«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ
НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сүт безінің қатерлі ісігі- Қазақстанда
және әлемде
сырқаттанушылық пен қауіп факторларын салыстырмалы талдау
Дайындаған: Ермекбай В.С
Тексерген: Оқытушы Анамбаев И.А
Курс: 3
Мамандығы: Қоғамдық
денсаулық сақтау
Тобы: 301 А
Алматы 2023
Кіріспе.
Онкологиялық аурулардың пайда болуында қоршаған ортаның көптеген
факторлары өз әсерін тигізеді. Әлемде жыл сайын қатерлі ісіктердің 10 млн жаңа
жағдайы тіркеліп, шамамен 8 млн науқас көз жұмады. Дүниедегі барлық өлімнің
13% қатерлі ісік ауруларына тиесілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
(ДДСҰ) болжамы бойынша 2020 жылға дейін бүкіл
әлемде қатерлі ісікке
қатысты ауру-сырқаушылық пен өлім-жітім 1,5-2 есеге артады. Ауру-
сырқаушылықтың өсуі ерлерде өкпе мен тоқішек-тікішек қатерлі ісігі, ал
әйелдерде сүт безі және жатыр денесі қатерлі ісігі есебінен өрбиді деген болжам
бар.
Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақтың (International
Union Against
Cancer, UICC) ұйтқы болуымен, қоғамдастықтың
назарын қатерлі ісік
ауруларының жаһандық мәселелеріне аудару мақсатында, 2005
жылдан бастап
жыл сайын бүкіл әлемде 4-ақпан Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күні аталып
өтеді. ДДСҰ сарапшыларының бағалауы бойынша,
тиімді тамақтану, белсенді
өмір салты және темекішегушіліктен бас тарту
арқасында онкологиялық
дерттердің 40% алдын алуға болады.
Зерттеу мақсаты. Сут безі қатерлі ісігінің әлемдегі және Қазақстандағы
жағдайын зерттеу, алдын алу жолдарын талқылау.