Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының табиғат қорғау шаралары бойынша 2014 жылғы қорытынды есебі
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша табиғи ортаны қорғау шараларын iске асыру үшiн 2014 жылға облыстық бюджеттен 456,387 млн. теңге бөлінді және игерілді. Олардың iшiнен 008 - бюджеттiк бағдарлама бойынша 231,405 млн. теңге және 108 - бюджеттік бағдарламасы бойынша 29,750 млн. теңге бөлінді.
-
Су қорларын қорғау және тиімді пайдалану
1.1 Басқарманың экологиялық зерттеу зертханасымен Каспий теңізінің жағалау зонасына «Маңғыстау облысындағы мұнай өндірістерінің және порттардың Каспий теңізі жағалауы аймақтарына техногендік әсерін бағалау» ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілді (25,997 млн. теңгеге). Мониторинг барысында өндіріс орындарының қоршаған ортаға тигізіп отыған бірқатар зиянды әсерлері анықталды. Осыған байланысты жұмыс қорытындысы шара алу үшін Маңғыстау облысы бойынша экология департаментіне, Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына және Маңғыстау облыстық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясына жолданды. Жұмыс 2015 жылы да жалғасатын болады.
1.2 «Каспий теңізінің Ақтау қаласы жағалауындағы шельфтік аймағында жасанды рифтер жүйесін құрудың ТЭН жасақтау» ҒЗЖ қызметі бойынша 2014 жылға 7,0 млн. теңгеге «НПЦ жұмыс орындарын аттестациялау» ЖШС-мен шарт жасақталды. Осы уақытқа дейін тоғыз риф орнатылып, бақылауға алынды және қорытындысында суасты жасанды рифтерді дамыту ТЭН-нің ғылыми негіздемесін алдық. Жыл бойғы жұмыстың нәтежиесінде су астындағы әрбір рифтер төңірегінде гидробионттар колониясы қалыптасқан. Бұл жұмыс 2014 жылы аяқталды.
-
Радиациялық ластанулар мен өндірістік қалдықтар
2.1 «Қошқар-Ата» қалдық қоймасындағы бірқатар жердің сұйық фазасының құрғауына байланысты кепкен жерлерден шаң-тозаң бөлшектері атмосфераға таралуда.
Осыған байланысты, жасанды көлдің сұйық фазасының деңгейін тұрақтандыру мақсатында жыл сайын Ақтау қаласындағы кәрізден тазартылып шыққан 5,2 млн.м³ су айдалып отыр. 2014 жылға облыстық бюджеттен 22,5 млн. теңге бөлініп, «Каспий жылу, су арнасы» МКК-мен шарт жасақталды. Жыл сайынғы жұмыстың нәтижесінде қалдық қоймасының 22,3 км² аумағы су астында ұсталып отыр.
2.2 Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың тапсырысы бойынша «Қошқар-Ата қалдық қоймасын қалпына келтірудің техникалық-экономикалық негіздемесі» (ТЭН) жасақталып, 08.02.2013 ж. №15-0044/13 мемлекттік сараптама қорытындысы алынды. «Қалдық қоймасын қалпына келтірудің жобалық сметалық құжаттамасын» жасақтау үшін 2014 жылы сәуір айында конкурс жарияланды.
Конкурс қорытындысы бойынша «Қошқар-Ата қалдық қоймасын қалпына келтірудің жобалық сметалық құжаттамасын» (ЖСҚ) әзірлеу үшін 30 сәуір 2014 жылы 33,0 млн. теңгеге «Семипалатинскгражданпроект жобалау институты» ЖБ-мен келісім шартқа отырды. Қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаттама (ЖСҚ) бойынша 10.12.2014 жылдан бастап №122 санитарлы эпидеомологиялық сараптама жұмысы және экологиялық сараптама қорытындысы қаралып жатыр.
2.3 «Қошқар-ата қалдық қоймасының іргелес жатқан аймақтардың экожүйесіне тигізетін әсерін зерттеудің 2-кезеңі» бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылы ҚР БҒМ "Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті" РМК "Ғылыми-технологиялық парк" ЕМК-мен 12,0 млн. теңгеге шарт жасақталды. Бөлінген ақша толығымен игерілді. Нәтижесінде қалдық қоймасына жақын аймақтарда өмір сүретін кеміргіштердің хромосомалары мен ДНҚ-да ауытқулар байқалды. Жұмыс ендігі жылдары «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына іргелес жатқан елді мекендер тұрғындарының денсаулығына экологиялық-генетикалық әсерін бағалау» мақсатында ҒЗЖ жүргізілетін болады.
2.4 2014 жылы «Қошқар-ата қалдық қоймасының айналасында жасыл қорғаныш аймағын құру бойынша смета жасақтауға» 500,0 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді. 2015 жылы 20,0 млн. теңгеге қалдық қоймасының оңтүстік бөлігіне жасыл қорғаныш аймағын құру бойынша тәжірибелік жұмыстар басталады.
2.5 Маңғыстау ауданының Жыңғылды, Қарақия ауданының Мұнайшы және Бейнеу ауданының Боранқұл селоларынан қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигоны құрылысының ТЭН жасақтау жұмыс 2014 жылдың үшінші тоқсанында аяқталды.
Түпқараған ауданы Қызылөзен селосының қатты тұрмыстық қалдықтарын көму полигоны құрылысының ТЭН жасақтау басталды, 2015 жылдың 1 наурызында жұмыс аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар, Қарақия ауданының Болашақ селосынан қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигоны құрылысының ТЭН жасақталып жатыр және 2015 жылдың екінші кварталында жұмыс аяқталады.
-
Құм тоқтату жұмыстары
3.1 Құм тоқтату жұмыстарына байланысты Бостанқұм және Түйесу құм сілемдерінде өсімдік жабындысын қалпына келтіру жұмыстары үшін 2014 жылға «Жасыл әлем» МКК-мен 37,4 млн. теңгеге шарт жасақталды.
Дәл қазіргі таңда жасыл аймақтың аумағы 740 га құрайды. 2014 жылы жұмысты жалғастыру үшін құм сілемдерінің 500 га болатын деградациялық жерлері қоршалды.
3.2 2014 жылы Ұштаған селосын көшпелі құмнан қорғау жұмысына 35,8 млн. теңге бөлінді.
3.3 Тұщықұдық селосында жылжымалы құммен күресу жұмыстары жобасын іске асыру үшін 2014 жылы «Жасыл әлем» МКК-мен 14,009 млн. теңгеге шарт жасақталды. Бөлінген ақша толығымен игерілді.
Жұмыстардың нәтижесінде деградацияға ұшыраған аймақтардың осы уақытқа дейін 1 800 га астам жердің өсімдік жалғысы қайтадан қалыпқа келтіріліп, көгалдандырылды. 2014 жылы Сенек, Үштаған учаскелерінде әрбіреуі 500 га (барлығы 1000 га) болатын қоршаулар жасалып, өсімдік жамылғысын қайтадан қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу үшін смета жасақталды.
4. Биоәртүрлілікті сақтау және қалыпқа келтіру
4.1 «Көлеңкелі, Есет және Манашы» ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жаратылыстық-ғылыми негіздемесін жасақтау» қызметі 2014 жылға жоспарланып, «Kazakhstan Ecology Development» ЖШС-мен 7,0 млн. теңгеге шарт жасақталған болатын. Жұмыс 2014 жылдың төртінші тоқсанында аяқталды.
5. Атмосфералық ауаны қорғау
5.1 «Жаңаөзен қаласының экологиялық паспорты» ГАЖ жасақтау» қызметі бойынша 2013 жылға 35,0 млн. теңгеге «Атмосфералық ауаны қорғау ҒЗО» ЖШС-мен шарт жасақталды. Бірінші кезеңде, яғни 2013 жылы 20,0 млн. теңге қаражат бөлініп және ол толықтай игерілді.
Жұмыстың екінші кезеңі: 2014 жылға 15,0 млн. теңге бөлініп, осы жылдың төртінші тоқсанында жұмыс аяқталды. «Жаңаөзен қаласының экологиялық паспорты» қала веб-сайтына жүктелді.
5.2 2014 жылы Мұнайлы ауданының экологиялық паспортын жасақтау үшін 20,0 млн. теңгеге «Атмосфералық ауаны қорғау ҒЗО» ЖШС-мен шартқа отырды. Жұмыстың аяқталу мерзімі 2015 жылға жоспарланып отыр.
5.3 «Ақтау қаласының экологиялық паспорты» ГАЖ-нің мәліметтерін жаңарту бойынша жұмыс бойынша Атмосфералық ауаны қорғау ҒЗО» ЖШС-мен 4,0 млн. теңгеге шартқа отырып, бөлінген қаржы толықтай игерілді.
Алдағы уақытта Маңғыстау облысының экологиялық паспортын жасақтау бойынша жұмыстар жүргізілмекші.
6. Экологиялық тәрбие мен білім беру
6.1 Бұқаралық ақпарат құралдарында халықты экологиялық үгіттеу, сонымен қатар экологиялық насихаттау жұмыстары үшін 2014 жылға 3,3 млн. теңге бөлініп, бірқатар танымдық ақпараттық материалдар басып шығарылды.
6.2 «Маңғыстау облысының бұқаралық ақпарат құралдарында экологиялық тақырыптың үздік жарияланымы», Маңғыстау облысының орта білім беретін мектептері арасындағы «Табиғатпен үндес мектеп» конкурстары мен «Жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында облыстық экологиялық олимпиаданы» ұйымдастыру және өткізу үшін 2014 жылы 1,899 млн. теңге бөлінді және игерілді. Аталған конкурстар 2014 жылы тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Конкурстардың өткізілу мақсаты экологиялық ағарту мен насихаттау жүйесін жетілдірудегі БАҚ-ның рөлін арттыру, облыстың жалпы білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім беру және тәлім-тәрбиенің сапасын арттыру, экологиялық білім беруді жақсарту, жастар арасындағы экологиялық білімді насихаттауды жандандыру, жастардың қоғамдық жұмыстарға араласуын жандандыру, жастардың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау, студенттерді оқу-танымдық және оқу-зерттеу жұмыстарына ынталандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |