Бөкетов Қ.
Ұлағатты ұстаз/ Қамзабай Бөкетов// Орталық Қазақстан.-2004.-18 қараша; 20 қараша; Жалын.-2005.-№3.
Алдымыздағы 2005 жылдың 23-ші наурызында академик Евней Арыстанулы Бөкетов 80 жасқа толар еді. Алла Taғaлаға да жақсы адамдар керек демекші, 1983 жылғы 13-ші желтоқсанда таңертеңгілік серуенде жүріп, мерт болды. Евней Арыстанұлының 80 жылдық мерейтойын жоғарғы дәрежеде өткізуге дайындық, республика келемінде басталды.
Қолымыздағы барлық, еңбектерін жинағанымызда 14-15 томдай болады. Бәрі шығаруға уақытта, қаржы да көп керек болатын, сондықтан облыстық әкімдіктің басқаруымен өткізген мәжіліс 10 томдық тоқталды.
Бұдан тыс аудармалары (бұрын көп таралыммен жарық көрген), 6ip томдық ұсақ, мақалалары жарық көрген.
Бар еңбектерін жинап келгенімізде Евекең сол қысқа ғұмырында 240-тан астам, дәлірек айтсақ 242 ғылыми еңбек жариялаған, 80-нен астамы — әдеби еңбек (мұның ішінде аудармалары да бар). Сонымен ғылыми еңбектерін бес томға сыйғызып, ал 5 томы - әдеби еңбектері, оның ішінде 1 томы өлең-аудармаларына арналады. Бұл жұмысты орындау үшін редакция алқасы ұйымдастырылды: оған Е.Көбеев, А.Масалимов, М.Буркеев, С.Тахан, В.Малышев, тағы да сол сияқты белгілі ғалымдар тартылды.
Ғылымдағы еңбектерін дайындау химия факультетіне, ал әдеби еңбектері филология факультетіне жүтелді, сонымен бұл жұмыс жүре бастады.
Библиографиясы дайындалып 6iтyгe жақын, оны ұйымдастырып даярлауға көп еңбектенгендер фитохимия институтының директоры, академик С.Әдекенов, ҚарМУ-дың кітапхана директоры Д.Аймаганбетова, химия-металлургия институтының ұжымы, директоры М.Толымбеков басқарды.
Басқа істеліп жатқан жұмыстардың бәрі ұйымдастырып, қаржы жағын қамтамасыз ететін - академик атындағы Қарағанды мемлекеттік университеттің ұжымы.
Кейде артында осыншама еңбек қалдырғанына орай «қалай үлгерген» деген ойға келесің. Онымен қоса ұстаздық еңбегі қаншама, Евекеннің бұл қыры әлі толык. ашылмаған, осыған шама-шарқым келгенше тоқталғым келеді.
Еліміздің басына қара бұлт төніп, сұрапыл Отан соғысы басталған 1941 жылы Евней Арыстанұлы 9 сыныпты тәмамдаган еді. Оқуды тоқтата тұруға мәжбүр болды. Оларға төмендегідей себептер болган. Әкеміз Арыстанның денсаулығы нaшapлaғaн, үйде бас көтеріп еңбек ететін басқа кici жок, coғыс басталысымен әскер жасындағы жастар майданға аттанды, мұғалімдер жеткіліксіз болды. Сондықтан жoғapғы сынып оқушыларын ауылдық және селолық мектептерге аудан басшылары мұғалімдікке шақырған. Евней сол озат оқушылардың қатарында еді. Ол жайында Евнеймен бipгe мектепте оқыған Иван Белетченко өзінің «Начало пути» деген естелігінде былай дейді: «Евней был очень начитанным, он стремился знать больше других и сверх школьной программы. Из-за этого у него порой возникали конфликты с учителями. Ведь некоторые из них слабо владели своим предметом. Вот приходилось не раз «прорабатывать» умного школьника на учкоме или комсомольском комитете». Осындай жағдайдан да мектепті тастап кетуге мәжбүр болды-ау деймін, өйткені ауданда ол кезде жалғыз ғана орыстың орта мектебі болатын, eкіншісі қазақ мектебі еді. Сондықтан, біздің Евекен, ең алғаш мұғалімдікке біз тұратын селодан 10 шақырымдай жердегі көрші ceoiui Афанасьевка селосының 7 жылдық мектебіне (неполно-средняя школа) мұғалім болып орналасты. Ол мектепке Петропавлдың мұғалімдік училищесін сол жылы бітірген Рыспаев Қайыржан Айыпұлымен танысып. өмірлік дос болып кeттi. Қайыржан мен Евнейдің достықтарын мен өзімнің «Асыл aғa» атты естелігімде қысқаша жазғанмын, қайталау қажет емес болар. Eкеyiнің қай пәндерден сабақ жүргізгендері мaғaн беймәлім. Бірақ көп кешікпей қыс түсе Евнейді тағы да көрші 12 шақырым жердегі, Афанасьевка бізден батыста болса, оңтүстіктегі Ольгинка деген селоның, мектебіне ауыстырылды, ал Қайыржан Айыпұлы әскер қатарына алынып, соғысқа аттанып кетті, 1924 жылы туған болатын.
Ольгинканың мектебінде Евней физика, математика пәндерінен сабақ жүргізіп, оқу жылының ортасынан аса, директордың оқу бөлімі жөніндегі орынбасары міндетің атқарды, оқу жылын сонымен аяқтады.
Келесі 1942-1943 оқу жылының басында тағы да жұмыс орнын ауыстыруға тура келді. Бұл жолы Соколовка селосының орталау мектебі еді, мұнда қандай пәндерден дәріс бергені есімде жоқ. Бірақ мұнда тұрмыс тапшылығын татпады. Бұл да үй-ішіне қолайлы еді, өйткені біз тұрған селоға жақын. Қорыта келгенде, екі оқу жылына толмай маңайдағы жақын үш селолардың мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Енді оны бізден 80 шақырым жердегі Жалтыр аулының қазақ жеті жылдық мектебіне ауыстырып орыс тілі мен әдебиетінен сабақ, беру жүктелді.
Евней қалай сабақ беріп түсіндіргенін, сол кездегі 6-шы сынып оқушысы, өмірін мұғалімдік, бала тәрбиелеумен еткізген, оның толық 20 жылында орта мектептің директоры болған Асанов Серікбай ақсақал былай деп еске алады.
«...Әсіресе, орыс халқының ұлылары Пушкин, Бірінші Петрге байланысты анекдоттарды айтқанда тілдің майын тамызатын. Бізді қызықтырғаны сондай, қайта сұрап айтқызып, керекті жерлерін қағазға түртіп те отыратынбыз. Сезіміз дәлелді болу үшін солардың біреуін сөз еткім келіп отыр. Мәселен, орыс тілінің септік жалғауларын үйреткен кезде мынадай әңгіме айтқаны әлі есімде. Бірде орыс генералы Пушкинді қызының туған күніне шақырған. Сол тойда генералдың қызымен ортақ тіл тауып, жақындасып, соңында генерал қызы жүкті болып қалады-мыс. Ал патша генералы бүған намыстанып Пушкинді сотқа береді. Пушкинді бұрыннан білетін сот оған мынадай шарт қояды. «Егер болған істі тапқырлықпен, ұтымды сөзбен баяндап берсен, біз сені бұл пәледен құтқарамыз- деген екен. Сонда тапқыр Пушкин болған жағдайды грамматикалық септік жалғауларының атауларымен септеп жіберсе керек.
День был именительный,
Я был предложный,
Она была дательной,
Я был творительным,
Когда она родительный,
Почему я винительный? — депті.
Сот айтқан сөзінде тұрып ұлы ақынды жазалаудан құтқарыпты-мыс. Біз қазақ балалары мындай қызықты әңгімеден кейін септік жалғауларының атауларын түнгі үйқыдан тұрғызып сұраса да ұмытпайтын болдық. Мұндай қызықты әңгімелерді Евекең сол кездің өзінде көп білетін және орынды қолданатын» деп еске алады.
1942-1943 оқу жылын аяқтаған соң, жазғы демалысын қора-қопсыны жөнге келтіріп, азын-аулақ қысқы мал азығын, отын дайындаумен шүғылданды. Біраз уақытын мектеп ғимаратын жаңа оқу жылына дайындаумен өткізді, бірақ ол мектепке қызметін жалғастыруға мүмкіндік болмады. Оқу жылы басында менің ауыр науқасқа ұшырағаныма байланысты өініш жазып біздің отбасымыз тұратын Двойники деревнясының бастауыш мектебіне мұғалімдікке ауысуға тура келді. Сонымен 1943-1944 оқу жылын үйде өткізді, ал келесі жылында, яғни 1944-1945 жылы туған аулымыз Бағанатыға көрші Городецкий деревнясындағы жеті жылдық, мектепте химия, биология пәндерінен сабақ беріп, қосымша 6-шы сыныпқа жетекшілік етті. Осылай бұл оку жылы да аяқталды.
Жарқырап 1945 жылдың шуақты жазы келді. Халқымыздың қуанышында шек жок, неміс басқыншыларымен төрт жыл айқасқан сұрапыл соғыс ойдағыдай аяқталды. Соғыс басталғанда тоқтап қалған жоспарларын әрі қарай жалғастыруға, бейбітшілік өмірге кірісе бастады. Біздің отбасымызда ел қатарлы енді болашағымызды қайтеміз деген ойда болды. Анамыз Балтай, өзінің есінен кетпей жүрген, көп жыл бірге тату-тәтті өмір сүрген жұбайының ақырғы ол дүниелік болар алдындағы мүддесін орындауға әрекет жасай бастады. Ол - балаларын оқыту, оның ішінде үлкені Евнейдің оқуын жалғастыруы. Ол оқуын бітіріп мамандық алса, басқаларды оқытуға жағдай туады, оны анамыз жақсы білген, түсінген. Анамыздың шешімін Евней өз өмірбаяндық «Алты хат» повесінде жақсы баяндаған.
Евнейдің оқу жалғастыруға тағы бір себебі болды деп ойлаймын, ол сол повесте аталған Қаракөз есімді қыз. Қаракөз сол жылдары Алматыда ҚазМУдың филология факультетінде оқыды, ағам ол сұлудан жиі-жиі хат алып, жауап жазып тұратын. Бірде Қаракөздің ағама жіберген хаттарының бірін жасырын оқығанымда, Евнейді Алматыға келіп оқуын жалғастыруға ұгіттегені есімде.
Сонымен 1945жылғы жаз айларында 10 cыныпты бітіретін оқушылармен бірге дайындалып, экстренмен емтихан тапсырып аттестат алады, жолдастарының бірімен оқу іздеп Алматыға жол тартады. Ондағы Тау кен-металлургия институтына тұсіп, 1950 жылы ойдағыдай тәмамдап, аспирантураға қалады. Аспирантураның бірінші жылын бас кетермей басқаға мойын бұрмай лабораторияда зерттеу, ізденіс жұмыстарында, тәулігіне12-14 сағат, кейде 16 сағатқа дейін сонда болып, бос уақыты болса іздеп жүрген тақырыбына байланысты кітаптарды қолынан түсірмей өткізді. Келесі жылы лабораториясында болуын 8-10 сағатқа азайтып жүрді. Қажетті зерттеуін меңгергендей болса керек, енді уақытын бөліп, өзінің жастайынан сүйетін әдебиет саласына мойын бұрды. Алғашқы кезде жастар газеттері «Лениншіл жас», «Ленинская смена» газеттерінің беттерінде әр түрлі мақалалармен көрініп жүрді. Кейінірек «Социапистік Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінің беттерінде керінуі жиілене бастады. Бұл жайында көп жазған болатын, сондықтан айтып созудың қажеті болмас. Сол жылы аудармашылық еңбекке де қалам тартты. Алғаш аударғаны орыстың балалар жазушысы Иван Василенконың «Артемка» атты повесі. Бұл еңбекке қаражаттың кемшілігі, күн көрістің төмендігі итермелегенге ұқсайды. Осы саладағы еңбегі өмірінің соңына дейін бір үзілген жоқ. Сол өмір жылдарында жора-жолдастары екі топ болатын. Бірінші топтағылар өзімен әріптес аспиранттар Халет Нұрмағамбетов, Еслям Есіркегенов, Тельман Жақыпов, Толыбай Әлжанов сияқтылар, екіншілері Сейілбек Тілеубаев, Айдарбек Құсайыновтар, Қалтай Мүхаметжанов, ал екі топқа да араласып жүретін Алексей Переретун.
Бірінші топ бас қосқандағы әңгімелері лабораториядағы жұмыстары, қорғасын, мырыш, селен, теллур тағы басқа маған көпшілігі түсініксіз заттар. Ал екінші топтың әңгімелері аудармалар, ақын-жазушылар, яғни әдебиет, мәдениет туралы болатын. Кімнің қандай кемшіліктері мен жетістіктері бар дегендей, соның бәрін әңгіме ететін. Жоғарыда аттары аталған азаматтардың келешекте еліміздің белгілі ғалымдары, үлкен жазушылары, қоғам қайраткерлері болғаны анық. Өкінішке қарай көпшілігі 60-тың ар жақ, бер жағында о дүниелік болды. Халет Нүрмағамбетов болса, тіпті ерте — 50-ге жетпей дүние салды. Евней екеуі жақын дос болды. Халет Нұрмағамбетов болса, тіпті ерте — 50-ге жетпей дуние салды. Евней екеуі жақын дос болушы еді, екеуінің ғылымдағы ізденіс тақырыптары сәйкес болғандықтан шығар. «Қорғасын», «Мырыш» сияқты аттармен 3-4 брошюра жарыққа шығарған болатын. Аспирантураның соңғы жылы Евнейдің ұстазы академик В.Д.Понамарев ақыл беріп студенттерге лекция оқып сабақ беруге баулиды.
1954 жылдың шілде айында Евней диссертация қорғап, кандидаттық атақ дәрежесіне жетеді. Ассистент болып өзінің үйреншікті кафедрасында қалдырылады. Енді ұстаздық қызметіне біржола кірісті. 1956 жылы доценттік дәреже алды. Ал 1958 оқу жылы карсаңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып бекітіледі. 1960 жылдың ақпанына дейін бұл міндетін мүдіртпей орындап жүргенінде, республикамыздағы Ғылым Академиясының бірінші президенті Қ.И.Сәтбаевтің ұсынысымен Қарағандыда құрылғанына бір жарым жылдай болған Қазақ ССР-нің Ғылым Академиясының Химия-металлургия институтына директор болып ауысады.
Қарағандыға келген соң ұстаздықтан қол узбей, ұмыт қалмас үшін қаладағы педагогикалық институтқа сағатпен дәріс оқуға жарты ставкаға доцент болып сабақ жүргізеді. Ол жұмыстан университетке ауысқанша қол үзген жоқ. 2-3 жылдан соң басқарған институтқа аспиранттарды қабылдап жоғары дәрежелі ғалымдар дайындалуға қолы жетті. Евней Арыстанұлы өзінің қарамағында 60 ғылым кандидатын дайындап шығарды. Бұлардың 52-сі Евекеңнің көзінің тірісінде қорғады, қалған 8-і өзі о дұниелік болғаннан кейін қорғап, әлі күнге дейін ұстаздарын естеріне алып ризашылығын білдіріп жүреді. Онымен қатар көптеген талапкерлерді басқа ғалымдарға Мәскеу, Ленинград, Киев, Тбилиси, Баку, Свердловск, Новосибирск сияқты қалаларға, жоғары білімді мамандармен келісіп аспиранттарын ғылыми тәжірибе алу үшін жіберіп отырды. Бұл да бір үлкен табыс болып бағаланған. Осы тәсіл әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді.
Тіпті кейбіреулері әртүрлі жағдайлармен оқудан бас тартқысы келгендерді нақты дәлелдер келтіріп, ғылымнан шегіншектенбеуді, ғылымға мықты, талантты ғалымдар қажет екенін баса айтатын кездер де болған. Өзінің жоғарыда атап кеткен «Алты хатында» мынадай бір жағдайды ескерте кетуге тура келіп отыр: «...ғылыми атақ алу әркімнің қара басының ісі емес, ғылыми қызметкерлер семьяға емес, мемлекет пен ғылымға керек», деп қорғауға жақындап қалғанда арызбен келіп отырған жас келіншек Аққағаз Жетенованы тоқтатыпты. Осы әңгімеден кейін Аққағаз диссертациясын қорғап, көп жыл мазмұнды ғылыми қызмет атқарды. Кейін Болат деген баласы сол ХМИ-да ғылым докторы болып шықты. Мұндай жағдайлар аз болмаған.
Институттың басқарушылық жұмыстарында, түрлі жетіспеушілікті қамтамасыз етемін деп журіп, оған қоса көпшілік, қоғамдық міндеттерін атқарумен, айталық облыстық партия комитетінің пленум мүшелігі, облыстық кеңестің депутаттығы, бірнеше журналдардың алқа мүшесі және де республикалық, одақтың арнайы мамандық кеңестерінің мүшелік міндеттерін атқарудан уақыты жетпегендіктен болуы керек, аспирант шәкірттерінің жасап жатқан зерттеулері тоқтап, не болмаса қорғауға бөгет болмайын деген мақсатпен демалыс мезгілдерінде шәкірттерін консультация беруге, қателерін түзетуге үйіне кеш болсын, ерте болсын онысына қарамай шақыра берген.
Осыншама жұмысты қалай үлгерген деген сұрақ тууы мүмкін. Оны шәкірттерінің естеліктерінен байқауға болады, Мысалы, таланты шәкірттерінің бірі қазір ғылым докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлық иегері Әбдуәлі Баешов былай деп еске алады; «Евекең бізді — аспиранттарын екі-үшеуден кешкі қызметтен кейін үйіне сағат 8-де консультацияға шақыратын. Жазғанымызды, лабораторияда жасаған зерттеулеріміздің қорытындыларын мұқият тексеріп, талқылап, кемшіліктерін, жазғанымыздың қателерін бәрін де өзімізге талқылау үстінде тұсіндіріп қателерімізді мойындатып отырушы еді. Біз мұндай тұсініктеме алғанымызда қуанып қалатынбыз. Еңсемізді төмендету, білмейсіңдер деген сөздер аузынан шықпайтын, қайта керісінше өзімен қатар ұстап білімдар адамдар етіп отырушы еді». Консультациясын аяқтап, тақырыптарын жан-жақты талқылаған соң, аздап әзіл-әңгімелер айтып, бәрін күлдіртіп, өзі де жарқын дауысымен қарқылдап күліп алады. Содан кейін: «Ал батырлар жұмыстарың бітті ме, бітсе асығыс отырғандарың болмаса сендер ұстаз болыңдар, ал меі білімсіз шәкірт болайын. Мына бір жазып жатқан шимайымды тыңдап көріңдер» деп үстелінің тартпасынан бір бума жазылған қағаздарды суырып алып, «мұқият тыңдаңыздар» деп оқи жөнелетін. Оқитыны өзінің әдебиеттегі түрлі шығармалары. Бірақ оқығаннан кейін тоқтап «Ал, батырлар, пікірлеріңізді тыңдайын» деп тоқтап үнсіз күтетін. Біреу мақтай бастаса оны тоқтатып онсыз да мақтаушылар табылатындығын айтып, кемшіліктерін сұрап отырушы еді. Ал егер де біреуі мына бір тұста былай жазса түзу болар еді десе оған масаттанып, қуанып қағаздарына түртіп алатын. Мұндай жиындар көбінесе демалыс күндер болатын. Ағайындар, жора-жолдастар қонаққа, той-думанға шақырғанда баруын «міндетім» деп санайтын. Бірақ шақырған адамға алдын-ала ескерту айтатын, кейде «Рұқсат берсеңіздер, тура шақырған мерзімінде барамын да екі сағаттаи кейін қайтамын» дейтін, ал тойға үш сағатын бөлетін. Осы тәртіппен өмірден өтті. Артынан көптеген еңбек қалдырғаны да содан болар.
Қорыта келе, айтпаса болмас, ағамыздан тәлім-тәрбие алған, қамқоршылығын көргендерден қазір 24-і ғылым докторы, профессор, ал 6-ы академик, 5-і Мемлекеттік сыйлық иегері.
Ендігі сөз Қарағанды мемлекеттік университеті жайында. Мұнда 1972 жылы наурыздың 14 жұлдызында жоғарғы партия кеңес мүшелерінің ұйғарымымен орналасқанды. Заман сондай болатын. Кабинетті ауыстырып үлкен ұжымды басқаруға кірісіп кетті. Еңбек жолын бастағанда жасөспірім балаларды сауаттылыққа оқытса, енді сауаттыларды ілгері басқызып ұстаздыққа оқытуға кірісті. Бұл жумысты сегіз жылдай атқарды.
Ректорлық қызметінде жүріп химия факультетінің студенттеріне органикалық химиядан дәріс оқуын тоқтатқан жоқ. Әрбір оқу-жылының соңында бітіретін студенттердің диплом жумыстарына жетекшілік етіп те жүрді. Сонымен бірге филология факультетінде оқығандарға жылына 2-3 студенттерге жетекшілік көрсетті. Оқу жылдарынын басында және бірінші курс студенттеріне екі тілде де кіріспе дәрістерін оқыды. Тезистері өзінің мұражайында сақтаулы.
Евекең университетте жүріп те, тек студенттердің алдында дәріс оқыған жоқ, сонымен бірге жоғары білімді көп жылдар студенттер алдында мұғалімдік етіп жүрген оқытушыларға да шара қолданған, Оны қазіргі мұражайда ректорлық залдағы жұмыс үстелінің үстінде жатқан күнделік журналынан көруге болады. Онда 1972 жылы 28 қазан күні аға оқытушы Әубәкіров Болат Төлебайұлының сабағына қатысып тыңдайды. КСРО тарихы: төрт бет айрық-ұйрық ескертпелері, аяғында: «Проведена беседа в присутствии с К.Ж.Жуасовым и Р.А.Клещевой деген».
Қ.Ж.Жуасов — тарих факультетінің деканы, Р.А.Клещева — оқу жөніндегі проректор.
Екіншіде Перетятько Тамара Петровна деген мұғалімнің лекциясына қатысады, оның сабағында жазғаны тіпті бес бет. Лекцияның тақырыбы: «Фонетический анализ слов». Соңында «проведена беседа»депті.
Ал Зиборова Татьяна Георгевна деген мұғалімге «замечании нет» деген ғана белгі тұр.
Осындай жазулар мен ескертпелер көп, бәрін тізе берудің керегі шамалы болар. Бірақ бұл да ұстаздыққа тәрбиелеудің жоғары деңгейінің бір түрі.
Университеттің аудиториясына барып дәріс оқуға жағдайы келмегендіктен жоғары курс студенттерін, өзінің жұмыс орны, яғни ХМИ-ғa шақырып, сонда оқитын болды. Бұл жайында Евекенің шәкірті, химия факультетінің профессоры Кенжебек Рүстембеков өзінің «Ұстазымның тағылымын ұмытпаймын» деген естелігінде жазған. Кенжебектің айтуынша сол 13 желтоқсан күні Евекең 5 курс студенттерінде сабағы болу кepeк екен, телефон аркылы іздесе, Евекең ол дүниелік болды деген суық хабарды естіген. Осылайша ұлы ұстаз Евней Арыстанулы Бөкетов өмірінің түгелдей дерлік уақытын жастарды сауаттандырып тәрбиелеу жолында өткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |