М.Дулатовтың шығармашылық ізденістері
Құланова С.Ш., - Ф.ғ.к., аға оқытушы Шымкент университеті, Шымкент қ., Қазақстан
Қалыбекова Б. – 2 курс магистранты, Шымкент университеті, Шымкент қаласы,
Қазақстан
Резюме
В статье рассказывается о творческом поиске М. Дулатова в казахской литературе.
Summary
The article talks about the creative search of M. Dulatov in the Kazakh literature
XX ғасырдың басындағы әдебиеттін дамуына үлкен үлес қосқан қаламгер және
қоғамдық - әлеуметтік іске белсене араласқан қайраткер Міржақып Дулатов бұрынғы Торғай
облысының, Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге
келген. Әкесі Дулат ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерлік шаруасы бар, қолы шебер адам
болған. Үлкен баласы Асқарды әуелі мұсылманша, кейін орысша оқытып, заң қызметіне
бейімдейді. Кіші баласы Міржақыпты да ауыл молдасына оқуға береді. Екі жылдан кейін ол
ауыл-дық мектепте Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімнен орысша сабақ алады. «Менің
алғаш білімге көзімді ашқан осы кісі»,-депті кейінірек Міржақып. Екі жасында шешеден, он
екі жасында әкеден жетім қалған Міржақыпқа бұдан былаи қамқорлық істеген ағасы Асқар
болады. М. Дулатов өзі жазған өмірбаянында: «1897 жьшы мен екі сыныптық орыс-қазақ
училищесіне түстім (Торғайдағы), оны бітіргеннен кейін оқытушылар курсында оқып, ауыл
мұғалімі деген мамандық алдым. Осымен менің оқу орындарынан білім алуым аяқталады.
1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімімді
жетілдіруге жұмсадым» - деп жазады.Торғай топырағына білімнің ұрығын сеуіп кеткен Ы.
Алтынсарин мектебі жас ұрпакқа бұл кезде игі ықпалын тигізді. Мұқан мұғалім де,
А.Байтұрсынов та, ағасы Асқар да Ы.Алтынсарин мектебінің түлектері еді. Міржақып өз
бетінше ізденіп, орыс тілін жете меңгереді. Орыс жазушылары шығармаларымен танысады.
Ауыл мектептерінде бала окыта жүріп Міржақып жәбір көрген, тендігі жок қазақ халқының
жағ-дайымен жете танысады. Оған жаны ашиды. Мұғалім болған 6—7 жыл ішінде оң мен
солын танып, ұлт қамы үшін күресуге дайындалады. Ақындық талантын да осы жылдары
таныта бастайды. Бұл кезеңде патша үкіметінің қазақ даласында отаршылдықты күшейтіп,
оты-суы мол, шұрайлы жерлерді тартып алып. орыс шаруаларын қоныстандыруы ұлт қамын
ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау салған еді. Міржақып та сол
азаматтардың қатарында болды. Жасы жиырмаға тола қоймаған Міржақып өмірден көргені
мен түйгенін, айтқысы келгенін өлең шумақтарымен жеткізуге талапт танады. 1904 жылы
Міржақып Омбыдағы қазақ оқығандарының бас қосуына қатысады. Бұл кезең — Ресейдегі
буржуазиялық - демократиялық бірінші төңкеріс қарсаңында қоғамның дүрлігіп тұрған шағы
еді. Онда А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Ж. Акбаевтармен кездесу, ел тағдыры жайында
пікірлесу Міржақыптың ой-санасын, ұлтжандылығын оята түсті. Осындай қызу қимылмен
көзге түскен Міржақып 1905 жылы Орал қаласында бес облыс өкілдерінің съезіне
қатынасады. Бұл съезде «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы» құрылады. Осы
съезд делегаттарының бірі болып, 1906 жылы Петербургке барады. Петербургте Міржақып
оқыған қазақ интеллигенттерімен танысады. С.Лапин, Д. Сұлтанғазин, X. Досмұханбетов, М.
Шоқаев және басқа оқығандармен қазақ халқының бостандығы туралы, патша үкіметінің
қысымы жайлы пікір алысады. Петербургте «Серке» деген атпен қазақ газетін ашу
ұйғарылалы. «Серкенің» бірінші саны Петербургте 1907 жылы 28 наурызда шыққан. Онда
Міржақыптың «Жастарға» деген өлеңі жарияланады. Газеттің екінші санында Дулатовтың
«Біздің мақсатымыз» деген бас мақаласы басылады. Бірақ кешікпей полиция сақшылары
татарлардың апталық «Ульфат» және «Серке» газетін тәркілеп, жауып тастайды.
Полицияның айыптау хаттамасында «Серке» және «Ульфат» газеттерінде 6 шілде (1907) күні
жарияланған «Біздің мақсатымыз» мақаласы барлық қазақ халқын патша үкіметіне қарсы
күреске шақырған үндеу сияқты делінген.Петербургтен еліне оралған Міржақып ойына
түйгенін, ел-жұртына айтар сөзін өлеңге айналдыра бастайды. Ол өлеңдері жеке жинақ
болып Уфа каласында 1909 жылы «Оян, қазақ!» деген атпен басылады. Бұл жинақ
Міржақыптың атын бүкіл қазақ еліне жайып, халық арасындағы абырой-беделін көтереді.
Бірақ патша әкімшілігі тарапынан қуғынға түсіп, еліне тұрақтай алмай Омбы жаққа.
Қызылжар қаласына кету-ге мәжбүр болады. Кешікпей «Оян, қазақ!» та тәркіленеді. Ол
жақта да бақылауда жүрген Міржақыптың тұрақты жұмыс істеуге, қоғамдық істерге
қатысуына мүмкіндік болмайды. Аз уақыт жеке адамдарға кадданып, мұғалімдік қызмет
атқарады. Қазақ балаларына орыс тілінен сабақ береді. Қызылжарда одан Мағжан Жұмабаев
та дәріс алған. Ол көп уақытын шығармашылық жұмысқа арнайды, өлендермен қатар
«Бақытсыз Жамал» деген роман жазады. Роман 1910 жылы Қазан қаласында басылады. 1911
жылы Міржақып қазақ ауылдарын аралап, Қызыл-жардан Семёйге жол тартады. Бірақ Семей
қаласына келген бойда-ақ полицияның қолына түседі де, Семей түрмесінде бір жарым жыл
отырады. Патша цензурасы «Оян, қазақ!» кітабының революциялық рухына төзе алмаған
еді. Міржақыптың «Оян, қазағы!» 1911 жылы Орынборда екінші рет басылады. Патша
әкімшілігі кітаптың екінші басылымын жою жөнінде тағы да шешім қабылдайды. Патша
үкіметінің осынша қаһарына қарамастан, ел азаматтары бұл кітапты көзінің қарашығыңдай
сақтаған Орынборда Міржақыптың «Азамат» (1913), «Терме» (1915) атты өлеңдер жинағы
басылады. Бұдан кейін Міржақып Орынбордағы қазақтың Халық ағарту институтында,
Қазақ баспасында, «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында әр қилы жұмыстар атқарады.
«Қирағат», «Есеп құралы» атты оқулықтар, «Балқия - атты пьеса жазады. М. Дулатов қазақ
журналистикасының көптеген жанрлық түрлерін ашық хат, фельетон, бөгде біреу жазған
арызды сөйлету, айтыс, сын - рецензия тарихи құжаттарды пайдалану қазақ және орыс
тілінде очерк, проблемалық шолу, ғұмырнамалық мақала жазу үлгілерін қалыптастырды.
Оның үстіне ұзақ жылдар педагогтік қызмет атқара жүріп, ағартушы - педагог ретінде мол
мұра қалдырды. М.Дулатовтың проза жанрында жазылған өз дәуірі үшін маңызды, ірі еңбегі
— «Бақытсыз Жамал» романы. Ол XX ғасырдың алғашқы жылдарыңда жазылып, 1910 жылы
Қазанда басылып шықты: Қазақтың ұлттық әдебиетінде алғашқы роман саналады.
Шығармаға арқау болған оқиғалар XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде жиі кездескен жас
қыздардың қалың малға сатылып, сүймеген адамына ұзатылуы, олардың теңдік үшін күрес
мәселелері. Автор қазақ қоғамының қайшылықты жақтарын адам тағдыры, нақты әрекет,
тартыс арқылы суреттеп ашады, көркем бейнелер жасайды. Қазақ әдебиетінің тарихында
тұңғыш рет роман деген жанрлық анықтама қойылып, жарияланған прозалық көлемді
туынды - «Бақытсыз Жамал».
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Ысмағұлов Ж. Міржақып Дулатов. Кітапта: Міржақып Дулатов. Шығармалары. Алматы,
1991.
2.«Оян, қазақ!» Кітапта: М.Дулатов шығармалары. . Алматы;2003ж
3.Дулатов М. Шығармалары. Алматы ;1989ж