Бір жерің ауырса одан үзілді-кесілді жазылу үшін біз оның психологиялық
себептерінен құтылуымыз керек. Бірақ себеп неде екенін білмегендіктен, неден бастау
керектігін де анықтау қиын. Егер сіз: “Осы аурудың себебін білсем, шіркін!” деп айта
алсаңыз, онда осы кітап сізге себепті табуға және тән мен жан саулығын жақсартатын
Біздің әрбір кеселімізде өзімізде қажеттілік бар екенін мен түсіндім. Олай
болмағанда кесел де болмаған болар еді. Кесел белгілері – ол тек кеселдің көзге көрініп
тұрған жағы ғана. Бізге тереңірек үңіліп, оның психологиялық себебін жою керек.
29
ғана күреседі. Ол – арамшөпті жұлғанда тамырын қалдырып қойғанмен бірдей.
Сондықтан жаңа ойлау аффирмацияларымен жұмысты бастар алдында, темекі тарту,
бас ауруы, артық салмақ секілді нәрселерден құтылу ниетін орнықтыру керек. Егер ішкі
қажеттілік болмаса, сыртқы қалау да құриды. Тамырсыз өсімдік солады.
Тәндегі кеселдердің көбісін шақыратын психологиялық себептер – ұрыншақтық,
ашу, өкпе және айыпты сезіну. Егер, мәселен, адам сынаумен ұзақ айналысса, онда
артрит кеселі пайда болады. Ашу шақыра беру ағзаның ысып-суый беруіне алып
келеді, ол - зиянды. Ұзаққа созылған өкпе тәнді іштен жейді де қатерлі ісік пайда
болады. Өз айыбын сезіну тереңдей берсе кеселге ұшыратады. Ден сау кезде теріс
ойлау стереотиптерін басыңнан шығару анағұрлым оңай, ал кесел келгенде адамда
қобалжу ұлғаяды да, ондай ойларды қуу қиындайды.
Мына төмендегідей психологиялық эквиваленттер тізімі менің емделушілермен
болған жұмыс нәтижесінде пайда болды. Өз тәніңді емдеуге жәрдем берерлік
қарапайым тәсіл ретінде бұл тізімді мен сіздерге махаббатпен ұсынамын:
Достарыңызбен бөлісу: