«Арал Теңізі» ҚБ 2006 ж. қаңтар, ақпан
атқарылған жұмысы туралы
М Ә Л І М Е Т.
Қантар айы – балықшылар жыл басынан бастап тендерге қатысуға және балық аулауының заңды жолдарды анықтау үшін, балық аулауды қадағалау органдарыменен қарым-қатынастарын белгілеу үшін бірнеше рет жиналыс жасалды. Жиналыс нәтижесі болып төмендегіше мәселелер белгілі болды:
-
«Арал Теңізі» ҚБ өз балықшылары және де қоғам мүшелерінің құқықтарың қорғауға мүмкіндігін,
-
«Арал Теңізі» ҚБ балықшылары өз мүдделерін және де өз құқықтарын ашық айтып қорғауға мүмкіншіліктері бар екендігі,
-
«Арал Теңізі» ҚБ тендерге осы уақытқа дейін қатысуға құқығы жоқ дегенін жоққа шығаруы,
-
Аудан балықшылары, басшылары және де жергілікті тұрғындар өз ауданының балық шаруашылығының дамуына бар күшін салуға дайындығы белгілі болды.
Бұл мәселер бойынша Арал ауданының балық шаруашылығы туралы республика деңгейінде БАҚ құралдарында мақалалар жарияланды.
Қантар айы - Басқарма мүшелері Сейтпенбетов Д, Ізбасаров Ж, Атырау еліне барып, жергілікті балықшылардың сұранысы бойынша ау-құралдардың үлгілерін әкелді. Бұл «Арал Теңізі» ҚБ балықшыларының келешек қоғамның жанынан ашылғалы тұрған ау-құрал дүкенінің бірінші қадамы ретінде есептеуге болады.
Қантар айы – қоғам президенті А Батимова Алматы қаласында Қазақ Инвестициялық қорының өкілдеріменен кездесіп , келешек бірлесе атқарылатын жұмыс туралы талқылады.
Ақпан айы – 15 ақпан күні «Арал Теңізі» ҚБ Басқарма мүшелерінің жиналысы өтті. Күн тәртібінде «Каттегаттан Арал теңізіне дейін» жобасының штаттық қызметкерлерінің басқарма мүшелеріне 3 айда атқарылған жұмысы туралы есеп-берді, 2006 жылы балық аулауға байланысты өткізілетін тендер жөнінде, ауылдық жерлерде Еріктілер Орталығының дамуы, Басқарма мүшелерінің Манкент елді мекенінде тренинг өтетіндігі туралы, балықшылардың Астрахан немесе Қытай ауларын сатып алуға өтініш беру туралы, ау-құралдар жөндеу туралы, кіші несиелендіру туралы, балықшыларға жедел мәлімет беруді ұйымдастыру туралы, «Арал теңізі» ҚБ басқару туралы тағы да басқа мәселелер қаралды. Негізгі мәселелердің бірі болып ашылғалы тұрған «Камбала Балық» Балықшылар Өңдірістік орталығына директор ретінде басқа кандидаттар арасында топ жарған А Батимованың есімі болды.
Ақпан айы - барлық балық аулаумен айналысатын мекеме, ЖШС, ЖҚ басшылары 2006 жылғы 9-13 сәуір аралығында өткізілетін тендерге дайындық жасап жатыр.
Ақпан айы – «Арал теңізі» ҚБ және «Камбала Балық» балықшылар Орталығының жұмысыменен танысу барысында Бразилия, Америка Бейбітшілік Корпусынан, Қызыл Крест, Канада елдерінен бірнеше шет елдік азаматтар ауданымызға келді.
Ақпан айы – «Арал Теңізі» ҚБ жергілікті жоба координаторы Ж Махамбетова Алматы қаласында іс-сапарында мекеме тарапынан веб-дизайн, веб-сайт ашылуы туралы семинар тренингте білім алды, Евразия қорына несиелендіру туралы келісім сөздер жүргізді, қоғамның маретинг жоспарын жасады.
Ақпан айы – «Камбала балық» өндірістік Орталығында стратегиялық жоспарлау бағытында семинар өткізілді. Тренерлер есебінде Ақтөбелік СМЕДА өкілдері қатысты.
Орындаған:
офис менеджер Өтемісова А.
Достарыңызбен бөлісу: |