Материалдары


*** Колледж кітапханашыларының кәсіби



бет4/4
Дата26.06.2016
өлшемі477 Kb.
#159364
1   2   3   4

***
Колледж кітапханашыларының кәсіби

біліктілігі, оқырмандармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары
М.А.Такеева

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Егемен еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Елбасының халыққа Жолдауында жастарды отансүйгіштікке, шығармашылыққа, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, сапалы білім алуы үшін тәрбиелей отырып, оаларды қазіргі нарық қатынастарының талабына сай адам етіп шығару міндеті көзделген.

Бүгінгі заман, уақыт талабы еліміздің білімді, кәсіби мамандармен қамтамасыз етіп отырған оқу орындарының қазіргі заман талабына сай жастарға сапалы білім мен саналы тәрбиенің жоғары деңгейде берілуін талап етеді. Бүкіл өркениет әлемін ілгері қозғап келе жатқан, рухани қазынамызды дамытушы күштердің негізі мәдениет, білім, ғылым десек, осы үш тұғырды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті кітап.

Жастардың бойына ұлттық сананы қалыптастырып, отансүйгіш қасиеттерін дарытатын рухани орда ол- кітапхана.

Қазіргі таңдағы қоғамдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Кез келген кітапхана жұмысының деңгейі ең әуелі кітапхана қызметкерлерінің кәсіптік деңгейімен айқындалатыны ақиқат. Жаңа ақпараттық технологияға көшу кітапханашылардың жаңа жоғары кәсіби денгейін және жалпы мәдениет пен қарым-қатынас мәдениетін игерген жаңа түрін қалыптастыруды талап етеді. Бүгінгі өмірдегі нарықтық жағдай кітапхана мамандарына бәсекелестікке бейімделу талабын қояды, соған байланысты әркім өз білімін ұдайы жаңартып, іскерлік пен шығармашылығын жүзеге асыруы керек. Кітапханашының басты мақсаты- елдің ұрпағын білім дариясына бағыттау үшін қызмет ету. Жас ұрпаққа тәрбие беруде олардың жан-жақты дамуына, еңбекті сүйюіне, үлкен өнегеге тәрбиелеуде кітапқа қатысты тәрбие жұмысының әртүрлі әдістерін кеңінен қолдану және сол әдістерді жетілдіруге тырысу.

Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби білімін жетілдіруде біздің Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж кітапханасында жұмыс атқаратын екі кітапхана қызметкерлерінің білімдері арнаулы жоғары және арнаулы орта білімді мамандар. Оған қоса колледж басшылығы кітапхана қызметкерлерінің кәсіби білімдерін жетілдіру мақсатында түрлі облыстык, республикалық семинарларға жіберу, іскерлік және жеке қасиеттеріне қарай конкурстарға қатыстырып, үздіксіз білім деңгейін көтеруді көздеп отыруда. Біздің колледж кітапханасы бүгінгі таңда колледждің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде оқу-тәрбие үрдістерін қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші білім беру орталығы болып саналады. Бүгінгі нарықтық заман талабына сай біздің кітапхана да өз қадірінше оқырман қауымға қызмет жасап келеді.

Қазіргі уақытта колледж кітапханасының кітап қоры-67508 бірлікті құрайды. Соның ішінде мамандықтар бойынша оқулықтар саны-55972,оқу-әдістемелік құралдар-5705 дана, электрондық оқулықтар -208 дананы құрады.

Жалпы кітапхананың кітап қорының мөлшерін аталған оқу жылы бір оқушыға шаққанда 41 бірліктен келді. Кітапханаға мерзімді басылымдарға жазылу жүйелі жүргізіліп, нәтижесінде түрлі 73 атауы бар газет журналдарды жазылып алудамыз. Кітапхана-1630 оқырманға қызмет көрсетеді. Кітап беру саны-72400 дана. Оқырмандардың кітапханаға келу саны-54520.

Кітапхананың өзінің дәстүрлі жұмыс түрлері: оқырман сұранысын дұрыс айқындау арқылы, кітапхана қорын сапалы толықтыру, кітапхана қорындағы бар мұраларды оқырмандарға жүйелі түрде жеткізу, кафедра оқытушыларымен тығыз байланыста жұмыс істеу болып табылады, сонымен бірге, түрлі ақпараттық-библиорграфиялық жұмыстарды жүзеге асыру жалпы сапалы кітапханалық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау, заман талабына сай ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жұмыс атқару. Кітапханашылар әрбір оқушының талабын ескеріп, жан-жақты дамуын ұйымдастыруда да үлес қосуда.

Кітапханада басқа жұмыс түрлерімен қатар өткізілетін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жастардың рухани жан дүниесін, ой-өрісін байытуға, жоғары эстетикалық талғамын, адамгершілікке, елі мен жерін сүюге, құрметтеуге, кітапқа деген өзіндік махаббатын оятуға ықпал етуге тәрбиелеуде маңызы зор. Көпшілік шаралардың тақырыптары елімізде болып жатқан түрлі тарихи, саяси оқиғаларға байланысты жоспарланып өткізіледі.

2011 жыл еліміздің ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтті. Кітапханада осы тарихи күнге «Қазақстан тәуелсіздігіне-20 жыл» тақырыбына мазмұнды кітап көрмесі жасақталып, «Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы» тақырыбына кеш өткізілді. Бұл кеште көптеген шара жүргізушілері қиыншылықтардан өткен байтақ қазақ даласының ұлдары мен қыздары туралы, абыроймен төзіп шыққан қазақ халқының азатшыл халқы туралы әңгімелеп, қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихын, жеңіс қуанышы, қазақ халқының көп ғасырлы күрестері туралы айтып берді. Кеш соңында «Қазақстан Тәуелсіздігіне-20 жыл» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Библиографиялық шолудың негізгі мақсаты кітап насихаттау болып табылады.

Кітапханада оқырмандардың ой-өрісін кеңейтіп білім сапасын жетілдіруге көмек ретінде, ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі мерекелер мен айтулы күндерге арналған ұсыныстық-библиографиялық құралдар, ұсыныс тізімдері құрастырылып, «Жаңа түскен кітаптар», «Жаңа мерзімдік басылымдар» бюллетеньдері шығарылады.

Тұрақты ұйымдастырылатын түрлі тақырыптардағы ашық кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер, бұрыштар, кітап қорының ең үздік даналарымен, сирек кездесетін кітап қорымен жаңа мерзімді басылымдармен танысуға көмектеседі. Осы 2011-2012 оқу жылы атқарылған жұмыстар қатарына «Тіл-сарқылмас қазына» тақырыбына арналған әдеби кеш, «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбына құрастырылған кітап көрмесі, ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»атты әдеби-музыкалық кеш, ақын Қасым Аманжоловтың, Т. Молдағалиевтің шығармашылығына арналған тақырыптық кітап сөресіне библиографиялық шолу өткізілді.

Қазіргі таңда өлкетану мәселесінің маңыздылығының артуына байланысты және эстетикалық тәрбиеге насихат жұмысын жүргізуде жерлесіміз күйші Дина Нүрпеисованың 150 жылдығына, Мұхит Мерәліұлының- 100 жылдығына орай кітап сөресі жасақталып библиографиялық шолу өткізіліп, көрсеткіш жасақталды.

«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жазушы, драмматург есімі өзімізге де, өзгеге де кеңінен танылған ерекше талант иесі Оралхан Бөкей әдебиетімізге өзіндік бетімен, өзіндік өрнегін сала келген, журналист, шебер суреткер, сөз зергері, аз ғана ғұмырында артында өшпестей із қалдырған қаламгер шығармаларын насихаттау барысында «Алтайдан айналып ұшқан ақиық» атты әдістемелік-билиографиялық құрал шығарылып студенттер арасында таратылды.

Президенттің халыққа «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын насихаттауда студенттерімен «Елбасының Жолдауы-елдің қамы» тақырыбына әңгіме өткізілді.

Қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау мақсатында «Наурыз-ұлыстың ұлы күні» тақырыбына шағын сахналық қойылым ұйымдастырылып, шара соңында «Наурызым-мерекем, берекем!»атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Оқушылар арасында патриоттық тәрбиені насихаттау мақсатында «Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі» тақырыбына арналған Совет Одағының батыры М.Маметованың 90 жылдығына орай әдеби музыкалық кеш топ оқушыларын қатыстырып өткізілді. Кеште М. Маметова туралы көрнекіліктер,слайдтар көрсетіліп, патриоттық әндер орындалды.

Оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау мақсатында «Саламатты Қазақстан» тақырыбына көпшілік шара топтарымен оздырылып, тақырыпқа байланысты слайдтер көрсетілді.

Кітапханашы осындай іс-шаралардың негізінде ой-пікірлері ортақ топтарды қалыптастырып. Бұл топтың ішінен шығармашылық қабілеті бар өнерлі, белсенді оқырмандар іріктеліп шығады.Осы үрдістер нәтижесінде кітапханашы негізгі мақсатының орындалып, саналы да сапалы білім алатын озық ойлы оқырманның қалыптасқанын сезінеді.

Кітапханадағы анықтама-библиографиялық жұмысты заманауи технологияға сәйкес жүргізу бағытында 2009 жылы, кітапхана қорын автоматтандыру және электрондық кітапхана қорын жасақтау мақсатында «Кітапханалық іс» программалық жабдығы қолданылуда. Күні бүгін электрондық кітаптар қоры базасына 13000 кітап енгізілді.

Оқытушылар мен оқушыларға қызмет көрсетуді ең маңызды іс деп қарап, олардың күнделікті өсіп отырған сұраныстары кітапхана қызметкерлерінің кәсіби дәрежесімен білімінің үздіксіз жетілдіріп отыруды талап етеді. Алдағы уақытта колледж кітапхана қызметкерлері Республикалық және облыстық оқу орындары кітапханаларының әдістемелік орталықтары ұйымдастыратын семинар, конференцияларға қатысып, білімдерін жетілдіріп отыруды, өзіндік біліктілігімізді көтеру, кәсіби дәрежемізді жетілдіру бағытында жұмыстануды жоспарлайды.


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. «Білім-образование» журналы, 2010ж., №5

  2. «Кітапхана әлемі» журналы, 2011ж., №3

  3. «Мектептегі кітапхана» журналы, 2012, №2

  4. «Мир библиотеки» журналы, 2011ж., №6

  5. «Кәсіптік білім» журналы, 2010ж., №4


«Оқу орны кітапханаларының оқу үрдісіндегі ролі, даму кезеңдері мен бағыт алысы» атты облыстық конференцияның ұсыныстары

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы Батыс Қазақстан облысындағы ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларына әдістемелік орталық болып табылады. Әдістемелік орталықтың «Оқу орны кітапханаларының оқу үрдісіндегі ролі, даму кезеңдері мен бағыт алысы» атты облыстық конференцияның

ҰСЫНЫСТАРЫ

                   Орал қаласы,                                                19 қазан 2012 ж.

Конференцияда негізгі қаралған тақырыптар:


  1. Орта және арнаулы оқу орындарының кітапханашыларының кәсіби біліктілігі, оқырмандармен жүргізетін тәрбие жұмыстары.

  2. Оқу орындарында инновациялық іс-қызметті кітапханалық-библиографиялық жұмыста қолдану кезеңдері.

  3. «Университет інжу-маржаны»: 80 жылдық тарихы бар ғылыми кітапхана өмірі мен даму барысы.

  4. Кітапханалардағы оқу процесіне қатысты электронды ресурстарының жасақталуы, жетілдіру жолдары.

  5. Білім беру орындарындағы кітапханалардың оқу процесіне сай оқулық әдебиеттермен, әдістемелік құралдармен жабдықталуы.

  6. БҚО кәсіптік және техникалық оқу орындары кітапханаларының өзара байланысуы, ақпараттандыру, кітап қорын қалыптастыру, пайдаланушыларға қызмет көрсету, инновациялық жұмысты енгізу мәселелерін шешудегі М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасы әдістемелік орталығының орны.

Конференцияның мақсаты: Білім беру мекемелеріндегі кітапхананың орны мен қазіргі таңдағы инновациялық даму бағыттарын айқындау.

Конференцияға Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғылыми кітапханасы, Біліктілікті арттыру институтының кітапханасы, Жәнібек, Шыңғырлау, Переметное, Ақсай техникалық колледж кітапханалары, Орал қаласындағы №12, №1, №3, №4 кәсіптік лицей кітапханалары, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Орал медициналық колледжі, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, Орал қаржы-экономикалық колледжі, Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық колледжі, Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж кітапханаларының кітапханашылары қатысып, баяндамалары талқыланды.

Конференция барысында кітапхананың өзекті мәселелері де сөз болды.

Кәсіптік және техникалық оқу орындарындағы кітапханаларда электронды кітапхананың даму барысы өте төменгі сатыда тұр. Кейбір аудандағы кітапханаларда компьютердің жоқтығы да жасырын емес.

Қалыптасқан кітап қорын сақтау мен жаңа әдебиеттермен жабдықтау дәстүрі барлық кітапханаларда орын алған. Көпшілік іс-шаралар барлық атаулы мерекелерге өткізіліп, кітапханаға оқырмандарды тарту жұмыстары жасалып келеді. Сондай-ақ, қаладағы колледж кітапханалары кітапханалық бағдарламалармен әлі де болса жабдықталмағандығы сөз болды. Кітапханалық бағдарламаларды алып, іске қосу туралы, тиімді бағдарламалары талқыланды.
Облыстық конференция ұсынады:
І. Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасына:

1. БҚО кәсіптік және техникалық оқу орындарының директорларына оқу орнындағы кітапханаларының жәй-күйімен танысу;

2. Кітапхананың оқу процесіндегі орнын айқындап, дамуына үлесін тигізу.


ІІ. БҚО кәсіптік және техникалық оқу орындарының директорларына:

  1. Оқу орны кітапханасына қолдау көрсету;

  2. Баспалармен байланыс жасап, жаңа оқулықтармен қамтып отыруды жолға қою;

  3. Материальдық және техникалық базамен қамтуды жоспарлау;

  4. Электронды кітапхана жасақтауды жоспарлау.


IІІ. БҚО кәсіптік және техникалық оқу орындары кітапханаларына:

  1. Кітапхананың инновациялық дамуын жоспарлау,

  2. Колледж басшыларын құлақтандырып, сұраныс жасау;

  3. Әдістемелік орталықпен байланыста болу.


IV. Батыс Қазақстан облысындағы ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларының әдістемелік орталығына:

  1. Жылына 1-2 рет жоспарлы семинарлар өткізу;

  2. Колледж кітапханаларының деңгейін көтеру мақсатында ұсыныстар беру;

  3. Электронды кітапхана жасақтауға үлес қосу.


Мазмұны

Алимбекерова Т.Е., М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапхана директоры - «Университет інжу маржаны»: 80 жылдық тарихы бар ғылыми кітапхана өмірі мен даму барысы.............................................
Есенаманова А.Б., Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғылыми кітапхана директоры – «Кітапханалардағы оқу процесіне қатысты электронды ресурстарының жасақталуы, жетілдіру жолдары».................................
Нурлиева С.Ж., «Еуразия» гуманитарлық экономикалық колледжінің кітапхана меңгерушісі – «Кітапхана ақпараттық білім беру орталығы».
Умбетова К.Ж., БҚОӘББ Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі кітапханасының меңгерушісі– «Кітапханада ақпараттық-электронды ресурстарды қолдану»..............................................................
Искакова В., Заведующая библиотекой Уральского финансово-экономического колледжа - «Образовательные функции библиотеки колледжа».............................................................................................................
Шимко Т.С., Уральский колледж газа, нефти и отраслевых технологий -«Менеджмент пропаганды чтения в библиотеке Уральского колледжа газа, нефти и отреслевых технологий»............................................................
Искалиева Г.Е., №10 Тайпақ кәсіптік колледжінің І санатты кітапханашы - «Орта және арнаулы оқу орындарының кітапханашыларының кәсіби біліктілігі, оқырмандармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары»..................
Такеева М.А., Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж кітапханасының меңгерушісі «Колледж кітапханашыларының кәсіби біліктілігі, оқырмандармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары»......................

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет