М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік
университеті Жаратылыстану ғылымдар факультеті
5В010900-Математика мамандығы
М-21-3 тобының студенті
Сапаралы Жансая Қанатқызына берілген
МІНЕЗДЕМЕ
Сапаралы Жансая Қанатқызы- Тараз қаласындағы Нарғозы Данаев атындағы орта мектепте 15.01.2024- 23.02.2024 жж. аралығында педагогикалық практикадан өтті. Практика аралығында Сапаралы Жансаяға 5«В» сыныбы бекітіліп, күнделікті математика пәні бойынша және тәрбие сағаттарын жүргізу міндеттелді. Алғашқы күннен бастап өзінің бойында мұғалімге қажет барлық қабілеттер бар екендігін байқатты. Тәрбиелі, сабырлы, ұқыпты, өз ісіне тиянақты, барлық берілген тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарап, сапалы орындай білді. Барлық сабағына тиянақты дайындалып, күнделікті сабақ жоспарын талапқа сай жаза алды. Әрбір сабақты шығармашылықпен өткізуге тырысты. Сабақ барысында көптеген көрнекіліктер мен тапсырмалар, сергіту жаттығулары, ойындар ұйымдастырып, оқушыларды өзіне баурап алды. Оқушылармен тез тіл табысып, оларға оқу материалын өз білімінің арқасында еркін әрі нақты жеткізе білді.
Сапаралы Жансая практика барысында 5«В» сыныбымен математика пәнінен және тәрбие сағатынан ашық сабақтарды жоғарғы деңгейде өткізіп, өзінің ұйымдастырушылық, басқарушылық, білім беру қабілеттерін шыңдады.
Алдағы уақытта Жансая үздік ұстаз әрі басшы болады деген сенімдемін.
Жансаяға тек қана сәттілік! Педагогикалық практикасын 5 (өте жақсы) деп бағалаймын.
Практикадан қорытынды бағасы: «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық»
(қажеттісінің астын сыз)
Сынып жетекшісінің аты-жөні, қолы: Әлішева Оразкүл Жұмағазықызы
________________
Практикадан қорытынды бағасы: «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық»
(қажеттісінің астын сыз)
Пән мұғалімнің аты-жөні, қолы:Нұрсейтова Айнаш Қанафияқызы ___________
Мектеп директорының аты-жөні, қолы: Онгарбаева Жанна Буркитбаевна
_______________
Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбарысының аты-жөні, қолы:
Естемесова Маржан Жумахановна ___________________
Достарыңызбен бөлісу: |