БАҒалы қАҒаздар нарығын ұйымдастыру түрлері әсемханова Айдана гму-11-1 оқу тобының студенті



Дата17.06.2016
өлшемі43.5 Kb.
#142053
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРЛЕРІ
Әсемханова Айдана ГМУ-11-1 оқу тобының студенті,
Ғылыми жетекші: Сегізбаева Д.Ү., аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,

Қызылорда қаласы

Бағалы қағаздар – капиталдың тауарлық, өндірістік және ақшалай түрінен ерекшеленетін бар болу түрі. Бағалы қағаздар олардың орнын алмастыра отырып нарықта тауар орнына өтіп табыс әкеледі.

Бағалы қағаздар төмендегі функцияларды атқарады:

-ақшалай заттарды (капиталдарды) былайша таратады: экономиканың салалары мен сфераларына; аймақтар мен елдерге; топтармен халықтың деңгейіне; халықтармен экономика сфераларына; халықтармен мемлекеттерге және т.б.

-оның иелеріне капиталдан өзге заттарға ұосымша құқық ұсынады;

-капиталға табыс алуды және капиталдың өзін қайтарып алуды қамтамасыз етеді.

Қазір әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар үлкен екі классқа бөлінеді:

1 класс – негізгі бағалы қағаздар

2 класс – туынды бқағаздар

Негізгі бқағаздар – түбінде қандайда бір активтерге мүліктік құқық жататын негізгі бағалы қағаздар, әдетте тауарлар, ақша, капитал, зат және т.б.

Туынды бағалы қағаздар – биржалық акцияның бағалы қағазы негізінде жатқан бағаның өзгеруімен туындайтын затқа деген құқықтың (міндеттілік) құжаттық емес түрі.

Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз - бағалы қағаздарды шығару және айналымы жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар –бағалы қағаздарды сатушы немесе сатып алушы жеке тұлғалар не заңды тұлғалар, яғни олар өзара бағалы қағаздар айналымына тиісті қандайда бір экономикалық қатынасқа түседі.

Бағалы қағаздар нарығына қатысты барлық тұлғаларды 3 топқа бөлуге болады:

Бірінші топқа қорлық нарықтың «клиенттері» не «пайдаланушылары» жатады. Бұлар эмитенттер мен инвесторлар. Олардың кәсіптік мақсаттары, негізгі іскерлік өмірлері көбінесе бағалы қағаздар нарығынан тыс жатады. Бұл нарық оларға өздері пайдаланып жүрген қаржыландыру қызметтері өрісінің тек бір элементі болып саналады. Эмитенттер қорлық нарыққа өзінің белгілі бір бағдарламасына ұзақ мерзімді не орташа мерзімді капитал керек болғанда ғана жүгінеді. Инвесторлар қорлық нарығын өз қолдарындағы капиталдарын сақтап, көбеюту мақсатында ғана қолданады. Эмитенттер мен инвесторларды біріктіретін бір жағдай, оларға бағалы қағаздар нарығы мамандық не «негізгі» кәсіптік бизнес емес, «сыртқы іскерлік ортаның» бір бөлшегі.

Екінші топты кәсіптенген сатушылар мен қорлық делдалдар құрайды, яғни брокерлер мен дилерлер. Бұл ұйымдар, кей елдерде бағалы қағаздар саудасы негізгі кәсіптік қызмет боп табылатын жай азаматтар. Олардың негізігі қызметі болып эмитенттер мен инвесторларды күту, олардың қорлық нарыққа шыққандағы мүдделерін қанағаттандыру болып табылады. Кәсіпкер сатушылар бұл жерде клиенттерге кең көлемдегі қаржы қызметін және қаржы аспаптарын ұсынады.

Қорлық нарықтың бөлшектеп сату сегменттері қатарында одан маңызы кем емес жалпылап сату сегменті орын алған – бұл өріс тек кәсіпкер сатушылар арасындағы қатынастар. Мұнда кәсіпкерлер бір-бірімен терезесі тең түрде саудаласады. Бұл сауданың қағидалары жалпылай алғанда жеке сатудан мүлдем бөлек.

Үшінші топты қорлық нарықтың барлық қатысушыларына қызмет көрсететін ұйымдар құрайды. Бұлардың толық жиынтығын қорлық нарықтың «инфрақұрылымы» деп атайды. Бұларға қорлық биржалар және басқа да сауда ұйымдастырушылар, клирингті және есепті ұйымдар, депозитарилар мен тіркеушілер жатады.

Бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың атқаратын қызметтеріне қарай төмендегідей негізгі топтары бар (сурет 1):

Cурет 1 - Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар


Бағалы қағаздар – халыққа ел экономикасын дамытуға атсалысуға мүмкіндік беретін жаңа меншік түрі. Ірі кәсіпорын акционері болуды армандамайтындар некен саяқ. Ендеше 2012 жылдан бері әрбір ниет білдірген қазақстандыққа дәл осындай мүмкіндік берілді. Нарықта тіпті, ірі газ компаниясының акциялары да сатылымға қойылды. Атап өту керек, бұл мүмкіндік тек Қазақстан азаматына ғана беріледі. Өйткені, халықтық IPO бағдарламасының негізгі талабы осындай болатын. Ең ірі компаниялардың акциялары 2015 жылға дейін кезең-кезеңмен сатылады. Халықтық IPO бағдарламасы бойынша сатылымға шыққан еншілес кәсіпорындардың барлығы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі. Олар ел экономикасының 1\4 бөлігін құрайды. Сондықтан Үкімет бұл мекемелердің негізгі бөлігін ғана қадағалап, қалғанын бәсекелестік ортаға беруді жөн санады. Бүгінде бұл акцияларды 33 мың азамат меншіктеп үлгерді. Бұл науқанның аясын кеңейту мақсатында «Қазпошта» акционерлік қоғамының желісін пайдалану ұсынылды. Ережеге сай, акция иесі акционерлер жиналысына қатысып, дауыс беру құқығына ие болады. Олар табыстың белгілі бір бөлігін иемденуге құқылы. Қазақстандағы қор нарығының негізгі көрсеткіші KASE қор биржасы ұсынған мәліметтерге негізделеді. 2012 жылы KASE биржасындағы мемлекеттік құнды қағаздардың қатысумен жүзеге асырылған келісімшарттар сомасы 6,5 млн. теңгегеден асты. KASE биржасындағы бағалы қағаздардың басым бөлігін қарыз құнды қағаздары құрайды. Акциялар 19% болса, мемлекеттік құнды қағаздар 37,1%-ды құрайды

Мемлекетімізде соңғы жылдары бағалы қағаздар нарығын дамыту жолында үлкен бастамалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Көзге түсетін жайттың бірі бағалы қағаздар нарығындағы халықтың белсенділігін арттыру. Бағалы қағаздар нарығы бірінші кезекте мемлекетке инвестиция тарту, сонымен қатар бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қажет екенідігі белгілі.

Қазіргі таңда Қазақстан халқының қолында айналымға түспеген біршама үлкен қаржы шоғырланғаны баршаға мәлім. Халқымыз жинаған қаржысын бүгінгі күнде банктерде депозит шоттарында сақтайды, сол қаржыны бағалы қағаздар айналымына тарту мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1.Бердникова Т.Б. Рынок ценных бумаг и биржевое дело: Уч.пос. -М.:ИНФРА-М, 2000.

2..Карагусов Ф.С. и др. Операции с ценными бумагами в Республике Казахстан. - Алматы, 1995. - 220 с.

3.Кулекеев Ж.А., Джексебаева Л.Н. Государственные ценные бума­ги в экономике Казахстана: Уч. пос. - Алматы, 1996.

4.Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. и др. Рынок ценных бумаг Казах­стана: проблемы формирования и развития. - Алматы, 1998.



5.Козлов А.А. Основные этапы проведения сделок с ценными бума­гами // Деньги и кредит. 1994, №2

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет