«Білімді оқушы» атты білім бәйгесі
Білім бәйгесінің мақсаты:
Қоғамдық пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бақылау,білімді оқушыларды анықтау,білімді,тапқыр,ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту.
Пәнаралық байланыс:
қоғамдық білім негіздері,тарих,Қазақстан тарихы,
құқықтану
Өтетін орны:Мультимедиалық кабинет.
Жүргізуші сөзі:
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Пайғамбардың хадистерінде білім алуға ұмтылу әрбір мұсылманның парызы делінген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы
Н. Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім- патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Құрметті Ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер «Білімді оқушы» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Компьютер алаңына сайысқа қатысушы үміткерлерді шақырамыз.
Бірінші сайыскер: 9- сынып оқушысы Қайроллаев Әсет. Сүйікті пәні: тарих, дене шынықтыру. Сүйікті ісі: футбол ойнау.
2- ші сайыскер: 9- сынып оқушысы Сайлауханова Гүлнұр. Сүйікті пәні: алгебра, физика. Сүйікті ісі: волейбол ойнау.
3- ші сайыскеріміз 10- сынып оқушысы Ибраев Болатбек. Сүйікті пәні: информатика, физика. Сүйікті ісі: машина айдау.
4- ші сайыскеріміз 10- сынып оқушысы Күмісханова Балауса. Сүйікті пәні: алгебра, орыс тілі. Сүйікті ісі: кітап оқу.
5- ші сайыскеріміз 11- сынып оқушысы Қуатов Ернар. Сүйікті пәні: физика. Сүйікті ісі: музыка тыңдау.
6- шы сайыскеріміз 11- сынып оқушысы Әкімбаева Айжан. Сүйікті пән
і: тарих, биология. Сүйікті ісі: кітап оқу.
Құрметті сайыскерлер сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
-
Шынығу кезеңі
-
Белес. Әр пәннен қиындығына байланысты сұрақттар беріледі. Сұрақ номері арқылы ұпай беріледі.
-
Әріптер сөйлейді.
-
Көтерілістер тарихы
І кезең.
Мына әріптерден сөздер құрастыр. Бұл сайысымыз «Бас қатырғыш» деп аталады.
-
ЕКОНЮС- БҰҰ- ның білім және мәдениет жөніндегі ұйымы.
-
АТКРДЕИЯМО- халық еркі немесе билігі.
-
ЕНТЕЗПРИДЕ- мемелекет басшысы.
-
УАТРА- айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім.
-
АТТӨЛЖҰҚ- азаматты куәләндыратын құжат.
-
ЫСАБТО- қоғамның бастапқы ұясы.
ІІ кезең.
-
|
Қазақстан тарихы 10 20 30 40 50
|
Дүние жүзі тарихы 10 20 30 40 50
|
Құқықтану 10 20 30 40 50
|
Қоғамдық Білім Негіздері 10 20 30 40 50
|
Ауыл тарихы 10 20 30 40 50
|
Шығыс Қазақстан облысы 10 20 30 40 50
|
-
Қазақстан тарихы
10.Аса ұзаққа созылған тарихи кезең.
Тас дәуірі
20.Ең ауыр, күрделі садақ оғының жету қашықтығы.
450 метр
30.. «Ақ өзендегі қала» деп қай қаланы атайды.
Испиджаб
40.С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романында көрсетілген тақырып.
1916 жылғы көтеріліс.
50.. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың басшылығымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген және оның сәтті аяқтаған елші.
Құндағұлұлы, Қоштайұлы.
-
Дүние жүзі тарихы
10.Жалпы тарихтың бірінші кезеңі
Ежелгі дүние тарихы
20.Вавилонда б.з.д. 1792- 1750 жылға дейін билік құрған патша.
Хамурапи
30.Ресейде Романовтар әулеті билікке қашан келді.
1913 жыл
40.. АҚШ- тың Тәуелсіздік Декларациясының негізгі авторы.
Т. Джефферсон
50. 1773- 1775 жылдар аралығында.
Пугачевтің басқаруымен болған шаруалар көтерілісі.
3.Құқықтану
10.ҚРК неше баптан тұрады
98 бап
20. Қоғамдық қатынастар түрлері
Материалдық жіне рухани
30. Конституция бойынша Президент болып кімдер сайлана алады.
Туғаннан ҚР азаматты болып табыла алатын, мемлекеттік тілді жетік меңгерген,40 жастан жас емес. Қ- да кем дегенде 15 жыл тұрған азамат.
40. Мына сөйлем ҚРК- ның нешінші бабында көрсетіледі. «ҚР- ын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті.»
36 бапта
50. ҚР Азаматтық кодексі қандай бөлімдерден тұрады.
Жалпы және Ерекше бөлім
4.Қоғамдық білім негіздері
10.Адам мәселесімен айналысатын ғылымдар
Антропология, психология, социология, физиология, этнология.
20.Философияның басты 3 тақырыбы:
Адам, дүниетаным, дүниеге қатынас
30.«Халық еркі», «халық билігі» деген сөздерді қандай ұғым біріктіреді.
Демократия
40.Мемл. құрылымның формалары
Унитарлы мемл., федерация, конфедерация
50.«Даналықты сүю» деген аударманы беретін ғылым саласы.
Философия
5. Ауыл тарихы
10. Ауылымыздан шыққан батыр қыз
Б. Байғожина
20. Арқат ауылының шығу тарихы қандай жырмен байланыстырылады.
Қозы Көрпеш- Баян Сұлу
30.Ауылымыздағы білім ордасы С. Бекбосынов атындағы орта мектеп қай жылы салынды
1984 жыл
40. Ауылымыздан шыққан социалистік Еңбек Ерлері
Өртқали Қасымжанов, Болат Бағдатов
50.Мамай батырдың ұлдары
Жиеншора, Байшора, Қарабас, Сарыбас, Еламан, Жоламан, Жолбарыс
-
ШҚО
10.ШҚО орталығы
Өскемен
20.1718 жылы негізі қаланған қала
Семей
30.Шығыс Қазақстанның қай өңірінен кейінгі жылдар қазба жұмыстарын жүргізу кезінде алтын табылды.
Шілікті өңірі
40.«Абай жолы» романының І томының І тарауы қалай аталады
Қайтқанда
50.Абайдың филисофиялық нақыл сөздер жинағы
Ғақлия
ІІІ кезең
А
|
Ә
|
Б
|
В
|
Г
|
Ғ
|
Д
|
Е
|
Е
|
Ж
|
З
|
И
|
Й
|
К
|
Қ
|
Л
|
М
|
Н
|
Ң
|
О
|
Ө
|
П
|
Р
|
С
|
Т
|
У
|
Ұ
|
Ү
|
Ф
|
Х
|
Һ
|
Ц
|
Ч
|
Ш
|
Щ
|
Ъ
|
Ы
|
І
|
Ь
|
Э
|
Ю
|
Я
|
«Әріптер сөйлейді»
А- Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым (археология)
Ә- Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)
Б- Әмір Темір қай тайпадан шыққан (Барлас)
В- Ежелгі мемл- тің бірі (Вавилон)
Г-Тарихтың атасы (Геродот)
Ғ- 100 жылды өтпелі кезеңді қалай атайды? (Ғасыр)
Д- 1500 казактарымен қазақ ауылдарын ойрандатып, адамдарды тұтқындап, малдарын айдап кеткен атаман (Донсков)
Е- Түркістанды астана еткен хан (Есім хан)
Ё- ҚР туының авторы (Ш. Ниязбеков)
Ж- Қазақ жеріне шығыстан қауіп төндірген мемл. (жоңғар)
З- Пугачевпен Усиха өзені маңында кім жолықты (Зәбір молда)
И- Қ. А. Яссауии қай жерде дүниеге келді (Испиджаб)
Й- ҚР- сы қай жылы БҰҰ мүше болып кірді (1992 жылы 2 наурыз)
К- орыс және шетел ғалымдары қай теңіздің солт.- шығыс бөлігін зерттеп, қазақ халқының тұрмыс тіршілігімен, тарихымен танысты. (Каспий)
Қ- Қалмақ қырылған шайқасы болған жер (Қара сиыр)
Л- Абылай хан Әмірсананы жоңғардың қай билеушісіне ұстап бермеуге қазақ шоңжарларын көндірді (Лама Доржыға)
М- Әмір Темірдің мемелекеті (Мауренахр)
Н- сегіз тайпа бірлестігі (наймандар)
Ң- Қазақстан неше мемелекетпен шектеседі (4)
О-Әмір Темір қай жерде қаза болды (Отырар)
Ө- 1720 жылы Ертіс бойына салынған әскери бекініс (Өскемен)
П- Тасқа салынған сурет (петроглифтер)
Р- Қазақстанда отарлай саясатын жүргізген мемлекет (Ресей)
С- Қасым ханның басты мақсаты қай жердегі қалаларды Қазақ хандығының құрамына қосу болды (Сыр бойындағы)
Т- Қ-н жеріндегі алғашқы түркі тілдес мемл. (Түрік қағанаты)
У- Абылайдың бас мирасқоры (Уәли сұлтан)
Ұ- Орт. Қ- дағы тау (Ұлытау)
Ү- жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты белгілеген (Үркер)\
Ф- Крамоньондық адам қай жерде табылған (Франция)
Х- Сақтардың сусын дайындайтын тобы (Хаомаварга)
Һ- Тәуке ханның заңы (Жеті жарғы)
Ц- Қытай мемл- нің басқаша атауы (Цинь)
Ч- Үйсіндердің астанасы (Чигучен)
Ш- Ғұндардың мемл. билеушісінің титулы (Шаньюй)
Щ- Мемл. негізігі заңы (Конституция)
Ъ- ҚР Тәуелсіздігіне неше жыл (17 жыл)
Ы- 1731 жыл орыс елшілері келгенде Әбілхайырдың ордасы қай жерде болды (Ы рғыз өзенінің бойында)
І- Шыңғыс хан әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер қалай аталады (Інжу)
Ь- Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Т. Әубәкіров)
Э- Мыстытас дәуірі (Энеоллит)
Ю- ХІІ ғ. Соңында Түркістан өңірінде туып- өсіп «Ақиқат сыйы» деген дастан жазған ақын (Югнаки)
Я- 1812 ж. соғысқа белсене қатысқан қазақтардың арасыннан шыққан қазақ (Яков Беляков)
ІУ кезеңіміз «Көтерілістер тарихы» деп аталады. Мұнда әр оқушыға тандаған көтерілістің тарихы жайлы әңгімелуі тиіс.
Көтерілістер
|
Махамбет пен Исатай бастаған көтеріліс
|
Сырым датұлы бастаған көтеріліс
|
К. Қасымұлы бастаған көтеріліс
|
Тәжіұлы, Тіленбайұлы бастаған көтеріліс
|
Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс
|
Беркінұлы, Оспанұлы бастаған көтеріліс
|
Білімді оқушыны анықтау, ұпай саны бойынша әділ қазы орындарды тағайындау.
Қорытынды: Қазіргі өмір талабына сай ғылым жолы ауыр да қиын, әрі қызықты. Тек қана төзімділік еңбекқорлық пен тапқырлық сіздерді ғылым жолында алға жетелейді. Отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар.
Жүнісова Әсел тарих пәнінің мұғалімі.
Байбұланқызы Іңкәр 11- сынып оқушысы
ШҚО, Абай ауданы, Архат ауылы, С. Бекбосынов атындағы орта мектеп
Достарыңызбен бөлісу: |