Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы «06» мамырдағы



Дата29.02.2016
өлшемі196.5 Kb.
#29448




Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы «06» мамырдағы

№ 93 қаулысымен

бекітілген




«Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi

және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары

болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi

және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi

қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу

және лицензиаттарға өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау,

қайта ресiмдеу, лицензия телнұсқасын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

1. «Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау, қайта ресiмдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), соның ішінде «электрондық үкіметтің»: www.e.gov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетіледі.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау, қайта ресiмдеу, лицензия телнұсқасы болып табылады немесе электронды құжат нысанында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысымен бекітілген «Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау, қайта ресiмдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздерге сай мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап беру.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар

тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды немесе электрондық сұратуды ұсынады.


5. Қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттардың қабылдауын, олардың тіркелуін жүргізеді – 15 минут. Нәтижесі – құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, қызмет алушының өтінішінің көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағының тізбесінде көрсетілген құжаттардың толықтығын тексереді – 1 жұмыс күні, біліктілік талаптарға сәйкес – 14 жұмыс күні (лицензия беру), 14 жұмыс күні (қайта ресiмдеу), 1 жұмыс күні (лицензия телнұсқасын беру). Нәтижесі – лицензия немесе лицензия телнұсқасын немесе құжаттар пакеті толық болмаған кезде, біліктілік талаптарға сәйкес келмеген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлеу;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут. Нәтижесі – лицензия немесе лицензия телнұсқасын және/немесе лицензия қосымшасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі лицензия немесе лицензия телнұсқасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелдi жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 минут.

Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналында көрсетілетін қызметті алушының қолы.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін

қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдар

тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды көрсетілетін қызметтің берушінің басшылығына бұрыштама қою үшін жібереді – 15 минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қойып, жауапты орындаушыға жібереді – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы лицензия, немесе лицензия телнұсқасын, немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлейді, материалдармен бірге құжаттарды басшылыққа тапсырады – 1 жұмыс күні (құжаттардың толықтығын тексеру), 14 жұмыс күні (лицензия беру), 14 жұмыс күні (қайта ресiмдеу), 1 жұмыс күні (лицензия телнұсқасын беру);

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы лицензияға немесе лицензия телнұсқасына немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды – 15 минут;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі лицензияға немесе лицензия телнұсқасына немесе дәлелдi жауапты жібереді – 15 минут.

8. Рәсімдер (іс қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы «Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау, қайта ресiмдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемада келтірілген (бұдан әрі – Регламент).

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді

пайдалану тәртібін сипаттау
9. Көрсетілетін қызметті берушінің және қызметті алушының ЭҮП арқылы қадамдық іс-қимылы және шешімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-да тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП-да тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының пароль енгізу процесі (авторизациялау процесі);

3) 1-шарт – ЭҮП тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірінің логині (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты ЭҮП авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5) 3-процесс – осы Регламентте нұсқалған «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау МБДАЖ) көрсетілетін қызметті алушымен қызметті таңдау, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және электрондық түрде қажетті құжаттардың сұрату нысанына бекітумен, форматтық талаптар мен оның құрылымын ескерумен көрсетілетін қызметті алушымен нысанды толтыру (деректерді енгізу);

6) 4-процесс – қызметті «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) төлеу, одан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ түседі;

7) 2-шарт – қызмет көрсеткені үшін төлем фактісін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ тексеру;

8) 5-процесс – қызметті көрсеткені үшін төлемдердің «Е-лицензиялау» МДБ АЖ болмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-процесс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10) 3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің (жойылған) жоқ болуын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП тексеру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамаумен байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет

көрсетуге сұраудың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);

13) 9-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ сұрауды өңдеу;

14) 4-шарт – лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін көрсетілетін қызмет берушінің тексеруі;

15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ деректерінде бұзушылықтарының бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (электрондық лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру, қызмет көрсетуден бас тарту туралы себепті жауабы) нәтижелерін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануы арқылы қалыптастырылады.

10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы осы Регламентке 2-қосымшасында графикалық нысанда келтірілген.

Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау, қайта ресiмдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Рәсімдер (іс қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

ҚФБ 1-тобы


ҚФБ 2-тобы


ҚФБ 3-тобы




Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді - 1 жұмыс күні


Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут. Нәтижесі – көрсетілетіән қызметті орындау үшін жауапты орындаушыны тағайындау




Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қабылданған құжаттарды басшылыққа жібереді

(15 минут)








Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі лицензия, немесе лицензия телнұсқасын, немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелдi жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 минут. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналында көрсетілетін қызметті алушының қолы





Көрсетілетін қызметті берішінің жауапты орындаушысы лицензия немесе лицензия телнұсқасын, немесе мемленкеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлейді - 14 жұмыс күні (лицензия беру), 14 жұмыс күні (қайта ресімдеу), 1 жұмыс күні (лицензия телнұсқасын беру)


Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут. Нәтижесі – лицензияға қол қою немкесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелдi жауап



«Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау, қайта ресiмдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



2-қосымша
ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы



Қызмет беруші арқылы мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет