Мазмұны нормативтік сілтемелер


Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері



бет5/32
Дата08.11.2023
өлшемі162.44 Kb.
#482647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
арысбаева салтанат

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері
Диссертацияда А.П. Поцелуевский[1], А. Байтұрсынов[2], Қ. Жұбанов[3], С. Аманжолов[4], Н. Сауранбаев[5], М. Балақаев[6], Т. Қордабаев[7], Р. Әмір[8], Т. Сайрамбаев[9], Қ. Есенов[10], О. Төлегенов [11], М. Серғалиев [12], Б. Сағындықұлы[13], К. Оңалбаева [14], Б. Елікбаев [15], т.б. ғалымдардың негізгі теориялық тұжырымдары мен пікірлері диссертациялық зерттеудің негізгі тұғырнамасы болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
-М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының екінші басылымында есімді сөйлемдер мол ұшырасады және роман-эпопеядағы есімді сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктері бар.М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының синтаксистік жүйесі есімді сөйлемдердің белсенділігімен сипатталады, есімді сөйлемдер шығарма мәтініне эстетикалық мән, стилистикалық, экспрессивтік реңк береді.
-Есімді сөйлемдерге талдау жасау барысында предикативтілік тек етістік сөз табына ғана тән емес екені анықталды. Есімді сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышы предикативтілік қатынаста тұрады, шақ, модальділік қатынас баяндауышының құрамындағы көмекші сөздер арқылы көрінеді. Осы мақсатта М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы есімді сөйлемдердің қолданысын, жасалуын жан -жақы қарастырдық.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар есімді сөйлем туралы теориялық зерттеулерге үлес қоса отырып, қазақ тіл білімінің синтаксис, морфология, тарихи грамматика салаларының дамуына қызмет етеді. Осы сала бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына ықпалын тигізе алады. Диссертациялық жұмыс қорытындыларын жоғары оқу орындарында филология факультеттерінің студенттеріне қазақ тілінің синтаксис саласы бойынша және көркем мәтін лингвистикасын талдауда оқылатын дәрістер мен жүргізілетін практикалық сабақтарда, арнайы курстарда, орта мектептерде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы.
Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет