Махамбет пен Исатай қай ханның озбырлығына қарсы шыққанын табыңыз



Дата28.06.2016
өлшемі32.87 Kb.
#163780
001

Махамбет пен Исатай қай ханның озбырлығына қарсы шыққанын табыңыз.

A)Жәдігер.

B)Уәли.


C)Тәуке.

D)Қасым.


E)Жәңгір.

002


Махамбет жайлы арнау өлең жазған қаламгерді көрсетіңіз.

A)Ы.Алтынсарин.

B)М.Дулатов.

C)М.Мағауин.

D)Ә.Кекілбаев.

E)М.Шаханов.

003

Үзіндінің авторын табыңыз.



Кермиығым, кербезім!

Керіскендей шандозым!

Құландай ащы дауыстым!

Құлжадай айбар мүйіздім!

A)Д.Бабатайұлы «Аягөз».

B)Қазтуған жырау «Мадақ жыры».

C)Ш.Қанайұлы «Зар заман».

D)Бұхар жырау «Асқартаудың өлгені».

E)М.Өтемісұлы «Тарланым».

004

Үзіндінің авторын табыңыз.



... Аз сөйлер де, көп тыңдар,

Қас асылдың баласы.

A)Ш.Қанайұлы.

B)Д.Бабатайұлы.

C)М.Өтемісұлы.

D)А.Құнанбайұлы.

E)Бұқар жырау.

005

«Кермиығым, кербезім», «Хиуадай ажарлым», «Қырмызыдай базарлым» деген тіркестерді Махамбет кімге арнағанын табыңыз.

A)Исатайға.

B)Ағаларына.

C)Жарына.

D)Анасына.

E)Баймағамбет сұлтанға.

006

Шоқанға «Еуропаға ашқан терезе» деп баға берген ғалымды белгілеңіз.



A)В.Г.Белинский.

B)П.П.Семенов-Тяншанский.

C)Г.Н.Потанин.

D)Ф.М.Достоевский.

E)Н.Ф.Костылецкий.

007


Ақмола облысының Көкшетау уезіне қарасты 5-ауылда дүниеге келген «әнші ақындар» деп аталатын үлкен бір өнерпаз топтың көрнекті өкілін көрсетіңіз.

A)Жаяу Мұса Байжанұлы.

B)Әсет Найманбаев.

C)Ыбырай Сандыбайұлы.

D)Ақан сері Қорамсаұлы.

E)Ілияс Жансүгіров.

008

Ш.Уәлихановтың Жанақ ақынның айтуымен ең алғаш қағазға түсірген жырын белгілеңіз.



A)«Манас» жыры.

B)«Тәңірі».

C)«Қырғыздар туралы жазбалар».

D)«Түркі шежіресі».

E)«Қозы Көрпеш-Баян сұлу».

009


Ш.Уәлихановтың еңбегін көрсетіңіз.

A)«Оян, қазақ!»

B)«Қазақ хрестоматиясы».

C)«Жастарға».

D)«Жоңғария очерктері».

E)«Әдебиет танытқыш».

010

Шоқанның Қашқарияға барғандағы лақап атын белгілеңіз.



A)Әлімбай.

B)Әкімбай.

C)Әмірбай.

D)Әзімбай.

E)Әділбай.

011


«Дүниеге көзімді ашқан – Михаэлис» деген ақынды көрсетіңіз.

A)А.Байтұрсынұлы.

B)А.Құнанбаев.

C)М.Жұмабаев.

D)С.Сейфуллин.

E)С.Торайғыров.

012

Абайдың «Қолында құралы бар бірен-саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан қойшы-қолаң, жарлы-жақыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су артық деп білемін» деп кімге айтқанын белгілеңіз.



A)Ерболға.

B)Тәкежанға.

C)Әкесіне.

D)Тоғжанға.

E)Анасына.

013


Абай өзінің өлеңдерін бастапқыда кімнің атынан таратып жүргендігін белгілеңіз.

A)Дәркембай.

B)Тәкежан.

C)Көкбай.

D)Оспан.

E)Ербол.


014

Абайдың білімнің маңызын насихаттаған шығармасын белгілеңіз.

A)«Интернатта оқып жүр».

B)«Ғылым таппай, мақтанба».

C)«Әсемпаз болма әрнеге».

D)«Өлең – сөздің патшасы».

E)«Қалың елім, қазағым».

015


Абайдың Көкбайға: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзім алайын»деп көңілі толған тұңғыш өлеңін белгілеңіз.

A)«Жазғытұры».

B)«Жаздыгүні шілде болғанда».

C)«Әсемпаз болма әрнеге».

D)«Интернатта оқып жүр».

E)«Жасымда ғылым бар деп ескермедім».

016

Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауданындағы «Бақты» аулында дүниеге келген әнші, сазгер, ақынды көрсетіңіз.



A)Біржан сал Қожағұлұлы.

B)Ақан сері Қорамсаұлы.

C)Әсет Найманбаев.

D)Ыбырай Сандыбайұлы.

E)Жаяу Мұса Байжанұлы.

017


Әсет Найманбаевтың халық ауыз әдебиетінің үйлену салт өлеңдері дәстүріндегі шығармасын табыңыз.

A)«Елшібай байға».

B)«Қанағатқа», «Мақпал».

C)«Мешбет зәңгіге жазған сөзі».

D)«Беташар», «Аужар».

E)«Ұраным – арғын шордан қаракесек».

018

Әсет Найманбаевтың айтыстарының ішіндегі ең айрықша, көркемін көрсетіңіз.



A)Табиямен айтысы.

B)Сүйінбаймен айтысы.

C)Сарамен айтысы.

D)Ырысжанмен айтысы.

E)Біржанмен айтысы.

019


Ы.Сандыбайұлының ару қыздың сұлу сипатын аса нанымды етіп бейнелеп берген өлеңін көрсетіңіз.

A)«Арарай».

B)«Қарақат көз».

C)«Қалдырған».



D)«Жаңғызтау».

E)«Алай көк».

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет