Мазмұны: Кіріспе


Оқу іс - әрекетінің мотивтері және жіктелуі



бет4/10
Дата19.06.2022
өлшемі230.5 Kb.
#459351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -bastauysh-mektep-zhasyndagy-balalardyn-oqu-motivacijasy-29

1.2.Оқу іс - әрекетінің мотивтері және жіктелуі.
Оқу іс-әрекетінің мотивтері. Белгілі бір зат, оқиғалар, жағдайлар немесе іс-әрекет баланың белгілі бір белсенділігінің түп негіздерімен байланысты болса, іс-әрекеттің себептеріне айналады. Бұл түп негіздерді үш негізгі категорияға бөлуге болады.
Ішкі негіздер. Олар баланың қажеттіктерімен анықталып, мұның өзі организмнің етене қажеттіктерімен білдірілетін туа біткен сипаты болуы мүмкін, сондай-ақ қоғам қалыптастыратын әлеуметтік қажеттіктерді білдіретін жүре біткен сипаты да болуы мүмкін. Туа біткен қажеттіліктердің арасында оқуға ынталандыру үшін белсенділік қажеттіліктері мен информацияға қажеттіліктері ерекше маңызды. Мәселен, бала өмірінің алғашқы күндерінен бастап үздіксіз белсенділік жағдайында болады, күледі, қозғалады, қол-аяғын қимылдатады, жүгіреді, ойнайды, сөйлейді, шексіз сұрақтар қояды. Іс-әрекеттің өзі оны рақаттандырады.
Сыртқы негіздер. Олар адамның өмірлік іс-әрекетінің қоғамдық жағдайларымен анықталады. Мұндай негіздерге талаптар, күтулер мен мүмкіндіктер жатады. Талаптар адамға іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір түрлері мен формаларын ұсынады. Мәселен, әке-шешесі баладан тамақты қасықпен ішуді, орындыққа отыруды, «рақмет» айтуды талап етеді.
Күту қоғамның қарым-қатынасымен сипатталады, мұның өзі осы бала үшін мінез-құлықтың қандай белгілерін және іс-әрекеттің қандай формаларын қалыпты деп есептейтіні туралы ұйғарыммен байланысты. Мәселен, айналасындағылар баладан бір жасқа толғанда жүруін күтеді және сәбидең осыны күтіп, оған тиісінше солай қарайды. Мүмкіндіктер дегеніміз белгілі бір іс-әрекет үшін адамның айналасында болатын объективті шарттар. Мәселен, үйде жақсы кітапхана болса, оқуға ынталандырады, себебі сондай мүмкіндік береді.
Жеке түпкі негіздер. Олар баланың мүдделерімен, ұмтылыстарымен, бағдарларымен, сенімімен, дүниеге көзқарасымен, өзі туралы түсінігімен, қоғамға көзқарасымен анықталады. Белсенділіктің бұл түпкі негіздері құндылықтар деп аталады. Мұндай құндылықтар өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі орнықтыру, өзін көрсету, белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру, өмірлік мұраттар мен үлгілер болуы мүмкін. Іс - әрекеттің бұл аталған негіздері әр түрлі болып ұштасқан, түрі өзгерген күйінді әрбір адамда болады. Бірақ ол туғызған іс-әрекет әр кезде бірдей оқу формасы болып қалыптаспайды.
Оқу мотиві - баланың оқу іс-әрекетінің түрлі жақтарына бағыттылығы. Мотивтерді екі үлкен топқа бөлуімізге болады:

  1. оқу іс-әрекетінің мазмұны және оны орындау процесіне байланысты таным мотивтері;

  1. баланың басқа адамдармен әр түрлі әлеуметтік өзара әрекетімен байланысты әлеумсттік мотивтер.

Мотивацияның бұл топтарына психологиялық әдебиеттерде сипаттама берілген. Мотивацияның бірінші тобын бірнеше кіші топтарға бөледі:

  1. кең танымдық мотивтер. Жаңа білімдерді меңгеруге балаларды бағдарлаудан тұрады. Олар сондай-ақ деңгейі бойынша ажыратылады. Бұл деңгейлер білімге қызығушылығы терендігімен анықталады. Бұл жаңа қызықты фактілерге, құбылыстарға немесе құбылыстардың мәнді қасиеттеріне қызығушылық, оқу материалы заңдылықтарына, теориялық припциптерге қызығушылық болуы мүмкін;

2) оқу-танымдық мотивтері балаларды білімді табу әдістерін меңгеруге бағдарлаудан тұрады: өз бетінше білім алу тәсілдеріне, ғылыми-таным әдістеріне, оқу жұмысын өзіндік реттеу әдістеріне, өзінің оқу еңбегін тиімді ұйымдастыруға қызығушылықтары
3) өзіндік білім беру мотиві балалардың білімді табу әдістерін өз бетінше жетілдіруге бағытталуынан тұрады.
Таным мотивтерінің осы деңгейлері балаларда "жетістік мотивін" қамтамасыз етеді, яғни өз-өзімен үнемі жарысқа түсуінің барысында оқушының жетістіктерге талпынысы, жаңа қалауына жетуге, бұрынғы нәтижелермен салыстырғанда одан да жоғары, жаңа нәтижеге жетуге ұмтылуы.
Мотивацияның екінші үлкен тобы — әлеуметтік мотивтер — бірнеше шағын топтарга бөлінеді:
1) кең әлеуметтік мотивтер, білім алуға ұмтылу, Отанға, қоғамға қажетті болу, өзінің міндеттерін орындауға деген ықылас, оқудың қажеттілігін және жауапкершілік сезімін түсінуден тұрады. Бұл жерде мотивтің маңызды мәні әлеуметтік қажеттіліктің міндетін сезіну.
Кең әлеуметтік мотивке таңдаған мамандығына жақсы дайындалғысы келуін де жатқызуға болады;
2)тар әлеуметтік позициялық мотивтер қоршаған ортамен қарым-қатынаста белгілі бір позицияға, орынға, олардың мақұлдауына және беделіне ие болуға ұмтылудан тұрады.
Тағы бір мотивтердің бірі — "жағымдылық мотивациясы", мұғалімдер, ата-аналар, жолдастары тарапынан тек мақұлдау табуға тырысудан пайда болады
Кейде позициялық мотив балалардың бірінші орын алуға, басқалардан жақсы болуға ұмтылуынан көрінеді, мұны кейбір жағдайда "мәртебелі мотивация" деп атайды.
Позициялық мотив әр түрлі өзін-өзі бекіту әрекеттерінен тұрады — лидердің орнын алуға ұмтылу, басқа балаларға әсерін тигізу, топта немесе ұжымда үстем жағдайға ие болу және т.б.
3) әлеуметтік ыптымақтасу мотиві. Мұнда бала басқа адамдармен тек қарым-қатынас жасап қана қоймай, сонымен бірге сыныптас жолдастарымен немесе мұғаліммен өзара ынтымақтастығы және өзара әрекеттестігі формасын, тәсілін сезінуге, талдауға, бұл формаларды әрқашан жетілдіруге ұмтылады. Бүл мотив тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіруінің маңызды негізі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет