Маркетингтік зерттеулердегі ақпарат



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата14.06.2024
өлшемі0.9 Mb.
#502576
  1   2   3   4   5
Niluuu



Маркетингтік 
зерттеулердегі ақпарат


Дәрістің мақсаты: 
Маркетингтік ақпараттық жүйені құру үрдісінде немесе шешімді 
қабылдауды қолдау жүйесінде маркетингтік ақпараттың ерекшеліктерін, қағидалары мен 
құрылуының қайнар көздерін зерттеу.
Негізгі сөздер:
Ақпарат, маркетингтік ақпаратты пайдаланушы, тұтынушының 
ақпараттық қажеттілігі, маркетингтік ақпараттық цифрлар, деректер, мәліметтер, 
қауесеттер, бағалар, тікелей маркетингтік ақпарат, аралық маркетингтік ақпарат, 
қорытынды маркетингтік ақпарат. 
Негізгі сұрақтар:
1.
Маркетингтік ақпараттың мазмұны мен жіктемесі;
2.
Маркетингтік ақпараттың қайнар көздері;
3.
Маркетингтік ақпараттық жүйе.


Маркетингтік ақпарат дегеніміз
- маркетингтік шешімдерді
дайындау мен қабылдау үшін қажетті кез-келген объект, оқиға, 
процесс немесе құбылыс туралы білім, ақпарат, мәліметтер.
Маркетингтік қызметті талдау, жоспарлау, енгізу және тиімділігін бақылау процесінде
менеджерлерге әр түрлі ақпарат қажет. Маркетингтік ақпарат кәсіпорынға:
- қаржылық тәуекелді және компанияның имиджіне қауіптілікті азайту;
- бәсекелестік артықшылықтарға ие болу;
- маркетингтік ортаны ұстану;
- үйлестіру стратегиясы;
- іс-шаралардың тиімділігін бағалау;
- менеджерлердің интуициясын күшейту үшін керек.
Әдетте, маркетингтік ақпарат негізгі және қосымша болып бөлінеді.


Маркетингтік ақпаратты жіктеуге болады:
1) дереккөзі және алу әдісі бойынша: қосымша және бастапқы ақпарат;
2) ақпараттың сипаты бойынша: сандық және сапалық ақпарат;
3) маркетинг бөліміне қатысты ақпараттық ағындар: кіріс, талдану, сақтау, шығу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет