Мазмұны  Негізгі бөлім  Қорытынды



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата03.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#451120
1   2   3   4   5   6   7   8   9
прагмалингв

оқылатын  (визуальды),  тыңдалатын  (аудиальды)  және  әрі  тыңдауға,  әрі 


 

20

көруге  болатын  (аудио-визуальды)  үш  түріне  тоқтала  келіп,  олардың  ортақ 

қызметтерін:  біріншіден,  ақпараттық  функциясы,  екіншіден,  ақпаратты 

жеткізудегі 

комментарийлық-бағалауыштық  функциясы,  үшіншіден, 

ақпараттың  ағартушылық-танымдық  функциясы,  төртіншіден,  ақпараттың 

қоғам  мүшелерінің  дүниетанымына  әсер  ету  функциясы,  бесіншіден, 

ақпаратты  жеткізуде  жағымды  эффектілер  тудыру  үшін  тиімді  тәсілдерді 

пайдалану функциясы деп санамалап көрсетеді [2,4-5]. 

    Прессаның  қоғамда  атқарар  қызметін  ғалым  А.Байтұрсыновтың  сөзімен 

айтар болсақ:  «Әуелі, газет  -  халықтың көзі, құлағы.  Адамға көз, құлақ, тіл 

қандай  керек  болса,  халыққа  газет  сондай  керек.  ...  Екінші,  газет  -  жұртқа 

қызмет  ететін  нәрсе,  олай  болатын  мәнісі  жұрттың  білімді,  пікірлі,  көргені 

көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, 

жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады. 

    Үшінші, пресса - халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, пресадан жұрт 

естімегенін  естіп,  білмегенін  біліп,  бірте-бірте  білімі  молайып,  зейіні  өсіп, 

пікірі ашылып, парасаты жетілмекші. 

    Төртінші,  пресса  -  халықтың  даушысы.  «Жұртым»  деп  халықты  арын 

арлап,  зарын  зарлап,  намысын  жоқтайтын  азаматтары  пресса  арқылы 

халықтың  сөзін  сөйлеп,  пайдасын  қорғап,  қарсы  тұрып,  қарғаға  көзін 

шоқытпасқа тырысады». [3,10]. 

    Бесіншіден, пресса - қоғамның айнасы болғандықтан, көпшілік айтар ойы 

мен  сөйлер  сөзін  түзеп  қана  қоймай,  тіл  мәдениеті  тұрғысынан  да  кейбір 

мәселелерде «прессада былай жазылған» дегендей, прессаға да жүгінері хақ.      

Сондықтан  да  халықпен  күнбе-күн  жүздесіп  отыратын  прессаның  тіл 

мәдениетін,  әсіресе  жазу  мәдениетін  қалыптастыруда  да  маңызы  зор.       

Мерзімді  прессалар  осындай  ерекшеліктерімен  электрондық  ақпарат 

құралдарынан  өзгеше  болса  керек,  әрі  мұның  өзі  баспасөз  тілін  зерттеудің 

маңыздылығын көрсетсе керек. 

    Қазақ тіл білімінің көшбасшысы Ахмет Байтұрсыновтың жоғарыда айтқан 

ой-пікірінен  бастап,  бүгінгі  күнге  дейін  қазақ  баспасөзі  және  оның  тарихы, 




 

21

қалыптасуы,  дамуы,  қазақ  баспасөзінің  тілі,  қазақ  прессасының  жүйесі  мен 



құрылымы   т.б.   туралы   зерттеуші-ғалымдар   Х.Бекхожин,   Б.Кенжебаев, 

 Ш.Сарыбаев,  Ү.Субханбердина,  Б.Әбілқасымов,  Н.Қарашева,  С.Исаев, 

Б.Момынова,  О.Бүркітов,  Ш.Мәжітаева,  А.Алдашеваның  еңбектерінде 

тікелей сөз болады. 

     Мұнан басқа пресса тілі жайында қазақ әдеби тілінің даму тарихы, қазақ 

тіл  білімінің  әр  түрлі  салалары  (функционалдық  стиль,  терминология, 

стилистика,  тіл  мәдениеті)  туралы  жазған  зерттеуші-ғалым  І.Кеңесбаев, 

М.Балақаев, Ы.Ысқақов, Ә.Қайдар, Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, М.Серғалиев, 

О.Айтбайұлы,  Б.Қалиұлы,  Ә.Болғанбайүлы,  Г.Смағұлова,  Ш.Құрманбайұлы 

еңбектерінде айтылады. 

    Ал  орыс  тіл  білімінде  газет  тілі,  газет  жанрлары,  газет  типтері,  газет 

лексикасы  Г.Я.  Солганик,  Л.Б.Глебова,  И.П.Лысакова  сынды  т.б. 

ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. 

    Ал  ағылшын  тілінде      D.Collins,  T.Morris,  R.Hugo  т.б.    зертеушілер 

қарастырған. 

    Пресса  материалдары  негізінде  жазылган  еңбектерді  шартты  түрде  3 

кезеңге бөліп қарастыруға болады деп ойлаймыз: 

1) Алғашқы шетел газеттері тілі жөніндегі зерттеулер  

2) Революция кезеңіндегі баспасөз тілі жөніндегі зерттеулер  

3) Қазіргі шетел баспасезі тілі жөніндегі зерттеулер. 

    Пресса тілінің зерттелуі жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысу 

барысында  зерттеу  жұмыстарының  басым  көпшілігі  ағылшын  газеттерінің 

тілімен  байланысты  екенін  байқауға  болады.  Ал  қазақ  баспасөзінің  тарихы 

ХГХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінде шығып тұрған екі газеттен 

басталады. Олар ұлттық баспасөзіміздің алғашқы қарлығаштары - "Түркістан 

уәлаятының газеті» (1870-1883) мен "Дала уәлаятының газеті" (1888-1902) [4, 

124]. 

    Алғашқы  ағылшын  газеттерінің  тілін  зерттеуші  D.Collins  «Ағылшын 



тілінде  баспасездің  шығуы  ең  алдымен  халықтың  жазба  әдеби  тілінің 


 

22

дамуына аса зор ықпал жасады, ағылшын тілінде бұрын болмаған қоғамдық-



публицистикалық, ғылыми-кепшілік әдебиеттер стильдерінің негізі қаланып, 

ресми іс-қағаздары стилі одан эрі жетілді» дейді [5, 56].  

    Революция кезеңінде ағылшын прессасын кезең-кезеңге беліп қарастьфуда 

зерттеушілер  пікірлерінің  эр  алуан  екендігін  байқауға  болады.  Зерттеуші 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет