Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Дата05.07.2016
өлшемі74.35 Kb.
#179955
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сәуірбаева Замира Сейділдақызы
Тақырыбы: Тапқыр достар

Мақсаты: Ана тілде таза сөйлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу

дағдыларын дамыту, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Слайдтар, нақыл сөздер

"Ақыл мен білімнің тілмәші- тіл" (Ж.Баласағұни)

"Тілден терең теңіз жоқ,

Тілден биік асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ" (Ғ.Мүсірепов)

Кезеңдері:

І.Таныстыру

ІІ."Сөз тапқанға ..."(әріп таңдау)

ІІІ. "Тапқыр болсаң,тауып көр" 

ІV. «Жүйрік болсаң …»

V. "Ойлы болсаң..."

VІ. "Кім жылдам?"
Мұғалім сөзі: - Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 6- сынып оқушыларымен өткізілгелі отырған «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер!

Тіл- әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы- сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез- келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде. Осы орайда сыныбымызда «Тапқыр достар» сайысында белсенділік танытайық.



-Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,

Ренжімей тараса,озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау,-

Ендеше ортамызға әдебиет пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық: ... (8 оқушы қатысады)

2 - жүргізуші:

-Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар: ... (әділқазылармен таныстырады)

1.

2.



3.
І кезең – Таныстыру (ұтқыр, тапқырлықпен таныстырса жоғары ұпай беріледі)

ІІ-кезең. "Сөз тапқанға..."( қатысушы әріп таңдайды. Қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді. к,ж,а,с)

-Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан жеткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты "Сөз тапқанға..." «Бәйге» кезеңін бастаймыз. (қатысушы әріп таңдайды. Қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді. к,ж,а,с)

Сұрақтары: 1-топ:(әр топқа 15 сұрақтан қойылады)


  1. Қонақтарды қалай қарсы аласыз?

  2. Жұмыс істегенді жақсы көресіз бе?

  3. Газет-журнал оқисыз ба?

  4. Қуанған кезде не істейсіз?

  5. Көршіңізбен татусыз ба?

  6. Жарнамаға деген көзқарасыңыз?

  7. Мерекеде жақындарыңызға не сыйлайсыз?

  8. Бақыт деген не?

  9. Киноға кіммен барасыз?

10Уайымшылсыз ба?

11Сүйікті тағамыңыз қандай?

12Жеті атасын білмеген қандай болады?

13Адам көркі не?

14Досыңыз ренжітсе не істейсіз?

15Ойыншыларға не тілейсіз?

2-топ:


  1. Еріншексіз бе?

  2. Қуанышыңызды кіммен бөлісесіз?

  3. Ақындық өнеріңіз жоқ па?

  4. Күлкіңізді тыя алмағанда не істейсіз?

  5. Президент бола қалсаңыз не істейсіз?

  6. Ақылды адам қандай болады?

  7. Қандай сыйлық алғанды ұнатасыз?

  8. Ырымдарға сенесіз бе?

  9. Қазақ неге ет жегенді жақсы көреді?

  10. Үй жануарларын асырайсыз ба?

11.Саудада достық бар ма?

12.Досыңыз ренжітсе не істейсіз?

13.Жарық бізге не үшін қажет?

14.Адамдармен қалай амандасасыз?

15.Ойыншыларға не тілейсіз?

Мұғалім сөзі:

Білікті білім жинап, кәсіп етер,

Білімнің дәмін татып,өсіп өнер.

Білдірер білімді елге білім сырын,

  Біліксіз білімді аттап,бөсіп өтер,-деп Ахмет Йүгінеки айтқандай бұл "Тапқыр болсаң,тауып көр" ІІ- кезеңде қазақ тілі пәні бойынша білімімізді көрсетеміз. " 12 сұрақ


1-топқа.

1. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? 


2. Сөз мағынасын не зерттейді? 
3. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. 
4. Дыбысты немен таңбалайды? 
5. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? 
6. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? 
7.«Әліпби» сөзі қай тілден енген? 
8. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 
2- топқа :
1.«Лексика» сөзі қай тілден енген? 
2.Фонетика нені зерттейді? 
3. «Пәлеқор» сөзі буын үндестігіне бағына ма? 
4.Орфография нені зерттейді? ? 
5.Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 
6.Сөз таптары нешеу? 
7.Жұрнақтың түрлерін ата. 

8.Мағынасы қарама-қарсы сөздер қалай аталады?


ІІІ-кезең-«Жүйрік болсаң …»

-«Білекті-бірді жығар, білімді –мыңды жығар» деп дана халқымыз айтқандай, қай кезеңде де білімдінің өрісі кең екені даусыз.Бұл кезеңде

3 тақырып беріледі. Әр тақырыпта 20,30,40 ұпайлық 3 сұрақтан бар. Оқушы өзі қалаған сұрағына жауап береді. Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз болып саналады.


30

40

20

Әдебиет теориясы

Өлең- сөздің патшасы


20

30

40

30

20

40

Кейіпкерлер әлемі.

1. Әдебиет теориясы

1. 20 ұпай Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді не деп атайды? (Портрет)

2. 30 ұпай Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілін не деп атайды? (кейіптеу)

3. 40 ұпай Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі не деп аталады?



(Диалог)

2. Өлең- сөздің патшасы

1. 20 ұпай.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.



Кімнің, қандай өлеңінен үзінді? / А.Құнанбаев «Қыс»/

2. 30 ұпай

Өзге емес, өзім айтам өз жайымды,

Жүрегім, жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді

Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...



Кімнің, қандай өлеңінен үзінді?

(Қасым Аманжолов «Өзім туралы»)

3. 40 ұпай

Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Біздерде мынадай бар, мынадай бар !...»



Кімнің, қандай өлеңінен үзінді?

( Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»)
3. Кейіпкерлер әлемі. (10 ҰПАЙ)

1. «-Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын, құстың жаманын және шөптің жаманын тауып әкеліңдер.»



Қай ертегідегі кімнің сөзі?

(«Аяз би» ертегісіндегі Мадан хан)

2. «Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар-жоғары идеялы есімдер».



Кімнің, қай шығармасындағы кейіпкердің сөзі?

(Б. Соқпақбаев «Менің атым-Қожа» Қожаның сөзі )

3. «Биыл оның жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала-бозбаланың қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ.»



Кімнің, қандай шығармасындағы қандай кейіпкердің портреті?

( М. Әуезов «Ақын қонақтар» Абайдың портреті)
4.- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деді.

(Қай шығармадан алынған? Кімнің сөзі?) 



ІV КЕЗЕҢ -"Ойлы болсаң, озып көр" шартында 3 минутта «Өтірік өлеңдер» шығарамыз.Әр топ оқушылары өтірік өлеңдер шығарып жарысады. 
VІ КЕЗЕҢ- "Кім жылдам?" Бұл кезеңде мен қойған сұрақтарға жылдамырақ жауап беру керек. Әр ойыншыға 2 әріптен тиесілі.

І-топқа:


..... балпақ,

Басың неге жалпақ

(бақа)

Досқа күлкі,



Дұшпанға .....

(таба)
Үлкендер жастарға "әумин" деп не береді?

(бата)

Ренжу, көңіл күйі болмау синонимі?



ІІ-ТОПҚА:

Торқа, барқыт, патсайы неее?

(мата)

Адалдың антонимі?



(арам)

Түйенің аталығы

(атан)

Атадан балаға қалған не?



(мұра)

Қорытынды. Мұғалім сөзі:

-Міне, біз «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы тобымызды анықтайтын кезге де жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек.



2- жүргізуші:

- «Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,



Білікке сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,-деп даналарымыз айтқандай,

«Келешек-білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына Жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды тәмамдаймыз. Біздің білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек қана сәттілік тілейміз!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет