- Құм мен тас - әртүрлі тау жыныстарының желдің ұруы нәтижесінде пайда болған тау жыныстары. Түзілген құм дәндерінің өлшемдері 0,16....5 мм, ал жұмыр тастың өлшемі 5....70 мм құрайды.
- Саздар дала шпаты тау жыныстарының (гранит, гнейс пен басқалар) желдің өсері негізінде жұқа сынықты шөгінділердің пайда болуы арқылы түзілген. Құрамы жағынан саздар кварц, слюда дәндерінен, темір тотығы, кальций және магний карбонаттарынан тұрады. Каолинитті саздар (каолин) ақ түс және қосымшалардың түрі мен мөлшеріне қарай түсі қара түске дейін езгереді. Саз суланса пластикалық қасиетке ие болады, ал күйдірілгеннен кейін тасқа айналады. Олар керамикалық өнеркәсіп пен цемент өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады.
Шөгінді тау жыныстары - Гипс пен ангидрит - химиялық процестер нәтижесінде түзілген жыныстарға жатады. Олар негізінен гипс минералы мен ангидриттен тұрады. Сыртқы түрі мен физикалық-механикалық қасиеттері жағынан олардың бір-бірінен айыырмашылығы жоқ. Олар негізінен байланыстырғыш заттарды өндіргенде және ғимараттардың ішкі қабырғаларын қаптама материалы ретінде қолданады.
- Магнезит - негізінен магнезит минералынан тұратын, шығу тегі химиялық түрде түзілген жыныс. Оны отқа шыдамды бұйымдар жасау үшін және аздап байланыстырғыш заттар алу үшін пайдаланады.
- Бор - шығу тегі органогенді жыныс, көбінесе ақ түстес болады. химиялық құрамы жағынан толығымен кальций карбонатынан тұрады, бірақ оның беріктілігі жоғары емес. Оны ақ пигмент есебінде бояғыш құрамдарда, жапсырма дайындау үшін, және сондай-ақ әк пен портландцемент өндіру үшін қолданады.
- Диатомит - диатомды өсімдіктердің қабыршағынан және радиолярий қаңқаларынан пайда болған органогенді жыныс. Негізінен опал минералы түрінде аморфты кремнеземнен тұрады.
- Трепел — диатомиттен ертерек пайда болған жыныс. Оның одан айырмашылығы, ол опал цементімен байланысқан майда опал домалақтарынан тұратын аморфты кремнеземнен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |