Мастер-жоспар



бет1/2
Дата25.02.2016
өлшемі0.66 Mb.
#25048
  1   2
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

МАСТЕР-ЖОСПАР

Қазақстан Республикасындағы ветеринария жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес модернизациялау

Астана, 2013ж

Мазмұны

1. Кіріспе.......................................................................................................2

2. Ағымдағы жағдай...................................................................................2

3. Мастер-жоспардың мақсаты, талаптары..........................................6

4. Маңызды проблемалар..........................................................................7

5. Мастер жоспардың мақсатына және талаптарына жету үшін қажетті мемлекеттік қолдау, қойылған мақсатқа және талаптарға жету жолдары:.............................................................................................................9

5.1. Жеке кәсіпкерлік секторының саласын дамыту және институттарын дамыту, мемлекеттік органдардың қатынасу механизмдерін сипаттау............................................................................................................9

5.2. Мастер-жоспарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына кірген мемлекет және жеке қаражаттар есебіне бөлінген қажетті қаражаттар көлемі................................................................................................................17

6. Күтілетін нәтижелер

5. Кіріспе

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Стратегия «Қазақстан-2050»: бекімделген мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына үндеуіндегі тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасы бекітіліген (бұдан әрі- Бағдарлама).

Бағдарламада көрсетілген тапсырмаларға және көрсеткіштерге жету мақсатында, сондай-ақ ветеринария саласындағы іс-шараларды нақтылы жүзе асыруға, осы мастер-жоспар дайындалған.

2. Ағымдағы жағдай

Ветеринария, ауыл шаруашылығы ғылымы мен тәжірибесінің бір негізі ретінде жануарлардың ауруларын емдеуге алдын алуға, балауға, зерттеуге, халықты зооантропоноз ауруларынан қорғауға, олады сапалы жіне қауіпсіз жануарлар тегі өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Ветеринария саласында қалыптасқан мәселелерді толыққанды шешуге республика, аймақтар оның ішінде жеке фермерлік шаруашылықтар масштабында жануарлардың жұқпалы емес және инфекциялық ауруларының алдын алу және жою бойынша кешенді бағдарламасын дайындауды қажет етеді.

Қалыптасқан тұрақсыз эпизоотиялық жағдай АӨК дамуы үшін кедергі болып табылады.

Ауруларға негізінен шекаралас аумақтар бейім болғандықтан, ол жерлерден еліміздің басқа аймақтарныа таралуда.

2012 жылы 180 инфекциялық аурулардың ошағы тіркелді, соның салдарынан Қазақстанның бірқатар облыстары үшін мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға тыйым салынды.



  1. сүрет. 2012 жылы тіркелген жануарлар аурулары ошағының саны


Кеңінен таралған аурлар болып ұсақ малдың жіне ірі қара малдың бруцеллезі болып саналады. 2012 жылы бруцеллез бойынша қолайсыз пункттердің саны 243 құрап, оның 229 сауықтырылды.

Осыған орай бруцеллезге шалдыққан жануарлардың жалпы санының ішінде ұсақ малдың қолайсыз пунктеріндегі саны 43550 құрап отыр.

9021240 ірі қара малды бруцеллезеге жоспарлы тексеру барысында барлығы 33456 бас шалдыққаны анықталып,олар санитарлық союға жіберілді.

Қолайсыз деп танылған пунктердегі бруцеллезге оң нәтиже берген жануарларды қоса есептегенде, барлығы 35877 бас анықталды (ірі қара мал бойынша қолайсыз пунттерде -2421 бас, ірі қара мал бруцеллезінен таза пункттерде 33456 бас).

Қазіргі уақытта адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті аурулар бойынша ахуал дүне жүзінің барлық мемлекеттері үшін, оның ішінде біздің мемлекет үшін, маңызды проблема болып отыр. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының шығуы еліміздің мал шаруашылығына қомақты экономикалық шығын келтіреді. Әртүрлі мемлекеттер аумағында тіркелген жануарлардың инфекциялық ауруларының әлеуметтік маңызы бар. Жыл сайын әртүрлі мемлекеттерде жануарлардан жұққан вирустық және бактериялық (сібір жарасы, оба, құтырық және басқа) ауруларға шалдыққан адамдардың саны көбеюде, олардың арасында инфекциялық процесстің ауыр түрлерімен қатар, адам өлімі байқалуда.

Бұл жағдайлар ресеймен шекаралас біздің республикада қажетті қауіпсіздік іс шараларын қабылдауды талап етеді.

Ньюкасл ауруы, шошқаның обасы, қойдың катаралді қызбасы, ірі ұара малдың мәуекті энцефалопатиясы, қойдың шешегі және түйенің обасы, ірі қара малдық және ұсақ малдың обасы құстың тұмауы сияқты аурулар төтенше қауіп туғызады.

Соңғы 18 айда еуропа елдерінде (Болгария, Германия), Африка елдерінде (Нигерия, Оңтүстңк Африка, Танзания, Замбия) және Ресейде шошқаның классикалық обасы тіркелді.

Ірі қара мал, сондай-ақ бірқатар басқада күйіс қайырушы жабайы жануарлар ауыратын қойдың катаралды қызбасы (блютанг) байқалуда. Бұл инфекциямен ауырған жануарлардың өлім көрсеткіші 80% дейін жетіп отыр. Қойдың катаралды қызбасы 2005 жылы Португалияда, 2006 жылы Испанияда тіркелді.

Қойдың шешегі Вьетнамда, шошқаның африкалық обасы Буркино Фасода, Ньюкасл ауруы дүние жүзінің 17 мемлекетінде , оның ішінде ЕО мемлекеттерінде, скрепи Жапонияда 2005ж), және Словенияда (2006 ж) везикулярлық стоматит Белизде және Боливияда (2005 ж), Панамада және АҚШ (2006 ж) тіркелген.

Анда- санда бұрын «ұмыт бола бастаған», біраз жылдардан бері бой көтермеген медицина мен ветеринарияда белгілі инфекциялар соңғы жылдары көптеген елдерде (құтырық, аусыл, сібір жарасы сияқты және басқа да аурулар) тіркеле бастады. Аталған аурулар әртүрлі үй және жабайы жануарларды зағымдауымен инфекция ошағының шеңберен ұлғайтумен, өте жұғымталдығымен ерекшеленеді. Бұл аурулардың бірегей спорадиялық түрлерінің байқалуы аурулардың тұрақты эпизоотия түрінде қауіпі болуы туралы ескертеді. Мысалы, аусылдың көп типтілігі географиялық және климаттық жағдайларға қарамайды, сондықтан өте қысқа уақытта алыста жатқан аумақтарға тарайды. 2004 жылы аусыл 40 елде тіркелді. Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның соңғы 18 айдағы мәліметтері бойынша аусыл 11 елде тіркелген, оның ішінде 2006 жылдан бастап Қытайда, Индонезияда, Пәкістанда, Румынияда, Ресейде, Түркияда, Тайланта және 2005 жылы Монголияда, сібір жарасы Перуде, Түрікментснада, Ұлыбританияда (2006 ж).

Сонымен қатар, соңғы уақытта жануарлардың бұрын зерттелмеген жаңа аурулары таралу қауіпі төнуде. Мысалы, Шмалленберг ауруы. Ең алғаш Германияда тіркелген вирус қоздыратын Шмалленберг ауруы. Бұл аурудың аталуы 2001 жылы тамыз айында Кельн қаласынан 80 шақырым жерде 3 сиыр ауырған елді мекенге байланысты Реймс аралындағы Фридрих Леффлер атындағы жануарлар денсаулығы ғылыми-зерттеу эпидемиология институтында қойылған. 2012 жылдың қаңтарында бұл ауры Ұлыбританияда тіркелді. Шмалленберг аурының вирусы туралы мәліметтер бүгінге өте аз.

Осыған байланысты дүние жүзінде аса қауіпті аурулар, оның ішінде экзотиялық аурулар бойынша қалыптасқан эпизоотиялық ахуал, елдң мекендердің, мемлекеттердің мал шаруашылығы және құс шаруашылығы қолайлылығы үшін тұрақты қауіп болып табылады.

Бүгінгі таңға Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы жануарларының аурулары бойынша эпизоотиялық ахуал тқрақты. Бірақ, жыл сайын республика аумағында құтырықтың, қарасанның, сібір жарасының, аусылдың, пастереллездің және басқа аурулардың ошақтары тіркеледі.

Мал аруларының шығуына байланысты 2007 жылдан бастап Қазақстанның бірқатар облыстары үшін мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға тыйым салынып отыр.



2-сүрет 2009-2012 жылдар аралығында экспорттау үшін рұқсат берілген және рұқсат берілмеген облыстар

2009



2010



2011



Начало 2012



группа 444группа 445

Источник: http://www.fsvps.ru/fsvps/importExport/kazakhstan/restrictions.html, Strategy Partners

2007 жылдан бүгінгі күнге дейін эпизоотиялық тұрғыдан қолайсыз аумақтар, Оңтүстік-Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды экспорттау үшін жабық болып отыр. 2012 жылдың басына Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарынан мал шаруашылығы өнімдерінің экспортына рұқсат етілді. Бүгінгі күнге ірі қара малдың 25% экспорттауға рұқсат етілген облыстарда орналасқан.

3. Мастер-жоспардың мақсаты, талаптары

Мастер-жоспардың мақсаты заманауи ғылыми жетістіктерге және тәжірибеге негізделген, инфекциялық және инвазиялық аурулардың төмендеуіне және таралуына, оның ішінде адам және малға ортақ аурулардың жойылуына, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республика аумағында эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін:

1) ХЭБ ұсыныстарын ескере отырып жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы жүргізілетін ветеринариялық іс шараларды қайта қарау;

2) тамақ қауіпсіздігін және мал тегі өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүйесін қалыптастыру;

3) ветеринариядағы басқару процесстерінің тиімділігі үшін информациялық технологияларды енгізу;

4) халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып ветеринариялық заңнамаларды жетілдіру;

5) ветеринариялық ұйымдарды модернизациялау және материялдық- техникалық жабдықтау;

6) қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен және бұқаралық бірлестіктермен жұмысты нығайту;

7) ветеринариялық мамандарды дайындау, есептеу, біліктілігін арттыру;

8) инспекциялық бақылауды күшейту.
4. Маңызды проблемалар
Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі жүйесін дамытуға бірқатар факторлер кедергі болуда. Мал басының басым бөлігі жеке қожалықтарда болуы ветеринариялық бағылау жүргізуге ұиындық тұғызып отыр. Бүгінгі күнге информациялық жүйелер өнімдердің «фермадан үстелге дейінгі» бақылауын, аурудың шығуын болжауды және эпизоотиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз етпейді.

Малдарды бірдейлендіруге орталықсыздандырылған сатып алу, жапсырмалардың жоңалуы, мал иелерінің жапсырма құнын қайтармауы, сондай-ақ ауылдық жерлердің интернет жүйесімен қамтылмауына байланысты электрондық бірдейлендіру жүйесініі қолданылмауы сияқты бірқатар проблемалар кедергі болуда.

Ветеринариялық препараттар мен диагностикумдарға қатаң ветеринариялық баұылаудың жоқтығы. Қалыптасқан инфраструктура ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді, ветернариялық ұйымдар (мемлекеттік коммуналдық мекемелер, облыстық және аудандық зертханалар) қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.

Бұл ретте ветеринария саласының негізгі жүйелі проблемаларын атап өту қажет:

1) ветеринария саласындағы заңнамылық базаныі төмендігі:

2) ветеринария саласының институционалдық жетілмеуі:

3) ветеринариялық ұйымдар жүйесінің дамуындағы кемшіліктер және олардың жабдықталуы:

4) жүргізілетін ветеринариялық іс шаралардың сапасының төмендігі:

5) жануарларды бірдейлендіру барысындағы кемшіліктер:

6) ветеринариялық мамандардыі жетіспеушілігі және біліктілігінң төмендігі:

7) халықаралық ұйымдармен интеграцияның әлсіздігі және халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі.


Ветеринарияның дамуы бойынша дүниежүзілік тәжірибеге шолу

Шекараларында табиғи кедергілері бар дүниежүзінің көптеген елдерінде, сондай-ақ аурудан қолайсыз аумақтардан алыс жатқан (АҚШ, Канада, Англия, Жапония, Австрали және т.б) елдерде аурудан таза емес пункттерді барлық ауру және ауруға күдікті малдарды жою және індет ошағында толық дезинфекция жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Басқа елдерде осы аталған шаралармен қатар ауруға бейім малдарды вакцинацияланады. Азия, Африка және Оңтүстік Америка елдерінің бірқатарында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы егу жұмыстары карантиндеу және ветеринариялық-санитарлық шаралармен бірге кешенді жүргізіледі, ал ауру және аурудан жазылған малдарды жою жолдары сирек қолданылады.

Дүниежүзілік ветеринариялық тәжірибеде кейбір аурулар бойынша арнайы алдын алу шаралары жүргізілмейді, мысалы ЕО біраз елдері көптеген жылдардан бері аусылдан таза болуына байланысты ол мемлекеттердің аумағындағы мал басына вакцина қолданбауға шешім қабылданды. Бұған негіз болған қауымдастық аумағында жылына екі рет сақа малдарды ауруға қарсы егуге және тоқсан сайын жас малдарды қайтадан егуге біраз қаражат шығынының талап етілуі. Сонымен қатар антиденелер бойынша уару малды егілген малдан ажырату қиындығы. Аусыл ошағындағы малдарды жою немесе індет ошағының айналасы бойынша малдарды егу және соңынан егілген малдарды жою тиімді деп есептеледі. Ауруға шалдықпаған, бірақ ауру малмен жанасқан малды іріктеу аурудың таралуына жақсы бөгет бола алады, тіпті ауруды жояды, ал малды егу аурудың жасырын түріне көшуіне әсер етеді. Аусылға қатысты мұндай стратегия ЕО елдерінде қазіргі кезге дейін қолданылады.

Еуропаның көптеген елдерінде: (Германия, Австрия, Бельгия, Чехия, Финляндия, Франция, Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия, Словения, Швеция, Швейцария,Италия (блютангтан басқа), Нидерландия (Ауески ауруынан басқа), Польша (итпен мысықтың құтырығынан басқа) ауыл шаруашылық малдарына инфекциялық ауруларға қарсы алдын алу егу жүргізілмейді.

Еуропаның кейбір елдеріне малдарды жаппай егу тиімсіз, себебі бұл жағдайда мемлекет ауыл шаруашылығы жануарланың ауруынан таза деген статусынан айрылады, экспортқа мал және өнім шығару тоқтатылады. ЕО малды егуге рұсатты іріктеу арқылы береді, бұл ретте Еурокомиссия малды жаппай егуге қарсы. Экспортқа мал және өнім шығару статусы барлық егілген малдарды жойғаннан кейін біраз уақыттан соң барып қайтадан беріледі. Ал, экспортқа шығару көлемін қайтадан қалпына келтіруге біраз уақыт қажет болады. Қазақстанға, экспортқа бағытталған мемлекет ретінде келешекте эпизоотиялық ерекшелігін, аумағының кеңдігін және көптеген аурулар бойынша табиғи ошақтылығын ескере отыра осы стратегияны қолдану қажет.

Бұл ретте, дүниежүзілік ветеринариялық қызметтің институционалдық құрылымына жүргізілген талдау әртүрлі елдерде ветеринариялыө қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуының жолдары әртүрлі екенін көрсетіп отыр.



5. Қойылған тапсырмаларды орындау үшін және мақсаттарға жетудің жолдары, мастер – жоспарының тапсырмалары және мақсаттарға жету үшін, қажетті мемлекеттік қолдау шаралары:
5.1. Жеке кәсіпкерлік секторының саласын дамыту және институттарын дамыту, мемлекеттік органдардың қатынасу механизмдерін сипаттау
Мастер-жоспары стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары және механизмдері мыналар болады:
ХЭБ-ның ұсыныстарын ескере отырып, жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы, ветеринариялық эпизоотияға қарсы шараларды жүргізудің стратегиясын қайта қарау.
Осы сұрақтар блогында келесі шараларды қабылдау ұсынылады:

1. Барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жануарлардың аса қауіпті ауруларын (аусыл, сарып, құтыру, эхинококкоз және т.б.) бақылау, алдын-алу және жою бойынша, ұлттық Жоспарды әзірлеу. Ветеринариялық-санитариялық алдын-алу шараларын жүргізген кезде, эпизоотиялық тізбекті үзудің прициптік шарттарын сақтау, яғни жануарлардың қораларын тазалаудың кешенді шараларын, дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау жұмыстарын толық кешенді жүргізу;

2. Аймақтық деңгейде мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құру, оларға жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық шараларды жүргізу бойынша функцияларды бекіту, оның ішінде сынама материалдарын алу және сұрыптау, вакцинациялау және малдарға бірдейлендіру жүргізу;

3. Қатерді талдау, бағалау және басқару принциптері негізінде ветеринариялық шараларды жүргізу. Мыналарды ескере отырып:



    • ХЭБ ұсыныстары негізінде ғылыми және зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша жануарлардың жұқпалы ауруларының жұғу деңгейіне сәйкес, ҚР аумақтарын аймақтарға бөлу;

    • импорттық асыл тұқымды малдар мен құстарды жеткізер алдында карантиндеу, акклиматизациялау, вакцинациялау және емдеудің бірыңғай талаптарын сақтау арқылы жеткізу (ХЭБ ұсыныстары, КО құжаттары);

    • эпизоотиялық қадағалау жүйесін пассивтік және активтік белсенді бақылауды қоса енгізу;

    • мал бордақылау алаңдары үшін және товарлы сүт фермалары үшін, өнімдерді бірқалыпты жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында компартментализациялық принциптерін енгізу;

    • тауарлық балық шаруашылығындағы (аквакултурадағы) ветеринариялық шаралары;

    • жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуын математикалық моделдеу және болжау (ГИС-бағдарламасы);

    • таңдап алынған стратегия шеңберінде жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы өзіндік иммунопрофилактиканы қолдану, пайдалану негізінде:

  • аумақтарды аймақтарға бөлу;

  • вакцинацияның қайталану еселігі және оны жүргізу мерзімдері;

  • қолданылған вакцинаның типімен бірге, диагностикалық зерттеулердің байланысы;

      • 2012 жылы маусымда өткізілген аусылды бақылау бойынша жүргізілген ФАО/ХЭБ ғаламдық конференциясының ұсыныстары мен аусылды этап бойынша бақылау ХЭБ-ның стандарттары;

      • Астана қаласында орта-азиялық аймақ бойынша аусылды бақылау жөнінен ХЭБ-ның үйлестіру орталығын құру, «Вакцина банкі» - аусылға қарсы вакцинация бағдарламасына қатынасу;

  • ХЭБ ұсынған жануарлар аурулары диагностикасының әдіс-тәсілдеріне ауысу;

  • сынамаларды сұрыптаудың математикалық сенімді жүйесін енгізу есебінен диагностикалық зерттеулердің санын оңтайландыру;

  • диагностикалық зерттеулерді жүргізуде аудандық деңгейде зертханаларды жарақтандыру және қызметкерлердің біліктілік дәрежесіне байланысты жүргізу яғни спецификалық өзіндігі аз және жоғары дәлдікті талап ететін жабдықтардың диагностикалық тәсілдерін қолдану;

  • Республикалық ветеринариялық зертхана (бұдан әрі – РВЗ) және Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы (бұдан әрі – ВҰРО), түрлі деңгейлері арасындағы күрделілігі бойынша жануарлар ауруларының диагностикалық әдіс-тәсілдерінің арақатынасын жіктеу;

  • практикалық зертханалық ортадағы жаңа әдістер және диагностикалық әдіс-тәсілдер бойынша функцияларды ВҰРО - қа бекіту;

  • аса эпидемиологиялық маңызды болып табылатын кейбір паразитарлық ауруларды (эхинококкоз, токсоплазмоз, трихинеллез және т.б.) мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін диагностикалық зерттеулер тізіміне қосуды қайта қарау;

  • РВЗ жүйесіне жұмыс істеу үшін (биотехнология биологтары, химиктері, технологтары, инженерлері) аралас кәсіптегі (параветеринарлар) мамандарды тарту;

  • жабдықтар мен техникаға қызмет көрсететін арнайы техникалық қызметті құру;

    • халықаралық стандарттарға, оның ішінде GMP/GLP сәйкес, ветеринариялық диагностикалық және иммунопрофилактикалық препараттарды пайдалану;

    • ветеринариялық препараттар мен диагностикумдарды сатып алу барысында биологиялық препараттарды өндіру кезінде және өнімді жеткізу сәтінде ұлттық референттік орталықтың базасында сатылатын әрбір партияға бақылау жүйесін енгізу;

    • ветеринариялық препараттарды бақылау регламентін әзірлеу;

    • сақтау, тасымалдау, өткізу және қолдану кезінде температуралық режимдерді сақтау;

    • ветпрепараттар мен диагностикумдарды өтелдеу халықаралық практикасын енгізу (жарамдылық мерзімі асып кеткен және/немесе сапа талаптарына сәйкес келмейтін);

    • GMP/GLP талаптарына сәйкес келетін жетекші өндірушілердің қатысуымен отандық биоөнеркәсіпті этап бойынша дамыту, сонымен бірге Қазақстан мен Орта Азия аумағында отандық шатаммалардан аусылға қарсы жаңадан вакцина өндіруді қолға алу;

    • диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін, а/ш жануарларынан қан алатын түрлі жүйелерді пайдалану;

    • сынаманы жауапкершіліктен босату үшін штрих кодпен су өткізбейтін жабысқақ ленталар пайдаланып (бұрын РВЗ - ға жануарлардың нөмірі немесе иесі, шаруашылық көрсетілген сынама жеткізілетін) қан алу жүйесі маркировкасының талаптарын өзгерту;

Жалпы алғанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, келесі қадамдарды, жануарларды кездейсоқ сұрыптауға буферлік аймақта әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруға, құрылымсыз ақуыздарға зерттеу үшін, және Қазақстан Республикасының түрлі өңірлеріндегі аусылдың қатер дәрежесін анықтау үшін сынама алуға, қажетті Жер бетіндегі жануарлар Кодексінің 1.4, 1.6 және 8.4 бөлімдерін зерттеуі қажет және ХЭБ-ның сарапшыларына Қазақстан Республикасының әр түрлі аймақтарындағы тәуекелділік жағдайын анықтау үшін сауал жолдайды. Тендердің процедурасы бойынша ұсынылған материалдардың халықаралық тендердің негізінде берілген, вакцинаны сатып алу бойынша ХЭБ-ның ұсыныстарымен танысу. Орталық-Азия аймағында аусылға бақылау бойынша ХЭБ үйлестіру орталығын құру. Қазақстан Республикасы Үкіметі және Орталық-Азия аймағы мен ХЭБ арасындағы аусылмен күресу бойынша үйлестіру орталығын құру жөніндегі арнайы келісімді дайындау және қол қою.

Орталық-Азия аймағында эпизоотиялық ахуал жөніндегі сенімді ақпарат жинау мақсатында аусылдың тұтануларын оқшаулау үшін, вакцина алатын елдердің банктерінің бенефициарлары үшін, ХЭБ-ның ережелерін талқылауға арналған. ХЭБ сонымен бірге шекарадағы буферлік аймақтар үшін вакциналарға банкке салым салуға көмек көрсету. Осы мақсаттағы керекті вакцинаның қорын дайындау үшін, осы мақсаттарға сәйкес есептер дайындалып әзірленетін болады.


Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесін және жануарлардан алынатын өнімдерді бақылауды қамтамасыз ету және тұтынушыларға тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жолға қою
1. Жануарларды бірдейлендіру жүйесін қалпына келтіру бойынша процедураларды мемлекет есебінен жүргізу, осымен жануар иесінің жауапкершілігін күшейту, мұндай болмаған жағдайда;

2. Алынған өнімді талдап қарау үшін, барлық жеке, қосалқы, шаруа қожалығы және фермерлік шаруашылықтарға бірдейлендіру жүргізу;

3. Жеткізілген сырғалардың және жеке нөмірлердің эмиссиясының сапасына жауап беретін процессингтік орталығы арқылы бірдейлендіру жүргізу үшін, бұйымдарды (заттарды) бір орталықтан сатып алады және бірдейлендіру жүргізу үшін өндірушілері ICAR-да тіркелген сапалы бұйымдарды (заттарды) сатып алады;

4. Жануарларды бірдейлендіру жүйесін қалпына келтіру бойынша базалық бағдарламалық порталдық шешімді қамтамасыз ету мақсатында, жануарлардан алынатын өнімдерді тексеріп қарауды қамтамасыз ету үшін, зертханалық диагностика, сою пункттері, инспекциялық бақылау т.б. бойынша қосымша блоктармен қоса, жануарларды бақылап қарауды қамтамасыз ету үшін, жануарларды бірдейлендірудің бағдарламалық порталын қамтамасыз ету мақсатында, порталдық шешімді енгізу;

5. «фермадан столға дейін» принципі бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес барлық жануарлардан алынатын өнімдерді бірдейлендіруге және қарауға мүмкіндік беретін ұлттық бағдарламаны енгізу;

6. Жануарлардан алынатын өнімдерде және шикізаттарда препараттардың қалдық санының болуы мониторингі бойынша ұлттық жоспарды әзірлеу;

7. Кодекс Алиментариус, ИСО/МЭК сәйкес тамақты зерттеулер әдіс-тәсілін пайдалану;

8. Тамақ қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізу үшін республикалық ветеринариялық зертхананың бөлімдерін аккредитациялау;

9. Қатерді талдау есебінің принципінде өмір циклының барлық этаптарында ветеринариялық бақылауды күшейтумен бірге, «фермадан столға дейін» принципі бойынша жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды бақылауды қамтамасыз ету.

10. Ауылшаруашылық жануарларының бірдейлендіру процедурасын тұрақты негізде жүргізу және аяқтау;

11.Тұрақты негізде деректер базасын жүргізу;

12. Ауылдық, поселкелік округтердің деңгейінде жергілікті ғаламтор жүйесін енгізу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет