Мазмұндамалар жинағы 5-6 сыныптар үшін «Қазақ тілі»


Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді



бет3/16
Дата12.12.2023
өлшемі3.04 Mb.
#486262
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ДИКТАНТ МАЗМУНДАМА ТУРЛЕРИ СЫНЫПТАР АРАЛЫК

Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:
«5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі бар (0/1) диктанттарға қойылады.
«4» деген баға емледен 3 қатесі, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3), немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар (2/4), немесе емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (1/5), емледен бір типті (4/0) 4 қатесі бар диктанттарға қойылады.
«3»деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/8) диктанттарға қойылады.
«2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (9/5) немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі бар (8/9) диктанттарға қойылады.
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір типті немесе бір текті қателер дегеніміз сол сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есептеледі.
Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды. Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және пунктуациялық қателер:
1) сөзді тасымалдау;
2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер;
3) әлі меңгерілмеген ережелер;
4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.
Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің ішінен жеңіл қателерді яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында екі жеңіл қате бір қатеге есептеледі. Жеңіл қатеге жатады: 1) ережеге бағынбайтын сөздер; 2) автор сөзін берудегі тыныс белгілер.
Ескерту: диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады; Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады: - «5» бағасы – оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда; - «4» бағасы – оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда; - «3» бағасы – оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда ; - «2» бағасы – барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда қойылады. Ескерту: қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында ескеріледі. Оқушылардың жазба жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс » түріне арнайы сағат бөлінбегендіктен журналға жазылмайды. Дәптердегі барлық жұмыстар ережелерді сақтай отырып жазылуы керек: - ай аты мен күн реті жазбаша жазылады; - күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет