Қазақ әдебиеті
8-сынып
III тоқсан
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы менің пікірім
Нұр-Сұлтан қ.
«Білім беруді жаңғырту орталығы»
www.astana-modern.kz
ҚАШЫҚТЫҚ-ТАН ОҚЫТУ
- Оқу мақсаты: Б/С2. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
- Б/С4.шығарма бойынша жазылған әдеби сын пікірлерге сүйене отырып өзіндік сыни пікір жазу. Сабақ мақсаты:
- Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды салыстырып, өзіндік пікір жазады
1-тапсырма - 1-тапсырма
- Үзіндіні оқы. Өлең жолдарындағы материалдық құндылық пен рухани құндылықты анықта.
- Қазіргі заманда өзекті ме?
...Тірі жан аяқ басып келмейтұғын.
Аққулар аман-есен қайтқанынша
Суына Жетімкөлдің шөлдейтұғын
Суымен сырқаттарын емдейтұғын
Ұрпақтан-ұрпақ алып жалықпастан
Сондай бір дәстүр бар-ды қалыптасқан
Заманнан заман өткен, жаңарған жұрт, Аққуын айдын көлдің, налытпастан Дәстүрін аттамаған, анық басқан...
Рухани құндылық
|
Материалдық құндылық
|
дәстүр
|
аққулар, Жетімкөл
|
Ықтимал жауап
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
| - Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
|
1. Поэмадан берілген үзіндіні оқиды
| |
2. Өлең жолдарындағы құндылықтарды анықтайды
| | | | |
Әдеби-теориялық ұғым
2-тапсырма
«Венн диаграммасы» әдісі
- М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы материалдық және рухани құндылықтарды салыстырады.
- Шығармадағы жаңашылдық пен ғаламдық мәселелерді талқылайды
Практикалық бөлім
.
материалдық
рухани
Ықтимал жауап
.
бесік, аппақ айдын, жаулық
дәстүр, отбасы,қасиет
Практикалық бөлім
Әдеби сын туралы анықтамамен танысыңыз.
Әдеби сын – әдеби шығарманың бір түрі. Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сын бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдірмей отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы.
Практикалық бөлім
Ғалым пікірі
|
Менің көзқарасым
|
Аққуды атпау –атадан балаға жалғасып, жеткен жақсы жоралғы, жарасымды дәстүр ғана емес, адамгершілік асыл қасиет заңы, сұлулықты сүйе білудің, бағалай білудің үздік үлгісі. Аққуға оқ ату - күллі қасиетке оқ ату. Халық түсінігінде аққу – қасиетті құс, киелі ұғым. Сондықтан оған суық қару оқтамаған, оқтатпаған. Әңгіме әлдеқандай ырымда емес, ұнасымды ұғымда. Қасиетті қастерлеп, сұлулықты сақтай білуде. Табиғаттың тұнып тұрған сырлы суретін сүттей ұйыған күйінде қорғап қалуда.
Біздіңше, поэмада автордың айтқысы келген екі бірдей сабақтас идея бар. Оның бірі – қасиетке оқ атпау, тәтті тыныштық шырқын бұзбау, яғни адамгершілік пен ізгілікті дәріптеп, уағыздау болса, екіншісі –қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашыр, қамқор болу. Түйіп айтқанда, сұлулықты сүю, сақтау қасиеті. Автордың айтар ойы, көздеген нысанасы, алтын арқау идеясы – осы.
Ж.А. Аман, Р. Садықбеков
| |
3-тапсырма
- Ғалым пікірін оқып, көзқарасыңды білдір. Кестені толтыр.
Практикалық бөлім
Менің көзқарасым
Ғалымның пікірімен келісемін. Аққуды атпауды насихаттау - ең алдымен адам бойындағы адамгершілік, мейірімділік қасиетін қалыптастырады. Халық түсінігіндегі қасиет ұғымын жас ұрпаққа жеткізіп, оқушыға ой тастайды.
Біріншіден–адамгершілік пен ізгілікті дәріптесе, екінші жағынан–қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашыр, қамқор болуды үйретеді.
Практикалық бөлім
- 4-тапсырмаЖЖ.
- «Төрт сөйлем» тәсілі
Ананың іс-әрекетін қалай бағалар едіңіз?
- 1. Пікір. Ананың іс-әрекетіне байланысты өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен білдіріңіздер.
- 2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.
- 3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.
- 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
| - Шығарма бойынша өзіндік сыни пікір жазу.
|
1. Өзіндік пікірін білдіреді
| |
2. Өз пікірін дәлелдейді, мысал келтіреді
| |
3. Тақырып бойынша қорытынды шығарады
| | |
Достарыңызбен бөлісу: |