«Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек»
Тақырыбында 11-сынып ата-аналарға тренинг-сабақ
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, пән мұғалімдерімен жақсы қарым-қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге , білуге және қиындықтақол ұшын соза білуге ықпал ету.
«Қар қиыршықтары» жаттығуы
Нұсқау:
Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып,ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Осылай мүмкіндігімізше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі,қар қиыршығын ашып қараймыз.
Талдау:
-Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі неде деп ойлайсыздар? –не себепті бәрімізде бірдейақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?
Түйін:
Себебі, бәріміз бірдей әрекет әрекет жасағанмен, ол бізде әртүрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамбыз. Біздің қоғамдағыорнымыз,қызметіміз, жан-дүниеміз бәрі әртүрлі. Ал, біздің бірге жиналуымызда бір себеп бар-ол өмірқиындықтарына төтеп беру, одан да жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен роліміз әртүрлі болса да,бәріміздіңалдымыздағы тұрған мақсатымыз бір.
Ол- жақын арада, қаңтар айында басталатын 11 сыныптың бірінші ҰБТ-і тапсырады.ҰБТ біздің елімізге осыдан тура он екі жыл бұрын,2004 жылы енгізілген болатын.Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)-орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі.
Ситуациялық сұрақтар:
1 топқа жағдаят
ҰБТ. Айтулы күні жақындаған сайын мектеп бітіруші баланың ұйқысы қашып, мазасыздана бастады. Ең алдымен ол мектептің, ата-анасы мен өзінің абыройын ойлады. Осыған дейін тер төгіп дайындаған еңбегінің еш кеткенін қаламайды.Оның үстіне ата-анасы баласына тым жоғары талап қойып отыр. ҰБТ күні ол төмен ұпай жинад. Баланың ата-анасы ретінде балаға қандай көмек көрсетесіз? Оның төмен ұпай жинаған себебі?
2-топқа жағдаят
Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал, сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екенін нақты білесіз. Тәжірибелі, ересек, жанашыр адам ретінде сізбалаңызға қалай кеңес берер едіңіз?Оның бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?
3-топқа жағдаят
Сіздің 6 жасар қызыңыз және 2 жасар ұлыңыз бар. Сіз екі мезгіл жұмыс жасайсыз. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келеді. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасынтындырып, баланы да бағатынүлкен қызыңыздың күн тәртібін енді сізқалай өзгертесіз? Қызыңызға өзіңіздің тарапынанқандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханғадайындалуына қалай жағдай жасайсыз?
Ой жинақтау:
Видеоролик «Күріштің қасиеті»
Ата-аналарға сұрақ:
Видеороликтен не түсіндіңіздер?
ҰБТ және мемлекеттікемтихан тапсыратын балаңызға ата-ана тарапынан қолдауды қанша пайызбен көрсете аласыздар?
Талдау: Видеороликтен көргендей дәрігер Эмото үш банкідегі күрішті
ата-ананың баламен қарым-қатынасы ретінде тәжірибе жасап көрген. Біріншісіне-ағыс айтып,жақсы сөз арнағаннан күріштің жақсы иісі шығып,көтерілгенін, екіншісіне-«дурак» -яғни «ақымақсың» сөзінен-күріштің қарайып кетуі, ал үшіншісінен-мүлдем назар аудармағандықтан –көгеріп,құрып, пайдасызболғанын көруге болады. Бұл тәжірибенің сіздің ҰБТ тапсыратын балаңыз үшін де көп маңызы бар. Себебі,үнеміқолдау көрсетіп,жақсы сөзіңіздіарнасаңыз-балаңызажарланып,алға ұмтылады, ал үнемі «оқымайсың», «білмейсің», «алға ұмтылмайсың»т.б ауыр сөздермен ҰБТ тапсыру кезіндегі психологиялыққиындықтарға төтеп бере алмай, өз-өзімен болып кетуін түсіндіреді.
Балаңызға қолдау көрсетіп,үнемі жанынан табыла біліңіз, Ата-ана!
«Түйінді сөзді мен айтамын» стратегиясы
«Бала көңілін қалай табуға болады?» деген сұрақты әр ата-ана,ұстаз топтарындаталқылап, бір байламға келіп,ойтүйінін ортаға жеткізіп, айтып береді.
Тәжірибелік бөлімді қорытындылау
«Балама тілек» ашық хаты
Жиналысқа қатысушы барлық ата-аналарға түрлі түсті қағаздан гүл, жүрек,күн суреттерінде ашықхат жасаутапсырылады.
Құрметті Ата-ана және ұстаздар сіздер әр күн сайын балаларыңызға да осындай көңіл-күйді сыйлап отыруды сіздерден сұраймын!
ҰТБ және мемлекеттік емтиханға барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
Достарыңызбен бөлісу: |