Мазмұны ғаббасов 2-15 бет. Болғамбаев 16 Бірімжанов Ғазымбек



бет1/3
Дата11.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#128825
  1   2   3




МАЗМҰНЫ


1. Ғаббасов 2-15 бет.

2. Болғамбаев 16-

3. Бірімжанов Ғазымбек

4.Юсупов Ахметсафа

5.Есболов Мырзағазы (?)

6. Досмұхамедов Халел

7. Ермеков Әлімхан 24-бет

8. Қолжамқұлов Насыр 31 бет

9Досмұхамедов Жаһанша

10. Битілеуов Дамолла 50-бет

ХАЛЕЛ ҒАББАСОВ


Астыртын жіберілген тыңшылардың мәліметіне сүйенген ОГПУ-дің орынбасары Ольшанский 1928 жылы 28 қазан күні Қаз ССР-нің халық комиссарының орынбасарына: Семей уезіндегі байларды тәргілеу науқанына кедергі келтіріп, белсенді түрде қарсылық жасауға қатысқаны жүшін Мемлекеттік жоспарлау комитетінің коллегия мүшесі Халел Ғаббасовтың 1926 жылғы ҚК58 бабының 13 тармағымен айыпталып, тұтқындалғанын хабарлаймыз – деген қатынас жолдайды. Жол үстінде тұтқындалған Халел Ахметжанұлы Ғаббасов Қызылорда қаласына әкелінеді. 1927 жылы 10 қараша күні тергеуші Ольшанский Қылмысты істер кодексінің 58 бабының 13,17 тармақтары бойынша айып тағып, жауапқа тартқан. Сол ұйғарым бойынша ОГПУ-дің Қазақстан бойынша өкілдері Саенко мен Петровтан Ғаббасовты тұтқынға алу туралы келісім сұраған. 15 қараша күні ресми түрде түрмеге қамалған. Әр сөзі – аса маңызды тарихи оқиғалардың астарын ашып беретін Халаел Ғаббасовтың жауабын назарларыңызға толық ұсынуды жөн көрдік.

«Анкета:


1. Мекеменің аты және атқаратын қызметі — Мемлекеттік Жоспарлау мекемесінің финанс-экономика секциясының меңгерушісі.

2. Әкесінің, өзінің аты-жөні — Халел Ғаббасов Ахмеджанұлы.

3. Жасы — 40 жаста (1888 жылы туған).

4. Ұлты— қазақ.

5. Қандай елге, қай руға жатады — руым тобықты.

6. Бұрынғы шыққан тегі мен дәрежесі — малшы семьясынан шыққан.

7. Мекен-жайы (өмірінің көбін өткізген жері) – Шаған болысы Семей уезі Семей губерниясы.

8. Тұрағы (қазіргі)— Қызылорда.

9. Семьялық жағдайы, өзінің қарамағына қарайтын семья мүшелері, еңбекке жарамдысы қанша, жарамсызы қанша — әйелім, балаларым бар. (Екеу — біреуі 12 жаста, екіншісі 2-де), 14 жасар інім бар.

10. Білім дәрежесі — 1915 жылы Москва университетінің физика-математика бітірдім.

11. Мамандығы _—

12. Қай тілде сөйлеп, жаза, оқи аласыз — орыс және қазақ тілдерінде.

13. Февраль Революциясына дейін немен шұғылдадыңыз (Егер қызмет істесеңіз — қайда және қандай қызметте болдыңыз)— Революцияға дейін Семейдегі ұсақ кредит мекемелерінде істедім. Революциядан кейін 1918 жылдың қаңтарына дейін Губревкомның төрағас, облыстық жер бөлімінің төрағасы, облыстық қазақ бөлімінің төрағасыміндетін атқардым.Қазір сауда және кооперация жүйесі бойынша Қазақ мемлекеттік жоспарлау комитетінің президиум мүшесімін.

14. Революцияға дейін меншігіңіздегі қозғалмайтын қандай байлығыңыз болды (оның қайда болғанын көрсетіңіз) – Қызметкер болдым. Қозғалмайтын байлығым (бұл – арада — үй, завод т. Б. айтылып отыр — авт.) болған жоқ.

15. Қазіргі дүние-мүліктеріңіз — ақсақ тоқтым да жоқ.

16. Партияға қатысыңыз және қай жылдан мүшесіз – мүше емеспін.

17. Басқа партияда мүше болдыңыз ба, қанша уақыт болдыңыз және одан шығу себебініз «Алаш» партиясын құруға қатыстым.

18. Қандай да бір кәсіптік одаққа мүше болдыңыз ба және қашаннан— …… (Анық танылмады — авт.) да мүше болдым, қазір де мүшемін.

19. Империалистік соғысқа қатыстыңыз ба — Жоқ.

20. Азамат соғысына қатыстыңыз ба — Жоқ.

21. Сотталдыңыз ба — Жоқ. Тек 1919 жылы атаман Анненковтың азап вагонында екі күн қамаққа алындым. Не үшін екенін білмеймін.Мені большевик деп айыптады, бірақ мен большевик болған емеспін.

22. Адресіңіз — Қызылорда, Советтер үйі, I.


Бұл сұрақтарға жауапты Х.Ғаббасов өз қолымен жазған.

Тергеу ісінде Халел Ғаббасовқа жоғарыда көрсетілгеніндей:«қарулы көтеріліс ұйымдастыру үшін қасақана ауылына барды» дегеннен басқа айып тағылмаған. Осының өзі-ақ ОГПУ қызметкерлерінің қаншама заңсыздыққа барып, шындықты белінен басқанын көрсетеді. Оны бұдан әрі біз де қазбалап жатпаймыз. Сұрақ-жауаптар үнемі қайталанып отырғандықтан да біз де қайталауға ұрынбас үшін тергеу барысындағы сұрақ-жауаптарды барынша қысқа әрі нақты, «айыпталушының» ой жүйесіне нұқсан келтірмей қысқаша мазұндап беруге тырысамыз.



Жауап: Менің ата-анам мал шаруашылығымен айналысты. Семей губерниясының Шаған болысында олардың әуеліде дәулетті жеке шаруашылығы болды, кейіннен тәркіленіп, кедейге айналды. Арғы ата-тегім – татар, ұста болған . Осыдан 200 жыл бұрын Шаған болысына көшіп келген. Ғаббасовтарды тобықты руына қарайтын адамдар төлеңгіт есебінде кірме етіп алған. Төлеңгіт – бұл қоғамдық жік, сұлтандар мен төрелердің қызметшісі ретінде қалыптасқан. Менің ата-бабам сондай кірме дәрежесінде өмір сүрді.1898 жылы Семей қаласындағы мектепке алындым. 1901 жылы гимназияның 1 сыныбына түсіп, оны 1909 жылы көктемде бітіріп шықтым. Ата-ана тарапынан қаржылай көмек алғамын жоқ, гимназия директорының ұсынуымен губернатор тағайындайтын қазақ балаларына берілетін стипендияны алып тұрдым. Гимназияны бітіргеннен кейін оқуды жалғастыруға қаражатым болмағандықтан да Семей уезінің Сейсен болысында оқытушылық еттім. 1912 жылы күзде Мәскеуге барып, алғашында Мәскеу университетінің заң факультетінде, содан кейін физика-математика факультетінде оқыдым. Ауысуымның себебі, заң факультетіне түскендіктен де жалпы заңгер атаулыға күдіктене қарайтын губернатор: революционерлердің ықпалында кетеді деген қауіппен мені стипендиядан айырды. Бұл негізсіз де емес еді. Сол жылдары Жақып Ақбаев революциялық қозғалыстарға белсене қатысып жүрген. Сонымен қатар Мәскеуде балаларды оқуға дайындаумен де шұғылдандым. Ауысқаннан кейін қазақ балаларына берілетін стипендияға ие болдым. Айтпақшы, 1914 жылы муровшылар мен толстойшылардың шеруіне қатысқаным үшін университеттен шығарылдым да, 1914 жылы кұзде қайтадан түсіп, оны 1919 жылы бітірдім. Ақпан төңкерісіне дейін Семей қаласында кредит саласында істедім.

Содан кейін қазақ бөлімі мені Губерниялық қазақ комитетінің төрағасының орынбасары (төрағасы Р.Марсеков), кейін жер басқармасының бастығы етіп сайлады. Осы екі аралықта мен Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ құрылтайына Семейден өкіл боп қатыстым, сол құрылтайда «Алаштың» кеңес мүшесі болып сайландым.Құрылтайда мен ұлт мәселесі жөніндегі және тағы бір комиссияның, атын ұмыттым (әдейі «ұмытып» отыр, ұлттық жасақ жөніндегі комиссияның мүшесі болды және оның Ережесін жазды – Т.Ж.), мүшесі болдым. Құрылтайда «Алашорда» үкіметін жариялаудың мерзімі туралы екіұдай пікір таласы болды. Х.Досмұхамедов дерену автономия жариялауды, діни мүфтия құруды талап етті. Мен үкіметті орыс шаруаларының саяси жағдайы анықталған соң жариялау туралы ұсынысты қолдадым. Семейден Ермеков және тағы бір адам «(атын ұмыттым) болды. Шамамен 1918 жылдың ақпанының соңында, наурыздың басында Семейде партияда жоқ жұмысшы-шаруа кеңесі құрылып, мен тең төрағалыққа сайландым. Тағы бір қазақ сайланды, оның атын ұмыттым. 1918 жылдан бастап барлық ұлттық бөлімшелер жойылды, соның ішінде қазақтарға ерекше қысым көрсетілді. Бөкейхановқа Семейге келу қауіпті еді, ол Орынбор маңында жасырынып жүрген болатын. Бұл жөнінде орталық үкіметке шағым түсірдік. Мәскеумен, Сталин жолдаспен тікелей байланысқа шығып, қазақ автономиясын құру туралы сөйлестік. Онда мен жергілікті совдептердің қысымын айта отырып, кеңес өкіметі жариялаған ұлттардың өзін өзі анықтау және басқару туралы үндеуін тездетіп жүзеге асыруды талап еттім. Ол пікірімді мен 14 баптан тұратын, негізінен қазақ мекемелерін қалпына келтіру, кеңестің құрамындағы автономия құру, қазақ қайраткерлерін түрмеден шығару туралы болды. Сталин жолдас бұл ұсынысты қолдады. Ол: автономия жариялау үшін шұғыл түрде құрылтай шақыруды ұсынды. Орынбордағы Бүкілқазақ құрылтайы кеңес өкіметінің ұлт саясатына сай келетіні, облыстық кеңеске ұлт еркіндігі мен автономия құруға дайындық жасау, тұтқындағыларды босату туралы пәрмен беретінін айтты. Қалған мәселелерді Мәскеуде жүрген Халел Досмұхамедовке тапсыруды ұсынды. Осы байланыстан кейін Бөкейханов, Омаров, Марсеков, Ермеков, Сәрсенов Биахмет, мен – Ғаббасов және Байтұрсынов пен Дулатов қатысқан «Алашорда» мәжілісінде Сталинге: кеңес өкіметін сөзсіз мойындайтынымыз, орталықтағы біздің мүддемізді Х.Досмұхамедов қорғайтыны туралы мәлімдеме жолдадық. Мен Сталинмен сөйлескеннен кейін облыстық кеңестің төрағасы Шугаев тура байланысқа шақырылды. Олардың не деп сөйлескенін білмеймін. Бұдан кейін облыстық кеңес бізге деген көзқарасын өзгертіп, тұтқындағылардың біразын босатты. Алайда құрылтайды шақыру ісін қолға алмады. Екі арадағы қатынасымыз тағы да бұзыла бастады. Қазақ қызметкерлеріне тағы да қысым көрсетіле бастады. Автономия мәселесін түбегейлі шешу үшін Семей облысы қазақтарының құрылтайын шақыру үшін рұқсат алуға мәжбүр болдық. Өкілдерді әр болысқа барып жүріп, жергілікті жерден тікелей сайладық. Құрылтай мамыр айының басында шақырылды. Автономия мәселесі және кеңес өкіметінің бұл туралы саясаты бірауыздан мақұлданды. Сонымен қатар қатаң талаптар да қойылды.Менің кеңес өкіметі туралы көзқарсым осылай қалыптасты және Сталинмен арадағы тікелей байланысымның мазмұны осындай.

Құрылтай кезінде бір тосын жағдай болды. Құроылтай өтіп жатқан жергее Қазақ комитетінің бұрынғы мүшесі Құлжанов келіп оған сөз беруді талап етті. Құрылтай төрағасы Поштаев оған рұхсат бермеген соң Құлжанов сыртқа шығып кетті де бір топ қызылармия солдаттарын ертіп келіп, егерде өзіне сөз бермесе құрылтайды күшпен тас-талқан етіп таратып жіберетіндігін мәлімдеді. Бәрібір құрылтай Құлжановтың талабын орындаудан бас тартты, тиісті қаулы шығарып жұмысын аяқтады. Бұдан кейін құрылтай жетекшілерінің тұтқындалғаны туралы хабар естілісімен біразымыз бас сауғалауға мәжбүр болдық. Мен, Сәрсенов, Ермеков, Қозыбағаров, Марсеков және басқаларымыз Шыңғыстауғабарыпжасырындық. Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Омаров тағы басқа да 20-30 адам бұл кезде сонда болатын. 1918 жылдың көкек не наурыз айында Тоқтамысов Омбы қаласынан Семейге келді. Ол Семей қаласындағы кеңес өкіметіне қарсы астыртын жұмыс жасап жатқан 2 топтың бар екенін, олардың арасында өзара байланыс жоқ екенін, олардың біреуі – қаражүзділер, екіншісі социалистер екенін айтты. Ол Қазақ комитетімен байланыс жасайды. Облыстық кеңеспен біздің ара қатынасымыз шиеленіскеннен соң Тоқтамысов арқылы ұлттық автономияны мойындайтын астыртын ұйымның біреуімен байланыс орнаттық. Тоқтамысов ешқандай ұйымның мүшесі емес болатын. Сондықтан да біз әскери кеңес құрдық, Кеңестің төрағалығына – Марсеков, мүшелігіне Сәрсенов пен Әлімбеков сайланды. Әлімбеков бұл кезде Облсовдептің әскери бөлімінің мүшесі еді. Жасырынып жүрген кезімізде ұйыммен еш байланысымыз болған жоқ. Сондықтан да қалада қалып, ашық жүрген Әлімбековтің не істегенінен хабарым болған жоқ. Семейге оралған соң ғана қалада атаман Сидоров бастатқан казактардың билігі орнағанын білдік. Қаражүзділермен қызмет істесуден бас тартып, өзара келісім жүргізіп, біздегі қарудың күшімен өкіметті қолға алу үшін социалистік бағыттағы жасырын топтың қайда екендігі туралы Тоқтамысовтан сұрастырдық. Облыстық Жер басқармасы қайтадан құрылды, Марсеков төрағалыққа, мен орынбасарлыққа сайландым. Бұдан арғы біздің жұмысымыз мынаған бағытталды: қазақтың халық (билер) сотының жұмысын жэандандыру, шет елге кетіп жатқан босқындарға тосқауыл жасау, переселендердің үстемдігін жою. Шілде-қазан айларында Бөкейханов, Ермеков және Сәрсенов Сібір үкіметімен, содан кейін автономияны қолдайтын болғандықтан да Самарадағы Құрылтайшылар мәжілісімен келісім жүргізуге аттанды. Соңғысымен Алашорда үкіметін мойындау, жер, Ақмола, Семей губернияларын қазақ республикасының құрамына беру мәселесін қолдайтыны туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сұрақ: Сінді қазіргі саяси ұстанымыңыз қандай?

Жауар: Менің саяси ұстанымым 1925 жылы 30 қараша күні Семей губкомының хатшысына берілген мәлімдемеде толықтай көрсетілген. Онда: кеңес өкіметінің қазіргі ұлт, мәдениет, экономикалық жалпы саясаты мені қанағаттандыратыны, пролетариаттың, оның ішінде қазақ пролетариатының диктатуралық жүйесін мойындайтындығым айтылған. Жлпы мен ұлтшыл емеспін, қазақ ұлтының өзге ұлтқа өктемдігін қаламаймын.

Сұрақ: Ауылдың таптық жіктелуін мойындайсыз ба?

Жауап: Мойындаймын. Қазақстанда пролетариат жоқ, бірақта ол индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысында кеңестік жүйемен қоса қалыптасады.

Сұрақ: Сіз өнеркәсіпті бір орталықтан басқару жүйесіне қалай қарайсыз?

Жауап: Жалпы принциптерін мойындаймын, бұл әбден мүмкін, тіпті қажет те. Сәдуақасовтың „Бодьшевиктегі” ұстанған позициясын мүлдем қостамаймын. Мен – жоспарлау мекемесінің маманымын, сондықтан да кеңес одағының көмегінсіз Қазақстанның өз бетінше даму мүмкін емес.

Сұрақ: Кеңес өкіметінің жер саясатына көзқарасыңыз қандай?

Жауап:Қоныс аударушылардың қозғалысы жергілікті халықты ығыстырушылыққа жол бермеуі тиіс.Аралас қоныстанған аудандарда жергілікті халықты отырықшыландыру шараларын ұйымдастыру қажет. Қазақстанға жаппай қоныс аударушыларды қанағаттандыратындай мүмкіндік бар деп есептемеймін. Егерде қажеттілік туа галса, онда отарланудың азабын барынша қатты сезінген қазақ ұлтының мүддесін қанағаттандыру керек деп есептеймін. Жер мәселесінің дәл қазір Қазақстанда қалай шешіліп жатқанын білмеймін.ү

Сұрақ: Жоғары оқу орындарындағы жастарды тәрбиелеу барысындағы Қазақстандағы халыққа білім беру саясатына қалай қарайсыз?

Жауап: Қазіргі таңда мектеп құрылысын, әсіресе, ауылды льпа мектептердегі жеделдетіп оқытуды қолдға аолу керек. Ұлттық тіліндегі оқулықтар мен, маман педагогикалық кадрлардың жоқтығы анық сезіледі. Ұлт тілінде оқитын орта және жоғары оқу орындары қажет. Ал жоғары оқу орындарындағы сабақтардың қазақ тілінде жүргізілмеуінің себебін, бұл мәселені шешуге тиісті жағдай жасалмай отыр деп есептеймін.

Сұрақ: Кеңес өкіметінің Қазақстандағы шикізатты өндіруді шешу жөніндегі дайындалып жатқан саясатына қалай қарайсыз?

Жауап: Толықтай қосыламын.

Сұрақ: „1917-1919 жылдар арасындағы „Алашорда” қозғалысы контрреволюциялық роль атқарды деп ойлайсыз ба?

Жауап: „Алашорданы” контрреволюциялық емес, льп реворлюциялық қозғалыс льп есептемеймін.

Сұрақ: 1916 жылғы қазақтардың көтерілісіне сінді қатысыңыз қандай және оған қалай қарайсыз?

Жауап: Өзгелер сияқты мен де орынсыз қантөгісті болдырмау үшін көтеріліске қарсы болдым. Казактар сияқты қазақтардан да дербес жасақ құруды ұсындым.

Сұрақ: Колчак үкіметі құлағаннан кейінгі сінді коммунистік партияға деген көзқарасыңыз қандай болды?

Жауап: Менің көзқарасымды былай пайымдауға болады. 20 не 21 жылы көктемде Семейде қазақ қызметкерлерінің мәжілісі шақырылып, ұжымдық құрамда партияға өту қажеттігі талқыланды. Оның бастр себебі, ол кезде Семейдің Қазақстанға қосылуы барысында сібірлік және қазақстандық ұйымның арасында үлкен тартыс льп жатты. Бұл таласта қазақ қызметкерлері ешқандай да роль атқарған жоқ. Ұжымдық тұрғыда өтуді ұсынған Жақып Ақбаев болатын. Маған да: өтпеесең көп нәрсені жоғалтасың – льп кеңес берді.

Сұрақ: Сіз Алаш шаруашылық кооперациясы одағына қалай қатыстыңыз?

Жауап: Бұл одақтың қалай құрылғанын білмеймін. Оман Қозбағаров, Тоқтағұлов, Есіргепов шақырылды. Мен жедел ұйымдастыру бөқлімінің бастығының орнына қабылдандым.

Сұрақ: Сіз байларды тәргілеу науқанына қалай қарайсыз?

Жауап: Дұрыс қараймын. Құр сөз болмас үшін бұл науқанның льп-ала дайындық жұмыстары жөніндегі комиссияға қатысқанымды ескер те кетейін. Сол комиссияның төрағалығына – мен, мүшелері, мемлекеттік жоспарлау комиетінен Сириус, жер комитетінен Шубернер және ИКП-дан Баһрам бекітілді. Бізге тәргілеудің мөлшерін анықтау үшін 36 сағат қана уақыт берді. Біз, ірі қараға шаққанда 10 бастан артық малы барларды тәргілеуге болады – деген мөлшерді ұсындық.


Осымен 10 қараша күнгі тергеу аяқталған. Сұрақ-жауаптар сырттай қарағанда сондай бір мәймөңкелеу жағдайда өткендей көрінгенімен, мұндағы айтылған әр сөз бен көрсетілген льпа астарында кесек-кесек оқиғалар жатқан болатын. Халел Ғаббасовтың берген әр жауабынан осы уақытқа дейін тарихшылар таба алмай, не түсіндіре алмай, не түсінбей жүрген жайлардың аңысы аңғарылады. Мысалы, 1918 жылғы автономия туралы Сталинмен телеграф арқылы тікелей байланыс тұсындағы тарихи оқиғаның мән-жайы, себеп-салдары, психолгиялық шиеленіс өзінің толық бағасын алған жоқ. Егерде тура сол кезде Сталиннен бұйрық алынбағанда, онда Бөкейханов бастатқан ұлт көсемдерінің біразының құрбандыққа ұшырауы әбден мүмкін болатын. Сондай-ақ, осы льпан кейін шұғыл шақырылған құрылтай мен „Алашорда” үкіметінің құрылуы да отан тарихындағы льп аударарлық маңызды дерек. Ал Ольшаньскийдің әр сұрағы – Халел Ғаббасовты ату жазасына алып келген сот үкімімен пара-пар.

14 қараша күні екінші рет жауапқа тартылған. Тергеуші Ольшанский арадағы үш күннің ішінде Х.Ғаббасовтың жауабын да, оның өмірбаянын да тексеріп, қалайда қапысын табудың амалын ойластырған. Бұрынғы жауаптардың „кем-кетігін толтыру үшін де” сұрақты байларды тәргілеу науқанынан емес, әріден бастап, смыналап қоюының себебі де сол.


Жауап: Революциялық қозғалысқа гимназияның 5 сыныбында оқып жүргенде, яғни, 1905 жылдан қатыса бастадым. Семей гимназиясында Бишебиев (?) ұйымдастырған үйірме болды. Менің көзқарасыма әсет еткен 1905 жылғы оқиға. Гимназиядағы үйірмеге Солодовников жеиекшілік етті, 1905 жылы қазақнда Солодовников шәкіттерді жиып, баяндама жасады. Соның ықпалымен қазақ шәкірттерінің үйірмесі құқрылып, 1908 жылға дейін жұмыс істеді. Оған Мақсұт Бекмембетов жетекшілік етті, ол түрмеге қамалған соң Қосмағамбетов басқарды. Үйірмеге саяси қуғын көргендер келіп тұратын. Саяси әдебиеттер тарататын, бірнеше рет қазақ тұрғындарының арасында қазақ жері менұлт мүддесін оқалы шапанға айырбастаған болыстар туралы сөз де сөйледі. Ол үйірмеге революциялық әрекеттері үшін Омбыдан жер аударылып келген Жақып Ақбаев та қатысты. Мен онымен кездесуге барып тұрдым. Үйірме жұмыс орныма айнналды. Сол жэылы мен Выборг үндеуіне қатысқаны үшін түрмеге қамалғып, Семейге мерзімді кесімін өтеу үшін келген Бөкейхановпен таныстым. Мен оған өз еркіммен бардым. Ол түрмеден босаған барлық шәкірттер онымен кездесуге барды. Ол біздің дайындығымыздың төмендігіне реніш білдіріп, саяси әдебиеттерді оқуға кеңес берді. Бөкейхановпен келесі кездесуім 1912 жылы өтті. Онда ол Петроградта еді, Ақбағевті сонда шақыртты, ал мен студент едім. Бөкейханов Мемлекеттік думаға қазақ халқының өкілін жібермеу туралы 1908 жылғы 6 маусым күнгі заңның күшін жоятын қарсылық құжаттарын дайындау үстінде болатын. Бөкейханов студенттерге Петроград архивтеріндегі құжаттарды жинастырып, жүйеге келтіруді тапсырды. Менің Бөкейхановпен ұзақ мерзім бірге жұмыс істеуімнің сәті түскендігінің себебі осындай.

Сұрақ: Ұлттық қозғалыстың болашақ көсемінің кадет партиясына мүше болуын қалай түсіндіруге болады?

Жауап: Немен түсіндіруге болатынынн білмеймін. 1917 жылғы Бүкілқазақстандық құрылтайда да оның бұл әрекетіне барлығы қарсы шықты.Соданн кейінн кадет партиясынан шығатыны туралы мәлімдеме жасады.

Менің айтқан сөздерім дұрыс жазылды. (Ғаббасов. Қолы)».

Бұл сұрақ-жауаптан 1905-1911 жылдар арасындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының іс-әрекеттерінен нақты мәлімет аламыз. Патшаға жолданған Қарқаралы петициясының қыр еліне ықпалы, жастардың күреске тартылу жолдары, сондай-ақ Ресей империясында ұлт ретінде өмір сүру құқығынан айырылып, тізімнен сызылып тасталған қазақ халқының азаматтық ожданы үшін күрескен алаш қозғалысының іс-әрекетінен және оған нақты кімдердің қатысқанынан мағлұмат береді.
Халел Ғаббасовты қосымша тергеу хаттамасы. 21 қараша, 1928 жыл.
Сұрақ: Сіздердің топтарыңызда Қазақ жерінің кодексін жасап шығарудың қажеттігі туралы сөз қозғалды ма?

Жауап: Бұл тақырыпта ешкіммен әңгімелеспедім, тіпті естігемін де жоқ. Омаров бұл жөнінде ештеңе деген емес. Қайталап айтамын, Омаров бұл туралы бір сөз де айқан емес.

Сұрақ:Сізге Семей қаласында Мұхтар Жалелетдинов (?) жолықты ма?

Жауап: Жолыққан емес, мен оны өте сирек көретінмін.

Сұрақ: Алаш аудандық одақтастығының жұмысымен қырға жиі шығып тұрдыңыз ба?

Жауап: Нақты айта алмаймын. 1924 жылдың не шілде, не тамыз айында шықтым.

Сұрақ: Алаш аудандық одақтастығының сайлауыа лдында сізқ айда бодыңыз?

Жауап: 1924 жылы өз ауылымда демалыста болдым.

Сұрақ: Аудандық одақтың құрылтайын дайындауға қатыстыңыз ба?

Жауап: Қатысқамын жоқ. Мен 1925 жылғы жиналысқа шақырылушы есебінде қатыстым және ол жұмыстан кет тім. Одақ жиналысын басқарма мүшесі Қозбағаров жүргізді.

Сұрақ: 1925-1926 жылғы науқан кезінде (қандай науқан - ?. Зады бұл Семей губерниясының шекарасы анықталып, Қазақстанға түбегейлі қосылуы туралы Сібір ревкомымен арадағы айтыс туралы болса керек. Т.Ж.) қайда болдыңыз?

Жауап: 1925 жылдың басына дейін Семейде болдым. Науқанға өз басым қатысқамын жоқ.

Сұраұқ: Талас-тартыс тұсында Омбыдан ешкім кеді ме?

Жауап: Жоқ, ешкім келмеді.

(Бұдан кейінгі таспаға жазылып алынған біраз сөздер өшіп кетіпті. Әңгіме Ә.Бөкейхановқа көмек есебінде жиналған қаржы мәселесі төңірегінде сиқты. Ол туралы өзге „айыпкерлердің” берген жауабында мәліметтер бар. – Т.Ж).

...Жауап: Оған (Бөкейхановқа –Т.Ж.) ешқандай қаржылай көмек көрсетілген жоқ. Өйткені барлығы да тарап кеткен болатын. Ол өзін өте нашар сезінеті, сондықтан да курортна барып емделуіне жадай жасау туралыұ сыныс айтылды. Егерде біз ойламаған жерден көмек ұсынсақ, оның мұны қалай қабылдайтыны белгісіз екендігі жөнінде Дулатов не Қадырбаев ескерткен еді. Оның Қызылордаға ауысуы туралы әңгіме болван емес.

Сұрақ: Бөкейханов Мәскеуде тұрғанда оған қандай да бір көмек көрсетілді ме?

Жауап: Мен 1924 жылыөз қаражатымнан жүз теңгеб ердім.

Сұрақ: Ол солк езде қызметі степ жүр ме еді?

Жауап: Иә, ол өзінің жұмысында болатын. Күншығыс баспасының қаражат жағдайы өте нашар болатын.

Сұрақ: Басқлардан көмек көрсетілді ме?

Жауап: Жоқ.

Сұрақ: Байтұрсынов қай жылы қаражат аударды?

Жауап: Өткен жылы Бөкейхановқа көмек ретінде 20 сом бердім, ол қолына тиген-тимегенін білмеймін.

Сұрақ:Әйтеуір сіз берді? із ғой.

Жауап: Алған-алмағанын білмеймін.

Сұрақ:Ол қараджатты кім жиды?

Жауап: Мен Қадырбаевқа бердім-ау деймін.

Сұрақ:Яғни ақша нақты бір адамның қолына жинақталғаны ғой.

Жауап: Байтұрсынов Мәскеу арқылыж үріп, табыс туї керек болатын. Дулатов не Қадірбаев оның өте кірпияз адам екенін ескерткен, сондықтан да алды мА, жоқ па, білмеймін. Біз Жан-жаққа кет тік.

Сұрақ: Тағы Кіме көмек бердің?

Жауап: Әуезовке 70-80 сом аудардым. Одан қаражатқа өте зәру боп жүргені туралы хат алдым. Біз 10 теңгеден жиып бердік. Одан басқа ешкімге ақша бергемін жоқ.

Сұрақ:Сіздердің араларыңызда жер мәселесі туралы сөз қозғалды мА?

Жауап: Жоқ.

Сұрақ: Өткен жылы келген Шведов есіңізде ме?

Жауап:Өткен жылы емес, одан арғы жылы келген. Оның зерттеулері сынға ұшырағаны есімде.

Сұрақ: Кім тұрғысынан?

Жауап:Халық комиссарлар кеңесінің жоспаралу мекемесінде өткен кеңейтілген мәжілісінде.

Сұрақ: Сұлтанбековтің іссапары алдында жер мәселесі туралы сөйлестіңіздер ме, Омаровпен араларыңызда қандай әңгіме болды?

Жауап: Омаровпен өткен жылы кездестім. Мен кеңсемде жұмыс істеп отырғам. Дулатов екеуі кеді. Ертеңінде демалысын пайдаланып, педтехникумдағы оқуын бітіруге Ташкентке баруды жоспарлады. Ол содан әрі Қостанайға жүрмекші болды. Мен шығарып саламыз дедім. Ол 3-5 адамды бақшаға Альп барды, біз сыра іштік, тамақтандық. Бұл 1927 жылдың жазы болатын. Омаровпен арадағы жалғыз кездесуім бұл.

Сұрақ: Омаров пен Сұлтанбековтің іссапары туралы сөз болды мА?

Жауап: Әңгіме болған жоқ сияқты.

Сұрақ: Бөкейхановтың демалысқа баратыны белгілі ме еді?

Жауап: Жоқ.

Сұрақ: Сіз ол туралы қайдан білдіңіз?

Жауап: Өткен жылы күзде мен Омаровтан олардың Челябинскідегі бір қазақ ауылында демелғанын есті дім.

Сұрақ:Тек Омаровтың сөзінен ғана ма? Онда не деп. сөйлескенін айтты мА?

Жауап: Ештеңе де. Тек Бөкейхановтың айтқан анекдоттарын ғана айтты.

Сұрақ: Ақаев пен Байтұрсынов ұйымдастырған банкет Бөкейхановтың келуіне байланысты мА?

Жауап:Бөкейхановтың қашан келгенін білмеймін. Ол өте кірпияз адам. Ешқандай банкет болван жоқ.

Сұрақ: Ол туралы сіз ештеңе есті ген жоқсыз ба?

Жауап: Сізден бір інші рет естіп отырмын.

Сұрақ: Өткен жылы қай уақытта демалыста болдыңыз?

Жауап: Шілденің аяғында ғой деймін.

Сұрақ: Қызылорданың жаңалығын айтқан жоқсыз ба?

Жауап: Жоқ, есімде жоқ.

Сұрақ: Жер мәселесі туралы да сөз қозғамадыңыздар ма?

Жауап: Жоқ,

Сұрақ: Биыл қкімнің үйіне тоқтадыңыз?

Жауап: Көлік болмағангдықтан да Семейде не мере қарындасымның үйінде 2 күн жаттым. Қозбағаров пен Бейсембиновты көрдім.

Сұрақ: Шығарып салды ма, қарсы алды ма?

Жауап: Жоқ, мені қарындасымның күйеуі қарсы алды.

Сұрақ: Неге сіз тәргілеуді жақтайсыз?

Жауап: Демек, тұрғындарды экономикалық әлсіреуге алып келген коммунистер мен ұлтшылдардың арасындағы алшақтық мәселесі жөніндегі пікірімнің солай болғаны.

Сұрақ: Демек сіз бұл мәселе жөніндегі партияның тактикасын қолдайсыз ғой.

Жауап: Сол үшін мені кейбір жолдастарым жазғырды да.

Сұрақ: Сізді жазғырғандар кім?

Жауап: Оны еске алудың қажеті шамалы.

Сұрақ: Олар өздерінің наразылықтарын неге негіздеді?

Жауап:Бұған олар да қарсы емес, бірақта бұл жобаның беті басқа жаққа бұрылып барады деп есептейді.

Сұрақ: Қандай бағыт туралы айтты?

Жауап: Әйтеуір бір әңгіме арасында күшті мен әлсіздің ара жігі ашылу үшін бұл жобаны жүзеге асыру керектігі айтылды.

Сұрақ: Сонымен сізді не үшін жазғырды?

Жауап: Оның бұл мәселеге қатысы жоқ.

Сұрақ: Неге, оның тура осы мәселеге тікелей қатысы бар.

Жауап: Менің ештеңе айтқым келмейді, оның бұл миәселеге еш қатысы жоқ деп есептеймін.

Айтқанымды растап қолымды қойдым (Ғаббасов). Тергеуші ... Саенко.
1929 жыл. Қаңтар. Ғаббасов Халелдің тергеу хаттамасы.

Сұрақ: Сіз Малеевпен неше рет кездестіңіз?

Жауап: Мен оны 1917 жылы желтоқсанда көрдім, одан кейін кездескен емеспін.

Сұрақ:Онымен арадағы қарым-қатынасыңыз қандай еді?

Жауап:Ешқандай да.

Сұрақ: 1917 жылы әскери бөлім оқшауланып қалды. Сол кезде...

Жауап:Онымен ешқандай да маңызды байланысым болған емес. Сәрсеновтің үйінде ғана көрдім дедім ғой.

Сұрақ:1919 жылы Валидовпен байланыс жасадыңыз ба?

Жауап:Бұл туралы мен ештеңе айта алмаймын. Мүмкін сырттай байланыстардың болуы.

Сұрақ: Сәрсенов Валидовке жете алды ма?

Жауап: Нақты айта алмаймын.Менің Валидовтің кеңес өкіметі жағына шыққанын 1919 жыл білдім.

Сұрақ:Дулатовтың әскери ...туралы ұсынысын қалай білдіңіз?

Жауап: Дулатовтың өзінен естідім. Омбы мен Семей жағынан қолдау көрсетілді.

Сұрақ: Мәселе қай тұрғыда талқыланды?

Жауап: Маған Ермеков, Байтұрсынов, Дулатов талқылады деп хабарлады.

Сұрақ: Оны Байтұрсынов білді ме?

Жауап. Нақты білмеймін. Одан бас тартты.

Сұрақ: Нақты кімдер бас тартты?

Жауап: Демек Байтұрсынов, Дулатов тағы басқалар бас тартқан.

Сұрақ: Басқалардың бас тартқанын сіз білдіңіз бе?

Жауап: Қазір есімде жоқ. Ескі қызметкерлердің бәрі де...

Сұрақ: Сізді сырттай іске тартқанын қайдан білдіңіз?

Жауап: Айтқым келмегендіктен емес, тіпті есімнен шығып кетіпті.

Сұрақ: Жасақтауды қандай дәрежеде жүргіздіңіздер?

Жауап: Мен сізге айттым ғой, біреу ананы, біреу мынаны ұсынды.

Сұрақ: Жасақталған адам ретінде сізхге нақты ұсыныстар жасалды ма?

Жауап: Маған ешкімде ұсыныс жасаған жоқ.

Сұрақ: Сәдуақасов қандай ұсыныс жасады?

Жауап: Сәдуақасовты мен КирЦИК-тің Омбыдағы кеңесінде көрдім, одан кейін онымен кездескен емеспін.

Сұрақ: Онда Валидов туралы сөз болған жоқ па?

Жауап. Жоқ.

Сұрақ:Бұл бағытта (Сұрақ пен жауаптың мазмұны бұлыңғырлау. Әңгіме 1917-1919 жылдар арасындағы Алаш идеясы мен „Алашорданың” құрылуы, автономия жариялау және Алашорданың кеңес жағына өтуі туралы болып отырған сияқты. – Т.Ж) не істедіңіз?

Жауап: Бұл бас ауыртатын мәселе емес. Егерде сіз маған қысым жасай берсеңіз, онда мен бұл идея туралы пікір таласына дайынмын.

Сұрақ: Бұл идеянның кең тарағаны сізге қалай мәлім болды?

Жауап: Бұл идея жастардың арасында кең таралған.

Сұрақ: Ол кімнен басталды?

Жауап: Айта алмаймын, есімде жоқ.

Сұрақ: Қаййдан білдіңіз, нақтылай түсіңіз.

Жауап: Білмеймін, бұдан басқа ештеңе айта алмаймын.

Сұрақ: Оларды әшкерелеу керектігін қалай білдіңіз?

Жауап: Бұл туралы кеше сізге айтқамын. Бұл біздің ұлтымыз үшін өліммен тең. Өзара пікір алыстық, тарихи деректерді келтірдік, Колчак тұсындағы оқиғалардан мысалға алдық. Бұл тарихи кезең үшін жастар да жауап беретін болады дестік. Егерде олар ол жолмен (кеңес жағына – деген емеуірін сияқты – Т.Ж.) кететін болса, біз оларды сөзсіз әшкерелейміз дестік. Бұл біздің тарихи міндетіміз дестік. (Бұдан кейін сұрақ-жауап берушілерге ғана мазмұны мәлім мәселелер туралы айтылады. Онда жастардың жауапкершілігі, кімнің идеолог екендігі, Бөкейхановтың, Байтұрсыновтың, Дулатовтың, Ермековтің, Бірімжановтың, Семейдегі, Орынбордағы, Қызылордадағы іс-әрекеттері, 1918-1921 жылдар арасындағы Семейдегі мәжілістердің мазмұны, алаш ардагерлерінің Семейге жиналуының себептері, Ғазымбек Бірімжановтың Семейдегі ағасы Ахмет Бірімжановқа келуі сұралады. Олардың бәріне Х.Ғаббасов қысқаша „есімде жоқ, білмеймін” деген сиқты екіұшты жауаптар қайтарады – Т.Ж).

Осыдан кейін тергеу ісіне „Алашорда” үкіметінің Семейдегі іс-әрекеті, Сібір үкіметімен байланысы, большевиктермен арадағы қақтығыс туралы қолмен жазылған құжат тіркелген. Мұнда „Сарыарқа” газетінің редакторы Имам Әлімбековтің ақгвардияшылар тарапынан тұтқындалғаны, Х.Ғаббасовтың берген жауабында айтылған оның большевиктерге қарсы бағытталған астыртын жұмыстары, алаштың әскери жасағын құрудағы еңбегі баяндалып, тұтқыннан босату туралы өтінген бұл құжаттың соңына Саенко: Имам Әлімбеков осы уақытқа дейін Семей өңірінде еркіндікте жүр.Оны біздегі құжаттарға сүйеніп тұтқындау керек - деген ескерту жазған. „Алашорда” жасағының құрылуы, астыртын ұйымның жұмысы, большевиктер мен ақтардың, қазақ жасағының қақтығысы туралы толық мағлұмат беретін бұл құжаттың маңыздылығын есте ұстасақ та, назарымызды тергеу ісінен бұрып әкететін болғандықтан да оны бұл арада пайдалануды артық санадық. Тергеу ісіне бұдан өзге де жанама айғақтар тіркелген.

1928 жылы 28 желтоқсан күні тергеу ісінің аяқталғаны туралы Х.Ғаббасов хабарлайды. Бірақта нақты шешімді айтпайды. Өйткені тура сол кезде өзге бір камерада Д.Әділев „Алашорданың” контрреволюциялық астыртын әрекеті және тәргілеуге қарсы қырда көтеріліс ұйымдастыру үшін Х.Ғаббасовтың Семей өңіріне жіберілгені туралы „көрсетіндісі” жазылып жатқан. Міржақып Дулатов та тұтқындалған еді. Сондықтан да Х.Ғаббасовтың сот процесін күткені және ақталып шығу туралы ұмтылысы тұтқын адамның санасындағы үміт дүниесі ғана еді. Ол барлық жайды түсініп, ОГПУ-дің саяси өкілі Волленбергтің атына мәлімдеме жазды. Осы мәлімдемеден ғана Х.Ғаббасовты не үшін түрмеге жапқаны, қандай апйып тағылғаны, оған куә ретінде өзінен сәл ғана бұрын қамаққа алынған Е.Омаровтың жауабы айып ретінде тағылғаны анықталады.

1929 жылы 25 қаңтар күні Халел Ғаббасов Волленбергтің атына тағы да қосымша хат жолдап, онда: осы жылғы 9-10 қаңтар күні сіздің атыңызға жазылған өтінішті және Омаров жолдасқа жазылған ашық хатты ГПУ-дің Шығыс бөлімінің бастығы Петорв арқылы сізге жолдап едім. Олар сіздің қолыңызға тапсырылмаған сияқты. Өйткені олардың бірде-біреуінің нәтижесі туралы мағлұмат алмадым. ОГПУ – кеңес одағындағы бірден-бір әскери және ішкі тәртібі қатаң мекеме болғандықтан да маңызды құжаттардың жоғалуы мүмкін емес. Сондықтан да тиісті адамдарды жауапқа тартып, мен үшін аса маңызды мәлімдемелерді оқып шығып, жауабын беруіңізді өтінемін. Бұл тек менің ғана басымнан өтіп отырған жоқ, көпке ортақ жай – деп талап қояды.

Әрине, бұл мәлімдеме де Петровтың қолына түсіп, ол Х.Ғаббасовқа өзінің „өкпесін” айтып, қателігін мойындап хат жазуға мойынсындырса керек.. Төмендегі:

„1929 жылы 25 қаңтар күнгі менің идеологияма түсініксіздікпен әрі сенімсіздікпен қарайтындығыңызды білдірген сіздің ескертуіңіз маған төмендегідей түсінік беруге мәжбүр етіп отыр.. Мен өзімнің саналы өмірімнің барлық кезеңінде өз халқымның азаматы болуға тырыстым және оны тарихи қаналудан азат етудің жолын іздестірдім. Өз ұлтыма нақты көмектесудің мүмкіндігі 1917 жылдан кейін ғана туды. Менің ол кездегі идеологиям сол дәуірдің психолгиясынан туындады. Тарих толқынында езілген барлық қазақ халқын мәдениетке, экономикалық жетістікке жеткізуді мақсат еттім. Менің негізгі идеологиямды анықтаған жағдай осы. Менің мақсатым да, саяси қайраткерлігім де соған бағытталды...” – деп басталатын түсіндірмесі сондай күдікке жол береді. Түсініктің бұдан кейінгі мазмұны төмендегідей:

ХАЙРЕТДИН БОЛҒАМБАЕВ

ОГПУ-дің Шығыс бөлімінің бастығы жол. Петорвқа берге жауабы. Тергеу барысының хаттамасы ауызша жазылған болуы керек, сөз, пікір қайталаулар, аяқталмаған ойлар, жанама түсініктер, өзара байланыссыз мәтіндер орын алыпты. Алашордашыларға тағылған негізгі айыптың бастысы болғандықтан да сұрақ-жауаптың жалпы желісін сақтай отырып, мазмұндап беруді жөн көрдік.

„1922 жылдың көктемінде Оқу ағарту комиссариатының баспасөз бөлімінің атынан Орынбордан Ташкентке іссапарға аттандым. Сонымен қатар Бөкейхановтың, Байтұрсыновтың, Сәрсеновтің атынан Бұхар халық республикасындағы Валидовпен келісім жүргізу туралы тапсырма алдым, олар хат жазып берді. Мұны Орынборда Әлібек пен Омаров қана білді. Ташкентке келген соң Дулатовқа хабарластым. Бұқараға келісімен Оқу-ағарту комиссары Әріптің бөлмесіне жиналды. Ол Валидов тұратын бір өһзбектің үйін көрсетті. Валидов ұлт саясаты жөнінде айтты, қазақ ұлтшылдары үшін бұл ешқандай жаңалық емес еді, башқұрттардың қазақтармен байланыс жасауы халықтардың ынтымақтастығын сақтау үшін керек деді. Сонымен қатар өзінің Каспий теңізіне дейін түйемен жеткенін, келесі күні Бұқараға барып бізді өзіне шақыратынын айтты. Бізбен кімдердің болғанын білмеймін. Ертеңінде біз оның пәтеріне келдік. Мен онда 1,5-2 сағаттай болдым. Алғашқы кездесуден кейін ол менің назарымды онша аудара қойған жоқ. Содан кейін онымен кезхдескемін жоқ. Бір апта ауруханада жатып, Ташкентке қайттым. Әділов сонда қалып қойды. Ташкентте кімдерді көрдім, есімде жоқ, Халел Досмұхамедовпен, Бірімжановпен кездестім. Дулатов Ташкентте жоқ болатын Құрылтайдан кейін Ташкентте бір рет болдым. Жауаптың соңына 29 қаңтар 1929 жыл деп көрсетіп, қолын қойған.

Тергеу ісіндегі жауаптардың жазбалары ретке келтірілмеген. Әр түрлі қолтаңбамен жазылған. Мысалы, жоғарыдағы жауап 26 қаңтар күні қағазға түскен сияқты, ал екінші кісінің қолымен жазылған айғақта 29 деп көрсетілген. Арасына қиылып, желімделіп қосылған. Тергеу барысында әр деректі нақтылайтын сұрақтар қойылғандықтан да келесі жауаптар алдыңғы айтылғандарды толықтырып, нақтылай түседі:

„1922 жылдың наурыз-сәуір айында Бөкейхановқа ма, Байтұрсыновқа ма Валиджовтен хат келді деп естідім. Нақты қайсысына екені есімде жоқ. Менің Байтұрсыновпен таныстығым жақсы болатын және ол жеке пәтерде тұрды. Өте сирек баратынмын. Оған барсаң не ұйықтап жатады, әйелі түнде кеш жатты деп оятпайды, не жазу жазып отырады. Негізінен ол өзі сөзге сараң адам. Оған сұрақ беріп сөйлетпесең өзі сөз бастамайды. Ал Бөкейхановпен сөйлесу әлдеқайда жеңіл. Бөкейханов өзінің Валидовтен хат алғанын, онда оның арнайы адам жіберуді өтінгенін айтты. Бір жолы мені Сәрсенов өз бөлмесіне шақырды. Кіріп барсам Бөкейханов пен Әділов отыр екен. Олар хаттағы өтінішіне орай мені Валидовке жіберуге ұйғарғандарын хабарлады. Мен өз орныма Сәрсенвті ұсындым Олар маған: Ол Оқу-ағарту комиссариятында жауапты қызметте, оның Бұқараға баруы өзге адамдардың күдігін тудырады, сондықтан да болмайды - десті. Ақыры мен келістім, Әділов те өзін менімен қоса жіберуді өтінді. Бөкейханов: Валидовтің қандай ойы бар екен, жоспары қандай, соны білуді және ешқандай уәде бермеуді, көріп-білгенімді Бөкейхановтың өзіне ғана мәлімдеуімді тапсырды. Әділов Ташкентке барып Валидовті Бұқарадан қайдан табуға болады, қалай жолығу керек, соны біліп қою үшін Ташкентке жүріп кетті.

Бірнеше күннен кейін Байтұрсыновтың, Бөкейхановтың, Сәрсеновтің Валмидовке жазған хатын алып мен де Ташкентке келдім. Ташкентте Дулатовпен, Халел Досмұхамедовпен жүздестім. Бірімжановтың Валидовпен кездесіп келгенін білдім. Ташкентте астыртын ұйымның бар екенінен хабарым болған жоқ, кімнің үйінде екені есімде жоқ тек бір рет кездесіп, Валиджов Бірімжановқа ашылып ештеңе айтпауы мүмкін, арнайы хат апарған әрі одан көрі тәжірибелі маған ойын ашық айтуы мүмкін деген оймен менің Бұқараға баруым керек деп шештік. Онда Әділов, Досмұхамедов, Есболов, Бірімжанов болды”.

Хайретдин Болғамбаевтің өзге жауаптарының негізгі өзегі осы. Бөкейханов, Байтұрсынов мойындамаған не мән бермегенсіп қараған бұл оқиғаның шындыққа жанасымы қандай? Тергеу жауаптарының өзгенің қолымен жазылуына қарап Д.Әділевтің өзін-өзі қайраткер ретінде көрсетуге тырысқан қисынсыз да жүйесіз жауаптарымен сәйкес келсе де, Х.Болғамбаевті қоқан-лоққы көрсетіп, мәжбүрлеп айтқызды ма, деген бұл мәселеге орай көптеген күдік ұялаған еді. Сондықтан да 15 жылдай жиырма жылдан астам уақыт бұл айғақтарды жария етпей келіп ек. Тергеу ісімен үстірт танысқандар не өзге мәліметтерге сүйеніп пікір қорытыушылар бұл жағдайды әр қисын да түсіндіріп жүр. Біз төрелік айтпаймыз. Тек тергеушіге берілген жауаптарды іріктеп тарихшылардың назарына ұсынамыз.

Тергеудің жалғасы. Мұнда алдыңғы жауаптардан туындаған сұрақтар қойылып, нақтылана түскен.

„1.Бұқараға баратын мандатты кім жазды, оны білмеймін. Бөкейханов, Байтұрсынов, Биахмет Сәрсенов берген мандатта ешқандай жасырын тапсырма жоқ, менің „Алашорда” атынан барғанымды сендіру үшін ғана жазылған. Тапсырма: Валидовтің қандай жоспары бар, соны біліп келу ғана болатын. Ескі таныстарының атынан келгендіктен де Валидов маған сенді. Бір башқұртпен бірлесе жұмыс істеу туралы айтты. Ол адамның кім екенін де білмеймін, атын да ұмыттым. Валидов кейінн қайда кетті, басмашыларға кеттіме, Мәскеуге кетті ме, ол жағын да білмеймін.

2.Партия мектебінің оқытушысы Жұмабаевпен жалпыға ортақ мәселе жөнінде сөйлесіп жүрдім. Астыртын әдеби үйірме жөнінде ешқандайда әңгіме естіген емеспін.

3. Әділевке 1926 жылы қазақ театрының директоры болып тұрғанда бір қысқа хат жаздым. Қысқа ғана жауап алдым.

ҒАЗЫМБЕК БІРІМЖАНОВ


24 қаңтар 1929 жыл.
Мен 1896 жылы тудым, 1914 жылы реальдық училищеде оқыдым, ода кейін майданға қара жұмысқа тартылғандарға көмектесу үшін Киевке бардым. Жоғары оқу орнына түсудің реті келмеді. 1917-1918 жылдары Орынборда бодым. Менің қалыптасқан тұрақты көзқарасым болған емес. Бар ойым – оқу болғандықтан да қазір де саяси іске шорқақпын. Қазақтарды көпшіліг орысша білмейді, сондықтан да майданға баруды қоғамдық парызым деп есептедім. 1918 жылы Торғайға бардым. Сол кезде Тұнғашин мен Жанкелдин ұсыныс жасады. Уезд комиссары Аравин болатын. Тұрақты өкімет те, өзара бөлінушілік те жоқ болатын. 1918 жылы мен Орынбордағы „Алашордашыларға” қосылдым. Басшылары Бөкейханов, Байтұрсынов, Қаратілеуов еді. Алашордашылардың ешқайсысын білмейтінмін. Нақты бір қызмет атқарғамын жоқ. Қызыл әскерміз деп келгендепр қазақтарды тонап, аттарын тартып алды. Алашорданың жасағы бар болатын. Жанкелдинмен келсім жүргізіп, Байтұрсыновты Мәскеуге жіберді. Сол кезде казак полкі сау ете қалды. Баратын жер қалмады. Біз казактардың билігін мойындауға мәжбүр болдық. Мені Колчакқа жұмсап жіберді. Неге ондай тапсырма бергенін білмеймін. „Алашорданың” тапсырмасын орындауға тырыстым. Бұл 1919 жылдың жазы болатын. 1919 жылдың басында Валидовке жіберді. Валидовтің „Алашорда” үкіметін қолдауын өтініш етті. Орынборда „Алашорданың” әскери кеңесі өтіп жатқанда Валидов те сонда болды. Ол ешқандай көмек көрсеткісі келмеді, қазақтармен арадағы байланысы да нашарлады.Содан кейін кеңес өкіметі жағына шығу рғесми түрде шешілді. Торғайдағы әскери кеңес қарусыздандырылды. Кеңес жетекшілері Дулатов, Сейдалин, Қадырбаев Семейге кетті. Сонда туған ағам Семейде тұрғандықтан мен де Семейге келдім. Семейде Бөкейхановты, Қозбағаровты кездестірдім. 1921 жылдың басында губревкомға орналастым. Қайтадан Орынборға, одан Ташкентке келдім. Бұл 1921 жылдың күзі болатын. Дулатовпен бұрыннан таныс едім. Ол мені газетке орналастырды. Мен Дулатовпен бірге тұрдым. 1922 жылы жазда шет елге оқуға кеттім. Онда Валидовпен бірнеше рет ескі таныстар есебінде кездестім. Ешқанда хат-хабар тапсырғамын жоқ.Шет елдегі өзбектердің ұйымы туралы ештеңе білмеймін. Мәдениет жөнінде бір бірлестік болатын. Олар бұқарлықтар, мен жалғыз қазақ болғандықтан да байланыс жасаудың еш қажетттігі болмады. Германияда татар және өзбек комиссиясы бар, ал тәуелсіз Түркістан мекемесі дегенді естігем жоқ. Елге қайтқанда Валидовтан ешқандай да хат әкелген емеспін. Қызлордаға келген профессорды білемін бе, жоқ па, деген сұраққа жауабым – оның аты Клайн, оның осында жүргенін Оқу-ағарту комиссариятында қазақ мәдениеті қоғамы арқылы мені іздестіріп жүргенін естіп, кездестім. Ол Қазақстанды араламақшы екен, маған еріп жүруді өтінді, мен бас тарттым”.

Бұл күнгі тергеу осымен аяқталған сияқты.

АХМЕТСАПА ЮСУПОВ
1929 жыл. Қаңтар. Қызылорда.

Қостанай округінің Батпаққара ауданында туған. Қазақ. Аталары мал шаруашылығымен айналысқан. Ауыл мектебінде мұғалім болағн. „Еңбекші қазақ” газетінің қызметкері. Торғайдағы қалалық училищені бітірген. Шартты түрде сотталған (Ж.Аймауытовпен бірге Торғайдағы аштар үшін мал айдап барғаны үшін жалған жала жабылған. Оның барысы Ж.Аймауытовтың жауабында толық көрсетілген). „Алашордада” қызмет еткен.

„Мен Ташкент қаласына 1921 жылы ақпан айында Қазақ ревкомының атынан Жанкелдиннің тапсыруымен Шығыс халықтарының арасына үгіт жүргізу үшін жіберілген „Қызыл поездың” құрамында келдім. Онда Дулатовпен, Бірімжановпен бір пәтерде тұрдым. Бірімжанов Бұқараға барып келді. Не үшін, ол жағын білмеймін. Ол онда „Ақ жол” газетінде істейтін әрі оқиты. Редакцияда тұрақты істеді. Мен де „Ақ жолда” жауапты хатшы міндетін атқардым.

Әділовпен мен 1921 жылы Ташкентте құқық жөніндегі лектор болып жүргенде таныстым. Болғамбаев содан кейін келді. Әділевтің қайда тұрғанын білмеймін. Ол Қожановқа барып жүрді. Содан кейін мен оны 1926 жылы қазақ театрында директор болып тұрғанда бір-ақ көрдім. Қайтып жүздескен емеспі. Ауылда жүр деп естідім. Қай ауылда жүрді, ол жағынан мағлұмсызбын.

Ташкентте түскен суретке келетін болсақ, Дулатовтың Семейге жүруіне, Бірімжановтың Бұқарадан келуіне орай түстік. Суретке түскендер Халел, Жаһанша Долсмұхамедовтер, Омаров, Болғамбаев Хайретдин, Жәленов Кәрім, Бірімжанов, Дулатов , бұдан басқа Тынышбаев пен Құралшин болды-ау деймін.
МЫРЗАҒАЗЫ ЕСБОЛОВ (мүмкін Юсупов (?)

Қызылорда. 1929 жыл.



Торғай ауданы, Аманкелді уезі Жолдыбай ауылында туған. „Алаш” партиясының мүшесі 1916-шы жылға дейін мұғалімдік еттім, содан кейін Қазақ педагогикалық мектептерінде, мемлекеттік банкте инспектор болдым. Әйелім, үш балам бар. Одан басқа 4 адам менің күтімімде. „Алашорда” ісіне 1919 жылғы Тройцкі қаласында араластым. Сол жылы үш рет бір тәуліктен түрмеге жабылдым. Азамат соғысы жылдарында Торғай облыстық кеңесінің төрағасы болдым. Орынбар мұғалімдер мектебін бітіргендер қазақ арасында тегін ұстаздық қызмет етті. Қазақ тілінде Тройцкі қаласында шығып тұратын жалғыз журнал „Айқапты” жаздырып алып тұрдым. Петербург қаласында шығып тұратын мұсылмандар газетіне тілшілік еттім. Менің „Ерікті адамдар” мақалам үшін газетке 400 сомға айып салды. 1916-шы жылы қарашада ол қызметтен шығып, „Қазақ” газетінің үндеуі бойынша майдандағы тыл жұмысында жүрген қазақтарға көмектесу үшін Орынбордағы Байтұрсыновқа келдім. Ол маған Москваға баруды ұсынды. Жолай Самарадағы Бөкейхановқа жолығып оның ұсыныстарын және жолдаған хаттарын алдым. Москвада Сейдалинмен, Болғанбаевпен, Мұса Секенбаевпен кездестім. Олар маған 1916-шы жылы майдандағы тыл жұмысына шақырылған қазақтарға байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Зерттеудің негізінде баяндама дайындап комитетке ұсындым. Басты талабымыздың бірі - орыс бөлімі сияқты комитеттің жанынан қазақ жұмысшылары бөлімін ашуды ұсындым. Оған қалмақ студентері де қосылды. Дулатов мен Бөкейханов Орынбарға қайтты, қалғандары өз жұмыстарын жалғастырды. Қазақ жұмысшыларын ауылына қайтару аяқталған соң, жеті адам – Ахатов, Бірімжанов, Бекбаев, Байхожин, Төренқұлов, Сәндібеков Орынборға келдік. 1917-ші жылы Торғай облыстық қазақ құрылтайы өтті. Мені төраға етіп сайлады. Құрылтайдан кейін біз Ақтөбеге қайтар жолда Орынборға тоқтап, Бөкейхановпен жолығып, анадағы келіспеушілік туралы ақылдастық. Бөкейхановтың Кадед партиясының мүшесі болғанына біз емес, Семей, Орал қазақтары да қарсы болды. Қазан айының басында марқұм Бірімжановтың ұсынысымен Бөкейханов мені Қостанай уезі кеңсесінің екінші көмекшісі етіп бекітті. Қостанайда жәрмеңке және цирк ойынын өткізуге жетекшілік еттім. 1917-ші жылы өткен Алашорданың құрылтайына науқастығыма байланысты қатыса алмадым. Қостанайдан өкіл боп қатысқан адамдар мені Қостанай уезінің тұрақты соты етіп тағайындағанын айтты. Қостанайдағы кеңес үкіметі құлаған соң уақытша уездік комитет құрылды. Алашорда өкілдері Қостанайда өз қызметін жалғастырды. Самарада шақырылған Орынбор мен Башқұр, Сібір үкіметінің мәжілісіне Байтұрсынов бастатқан Алашордалықтар қатысты. Сібірліктен басқалар Алашорданы қолдады.

Орынбордағы жиналысқа Торғай обылысынан мен, Қадырбаев, Бабишев қатысты. 1918-ші жылы тамыз-қыркүйек айларында Самара қаласына бардым. Алашорданың Торғай бөлімшесіне қосылдық. Орынбор үкіметі мен арадағы қатынасты реттеу керек болды. Орынбордағы казак әскерінің қасынан басқа ұлттардың әскери бөлімін ашып, қазақ-башқұр жасағын құру туралы ұсыныс жасалды. Біз дербес әскер жасақтауды қалап бұған қосылмадық. Өйткені, башқұрлардың төрт дербес әскери полкі бар. Ал бізде мылтық ұстап көрген жасақ жоқ болатын. Оларды әскер іске жаттықтыру керек еді. Мен бұған өзім танитын бір полковникті тарттым. Сол кезде құрылтай мәжілісі мен үкіметі мен Сібір үкіметінің және қызылдардың арасында үлкен соғыс басталып кетті. Бәледен қашық болу үшін біз тарап кеттік. Торғай, Ақтөбе, Қостанай уездерінің орталығы Орынборда еді. Қазақтарды шапқыншылықтан қорғау үшін керек деген сылтаумен Самарадан бір вагон қару алуға келістік. Біз қыр қазақтардан отряд жасақтауға жақын болу керек деген оймен қаруды Ор қаласына әкелдік. Сөйтіп, ерікті әскери жасақ құрдық. Жасаққа Қаратілеуов, Хайреддин Болғанбаев, Есмағанбет қосылды. Біз тегі татар Дәулеткелдиев деген офицерді және үш казак офицерін жасақ құруға үгіттедік. Сол арада қызыл әскерлер Орынборға келді. Ор және Тройцкі казактары қарсы көтеріліс жасады. Ол кезде қазақтардың көтеріліске қатысатындай мүмкіндігі жоқ еді. Бөкейханов Омбыда ұзақ уақыт тұрақтап қалды. Кәрім Тоқтабаев бізге Совет үкіметі жағына шығу туралы ұсыныс жасаған Жанкелдиннің хатын алып келді. Ахмет Байтұрсынов, Дулатов, Қаратілеуов Торғайда болатын. Байтұрсынов пен Жанкелдин Алашорданың кеңес үкіметі жағына шығу мәселесін талқылау үшін өзара кездесіп, содан кейін осы мәселені түбегейлі шешу үшін Байтұрсынов Мәскеуге кетті. Торғайдың әскери комиссары болып Аманкелді Иманов бекітілді. Кәрім Тоқтабаевты Алашордамен қарым-қатынасты реттейтін көмекші етіп алды. Аманкелді қазақтарды жаппай әскерге шақыруды қолға алды. Дулатов келгеннен кейін Алашорда кеңесінің төрағасы ретінде Жанкелдиннің отрядын қайта жасақтады. Соның нәтижесінде қайшылықтар туындап, белгілі қайраткерлерді тұтқындау басталды. Соған жауап ретінде жиырмасыншы сәуірдің мөлшерінде Иманов тұтқындалды. Өйткені, ол Қостанайдан бізге қарай жазалау отрядінің шыққанын жасырып жүріпті. Біз винтовкамен қаруланып казак әскерлерінің алдынан тосқауыл қоймақ болдық. Сол кезде Қостанайдан қызылдардың жазалаушы отряды шығып Торғайды қоршауға алмақ болыпты. Біз қарсы шығып оларды қарусыздандырдық. Торғайға қайтып келгенде Аманкелді Имановтың атылғанын естідік. Сол кезде Қостанайдан шыққан казактардың, Ырғыз бен Шалқарға келген Қостанай жақтан шыққан Колчак армиясының Торғайға беттегенін, жолында кездескен қазақ ауылдарын атып, тонап жатқанын білдік. Қырғынға ұшырамас үшін қыстақта қалған жасақтарды Атбасарға қарай жөнелттік. 1919-ші жылы земствоның жиналысынан кейін Әбдіқадыров, Дулатов, Байтұрсынов, Қадірбаев және басқаларымыз Қостанайға келдік. Қостанайда Колчак әскері мені тұтқындады. Қадірбаевтың таныс офицері мені босатты. Содан кейін Торғай тобымен Атбасарға қарай бет алдық. Шалқар, Арал маңындағы қызыл әскерлер Шалқарға қарай қозғалды деген хабар алдық. Қызылдардың, Колчактың, Казактардың әскерінің жазалауына ұшырамас үшін мен, Дулатов, Бірімжанов, Тоқтабаев Кәрім, Сидаллин, Шонанов 15 қазан күні Торғайдан Атбасар уезіне бет алдық. Торғайда кеңес үкіметі орнады. Семейге Шонанов, Дулатов, Бөкейханов кетті. Қадірбаев өз ауылына жақын болу үшін Орынборға кетті. Ор қаласында Валилов пен Бірімжанов кездесті. Олар еркін сөйлесетін. Қазақ-Башқұрт әскерін құру туралы ойласты”. Бұдан кейін тергеу ісіне Д. Әділовтың берген жауабы хатталған. Онда Ахметсафа Исуфов пен Жүсіпбек Аймауытовтың, оған қоса Сұмағұл Садуақасовтың „өзі білетін өмір баянына қайраткер” ретіде жолу жасайды. Мұнда айтылған жайларға тергеу барысында нақты тоқталатын болғандықтан да бұл арада мазмұндап жатуды артық көрдік. Онда 1922-ші жылы ашаршылықа ұшыраған Торғай еліне Семей өңірінен мал айдап барған Жүсіпбек Аймауытов пен Ахметсфа Исуфовты жалған жаламен сотқа тартқан оқиға туралы баяндайды. Д. Әділов М.Есболовтың өміріне жолу жасап „саяси баға береді”. Қалған жайларды Есболовтан естідім деп „тарихи шолу жасайды”. Сөзінің соңын: „Голощокинге қастандық жасау туралы ойымды Дулатовқа айттым”. Ал Бөкейханов болса, Москвадағы, Орынбордағы террористердің батыл қимылдайтынын, қазақ қызметкерлерінің ондай әрекеттен қорқатынын бізге айтты. Маған Голощокинге қастандық жасау туралы ой сол кезде түсті” –деп „ағынан жарылады”.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет