Махан Г. Ақыл-ойдың ағасы/ Г. Махан // Жастар əлемі. 2005. 21 наурыз



Дата09.06.2016
өлшемі38.45 Kb.
#123855
Махан Г.

Ақыл-ойдың ағасы/ Г.Махан // Жастар əлемі. - 2005.- 21 наурыз.

Жақында Қазақстанның еңбексінірген əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты А. Жұмабековтың «Үш таған» атты өрісі кең асыл ұландар - Евней Бөкетов, Н. Жантурин, Ж. Омаров жайлы сыр шерткен деректі хикаяты жарық көреді. «Театр адамдарды шуыстыратын творчестволық семья» демекші, осынау өнер ордасында ұстаз тұтқан ағалар туралы жазған естелік кітабым оқырман көңілінен жол табар деген үмітім бар»,- дейді көрерменін ойлаптып, жылата-күлдіріп, өмір насихатшысына айналған осынау зор өнер айдынын талантымен табындырып жүрген актер ағамыз. Евней Бөкетовтің бізге беймəлім өнегелі қырлары қаншама. Біз төменде Кеңес Жұмабековтің Евней Арыстанұлымен əңгімелесіп, ақыл-кеңесіп, ғибратын тыңдаған бақытты сəттерін сағына еске алған ой толғамын беріп отырмыз:

- Əдеби-мəдени ортаның кемелденген 70-80 жылдарында ғылым
саласындағы шұрайлы жетістіктеріне қанағат тұтып ғана қоймай, əдебиет
саласында да қарымды еңбек етіп, терең дүниелерді қазақ əдебиетінің алтын
қорына қосқан, ғылым мен əдебиеттің қос делебесін қатар ұстап, болашағына
рухани мол қазына қалдырған ұлтымыздың мақтаныштарының бірі- Евней
Бөкетов бейнесі қашанда асқақ. Алғаш бұл кісінің есімін 1968 жылы
Алматыдағы М. Əуезов атындағы Академиялық қазақ драма театры
жанындағы театр студиясын бітіріп, жолдамамен Қарағанды облыстық С.
Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына актер болып келгенде естідім.
Театрдың жаңа маусымы ашылып, Ш. Айтматовтың «Алғашқы мұғалім»
спектаклінің премьерасын ойнап, мəре-сəре болып бір-бірімізді құттықтап
жатканда Қ. Сатаев ага:


  • Тез киін де жазушы Амантай Сатаев ағаңмен фойеге шық. Өткенде айтқан
    академик Евней Бөкетов аға келіп тұр, - деді. Мен гримді сүрте, алып-ұшып
    сыртқа шықтым. Бес-алты адамның ортасынан менің жанарым еңселі, аса
    паң, шалқасынан кайырған қара шашы, адамға мейір төге қарайтын қара көзі
    мен мұндалаған кісіні «Евней аға осы шығар-ау» деп топшылап, көпшілікпен
    амандастым. Жаңағы бейтаныс жан:

  • Айтматовтың философиясын шашыратпай, жас шағы мен кəрі кезеңін
    əдемі қабыстырған екенсіңдер. Есейген шағындағы бейнесін сомдаған
    ойындарын (Алтынай рөліндегі А. Абылаеваны қоса айтып отыр) нағыз
    спектакльдін шарыктау шегіне жеткен екен, көңілім босап кетті, -деп
    ризашылығын білдіріп, кетуге ыңғайланғанда Қарекең:

  • Аға, мына азамат Кеңес есімді жігіт. Биыл Алматыдан оқуын тəмамдап,
    біздің мəдени ошаққа келген өнерлі жас актер.

  • Жаңағы пионер гой. Жақсы ойнадың, қадамың құтты болсын,- дегенде
    ұсынған қолын шап беріп ұстаған менің кішкентай алақаным ыстық аяулы
    мейірімнен нəр алғандай, толқып кеттім. Сол аялы ыстық алақанның нəрі осы
    күнге шейін мені алға жетелеп келеді.

Атақ-дəрежесі, жұмысы зор бола тұра өте қарапайым, кішіпейіл жан еді ғой. Евней Арыстанұлы театрдың бағыт-бағдарын, деңгейін, қоғаммен байланысын сараптап өзіндік пікір білдіретінді. Ягни біздер үшін ол кісі -театр айнасы іспеттестін. М. Кəрімнің «Ай тұтылған түн» трагедиясындағы жастардың талантына риза болғанда толқып, толғана сөйлегені, А. Островскийдің «Найзағай» драмасынан кейінгі, Добролюбовтың «Луч света в темном царстве» деген мақаласын өз ойымен сабақтастыра, спектакльдің құлды жақтарын тілге тиек ете, мұндай спектакльдердің актерлерге сабақ екендігін үлкен тебіреніспен сəттілік тілей сөйлегені əлі көз алдымда тұрғандай...

1975 жылы Қ. Бекхожиннің «Ұлан асу» тарихи драмасы ең алғаш біздің театрда қойылды... Үшінші қабаттағы Жақып Омаровтың кабинетінде əңгімелесіп отырған Евней аға Рамазан екеумізді көрген сəтте:

- О, батырлар, келіп калдыңдар ма? Жарайсыңдар, өте сəтті шыққан
спектакль. Қай жерде болсын ұялмай көрсетерлік қойылым,- деп қолымызды
алып, арқамыздан қаққан еді.

Ағамыз Рамазанның əніне ғашықтың. Отырыстарда Рамазанға Б. Тəжібаевтың «Ақбұлақ», Естайдың «Қоштасуын», Иман Жүсіптің əндерін салдырып, тамсана тыңдайтынды. Жүрегі өнер деп соққан ғалым ағамыз:



  • Əніңді сағындық, Рамазан. Жұмысбастылықпен кездесе алмай жүр едік.
    Сенің əніңді тыңдаудың сəті бүгін түскендей. Домбыраң бар болса?- дегенде,
    əн десе қамшы салдырмайтын Рамазан: «айтсаңыз табылады»,-деп
    домбырасын алып келуге кетті. Ал Евней аға күлімдеген таза, мөлдір көз
    жанарын маған тігіп: «Өзің өмірде де томашадай топ-томпақ екенсің ғой»,-
    деді. Мен томашаның құс екендігін, рөлдің маған берілуінің сыры да осы
    кішкентайлығымда жатса керек деп əзілге əзіл қоса, өз білгенімді топшылап
    айтқандай болдым.

  • Бəрекелді! Біледі екенсін. ...Тоқсан атты би Ізбасты биге: «Тоқсан би
    келеді, Тоқсан би келеді дегенге таудай дəу келеді десем, томашадай-ақ екен
    ғой»,-деп мысқылдап күлгенде, терісіне сыймай ашумен келген Тоқсан би
    жұлып алғандай: «Томаша тоғыз жұмыртқалайды, біреуі ғана бұлбұл болады.
    Өрмекші сегіз жұмыртқалайды, біреуі ғана бүйі болады екен. Томаша болсам
    бұлбұлы, өрмекші болсам бүйісі шығармын! Бұлбұлдай сайрап таңдай
    қаққызып кетермін, не бүйедей шағып, сеспей қатырармын»,- деген екен.
    Адуынды бидін асу бермес ашуын көрген Ізбасты би жұртына: «Екпіні тым
    қатты екеп, кінə бізден. Бықсығымызды өрттей қаулатып алмай дегеніне
    көніп, айдағанына жүріңдер»,- деп айып-пұлын төлеп, кінəсін мойындаған ол
    құрметті қонағындай сыйлап, Томаша биді шығарып салған екен деседі.
    Міне, томаша туралы саған қосымша мағлұмат. Сахнада Абылайханның
    сенімді серігі Томашаның ұшқырлығын, албырттығын, шапшаң əрекетін өте
    жақсы сомдадың. Риза болған соң біле жүрсін деген ниетпен айтып
    отырмын»,- деп ауыз əдебиетінің шешендік сөздер мен аңыздарынан да көп
    хабары барлығын аңғартқантын. Домбырасын ұстай келген Рамазанға:
    «Естайдың əнін тыңдайтын кез келді», -деген тілегін білдірді. Əннің қадірін
    түсіне, бағалайтын осындай алып тұлғалар өтінгенде бұрынғысынан да түлей

түсіп, сай-сүйекті шымырлата мұңды əуезге жүрек сөзімін қоса əуелете шырқаған Рамазан əнін аяқтағанда Жақаң: «Қайран Естай! Əуен мен сөздің інжу-маржаны емес пе?!»- дегентің. Сол сəтте «Сырлы əуезді сол қалпында жеткізген Рамазанның əншілігін айтсаңшы!»- деп рахаттана серпіліп, ризашылығын білдірген еді-ау, əз аға.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет