Магистранттар мен докторанттардың КӘсіби тәжірибені ұйымдастырудың ережелері



бет1/4
Дата03.04.2024
өлшемі14.61 Kb.
#497428
  1   2   3   4
§22 kaz

§22




МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ



  1. Жалпы ережелер




  1. Магистранттар мен докторанттардың кәсіби іс-тәжірибесі: зерттеу, педагогикалық және өндірістік түрде, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткізіледі.

  2. Осы ереже жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру (Қазақстан Республикасы Үкіметі бұйрығымен 2012 жылдың 23 тамызынан №1080) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес бекітілген.

  3. Кәсіби іс-тәжірибе жоғарғы оқу орнынның білім беру жүйесінде Жоғарғы Оқу орнындағы оқу үрдісі кезінде алынған барлық теориялық білімдердің, практикалық дағдылар мен құзіреттіліктердің, сонымен қатар озық тәжірибені менгерудің, кәсіби даярлықтың негізгі компоненті болып табылады. Кәсіби іс-тәжірибе ажыратылады: зерттеулік, педагогикалық және өндірістік.

  4. Зерттеу іс-тәжірибенің мақсаты: отандық және шет елдік ғылымдардың ең жаңа методологиялық, теориялық және технологиялық жетістіктерді меңгеру; практикалық дағдыларды бекіту; заманауи жинақтау әдістерін қолдану болып табылады.

  5. Педагогикалық тәжірибенің мақсаты жоғарғы оқу орнындағы ғылыми-педагогикалық әрекетке даярлау, жоғарғы мектептерде оқу-тәрбиелік үрдісінде дағдыларды қалыптастыру және қорытындылау, яғни арнайы пәндер бойынша сабақ беру, оқу үрдісін ұйымдастыру,ғылыми методикалық жұмыстар жүргізу болып табылады.

  6. Өндірістік тәжірибенің мақсаты практикалық дағдылармен арнайы болашақ мамандығына байланысты тәжірибе жинақтау және бекіту болып табылады.

  7. Кәсіби іс-тәжірибенің мерзімі мен мазмұны негізгі оқу жоспарында анықталады және жеке жоспарда көрсетілуі тиіс.

  8. Кәсіби іс-тәжірибенің бағдарламалары мен мазмұны жоғарғы оқу орнындағы мамандыққа байланысты кафедраларда жасалынады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет