Адам биологиясының негізгі бөлімдері Гигиена грекше «дені сау»



Дата03.01.2022
өлшемі15.43 Kb.
#451278
Адам биологиясының негізгі бөлімдері


Адам биологиясының негізгі бөлімдері

Гигиена(грекше «дені сау»)- адамның денсаулығын сақтау және нығайту, соныен қатар ағзаға түрлі қоршаған орта факторларының әсері, аурулардың алдын алу туралы ғылым.

Анатаомия(грекше «бөлшектеу»)- дененің ішкі құрылысын, мүшелерін, ұлпалары мен жасушаларын зерттейтін ғылым.

Физиология(грекше «табиғат»)-ағзаның және оның жеке м.шелері мен жүйелерінің тіршілік әрекеттері туралы ғылым.

Адам биологиясының дамуының қысқаша тарихы

Гиппократ(б.з.д. 460-377жж.), көне грек дәрігері, медицинаның негізін салушы.Анатомия, физиология және эмбриологияны зерттеді.

Аристотель(б.з.д. 388-322жж.), көне грек ғалымы және философы.Алғашқы болып салатамыр қанының жүректен, ал көктамыр қанның жүрекке ағатынын айтты. Ақыл-ойдың орталығын жүрек деп санады. Жануарларды қандылар және қансыздар деп бөлді.

Кладвий Гален(130-201) жануарларға анатомияялық зерттеулер жүргізді. Тамырлар бойымен қанның ағатынын дәлелдеді. Бұлшық еттер мен сүйектерді нақты сипаттады.

Авиценна(980-1037) «Дәрігерлік ғылымның ережелерін» жазды. Көздің құрылысын зерттеп білді.

Леонардо да Винчи (1452-1519)- Қайта өрлеу дәуірінің суретшісі және ғалымы. Тірек қимыл жүйесінің жұмысын механикалық тұрғыдан түсіндірді.

Андрей Визалий(1514-1564)- анатомияның негізінқалаушы. «Адам денесінің құрылысы» еңбегінің авторы.

Вильям Гарвей(1578-1657) қан айналымды ашты. Физиологияның негізін салушы.

Н.И.Пирогов(1810-1881) топографиялық анатомияның, әскери-далалық хирургияның негізін салушы, алғашқы болып сүйектердің сынуы кезінде гипстаңғышты және ота жасағанда эфирлі наркозды қолданды.

В.М.Бехтерев(1857-1927)- невропатолог, психиатр. Орталық жүйке жүйесінің анатомиясы мен физиологиясын зерттеді.

И.М.Сеченов(1829-1905) қажу, тыныс алу, жүйке жүйесінің физиологиясын зерттеді.1862 жылы орталық жүйке жүйесіндегі тежелу және қозу құбылыстарын ашты. Рефлекс түсінігін қолдана отырып адам мен жануарлардың мінез-құлық әсердеріне талдау жасауды алғашқы болы ұсынды. «Ми рефлекстері» атты еңбегін жазды.

И.П.Павлов(1849-1936)- физиолог, адам мен жануарлардың шартты рефлекторлық әрекеттері туралы ілімді енгізді. Мінез-құлық физиологиясы негізін салушы болып табылады(асқазанда сөл бөлінуінің нейрогуморальдық реттелуінің рөлін түсіндірді). Жүйке удерістерінің қасиетіне сүйене отырып, жоғарғы жүйке қызметін төрт типке ажыратты.

И.И.Мечников(1845-1916)- орыс ғалымы, иммунитет жайлы білімді енгізді, ағзаның иммундық жауап қайтару әрекеттерін зерттеді. Нобель сыйлығының лауреаты.

А.А.Ухтомский(1875-1942) «Қозғалыс аппаратының физиологиясы» кітабын жазды, жүйке жүйесінің қызметі зерттеді, қаңқа мен бұлшық еттің қызметтік анатомиясын зерттеді.

П.К.Анохин(1898-1974) эмоция физиологиясын, жоғарғы жүйке қызметінің нейрофизиологиясының мәселелерін зерттеп білді. Жануарлар мен адамдар қозғалысы реттелуінің, акцепторлық әсердің қалыптасуы мен функционалдық сақинаның бар екендігі жайлы қазіргі теориялық тусініктерін жетілдірілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет