпан өзі қымыз сапырып отыр. Екі қыз жігіттерге аяқ, әперіп жүр. Өз қызы Біжікен босап қайтқан қымыз аяқтарының, қай жігіттікі екенін бақылап отырғандай.
Астау толы етке сегіз адамнан оралып отырды. Астауларда да алалық жоқ. Бас, жамбас, қазы-қарта түгел. Шай дастарқаны да сондай мол. Жорықтан қайтқан жігіттерді түсірген үйлердің, бәрінде де осындай молшылық,, ағайын арасында әшейінде бола бермейтін ерекше бір қадір-құрмет. Ұлпан бүгін «Жақыныңды жаттай сыйла, жат көңілінен түңілсін!» дегісі келгендей екен.
Сый-құрметтен кейін жігіттер ауылдарына қайтуға далаға шықса, әр кімнің, мініп келген атын өз қарындасы, өз келіншегі, өз шешесі ұстап тұр екен. Ағасын, не күйеуін, не баласын аттандырып жатып, әйелдер жымия сыбырлап:
— Ұлпан апаң атты басымен берді, енді бұл біздің ат!— десіп қалды.
Кедейге кепесінің төбесіне шығып тұру да үлкен мақтаныш. Есенейдің төрінде отырып, ат мініп қайтудан асатын мәртебе бар деймісің! Жігіттер үйлеріне бір ауылға сыймас мақтанышпен қайтты. Әйтеуір еркек емес, жігіт екенін сезініп қайтты.
Есеней қайтыс болғалы Сибан деген елде едәуір қобалжу бар еді. Бұған дейін Есенейдің атақ-даңқынан ығысып келген өшті-қасты елдер алдақашан ұмытылған кектерін еске алмасына кім кепіл? Есеней әулие адам емес-ті. Тісі батқан, тізесі батқан елдер де бар, белді адамдар да бар. Ол жайды Ұлпан жақсы біледі. Ел де жақсы біледі.
Әр елдің, жауына қарай жауынгері болу керек. Онсыз дүние қаран. Есенейі жоқ Сибанның бүкіл бес болыс Керейді бастап, Сибан жорығы атанып кеткен жорықты абыройлы аяқтап қайтқаны, Сибанның еркегі барын, ел екенін танытты. Ұлпан осыған қуанды. Осы тілекке арнап құдайға құрмалдық, берді. Тасып қайтқан көңіліміз бар еді, қатын шіркін жасытып тастады-ау демесін деп, Сибан жігіттерінің; жорыққа Есеней жылқысынан мініп кеткен аттарын алып қалмай өздеріне беріп жіберді.
Осыдан кейін елдің де, Ұлпанның, да жүрегі орнына түсіп, енді Есенейдің, асын өткізуге кірісті...
Әуелі әрине бір ат келді. Одан соң, әрине екінші ат келді. Одан кейін келе берді, келе берді...
Тоғыз атқа бәйге бар еді. Бәйгеге ілінбеген екі жүз тоқсан бір ат, иелерінің айтуларынша бәрі де оныншы болып келіпті. Қарашыға жете алмай далада қалған он жеті ат бар еді, иелерінің, айтуларынша олар да оныншы болып келіпті...
Балуандар да солай, бірі жықты, бірі жығылды.
Қожабай келінің айналасында ағараңдап қалған бас сүйектерін санай алсаң, Сибанның, жарым-жарты малына төн, еді.
Осымен Есенейдің, асы да аман-есен етіп кетті.
Кешке қарай Керей жағының болыс билері Сибан ауылдарына қайта келіп орнады. Тағы да бір шешілмеген түйіндері бардай қату қабақ, түйіле келіп түсіп жатыр. Ұлпан ауылынан басқа ауылдарға да құдандалы, нағашылы жиенді қонақтар кетіп барады.
Ac берілген Қожабай көлінің, айналасына да мыңдаған тазғара күшігендер, өлімтік қарақұстары, өгіз шағала, құзғындар қонып жатыр. Мана адам көп кезінде біреуі жерге қона алмай, қан-жынның иісін аспанда сезініп күн бойы талығып еді, темір тұмсықтары қан-жынға енді ғана еркін тие бастады. Бұлар іңір қараңғысы түсе бергенде қонақтауға тарасады. Болыс-билердің, нағыз жұмыстары сол кезде басталады.
Тап осылай, Ұлпанның қонақ үйіне түскен болыс-билер ауыл сыртына шығып отырып, Сибанның, ауыл адамдарын шақырып алды. Сөзді Тоқай би бастады:
— Керей атанатын елдің, үлкен бір ордасы жесір қатың жетім баланың қолында қалып барады. Жат елдік болып жаралған қыз баланың жөні бір басқа, жесір қалып бара жатқан жас әйел туралы, Сибан, сен не ойлайсың? Есенейден қалған ен дәулетті шашпай текпей ие болып отыра алар ма сол жесір әйел? Күндердің күнінде бауырлас Керей елінің болыс-билері асқа тойды да, арттарына да қараған жоқ деген наразылық болып жүрмесін деп осы ойымызды айта кетуге қайта оралдық. Бұл бір...— деп Тоқай Байдалыға қарады.
Болыс-билер не айтатындарын күні бұрын бөлісіп алса керек, Байдалы би іркілмей киіп кетіп:— екінші,— деді.
— Екінші, Сибан ағайын, өрттің өзінен бұрын түтіні көзге түседі. Біз сол түтінді көріп, қиналыспен келіп отырмыз. Ертең Керей Уақты түгел дүрліктіретін өрт келе жатыр. Есенейдің жалғыз інісі Еменалы мұрагерлік сұрап отыр. Соның ішінде әменгерлігі де бар. Сибан, саған жаным ашымаса, қиналар ма едім, қиналғаннан баптап айтар сөзімді тіке айтып, шолақ қайырып отырмын. Сибан, бұған не айтасың?
Еркек мінезді, қызу сөйлейтін Құнияз кезек күтпей, үзілді-кесілді жауап қайтарды.
-— Сибан бұған түк те айтпайды! Қайдан шықса одан шықсын, бұларың Сибанның басына бәле шақырайын деген жерден шыққан сөз. Өрт сағынғанның өз үйі өртенсін! Бәле іздегеннің бәле өз басына келсін!— деді. Даусын көтере сөйлей бастаған Құнияз сөзін Байдалы бөліп кетті:
— Құнияз мырза, сен өр көкіректенбей сөйле!.. Атасы басқаның құлағына шалынбасын деп Уақтық болыс билерін де арамызға кіргізбей келіп отырмыз. Бұл жанымыз ашығандық емес пе? Керей Уақтың құлағына бұл арыз түгел тие қалса, Сибан көнбейді екен деп оны аяқсыз қалдыра алмайтын болар. Есенейдің жалғыз інісі Еменалы ағасынан қалған дәулетке мұрагер мен десе, оны кім теріс дей алар? Аты қазақ мұрагер деп еркек туысқанын айтпай ма? Олай болса, Еменалының мұрагер екендігіне кім таласар? Сибан, сен ойланып сөйле! Байсыз қатын — баусыз оймақ, Есенейдің бар дәулетіне жапа-жалғыз ие болып қалғанына көзі жеткен күні бар малды айдап төркіні Күрлеуітке қарай тайып отырмасына кім кепіл болады? Онсыз да Есенейдің жарты малы соның төркінінде емес пе? Күрлеуіт Қостанай оязына, Орынборға қарап кетті. Осы да ойларыңа келмей ме? Жоқ, ондай күнге жеткізбей, жат талқысына түсірмей, өзіміз болып ойласып орайын табайық.
Керей Уақтың билерінде аз ғана Сибанға алыстан қазылып келе жатқан мұндай терең ор болар-ау деп Мүсіреп ойламайтын еді. Қатты қынжылды. Ақылды Ұлпан атақты билерді ана жылы Омбы төрелерінің, алдында бір ұятқа қалдыра жеңіп еді. Оған жақында ғана өткен Сибан жорығының абырой-атағы қосылды. Қазақ болыс-билері ондай қорлықты әйелге кешкен емес. Енді олар қастасуға сөз байласып келген түрлері бар. Алдымен Есенейдің нағыз мұрагері деп Еменалыны танып, мал-мүлікке талас-тартыс, қырқыс қырылыс жасамақ. Оған жалғастыра әменгерлікті әкеліп отыр. Мал-мүліктің иесі Ұлпан деп танылса, түптердің, түбінде оның, Сибанды тастап төркініне көшіп кететін қаупі бар екен... Сибан елі мен Ұлпанның арасына қағу үшін осындай бір темір сына тағы ала келіпті. Тағы қандай қақпандары барын түгел біліп алу үшін Мүсіреп Байдалы биге қарап:
— Бізге айтар сөздеріңіздің, шама-шарқы осы ғой?— деп сұрады.
— Жоқ! — деді Байдалы.— Сибанның баласы, нағып білмей отырсың, Еменалы ораза айты өткен соң, Есенейге ас бергелі отыр... Есенейдің туған інісі ағасының асын берем десе, оған кім қарсы болады, біз тек Сибанның, қалай қарайтынын білгіміз келеді. Есекең былтыр жайлауға көшіп бара жатқанда жолда, Сөрелі деген көлдің жағасында қайтыс болып еді ғой. Еменалы ағасының асын сол келдің, басында бермекші. Еменалының мұнысын қалай дұрыс емес дей аламыз? Солай емес пе?— деп Байдалы би Мүсірепке қадала қарады.
Ие, Сибанға арнап қазылған ор, құрылған тор кеп екен. Билер жолымен сөз жарыстыруға қалсаң, Сибан да, Ұлпан да айыпты болып шыға келеді. Бес болыстың би-болыстарына бір ауылнай Сибанды кінәлі етіп шығару оңайдың, оңайы. Мүсіреп осыны ойлап билер сарабына салмайтын жауап қайырды:
— Сибанның, басына бұлт төніп келе жатқанын ескерте кеткелі қайта оралып келгендеріңізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ, қадірлі билер. Бірақ, осы айтқандарыңыздың бәрі де қанша зілдей болғанымен Сибанның, өзі-ақ шешіп тастайтын үй ішілік жайлар емес пе? Мұрагер кім, қай баласына қандай енші тигені дұрыс, оны Сибан өзі шеше алса керек. Сибанға ең ауыр тиетін сөздеріңіз Ұлпан бәйбішені Сибан емес, бір күні төркініне кешіп кетеді дегендеріңіз... Бұл елде екі адам Сибан болса, Ұлпан сол екеудің, бірі, біреу болса сол біреудің, өзі Ұлпан! Ұлпан тек Сибан ғана емес, он бес жылдан бері осы елдің, Есенейі! Есенейдің, өзі атап кеткен Есенейі! Сіздер Ұлпанды жесір қалған қатын деп отырсыздар, Сибан оны «әулие Ұлпан!» дейді. Сибан қандай талқыға түссе де, осы ойынан айнымайды. Сибанның, өтініші кеп емес, екеу-ақ: осы сөздеріңізді Ұлпанға айтпай-ақ аттана берсеңіздер екен. Көңілі жарым әйелді Сибан емес, бөтенсің деп босқа ренжітпейік. Бұл оның, естірмін деген сөзі емес. Екінші, қайта оралған себептеріңізді Сибанның, еліне ескерттіңіздер, болды. Ауыл-үйдің, жұмысын Сибан өзі тындыра алмай жатса, кезінде көрерсіздер...
Енді болыс билер дағдарысып қалды. Сибан өзінің ішкі ісіне ешкімді араластыратын емес. Ықтамай қойды. Қысталаң берсең, орыс заңына сүйене кетуден де тайынбайтын сияқты. Олай бола қалған күнде болыс билердің қайсысы қай жағына аунап түсерін кім білсін! Сонша долырып, сөніп тұлданып келіп құр ауыз аттанып кетуге де болмайды. Үлкен ұят сол болар еді. Жырынды болып қалған сұм билер, әйтеуір Есенейден қалған байлықты талан-таражға салу ниетінен қайта алмай, кәрі би Құрмысыға қарады. Оның сөзін қай ел болса да аяқасты тастай алмайтын. Оның аузынан осы келіп отырған қасың емес, досыңбыз, ойлан, Сибан, деген бір ауыз сөз шықса, Сибанның, бас асаулығы басылып-ақ қалар еді.
Кәрі би ойланып барып сөйледі:
— Ойлап отырсам, мен көп әңгіменің, сыртында екемін,— деді Құрмысы би. — Кәрі құлақ шала естіген шығар, кәрі көз шалатынды шала алмай қалған шығар. Ол өз кінәм. Құйқылжып құбылып тұрған бұлаң құйрық замандарыңа кейде еріп, кейде ергім келмей қалатыны да бар. Дау қуған ел жауығар, дау қумаған сауығар демеп пе еді. Мен соның адамымын. Есенейдің ордасы иесіз қалып бара жатқанда ағайынның, бізге қояр өтініш тілегі болса біле кетейік дегендеріңе еріп кете беріп едім. Енді абайласам, Сибан бүліншіліктен аман, бүтін отырған ел екен. Бүтін тұрғанды бүлдірмес болар дегеннен басқа менің айтарым жоқ,—деп тоқтады.
Қадірлі бидің адал сөзін тағы біреуі жуып-шайып жібере ме деп қауіптеніп:
— Ac түсіріліп қалған екен үйге кіріңіздер,—деді Мүсіреп.
Құрмысыдан басқа болыс билер түн бойы ұйықтай алмай, аунақшып шықты. Таңертең әр ауылға жіберген тыңшы тілшілері келіп еді, олар да пайдалы еш нәрсе әкеле алмапты.
— Үлкендері Сибанның ырысы Ұлпан бәйбіше аман болсын... Ұлпан әулие адам!— дейді екен.
— Жастар жағы Ұлпанның атын атамай «Үлкен апа» деп кетіпті.
Тыңшылардың әкелгендері осы-ақ.
Бұл әңгіме ауыл сыртында Құрмысыдан басқа болыс-билердің, арасында болып жатыр еді. Қонақ үйде жалғыз бөлініп қалған Құрмысы Ұлпанмен қош айтысып, аттанып кетуге бел байлап, Есенейдің үлкен үйіне қарай бет алды. Бұл ауылға кім келіп, кім кетіп жатқанын бақылай отырған үшін осындай бір темір сына тағы ала келіпті. Тағы қандай қақпандары барын түгел біліп алу үшін Мүсіреп Байдалы биге қарап:
— Бізге айтар сөздеріңіздің, шама-шарқы осы ғой?— деп сұрады.
— Жоқ,! — деді Байдалы.— Сибанның, баласы, нағып білмей отырсың, Еменалы ораза айты өткен соң, Есенейге ас бергелі отыр... Есенейдің, туған інісі ағасының асын берем десе, оған кім қарсы болады, біз тек Сибанның, қалай қарайтынын білгіміз келеді. Есекең былтыр жайлауға кешіп бара жатқанда жолда, Сөрелі деген көлдің, жағасында қайтыс болып еді ғой. Еменалы ағасының асын сол келдің, басында бермекші. Еменалының мұнысын қалай дұрыс емес дей аламыз? Солай емес пе?— деп Байдалы би Мүсірепке қадала қарады.
Ие, Сибанға арнап қазылған ор, құрылған тор көп екен. Билер жолмен сөз жарыстыруға қалсаң Сибан да, Ұлпан да айыпты болып шыға келеді. Бес болыстың, би-болыстарына бір ауылнай Сибанды кінәлі етіп шығару оңайдың, оңайы. Мүсіреп осыны ойлап билер сарабына салмайтын жауап қайырды:
— Сибанның, басына бұлт төніп келе жатқанын ескерте кеткелі қайта оралып келгендеріңізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ,, қадірлі билер. Бірақ, осы айтқандарыңыздың, бәрі де қанша зілдей болғанымен Сибанның, өзі-ақ, шешейін тастайтын үй ішілік жайлар емес пе? Мұрагер кім, қай баласына қандай енші тигені дұрыс, оны Сибан өзі шеше алса керек. Сибанға ең ауыр тиетін сөздеріңіз Ұлпан бәйбішені Сибан емес, бір күні төркініне көшіп кетеді дегендеріңіз... Бұл елде екі адам Сибан болса, Ұлпан сол екеудің, бірі, біреу болса сол біреудің өзі Ұлпан! Ұлпан тек Сибан ғана емес, он бес жылдан бері осы елдің, Есенейі! Есенейдің, өзі атап кеткен Есенейі! Сіздер жесір қалған қатын деп отырсыздар, Сибан оны «әулие Ұлпан!» дейді. Сибан қандай талқыға түссе де, осы ойынан айнымайды. Сибанның, өтініші көп емес, екеу-ақ: осы сөздеріңізді Ұлпанға айтпай-ақ аттана берсеңіздер екен. Көңілі жарым әйелді Сибан емес, бөтенсің деп босқа ренжітпейік. Бұл оның, естірмін деген сөзі емес. Екінші, қайта оралған себептеріңізді Сибанның еліне ескерттіңіздер, болды. Ауыл-үйдің, жұмысын Сибан өзі тындыра алмай жатса, кезінде көрерсіздер...
Енді болыс-билер дағдарысы қалды. Сибан өзінің ішкі ешкімді араластыратын емес. Ықтамай қойды. Қысталай берсең, орыс заңына сүйене кетуден де тайынбайтын сияқты. Олай бола қалған күнде болыс билердің қайсысы қай жағына аунап түсерін кім білсін! Сонша долырып, сонша тұлданып келіп құр ауыз аттанып кетуге де болмайды. Үлкен ұят сол болар еді. Жырынды болып қалған сұм билер, әйтеуір Есенейден қалған байлықты талан-таражға салу ниетінен қайта алмай, кәрі би Құрмысыға қарады. Оның, сөзін қай ел болса да аяқасты тастай алмайтын. Оның аузынан осы келіп отырған қасын емес, досыңыз, ойлан Сибан, деген бір ауыз сөз шықса, Сибанның, бас асаулығы басылып-ақ, қалар еді.
Кәрі би ойланып барып сөйледі:
— Ойлап отырсам, мен көп әңгіменің сыртында екенмін,— деді Құрмысы би. — Кәрі құлақ, шала естіген шығар, кәрі көз шалатынды шала алмай қалған шығар. Ол өз кінәм. Құйқылжып-құбылып тұрған бұлаң құйрық, замандарыңа кейде еріп, кейде ергім келмей қалатыны да бар. Дау қуған ел жауығар, дау қумаған сауығар демеп пе еді. Мен соның адамымын. Есенейдің ордасы иесіз қалып бара жатқанда ағайынның бізге қояр өтініш тілегі болса біле кетейік дегендеріңе еріп кете беріп едім. Енді абайласам, Сибан бүліншіліктен аман, бүтін отырған ел екен. Бүтін тұрғанды бүлдірмес болар дегеннен басқа менің, айтарым жоқ,—деп тоқтады.
Қадірлі бидің адал сөзін тағы біреуі жуып-шайып жібере ме деп қауіптеніп:
— Ac түсіріліп қалған екен үйге кіріңіздер,—деді Мүсіреп.
Құрмысыдан басқа болыс билер түн бойы үйықтай алмай, аунақшып шықты. Таңертең әр ауылға жіберген тыңшы тілшілері келіп еді, олар да пайдалы еш нәрсе әкеле алмапты.
— Үлкендері Сибанның ырысы Ұлпан бәйбіше аман болсын... Ұлпан әулие адам!— дейді екен.
— Жастар жағы Ұлпанның, атын атамай «Үлкен апа» деп кетіпті.
Тыңшылардың әкелгендері осы-ақ.
Бұл әңгіме ауыл сыртында Құрмысыдан басқа болыс билердің арасында болып жатыр еді. Қонақ үйде жалғыз бөлініп қалған Құрмысы Ұлпанмен қош айтысып, аттанып кетуге бел байлап, Есенейдің үлкен үйіне қарай бет алды. Бұл ауылға кім келіп, кім кетіп жатқанын бақылай отырған болыс билер кәрі бидің қайда кетіп бара жатқанын көрі'п, орындарынан тез тұра келді. Кім біледі, жүйкесі босап, миы сұйылған кәрі би түндегі әңгімені Ұлпанға көйітіп қояр деп ойласты.
— Ана шал, бізге жөн сілтеп барады. Ұлпанның, өзін айналдырыңдар деп бара жатыр. Көп үйірген бір жығар деген бар емес пе? Айналдыра берсек, нағып алмай қояр екеуміз?—деп Байдалы би орнынан тұрды.
— Дұрыс айтасыз, Байдеке. Жалғыз отырған қатынды бір айналдырып көрейікші!—деп Тоқай да тұрды. Жастар жағы түсінгендей жымыңдасып, арлан билерге еріп жүре берді.
Бұлар үйге кіргенде, Құрмысы би айтарын айтып болып, қоштасар сөзге таяп қалған еді.
— Айналайын Сибанның елі өзіңді шаң жұқтырмай қадірлейді екен. Ел анасы, әулие жан деп құрметтейді екен. Мен де сол тілектің ішіндемін. Құдайдың құлағына шалынар құлшылығым қалса мүнажат дұғамнан қалдырмаспын. Қош бол, жарқыным!—деп орнынан тұра берді. Келгендерге қарамай шығып та кетті.
Қасымда бір-екі әйелден басқа ешкім жоқ, Ұлпан жалғыз қалды. Жаңа келген болыс билер амандық-саулықты көп созбай, кешегі әңгімелеріне кешті. Дала желі ойнақы келеді. Күн артында түн бар. Жазға ілесе қыс келеді. Ағайын бар болсаң, көре алмайды, күндейді. Жоқ болсаң, асырай алмайды. Еліміздің ұйтқысы болып келе жатқан әдет-ғұрпы бар. Сендей ақылды адамдар сол ұйытқыны бұзбас болар. Бүгін басы аман, бауыры бүтін ел, ертең, басы ауырып, балтыры сыздамасын біле бермейді. Бүгін өкпелетіп қайтарған ағайын ертең, керек болып қалатын кезі бола береді. үптердің түбінде өртке айналатын түтін бар. Елдігіміздің, тұнығын шайқалтпауды ойлайтын кезіміз осы.
Осылай жалпы ықтатып алар қауіп-қатерді тізе келіп, билер сөз аяғында кешегі айтқан мұрагерлік, әменгерлік жайларын қадағалады.
Ұлпан кім сөйлесе де көзінен көзін айырмай отырып тыңдады. Ұлпанның көзінде күнәсіз жанның, ығыспай қарай алатын күші бар еді. Әдейілік емес, жаратылысы сол. Әділет, адалдық иесі саналатын болыс билердің көздері сол күнәсіз қарасқа шыдай алмай тайқи беріп отыр. Билер түз тағысын тосқауылдап қуатын ұялы қасқырша бірінің сөзі әлсірей бергенде, екінші біреуі іліп әкетіп, Ұлпанды ұзақ қудаласа да бір тұйыққа әкеліп қамай алмай қойды.
Ұлпан ешкімнің, сөзін бөлген жоқ, ешкімнің, сөзін елеу» сіз қалдырмай ұғына тыңдап, алдында тұрған үлкен сары ала шара қымызды сапыра берді, сапыра берді. Қонақтарына қымыз да ұсынатын емес сияқты.
Қымызды не бермей, не жинап әкетпей сапыра беру деген адамның, жүйкесіне қатты тиеді екен. Ант ұрған қатынның, бұл қай өнері? Әдейі істеп отыр ма, болмаса сөзге айналып, ұмытып кетіп отыр ма? Есеней де қашан айтарында айтып титықтап болғаныңша сазарып отыра беруші еді. Әлде содан үйренгені бар ма екен?
Болыс билер сөзі бастыға айналып, қайталана берген соң, жасып жансызданып болғанша, сапыра берген қымыз иісінен қонақтарының аузынан сілекейі шұбырып, сілесі қатқанша Ұлпан үн шығармай отырды да, қымызды енді ғана бере бастады. Содан соң, өзі де сөйлеп кетті:
— Қадірлі болыс билер, Сибанның, сіздерге айтар алғысы көп. Есенейдің асын дау-жанжалсыз өткізісіп бердіңіздер... Керей-Уақтың басына келген қара пәледей қас жауы Қожықтың ордасын талқандап, орнымен ерттеп қайтқанда өздеріңіз басы-қасында болған жорықтың, абырой-атағын Сибанға бердіңіздер... оны Сибан ұмыта алмайды.
— Е, ол бір Байдекеңнің, тапқан ақылы болды ғой!—деп Тоқай би Байдалыға оқтай қадалатын бір сөз қыстырып қалды. Байдалының өмір бойы есінен кетпес өкініші сол абырой екенін біле тұра, бітпеген жараны тағы бір тырнап қалуды ерсі көрген жоқ. Байдалы кірпідей жиырылды да, жауап қайтармай шыдап қалды. Ұлпан ондайды түсінбейтіндей, бейжай қалпында сөзін жалғастырып кетті:
— Осы келістеріңізде де үлкен мән бар екен— деді Ұлпан.— Бұларыңызға да алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Есенейі жоқ, жаңа Сибан, жас Сибан өз атының басына өзі ие бола алмай әлденеге ұрынып қала ма деген оймен оралған екенсіздер. Сибан мұны да үлкен қамқорлық деп бағаласа керек. Жас баланы алғаш атқа мінгізгенде үлкендер алыстан бақылай жүруші еді ғой! Сіздердің, ойларыңызда содан басқа не болсын!.. Сибан айтар көп алғыстың ең үлкені осында деп біліп қадірлеп ұстармыз, аяқсытпаспыз...
Бұдан кейін болыс билер Ұлпанды қайта қамалай алған жоқ. Сыртынан қанша балағаттасаң да, кездесіп қалғанда мысы жеңе беретін адамдар болады. Ұлпан сондай жан еді. Қазір Ұлпан ақыл-ойы толыққан, ел атынан сөйлейтін ел анасы атанып келе жатқан кезі еді. Денесі де толығып, бұғағы білініп келе жатқан маң, бәйбіше. Болыс билер Ұлпанды ықтатуға өрелері жетпей қойғанын сезініп, әшейін қымыз ішуге келгендей, қымызды құлата берді, құлата берді.
Қонақтары аттануға бет алғанда, Ұлпан үлкен бір өтініші барын айтты:
— Жесір қатың жетім бала болып қалған үй сіздердің, алдарыңызға өтінішін айтып талай келер әлі.. Соның бірін қазір айтып қалғым келеді: енді үш жылдан кейін жалғыз қызым «отау иесі» дейтін кемеліне келіп қалады. Мен қызымды ешқайда ұзатқым келмейді. Есенейден қалған жалғыз тұяқ жат елдік болмай-ақ қойса деп едім... Керей-Уақ қызыма тең, бір ұлын Есенейдің шаңырағына қия қалса, оң жағыма кіргізіп алар едім. Есенейдің, шаңырағына қызым мен күйеуімді ие қылып, өзім басқа дүниеге мойын бұр май, немеремді тербетіп отыра берсем-ау деген арманым бар. Сибан өз ішінен қыз алыспайды. Керей-Уақтың, ортасына салып отырғаным да сондықтан. Біжікен менің, жалғыз қуанышым ғой... Осы өтінішімді еске ала жүрсеңіздер екен— деп Ұлпан көзіне жас алды.
Бұл Ұлпанның ақ, тілегі еді. Қызын теңіне қосу шешенің бірінші тілегі болса, сол екі жасты қанатының астында есіру екінші арманы. Ұлпан аналық мейірі қанбаған, аналық, мейірімі сарқылмаған адам. Сондай мейірі қанар аналықты қызына тілейді. Бірі жылап, бірі еркелеп жататын балалар көз алдына келеді. «Әжелеп!» шуласқан балалар даусын сағынады. Ат үстінде шапқыласқан ер балалар көз алдына келеді. «Әже, қымыз!» — деп арсалаңдап келіп әжесінің тізесіне құлай кететін бір баланы сағынады. Бара-бара осы бір бала көз алдынан кетпейтін болып алды. Даусына да құлағы үйреніп алды. Бет-аузы, көзі-қасы, шып-шымыр денесі — бәрі көз алдына өзгермей келеді де тұрады. Ерте тоқырап қалған аналықтық мұң-зары да, алыстан үміттенер қуанышы да осы.
Ұлпан болыс-билерге осындай ақ тілегін айтып қалды.
— Ұлпан бәйбіше, бұл тілегіңізді құдай алдындағы қарызымыздай көрерміз,— деді Байдалы.— Бірақ, мұны да Керейдің, өзі шешетін, жат бауырдың, суық қолын араластырмайтын жұмысы дегеніміз дұрыс болар. Уақты араластырсақ Атығай-Қарауылды қалай шет қалдырамыз? Сіздің, үйге баласын беруге кім қызықпайды дейсің. Сол қызығатындарды көбейте бермейік.
Соз осыған байланды да, болыс-билер аттанып кетті. Қайсысының, көңілінде қандай ойлар балалай бастады, оларың білдірген жоқ.
Ертеңіне бүкіл Сибан ауылдары Ұлпанның, көшіне іле, жайлауға тұтас кешті. Бұлары Ұлпанға көрсеткен қошемет еді.
Жазғытұрғы жайлауға бет алған бірінші көш мал ұстаған елдің жыл сайын болып тұратын табиғи көрмесі. Әр ауыл қыстан қалай шықты, жұрттың айдаған малы былтырғыдан көбейген бе, азайған ба? Жастар жағы қалай, жарлы ма, жас балаларға тай-құнан тиген бе, жоқ па? Осының бәрі төрт-бес күнге созылатын көш-жөнекей түгел көзге түседі.
Биыл Сибан көңілі көтеріңкі еді. Кеш тізбектері де үзілмей-бұзылмай ағылып кетіп барады. Егін-шөп тасуға үйренген жұрт қазақ арбаны азайтып, қос қалқанды бришкеге ауыса бастаған. Анда-санда әр ауыл үйір-үйір жылқыларын айдап етеді. Балалар бей-берекет жарысып, қай көштің, тұсында қай бала озып келе жатса, сол көштен «бәйге» сұрайды. Жүкті арбаның үстінде келе жатқан әйел бір уыс құрт, бауырсақ шашып қалады. Балалар аттарынан түсе қалып шашылған бауырсақ пен құрттым таласып-тармасып ауыздарына тығып жібереді де, тағы да бей-берекет шаба жөнеледі. Бұл басы да, аяғы да жоқ бәйге. Жұрт жайлауға жетіп, жүгін түсіргенше созыла береді. Көшпелі өмірдің аты бар балаларға деген бір қызығы осы. Аты жоқ, балаларға бұдан ауыр қайғы да жоқ.
Балалар бай-кедей деп алаламай көш бойында кетіп бара жатқан барлық, әйелдерден бәйге алады. Бір-екі рет Ұлпаннан да бәйге алып кетті. Бір-екі рет Біжікен де бәйгесін шешесіне әкеліп берді.
Кэш алды әдетте түнемей ете алмайтын көлге таяп келіп еді. Көш алдында келе жатқан ауыл ақсақалдары қамшыларын алға қарай сілтеп кешті тоқтатқан жоқ. Бұл былтыр Есеней қайтыс болған, қазір «Бай өлген кел» атанып кеткен көл еді. Еменалы осы көлдің басына үйлерін тігіп, қонып қалған екен. «Есенейге мен де ас берем дегені рас болғаны да. Осы келде отырып Есенейге ас бере қалса, Еменалының мұрагерлігі жұрт көзінде салмақтана түседі. Ұлпанның мұрагерлігі солғындай түспек. Бұл әрине Еменалының өз басында туған ой емес, кешегі болыс-билердің Ұлпанға арнап қазған кеп орларының, бірі.
Сибан көші Еменалының ауылына қарайламай әрі асып кете берді. Әркім Еменалыға наразылығын көрсете, тас-түйін жинақы кетіп барады.
Қос аттап жектіріп тарантасқа мінген ауқатты үйдің әйелдері көш-жөнекей біріне бірі қосылып, аяғында бәрі Ұлпан пәуескесінің соңынан тізіліп келе жатыр еді. Ұлпан пәуескеден түсіп, жақын келе жатқан әйелдерге:
— Сендер аялдамай тарта беріңдер. Мен қазір қуып жетемін,— деді де пәуескесіне мініп, Еменалының, ауылына бұрылып кетті.
Қасында жалғыз Дәмелі бар Ұлпан кіріп келгенде, Еменалы мен Айтолқын қатты абыржып қалды. Дардай жігіт болып қалған үш ұлы не істерін білмей өре тұра келіп еді, Еменалы: «Шығыңдар!» — деді балаларына.
— Оңаша қалғанымыз жақсы болды,— деді Ұлпан терге шығып отыра беріп.— Мен сендерге қоныс қайырлы болсын айтуға келгенім жоқ, көшіріп әкетуге келдім. Есенейдің жалғыз інісі айдалада жалғыз үй қалғаны ұят па, ұят емес пе? Ауылыңның тұсынан өтіп бара жатқан Сибан көшінен бір адам бұрылып келді ме сендерге? Неге бұрылмады? Сибан сені Есенейдің алдында айыпты санайды. Айыпты екенің өтірік пе? Тыжырынбай тұра тұр! Сен Есенейдің өліміне де ортақсың! Есенейге ең соңғы тиген қара шоқпар сенікі болатын. Содан кейін Есеней бір күн төсектен тұра алды ма? Тұра алған жоқ! Енді сен сол Есенейдің, қатыны Ұлпанға әмеңгер болып Есенейдің төсегіне жатқың келетін көрінеді. Жасың алпыстан асты. Есің болса, енді Есенейдің төсегіне ешкім жақындамасын деп ағаңның аруағын қорғай жүрер едің-ау! Оны ойлаудың орнына, өзің жатқың келіпті. Әменгерлік хайуандықтың бір түрі емес пе? Ұялсаңшы! Есенейдің, жалғыз мұрагері менмін деп дауласқалы отыр екенсің. Өзіңе керегі мал ма? Қанша керек өзіңе? Күні ертең үш балаңды ертіп кел де қанша мал керек болса, соншасын айдап жүре бер. Маған мал керегі жоғын нағып түсінбей жүрсің? Биыл Есенейге мен де ас беремін депсің. Беріп көрші, бір Сибан қатынасар ма екен! Сонда қандай масқараға ұшырайтыныңды білемісің, сен? Есенейдің асын биыл өз үйі берді, келер жылы сен бер. Ашпа аузыңды, жықтыр үйіңді! Көш жайлауға!
— Сонда Сибанның, қай жақ, шетіне қондырасың? — деп қалды Айтолқын.
— Оттамай отыр!— деді Еменалы.
— Қалаған жеріңе қон!— деді Ұлпан.— Шақыр балаларды, қазір кешесің.
Еменалы біржола жасып, тапалып қалды, Ызаланып
келген Ұлпан әр сөзімен тоқтамай соққылап жаншып тағады. Еменалы далада жүрген балаларын шақырды: — Жығыңдар үйді! Көшеміз.
Ақылсыз әкенің долы мінезінен мезі болғам жастар қуанып кетіп, үйлерді талқандап жыға бастады.
Адам алдындағы қарыздарын қалай атқаратындарын кім білсін болыс-билер құдай алдындағы қарызымыздай көрерміз деген уәделерін үш жыл бойы орындай алмай келді. Бес болыс Керейде бес мыңға жақын үй бар, бес мыңға жақын Біжікенмен тұстас еркек бала да бар еді, соның бірде-бірінің басы бос болмай шықты. Қалың мал төлеу керегі жоқ. Барасың да байлыққа не бола кетесің! Қыз қандай! Шеше қандай! Осындай жағдайда Біжікенге күйеу табылмай қойды...
Әр қоғамның қоржын аумас теңбе-тең, қалыпта тұруға тиісті ішкі-сыртқы құрылысын бұздырмайтын өз заңы бар. Болыс-билер сол заңды күзетеді.
Әуелі Ұлпанның үйіне бір баласын беруге болыс-билердің бәрі қызықты, бәрі жанталасты. Ол орайы келмейтін әңгіме болып шықты. Ұлпанның байлығын тал түсте тұтасынан біреуіне бере салу оны екі есе байыту болады екен. Екі есе байыған, екі есе күшейген адам теңбе-теңдік қалыпты бұзбай отыра алар ма? Бүгінгі досыңды ертеңгі жауым деп санау керек. Заманыңның, құлқы солай. Сонымен болыс-билер Ұлпанның байлығын біріне бірі қимай табан тіресіп отыра берді. Ең қызығы Еменалыны мұрагер етіп шығарып, Есенейдің мал-мүлкін шым-шытырық бөліске түсіру еді, ол әңгіме өшіп қалды.
Ұлпанның үйіне бір кедейдің баласын кіргізіп беру де ауызға алынды. Ол тіпті орайсыз әңгіме екен. Кедейдің, баласы Ұлпанның, қолына түскен соң, екі жылда жас Есеней болып шыға келеді. Болысың кім болады, биік, кім болады, бәрі сол үйде шешіледі. Ұлпанның, аузына қарап отырған Сибанның, бет алысы белгілі ғой. Бұл дәстүр сақтаудан қалып бара жатқан ел.
Қос аттап жектіріп тарантасқа мінген ауқатты үйдің, әйелдері көш-жөнекей біріне бірі қосылып, аяғында бәрі Ұлпан пәуескесінің соңынан тізіліп келе жатыр еді. Ұлпан пәуескеден түсіп, жақын келе жатқан әйелдерге:
— Сендер аялдамай тарта беріңдер. Мен қазір қуып жетемін,— деді де пәуескесіне мініп, Еменалының ауылына бұрылып кетті.
Қасында жалғыз Дәмелі бар Ұлпан кіріп келгенде, Еменалы мен Айтолқын қатты абыржып қалды. Дардай жігіт болып қалған үш ұлы не істерін білмей өре тұра келіп еді, Еменалы: «Шығыңдар!» — деді балаларына.
— Оңаша қалғанымыз жақсы болды,— деді Ұлпан терге шығып отыра беріп.— Мен сендерге қоныс қайырлы болсын айтуға келгенім жоқ, көшіріп әкетуге келдім. Есенейдің жалғыз інісі айдалада жалғыз үй қалғаны ұят па, ұят емес пе? Ауылыңның тұсынан өтіп бара жатқан Сибан көшінен бір адам бұрылып келді ме сендерге? Неге бұрылмады? Сибан сені Есенейдің алдында айыпты санайды. Айыпты екенің өтірік пе? Тыжырынбай тұра тұр! Сен Есенейдің өліміне де ортақсың! Есенейге ең соңғы тиген қара шоқпар сенікі болатын. Содан кейін Есеней бір күн төсектен тұра алды ма? Тұра алған жоқ! Енді сен сол Есенейдің қатыны Ұлпанға әмеңгер болып Есенейдің төсегіне жатқың келетін көрінеді. Жасың алпыстан асты. Есің болса, енді Есенейдің төсегіне ешкім жақындамасын деп ағаңның аруағын қорғай жүрер едің-ау! Оны ойлаудың орнына, өзің жатқың келіпті. Әменгерлік хайуандықтың бір түрі емес пе? Ұялсаңшы! Есенейдің жалғыз мұрагері менмін деп дауласқалы отыр екенсің. Өзіңе керегі мал ма? Қанша керек өзіңе? Күні ертең үш балаңды ертіп кел де қанша мал керек болса, соншасын айдап жүре бер. Маған мал керегі жоғын нағып түсінбей жүрсің? Биыл Есенейге мен де ас беремін депсің. Беріп көрші, бір Сибан қатынасар ма екен! Сонда қандай масқараға ұшырайтыныңды білемсің, сен? Есенейдің асын биыл өз үйі берді, келер жылы сен бер. Ашпа аузыңды, жықтыр үйіңді! Көш жайлауға!
— Сонда Сибанның қай жақ шетіне қондырасың?— деп қалды Айтолқын.
— Оттамай отыр!— деді Еменалы.
— Қалаған жеріңе қон!— деді Ұлпан.— Шақыр балаларды, қазір көшесің.
Еменалы біржола жасып, тапалып қалды. Ызаланып келген Ұлпан әр сөзімен тоқмақшы. Еменалы далада жүрген балаларым қырды — Жығыңдар үйді! Көшеміз.
Ақылсыз әкенің долы мінезінен мезі болған жастар қуанып кетіп, үйлерді талқандап жыға бастады.
Адам алдындағы қарыздарын қалай атқаратындарын кім білсін, болыс-билер құдай алдындағы қарызымыздай көрерміз деген уәделерін үш жыл бойы орындай алмай келеді. Бес болыс Керейде бес мыңға жақын үй бар, бес мыңға жақын Біжікенмен тұстас еркек бала да бар еді, соның бірде-бірінің басы бос болмай шықты. Қалың мал төлеу керегі жоқ. Барасың да байлыққа не бола кетесің! Қыз қандай! Шеше қандай! Осындай жағдайда Біжікенге күйеу табылмай қойды...
Әр қоғамның қоржын аумас теңбе-тең қалыпта тұруға тиісті ішкі-сыртқы құрылысын бұздырмайтын өз заңы бар. Болыс-билер сол заңды күзетеді.
Әуелі Ұлпанның үйіне бір баласын беруге болыс-билердің бәрі қызықты, бәрі жанталасты. Ол орайы келмейтін әңгіме болып шықты. Ұлпанның байлығын тал түсте тұтасынан біреуіне бере салу оны екі есе байыту болады екен. Екі есе байыған, екі есе күшейген адам теңбе-теңдік қалыпты бұзбай отыра алар ма? Бүгінгі досыңды ертеңгі жауым деп санау керек. Заманыңның құлқы солай. Сонымен болыс-билер Ұлпанның байлығын біріне бірі қимай табан тіресіп отыра берді. Ең қызығы Еменалыны мұрагер етіп шығарып, Есенейдің мал-мүлкін шым-шытырық бөліске түсіру еді, ол әңгіме өшіп қалды.
Ұлпанның үйіне бір кедейдің баласын кіргізіп беру де ауызға алынды. Ол тіпті орайсыз әңгіме екен. Кедейдің баласы Ұлпанның қолына түскен соң екі жылда жас Есеней болып шыға келеді. Болысың кім болады, биік кім болады, бәрі сол үйде шешіледі. Ұлпанның аузына қарап отырған Сибанның бет алысы белгілі ғой. Бұл дәстүр сақтаудан қалып бара жатқан ел.
Керейдің болыс-билері осындай дағдарысқа ұшырады да, құдай алдындағы қарызымыздай көрерміз деген уәделерін орындай алмай, бірін бірі аңдып бұғып қалысты. Алдағы жылы болыс-билердің қайта сайланар кезеңі де келе жатыр еді. Сайлау қарсаңында шырық бұзатын әңгіменің керегі не?
Осы тұста, марттың орта кезінде өтетін сайлауға ай жарым қалғанда Керейдің болыс-билері шеше алмай қойған әңгімеге буған дейін шеттеп қалған Шәйгөз-Уақ келіп араласты. Қадірменді билері, ауылнай, ақсақалдары бастаған жиырма шақты адам кештетіп келіп Ұлпанның қонақ үйіне түсті.
Ертеңіне Ұлпанға сәлемдесе келіп отырып, арнаулы әңгімелерін бастап кетті. Сөзді кәрі би Өтеміс бастады:
— Сибанның ел анасы болып отырған Ұлпан бәйбіше, сіз білмейтін сыр жоқ шығар, біз қалың Керейдің шеттетіп ұстап келген еліміз. Қожықтың түбі Уақ деп Керей бізді Сибан жорығына да шақырған жоқ. Тап өзіңіз араласпағанда Байдалы мен Тоқай біздің Шәйгөз-Уақты Есекеңнің асына да шақырмақшы емес екен. Аз елдің қашанғы күні осы ғой. Біз аз ғана елміз. Жеріміздің бір шеті сіздің аз ғана Күрлеуіт отырған Қаршығалыға шектес, бір шеті Стап жерімен кірандас, алақандай ғана жер... Бір ауылнайға әрең толатын аз ғана Сибан сіздің арқаңызда кеудесін бастырмайтын ел болды. Сондай кез қырыңызды аз ғана ел Шәйгөз-Уаққа да сала жүресіз бе деп үміт етіп келіп отырмыз. Байдалы мен Тоқайдай ата-тегінен келе жатқан шынжыр балақ, шұбартөс шонжар бізде болған емес. Ойымызды баптап айтуға тіліміз де жете бермейді. Айтайық деп келген ойымыз бойымызға лайық па, жоқ па, оны да шамалай алдық дей алмаймыз. Жаяу кәсіп қылып, орыспен аралас отырған елміз. Ойға олақ, тілге орашолақ, сөз бақпаған, мал баққан шаруамыз. Осыдан төрт жыл бұрын өз аузыңыздан шыққан бір тілек болған екен: Есенейдің шаңырағына Керей-Уақтан қызыңызға тең бір ұл сұрапсыз. Керауыз Керей әлі келісе алмай жүр. Балаңызға тең ұлды біз әкеліп отырмыз. Өзіңіз әбден білетін жігіт, отыз жыл осы үймен дәмдес болған Тілемістің баласы Торсан...
— Торсан көзіміз үйренген жігіт,— деді Ұлпан, бейім көңіл білдіргендей аз ғана күлімсіреп.
— Көзіңіз үйренсе, балама тең емес деп айта алмассыз деп ойлаймыз. Айтқан соң түгел айтайық — Торсан Шәйгөз-Уақтан Қызылжарға пырговор апарып, өз алдымызға оңаша болыс болып отыруға лұқсат алып келді. Сол баланың өзін болыс сайлаймыз деп отырмыз.
— Мен болыстыққа-билікке қызығатын адам емеспін,— деді Ұлпан.— Аз ғана Сибан биліктің тақсыретін тартқан ел. Қалың Керей Есенейдің шаңырағына бір ұлын қия алмағанына өкпем де жоқ емес. Осындай күйде отырғанда Керейдің ұятын бетіне басқандай болып келіп отырған аз ғана Уаққа кім риза болмас! Бірер күн сыйлы қонағым болып жата тұрыңыздар... Бір байламын естіп қайтарсыздар...
Қазақ денелі, кавказ көзді жас жігіт Торсан Ұлпан үйіне кептен бері дәмдес болып келе жатқан. Әкесі Тілеміс қайтыс болғалы Ұлпанның алыс базарларға жұмсап отыратыны осы Торсан еді. Стап қаласында орысша бастауыш мектеп бітірген өзге замандастарынан өресі биік, білгір де ұтымды, ойын-сауықта жұмысы жоқ іскер жігіт. Ірбіт, Тобыл, Қызылжар базарларына барғанда ылғи бір түсі-түгі келісімді бұйымдар әкеледі. Әкесі Тілемісте «алдап соқтым, алданып қалдым» дейтін әдеттер болушы еді, Торсанда ол жоқ. Алдамайтын, алданбайтын, адалдығына кір жұқтырмайтын адам болатын сияқты. Болыс болғысы келуінде Ұлпанға ұнамайтын бір секемал қылаңдап қоятындай сезіледі. Қалың Керейден қашаннан бері зәбір-жапа көріп келген Уақ елінің бөлек болыс болғысы келген кезінде онысын азаматтық деуге де болады ғой! Уақтан басқа Ұлпанға бала беріп отырған да ешкім жоқ. Ұлпан ойы Торсанға тоқтап қалды. Уағы не, Керейі не? Өзі болған жігіттің ата-тегін сұрама деген нақыл дұрыс болар. Біжікенге ұнамай жүрмесе, енді мен айналақтамауым керек.
Біжікен он төртке шыққан, бойшаң болып өсіп келе жатқан бала еді. Ұзын көйлек, үкілі құндыз берік кигенде шешесінен биігірек те көрініп кетеді. Шеше көзінде бір сыр барын күн бойы сезініп жүр. Қызының сезініп жүргенін шеше де сезінді. Әйел сыры сыбырласып айтуды тілейді. Сонда ғана жанға — жан, жүрекке — жүрек тілдесетін сияқты. Ұлпан сол сағатты күтті.
Біжікен шешесіне білдірмей аяй жүреді. Ұлпандай отыз бес пен қырықтың арасындағы әйелдерде ең кемі бес-алты бала бар. Әлі де баладан қалмаған. Ұлпанға берген жалғыз баланы құдай қыз жаратыпты... Ол баласын біреу айттырып алып кетсе, Ұлпан жапа-жалғыз қалады. Шешесінің, сондай күйге ұшырар күні көз алдына келсе, Біжікеннің тұла бойы тітіркеніп кетеді.
Біжікен шешесімен екеуі бір бөлмеде жататын еді. Шамды сөндірді де:
— Апа, мен тоңып қалдым,— деді. Бұл оның күндегі әдеті. Қорқамын дейді, тоңдым дейді, әйтеуір бір сылтау тауып шешесінің қасына біраз еркелеп жатып кетеді.
— Келе ғой, ботам,— деді Ұлпан.
Біжікен келген бойы бет-аузын шешесінің кеудесіне көміп жіберіп, аймалай берді. Қыңқылдап бірдемені сұрағысы келгендей.
— Біжікен— деді шешесі.
— Оһо,— деді қызы мұрнымен ғана құмыққан үн қатып.
— Біжікең сен дұрыстап құлақ салшы. Үлкен бір әңгіме бар...
— Еһе...
— Менің сенен басқа ойлайтын кімім бар...
— Еһе...
— Сен Торсанды жақсы білемісің?
— Еһе...
— Жақсы жігіт пе?
— Еһе...
— Әлде жаман жігіт шығар?
— Э-э!..— Біжікен арқасын бір қиқаң еткізіп қойды.
— Жақсы болса, сол жігіт осы үйге бала болғысы келеді.
— Еһе...
— Күйеу бала болады. Саған күйеу, маған күйеу бала болады.
— Oho...
— Ризасың ғой?
Біжікен бұл жолы үн қатпай шешесін қатты құшақтап, бет-аузынан сүймеген жер қалдырға» жоқ.
— Тоқтай тұршы, Біжікен... Өзі бір алғыр жігіт... екеумізді билеп кетпес пе екен?
— Сені ешкім билей алмайды! Сені билеймін десе, ақылсыз болып шығар. Мен де сенен тудым ғой...
Шешесі мен қызы құшақтасып жатып, ойлары бір екенін ұғынысты да, ертеңіне Ұлпан Уақтың елшілеріне ризашылығын берді.
Уақ пен Сибанның екі жақты тойлары өтісімен Торсан Есенейдің үйіне күш-күйеу болып кіріп алып еді. Қалың Керейдің сал бөксе болыс-билері қанша қарсыласса да, аз ғана Уақ өз алдына болыс болып бөлініп кетті. Торсанды болыс сайлады.
Отызға жетпеген жас жігіт Торсан ояз көлемінде өзге болыстардан анағұрлым етімді, алғыр болыс болып шықты. Ояз бастықтары, пристав, урядниктер топ-тобымен келіп сыйлық алып кетеді. Ұлпанның төрелер түсетін үйі болыс кеңсесіне айналып барады. Қазақ дау-шарын елінің, ауылнай, билеріне беріпті де, Торсан өзі ояз, облыстың барлық қатынас жолдарын бақылап отыратын сияқты. Әрі-беріден соң Керейдің болыс-билеріне де ауыз сала бастады. Ішкі Ресейден көшіп келген қара шаруаларды ояз бастықтары арқылы Керей жеріне аударып жібере алатын беделді болыс болып алды.
Үй-ішілік жайларда Торсан өте жұмсақ. Шайды Ұлпан, Біжікен үшеуі оңаша ішеді. Біжікен шай құяды. Торсан Ұлпанның шыны аяғын әперіп отырады. Кешкі тамақтары да солай оңаша. Торсан Ұлпанның етін турап береді.
— Ішіңіз, апа!.. Жеңіз, апа!..
Ұлпанның Мүсіреп, Құнияз сияқты дос-жар адамдары келсе, Торсан тіпті әкесі келгендей қуанып қалады. Қолдарына су құйып, етті өзі турап, шыны аяқты әзі әперіп отырады.
— Құнияз аға, әттең Уақ болып тумағаныңызды қайтейін... Уақтың болысы сіз болсаңыз, аз ғана Уақ қандай ел болып кетер еді!— деп қоятыны да бар.
— Мекеңдей ақыл иесі, ел ағасы бар Сибанда қандай арман бар екен?—деп, бұл кезде қартая бастаған Мүсірепті де мақтайды.
Күйеу баласына Ұлпан да риза. Керей болыс-билерінен көрген кеп опасыздықты әйел жүрегі ұмыта алмай, кешіре алмай қойып еді. Торсан бала болып қолына кіргелі зәрезәт болып қалған жүрек орнына түскендей, көңілі тынышталып серги бастады. Ұлпанның Сибан арасындағы жұмыстарына Торсан араласқан емес.
Торсан Ұлпан үйіне кіргелі төрт ай еткеннен кейін ғана бір оқыс мінез көрсетті. Қар еріп, қаз-үйрек келіп жатқан ала-сапыран кез еді. Торсан өз еліне барып қатты ренжіп қайтты. Кектене білетінін жасыра алмай келді. Шәйгөз-Уақ жерімен шектес Қаршығалыда жатқан Есеней жылқысын аралай жүріп Еменалының, үш баласына кездесіп еді. Үшеуі жаңа ғана ұсталған үш қара-көк атты жетелеп алған екен. Қыстан күйлі шыққан, жүнін тастаған теңбіл қара-көк аттар мал баласының сұлуы екен. Шоқтықты, кеуделі келген құлаш мойын, қамыс құлақ, ботакөз, төрт аяғында бір мін болсайшы! Шіркін-ай, жаздыгүні қатарлап, қыстыгүні көсемдеп жегіп жүрер ме едің!.. Мына әулекі жігіттер,— өздері он шақты адам — қолдарында қаршыға, ителгі, соңдарында шұбырған тазы иттер, осындай аттарды аңға салмақшы! Біреуін ақсатып, біреуін жауыр қылып қайтады-ау!.. Торсан күйініп кетті. Қысқа ғана амандықтан кейін:
— Шетінен жетелеп жүре беретін бұл бір иесіз жүрген мал деп ойладыңдар ма!— деді, ашу қысып тұрғанын жасырғысы келмей.
— Сен күш-күйеу болсаң, біз ағаларың боламыз. Байкал сөйле, шырағым!—деді, Еменалының үлкен баласы Есенжол.
— Күш-күйеу деген мал-жанның иесі деген сөз емес шығар!—деп оның Ресей деген інісі тұтанайын деп тұрған шоқты бір үрлеп қалды.
— Күш-күйеу мырза, Есенейдің мұрагері күш-күйеу емес, мына біз боламыз!—деді Еменалының үшінші баласы.— Әзір тарынбай шыдай тұр. Біз әлі еншімізді алып болған жоқпыз...
Торсан енді абайласа күш-күйеу деген екі сөздің астасар тұсын әдейі нұқып қалып күшік-күйеу деп тұр екен. Торсан атының басын бұрып алып жүріп кетті. Сол ашуы үйге келгенше тараған жоқ. Үш қара-көк ат көз алдынан кетпей қойды... «Күшік-күйеу» деген қорлау құлағына шегеленіп қалғандай шың-шың етіп тұрып алды.
«Күшік-күйеу, күшік-күйеу, күшік-күйеу!..»
Үш жігіттің көрсеткен мінездері Торсанды қатты ойландырды — ызалана, күйіне ойланды. Бұлар мұрагерлікті әлі ұмытпаған болып шықты ғой. Біжікенге қосылған той үстінде Ұлпан Есенейден қалған мал-мүліктің ендігі иесі қызым мен күйеуім деп әлденеше рет ескерткен. Онда Еменалының өзі де, балалары да үн шығарған жоқ еді. Жұрт көзінше айта алмағандарын ішке түйіп кеткен екен. Тегінде бұған біржола тыйым салынбаса, басынып кететіндері көрініп тұр.
Осы ашумен келген Торсан Ұлпанға әдеттегі әдептілігін сақтай алмай сөйлесті:
— Апа, мен сіздің мал-мүлкіңіздің иесі емес, күшік күйеу екемін,— деп бірден шамдана сөйледі.
— Қарағым-ау, неменеден ренжіп қайттың? Менімен бұлай сөйлеспейтін едің ғой!— деді Ұлпан.
— Еменалының үш баласы Қаршығалыда жатқан жылқыдан үш атты өз беттерімен ұстап алған үстінен шықтым. Бір-ақ ауыз сөз айттым. Бұл иесіз мал емес еді ғой деп едім, «иесі біз боламыз» деді. Аяғында маған «күшік-күйеусің» деді.
— Торсан қарағым, бір үш ат үшін осынша қынжылмай-ақ қой, балам... Осы үйде әлі мыңға жақын жылқы бар, Біжікен екеуіңе мол жетеді. Ана жылы Керей-Уақ би-болыстарының төтенше съезінде жесір қалған ұлы жоқ әйел ерінен қалған мал-мүліктің үштен бірін ерінің туысқандарына берсін деген байлам болған. Мен соны дұрыс көріп Еменалыға ағаңнан қалған мал-мүліктің үштен бірі сенікі деп келдім. Қанша жамандасақ та еркек екен алмай келді. Балалары бір еркелік істесе, кешіре сал, шырағым. Бұдан былай ондай тентектікті істемес. Айтармын...
— Жоқ, апа... Мұрагерлік дегенге шек қойылу керек. Беретініңізді біржола беріп, біржола құтылыңыз. Өмір бойы мұрагер болып, өмір бойы көңілі ұнатқанды шетінен жетелеп әкете берсе, бір күн тыныш үйықтай алмайтын болмаймыз ба?! Мен осы үйдің иесімін бе, болмаса шын-ақ күшік-күйеумін бе?
— Шырағым-ай, таусыла сөйлемесең де болатын еді. Жарайды, тоқтатайық осымен. Бүгін дем ал, қалғаны болса ертең сөйлесерміз.
Торсан кеткен соң Ұлпан ойланып қалды. Бұл немененің лебі? Болыс болған соң бұзыла бастағаны ма, әлде өзінің жаратылысында жасырып келгені болды ма екен? Қандай әдепті, қандай жұмсақ жігіт еді, неліктен жарыла жаздап тұр? Қой, жас жігіт бұла өскен әдемі аттардың үшеуін бірдей әлдекім әкетіп бара жатқанда қызып кеткен болар. Жақсы атқа қызықпайтын жігіт бола ма... Онысын айып көрмей тұра тұрайық. Еменалының балалары есерсоқ, бейпіл ауыздау ғой, барлық бәле солардан-ақ басталған шығар. Ие, мынау сенікі, мынау оныкі демесем, болмас... Торсанды үйіме ұлым деп кіргізіп алған екемін, енді оны мазалай беруге тыйым салынғаны дұрыс болар.
Ұлпан Еменалыны шақыртып алды.
— Тентек қайным, сен көп жылдар бойы менімен келісе алмай жүрдің. Осы күні, құдайға шүкір, Есенейдің төрі сенікі, ой-тілегіміз бір. Мен не айтсам да, риясыз айтты деп сене бер. Сіздің балалар Қаршығалыдағы жылқыдан үш атты өз беттерімен ұстап әкеткен екен күйеу балам соған қатты ренжіп келді. Балаларға айтып қойсайшы — ат керек болса, үшеу емес, жиырмасын берейін, тек сұрап алатын болсын. Былтыр ашу үстінде түсіндіріп айта алмадым — сен осы үйдің малының үштен біріне ортақсың. Қай күні алғың келсе, сол күні бөліп берейін. Осы айтқаныма сенемісің?
— Сенемін, Ұлпан, сенемін. Сен бір әулиедей адал адамсың ғой. Сенемін. Бірақ, енді мен Есенейдің малын талап жатыр деген атаққа қалмаймын. Бір лағыңды алмаймын. Өзім де сотқар едім, балаларым менен ұзап қайда кетсін. Иттің күшіктері бәрі сотқар. Тек келсін, шетінен сойып салып, аттарыңды қайтарып берем!
— Жоқ, Еменалы, олай етпе. Балаларды сабама. Бірде болмаса, бірде өзіңе қолдары тиіп кетер. Аттарды қайтарма. Балалардың ойында жәбір қалмасын. Күйеу балам мен жеңдім демесін де, сіздің балалар біз жеңіліп қалдық демесін. Біріне бірі өшікпесін.
— Жоқ, жоқ! Аттарыңды қайтарып беремін!
— Жоқ, қайтармайсың! Екі жүздей ғана жылқың қалыпты, ағаңнан енші ал!
— Еменалы өз еліне өзі енді ғана әрең сыйысып келеді, Ұлпан. Мен аузы күйген адаммын. Мені тағы бір сөзге ілектірмеші, айналайын. Балалар еркелеп ат сұрап келсе, өзің беріп тұрарсың. Ендігәрі мұны сөз қылмайық. Мені күні-түні булықтырып жүрген басқа бір арманым бар. Сол арманымды орындамай адам болар емеспін...
— Оның тағы немене еді?
— Ойлай-ойлай басым қатты... Мең өзің айтқандай, үлкен күнәлі адам екемін. Есенейдің өліміне де ортақ екемін. Сол күнәларымнан қалай ақталамын? Есенейдің орнына бадел-хажы болып Мекеге барып келсем қайтер екен?
— Есеней қайтыс болар алдында, елімен бақылдасқанда не айтқанын ұмытып қалдың ба? «Құдай маған қарыздар болмаса, мен құдайға қарыздар емеспін!» демеп пе еді? Оны неге айтып еді, кімге айтып еді, есіңде ме?
— Есімде... Бақылдаса келген адамдар — сіздің орныңызға бадел-хажы етіп біреуді Мекеге жіберіп алсақ қайтер дегенде айтқан.
Он жыл ауру азабын тартып жатқан Есеней кейде қатты күйініп кетуші еді. Ақыл-ойы орнында, сана-сезімін де кінарат жоқ. Тек өз денесін өзі билей алмайтын болып қалғанына қатты назаланатын. Бірер жыл: «а, құдай, бір өзіңе құлшылық етуден басқа дүниеге көз салмайын, намазға тұра алатын саулығымды қайтарып берші»,— деп жатты. Омбы, Түмен Селебе докторларының қайтарып бере алмаған саулықты құдай қайдан қайтарып берсін, ауруы меңдей берді, меңдей берді. Ақыл-ойы орнында, сана-сезімінде кінарат жоқ, күйінеді де жатады. Кейде қолыма пышақ ұстай алсам жарылып өлер едім деп те ойлады. Ұлпаннан у сұраған кезі де болды.
Ұлпан бір жасқа толған Біжікенді әкесіне көрсетуге алып келген күннен бері жан азабы күшейіп кетті. Жалғыз нәсілін қолына алып сүйе алмаған аймалай алмаған азап біткеннің ауыры екен. Бұл тантал азабы ғой! Бұл да тоқталар. Таусылары жоқ мәңгілік азап қой!
— Алып кетші, Ақнар... алып кетші, әкелмеші...— деп әрең айтты.
Содан бері Есеней қызының неше жасқа келгенін ішінен санайды да жатады... Бір жыл, бір ай, бір күн... екі жыл, екі ай, екі күн...
Біжікеңнің күлген-жылағаны құлағына тисе, мүгедек әке оны да санай жатады. Бүгін екі рет жылады, бес рет күлді...
Осындай азапта ұзақ жатқан адам қайтыс болар алдында құдай маған қарыздар болмаса, мен құдайға қарыздар емеспін! — деді де көзін жұмды. Бұдан кейін бір ауыз сөз айтқан жоқ.
Бұл молдаларды шошындырып жіберген сөзі болатын. Бұл Сибан елінің жасырып қойған сөзі болатын. Оңаша болғандықтан Ұлпан соны Еменалының есіне салды да, соз аяғын Еменалының өзіне бұрды:
— Сең Еменалы, бір кезде алды-артыңа қарамайтын сотқар болып едің, енді алды-артыңа қарамайтын діндар болғың келе ме? Олай былжырамай-ақ қой! Күнәң барын мойныңа алып, енді ондайдан көңілің тазарса, ақталған деп соны айтатын көрінеді. Сең қой, әуре болмай. Еліңде бір ақ көңіл адам болып отырсаң, күнәдан арылғаның сол... Сен ең берісі Қызылжарға барып көрмеген адам, Мекенің қай жақта екенін де білмейсің. Отыр үйіңде!
Еменалы кеткен соң Ұлпан Шондығұлды шақыртып алды:
— Қаранар, сен кешке дейін осындағы жылқыдан үш теңбіл шұбар ат алып келе алмассың ба екен?—деді Ұлпан Шондығұлға. Шондығұл Ұлпан «Қаранар» десе істемейтіні болмайтын еді.
— Жоқ, әкеле алмаймын! — деді бұл жолы.— Бүгін сейсенбі, сәтсіз күн. Сәтсіз күні үйден түс ауған соң шығу керек. Сонда таң атқанша әрең оралып келесің. Жылқы әлі алысырақта жатыр.
— Таң атқанша оралып келсең болады, Қаранар... Үшеуінің де түсі-түгі үйлес, дене бітімдері қарайлас болсын. Қатарлап жегуге керек болып тұр.
— Ар жағын айтпай-ақ қой, әкелем...— Шондығұл шығып кетті.
Торсан кешкі тамаққа келмей, кеңсесінде болып еді. Таңертеңгі шайға да көңілсіз келді. Ұлпанның шыныаяғын жерген болып отырса да, көңіліндегі қаяу қала беріпті, кетпепті.
— Торсан қарағым, үш теңбіл көк-шұбар ат алдырып қойдым, көрген жоқсың ба? — деді Ұлпан.— Қызылжарға сол үшеуін жегіп барарсыңдар...
— Мен көрдім, апа! Мұндай да жылқы болар-ау деп ойламайтын едім! — деді Біжікен. Торсанның жүзі де жадырап сала берді:
— Сен нағып айтпадың маған?
— Сен түн бойы теріс қарап жатпадың, ба?.. Содан соң көрімдік алғым да келіп кетті...
— Жүргенше арбаға үйретіп алыңдар... Дала жылқысы қалаға барғанда жоқтан өзгеден үрке беретіні болады. Бұлар әкеңнің оңаша бақтырып, өзге тұқымды жылқыға араластырмай есіретін малдары еді. Әкең соңғы рет қасқыр қуып жүріп суға құлағанда астында осындай теңбіл көк шұбар ат болған екен. Сонда әкең әуелі атты шығарып алыңдар депті, Жүйрік те ежет, қасқырға бір құлынын бермейтін тұқым деп отыратын еді.
Торсан шайдан кейін аттарды көріп келді де:
— Апа, сіз, әулие десе, әулиесіз ғой. Еменалының балалары мініп кеткен үш қара-көк мынау үшеуінің садағасына тұрмайды. Кеше сізге айтуға болмайтын сездер айтсам, кешіре көріңіз. Балаңыздың балалығы болған екен. Мың рет кешірім сұраймын,— деді.
— Е, мен ондайды көңіліме тоқи беретін адам емеспін, қарағым. Өз асығыстығыңды өзің білсең, өз артық кеткеніңді өзің түзей алсаң, болды.
— Жоқ, апа, құдай алдында ант етем: сіздің құлағыңыз бұдан былай бір ауыз артық сөз естімес!
— Болды, болды, шырағым. Кеше сен мұрагерлік дегенге шек қою керек дедің. Оның дұрыс екен. Бірің ұлым, бірің қызым, осы екеуіңнен басқа менің мұрагерім жоқ. Осыны жұрт жинап тағы бір естірт десеңдер, соларыңды істейін. Қағаздатып қоямыз десеңдер, қағаздатып қояйық.
Енді мұны созбаққа салмайық. Кешке дейін ойланыңдар да, сөздеріңді байлаңдар.
Торсан мен Біжікен кешке дейін келісе алмады. Он төрттегі жас Біжікенге мұрагерлікті ауызға алу шешесіне өлім тілеумен бірдей көрінді.
— Апам өзі бастады ғой.
— Апам бастаған жоқ. Қаршығалыдан сен алып келдің осыны!
— Сенің ағаларың «біз мұрагер» деп тұрса, әкелмегенде қайтейін.
— Жайдан-жай айтпаған шығар!.. Сен боларсың әуелі тиіскен.
— Бұл шетінен жетелеп әкете беретін иесіз мал емес қой дегеннен басқа еш нәрсе айтқаным жоқ.
— Соның өзі жетіп жатқан жоқ па!
— Неменесі жетіп жатыр?
— Бұл малдың иесі мен депсің! Одан артық не айтайын деп едің?
— Мен малдың иесі емеспін деуім керек пе еді.
— Малдың иесі болған кісі олай айтпайды. Соны айтқанда көзіңнен қандай от шашып, оқ атып тұрдың екен!
— Енді соны есіме алғым келмейді, Біжікен. Жалын десең, жүз рет жалынайын, аяғыма жығыл десең, аяғыңа жығылайын. Осы әңгімені тоқтатайықшы осымен.
— Онда мұрагер деген әңгіме де тоқтасын осымен.
— Оны апам өзі шешетін болсын. Апам не айтса, мен соған құлмын!
— Жарайды.
Кешкі шай үстінде Ұлпан балаларынан сөзді неменеге байладыңдар деп сұрады.
— Сіз не айтсаңыз, соған тоқтайтын болдық,— деді Торсан.
Ұлпан қызына қарап еді, Біжікен басын изеді.
— Менің айтқаныма көнетін болсаңдар, қазір екеуің қансаралдарыңа барыңдар. Хатшың бар, тағы кімдерің бар, ақылдасып отырып, мал-мүліктің иесі ұлым Торсан, қызым Біжікен деген қағаз жаздырып әкеліңдер. Маған ешнәрсе қалдырмай-ақ қойыңдар. Еменалы енші сұрамайтын болды. Оны да жазыңдар. Өзі қолын қойсын. Келіп жатқан төрелерің болса, олар да куә болып қол қойсын. Мен жатпай отыра тұрамын. Осы жұмыс бітпей тұрып ұйқым келер емес.
Қағаз түн ортасы кезінде жазылып та болып еді. Есенейдің жалғыз мұрагері Ұлпанның атынан жазылыпты. Ақылды Торсан мал-мүліктің қақ Жартысын Ұлпанның, өзіне қалдырып, өзгесін Біжікен екеуінің атына көшіріпті. Екі ауылнай, пристав қол қойып, мөрлерін басқан. Ақшақатта тайғанаған түйенің ізіндей баттиып түскен Еменалының, бармағы да тұр.
— Маған неге мал-мүліктің қақ жартысын қалдырдыңдар? — деп сұрады Ұлпан.— Маған ештеңе қалдырмаңдар деп едім ғой. Біжікен сенбісің, осыны істеткен?
— Мен үштен бірін деп едім, мынау болмады,— деп Біжікен Торсанға қарады.
— Апа,— деді Торсан,— апа, сіз, алып үйренбеген беріп үйренген адамсыз... Біреу ат сұрап, біреу сауын сұрап келсе, балалардан сұра деп отыратын боласыз ба? Жоқ, апа, қақ жартысын бізге бергеніңізбен бәрібір, бәрінің иесі сіз... Қағаз не тәңірі, әшейін айбар ғой...
Ұлпан күйеу баласына ішінен риза болды. Жо-жоқ, Торсан ана сыйлай білетін жігіт екен. Білімді де, ақкөңіл адам болар. Байлыққа қызықпау деген екінің қолынан келе бермейді. Қағазға бармағын басып, «Есеней Естемесов» деген орысша жазуы бар мөр басты. Өзінің бірдемеге қол қойғанын Ұлпан ылғи осылай, Есенейдің мөрімен куәландыратын еді. Ана көңілі енді ғана біржола тыныштық тапты.
Ауылдар қысқы үйлерін тастап, жазғы тұрым жылжып қонатын көлдеріне көшіп келді. Көлдер толы қаз-үйрек. Қыс бойы тамырларына орап жер қойнына терең тығып сақтап қалған гүлдерін дала мырза жер бетіне түгел шашып жібергендей. Кеше ғана қоңырқайланып жатқан жер бетінің бүгінгі ернегін ауызбен айтып жеткізе алмастай. Таңертең жортып келе жатқан ат шашасынан ақ меруерттер шашылып отырады. Қалың орманды, келі кеп, қара топырақты жердің түн бойғы демалысы есімдік бастарына қалың шық болып қонады.
Күн шықпай оянған бозторғайлар күн батқанша сайрайды. Бозторғай даланың ең жақсы көретін, ерінбейтін әншісі. Киіз үйіңде отыр, атпен келе жат, ол ән үзілмейді.
Осы бір кезде Ұлпанның үйінде де жазғытұрғы шақтың келісімі бар. Ұлы мен қызының ойын-қалжыңдары кейде өткір шықса да кінаратсыз, жарасымды аяқталады. Бірін бірі әдейі ұштап, әдейі қайрап, ширатып жүретін сияқты. Торсан бірдемені «мен» деп бастаса, Біжікен «сен емес, мен» деп киіп кетеді.
— Айтпақшы, сен екесің ғой... өзің айта ғой апама,— деп Торсан бүгін де оңай кене салды.
— Апа, біз Қызылжарға ертең жүріп кетсек, ұрыспаймысың?
— Жоқ-е, тәңірі...
— Мынау, енді үш күннен кейін жүрейік деп еді, мен ертерек барып қаланы көргім келеді.
— Өздерің біліңдер... қаланы да араларсыңдар, базарын да көрерсіңдер. Пәуескемен жүріңдер...
— Жоқ, апа! —деп Торсан ыршып кетті.— Жоқ, жоқ... Сіздің пәуескеге мен өмірімде мінер ме екем!.. Жұрт жабыла күлсін демесеңіз оны ауызға алмаңыз,— деді.
Ертеңіне үш теңбіл шұбарды тарантасқа қатарлап жегіп Торсан мен Біжікен ояз шақыртқан болыстар съезіне жүріп кетті.
Ел жайлаудан қайтып, күздік көлдерге жылдағысынан гөрі кешеуілдеп келіп қонып жатыр еді. Ұлпанның шешесі Несібелі қайтыс болған хабары келді. Жайлауда отырғанда Ұлпан Торсан мен Біжікенді ертіп барып, біраз күн шешесінің қасында болып қайтқан. Сексенге келіп қалса да, байғұс кемпір тың еді. Біжікеннің екіқабат екенін танып:
— Немеремнен туған баланың маңдайынан бір иіскесем болады. Содан соң алатын құдай ала берсін,— деп қалған.
Ұлпан бұл жолы балаларымен бірге Еменалыны ертіп барып шешесін жерлесіп қайтты. Балалары сол жақтан Торсанның еліне қонақтап қайтуға кетті. Былтырғы той кезінде болмаса Біжікен ол елге барған емес-ті.
Жазғытұры Біжікен Қызылжардан толып-тасып қайтып еді. Қызылжар төрелері жас келіншекке көп көңіл бөліпті: мақтапты, сыйлапты, аққуға теңепті. Ояз бастығының әйелі бір жолы Біжікенді қалаша киіндіріп, өзі Біжікеннің сәукелесін киіп, ойын-сауық үйіне апарыпты.
Жайлауда Сибанның қыз-бозбаласы Біжікеннің қасында болды. Күн батса алты бақан, ақ сүйек. Жаңа Кәукер — Бикендер, жас Ұлпан — Шынарлар Сибан жайлауын ойын-сауыққа толтырып өткізді. Жаңарған ойындар бар, жаңа әндер бар, жаңарған жастар бар екен. Барлық жаңа әндер Біжікен отауында тоғысып, сол отаудан тарап жатты. Осы жаз, осы жайлау Ұлпан шешенің бақыт дәмін тойына татқан кезі болды. Енді бір-екі айдан кейін немерелі болуын асыға күтетін.
Жастар жағынан ойын-сауықтарға араласпайтын, құлағына ән кірмейтін бір-ақ адам бар, ол — Торсан. Ол өте іскер болыс. Дамылсыз ел аралайды. Дамылсыз Қызылжарға барып қайтады. Күні-түні қолымызды босатпайды деп хатшылары зар қағады. Ел мойнында он тиын «недоимке» қалса, атымызды саттырып төлетеді деп ауылнайлар зыр қағып жүреді.
Торсанның елінен Біжікен көңілсіз қайтты. Едәуір таралыпты. Өңі қуаң тартқан, құса беретін болыпты. Әйелдің екіқабат кезінде ондайлар бола береді. Ұлпан еш нәрседен қауіптенген жоқ. Арба соғып, шаршап келген шығар деп ойлады да қойды. Қызын еркелетіп, сылап-сипап көңілін аулай берді.
Біжікен көңілі кейде жадырап кетеді. Шешесіне қалжың, айтады:
-— Апа, сен маған екіқабат болған кезіңде мен сенің қай жеріңнен тепкілеп жаттым? — деп әурелейді.
— Аяқтарыңның есінде қалмап па? Аяқтарыңнан сұра? ! — дейді шеше.
— Түнде тыныш жатушы ма едім?
— Іште жүргенде сен күн-түн дегенді қайдан білейін деп едің!..
— Ауырсынатын ба едің?
— Жоқ-е, тәңірі... Сен ішімде жатып аунақшығанда менімен ойнағысы келетін шығар деп қуанушы едім.
— Мен де сөйтем, апа...
Кейде Біжікеннің осындай қалжыңдарының өзінде бір әдейілік бардай сезіледі. Әлденені білдіргісі келмей, шешесін алдаусырататын сияқтанады. Шешесі үйде жоқта жылап алатыны байқалады. Оны шеше білмей қояр ма! Ұлпан ойына осы жағынан бір күдік байлана берді.
Торсан Біжікеннен екі күн соң келді. Қызылжарда ұры-қарыға тыйым салуға арналған съез бар екен. Соған жүруге асыға келді. Хатшылары түн бойы қағаз жазудан бас көтерген жоқ. Қасында Уақтың екі биі бар, Торсан өзі түн бойы Ұлпаннан ұры-қарыға Есенейдің қандай жаза беретінін сұрастырып отырды да, таң ата Қызылжарға жүріп кетті. Біжікенмен қай уақытта, қанша уақыт бірге болғанын ешкім білген жоқ.
Кешке қарай Біжікен шешесіне қатты ауырып қалғанын айтты. Уақтан қайтқан жолда ауыра бастаған екен.
— Ішім жарылып барады,-— деді.
— Арба соғып тастайды. Ештеңе етпес. Доктор шақыртайын ба?
— Шақыртшы, апа...
Ұлпан әуелі түсік бола ма деп қорқып еді. Олай бола қалса, Ұлпанға ең үлкен қайғы сол болар еді. Ондайдың белгісі жоқ екен. Бірақ, Біжікеннің іші тым көтеріліп, кернеп барады. Қандай тамақ жақпай жүр екен?
Стап пен Кпитаннан үш дәрігер келіп еді, олар да не ауру екенін біле алмай, қысылып тұрған секілді. Біріне бірі көнбей тұрғандай, кезек-кезек бастарын шайқайды.
— Соқырішек жарылып кетпесе жарар еді.
— Сол болып шықса біздің, қолдан келер не дәрмен бар!
Біжікен таң ата қайтыс болды. Тегі сол соқырішек жарылып кеткен болу керек. Іші күмп болып көтеріле-көтеріле екі өкпені сығымдап, тыныс жолы құм құйылғандай тарыла-тарыла аяғында біржола бекіліп қалды. Шеше мен баланың жасқа толы көздері біріне бірі дәрменсіз қадалысып, бірін бірі бұлдыр көріп бара жатып қош айтысты.
Жасырып келген сырын Біжікен шешесіне жарық дүниеден үміті үзіліп, жаны алқымға келгенде ғана айтып кетті:
— Торсан бұзық адам екен... енді менің денеме... соның қолын... тигізе көрме, апа! —деді.
Біжікен қайтыс болғалы Ұлпанның күні-түні, әрине, жылаумен өтіп келеді. Бір үйде жалғыз. Жылаумен жатады, жылаумен оянады. Шашы едәуір ағарып кеткен. Кейде күн шықпай Біжікен зиратының басына барып отырады да, күн бата қайтады. Үлкен киіз үйде өзінен басқа жан жоқ, үн жоқ. Ұлпанның қайғысын бірге қайғырысқан көрші ауылдар да көп дабырлай бермейді.
Біжікен шешесін жалғыз қалдырып кетті. Туған-туысқан, аға-іні, апа-қарындас дегеннен ешкім жоқ. Жалғыз қалды, жапа-жалғыз қалды... Жалғыз қалған кім? Ұлпандай шеше ғой. Бір елге ана болып отырған ана да жалғыз қалады екен-ау!
Кешке қарай Ұлпанның қасында үй толы адам отырады. Ұлпанның көңілін көтереміз деп әр ауылда қандай жақсылық болып жатыр, соны айтысады. Биыл егін шығымды екен. Десятинасынан отыз пұттан кем түспес... шөп те сондай.
— Апыр-ау, әй, Ұлпанның жалғыз ақ нары отызға жақын түйе болыпты-ау!.. Биыл үш нар боталапты.
— Ақ бура қандай, жардай түйе болды. Жалғыз Жәпек болмаса, маңайынан жан жүргізбейді.
Ақкөңіл анайы адамдар осылай көңіл аулай отырып, сол көңілді жаралап алғандарын байқамай да қалады.
— Жарықтық теңбіл көк шұбардың тұқымын айтсайшы! Есекең қысқа қарай қасқырға ылғи көк шұбар ат мінуші еді ғой. Көк шұбар айғырды жиырма құлынды биенің құнын беріп алдым деп отырушы еді.
— Айналайын Біжікенді айтам-ау... Уақтан қайтарда үш теңбіл шұбарды жектіріп алып ауылға жалғыз тартып отырыпты. Торсанға өзің бірдеме қылып жетерсің депті.
Біжікен мен Торсанның аты аталғанда Ұлпанның көз жасы төгіліп кетеді. Өлім қайғысына Біжікеннің ең соңғы айтқан қайғысы келіп қосылады. «Торсан бұзық адам» деп не себептен айтты екен. Біжікен жоқтан өзгеге өкпелей береткісін шетін жанды жас емес еді. Біжікеннің ауылға жалғыз қайтқанында үлкен бір себеп барын нағып байқамағамын. Біжікен де өзім сияқты, көзі жетпей тұрып көңілі қалмаушы еді ғой! Көңілі бір қалса қайтуы да жоқ еді. Байғұс бала Торсанның бір күнәсін кешіре алмай кетті. Онысы не болды екен?
Торсан Біжікенді жерлеп болғаннан кейін келген. Қайғырып келді. Көп өкінді. Екі-үш күн зират басынан кеткен жоқ. Күйрек жанды адам болу керек, бозарып, жүдеп кетті... Енді оның бар ойы жалғыз қалған шешеге қамқорлық көрсету болып қалғандай еді. Өзі өлердей қайғы жұтып жүріп, бар баққаны, бар күтері Ұлпан болды да қалды.
Бұл кезде Ұлпанның көңіліне ешкімнің аяушылығы, ешкімнің қамқорлығы кіріп те шықпайтын. Бір қайғысын ұмыта алмайды, ол — Біжікен өлімі. Енді бір қайғысын шеше алмайды, ол — Біжікеннің Торсан туралы соңғы айтқаны.
Торсан Біжікеннің қырқы өткенше үйден шықпап еді, одан кейін амалсыз болыстық жұмыстарымен болып кетті. Кеңсесі осында болғанымен басқаратын елі басқа жерде болғандықтан көбінесе сол елі жағында жүретін болды.
Қыс ортасында Қызылжарға кетіп бара жатып Торсан кеңсесіне соғып еді, бұл жолы оның түсі Ұлпанға тіпті ұнамай қалды. Жонданып-жоталанып алған екен. Даусы қоюланып алған ба, қалай. Мұрнынан сөйлейтін болыпты. Әр с.өзін өлшеп-пішіп, салмақтап алып айтатын болыпты. Бұл енді көрген қайғысын ұмытқан адам емес, тіпті қайғы көрмеген адам. Біжікен басына жалғыз барып қайтты. Жақын адамның басынан қайтқан кісі азды-көпті мұңайып, бірлі-жарымды күрсініп қалары болушы еді, Торсан жүзінде ондайдың белгісі жоқ еді. Дәл аттанарда қайғы жүдеткен Ұлпанға аяушылық көзімен қарап:
— Апа-ай, дұрыстап шайыңды қайнатып беретін кісің де қалмады-ау!...— деді.
Мұнысы абайлаған адамға «тезірек үйленбесем болмас» дегендей естілер еді, Ұлпан оны естіген жоқ, құлақ асқан жоқ.
Осыдан ай жарым өткеннен кейін Торсан өзі елінде жүріп Ұлпанға Өтеміс биді жіберіпті:
— Бар ойлайтыным апамның жай-күйі... Лұқсат етсе, шайын құйып, төсегін салып, күтімінде болатын бір келін әкеліп берер едім,— депті.
— Маған ешкімнің күтімі керек емес. Үйленем десе өзі білсін. Жас жігітке үйленбе деп кім айта алады,— деді Ұлпан.
Бұл кезде баяғы Күрлеуіт ауылында, Торсанның өз елінде ерсілі-қарсылы тойлар болып жатыр еді. Торсан үйленіп алды.
Ұлпанды кіші баласы Мырзашқа айттырып қойған Түленнің әкесінің әкесі. Тілепбайдың шешесінің, сіңлісі Ақбайпақтан туған Қарабайдың Қайыргелдісінің, жиені Игембердінің немере қызын алып отырған Ырымбектің Жәуке деген қызы бар еді. Торсан соған үйленді.
Ырымбек Ұлпанның жылқысын баға жүріп, бұл кезде байшікештеніп алған еді. Торсан іргелес отырған Күрлеуітке қона-түстене жүріп сол Жәукемен көңіл қосып қалған. Айттырамын деген уәдесі де бар еді. Амалы не, Біжікенге үйленген соң аралары суыса бастап еді, аяғында тағы табысты.
Жәуке сұлу қыз. Бойы шарғылау болса да, дене бітімінде олпы-солпысы жоқ, бәденді жаралған. Аз ғана мінезі шәлкестеу... оның оқасы не, тәйірі! Торсан оның жынын бір қаққаннан қалдырар ма екен!
Торсан Жәукені Ұлпанның үйіне март айында алып келді.
— Міне, апа, келінді болдың... енді күтіміңе уайым жеме! Күрлеуіт қызы, өзіңнің жақын сіңлің,— деді.
Ұлпан түрегеліп Жәукенің бетінен сүйді де:
— Құтты қадамың болсын, шырағым,— деді.
Жәуке пысық адам екен. Біжікен қайтыс болғалы едәуір салақсып кеткен үй ішін қақтырып-соқтырып, жылдам иелене бастады. Анда-санда үй жинаудың ретін Ұлпаннан сұрап алады да, ойдағыдай етіп шығарады. Тек ауылдың әйелдеріне тігірек келіп қалады. Әдеттегі ағайындық жолымен келіп жәрдем етіп жүрген әйелдерді осы үйдің не күніңдей, не жалшысындай көріп менсінбей жұмсайды.
Алдымен көзіне бір түсіп кеткенде Дәмеліні жәбірлепті:
— Сен кемпір, осы үйдің қонағы емес шығарсың. Апамның қасында отыра бермей, қолың, бірдемеге тисін де! Ішетін-жейтініңді ақтап жесейші! — депті.
Дәмелі Ұлпанға жылап келді. Басқа еш нәрсеге араласуды қойған Ұлпан Дәмеліге араша түсті. Жәукені шақыртып алып:
— Шырағым, сен бұл кісіге соқтықпай жүр. Бұл кісі менің жан-серіктерімнің бірі болады,— деді.
— Ендеше отырсын! — деді де Жәуке кетіп қалды. Әдейі дөрекілеу жауап қайырып, шамданып кетті.
Қашанғы әдеттері бойынша осы үйдің жұмысына ақысыз-пұлсыз жәрдем еткен әйелдер кешке қарай Ұлпанның қасына келіп отырып, ең болмаса бір шай ішіп кететін еді. Бүгін ол да болған жоқ.
— Болды. Кете беріңдер!—депті Жәуке. Әйелдер өкпелесіп тарасыпты.
Жәукенің осындай мінездерінен Ұлпанмен екі арасы да жағыса алмай келеді. Жәуке осы үйге кіре-бере иесі бола кетермін деп ойлап еді. Иесі мына қақбас кемпір екен. Біжікеннің, төсегі тұр деп бір бөлмеге кіргізбей қойды. Бір бөлмеде өз төсегі. Күн бойы келім-кетім кісілерін күтіп үлкен бөлмеде тағы өзі отырады. Бізге тигені бұрыштағы жалғыз бөлме... Өзге дүниесіне қол тигізер емес.
Жәуке Торсанды түн бойы қажап-қайрап шығады:
— Сен бұл үйдің ұлы да емес, иесі де емес екенсің. Маған айтқаныңның бәрі өтірік екен. Маған құдай алдындағы уәдем — сені айттырамын деп жақындасып, бір алдап кетіп еді. Есенейдің барлық мал-мүлкі екеуміздікі деп тағы алдапсың! Сен ана қақбас кемпірдің, базаршысы... Ол сені ұл қылып алмапты, күшік-күйеу, кірме етіп алыпты,— деп күйдіреді. Тілі удай ащы.
— Қызының жылы етсін де... Шыдай тұршы.
— Онда мені үйіме апарып таста! Сүйіктіңнің жылы еткен соң әкелерсің.
— Ол тіпті ұят болар еді. Шыдай тұр дегенге түсінсеңші...
— Немене, сүйіктіңнің мұнарасын салып болғаныңша шыдайын ба?
— Ол да керек. Оны салдырмасам, бүкіл Сибан екпелі болар еді.
— Ендеше, мен бір күні қақбас кемпірдің түссем, өзің де өкпелеме!
Торсан шошынып қалды. Жүріп-тұруды азашын бақылап отырмаса, Жәуке бірдемені бүлдіретіні рас сияқты көрінді.
— Жәуке, айналайын, сен менің не айтқаныма түгел түсініп алшы. Істің жөні былай ғой...
— Түсінгім келмейді. Өзің бері бұрылып жатшы! — Торсан бұрылып жатты...
Үй-ішілік жайлары анда-санда осындай күйге ұшырай берген соң Торсан ешқайда кетпей Ұлпан мен Жәукенің арасын бақылауда болды. Ұлпан түйіліп қалғандай ешбір мінез көрсетпейді, қайта Жәукенің жәбірленбеуін ойлап көп нәрселерді алдын ала ескеріп отырады. Қыс бойы далада тұратын жүктерін ақтарып Жәукенің бөлмесіне жаңа кілемдер, жаңа төсек-орындар берді. Өз бөлмесінде тұратын француз айнасын сыйлады. Жәукенің екіқабат екенін біліп, ақылын айтып жүрді. Бірақ, Жәукенің іші жылынбай қойды. Жәуке тарына берді.
Жона бергеннің жұқарар кезі, соза бергеннің үзілер кезі бар. Ұлпан сол кезеңіне бір-ақ күнде ұшырасып қалды.
Біжікеннің басына әкесінің мұнарасынан гөрі кішірек, қызға лайық мұнара орнатып болған соң, Ұлпан шешесінің жылын беріп қайтуға әзірленіп еді. Үш ақжал күрең пәуескеге жегіліп жатқан. Ұлпанмен бірге бармақшы болған Шынар да келіп отырған. Пар ат жеккен тарантаспен Еменалы да келе жатқан. Жәуке отауынан шығып, ат жегіп жатқан Шондығұлға:
— Пәуескені жекпе... тарантасты жек. Құда түсерге бара жатқан жоқ қой! — деді.
— Бәйбішенің өзі осылай деді ме? — деп сұрады Шондығұл.
— Мен айтып тұрмын ғой! Естімей тұрмысың?
Отауынан Торсан да жүгіре шығып, Жәукені оқты кезімен бір атып қалды да, үлкен үйдегі Ұлпанға келді.
— Апай, біз ертең Қызылжарға жүретін едік... Келініңіздің аяғы ауыр ғой, пәуеске тыныш болар еді,— деді.
— Маған бәрібір, шырағым. Тарантас та жарайды, — деді Ұлпан. Бәленің басы осы пәуескеден басталып кеткенін Ұлпан білген жоқ, жүріп кетті.
Ұлпан туған ауылына келсе, әке-шешесінің ескі үлкен үйі тігулі, бар-жоғы төсеулі екен. Несібелінің жылын беруге Ұлпанның келерін біліп отырған ауыл түгел әзірленіпті.
Қырық үй Күрлеуіт Несібелінің асын кінаратсыз жақсы өткізді.
Туған ауылының көрсеткен құрмет-қошеметіне Ұлпан қатты риза болды. Көбі оның әке-шешесіне ондаған жылдар жәрдемдесіп, еңбегі сіңген адамдар. Солардың адал ақы-еңбегін өтегісі келіп ағайындарынан әке-шешесінен қалған жылқыларды айдап әкелуді өтінді. Бұдан жиырма жыл бұрын өз үйінде он шақты жылқы бар еді. Содан бері Есенейдің Ұлпанға берген бір қос жылқысымен бірге бағылып жүрген мал ендігі қырық-елу болған шығар деп ойлады. Енді ол иесіз қалған мал. Соны ағайындарына бөліп бергісі келді. Ертең елге қайтпақшы. Бүгін сол жұмысты орындамақшы еді.
Ұлпанның өтінішін таңертең естісе де, ешкім атқа мінгені байқалмап еді, түске тармаса Ұлпанға ауылының үш-төрт ақсақалдары келді.
— Ұлпанжан,— деді ақсақалдар бірін бірі кимелей сөйлеп,— Ұлпанжан, бұл арада бір жылқы қалған жоқ...
— Күйеу баламыз Торсан келіп, сенің қосыңды Қаршығалыдан Шәйгөз-Уақ жеріне қарай аударып әкеткен... Екі-ақ жеті болды...
— Артекемнің аз ғана жылқысы да бірге кете барды.
— Шәйгөзден он жігіт келіп біздің ауылдың жылқышыларын қуып жіберіпті де, жылқыны айдап жүре беріпті.
— Жылқышылардың астындағы аттарын да аударып алыпты.
— Елге хабар кешігіп жетсін дегендері ғой...
— Сенің жай-күйіңді біле-тұра хабарлай алмадық...
— Өзі істеткен шығар деген де ой келді.
— Жоқты айтпай отыр. Ондай ой сен көкмиға келмесе, өзге ешкімге де келген жоқ. Осының ар жағында бір арамдылық барын бәріміз де білдік...
Ұлпан әуелі қатты шошынып қала жаздап еді, ақсақалдар бірін бірі кимелеп бар жайды айтып болғанша бойын жинап алды. Бекер олай ойлапсыңдар дегісі келгендей азырақ езу тартты.
— Оқасы жоқ.. Қаршығалының жері қыс түскенше тыңая тұрсын деген ғой,— дей салды.
Енді бұл ауылда отыра беруге Ұлпанның дәті шыдамады. Түс ауа еліне жүріп кетті.
Қаршығалы мен Сибан жерінің арасындағы жайлау көлдері бос қалған. Күзгі көк ақырын-ақырын тебендеп, келер жылдың қамын ойланғандай үнсіз жатыр. Жазғытұрым қамысты көлдерге ұялайтын үйрек-қаз енді айдынды көлдердің бетін жауып кеткен. Балапандарын жаз бойы жүзуге үйретіп еді, енді ұшуға үйретіп жүр. Суға қона қалса, ата-аналары алдында, бала-шағалары көш-көш болып соңында шұбыра жүзіп жүр. Ұша қалса да солай — жер таныған, су таныған үлкендері алдында. Балапандары соңынан үшкірленіп ұшып, қанат қағыстары бірдей, қозғалыс-қимылдарында бытырандылық-даралық жоқ, тұтаса ағып барады. Бірдей құбылады, бірдей көтеріледі, бірдей қонады. Ел көшсе, жайлау жетімсіреп қалады, құс кетсе, көл жетімсірейді. Жайлау қазір бос қалған, құстар да жылы жаққа ұшып кетуге әзірленіп жүр.
— Мынадай көлдерге бір шомылмай кетпейтін едік-ау, Шынар? —деді Ұлпан, көкше құрағы сарғая бастаған бір жалтыр көлдің тұсынан өте бергенде.
— Мен де соны ойлап келе жатырмын. Көкке аунап, көлге шомылмай кетпейтін күндеріміз қандай қызық еді! Далаға да қона салушы едік...
— Осы көлге қонып, таң ата жүріп кетсек қайтеді? Бәрібір елге бүгін жете алмаймыз. Күн де батып барады.
— Сөйтейікші, Ұлпан...— жолаушылар сол көлдің жағасына қонып қалды.
Көз байлана Ұлпан мен Шынар шомылып қайтуға көлге келіп еді, су біраз салқындаған екен. Баяғыдай құлаштарын кере сермеп жүзіп кете алмай, екеуі де суға тітіркеніп түсіп шықты. Бірінің бірі арқасын жуды. Бірін бірі киіндірді, сүртіндірді. Сонда да дүниедегі ең таза суға соңғы рет шомылғандарына көңілденіп қайтты.
Тезек оты лаулап жанып тұр. Етті жей отырып, қымызды іше отырып, көңілді әңгіме шертетін кеш. Өлең айтатын жадырап күлетін кеш. Бірақ, ол қайдан болсын. Еменалы таспиқ тартатын діндар болып алыпты. Көзін жұмып алып, күніне таспиқты неше рет тартқанын санай отырып тартады. Шондығұлда намаз да жоқ, күнәсі де болмаған адам. Шынар ұялшақ.
Ұлпанда дос-жарларына айтпай қалмайтын бір түйіншегі бардай сезіледі. Оның үстіне Ұлпан бірдеме айтып отырмаса, өзгелері үн шығарар емес. Ұлпан мана Қаршығалыдағы жылқыны Шәйгөз жеріне аударғанын естігенде, іші дір ете түскен. Онысын білдірмеген. Бірақ, соның ар жағында бір бәле барын түсініп келе жатыр. Торсан Қаршығалыдағы жылқыны өз еліне қарай аударып алса, әсіресе, жиырма жылдан бері сол қосты бағып, қағып келген Күрлеуіттің жылқышыларын қудырып жіберсе, бұл қайдан жай болсын! Соны астарлап, жанамалап болса да ел құлағына шалындырып қойғысы келеді.
— Тентек қайным-ау,— деді Ұлпан Еменалыға,— өзің біржола молда болып алғанбысың? Таспиығыңды тырсылдатасың да отырасың!
— Қайтейін, Ұлпанжан... күнәкәр адаммын... күнәкәрмін...
— Осы кісі қызық адам болып бара жатыр,— деді Ұлпан, қасындағы адамдарына айнала қарап.— Өзі күнәкәр болғанымен қоймай, мені де күнәкәр етейін деп жүр. Менде алатын еншісі бар, алмай қойды. Осы күнге дейін еншісін бермегенім үшін құдай алдында мен де күнәлі болам ба деп қорқамын.
Ұлпан дәл айтайын дегеніне осыдан кейін оралды:
— Мен бар мал-мүліктің, қақ жартысын Біжікенім мен Торсанның атына жаздырып қағаздатып қойдым. Енді Торсанға бұйыратын болар... Мал-мүліктің қақ жартысы өзімде қалды. Маған малдың керегі не, тентек қайным бүгін алмаса, ертең алар деп қалдырдым,— деп сөз аяғын қалжыңға айналдырғандай бітірді...
Отырғандардың шала естіп, шала түсінгендері болушы еді, енді түгел түсінді. Сибан байлығының қақ жартысы Шәйгөзге аударылып кеткен екен. Ұлпан сонысына өкінетіндей көрінді.
Ұлпан тобы күздік көлге түс ауа, кешке жақын жетіп еді, өз ауылы орнында болмай шықты. Жүгіріп келіп Ұлпанның арбасын қоршап алған балалар үлкен бір қуанышқа сүйінші сұрағандай шуласып:
— Апай, сіздің ауыл кеше көшіп кеткен...
— Апам айтады — қысқы үйлеріне барып кіріп алыпты дейді.
Өзге ауылдар орнынан қозғалмапты. Ұлпан балаларға кәмпит, бауырсақ үлестіріп берді де, Шынарды үйіне түсіріп, өзі амалсыз қыстауға қарап жүріп кетті. Күн әзір жылы. Әр орманның бауырында егін-шөп машиналары ән салып жүр. Үлкен бір себеп болмаса, қыстауға қона қоюға тым ерте.
Ұлпан үлкен ағаш үйдің алдына келіп тоқтады да, таң қалды. Аула толы Ұлпан танымайтын Шәйгөз жігіттері. Төрелер түсетін үйдің айналасында ақ жағалы, жез түймелі, етіктері майлап алғандай жалтыраған адамдар қаптап жүр. Бір жиналыс бар екен ғой деп ойлады Ұлпан. Үлкен үйдің баспалдағында қарны қампиып Жәуке тұр. Орнынан қозғалар емес. Ұлпанды үйге кіргізбеу үшін есікті күзетіп тұрғандай екен. Әлдеқайдан Дәмелі шыға келіп:
— Ұлпанжан, енді қонақ үйде тұратын болғансың,— деді, наразылығын жасырмай қатты дауыстап айтты.
Қасында жарқырап киінген бір төресі бар Торсам Ұлпанға жақындап келіп:
— Апай, ренжімеңіз... үлкен үй толы қонақ... ренжісеңіз де сіз қонақ үйде боларсыз,— деді. «Бұрын «апа» деуші еді, бұл жолы әдейі жатсыратып «апай» деп тұр.
Есік алдында қозғалмай тұрған Жәуке де жарылмай қала алмады:
— Неменесін мәймөңкелейсің!—деді Торсанға қадала қарап.— Бір кісіге бір бөлме аз болады деп тұрмысың? Біз екеуміз де бір бөлмеде тұрып келдік қой!
— Әй, залым!—деді Ұлпан.— Әй, залым! Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін! Бұл дүниенікі ол дүниеге кетпейтін. Сибаннан көрерсің көресіңді!
Ұлпан амалсыз қонақ үйге келді. Қоржын үйдің орта бөлмесінде қоныштарын үзеңгі қажаған көп етіктер жатыр. Есігі ашық тұрған үлкен бөлмеде он бес-жиырма адам керкілдесіп-керісіп қарта ойнап жатыр.
— Орыстар он жетіге қарт алмайды,
— Мен орыс емеспін.
— Сен қазақ та емес, орыс та емес, итсің.
— Мен сендей түрмеден қашқан ұры емеспін!
— Сен бе? Сен нағыз түрмеде шірітетін доңыздың өзісің? — деген дауыстар естіледі.
Бәрі де бейпіл ауыз, бұзық адамдар екені байқалады. Ұлпанды көзі шалып қалғандары:
— О, сәніміз енді келетін болды!
— Құдай бұйырса...— десіп қалды.
Дәмелі Ұлпанды қонақ үйдің кішкене бөлмесіне әкеліп кіргізді. Ұлпанның, Біжікеннің төсек-орындары осында жиналған екен. Шынысы таспен ұрғандай шатынап жарылған француз айнасы да осында тұр. Оны Ұлпан Жәукеге сыйлап еді, осында әкеліп тастапты. Әдейі сындырды ма екен көшіп-қонып жүргенде бірдеме тиіп кетті ме екен
— Шайың бар ма, Дәмелі?
— Бар ғой, айналайын, бар.
Шай ішіп отырып, Ұлпан Дәмеліден:
— Күйеу балаң жақсы жігіт болып шықты ма? —деп сұрады.
— Жігіттің сырбазы,— деді Дәмелі,— қақ-соқта жұмысы жоқ. Егін мен шөп машинасының екеуін де жүргізе біледі. Машинасын сындырып алғандар шауып сол Тастамбекке келеді. Жұмыс үстінде қабағы түйілген емес, ылғи күліп жүреді. «Апа, мен осы саған тартыппын» деп қояды. Екі немерем бар. Екеуі маған таласады да жүреді...
— Бақытты екенсің, Дәмелі.
Шайдан кейін Ұлпан Біжікеннің зиратына барып келді де, қызыл іңірден жатып қалды. Дәмелі үйіне кетерде:
— Дәмелі апа, біреуді Шынарға жібере қойшы. Күн шықпай осында келсін,— деді.
Ерте жатқанымен ұйқы қайдан келсін. Пәуескеден басталып, қонақ үйдің кішкене бөлмесіне келіп тірелген айуандықтың ұзыннан-ұзақ желісі бар екен-ау!.. Бәрі көз алдынан шұбатылып өтіп жатыр. Қаршығалыдағы жылқы Шәйгөз жеріне аударылыпты. Әке-шешесінен қалған аз ғана жылқы қоса кетіпті. Күрлеуіт жылқышыларды қуып жіберген. Қысқы үйлерге ерте қонып алудың себебі де енді ашылды. Ұлпанды қонақ үйдің кішкене бөлмесіне көшіріп, әшейін бір жесір кемпір деп аяушылық көрсеткісі келгені де.
Жоқ, жоқ! Мен Ұлпанмын! Айғай салсам барлық Сибан атқа мінер еді. Әттең, сен хайуан Сибанның барлық басты адамдарын бір күнде «Итжеккенге» айдатып жіберуге шаман, келеді. Төрелеріңді соған жинап отырған боларсың! Мен Сибанның қай ауылының шетінде отыра беруге де арланбас едім. Әттең, зират басына барғанда өзім салдырған үйлердің қасынан кезімді жұмып өтемін бе?
Ол да емес... Әркімнің мені аяй қараған кезіне қалай шыдармын! Сеп мен отырған ауылдың тұсынан қоңыраулатып шауып өтетін боласың ғой. Оған қулағым қалай шыдар?
Әр түрлі ойлар бунай берді. Бастан кешкен қайғысыз-қайғылы күндер де тізбектеліп өтіп жатыр. Солардың бірі болып Есенейдің бір күйінгені де есіне түсті. Есеней ұзақ ауырып азаптанып жатып:
— Ақнарым-ай, көрмеген азабың қалмады-ау!.. Обалыңа қалған екемін. Мұндай ит өмірден енді не күтіп жатырмын? Ана темір сандықты ашшы. Бір кішкене алтындатқан сауыттың ішінде аузы желімделген шыны болар. Соны алып берші... Бұл азаптың ініне біржола су құяйын! —деген.
Ұлпан Есенейдің сұрағанын қолына алып тұрып:
— У ма? — деп сұрады.
— Жорықта жүргенде жау қолына түсіп қалсам керегі болар деп, жоңғар саудагерінен аттың құнын беріп алып едім.
Тағы бірде Есеней кереге басында ілулі тұрған кісесін көзімен нұсқап:
— Ақнар-ау, саған менің осынша қиналып батпай-ақ қойғаны ма? Ана бір сары кездікті ала салып, сол жақ өкпемнің тұсынан неге салып жібермейсің?! — деген.
Кездік те, алтын сауыттағы у да содан бері Ұлпанның өз сандығында жата беретін. Қазір Ұлпан екеуін де сандығынан алып жастығының астына қойды. Ойланардың бәрі ойланып болған сияқты. Алдағы ит өмірден қимайтын еш нәрсе қалмапты. Оң қолы біресе кездікке, біресе алтын сауытқа тиіп жатып, Ұлпан байламын жасады. Бір сөзді адам еді, айныған жоқ...


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет