1.
|
Жаңа
3-2-тармақ
|
Жоқ
|
«3-2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен компанияға магистральдық темір жол желiсi объектiлерi орналасқан жер учаскелеріне 49 жыл мерзiмге уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығының берiлуiн қамтамасыз етсiн.».
|
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес магистралдық темір жол желісі (бұдан әрі – МТЖ) стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар объектіге жатады, оны иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік жағдайына ықпалын тигізеді.
«Ұлттық темір жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 1389 қаулысының 3-1-тармағына сәйкес МТЖ орналасқан жер учаскелері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның (бұдан әрі - ҚТЖ) уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалға алу) құқығымен 5 жыл мерзімге берілген.
Қазіргі уақытта қаулыға сәйкес жергілікті атқарушы органдарының ҚТЖ берген жер учаскелерінің жалға алу мерзімі аяқталуға жақын.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 35-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдаланудың шекті (жалға алу) мерзімі 5 жылдан 49 жылға дейін болып белгіленген.
Осыған байланысты МТЖ объектілері орналасқан жер учаскелеріне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалға алу) мерзімін 49 жылға дейін ұзарту бөлігінде толықтыруды көздейтін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 1389 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.
|