Пәні: Педагогикалық шеберлік негіздері Күні



бет1/6
Дата22.06.2023
өлшемі35.13 Kb.
#475289
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
эмоц жагдайды баскару


Пәні: Педагогикалық шеберлік негіздері
Күні: 09.04.2021 жыл
Тобы: ББ-Б-18к
Тақырыбы: Мұғалімнің өзінің эмоционалдық жағдайын басқару шеберлігі
Сабақ жоспары:
1. Мұғалімнің кәсіби эмоциялық күйгелектену себептері және оның психикалық
алдын алу;
2. Эмоциялық ашу себептері және олардың алдын алу

1.Мұғалімдердің тәрбиеленушілерімен қарым-қатынасында оларға әсер ететіні жалпыға мәлім. Бұл әсер ету көбіне педагогтің жеке басының қасиеттері мен сапаларына, оның кәсіби біліктілігіне байланысты болады. Көбінесе мұғалімдердің теріс әсерлерінің қалыптасу факторлары:


1. Балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімінің, оларға көңіл аударуының жеткіліксіздігі;
2. Балалардың психологиясын, жасқа байланысты және жеке басының ерекшеліктерін түсінбеуі;
3. Педагогикалық қызметінің тиімділігі төмен, қиыншылығы жоғары болуы;
4. Психоэмоциялық жүктеме, кәсіби шаршау, осыдан келіп – эмоционалық оқшаулану мен агрессияның туындауы.
Шынында да, мұғалімнің кәсіби және жеке басының қасиеттері өзара тығыз байланысты және өзара тәуелді. Және олар, өкінішке орай, балалардың эмоциялық жағдайымен де байланысты болады, яғни, күніне жүздеген балалар нені үйренетіні мұғалімнің көңіл күйіне, оның өзін-өзі ұстай алуына, жеке басының проблемаларын шеше алу қабілетіне тәуелді болады. Жеке адамның белгілі бір сапалары мен қасиеттері балаларда мазасыздық пайда болуына жанама немесе тікелей әсер етеді. Осындай балаларды кері кетушілікке, әлеуметтік-педагогикалық қараусыз қалуға алып келетін төмендегідей факторлар анықталған:
- педагог тарапынан басым жағдай жасау немесе көзден таса қылмау арқылы жеке басының тынышсыздығы мен шамадан тыс бақылау тәртібі баланың әлеуметтік белсенділігін төмендетіп, оның субьект ретінде қалыптасуын қиындата түседі;
- мұғалімдерде ауызша сөйлеу зияткерлігінің басым дамуы (олардың жұмыстарында ауызша білім беру және тәрбиелеудің басымдығы),
- тәртібі асқынып кеткен балаларда ауызша сөйлеу зияткерлігінің дамымағандығымен қайшылықты келуі баланың оқу әрекетінің нәтижесіне әсерін тигізеді; өзіне-өзі дұрыс бағалай алмауы салдарынан болатын мұғалімдердің агрессиялық тәртібі балалардан санасыз түрде жауап әрекет тудыратынын білдіреді; немқұрайдылық, сезімтал, қалыптасып болмаған және қорғансыз балаға салқын қатынас оның проблемаларын шешуге жәрдемдесе алмайды және жеке басының эмоциялық қарым-қатынасына кері әсер етеді; педагогтің өзін дұрыс бағалай алмауы және саралауы аз «мені» мұғалімдер мен тәрбиешілердің өздерін өздері және өздерінің проблемасын дұрыс түсіне алмайтынын көрсетеді. Өзін дұрыс бағалаа, дұрыс қабылдай алмайтын олар проблемасы бар балаларға да тиісінше көңілін бөле алмайтыны белгілі жайт, ал ондай балалар үшін өздерін айналадағы адамдардың қабылдауы мен мойындауы маңызды проблема болып саналады. Педагогтердің осындай көңіл күйінің тез өзгергіштігі, шаршағыштығы, ашуланшақтығы, батылсыздығы мен мазасыз шүбәланғыштығы, шамадан тыс өзін тежеп ұстауы, эмоциялық салқындығы, сондай-ақ сезімталдығының, ашықтығының, өзіне балалар назарын аударуының төмен деңгейде болуы сияқты жеке ерекшеліктері де балаларға кері әсерін тигізері сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет