76
ҚОРЫТЫНДЫ
PISA халықаралық зерттеуінің нәтижелері бойынша, атап айтқанда, PISA-
2009, PISA-2012, PISA-2015 жылдары қазақстандық қатысушылардың
оқу
сауаттылығының көрсеткіштері, зерттеудің басқа бағыттарымен (математика
мен жаратылыстану) салыстырғанда, ең төмен нәтиже көрсетіп келді. Бұл
оқушылар мен студенттердің 40 пайыздан астамы
ең қарапайым мәтіндермен
жұмыс жасай алмайтындығының белгісі еді. Сонымен қатар, барлық
қатысушылар күрделі жазбаша мәтіндерді түсінуге, мәтіннен басты ақпаратты
алуға,
өз пікірін дәлелдеуге, талдауға, негіздеуге қабілетсіз болған. Ал бұл
көрсеткіш қазақстандық білім алушылардың оқу құзыреттерінің өте төмен
деңгейде екенін дәлелдеді.
Бұндай көрсеткіштің басқа құзыреттерге
әсер ететіні айдан анық, өйткені
оқығанын түсіну қабілеті барлық білім беру процесінің басты факторы болып
табылады. Осындай төмен көрсеткіштер елімізде міндетті жалпы орта білім беру
мекемелерінде
оқу
құзыреттерін
қалыптастыруға
жеткіліксіз
назар
аударылатынын білдіреді.
Сондықтан да қазақстандық білім алушылардың
оқу сауаттылығының
деңгейін арттыру үшін «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқыту
барысында PISA форматында кездесетін мәтін түрлерімен, әсіресе – тұтас,
дискретті, аралас, құрамдас мәтіндермен – талдау жұмыстарын жүргізсе, тиімді
оқыту мен әлеуметтік тұрғыдан қажетті оқу сауаттылығын қалыптастыру
әдістемелерін қолданса, сондай-ақ қолдауды
көбірек қажет ететін білім
алушыларға ерекше назар аударып, оқу сауаттылықтарын дамытудың жаңа
әдістерін тәжірибеге көптеп енгізсек, осы кезге
дейін PISA халықаралық
зерттеуінің нәтижелері бойынша көрсетіліп келген бұл көрсеткіштің алдағы
жылдарда өзгеруіне зор ықпалы тиетіні сөзсіз.
Осы мақсатта қазақстандық білім алушыларды халықаралық зерттеуге
дайындау үшін «Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған
тапсырмалар
(PISA халықаралық зерттеулері бойынша)»
әдістемелік құралы
дайындалды. Әдістемелік құралды қазақ тілі мен әдебиеті білім салалары
пәндерінің мұғалімдеріне
көмекші құрал ретінде ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: