Сабақтың мақсаты: - Білімділік: математикалық маятник пен серіппелі маятник тербелістерінің периодтарын есептеу, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын меңгерту.
- Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, танымын кеңейту. Оқушыны ойын еркін жеткізе білуге,өзін-өзі басқаруға, бағалауға жетелеу.
- Тәрбиелік: оқушыға қоршаған ортадан нақты мысалдар келтіру арқылы, оны аялауға, қорғауға тәрбиелеу, алған білімдерін ізгілік жолына жұмсауға үйрету.
-
- Көрнекіліктер :
- Электрондық оқулықтар,слайдтар,интерактивті тақта,жұмыс дәптерлері,бағалау парақшалары.
Математикалық маятниктердің тербелісі - Математикалық маятник дегеніміз-созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген жүкті (ауыр шарды)айтады.
Математикалық маятник периоды неге тәуелді? - Математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді болмайды.
- Математикалық маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелді болмайды.
- Математикалық маятник жіптің ұзындығына тәуелді.
Серіппелі маятник периоды неге тәуелді? - Серіппелі маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді болады.
- Серіппелі маятниктің периоды серіппенің қатаңдығына тәуелді болады.
Маятниктердің тарихы Бұдан 70 жыл уақыт өткен соң ғана, Х.Гюйгенс осы идеяны жүзеге асырды. Алғаш рет маятникті сағат құрастырып шықты. - Бұдан 70 жыл уақыт өткен соң ғана, Х.Гюйгенс осы идеяны жүзеге асырды. Алғаш рет маятникті сағат құрастырып шықты.
- Галилей өз тұжырымын тәжірибе жүзінде дәлелдей отырып , маятниктерді уақыт өлшеуіші ретінде сағаттарда пайдалануды ұсынды.
- Маятникті сағаттар
- Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс 1656 жылы маятникті ойлап тапты. Маятник ( ұзынша салмасы бар ұзын шыбықша ) бірқалыпты тербеледі. Яғни, оның әр тербелісі бірдей уақыт аралығында қайталанады. Маятниксіз сағаттар күніне уақыттан 15 минут артта қалып, немесе озып кете беретін. Ал қазіргі маятникті сағаттардың дәл уақыттан ауытқуы бір секундтан аспайды. Маятник сағаттың жүрісін реттеп отырады.
Серіппелі маятник
Достарыңызбен бөлісу: |