Математика пәнін оқытуда оқушыларға сапалы білім берудегі озық педагогикалық технологияларды қолдану тиімділігі.
Математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Қазіргі таңда педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа педгогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.
Ал осы әдіс-тәсілдерді, яғни жаңа технология таратушы, оны жүзеге асырушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім.
Ұстаздардың алдына қойған міндет – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті объективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болу керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.
Математиканы оқытудағы негізгі талап – оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интербелсенді тақтамен сабақ барысында кезде мұғалім, оқушы және интербелсенді тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы қозғау салып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен, оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретемін. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.
Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет.
Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделі, әрі қиындығы мол, ұлттық бірыңғай тестілеу сынағындағы негізгі пәндердің бірі - математика. Осы бағытта тақырыптық карташалар мен алгоритмдер жинағының орны ерекше.
Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетанымы да жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту иен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз қажет деп ойлаймын. Қазіргі кезде білім беру: пәндік-мазмұндық, мазмұндық-әрекеттік және мазмұндық-тұлғалық байланыста болуы керек. Сондай-ақ математикалық білім беру, математикалық сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық сауаттылық мәселесінен бастауымыз керек.
Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпарттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудағы басты мақсаты – оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Бұл мақсаттарға оқыту программалары, дәрістерді қолдауға арналған электрондық оқулықтар, тексеру программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді.
Математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаттары:
Қолданушы мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы жылдам байланыс:
Оқытылу ақпаратының компьютерлік көзге елестетілуі;
Ақпараттық-әдістемелердің оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылауын автоматтандыру.
Математиканы оқыту әдістемесі оқушының өзіндік тұлғасын қалыптастыру үшін, оның дүниетанымын және интеллектін дамытуға, іргелес пәндерді зерттеуге, білімін жалғастыруға және болашақ мамандық қызметі үшін қажетті математикалық білімі мен іскерлігін қалыптастыруға және жүйелендіруге бағытталған. Бірақ, көпшілік жағдайда мұғалімге оның әртүрлі бөлімдерінің байланыстарын талқылауға және көрнекі бейнелеуге уақыт жете бермейді. Қазіргі уақытта математика сабағында тек қана иллюстрация тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес.
Бұл процестің негізі мынада – мұғалім тексеру нәтижесі жайлы толық ақпарат ала отырып, балалардың әрқайсысына олардың қатесіне байланысты қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. Бұларды орындау нәтижесін тағы да компьтерлік тест немес мұғалімнің өзі тексеріп шығады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушыға баға қою мақсатында емес, оқушының қай тақырыпты қалай меңгергені жайлы мәлімет беретін дидактикалық тест алу. Компьютер оқытушының көмекші құралы ретінде сабақтың тиімділігін арттыратыны дәлелденген. Сондай-ақ, компьютерден сабақты өткізу барысында әрбір оқушыға әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды беруде, ал топтағы оқушылардың білім көрсеткіштерін есепке алып, бақылап отыруға толық мүмкіндік беретін тұстары қолданыс тапқан. Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы, оқытудың жаңа ақпараттық технлогиялармен жобалау әдістемесі жасалуда. Оқыту әдістемесін компьютерлендіру үрдісі мұғалімдердің қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, электронды оқулықтарды жасау теорияларын және оларды іс-тәжірибеде қолдану әдістерін игеруге ұмтылысын тудыруда.
Математика – ерекше құдіретті ғылым, ал математика пәнінің мұғалімі баланың бойындағы ақыл, білім, парасат, сабырлық, шығармашылық қасиеттерін бойынан аша білетін тұлға. Қазіргі уақытта математика ғылымы кең етек алып дамуда. Сондықтан математиканы оқытудың мазмұнын ашуды жүзеге асыру үшін жаңа ақпараттық технология құралдары ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.
Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекттік мекемесі
математика пәнінің мұғалімі Тойбаева Сандугаш Нусуповна
Достарыңызбен бөлісу: |