«Малонарым орта мектебі» кмм сынып жетекшісінің сынып бойынша



Дата21.01.2024
өлшемі70.5 Kb.
#489526
Документ DOC (3)


«Малонарым орта мектебі» КММ
Сынып жетекшісінің сынып бойынша
тәрбие жұмысының жылдық есебі
9«А» сыныбында барлығы 4 оқушы бар. Оның ішінде ұлдар-2, қыздар-2.
Сыныпта көп балалы және жағдайы төмен отбасылар жоқ. Қамқорлыққа алынған оқушы: Бексултанов Расул.
Сыныптың екі оқушысы «Оқу екпіндісі» (Ришатқызы Аида, Ушпаева Нұрай) және екі қанағаттанарлық бағамен бітірген оқушы (Бесултанов Расул, Мурзагалиев Дидар).
Сыныптағы барлық оқушылардың қай жерде тұратындығы, жалпы отбасылық жағдайларының қандай екендігімен танысу мақсатында қыркүйек айында үйлерін аралап шықтым.
Жалпы сынып оқушыларының интелектуалдық деңгейі, сабаққа қызығушылық деңгейі орташа, тәртіп жағынан жақсы. Екпінділер: Ушпаева Нұрай және Ришатқызы Аида. Оқу жылының басында сынып белсенділерін сайладық.
І және II жартыжылдық іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспарға сай сынып сағаттарын көрсеттім. Атап айтқанда: «1 қыркүйек – Білім күні. Саналы ұрпақ-жарқын болашақ», «Ұстаз-ұлы тұлға», «Қарттарым асыл қазынам», «Отбасы – бақытты мекенім», «Қауіпсіздік шаралары дегеніміз не?», «Адамгершілік – асыл қасиет!», «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Интернет – бүкіләлемдік өрнек»,«Отбасы – тәрбие басы, мектеп ─ тәрбие жаршысы», «СПИД – ғасыр індеті», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»,«Тәуелсіздік бастауы – 16 желтоқсан», және карантинге байланысты «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!», «Балаға жүрек жылуы», «Ана – өмір шуағы» және карантинге байланысты қашықтықтан келесі сынып сағаттарын өткіздім: «Короновирустан сақтану шаралары», «Ерлікке тағзым» (9-мамыр «Жеңіс күніне» орай), «Адал ұрпақ – ел болашағы», «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай», «Соңғы қоңырау – 2020». Осы тақырыптар бойынша тәрбие сағаттарына оқушылар да ат салысты: өлең жолдарын, ән сөздерін жаттап, мәнерлеп оқып, ән салды.
Тәрбие сағаттарына ғана қатысып қоймай, балалар барлық мектепішілік шараларға да қатысып, атсалысып отырды. Мысалы үшін: «Күзгі бал», «Тәуелсіздік күні» мерекелік концертіне, «Жаңажылдық шырша» мерекелеріне, «Күзгі жәрмеңке», «ИДН-мен
кездесу», «Студенттермен кездесу», түрлі «Газеттер байқаулары», салтанатты саптүзеулер шараларына қатысып отырды. «Күзгі бал», Тілдер мекеркесіне орай өткізілген «Газает байқауынан», Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген газет байқауына қатысып, мадақтама қағаздарын алған.
Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында апта сайын сынып бөлмесін тазалауға және күнделікті кезекшілік кестесі бойынша сыныптың еденін ылғалдандыруын қадағалап отырдым. Апта сайын оқушылардың күнделіктерінің жүргізілуін тексердім. Күнделікті сабаққа кешіккен, сабақ босатқан оқушылармен әңгіме жүргізіп отырдым. Сынып оқушылары мектеп формасын сақтап отырды. Ай сайын балалардың үйін аралап, тұрмыс жағдайларын тексердім. Оқу үлгерімі бойынша әр пән мұғалімімен жекелей сөйлесіп отырдым.
Ата-аналар жиналысы өткізіліп отырды. Онда оқушылардың тұрмыс-жағдайы, оқу үлгерімі, сабаққа қатысуының белсенділігі, емтиханға дайындығы және т.с.с. мәселелер талқыланып отырды. Жиі сабақтан қалатын оқушылардың ата-анасымен жеке жұмыс жүргізіліп, қысқы, күзгі, көктемгі және жазғы демалыста қайда болатындығы, өмір қауіпсіздігі және түнгі уақытта ата-анасыз жүруге болмайтындығы айтылып, ата-аналардан сенімхат алынды. Ата-аналармен жұмыс ватсап желісі және ұялы телефон арқылы үздіксіз жүріп отырды.
Жыл көлемінде атқарылған тәрбие жұмысы «Жақсы» деп қорытындыланды
Сынып жетекшісі: Каир

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты №7 «Адам болам десеңіз.......»
Күні
Класс жетекші:
Класс: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Эпиграфтар (тақырып
мазмұнын ашатын)
Сабақтың мақсаты: өз өмірі мен денсаулығының құнын түсінеді, салауатты өмір салты туралы білімін тәжірибеде пайдаланады, өмірлерінен жағымсыз әдеттерді шығаруға тырысады;
Құндылықтарды дарыту Ішкі тыныштық
Ресімдеу Слайд,презентация
Музыкалық және бейне көркемдеу интерактивті тақта, слайд
Үлестірмелі материалдар мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
Тақырыптық көрмелер мен
ақпараттық стендтер Презентация
Дайындыққа арналған
әдебиет Интернет материалдары
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
Ұйымдастыр
у кезеңі (7
мин)
Адам еркіндігі Адамзаттың аспанында жарқырап тұратын жұлдыздар сияқты өте биік сөздердің арасында «еркіндік» сөзінің орны ерекше. Адамға еркіндіктің ауадай қажет екенін барлық адамдар түсінеді және келіседі, ол керемет құндылық, байлық: еркіндіксіз өзің бола алмайсың, өз қылықтарың үшін жауап бермейсің, өзіңді өзің көрсете де алмайсың. Бірақ осы «азаттық», «еркіндік», «бостандық» дегеннің өзі не, оны қалай түсінуге болады? «Еркіндік» және «жауапкершілік» ұғымдарының бір-біріне қандай қатысы бар, қандай байланысы бар? «Сөз бостандығы», «ар бостандығы», «баспасөз бостандығы», «демократиялық бостандық», «ерікті, азат қоғам» – біз бұл сөздерді үнемі естиміз және пайдаланамыз. Бірақ бостандық, азаттық деген не? Ол шын мәніндегі байлық, игілік пе? Көпшілік кейде адамның күші, байлығы, билігі және де басқа ресурстары қаншалық көп болса, ол кез келген мәжбүрлеуден азат, тағдырдың кез келген сынынан соншалықты азат деп ойлайды. Алайда билік пен байлық кей жағдайда өзін өзі қолдаудың жүйесіне, құралына айналады. Адам оларды өзі үшін сақтап қалуға қаншама күш, жігер, көп уақыт жұмсайды, мұндайда азаттық, еркіндік, бостандық туралы ой миыңа кіріп те шықпайды. Бенедикт Спиноза бостандықты санамен, оқу-ағартумен, адамның білімділігімен байланыстырып, еріксіздікті, тәуелділікті надандықтың көрінісі, соның салдары деп санаған. Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. Сұрақтар 1.«Еркіндік» дегеніміз не? 2.Адамның бойындағы қандай қасиеттері оның адамдық болмысын көрсетеді? Бұл орайда еркіндік қаншалықты маңызды? Мысал келтіріңіздер. 3. Белсенді өмірлік ұстанымы бар адамның әрекетінде жалпыадамзаттық қандай құндылықтар көрініс береді деп санайсыз? Компьютер
Сабақ басы (13 мин) Төменде берілген тапсырмамен мұқият танысып шығып, сахналық қойылымдар дайындаңыздар. • Оқушылардың шағын топтары (3-5 адамнан) адамның басты құқықтары мен бостандықтары көрсетілген карточкалар алады. • 7-10 минут ішінде карточкадағы сөздермен аяқталатын жағдаят ойлап, оны сахналау қажет. • Әр топ өзі даярлаған сахналық қойылымын көрсетеді. Карточкалар • Әрбір азаматтың өз пікірін және ойын айтуға құқығы бар. • Әрбір азаматтың қай жерде тұрғысы келсе, сонда тұра алады. Әрбір азаматтың өз елінен кетуіне және қайтып оралуына құқығы бар. • Әрбір адам өз елінің азаматы болу құқығы бар. Ешкім азаматтығынан айрылу немесе азаматтығын өзгерту құқығынан айрылған жоқ. • Ешкім басқа біреудің құлы бола алмайды. • Әрбір азамат билік органына сайлауға және сайлануға құқықты. Сайлау жалпыға бірдей, еркін және тең болуы тиіс! Оқушылар Адамгерші-ліктің 7 қағидасын атайды. Қанатты сөздерді оқып, ой-пікірлерін ортаға салады. Презентация
Ортасы (20
мин)
Адамгершілік деген ұғымды қалай түсінесіз? Оқушылар ойын анық,нақты жеткізеді презентация
Соңы
Балалар еркіндікті санамен оқу ағартумен,адамның білімімен байланыстырып, еркіндік бізге ауадай қажет екенін есімізге сақтап ,жүрегімізді таза ұстап ішкі тыныштығымызды сақтайық. Бейнежазба көрсетіледі

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты №30 Интернеттегі мәдениет
Күні
Класс жетекші:
Класс: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Эпиграфтар (тақырып
мазмұнын ашатын) «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»
Сабақтың мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – Ғаламторга байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар ғаламтор туралы толық мәлімет алады, ғаламтордың пайдасы мен зиянды жақтарын толық түсінеді және онымен қолдану, компьютермен жұмыс істеу ережелерін танысады.
Құндылықтарды дарыту Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу
Ресімдеу Слайд,презентация
Музыкалық және бейне
көркемдеу интерактивті тақта, слайд
Үлестірмелі материалдар А4 форматтар
Тақырыптық көрмелер мен
ақпараттық стендтер Презентация
Дайындыққа арналған
әдебиет Интернет материалдары
Сабақтың барысы
Сабақтың Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар
кезеңі/ уақыт Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
Ұйымдастыру
кезеңі (7 мин)
Психологиялық дайындық Күн жылуын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын Ізгі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым күндеріңіз сәтті өтсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды бастаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «ғаламтордың пайдасы мен зияны» Сабақтың мақсаты: бүкіләлемдік өрмек – ғаламторға байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу. Енді оқушылар мына әріптерді таңдаңыздар. Қызыл түсті қағазда әріптер, көк түсті қағазда әріптер. Қызыл түсте «компьютер» сөзі шығады, көк түсте «интернет» сөзі шығады. Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. Компьютер
Сабақ басы (13 мин) Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. Ғаламтор және денсаулық. Қазір ғаламтор желісін пайдаланбайтын бала кемде-кем шығар. Әсіресе жаз мезгілінде, демалыс уақытында балалардың дені ғаламдық торды жан серігіне айналдырып алатыны шындық. Одан балаларды қорғау жолын да дұрыс қарастырмайды. Ал ғаламтордан қорғалмаған бала түрлі психологиялық ауруларға душар болуда. Бұрын жаз мезгілі бола қалса балалардың барлығы азаннан қара кешке дейін үй көрмей далада ойнап жүруші еді. Оқушыларға презентция көрсетіледі Компьютер
Ортасы (20
мин)
Компьютерге тәуелді болу белгілері: 1. Тамақты, шайды компьютер алдында ішесің. 2. Сабақты компьютердің алдында орындайсың. 3. Компьютердің алдында түнімен отырасың. 4. Сабаққа бармай компьютермен ойнағың кеп тұрады. 5. Үйге келген бойдан компьютердің алдына отырасың. 6. Бір сәтке компьютерің бұзылып қалса көңілің түсіп, не іспен айналысарыңды білмей ашуланасың. 7. Компьютермен жұмыс істеуге тиым салған адамға қарсы шығып, ренжіп ашуланасың. Міне осындай белгілерді өз бойларыңнан байқасаңдар өзіңнің компьютерге тәуелді болғаныңды байқауға болады? Оқушыларға суреттер көрсетіледі Компьютер
Соңы «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»туралы көп мәлімет алдыңыздар деп ойлаймын. Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білейік. Денсаулығымызға зиян келмейтіндей ақыл кеңестерді тиімді пайдала біліңдер. Интернет әлемі Қызығы мол әдемі. Компьютердей құралды Меңгердік ау біз енді. Интернет құралғы Үйретеді жаңаны. Өркениетті ел болып Жаңалықта табады.-деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Рефлексия «Алақан». – Мына алақанның әрбір саусағына өздеріңіздің бүгінге тәрбие сағатында көңіл күйлеріңізді, алған әсерлеріңізді жазыңыздарда кілеймен жапсырыңыздар. Оқушыларға алақанның суреті беріледі
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты №31 «Дені сау адам табиғаттың ең үлкен жемісі»
Күні
Класс жетекші:
Класс: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Эпиграфтар (тақырып
мазмұнын ашатын)
Сабақтың мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығ

Бекітілді ___________ Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар


Тәрбие сағаты: «Адамгершілік ардың ісі»
Күні:15.01.2024ж
Класс жетекші:Койбагарова А
Класс: Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,ақылды,шыншыл,қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Құндылықтарды дарыту Иамандылыққа баулу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыр у кезеңі:
(7 мин) Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы Компьютер
сүру,адамдық ар-намысты ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң,дейді Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол».Ақылды,мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам-ардақты адам.Арымыз таза болса,тарихымыз да таза. Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық,ол өмірде қымбат асыл қасиет,асыл мінез,ашық,шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы. Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады.Олар-жалқаулық,өзімшілдік,күншілдік,сараңдық,қорқақтық,менмендік,қатыгездік ашу,ызақорлық қатарлары бойынша орындарына отырады.
Сабақ басы
(13 мин)
1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады? «Өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?» Жарқын күн көлбейленіп тұр,күнді біз мейірбан,жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек,біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік,ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. Оқушылар топпен жауап береді презентация
Ортасы (20 мин) рухани адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік.Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер? 1.Отанға деге,ата-анаға деген сүйіспеншілік,досқа деген,туған жерге деген сүйіспеншілік. .Жағдаяттық сұрақтар. 1.Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді.Ал сен не істер едің? 2.Сенің жан досың «Киноға барайық»деген болатын,ал сенің уақытың болмай жатыр.Не істер едің? 4.Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай шешімге келер едің Оқушыларға бұлттар беріледі.Бұлттарды ажырата презентация
Соңы
Ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын,үнемі қайырымды,мейірімді,адал,ақкөңіл,еңбекқор,әділ,ақылды парасатты болыңыздар! Оқушыларға бейнежазба көрсетіледі. презентация

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет