10
тығыз байланысты. Оның ағылшын тілі тіркестерінің табиғатын зерттеуге
арналған біршама еңбектері жалпы тіл біліміне, оның ішінде салғастырмалы
бағыттағы зерттеулерге негіз болды.
Соңғы кезде қазақ фразеологизмдерін басқа түркі тілдерімен, орыс, неміс
және ағылшын т.б. тілдеріндегі тұрақты тіркестермен салыстыра-салғастыра
зерттеу мен сөздіктер жасау жақсы жетістіктерге жетуде. Бұл ретте
А.К.Мырзашева етістікті фразеологизмдерді қазақ және орыс тілдерінде
салыстыра зерттесе, Г.К.Карбозова неміс және қазақ тілдеріндегі
фразеологиялық теңеулерге құрылымдық және мағыналық жағынан талдау
жасайды. Ал А.Тәжімұратованың зерттеу жұмысы орыс және қазақ
фразеологизмдерінің тіларалық қолдану ерекшеліктеріне арналған.
Ал ағылшын фразеологиясын славян, түркі, қытай, грузин т.б. сияқты әр
түрлі деңгейдегі тілдермен салыстыру кеңестік дәуірде кең өріс алды.
Мәселен, қайсыбір еңбектерде етістікті фразеологиялық бірліктердің аталым
мәселесі, антонимдік,
соматикалық, сөздікте қарастырылуы салғастыра
зерттеудің нысанасы ретінде әр қырынан зерттелінді. Ағылшын тіліндегі
тұрақты тіркестердің құрылымын кешенді зерттеген Г.Л.Апперсон,
А.Маккай, Линда және Роджер Флавэлдердің [20], [21], [22] еңбектерін
айтуға болады.
Фразеологизмдер дегенде, оның ерекшеліктері туралы Р.Авакова былай
дейді: «Тіл халықтың рухани байлығының ең қажеттілерін-мифологиясын
бойына жинайды. Осындай тіл фактілеріне талдау жасау мәдени
тамырларымызға үңіле түсуге, оның құпия сырларын түсінуге септігін
тигізеді. Фразеологизмдерді мифтік танымға, әдет-ғұрыпқа, салт-санаға әкеп
жүктеу, оларды бір-бірімен байланысты дүние ретінде қарастыруға, оларды
мәдениеттің құрамдас бір бөлігі, ұлттық тілдегі бейнесі деп тануға жол ашса,
екінші жағынан, ғылымдар сабақтастығын (тіл, мәдениет, тарих, фольклор,
этнология, әдебиет және т.б) жан-жақты теориялық тұрғыдан аша түсуге
мүмкіндік береді» [23, 30б.]. Ендеше фразеологизмдер барлық ғылымдар
саласымен де тығыз байланысты екен.
11
Соған байланысты қазіргі кездегі лингвомәдениеттанудың диахрониялық,
салыстырмалы, салғастырмалы және лингвомәдени лексикография сынды
салалары дамып, оның мәселелері осы салалардан айқын көрініс табуда.
Сондықтан да аталмыш ғылым саласы мәдениет пен тіл бірліктерінің
жиынтығын танып, тілде көрініс табатын мәдени құндылықтардың
қолданылу жүйесін қарастырады.
Лингвомәдениеттану бағытында салыстырмалы-салғастырмалы түрде әр
түрлі тілдердің тілдік ерекшеліктерін зерттеген А.Вежбицкая англо-
саксондықтар мәдениетін былайша сипаттайды: «Культура, которая обычно
смотрит на поведение, без особого одобрения оцениваемое как
эмоциональное, с подозрением и смущением. В этой связи можно обратить
внимание на то, что английские непереходные эмоциональные глаголы, как
правило, выражают негативные неодобрительные оттенки. Англичанам не
свойственно отдаваться чувствам. Сама культура побуждает их be glad, а не
Достарыңызбен бөлісу: