Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет27/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

Беріктік шегі. Егер сырттан түсірілген жүктің шамасы материалдағы кернеудің серпінділік шегінен 
артып кетсе, онда жүкті алғаннан кейін үлгі қысқарғанмен, өзінің бұрынғы өлшемдеріне жете 
алмайды да, деформацияланған болып қалады. 
Жүктің шамасы артқан сайын деформация да артқан үстіне арта түседі. Диаграммадағы С нүктесіне 
сәйкес келетін кернеудің бір мәнінде іс жүзінде жүкті арттырмаса да ұзару арта түседі. Бұл 
құбылысты материалдың аққыштығы деп атайды (CD бөлігі). Диаграммадағы бұған сәйкес қисықты 
горизонталь деуге болады. 
Әрі қарай деформацияның артуымен бірге кернеулер қисығы аздап артады да, Е нүктесінде 
максимумге жетеді. Содан соң кернеу тез түседі де, үлгі қирап сынады (К нүктесі). Сонымен, кернеу 
σбер беріктік шегі деп аталатын өзінің максимум шамасына жеткеннен кейін үзілу болады (сыртқы 
жүктің артуынсыз бүлінгенге дейігі үлгі созылады). Бұл шама үлгінің материалына және оның 
өңделуіне байланысты. 
Пайдалану кезінде құрылғыларда немесе конструкцияларда пайда болатын кернеу беріктік шегінен 
бірнеше есе кем болса, онда олар сенімді болып есептеледі. 
Қатты дененің созылуын (қысылуын) зерттеу Гук заңындағы қаттылық коэффициенті неге тәуелді 
екенін анықтауға мүмкіндік береді. 
  
Сабақ № 13 
Тақырыбы:1.3.4 . Қатты заттар. 
Сабақ жоспары: 
1. 
Қатты дене
2. Кристалдар
 


25 
 
Атомдары немесе молекулалары реттелiп орналасқан және периодты 
түрде қайталанып тұратын iшкi структурасын түзетiн қатты денелер 
кристаллдар деп аталады. Кристалдардың қырлары әрқашан жазық және 
дұрыс геометриялық пiшiндi болып келедi (1,2 - суреттер). Бөлшектердiң 
орналасуының салыстырмалы түрде орныққан скелетi кристалдық 
торлар деп аталады, ал сол торлардың орналасқан орындары түйiндер деп 
аталады (3 - сурет).
Кристалдардың сыртқы пiшiнiнiң 
дұрыстығы - олардың реттелген 
құрылысының бiр ғана салдары 
емес. Олардың ең басты 
ерекшелiгi кристалдың физикалық 
қасиеттерiнiң ондағы таңдалған 
бағытына байланыстылығында. 
Кристалдардың бұл қасиетi анизотропия деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет