Мазмұндама Жалқау балапан



Дата05.07.2016
өлшемі38.29 Kb.
#179480
түріМазмұндама
10 сынып

I тур

Мазмұндама
Жалқау балапан.
Бір торғай балапанын жылы ұяда мәпелеп өсіріпті. Балапан өсіп жетілгеннен кейін, енесі оны ұшыруға үйретеді. Бір күні ол балапанына: «Үлкейдің, ұшуды үйрендің, енді өз күніңді өзің көр», -дейді. Енесімен бірге біраз ұшқанда балапан шаршап қалып, ұшудың оңай емес екенін түсінеді.

- Мен ұшпай, ұяда жата берейніші.

- Неге?

- Әлі жаспын. Бір жақтан қатер төнсе, өзімді қорғай алмаймын.



- Сені қанатың қорғайды. Қатер төнсе, ұшып кет. Қауіпті жерге қонба,- дейді де, торғай ұшып кетеді.

Балапан жалғыз өзі күнін көре алмайды. Аш болып, ұясында жата береді. Бірнеше күннен кейін енесі келіп, оның түрін көріп, аяп кетеді де, бұрынғыдай балапанына өзі тамағын тауып береді.

Күз өтіп, аязды қыс келеді. Ана торғайға өзі үшін де, жалқау балапаны үшін де азық табу өте қиынға түседі. Бір күні ол жем іздеуге кетіп қалып, қайта оралмайды. Балапан екі-үш күннен кейін азық іздеп, өзі сыртқа шығады. Бірақ ұзақ ұша алмайды. Бірден шаршап, бір бұтаққа барып қонады. Сол жерде ол біраз уақыт отырып, үсіп қалады да, есі ауып, жерге құлап түседі.
(Дәулет Қасенов)

.

10 сынып



1 тур

Тест сұрақтары
1.Тура мағынада қолданылған сөз тіркесін табыңыз.

а) ашық есік


ә) ашық мінез

б) ашық хат

в) ашық әңгіме

2. Антоним сөздерді белгілеңіз.

а) қызыл, жасыл


ә) қиын, жаман

б) ащы, тұщы

в) ұлы, ақылды

3."қорқақ" деген мағынаны білдіретін фразеологизмді табыңыз.

а) ит өлген жерде


ә) аузы ашық

б) қоян жүрек

в) қас пен көздің арасында

4. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

а) жазушы, суретші
ә) кітап, дәптер

б)жаз, күз

в)ажарлы, сұлу

5.Іс қағаздың атауын табыңыз.

а) ұшақ

ә) сапар


б) хабарландыру

в) шығарма



6.Нақ осы шақтың сұрағын көрсетіңіз.

а) не істедің ?

ә) не істеп отырсың ?

б) не істейсің ?

в) не істемексің ?

7.Болымсыз етістігі бар сөз тіркесін анықтаңыз.

а) дәмді сүзбе
ә) су ішпе

б) үлкен жарнама

в) қызықты шығарма

8.Тәуелдік жалғаудың бірінші жағында тұрған зат есімді көрсетіңіз.

а) шам
ә) қалам

б) байлам

в) көлем

9."Қашан?" деген сұраққа жауап беретін сөзді табыңыз.

а) тоқта
ә) қыста

б)сыныпта

в) алпыста

10.Сын есімнен жасалған зат есімді белгілеңіз.



а) бару

ә) ақылды



б) жазушы

в) жақсылық

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет