Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау



Дата01.06.2022
өлшемі17.81 Kb.
#458888
үпп


Булат Дария Азаматқызы 07. 08. 2005ж. күні дүниеге келген. Көкшетау қаласы № 2 мектеп-лицейінің 11 «Ә» сынып оқушысы. Қазіргі уақытта отбасымен тұрады. Анасы- Исабаева Гүлбағила бастауыш сынып мұғалімі, әкесі- Исабаев Азамат инженер. Ата-анасымен өте жақсы қарым қатынаста. Бос уақытында анасына көмектескенді ұнатады.
Дария сыныпта озат, үлгілі оқушы. Мектептегі барлық пәндерді сүйіп оқиды. Достарының арасында абыройлы, сабырлы және көркем мінезімен ерекшеленеді. Мектептегі түрлі іс-шараларға қатысқан. Сурет салғанды жақсы көреді. Берілген тапсырмаларды тиянақты, жауапкершілікпен орындайды.

Болатханова Айсулу Армановна 27.06.2005ж. күні дүниеге келген. Көкшетау қаласын № 2 мектеп-лицейінің 11 «Ә» сынып оқушысы. Қазіргі уақытта ата-анасы бауырларымен Горький 2г/97 мекен жайында тұрады. Жазғы демалыстарда отбасымен саяхаттағанды ұнатады.


Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына, сабаққа ынталы, адамдармен тез тіл табыса біледі. Болатханова Айсулу мұғалімдері мен сыныптастарының арасында сыйлы әрі абыройлы. Спортқа бейім, волейбол ойнағанды жақсы көреді. Бірнеше мектепаралық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындармен марапатталған.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
университетінің 
Педагогика және филология факультеті

АКК-214 тобының студенті Сатыбалды Береке



ҮПП есебі

Мен Сатыбалды Береке Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің 1 курс студенті, Көкшетау қаласы білім бөлімінің №2 мектеп лицейі 24.01.2022-07.05.2022 аралығында үздіксіз педагогикалық практикадан өттім.


Аукенова Айгуль Аяппергеновна мектептегі іс-тәжірибе жетекшім болып бекітілді.
Іс-тәжірибе кезінде мен 11 «Ә» сыныбына бекітілдім. 11 «Ә» сыныбымен тиянақты түрде жұмыс істеуге , өз кабілетімді барынша пайдалануға және қызығушылығымды педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым. Мұғалім мамандығының жауапкершілігін түсіндім .
11 «Ә» сыныбы оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, студенттердің міндеттері және құқыктарымен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап , мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Практика уақытында көп тәжірибелік істерді бойыма дамыттым. Сынып жетекшісі маған сабақты өту әдістерімен, тәжірибелерімен бөлісті және де бағыт-бағдар беріп отырды. Жасаған қателігімді қайталамауға барынша күш салдым . Осы аз уақыт ішінде практика кезінде тәжірибе жинақтап, білімімді шындадым деген ойдамын. Қорытындылай келгенде мен іс тәжірибеден көптеген жаңа идеялар мен мәліметтер алдым және әр оқушымен қалай тіл табысуға болатынын түсіндім, Болашақ педагогқа осындай мағлұматтардың пайдасы өте көп.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет