Мазмұны Кіріспе I тарау. Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы және оның тарихи алғы шарттары


& 2.2 Темір жол бойындағы кәсіпорындарының дамуы және саяси күрес



бет3/3
Дата30.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#167330
1   2   3

& 2.2 Темір жол бойындағы кәсіпорындарының дамуы және саяси күрес.

Ресейдегі 1905-1907 жж. буржуазиялық-демократиялық революция жеңіліске ұшырады, үшінші шілдедегі төңкерістен кейін елде столыпиндік реакция болды. Самодержавие өзінің басты күшін жұмысшыларға қарсы қойды, әсіресе оның авонгардына- Ресейдің социал-демократиялық жұмысшы партиясына. Қуғын-сүргінге кәсіподақтық үйымдарда үшырады: 1906-1910 жылдар аралығында 500-ден кәсіподақ табылып, 600-ге жуық кәсіподақты тіркеуден бас тартты; заңды түрде тіркелген кәсіподақтық мүшелерінің санында бірден азайып кетті. 1907 жылдың басында 245 мың болса 1909 жылдың соңына қарай 13 мың адам-ақ қалды. Жұмысшы қозғалысы да қүлдырап: 1907 жылы ереуілшілер саны 704 мың болса, ал 1910 жылы олардың саны 47,6 мың болды.

Жұмысшылардың партиялық және кәсіподақтық үйымдарына патша жандайшаптары жансыздар ендіріп, олар революциялық қозғалыстың мүшелерін әшкерелеп беріп отырды. Социал-демократар мен жұмысшы кәсіподақтарының аман қалғандары тығылып, түтқындалу, жұмыстан қуылу, әрдайым аңдылып жүргендеріне қарамастан, осындай ауыр жағдайларда жұмыс істеуге тура келді. Социал-демократиялық партияның күші буржуазиялық топтары мен жұмысшылары арасында жік туып, меншевиктердің жік тудыру әрекеттері, ликвидаторлардың, троцкистердің әрекеттері партияның жұмысына көзін тудырды.

Сталиндік реакция жылдары Қазақстандағы барлық дерлік социал-демократиялық топтар мен үйымдар талқанданды. Аймақтың жұмысшылары III мемлекеттік думаға депутаттар жіберу құқығынан айырылды. Революция жылдары жұмысшыларға беретін қүқықтарын қайтадан ала бастады, жұмыс күні үзартылды, жұмыстың бағалануы төмендетілді, шығару нормасы жоғарылатылды және т.б. болды [17.239].

Реакцияның жүруі және соған байланысты жалпылай репресияларға үшырауы Қазақстанның теміржолшыларын социал-демократиялық және кәсіптік үйымдарына ауыр тиді. Олардың көпшілігі жойылды, аман қалғандары заңсыз жолдармен жұмыс істеуге тура келді. Осы кезеңде теміржолшылардың қарсылығы қаражүздіктер мен темір жол басқармасының басшы адамдарына қарасты үйымдастырылған ланкестік әрекеттер арқылы білінді: 1908 жылы Перовск станциясында шеберханалардың жұмысшылары жек көретін учаскенің бастығы Каль ауыр жараланды, ол 1907 жылы жұмысшыларды қысымға алған кезде-ақ жұмысшылар ереуілге шыққан: ал 1910 жылы Ақтөбе станциясында жергілікті темір жол бастығы Тизегаузенді өлтіру әрекеті жасалды, ол аз уақыттың ішінде болмайтын іс-әрекеттері үшін жұмыстан 80 адамды қуды [14.98].

Басқарма өкілдерін өлтіру және олардың өмірлеріне қауіп төндіру Орынбор және басқа станцияларды орын алды. Теміржолшылардың арасында 1 адамға қарсы бағыттаоған ланкестік тактикасы белең ала бастады. Оларға әсерлердің ықпалы бар екендігі көрінді. Сонымен қатар анархистік топтер қүрыла бастады, мысалы 1908 жылы Перовскіде.

Осы жағдайларда Қазақстан социал-демократтары теміржолшылар арасындағы жіктелуге қарсы аянбай күрес жүргізді. Эсерлер мен анархистерді әшкереледі, социал-демократиялық партия ішіндегі іріткі салушыларды: меншевиктерді, атзовистерді, ликвидаторларды әшкерелеп, заңды жұмыс пен заңсыз іс-әрекеттерді қатар алып жүру: жұмысшы массасын өздеріне тартып, бірлікті сақтап қалуға тырысты. Большевиктердің бұл күресі өз жемісін бере бастады: теміржолшылар арасында эсерлер, анархистер мен басқалардың ықпалы түсе бастады. 1908 жылдың ақпан айында РСДЖП-ның Ташкенттік комитетінің жұмысының қайта жандануымен байланысты. Түркістан қарауыл бөлімінің бастығы хабарлайды «теміржолшылар арасында социал-демократиялық партиясының тактикасына деген сенімсіздік пайда бола бастады, олардың өкілдерінің іс-әрекеттері, көзі ашық жұмысшылардың ызасын келтіреді» деді. Демек теміржолшылар арасында большевиктердің іс-әрекеттеріне қосылмайтын теміржолшылар көп екендігіне көзімізді жеткізуге болады [22.369-378].

1908-1910 жж. Орал, Түркістан, Омбы, Перопавл және басқа станциялардың темір жол (немесе кәсіптік) одақтары заңсыз іс-әрекеттер жасады, сонымен қатар большевиктер эсерлердің ықпалынан тәуелсіз кәсіптік одақтар қүра бастады және біршама жетістіктерге жетті. Мысалы, 1908 жылдың күзінде Орал станциясында шеберханалар мен депо жұмысшыларының кәсіптік одағы қүрылды, ол жергілікті социал-демократтардың ықпалында болды. Одақтың мүшелері, шеберханалар жұмысшылары: Тисленов, Ванющин, Толмачев, Андрей Морозов, Маскалев, Дондуков және т.б. болды.

Орал, Орынбор, Омбы, Ташкент және басқа қалалардың социал-демократиялық үйымдарының 1908-1910 жж. әрекеттері сонымен қатар темір жолшылар арасында саяси насихат пен үгіт жұмыстарын жүргізу болды. Жандармерия материалдарында олардың үйым жайында Оралдың социал-демократиялық одағы жақсы үйымдастырылған. Партия топтарға бөлініп әр топ теміржолшылар арасында насихат жұмысын жүргізеді. Өздерінің типографиясы бар. Депо спесоры Покатилов, темір жол қызметкері Улянов, үйымның белсенді мүшелері болды; олардан басқа үйымға мүше қатарында О. Доскова, Даниленько, Н. Шилов, П. Шилов, Коканов, Хазанов, К. Чувеловтар болды [5.379].

Орынбор социал-демократиялық ұйымы 1908 жылдың 1 мамырында қалаға жақын жерде халықаралық жұмысшылар күніне байланысты митинг өткізді. Митингіге көп жұмысшы қатысты. Ұйым сонымен қатар басты шеберханалардың жұмысшылардың арасында саяси түтқындар мен жұмыссыздарға ақша жинаумен айналысты. 1909 жылдың сәуір айында олар «өлім жазасына қарсы қоғамдық топтарға» қор жинаумен айналысып, мемлекеттік думаға өлім жазасына қарсы петицияны ұсынбақшы болған. «Оренбургский край» газетасының баспаханасын тәркілеген кезде, бұл петицияға 30 адам қол қойған еді [5.321].

1910 жазынан бастап, Ресейде революцияялық көтерілудің жаңа кезеңі басталды, ол өнеркәсіптің дамуымен тығыз байланысты болды. Петербург Москва және басқа өнеркәсіп орталықтарында жалпылық стачкалар болды, саяси демонстрация, жиындар мен ереуілдер болды.

Ресейдің орталық аудандарында басталған, жаңа революциялық көтерілу, Қазақстанның теміржол желілерінде қамтыды. 1910 жылының көктемі мен жазында орынборлық бас шеберханаларда жұмысшылардың бас көтерулері болды, ол 1909 жылдың көктемінде басталып кеткен еді. Бұл бас көтерулердің негізгі себептері темір жол басқармасының жөнсіз әрекеттері, олар бағалау нормавсын түсірді, жұмысшыларға үлкен мөлшерде айып пұл салды. Жинау цехының жұмысшыларын жаппай қуа бастады, бұл цехтың жұмысшылары шеберханалар жұмысшыларының күресінің ұйымдастырушылары еді. Басқарма шеберханаларды жабуға әрекеттенді.

Орынбор теміржолшылары большевиктер газеттер «Звезда» және «Рабочая газета» байланыс орнатып оларға ақша жинады. Олар жаңадан құрылып жатқан «Рабочая газета» газетасына 10 сом 84 тиын жинап берді [3.154].

1911 жылдың көктемі мен жазында Орынбор-Ташкент темір жолында, әсіресе Ташкент, Түркістан және Перовск станцияларында паравоз бригадаларының бас көтерулері болды, олар паравоздарға арналған жанармайдың нормасын бірден түсіруге байланысты, жалақының қысқаруына қарсы болды.Кейбір паравоз бригадалары пойыздарды жүргізуден бас тартты, паравоздардың жанармайын бүрынғы жеткізуді талап етті. Бірақ олардың арыздары мен қарсылықтары іске аспағандықтан көпшілігі есеп айырысқан соң басқа темір жолдарға кетіп қалды. Революцияның жаңа көтерілу кезеңінде Қазақстанның темір жолдарындағы жұмысшы қозғалысын ары қарай дамуына Ленск оқиғасы себеп болды. 1912 жылы 4 сәуірде царизм қолдарында қаруы жоқ жалақыны көбейтуді, жұмыс және түрмыс жағдайларын көтеруді сұраған сібір алтын кеніштерінің жұмысшыларын аяусыз басқаннан кейін, бұл айуандық іс-әрекеттерге қарсы күреске Қазақстан теміржолшылары да қосылды.

1912 жылдың 20 сәуірінде Түркістан станциясында далада, түнге қарай теміржолшылардың жиналыс болды, ол жайында жергілікті жандарм хабарлаған. Бұл жиналыста теміржолшылар Ташкент станциясының жұмысшылары сияқты қайта үйымдасып бүкілресейлік теміржолшылар одағына қайта кіру бүкіл Орынбор-Ташкент темір жол желісі мен басқа да жолдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, ереуілдер болған жағдайда оларға түсіністікпен қарау және көмектесу мәселелерін талқылады. Жандарм офицері жиналыстың басты себептері «Ленск оқиғасы» соңғы кездердегі жұмысшыларды жұмыстан жаппай қуу, сондықтан көптеген бүрынна істеп келе жатқан жұмысшылар жұмыссыз қалып, соған байланысты штабтардың қысқаруы, жұмыс көлемінің артуына әкеліп соқты. Соған қарамастан жалақы көлемі артпады, қайта түсірілді. Бұл жағдай аймақта өмірге қажетті заттардың бағасы өскенде одан сайын шиеленісе түсті деп хабарлаған.

1912 жылдың 28 сәуірінде Орынбор мен бүкіл желіге социал-демократиялық партияның үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Онда бірінші мамырды тойлауға, сонымен бірге 8-сағаттық жұмыс күнін енгізу, әскерді таратып, оның орнына халықтың милиция қүруға шақырды. 1912 жылғы 30 сәуірдегі жандармдық материалдарды «Орынбор-Ташкент темір жолының басты шеберханаларының жұмысшылары 1 мамырда ереуілге шығып, жұмысшылар мейрамын Ленск оқиғаларына қарсылық білдіретін 1 күндік ереуіл үйымдастырмақшы» деп жазылды. Шыныменде 1912 жылы 1 мамырда басты шеберханалардың жұмысшыларының ереуілі болды [5.638]

1912 жылдың жазында Орынбор-Ташкент темір жолының Ташкент учаскесінде 6 ай бойы жалақысын ала алмай, әбден титықтаған мердігер Қарақановтың 300 жұмысшысының ереуілі болды.

1912 жылдың 19 мамырында Ақтөбе станциясының жандарм офицері революциялық үгіт-насихаттың жүргізілетіндігі соншалықты мықты үйымдастырылған, олардың басшыларын үстау мүмкін емес. 1913 жылы осы жерде Орынбор-Ор темір жол желісінің құрылысына мердігерлер жалдаған 210 жұмысшының ереуілі болды. Жұмысшылар мердігерлердің жұмысқа дейін алдын-ала ақша береміз деген уәделерін орындауды талап етті. Басқарманың ақшаны сәл күте түрыңдар деген сөздеріне қарамай жұмысшылардың көпшілігі төлқүжаттарын алып, қайтып кетті.

Бұл жылдары Қазақстанның темір жолшылары бүкілресейлік жұмысшы және социал-демократиялық қозғалыстарымен өздерінің байланыстарын нығайта түседі, олардың арасында большевиктік «Звезда» және «Правда» газеттері тарады. Орал, Орынбор, Омбы және басқа станциялардың жұмысшылары «Правда» газеті үшін ақша жинап, олардың номерлерін алып, оларды таратумен айналысты. 1913 жылы бірінші ақпандағы жандармерия материалдарында «Орынбор станциясының теміржолшыларының арасында 10 адамнан түратын үйірме ашылып, үйірме астаналық социал-демократиялық газеттерге көмектесуге шешім қабылдаған» деп жазды.

Болыпевиктер мен меньшевиктер Қазақстанның теміржолшыларының арасында өздерінің газеттерін көптеп таратуға тырысты. Егер реакция жылдары меныпевиктер мен эсерлердің газеттері көптеп тараса, 1913-1914 жылдардан бастап, большевиктердің газеттері көптеп тарай бастады. Бұл газеттердің жұмысшылардың арасында беделі зор болды. Бұл газеттер арқылы жұмысшылар арасында жұмысшылар қозғалысы, социал-демократиялық партиялардың іс-әрекеттері туралы, үндеулер мен үгіт-насихаттар бүкіл Ресей империясының территориясына таралып, осы газеттер арқылы жұмысшы қозғалысы мен кәсіподақтардың жұмысын реттеп отырды. Бұл газеттер сонымен қатар дүние жүзінің жұмысшы қозғалыстары мен кәсіподақтарының жұмыстары мен іс-әрекеттері туралы жазды. Осы теміржолшылардың арасына тараған үндеулер мен үгіт-насихаттарды теміржолшылардың ішіндегі қазақ ұлтының өкілдері осы дүниелермен танысып, олардың да саяси-әлеуметтік көзқарастары өзгере бастағаны белгілі. XX ғасырдың бас кезіндегі жұмысшы қозғалыстары қазақ халқының санасын көтеруге ықпал етті.

Большевиктердің заңды түрде тіркелген үйымдар мен еңбекшілер одақтарында беделі өсе бастады. Олармен күресу жылдан жылға қиындап кетті. Сырт көзге байқалмайтын іс-әрекеттері арқылы қүқық қорғау органдарының көзіне түсе бермеді. Социал-демократтардың заңды түрде тіркелген кәсіптік және мәдени ағартушылық үйымдардағы іс-әрекеттеріне ешқандай кінарат тағуға болмайды.

1914 жылдың бас кезінде Қазақстанның темір жол желілерінде жұмысшы қозғалысының күшейгені байқалды. 1914 жылы 22 қаңтарда Орынборлық басты шеберханалардың вагон цехында 1 күндік ереуіл болып өтті. Жұмысшылар жұмыс жағдайын жақсарту, цехта жалдануды орнату, су қүятын үлкен ыдыс, асханалар бригадаларға жұмыстарды әділ бөлу, қарым-қатынаста сыпайы болу және т.б. талаптар қойды. Жұмысшылардың бұл талаптарының көпшілігін шеберханалар басқармасы орындады. 1914 жылдың қаңтар-наурыз айларывда Ақмоланың губернаторы хабарлағандай, сібір темір жолының паравоз бригадаларының толқуы болып өтті, олар жалақысынан ақша үстап қалуға қарсы болды. Бұл уақытта Қазақстанда салынып жатқан темір жолдарда да жұмысшылардың толқулары болды. Бірақ революциялық көтерілуі 1914 жылдың тамызында басталған бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен тоқтап қалды [8.589].

Соғыс Ресейде және басқа елдерде шовинистік көзқарас белең ала бастады. Ол әсіресе буржуазиялық партияларды (эсер, меньшевиктер және т.б.) қамтиды. Батыстың социал-демократиялық партиялары соғыс кезінде өздерінің буржуазиялық-үкіметтерін қолдады. Оппуртонизм мен социал-шовинизмге бөлінген II Интернационал құлады. В. И. Ленин бастаған жұмысшылардың социал-демократиялық партиясы империалистік соғысқа қарсы шықты. Империалистік соғысты Азаматтық соғысқа үластырмақшы болды. Елде төңкеріс жасап, болыпевиктердің билігін орнатпақ болды. Қазақстанның теміржолшылары, болыпевиктердің басшылығымен империалистік соғысқа қарсы шықты, жаңа революцияның қолдады.

Бірінші дүние жүзілік соғыс Ресейдің экономикасын тығырыққа тіреп, қүлдыратты. Миллиондаған адамдардың өмірін қиып, халықтарды күйініш, аштық және кедейшілікке үшыратты. Бірінші дүние жүзілік соғыс Қазақстанның теміржолшыларының жағдайына ауырпашылықтар түсірді. Соғыс жылдары Қазақстаннан темір жол арқылы көп көлемде мал, ауыл шаруашылық өнімдері мал өнімдері мен алып кетті. Соғыстың үшжылының ішінде Түркістан аймағынан : 20889 мың пұт - мақта, 300000 пұт -ет, 109000 пұт-мақта майы, 447000 пұт- балық, 229000 пұт-сабын, 75000 бас-жылқы, 12700 бас - түйе, 38000 шаршы- киіз, 13441-киіз үй шығарылды. Соғыс егістік жер көлемі мен мал басын азайтты, азық-түлік пен түрмысқа қажетті заттардың бағасы бірден өсті. Бүның бәрі Қазақстанның жұмысшыларының жағдайын төмендеттті [17.93].

Соғыстың басталуымен Қазақстанның теміржол желілерінде ерекше күзет енгізілді, ол бойынша ереуілдер, жұмысшылардың бас қосулары мен жиындары, үгіт насихаттың барлық түріне, үгіт парақшаларына, жұмысшылар үшін ақша жинау және т.б. тыйым салынды. Орынбор -Ташкент теміржолында ерекше күзет 1914 жылы 18 шілдеде енгізілді. Бұл ереженің негізінде 1905 жылы 14 жетоқсанда шыққан, патша өкімі жатты. Теміржолшылардың ереуілге және үгіт-насихат жұмыстарына қатысса, оларды әскери уақыттың ережесі бойынша әскери трибунал заңдары бойынша соттайтын. Бірақ осы қатаң тәртіптер Қазақстан теміржолшыларының царизмге қарсы күресін тоқтатпады.

1915 жылдың шілде айынан қазан айына дейін Орынбор станциясының басты шеберханаларымен деполарының жұмысшыларының ірі-ірі толқулары болды. Жұмысшылар өздерінің жиындарында талаптарының тізімдерін жасады, өкілдерді сайлады, жол басқармасына осы тізімдерді беріп, олармен келіссөздер жүргізді. Талаптардың көпшілігі экономикалық сипатқа ие болды.

Мәселен, жұмысшылар өкілдері жол бастығына жалақыны көтеру, медециналық қызмет көрсетуді жақсарту, азық - түлік үшін несие беру сияқты талаптар бар тізімді үсынды. Жол бастығының көнуіне тура келді, ол жұмысшыларға азық - түлік сатып алу үшін 10000 сом несие және оларды жеткізу үшін вагон бөлді [22.487]

1915 жылдың 3 қырқүйегінде депо жұмысшыларының делегациясы жол бастығынан жалақыны көтеруді талап етсе, 11 қырқүйекте осындай талапты басты шеберханалардың жұмысшылары қойды. 1915 жылдың 5 қазанындағы жиналысындағы депо жұмысшылары жол бастығына өздерінің резалюциясын тапсыруға шешім қабылдады. Онда азық-түлікті азық- түлік бөлімінің және жолдың зейнетақылық кассасының есебінен сатып алу, несие беруді жеңілдету сияқты талаптар болды. Сонымен қатар Орынбор губернаторына жұмысшылардың қатысуымен тұрмысқа қажетті заттардың және пәтерлердің бағасын белгілеу, Ресейдің батыс жағынан келген босқындар үшін ресторандар, қонақ үйлер мен басқа ғимараттарды жұмысшылардың қатысуымен реквезициялау сияқты талаптар тізімін беруді үйғарды.

Орынбор теміржолшыларының толқулары кезінде ереуілдер болып түрды, 1915 жылдың 1 желтоқсанында Орынбор шеберханаларының паровоз цехының 178 жұмысшысы қатысқан ереуіл болды, олар сияқты ішінде қатты түтіндеп кететін болғандықтан жұмыс істеуден бас тартты [5.357].

1916 жылдың аяғы мен 1917 жылдың басында Орынбор станциясында жұмысшылардың ереулдері болып түрды.1916 жылдың 15 желтоқсанында басты шеберханалардың жұмысшылары ереулге шығып, өздерінің жұмыстан қуылған жолдастарын қайтып жұмысқа алуды талап етті; 1917 жылдың 31 қаңтарында шеберханалардың ұсталық цехының жұмысшылары кесімді төлемнің құнын күніне 99 тиынға өзгертуге талап етті.

Қазақстанның темір жолдарындағы негізгі оқиғалардың қысқаша көріністерін алып қарайтын болсақ, Революциялық көтерілудің жаңа кезеңі мен бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы жылдары Қазақстан теміржолшылар Ресейдегі царизмнің қүлауына белсенді түрде араласты. Айта кету керек Қазақстан теміржолшыларының күресі Ресейдегі царизмнің және буржуазия мен капиталисттердің қанауына қарсы шығып, өздерінің тәуелсіздігін алуына ұмтылды.


Қорытынды

1917 жылға дейін Қазақстандағы темір жол құрылыстары царизм мен орыс капитализмі мен отарлық мақсаты мен әскери - саяси және экономикалық қызығушылығына байланысты болды. Жері бай бірақ артта қалған аймақтық империалистік қанау мен тонаудың обектісіне, өткізу нарығымен метрополияның шикізат көзіне айналдыру құралына айналдырмақшы болды. Сонымен қатар темір жол құрылысы үшін жергілікті халықтан олардың ата-бабаларының жерінен қуып тартып алды. Тек Орынбор -Ташкент темір жолының оңтүстік бөлігіне 13000 десятина жер бөлінді. Қазақстанда өнеркәсіп және сауданың дамуының арқасында тауар ақша қатынастарының қазақтардың дәстүлі шаруашылығына өзгерістер әкеліп, қазақ қоғамында жаңадан екі санат: байлар мен кедейлер пайда болды. Кедейленген қазақ шаруалары - жатақтар өмір сүру үшін, өздерінің дәстүлі кәсіптерін тастап, өнеркәсіп орындары мен темір жол құрылыстарына жалданып, жұмысшы болып кетті. Бол жағдай Қазақстан темір жолдарында жұмысшы кадрларының қалыптасуына ықпал етті. Бұл процесс Ресейдің дамыған орталық өнеркәсіптік аудандарына қарағанда кеш жүрсе де, бұл процесс XX ғасырдың басында басталып, тез қарқынмен жүрді.

Қазақстан темір жолдарында жұмысшы кадрларының қалыптасуы, оның Ресейге қосылуының әлеуметтік - саяси қорытындысы болды. Ресей капитализмінің ендей дамуы, оның Қазақстанға енуі, оның өз өнімдерін өткізу нарығын дамыту және Орта Азия мен Қазақстаннан Ресейдің өнеркәсібі дамыған орталық аудандары үшін шикізат тасуды жеңілдететін бірден-бір жол бұл - темір жол құрылысы болды. Ағылшындардың Ауғанстанды жаулап алуы, Ресейдің Орта Азиядаға позициясына қауіп төндірді. Сондықтан Империяның шығыстағы шекарасын нығайту үшін әскери - стратегиялық жағынан маңызды Орынбор - Ташкент темір жолы ауадай қажет болды. Сонымен қатар Столыпин «Түркістан - Ресейдің Эльдорадосы» деп атаған аймақтың экономикалық маңызы да жоғары болды. Ресей капиталистері үшін мақта өнеркәсібін дамытатын бірден-бір аймақ Түркістан аймағы болды. Сөйтіп әскери - стратегиялық және экономикалық мақсаттарға жауап беретін Орынбор - Ташкент темір жолының 1901 жылы 24 сәірдегі үкімет бүйрығы мен мемлекеттің ақшасына салынатын болып шешілді. Құрылыс 1901 жылы 10 мамырда басталып, 1906 жылдың 1 сәуірнде аяқталды.

Ресейдің отарлық аймақтарында темі жол қүрлыстарының жүруі, ол жерлерде біршама құрлыс және теміржол жұмысшыларының отрядын қалыптастырды.

Қазақстанның темір жолдарының жұмысшы кадрлары ең алдымен күйзеліске үшыраған жергілікті қазақ шаруалары, көшіп келген орыс және украин шаруалары және Ресейдің ішкі губернияларынан, Сібірден, Повольже және Оралдан жұмыс іздеп келген шаруалардың есебінен қалыптасты.Қазақстанның темір жолшыларының ішінде өнеркәсіп жұмысшыларына қарағанда, жоғары білікті орыс жұмысшылары көп болды. Олар елдің орталық аудандарынан келгендер еді, олардың экономикалық және саяси көзқарастары біршама жоғары болатын.

Қазақстанның темір жолдарында жұмысшы кадрларының қалыптасуы олардың санының тез өсумен ерекшеленеді. 1900 жылы Қазақстанда барлығы 5-6 мың теміржолшы болса, ал бірінші орыс төңкерісі кезінде 1905-1907 жж олардың саны 20 мыңға жетті. 1913 жылы Қазақстанда 23000 теміржолшы болды, ал қазақ төңкерісі қарсаңында олардың саны -30000 жуық болды. Оның 14000 нан астамы Орынбор - Ташкент жолында жұмыс істеді. Қазақстанның төңкеріске дейінгі жұмысшы кадрлардың жалпы саны 100 мың адам болса, оның көпшілігін теміржолшылар қүрады. 1917 жылы тау-кен өнеркәсібінде - 20мың , мүнай өнеркәсібінде - 5мың , балық аулау кәсіпшілігінде -15 мың адам, өңдеуші өнеркәсіпте -20мың адам, түз өңдеу кәсіпшілігінде -5 мың адам жұмыс істеді. Сонымен қатар теміржолшылардың бір жерде көптеп шоғырлануы, басқа өнеркәсіптердегі сияқты жұмысшылардың шашыраңқы болуынан әлде қайда тиімді болды. Қазақстанның ірі станцияларындағы шеберханалары мен депо жұмысшыларының саны 1-2 мың адам болды.

Теміржолшылардың арасында жұмысшы күшінің жиі ауысып тұруына қарамастан, біртіндеп тұрақты жұмысшы кадрлар қалыптаса бастады. 1913 жылы темір жол жұмысшыларының көпшілігінің стажы 5 жылға жуық немесе одан да көп болды.

Қазақстан темір жол желілерінің жұмысшы кадрлары көп ұлтты болды: орыстар жұмысшылардың басым көпшілігін құрады, қазақтар - 20%-ын құрады. Ал құрылыс жұмысшыларының ішінде қазақтардың үлесі көп болды (Орынбор - Ташкент жолында 30-40 %), ал кейде олар құрылысшылардың жартысынана астамын (Воскресенск, Жетісу темір жолдарында ) құрады.

Қакзақтарлың теміржолшылардың ішінде санының аз болуы, қолдан істелген жағдай болды. Темір жол қызметіне түземдік халықтардың өкілдерін алуды шектеу туралы патша үкімі болды. Оның үстіне қазақтардың теміржол қызметі үшін қажетті біліктілігі болмады.

Қазақстанның темір жолындағы жұмысшылар капиталисттердің аяусыз қанауына түсті, жалақының көлемі аз болды, еңбек және түрмыс жағдайлары нашар болды. Құрылыс және темір жол жұмысшыларының царизм мен капиталисттік қанауға бірігіп қарсы шықты. 1905 - 1907 жылдарындағы орыс буржуазиялық - демократиялық революция Қазақстан теміржолшыларының әлеуметтік - саяси ой-санасын дамытты. Бұл революциядан кейін бүкіл Ресей жұмысшыларының елдің отарлық саясатына көзқарастарын өзгертті. Царизм мен капиталистерге қарсы бүкіл елдің жұмысшылары бірігіп, бірге күресуге шақырды.

Қазақстанның теміржолдарындағы жұмысшы қозғалысы XIX ғасырдың 90 -шы жылдарының өзінде -ақ басталып, Ресей еңбекшілерінің царизмге қарсы күресінің қүрамдас бөлігі болды. Ірі станциялардың (Орынбор, Ақтөбе, Шалқар, Перовск, Түркістан, Арыс, Шымкент және басқаларында) шеберханалары мен деполарында жұмысшылардың көптеп шоғырлануы, олардың ішінде Ресейдің орталық өнеркәсібі дамыған аудандарында саяси және экономикалық күреске қатысып, тәжірбие жинаған орыс жұмысшыларының көп болуы Түркістан аймағында саяси және экономикалық күреске жаңа леп берді. Орынбор - Ташкент темір жолының жұмысшыларының аймақтың басқа теміржол жұмысшыларымен тығыз қарым - қатынаста болуы - Орынбор - Ташкент теміржолының жұмысшыларын мықты үйымдасқан, аймақтағы революциялық қозғалыстың алдыңғы отрядына айналдырды.

Тарихи дәйектерді саралай отырып, 1905 - 1907 жылдарында болған бірінші буржуазиялық - демократиялық төңкеріс аймақтағы теміржол жұмысшыларының кадрларының тездеп қалыптасуына әсер етіп, оларды Ресейдің саяси өміріне тартып, царизм мен капиталисттік қанауға қарсы саяси және экономикалық күрестің мектебі болды.

1905 - 1907 жылдар аралығында болған бірінші буржуазиялық -демократиялық революция тек аймақтың жұмысшыларының ғана саяси күресінің бастап берген жоқ, сонымен қатар жергілікті қазақ халқының ой -санасының оянуына қозғау болды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

І.Абдурахимова Н.А, « Революционное движение в Туркестане после Первой русской революции ( 1907-1917 гг.)», Ташкент 1970

2.Асылбеков.М.Х, «Железнодорожники Казахстана в первой русской революции (1905-1907 гг.)», Алма-Ата 1965

З.Асылбеков.М.Х, «Развитие сети железных дорог в конце ХІХ-начале XX века», Издательство «Наука», Алма-Ата 1972

4.Вахабов.М.Г, «К вопросу о формировании узбекской буржазной нации», «Материалы объедененной научной сессии, посвещенной истории Средней Азии и Казахстана в дооктябрьский период», Издательство Акдемии наук Узбекской ССР, Ташкент 1955.


  1. Госархив Оренбургской области, ф.21, оп. 2, д. 426, // Цит. по книге М.Асылбекова

  2. Дильмухаммедов.Е, Маликов.Ф, « Очерки по истории рабочего класса дореволюционного Казахстана», Алма- ата 1963.

  3. Есенғарин.Н.Қ, « Қазақстанның атақты теміржолшылары », Алматы 2004

  4. « Қазақстан тарихы», 3 том, « Атамұра » баспасы, Алматы 2002

  5. « Қазақстан 2030 », Алматы. 1997




  1. Қазақ Совет Энцоклопедиясы, 8 том, Алматы. 1976.

  2. Қойгелдиев.М, « Алаш қозғалысы », Алматы .1995 .

12. Құстаев Б, «Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме», «Білім» баспасы, Алматы . 1993.

13. Маликов Ф, «Революционная борьба рабочего класса накануне и в период Февральской буржуазно - демократической революции», Издательство «Наука », Алма - Ата 1968



  1. Маликов Ф, «Февральская буржуазно - демократическая революция в Казахстане», Издательство «Наука», Алма - Ата. 1972 .

  2. Ленин В.И, Полное собрание сочинении. Том 18-21

16.Нусупбеков А.Н, «К вопросу о формировании казахской буржазной нации», «Материалы объедененной научной сессии, посвещенной истории Средней Азии и Казахстана в дооктябрьский период», Издательство Акдемии наук Узбекской ССР, Ташкент 1955.

17. Озғанбай Ө, «Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан (1905-1907жж.)» Алматы. 1999.

18. Рыскулов Т, «Избранные труды », Алма-Ата, «Казахстан » .1984.

19.Сундетов С.А, «Торговля в Казахсане в начале XX века», « Казахстан в канун Октября», Сборник статей, Издательство « Наука», Алма-Ата .1972.

20.Шойынбаев Т, «Прогрессивное значение присоединение Казахстана к России », Издательство «Казахстан» Алма - Ата 1973

21.ЦГА РУЗ ф.1. оп. 11, д. 1308 // Цит. По книге М. Асылбекова






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет