ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысу үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.
Алғашқы нұсқаулармен барлық жұмыстарға жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдар еңбек қорғау ережелері және де кәсіпорындардың ішкі тәртібімен таныстыру.
Жұмыс орнындарындағы нұсқауды топ жетекші жүргізеді. Бұл нұсқау жұмыстың қауыпсыз тәсілдерін практика игерудің бастамасы болып табылады. Малдармен тікелей жұмыс істейтін яғни малдармен жұмыс жасайтын адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.
Мал шаруашылықтарындағы жұмысшылар арнайы және санитарлық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім – бұл жұмысшылардың физикалық, химиялық және де биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал.
Ауру малдармен, өлекселермен, қилармен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қауіпі төнеді. Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтыру, бұзаутас және тағы басқа аурулар жатады.
Ауру малды қабылдағаннан кейін қолданылған құрал – жабдықтар 15 минут қайнатылады. Егер малдар изоляторға жіберілетін болса, байлауға қолданылған жүген – ноқта тағы басқа қолданылған құрал – саймандар дезинфекцияланады. Оқшауханаға кіргізер алдында, малдардың тұяғы жуылып, тазаланады. Ауруға қойылған диагноз бойынша қайшылықтар болмаса, малдар сабынмен жуылып, дезинфекцияланады. Ауру малдарды қабылдаған ветеринарлар мамандары қолын жуып, алшалғышты, қолғапты, піскек және де тағы басқа жабдықтарды үнемі ауыстырып отыруы тиіс, мүмкіншілік болмаған жағдайда дезинфекцияланылып отырылуы қажет.
Химиялық дәрілермен жұмыс істеу кезінде қауыпсіздік ережелерін сақтау қоғамдық және адамдардың жеке басының денсаулығын қорғау үшін жағдай туғызуға және малдардың ауруларына және өлулеріне жол бермеуге бағытталған аса маңызды шара.
Улы химикаттармен жұміс істеуге ең енмі 18 жасқа толған, денсаулығы мықты, химиялық дәрілермен жұмыс істеу ережелері жөнінде нақтылы нұсқаулар алған және де патогенез микроорганизмдерді құрту әдістерін игерген қызметкерлерге ғана рұқсат беріледі.
Жас өспірімдер, жүкті және баласын емізіп жүрген әйелдер, кейбір аурумен ауырып жүрген адамдар мұндай жұмысқа қабылданбайды.
Улы химикаттармен жұмыс істегенде немесе химикаттармен жұмыс жасау барысында тамақ, су ішуге, темекі тартуға болмайды, яғни оларға жұмыс орнында рұқсат жоқ. Тамақты жұмыс ачяқталғаннан кейін немесе үзіліс кезінде ғана ішуге болады, бірақ міндетті түрде арнайы киімді шешіп, беті – қолды мұқият сабындап жуу керек.
Техникалық кауіпсіздік - өндірісте өнідріс ортасындағы кауіптен адамды сақтау шаралары жиынтығы яғни, ол өндірістік процессте қалыптасқан адам өміріне денсаулығына әсер етуші өндрістік қауіптің төнуі, енбек қызметінің жағдайы.Әсіресе адамның қауіпсіздігі жөніндегі мәселе өнеркәсіп ортасында көрінеді.
Қазақстан Республикасында қабылданған техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария, қоршаған ортаны қорғау шараларын сактауды міндеттейді. Қазақстан Республикасындада 2004 жылдың 28 ақпанында (№ 528-110) "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" туралы заңы қабылданды, осы Заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті корғау саласындағы қоғамдық өзара қарым - қатынастарын реттейді және еңбек кызметі кезінде, процесінде енбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай - ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекгі корғау саласындағы мемлекеттің саясатының ең негізгі принциптері мен бағыттарын белгілейді және бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |