М. Әуезов атындағы ОҚУ «Мемлекеттік тілді оқыту» кафедрасының оқытушылары Г.Ж. Утегенова, Г.А.Абдукаримова, Н.Ш.Базарбекова, С.С.Байменова «Қазақ тілі» пәнінен барлық мамандық студенттеріне арналған оқу құралына
ПІКІР
Оқу құралы мазмұны мен жаттығулар жүйесі, шығармашылық тапсырмалар - бәрі де сөйлетуге бағытталған және де грамматикалық материалдармен қатар қазақша сауатты жазу дағдылары да қарастырылады. Оқу құралы грамматикалық білімін тереңдету, сөздік қорын байыту, әрбір лексикалық бірліктердің мағынасымен жұмыс істеу - бәрі бір мақсатта - қазақ тілінде еркін сөйлеуге, орыс тілінен қазақшаға, қазақ тілінен орысшаға еркін аудару, ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, дамытуға бағытталған.
Қазақ тілін оқу барысында түрлі терминдермен жұмыс жасай отырып, олардың қолданылу аясын, өзіндік ерекшеліктерін тиімді меңгереді. Қазақстанның ертеңі жастар болғандықтан тіл мәртебесінің көтерілуіне бірден-бір септігін тигізетін осы жастар деп есептейміз. Қазақ тілінің болашақта күнделікті қоғам өміріндегі қарым-қатынас құралына айналдырып, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге өз үлестерін қосатындарына сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: |