ҚЎлпыбаев с



бет112/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

12.5. Жеке табыс салығы

Жеке табыс салығы бойынша қаражаттардың түсімі (2001жылға дейін – жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) мемлекеттік бюджеттің барлық кірістерінің 7,3%-на жуығын алады.


Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Құмар ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер, сондай-ақ шаруа немесе фермер шаруашылықтарына арналған арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған табыстары бойынша жеке табыс салығының төлеушілері болып табылмайды. Салық салу объектілері төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары болып табылады.
Салық салу объектілері Салықтық кодексте көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен онда көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде анықталады. Салық салынатын объект болып табылатын табыстардың сомасы салық салынуға жатпайтын табыстардың сомасына кемітіледі.
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына мыналар жатады: жұмыскердің табысы; жеке тұлғалардың салық агентінен түсетін табыстары; жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақылық төлемдер; дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс; стипендиялар; жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша табыс.
Табыстардың бір бөлігі жеке тұлғаның табысы ретінде қаралмайды: атаулы әлеуметтік көмек; әртүрлі өтемдік төлемдер (соның ішінде іссапарлар кезінде); мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен төленетін өтемақылар; жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу; еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жұмыскердің өміріне және денсаулығына келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру келісімшарттары бойынша сақтық төлемдері; материалдық нұқсанды өтеудің сот шешімі бойынша тағайындалған сомасы; төлем көзінен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары; сақтық сыйлықақыларды (аннуитетті) төлеу үшін өмірді сақтандыру бойынша зейнетақы жинағының сомалары; гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны; тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу кезіндегі құн өсімі; жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықтарды жүргізу, саяжай құрылысы және гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі, адамдарды қабылдау және қызмет көрсету бойынша өкілдік шығыстар және басқалары.
Жеке тұлғалар табыстарының бірқатар түрлеріне салық салынбайды: балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер; гранттар қаражаттары есебінен; банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар бойынша оларға төленетін сыйақылар; борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар; мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар; дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстиан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар; пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын өтеп сатып алған кездегі пай бойынша табыстар; бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кездегі дивидендтер: акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленсе; заңи тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы дивидендтерді төлеу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса; әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге берілетін, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесі және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен мекемелерінің белгіленген тәртіппен арнаулы атақ берілген қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрі; республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақынаң 50 пайызы шегіндегі лотерея бойынша ұтыстар; республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер; гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер; Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер; жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны; жинақтаушы зейнетақы қорларына белгіленген мөлшердегі ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары; әлеуметтік негіздемелер бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына (соғыстарға қатысушыларға, мүгедектерге, экологиялық апаттардың немесе ядролық сынақтардың салдарынан азап шеккен адамдарға) және қызметтің жеңілдетілген түрлеріне берілетін әр түрлі төлемақылар және басқалары.
Жеке табыс салығын есептеуді салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізеді,ал жеке табыс салығын ұстауды төлем көзінен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді. Салық агенті салық төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды табысты жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік кейін күнтізбелік 25 күннен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Заңи тұлға-резиденттің шешімі бойынша салық агенттері танылған құрылымдық бөлімшелер әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылады.
Салық агентінің құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің табыстары бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жері бойынша тиісті бюджеттерге төленеді. Салықтық кодексте көрсетілген қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режімдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген.
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына мүліктік табыс, дара кәсіпкердің табысы, адвокаттар мен жекеше нотариустардың табысы және басқадай табыстар жатады. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші салық кезеңі үшін төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан салық агенттері жеке табыс салынған есептері үшін салық кезеңі күнтізбемен ай ал төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан салықты есептеу үшін күнтізбелік жыл болып табылады.
Төлем көзінен салық салынатын табыстардан салық агенттері жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі күнтізбелік ай, ал төлем көзінен салық салынатын табыстардан салықты есептеу үшін күнтізбелік жыл болып табылады.
2006 жылдың ортасына дейін жеке табыс салығының мөлшерлемесі баспалдақ­ты үдеме бойынша жылдық есептік көрсеткішпен анықталатын табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 20 пайызға дейін белгіленген мөлшерлеме жұмыс істеді.2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушінің табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме белгіленген.* Қазақстан Республикасындағы көздерден және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.2006 жылдан Қазақстанда қолданылып келе жатқан практика жеке табыс салығын пропорционалды салуға жеткізді.
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару кодексінде және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша мағлұмдама тұрғылықты жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет