Материалы и изделия из древесины



бет6/8
Дата11.10.2022
өлшемі2.79 Mb.
#462373
1   2   3   4   5   6   7   8
Табиғи тас материалдары

Шөгінді тау жыныстары

Шөгінді тау жыныстары

Шөгінді тау жыныстары

Шөгінді тау жыныстары

1 Тау жыныстарының генетикалық топтастырылуы. Олардың пайда болу жағдайы, құрылысының сипаттамасы және қасиеттерінің өзара байланысы

  • Метаморфтық тау жыныстары немесе түрі өзгертілген жоғары температураның, жоғары қысымның және басқа факторлардың әсерінен шөгінді немесе магмалық тау жыныстарының едәуір түр өзгеруі нәтижесінде жер қыртысы қабатында түзілген.

Метаморфтық тау жыныстар

  • Құрылыста метаморфтық жыныстардың ішінен гнейстер, сазды сланецтер, мрамор, кварциттер қолданылады.
  • Гнейс минералды құрамы мен қасиеттері жағынан гранит тектес жыныстарға ұқсас. Ұқсау себебі, ол сол граниттен пайда болған жыныс. Сланецті құрылым гнейстің мәңгілігін төмендетеді. Оларды құрылыста негізінен қалау үшін бут тастары түрінде, тротуар мен арықтарды құру үшін жиі қолданады.
  • Сазды сланецтер - саздан түзілген кәдімгі сланецті метаморфикалық жыныстар; түсі қара немесе қара-сұр болады. Олар суға онша малынбайды, сондықтан шатырлық материал (табиғи шифер) есебінде пайдаланылады.

Метаморфтық тау жыныстар

  • Мрамор - әктастардың (доломиттер сирек) түрі өзгертілуі нөтижесінде пайда болған және бір- бірімен қатты байланысқан кальцит кристалдарынан тұрады. Оның құрамында кей кезде түрлі қосымшалар (доломит, темір, коміртегі қосылыстары) болады. Сондықтан олар түрлі түсті болады.
  • Мрамор сығылу кезіндегі жоғары беріктілігімен 300 МПа-ға дейін, аз су сіңірімділігімен — 0,7%, жоғары тығыздығымен 2900 кг/м3 ерекшеленеді.
  • Мрамор жақсы жылтыр түрге келтіріледі және оларды жұқа плиталарға кесу оңай. Оларды көбінесе қабырғалардың ішкі беттерін қаптау үшін, баспалдақтар мен терезе алды тақтайшаларын жасау үшін пайдаланады.
  • Мрамор ғимараттардың сыртқы бетіне қолданбаудың себебі, атмосфералық әсерлердің арқасында олардың бетінің түсі өзгеріп, коррозияға тез үшырайды.
  • Кварциттер - кремнийлі құмдардың түрі озгеруі нәтижесінде пайда болған. Олардың құрылымы тығыз және кварцты цементпен байланысқан кварцтың қайта крис-талданған дәндерінен тұрады. Түсі - ақ, қызыл, қызыл қошқыл.
  • Кварциттердің мәңгілігі жоғары, тығыздығы - 2700 кг/м3 шамасында, су сіңірімділігі 0,2 %, қаттылығы - 7, сығылу кезіндегі беріктілік шегі 400 МПа-ға дейін барады.
  • Кварциттерді сыртқы қаптама материал есебінде, кепірлер-де ферма асты тастары және отқа шыдамды материал есебінде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет