Мұқашева, Ж. Бөкетов жайлы бөлек туынды [Текст] / Ж. Мұқашева // Орталық Қазақстан. 2008. 29 наурыз (№49-50)



Дата26.02.2016
өлшемі19.27 Kb.
Мұқашева, Ж.

Бөкетов жайлы бөлек туынды [Текст] / Ж. Мұқашева // Орталық Қазақстан. - 2008. - 29 наурыз (№49-50)
Жақында академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Студенттер мәдениет сарайында жазушы Медеу Сәрсекенің «ЖЗЛ» сериясынан шыққан «Е.Бөкетов» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.

«Ебіней Бөкетов»кітабының тұсаукесер рәсіміне облыс әкімі Н.Нығматулин, кітаптың авторы, «Құрмет» орденінің иегері Медеу Сапаұлы Сәрсеке, академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ректоры, профессор Е.Көбеев, тұңғыш ректордың інісі Қамзабай Арыстанұлы Бөкетов және кітапқа пікір білдірген қарағандылық ғалымдар –техника ғылымдарының докторы В.Малышев және филология ғылымдарының докторы Т.Савченко құрметті қонақ ретінде қатысты.

Жұртшылыққа есімі танымал жазушы Медеу Сәрсекенің бұған дейін Қазақстанда үш мәрте жарияланған «Қайран Бөкетов» кітабы жуықта Мәскеудің «Жайсаң жандардың өмірі» сериясынан жарық көрді.

Әлемге әйгілі бұл серияның алғашқы кітабы 1890 жылы жарыққа шыққан, ал «Молодая гвардия» баспасы осы басылымды 1933 жылы қайта жаңғыртып, содан бері 1200 шамалы кітап шығарған. «Жайсаң жандардың өмірі» сериясына дүние жүзінен ең атақты адамдар - ұлы ғалымдар, аса көрнекті мемлекет қайраткерлері, өркениеттің ірі тұлғалары ғана таңдалып алынып, олардың өмір жолы адамзат қауымына үлгі ретінде ұсынылады. Халқымыздын көрнекті алты тұлғасы осы сериядан шыққан кітаптардың аркауы болған.

Олар: Сәкен Сейфуллин, Қаныш Сәтбаев, Шоқан Уәлиханов, Нәзір Төреқүлов, Кенесары Қасымов және Мұхтар Әуезов. Енді, міне, жетінші тұлға болып, осы сериядан біздің жерлесіміз, Қарағанды каласында ғылым мен білім негіздерін өркендету ісіне 24 жыл ғұмырын сарп еткен, техника ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының ие-гері, академик-жазушы Ебіней Арыстанұлы Бөкетов жайлы толайым еңбек шығып отыр.

«Ебіней Бөкетов» кітабының бірінші бетінде автор: «Бұл кітап Қазақстан Республикасы Қарағанды облыстық «Сарыарқа» әлеуметтік қорының қолдауымен жарық көрген. Осы шығармамның мәртебелі сериядан жарық көруіне мұрындық болған Қарағанды облысының әкімі Н. Нығматулинге зор алғыс айтамын» деген лебізін жазған.



Әдеби кеш барысында Ақан сері мен Біржан салдың Е.Бөкетов сүйіп тыңдаған әндері айтылды. С.Сейфуллин атындағы театрдың артистері «Юлий Цезарь» спектаклінен кішігірім үзінді көрсетті.

Сонымен қатар, Студенттердің мәдениет сарайында ҚарМУ-дың ғылыми кітапханасы дайындаған «Заманға сай классикалық университет» деп атала-тын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасымыз Н.Назарбаевтың, жазушы М.Сәрсекенің кітаптары және академик Е.Бөкетов жайында жазылған еңбектер мен баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар қойылды.
Каталог: download -> DBases -> E A Buketov -> Files
Files -> Сәрсеке, М. Мәскеу-"жзл" сериясы. 7-ші кітап/ М. Сәрсеке; әңгімелескен Ж. Аупбаев //Егемен Қазақстан. 2007. 28 қараша (№367-370)
Files -> Е. а букетова в развитие Казахстанской науки советского периода/ А. Е. Даниярова //Степной край Евразии историко-культурные взаимодействия и современность. Тезисы
Files -> Уәлиев Д. Академик Бөкетов есімі орталық көшеге лайық / Д. Уәлиев // Орталық Қазақстан. 2004. 23 желтоқсан
Files -> Жақсыбаев А. Жарқын тағдыр тауқыметі/А. Жақсыбаев//Егемен Қазақстан. 2008-№168-169 (5)
Files -> Исабаев, Қ. Адал достық: Е. Бөкетовтің туғанына 80 жыл / Қ. Исабаев // Орталық Қазақстан. 2005. 13 қазан
Files -> Әуезов, м қалаулылар көп, таңдаулылар аз [Текст] / М. Әуезов // Қазақ әдебиеті. 2009. 28 тамыз 3 қыркүйек (№37).
Files -> Литература о жизни и трудах Е. А. Букетова // Евней Арыстанович Букетов (23. 03. 1925 13. 12. 1983): Библиограф указ. Қарағанды, 1992. С. 141-147
Files -> «Алыстан сермеп, жүректен тербеп» Ебіней Бөкетовтің хаттары бойынша эссе [Мәтін]/ М. Сәрсеке // Егемен Қазақстан. – 2013. – 30 қаңтар
Files -> Бөкетов, Қ. Асыл аға бейнесі / Қамзабай Бөкетов // Жастар əлемі. 2006. 21 наурыз (№4)
Files -> Каренов Р. Өмірі де, өзі де өнеге еді / Р. Каренов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет