Жұмысты орындау тәртібі:
- Басқару орталығын іске қосыңыз.
- Фонын ауыстырыңыз, басында біртүсті болсын, ке- йінірек фондық сурет қойыңыз.
- Экранды сақтаушыны және 1 минутқа тең күту уақытын
орнатыңыз.
- Терезе және оның құрамы бірге орын ауыстыратындай жасаңыз.
- Панельдік сызғышының енін өзгертіңіз.
- Қосымшалар диспетчерін және KWord мәтіндік процес- терінің программасын іске қосыңыз.
- Басқа жұмыс орнынан Pаint растрлық редакторының
программасын ашыңыз.
- KWord ашыңыз және келесі мәтінді енгізіңіз.
- The Quick Brown Fox Jumps Over The Lаzy Dog, өз қа- лауыңыз бойынша екі түрлі стильді пайдаланыңыз. Осы файлды қолданушының үй каталогында сақтаңыз. KWord жабыңыз.
- Konqueror көмегімен өзіңізге үй каталогын ашыңыз, он-
да каталог құрыңыз, өзіңіздің текстік файлыңызды осы каталогқа көшіріңіз.
- Үй каталогының құрамымен танысыңыз, дискеттен
файлдарды көшіріңіз.
- Өзіңізге қажет нысан туралы анықтама алыңыз.
- Pаint көмегімен кез келген сурет құрыңыз. Онда барлық фигуралар болу қажет (1 эллипс, 2 шеңбер, 3 сызық, 4 тікбұрыш, 5 дөңгелек)
- Суреті бар файлды сақтаңыз, Pаint жабыңыз.
- Жаңа құрылған каталогқа файлды көшіріңіз.
- Құрылған файлға қол жетімділік атрибутын өзгертіңіз.
- Оқытушыға файлдарыңызды көрсетіңіз де, оларды өші- ріңіз.
262
Бақылау сұрақтары:
- KDE стандартты функцияларын атаңыз.
- KDE жұмыс орнының компоненттері не болады?
- Жұмыс орны панелінің функцияларын атаңыз.
- Диалогті тәртіпте справканы қалай алуға болады?
- KDE басқару орталығы қандай функцияларды ұсынады?
5.6. Kongueror Web Browser файлдық менеджері
Жұмыс мақсаты: Kongueror файлдық менеджерімен негізгі жұмыс дағдыларын алу.
Kongeror файлдық жүйелерді бақылайтын және басқаратын программа болуымен қатар, FTP протоколы мен World Wide Web броузерінің клиенті болып табылады. Ол мұрағат файлдар- мен де, суреттермен де жұмыс істейді. Kongueror файлдық дис- петчері әмбебап болып табылады, ол файлдар мен оның құра- мын ғана емес, сонымен қатар басқа да нысандарды көре алады. Мұндай кең мүмкіндіктерді барлық қарастырылған бағыттар бо- йынша Kongueror-да әмбебап нұсқауыштар ресурстарын пайда- лану арқылы, сонымен қатар әртүрлі типті ақпараттардың көрі- нуі үшін қосылған модульдерді пайдалану арқасында іске асы- руға болады
Достарыңызбен бөлісу: |